Біздің зерттеудің нысаны болып француз жəне қазақ тілдерінің соматикалық фразеологиялық сөз тіркестері болып (СФТ) табылады. Біз соматикалық фразеологиялық сөз тіркестерінің дəстүрлі құрылымын қарастырып, олардың үлгілері бойынша классификациясын бердік. Бəрімізге мəлім, соматикалық фразеологиялық сөз тіркестерінің құрылымына талдау жүргізбей, олардың семантикасын (мазмұн жоспарын) түсіну мүмкін емес. Құрылымы мен мазмұны өзара тығыз байланысты, бір-бірімен өзара келісілген: құрылымы мазмұнмен жəне мазмұны құрылыммен байланысты. Бірақ ең маңыздысы мазмұн болып табылады. Айта кететін жайт, құрылым грамматика мен лексика заңдары бойынша құрастырылады, ал фразеология өз алдына осыған негізделеді [1].
Фразеологиялық бірліктерді классификациялау олардың күрделі табиғатын зерттеу жəне түсіне білу маңызды ғылыми-тəжірибелік мəнге ие болады. Ең ұзын немесе көп кешенді фразеологизм неше лексикалық элементтен тұратыны туралы мəселе бізді қызықтырады. Даяр қалпын сақтай отыра қолданылу белгісі кез келген фразеологизмді сөзбен жақындастырады. Дегенмен, мазмұны жəне атқаратын қызметі жағынан олар бір-бірімен ажыратылады. Фразеологизмдер тілде басқа бірлікпен, атап айтқанда, бір жағынан сөзбен, екінші жағынан еркін сөз тіркесімен шектесіп жататындықтан, оларды сөздерден де, еркін сөз тіркесінен де ажырату үшін, фразеологизмге тəн басты белгілері мен қасиеттерін айқындап алу қажет. Қолдануға дайын, құралымы бойынша салыстырмалы түрде тұрақты жеке сөз бірлігі ретінде кез келген фразеологизм сөзбен сəйкестендірілуі мүмкін. Алайда құрылымы жəне коммуникативті қызметі тұрғысында бір жазықтықта орналаспайды.
Дəстүрлі құрылым үлгісіне сəйкес екі тілдің соматикалық фразеологиялық сөз тіркестеріне классификация жасай отырып, біз тəжірибе жүзінде оларға түрлі грамматикалық оралым тəн екендігіне көз жеткіздік. Əрине, бұл əр түрлі тіл түрлеріне жататын француз жəне қазақ тілдерінің морфологиялық құрылымының ерекшелігімен түсіндіріледі. Француз тілі аналитикалық тілдер қатарына жатады жəне бұл тілде көмекші сөздер: артикльдер, предлогтар, есімдіктер көптеп қолданылады. Қазақ тілі синтетикалық тілдердің қатарына жататындықтан, грамматикалық тəсіл грамматикалық мағынаны грамматикалық форма арқылы білдірудің жолы болып саналады [2].
Француз тілінің соматикалық фразеологиялық сөз тіркестерінің сараптамасына келесі соматизмдер кірді: bouche, bras, cerveau, cervelle, coeur, corps, côte, cou, doigt, dent, épaule, estomac, genou, gorge, jambe, lèvre, main, oeil, rein, poumon, tête. Бұл тізімді жасауда біз Ə.Болғанбаевтың көзқарасын басшылыққа алғандықтан, Г.Г.Соколова көрсеткен (barbe, cheveu, cil, moustache, sang) соматизмдерін қосқан жоқпыз, себебі Ə.Болғанбаев бойынша, шаш, сақал, мұрт, сілекей, жас т.б. адамға қатысты болғанымен, оның анатомиясына жатпайды.
Зерттеу міндеттерінің сипатына сəйкес Француз-орыс фразеологиялық сөздігінен 1089 соматикалық фразеологиялық сөз тіркесі таңдалынып алынды, олардың 944-і предикативті. Жалпылай қабылданған белгілер көмегімен (N — зат есім; А — сын есім; V — етістік; Pr — предлог) дəстүрлі құрылым үлгілері жасалынды.
