Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Көптілді топтардағы «Арнайы қазақ тілі» пəні бойынша оқыту тəжірибесінен

Білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформаларға сəйкес мемлекеттік тілді өзге тілді аудиторияларда оқыту деңгейлік, коммуникативтік-бағдарлы оқыту əдістемесіне негізделуде. Соңғы жылдары біздің университетте көптілді оқыту топтарында қазақ тілін үйрету жақсы жолға қойылды десе де болады. Бұл топтардағы қазақ тілі биыл үшінші жыл оқытылуда. Соңғы үшінші жылы əр факультетте көптілді топтар үшін «Арнайы қазақ тілі» пəні енгізіліп, 135 сағат берілген.

Мысалы, химия факультетінде 3-курс үшін «Арнайы қазақ тілі» пəні бойынша оқу-əдістемелік кешен дайындалып, мамандықтарына байланысты мақсатты түрде қазақ тілі оқытылды. Студенттердің сөйлеу қабілетін одан əрі жақсарту үшін бағдарламаға көркем əдеби стиль, ғылыми стиль, публицистикалық стиль туралы, шағын мақала жазып үйрену, ресми іс қағаздары жəне химиялық тақырыптарға арналған мəтіндер, оларға байланысты практикалық тапсырмалар берілген.

Сабақ барысында студенттер берілген материалдармен жұмысты қызығушылықпен орындайтыны байқалды. Əрине, əр сабақта белгілі бір мақсат қоя білу — ең маңыздысы, яғни студенттерді күнделікті қарым-қатынас түрлеріне еркін араласып, өз мамандығы бойынша сұхбаттар жүргізе алуға үйрету. Мамандық саласына қарай жиі кездесетін лексиканы, ғылыми терминдерді, күрделі синтаксистік құрылымдарды қолдануға үйрету. Өз мамандығы бойынша хаттар, баяндамалар, пікірлер, эссе жазуға үйрету, радио, теледидардан ақпараттар тыңдап, түсінуге машықтандыру.

  • Күнделікті тұрмыстық жəне кəсіби сөйлеу жағдаяттарында сұхбат түрлеріне еркін араласып, сөйлесу, əңгімені қолдау дағдыларын қалыптастыру.
  • Əр түрлі стильде жазылған мəтін, өз мамандықтарына сəйкес еңбектер мен ғылыми зерттеулерді оқып, негізгі ақпараттарды ала білу дағдысын қалыптастыру.
  • Өзі туралы   ақпаратты,  түйіндеме,   рецензияларды,  құттықтау  хаттарын   жаза   білуге дағдыландыру.
  • Теледидар, радио арқылы берілген ақпараттарды, тіл иесінің табиғи айтылған сөзін, өз мамандығы бойынша сұхбаттарды түсіне білуін қалыптастыру.
  • Монолог түрінде берілген мəтіннің жеке мағыналық бөліктері бойынша негізгі ойды, ақпаратты есту, тыңдау арқылы түсіне-білу дағдысын дамыту.
  • Қазақ тіліндегі кəсіби бағдарлы жарнамаларды, іс-қағаздарды, нұсқауларды оқып, түсіну, қалыптастыру.
  • Аударма, кəсіби бағыттағы сөздіктерді пайдалана білуге үйрету.
  • Қазақша дұрыс, мəнерлеп сөйлеу машығын қалыптастыру.
  • Ауызекі сөйлеу, көркем əдеби, публицистикалық, ғылыми стильдердің, сондай-ақ кəсіби тілдің қолдану жағдайларын айыра білуге үйрету.
  • Белгілі бір кəсіби қатынас саласындағы танымдық-қатысымдық міндетті шешуге керекті ақпарат тыңдау арқылы түсіне білуге дағдыландыру.
  • Өз мамандығы бойынша ғылыми мəтіндерге пікір беруге, ғылыми мақала, баяндама жазуға машықтандыру.

Бұл тұрғыда оқытуға коммуникативті іс-қимылдық тұрғыдан келу жəне жеке студенттердің, ұжымның белсенділігін арттыру үшін түрлі жұмыс түрлерін жүргізу қажет.