Біз тандаған француз тілінің соматикалық, фразеологиялық сөз тіркестерінің ең ауқымдысы жəне көп кешендісі келесі үлгілер болып табылады:
V — N — Pr — N: 165 СФТ, оның ішінде avoir етістігі — 81; mêttre — 20 N — Pr — N: 137
V — Pr — N: 127 V — N: 118
V — N — A: 67 N — A: 58
A — N: 17
Талданған мақал-мəтелдер конструкциялары ішінде — 41, компаративті соматикалық фразеологиялық сөз тіркестері — 20.
Сонымен, қарастырылған 1089 СФТ ішінен ең ауқымды тобына, яғни 730 СФТ, сараптама жасалды. Бұл топтың құрамында N-V үлгісін қосуды ұйғардық. Бұл үлгі құрылымы жағынан қазақ тіліне ұқсас 5 СФТ-ден тұрады.
Сондай-ақ, біз француз тіліндегі дəстүрлі құрылымның екі түрлі үлгісін бөліп қарастырдық: предлогпен жəне предлогсыз. Бірінші үлгі тобына келесі құрылымдар жатады:
V-N
lever le menton — маңғызсыну; танауын жоғары көтеру; мұрнын шүйіру;
barbouiller le cerveau — бас қатыру;
casser l’estomac — жүрек айну;
désopiler la rate — күлдіру; ауыз жидырмау, күлдіру;
toucher le cœur — шын жүрегімен ренжу; N-A
tête froide — салмақты; өзін ұстай білетін кісі;
bouche inutile — артық ауыз;
cerveau creux — қиялшыл;
menton bleu — жасы келген еркек; жасы толған;
œil américain — өткір көзқарас; A-N
bonne tête — есті, байсалды адам; blanche main — нəзік қол; mauvaise bouche — ұнамсыз əсер; joli cœur — кербез; сəнқой;
gros œil — қара жалпақ шрифт; V-N-A
porter la tête haute — басын паңдана, кекірейтіп жүру;
rester le doigt nu — қүйеуге шықпаған;
aller les bras ballants — құлаштап жүру;
avoir le cœur gai — шат; жарқын; ашық жүзді;
avoir la gorge sèche — тамағы кеуіп қалу; N-V
la cervelle me bout — басым шыр айналып кетті; басым қатты;
les bras m’en tombent — бұл таңқаларлық;
les jambes lui manquent — аяғы тəлтіректейді.
Зерттеулердің нəтижесі бойынша СФТ-нің аз тобына предлогсыз үлгілердің келесі тобы жатады: V-A-N
lever le petit doigt — қимылданқырау;
désavouer son propre cœur — өзіне ерегісіп істеу;
faire une sale tête — бет-аузын жексұрын тыжырайту; V-V-N
faire aller les bras — қолын былғау;
faire tourner la têt — бас айналу; біреудің басын айналдыру.
Предлог арқылы құрылған СФТ-ң дəстүрлі құрылымы үлгілері келесі конструкциялармен берілген:
V-N-Pr-N
poursuivre l’épée dans les reins — біреудің ізіне түсіп;
pousser le temps avec l’épaule — бірдемені күтіп, қол қусырып қарап отыру;
garder une injure sur le cœur — кегін ішке сақтау;
vivre la canne à la main — іссіз жүру; дырдумен күн кешіру;
уайым — қайғысыз өмір сүру;
V-Pr-N
parler du bout des dents — кіжіну;
vivre de ses bras — өз еңбегімен күн көру;
dormir de tout son coeur — тəтті ұйықтау;
garantir sur la tête — басымен жауапкерлікке алу;
aboyer dans les jambes — соқтығу; мінеу;
N-Pr-N
éloquence du cœur — шын сөз; huile de poignet — үлкен күш; yeux de lynx — өткір көз;
tête d’affiche — аты шыққан артист;
cervelle de moineau — мисыз.
Біздің мəлімдемеге сəйкес ең аз қолданылатын предлогты дəстүрлі құрылым үлгілеріне келесілері жатады:
V-Pr-N-Pr-N
avoir du plombe dans la tête — жымысқы; жылпос;
mettre sur les bras de qn — жүктеу; бəлені тудыру;
V-A-N-Pr-N
avoir une mauvaise affaire sur le corps — ауызы қан адам; avoir une mauvaise affaire sur les bras — азабы көп; компаративтік СФТ:
avoir une bouche comme le métro — дала ауыз;
chauve comme le genou — қасқа бас; жалтыр бас;
être comme les deux doigt de la main — тығыз байланыста болу;
glisser entre les doigts comme des anguilles — жыланбалықтай қолдан сусып; қолынан жылп ете түсу [3].
І.Кеңесбаевтың қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінен тек 596 СФТ алынды. Сараптама жасалған материалдың көпшілік бөлігін (шамамен 405) ауыз, жүрек, бауыр, мойын, иық, арқа, ми, бүйрек, жауыр, кіндік, ерін, тіл, төс сияқты соматиздері бар үлгілер құрды.
Дəстүрлі құрылымның N-V үлгілері ең жиі қолданатыны байқалды: 213 СФТ.
N-N-V — 59 СФТ
ауызға алды, ауызы бұлтиды, ауыздан шықпады, жүрек жұтқан, бауыры бітті, мойын бермеді, ми кептірді, миға қонды, иығына шықты.
Əрі қарай қолданылу деңгейі бойынша келесілері орналасқан: N-N — 51 СФТ:
арқа сүйеніш, бүйрек бет, ажал ауызында, ауыз хабар, табан астында, бауыр жіп, тас бауыр, мойынағаш, ми батпақ, кіндік шеше, төс қалта;
A-N — 41 СФТ:
без бүйрек, дуалы ауыз, ала ауыз, жат бауыр, асау жүрек, көк ми, қанды мойын; N-V-V — 21 СФТ:
жүрегі алып ұшты, бүйрегі бүлк етті, ауызға келіп түсті, мойнына мініп алды, ми қылып жіберді, иық басты болды, кіндік бұзып етті;
N-A — 17 СФТ:
бүйрегі бітеу, ауызы ауыр, жүрегі жұмсақ, мойны жуан, иығы тең, арқа таяныш;
компаративтік: 7 СФТ.
Құрылымы бойынша қазақ тіліндегі фразеологиялық тіркестер əр түрлі: олар екі, үш, төрт жəне одан да көп компоненттік құрылымға ие. Фразеологиялық тіркестердің негізі ерекше құрылымға ие:
бірінші элемент зат есім болса, екіншісі — зат есімнен, етістіктен, сын есімнен жəне сан есімнен жасалған.
Зерттеу жұмыстары негізінде қазақ тілінің СФТ-ің дəстүрлі құрылымның келесі үлгілері аз болып шыққаны байқалады:
A-N-V: ақ ауыз болды;
N-N-A: ит арқасы қиян; ауылдастың ауызы сасық; N-N-N: қаз бауыр бұлт; миық зат көне;
A-N-A: қылша мойным талша;
N-N-N-V: жүрегі тас төбесіне шықты; N-A-N-V: мойнына ала қап салды.
Компаративтік: жүрегі аттай тулау, жауырыны қақпақтай, аузынан түскендей, ауыздарына түкіріп қойғандай, ауызға үріп салғандай, ауызын буған өгіздей.
Екі тілдегі СФТ-ің дəстүрлі құрылымының үлгілерін зерттеуді салыстыра отырып, біз СФТ-ің келесі үлгілері əмбебап деген ойға келдік: N N; N-A; A-N; N-V (қазақ тілінде 213 СФТ; француз тілінде — сөйлем түрінде — 5 СФТ). Компаративтік СФТ екі тілде де ерекшеленеді.
Ареалды жəне ұзақ мəдени-тарихи байланыстарының жоқтығымен сипатталатын жəне генетикалық тұрғыда бір-бірінен алшақ тұрған қазақ жəне француз тілдерінде, СФТ-ің дəстүрлі құрылым үлгілерінде ұқсастықтан гөрі айырмашылық байқалады. Дифференциалды болып келесілері танылады:
қазақ тілі француз тілінде
N-N-N; V-N-A;
N-N-A; V-A-N;
A-N-A; V-V-N;
A-N-V; V-N;
N-V-V; V-N-N;
N-N-V; V-A-N-N;
N-A-N-V; V-N-N; N-N-N-V.
Фразеологизмдер құрамындағы компоненттер саны артқан сайын, олардың жиілігі төмендейтінін елемеу мүмкін емес. Керісінше, фразеологизмдерді қолдану жиілігі олардың құрамындағы саны компоненттер азайған сайын артады. Бұл француз тілінде екі жəне үш компонентті фразеологиялық бірліктер, төрт, бес жəне одан да көп компоненттілерден көп екеніне дəлел болып табылады. Бұдан туындайтын ой, фразеологиялық қордың көбеюі негізінен алғанда екі- жəне үш компонентті фразеологиялық бірліктерге байланысты. Сондықтан бірінші кезекте осы фразеологиялық бірліктер зерттеу нысаны болып табылғаны жөн.
Сонымен біздің зерттеулеріміз келесі нəтижелерді көрсетеді. Екі тілдегі СФТ-нің дəстүрлі құрылымдарын салыстыру жұмысы француз тілінің қазақ тілі мен көп алшақ жатқанын көрсетеді. Бұл қазақ тілінің синтаксистік құрылымының ерекшілігімен байланысты: сөз тəртібі айырмашылығы, СФТ құрылымындағы компоненттер санының түрлі болуы, предлогсыз дəстүрлі құрылыммен салыстырғанда предлогты СФТ-ң дəстүрлі құрылымын игеруге қиындық туғызады. Сонымен СФТ-ң дəстүрлі құрылымына жүргізілген сараптама оларды игеру үшін маңызды əдістемелік көмек көрсетуі мүмкін.
Фразеологиялық деңгейде оқыту мақсатымен француз тілін қазақ тілімен салыстыру мəселелерінің кейбіреулерін қарастырайық. Фразеологияны оқыту үлкен маңыздылыққа ие. Себебі тіл білімінің бұл бөлімі кез келген тіл жүйесінде ерекше орын алады. Фразеология тілді меңгеру шеңберін кеңейте отырып, тілді байытады жəне тілге деген қызығушылықты арттырады. Екінші тілді меңгеру процесінде жаңа фразеологиялық бірліктерді игерген оқушы санасында осы мағынаны білдіретін ана тіліндегі балама сөздерді іздеу, салыстыру жұмысы жүріп жатады. Бұл тұрғыдан алғанда ана тілінің құрылым жоспары шетел тіліндегі сөзді ұғыну жəне оны қолдануға қатты əсер етеді [4].
Құрылымы жағынан екі тілдегі фразеологиялық бірліктерді салыстыра отырып, біз қазақ аудиториясында тілді меңгеруде туындайтын қиындықтарды байқадық. Кез келген тілдің фразеологиясы өзінің семантикасында мəдениет пен халық тұрмысының ерекшелігін, тарихи даму белгілерін бейнелейтін ұлттық-мəдени компоненттерден тұратыны белгілі. Дамушы кезеңде фразеологияны оқытудың үш түрлі қызметі ажыратылады: семантикалық түсінік, оқытылатын тіл жəне ана тілдеріндегі фразеологизмдерді салыстырмалы талдау жəне лингвоелтану бойынша түсіндіру.
Қазақ жəне француз тілдері туыстас емес тілдер. Яғни екі тілдің арасында жақын туыстас тілдер арасында байқалатын ұқсас семантикалық жəне құрылымдық-синтаксистік ерекшеліктері жоқ. Бұдан туындайтын ой — екі туыстас емес тілдердегі фразеологизмдер мен афоризмдерді салыстыра отырып, талдау методологиялық жəне ғылыми қызығушылыққа ие болады.
Ана тілі мен мəдениетін салыстыра отырып зерттелетін тіл мəдениетін игеру мүмкіндігі туады. Бұл жағдайда қазақ тілінің көмегімен француз тілін үйренеміз. Мұнда қазақ жəне француз тілдерінің ұқсастықтары мен ерекшеліктері бірегей сөздер мен аналогиялардан анық көрінеді. Ал бұл оқушылардың білімін байытады.
Салыстырмалы бөлім «жеңілден қиынға» деп аталатын дидактикалық принципке сүйенуге мүмкіндік береді. Яғни, белгілі (ұқсас) мəселеден белгісіз (айырмашылығы бар) мəселелерді негіз етіп алу. Бұл білім беру тəжірибесін дəлелдейді. Алдымен ұқсас жақтарын зерттеп, кейін айырмашылықтарын зерттеген жағдайда шетел тілін меңгеру əлдеқайда жеңіл болады [5].
Қазақ жəне француз материалдарының ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жүргізе отырып, бірнеше негізгі топтарды ажыратамыз. Төменде біз француз фразеологизмдері мен афоризмдерінде соматизмдерді қолдану мысалдарын келтіреміз.
Бірінші топқа толығымен бірегей фразеологизмдер, афоризмдер (толық эквивалентті) жатады.
bondissement de cœur — жүрек айнушылық;
épanchement de cœur — жүрек сыры;
compartiments du cœur — жүректің терең түкпірі;
secrets du cœur — жүрек қойнауы;
de grand cœur — шын жүректен;
grand cœur — үлкен жүректі адам;
cœur de marbe — тас жүрек;
cœur de roche — тас жүрек;
blessure au cœur — жүрек жарасы;
rester dans les bras de qn — кісі қолында өлу;
les bras croisées — түк істемей қарап отыру;
se croiser les bras — қол қусырып қарап отыру;
offrir le bras à qn — қол ұшын беру;
bras sous bras — қолтықтасып;
les bras ballants — ұнжырғасы түсіп;
donner le bras à qn — біреуді қолтықтап алып жүру;
jusqu'au bout des doigts — бақайшағына дейін;
savoir qch sur le bout du doigt — өзінің бес саусағындай білу;
tous les doigts de la main ne se
ressemblent pas — бес саусақ бірдей емес;
de bouche en bouche — ауыздан ауызға;
coudre la bouche à qn — біреудің аузын ашқызбау;
être dans la bouche de tout le monde — жұрттың аузына ілігу.
Жоғарыда аталып кеткен мысалдар тізімі қазақ жəне француз тілдерінде семантикалық тұрғыда бірдей фразеологизмдер, афоризмдер бар екендігін көрсетеді. Сонымен, бұл топтағы фразеологиялық тіркестерді, афоризмдерді игеру филологтардың қазақ тілді аудиториясына көп қиындық туғызбайды. Бұл топта практикалық жұмыс сөзбе-сөз аудару арқылы жүргізіледі, содан кейін барып, француз тіліндегі тілдік бірліктердің идиомалық мағынасы анықталады.
Тілдік материалдарды қолдану тəсілдерін анықтағанда ұлттық-тілдік ерекшеліктерді ескеру қажет. Меңгеретін материалдарды ұғыну көпшілік жағдайда тіларалық қарым-қатынастарды түсінуді мегзейді, яғни ашық, түсіне отырып тіларалық салыстыру жəне т.б. [6].
Қазақ тілін тасымалдаушылар үшін екінші дəрежелі қиындық туғызатын мəселеге құрылымы жағынан ана тілінде баламасы бар француз тілінің фразеологиялық тіркестері, афоризмдері жатады. Қазақ тіліне аудару кезінде мұнда есте сақтауды жəне ассоцация тудыратын жеңілдететін соматизмдер қолданылады. Фразеологиялық тіркестер мен афоризмдерді қазақ тіліне аударғанда «қыл» сөзі бары бұл топқа кірген жоқ. Ə.Болғанбаевтың сөзін мысал ретінде келтірсек: «Он томдық түсіндірме сөздіктегі анатомиялық атауларға қатысты тұрақты тіркестерді жинап-теріп, олардың бірдей еместігін байқадық. Мəселен, шаш, түкірік, сілекей, сүт, қолтық, құшақ, т.б. сөздер жалпы адамға қатысты болғанымен, анатомиялық атауларға жатпайды».
Екінші топқа халықтың психологиясы, оның дəстүрі, мəдениеті мен тұрмысын сипаттайтын фразеологиялық тіркестер, афоризмдер жатады.
bourreau des cœurs — əйел жүрегін баурап алушы;
crier à pleine bouche — бар дауысымен айқайлау;
à ne pas pouvoir se mettre le doigt dans l'œil — көзге түртсе көргісіз;
les mauvais couteaux coupent les
doigt et laissent le bois — өтпес пышақ қол кесер;
cœur double — екі жүзді;
calfeutrer se bouche — тілін тістеу; үнсіз қалу;
fourrer le doigt partoit — тұмсық сұқпайтын жері жоқ;
avoir de l'èsprit au bout des doigts — оң қолынан өнер тамған;
au doigt et à l'œil — біреудің қас-қабағына қарау;
avoir les doigts brûlés — ауызы күю;
se faire couper les doitgs — бармағын шайнау;
être le bras droigt de qn — біреудің оң қолы болу;
avoir un bras de fer — дүлей күшті болу;
pieds et piongs liés — аяғы байлаулы болу;
mettre des candenas aux lèvres — біреудің ауызына құм құю;
біреудің ауызын ашқызбау;
tenir sa langue en bride — ауызға ие болу;
ne rien savoir faire de ses dix doigts — не істерін білмеу;
se fourrer le doigt dans l'œil — оңбай қателесу;
avoir les doigts longs — қолының жымысқысы бар;
ouvrir la bouche — тілі шығу; тілге кел;
bouche en cœur — жымқырылған ерін;
tirer qn des bras de la mort — өлім аузынан алып қалу;
quand on a mal aux yeux, il n'y faut
toucher que du coude — ескі жараның ауызын ашпа;
cœur de lion — арыстан жүректі адам;
cœur de poule/ cœur de poulet — қоян жүрек;
langue de cœur — ашығын айту; таза жүректілік;
cœur de tigre — тасбауыр; тасжүрек.
Мына топпен жұмыс, біріншіден, ерекшеленеді. Бұл жерде тікелей аударманы пайдалану мүмкін емес. Бастапқыда бұл объектілердің сөзбе-сөз мағынасы түсіндіріледі. Сонан соң оқушылар тіліндегі болжау тəсіліне сүйене отырып, астарлы мағынасын түсінулері керек. Идиомалық мағыналарды түсінуді жеңілдету үшін, қазақ тіліндегі сөйлеу компоненттерінің түрлерін еске түсірулері қажет. Мысалы, dormir à poings fermés (сөзбе-сөз: «жұмулы жұдырықтармен ұйықтау») — аяқ серіппей, жадында жандандырады. Кері жағдайда осы бірліктердің аудармаларында астарлы мағыналарды кездестіруге болады. Жоғарыда талданған фразеологиялық тіркестер, афоризмдер қазақ тіліндегі тіркестерге мағынасы жағынан сəйкес келуі мүмкін. Бірақ та бұл ауыстырылымдардың барлық жағдайда баламасын табу мүмкін емес. Француз жəне қазақ тіліндегі сөйлемдер ұлттық-мəдени сипаты болып табылатын, стилистикалық сипаттамасымен, эмоционалды колоритпен ерекшеленеді. Ал бұл жағдайда француз тіліндегі түпнұсқа қазақ тіліндегі нұсқасына сəйкес келе бермейді. Мұның бəрін бір тілден екінші тілге аударғанда сөз кешендерінің өзгеріп, ал семантика мен фразеологиялық бірліктің ортақ ойы осыған негізделетіні туралы оқушының санасына жеткізу маңызды болып келеді. Мысалы: S’imaginer être de la côte Saint Louis — «жалған ақ сүйектік тегімен мақтану» деген сөз тіркесі нақтыланған тарихи көрініспен байланысты, ол тек сол тілде сөйлейтіндерге белгілі. Францияның дəстүрлерімен байланысты басқа да сөз тіркестері faire rubis sur ongle — «түбіне дейін ішу»; se render (venir) la corde au cou — «жеңген жақтын еркіне көшу; біреуден рақым күту». Француз-қазақ фразеологиясынан басқа да мысал алайық: ne pas bouger le pеtit doigt — шөп басын сындырмау. Қазақ тіліндегі шөп басын сындырмау қазіргі заман тілінде ауызекі сөйлеу тілінің элементі болып келеді. Бұл сөз тіркестерін қолдана отырып, қазақ халқы кекесiн, кейіптілікті мегзейді. Ауызекі тілінде кең қолданысқа ие. Француз тілінде ne rien faire de ses dix doigts (сөзбе-сөз:«он саусағымен ештеңе жасамау») қол кусырып отыруды хабарлайды. Мұнда саусақтар соматизмі тікелей қолданылады. Бұдан туындайтын ой — семантикалық коннотативтік тұрғыда екі тілдің фразеологиясында көптеген ұқсастықтар бар. Алайда үлгілік деңгейде толықтыру жəне кейіптік құрылым компоненттерінің сəйкессіздігі көрінеді.
Үшінші топқа біз қазақ тіліне аударғанда, соматизмдер кездеспейтін фразеологиялық тіркестерді, афоризмдерді жатқыздық, бұлар бір сөзбен немесе бос тіркеспен берілуі мүмкін.
mettre le doigt sur la plaie — жанына тию;
être les deux doigts de la main — арасынана қыл өтпейді;
cœur d'acier — рақымсыз жүрек;
cœur épais — қатал, мейірімсіз жүрек;
faiblesses du cœur — құмарлық;
cœur à cœur — ашық сырласып сөйлесу;
montrer au doigt — нұсқап көрсету;
perdre ses boyaux — жан тапсыру; өліп кету;
par cœur — жатқа білу; жүрегіне жатталған;
du bout des lèvres — кіжіне;
mauvaise tête et bon cœur — аңғал; жүрек адам;
parler d'abondance de cœur — ашық жүректен сыр ақтару;
cœur haut placé — мейірімді жүрек;
corps et cœur — жан тəнімен;
mettre le doigt entre l'écorce — ерлі-зайыпты арасына есі кеткен түседі;
avoir de la poix aux doigts — қолының сұғанағы бар;
avoir sur les doigts — өз жазасын өзі алды;
faire qch avec les doigts dans le nez — қиналмай-ақ істеу;
avoir le bras long — беделін пайдалану; қолында үлкен биліктің болуы;
avoir un bras de cotton — кісінің тауын қайтармайтын; көнгіш мінез адам;
les bons bras font les bonnes lames — іс тетігін шебер білер; aimer comme ses boyaux — жанындай жақсы көру; aller comme une bague au doigt — құйып қойғандай;
lire des doigts — көз жүгірту;
bouche de miel, cœur de fiel — тілінде — бал, жүрегінде — ызғар;
cela se voit au doigt et à l œil — айдан анық.
Көріп отырғанымыздай, үшінші топ сөздерін аударған кезде қиындық туып, қызығушылық артады. Оқу барысында кейбір сөз тіркестерінің идиоматикасы түсініксіз болып көрінеді avoir sur les doigts (сөзбе-сөз: «саусақта болу») — өз жазасын өзі алды; du bout des lèvres (сөзбе-сөз: «ерiндердiң шетінде») — кіжіне. Бұл сөз тіркестерінде тілден тыс дүние жарқын жəне анық көрсетілген: материалдық жəне рухани мəдениеттің элементтерімен екі тіл халықтарының ұлттық сипаттары.
Үшінші топ сөз тіркестерін тілдік түйсік арқылы да аударуға болады:
cela se voit au doigt et à l'œil — айдан анық;
avoir de la poix au doigts — қолының сұғанағы бар;
faire qch avec les doigts dans le nez — қиналмай-ақ істеу, қазақ тілінің ауызекі сөйлеу тілінде былай болады: ауырдың үстімен жүру; жаны қиналмай жұмыс істеу.
Сонымен, үшінші топқа француз халқының тұрмысы, өлеңдері, тарихы мен дəстүріне байланысты фразеологиялық тіркестер мен афоризмдерді жатқызамыз. Сондықтан бұл сөздерді тікелей аудармай семантикалық түсініктеме беріледі [7].
Төртінші топқа авторы бар сөз тіркестерімен афоризмдерді жатқызамыз. Олар кең таралғандығымен жəне француз тілінде сөйлейтін адамдарға белгілі болғандығымен ерекшеленеді:
montrer le bout de l’oreille (сөзбе-сөз: «құлақтың ұшын көрсету») — амалсыздан өз ойын білдіру; rogner les ongles à qn (сөзбе-сөз: «тырнақтарың бiреуге кесу») — біреуді биліктен айыру; сондай-ақ mettre sa main au feu; être de la côte d’Adam; bel œil; ouvrir les yeux à qn; pour les beaux yeux qn (Ф.Корнель).
Бұл тұрақты тілдік формулалар француз халқының ауыз екі сөйлеу тілінде кең тараған. Бірақ шетелдіктер үшін белгілі деңгейде қиындық туғызады. Олардың этимологиясы лингвоаймақтық түсініктемені қажет етеді. Мақсаты — афористік көріністі ашу. Сөзсіз бұл француз фразеологиясын, ұлттық ерекшелігін терең түсінуге жəне оларды ауызекі сөйлеуде дұрыс қолдануға септігін тигізеді.
Қорытындылай келетін болсақ, шетел тілін меңгеруде ана тілі сенімді көмекші. Ол үшін салыстыру механизмі тілдік ассоциация жүйесін іске қосып, оқушы үшін жаңа түсініктер жүйесін көрсету керек. Дəл осындай салыстыру басқа тілді де меңгерудің жаңа да сенімді тəсілі. Белгілі салыстыру үрдісі бұл танымдық үрдіс.
Əдебиеттер тізімі
- Леонтьев А.А. Мыслительные процессы в усвоении иностранного языка. — ИЯШ, 1975. — Вып. 5. — С. 72–76.
- Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. — Алматы: Ғылым, 1977. — 712 б.
- Болғанбаев Ə. Анатомиялық атауларға байланысты фразеологизмдер. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін жасау тəжірибелері. — Алматы: Ғылым, 1989. — 270 б.
- Абилгалиева М.Х. Сопоставительный анализ соматической фразеологии казахского и немецкого языков: Автореф. ...канд. филол. наук. — Алматы, 1992. — 26 с.
- Соколова Г.Г. Фразеообразование во французском языке. — М., 1987. — 142 с.
- Кайдаров А.Т., Жайсакова Р.Е. Принципы классификации фразеологизмов и их классификационные группы в совре- менном казахском языке. — № 3. — Алматы, 1979. — С. 1–11.
- Сиымова А.С. Теоретические основы презентации лексики в практическом курсе русского языка в неязыковом вузе: Автореф. … канд. пед. наук. — Алматы, 1997. — 27 с.