Əдіскер-ғалымдар бұл жөнінде мына ерекшеліктерді көрсетіп бергені белгілі:

  • барлық оқу материалдары жəне əрбір сабақта алған білімді күнделікті коммуникативтік қызметте, табиғи тілдік қарым-қатынаста пайдалануға бағытталған; яғни, үйренушінің күнделікті қарым-қатынаста, сөйлеу жағдаятында қолданатын лексикалық-грамматикалық минимумына баса назар аударылады. Сабақтың мəтін материалдары, лексикасы мен грамматикалық ережелері, елтану материалдары осы мақсатқа бағытталады;
  • барлық мəтін материалдары, лексикалық-грамматикалық минимум кəсіби бағдарлық жағынан маңызды болуға тиісті;
  • оқыту жүйесі үйренушінің дербес психологиялық жас жəне ұлттық ерекшеліктерін ескереді, яғни оқытудың негізінде үйренуші оқу үдерісінің субъектісі болып табылады;
  • оқыту процесінде үйренушіге сөйлеу жағдаяты жасалады;
  • сөйлеу жағдаяты үшін жаттығулар топтастырылады;
  • оқыту процесінде жұмыстың ұжымдық нысаны қолданылады.

Сөйтіп, коммуникативті уəждеме жасалады. Ал коммуникативті уəждеме дегеніміз — сабақты өту барысында кəсіби бағдарлы сипатта үйренушілердің бір-бірімен жəне оқытушымен тілдік қарым- қатынас жасауы [1].

Жеке адамның, ұжымның мүмкіндіктерінің белсендіктерін арттыру əдісі бұдан бұрын айтылып жүрген жеделдетіп оқыту əдісімен байланысы бар. Мысалы, үйренушінің жадын белсенді ету, яғни, жаттау арқылы үйрету қолданылады. Ал бұл əдістің негізі — белсенділікті арттыру. Бұнда оқытушының да, үйренушінің де белсенділігі болу керек. Бұл үшін:

  • ұжымдық өзара жұмыс істеу;
  • жеке үйренушімен тікелей байланыс;
  • рольдік ойындар;
  • жаттығулардың көп түрі пайдаланылады.

Жалпы қазақ тілі əдістемесі ғылымында осы мəселеге əдіскер-ғалым Ф.Оразбаева жеке тоқталады [2]. Ғалым бұл əдістемеге байланысты қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне оқытуда мынадай ұстанымдарды атап өтеді:

  1. Тіке байланыс.
  2. Адамның жеке қабілетін басқару.
  3. Сөйлеуге үйретуде жүргізілетін жұмыстардың түрлерін анықтау.
  4. Сатылап даму.
  5. Динамикалық өзгеру.
  6. Өзектілік.

Ал əдіскер-ғалым Қ.Қадашева тіл үйретуде кез келген тəсілді қолдануда оқытушының рөлі басым екенін айтады [1].

Оқыту үйренушінің оған деген қызығушылығы артқанда ғана өз нəтижесіне жетеді. Оқытушы өзінің оқыту үдерісіндегі қызметінде əр түрлі тапсырмалар, жұмыстар атқарады. Ол негізінен: ұйымдастыру, əдістеме жəне психологиялық ерекшелік.

Оқыту үдерісі табысты болу үшін сабақта психологиялық климат тудыру қажет. Оқытушы формалды түрде ұжымдық қатынас тудырмай, əрбір үйренушімен жеке жұмыс істеуге əрекеттенуі қажет. Ол қатал сарапшы немесе төреші емес, керісінше, жақсы қарым-қатынас құратын қайырымды кеңесші болу керек, себебі үйренушінің тілдік қарым-қатынасқа түсуін бақылауға жəне дұрыс сөйлеуге үйретуде оның мəні зор.

Уəждеме тудыруда оқытудың мазмұны үлкен рөл атқарады. Оқытушы сөйлеу жағдаяты тақырыбына қатысты коммуникативтік жеңіске жетуді ойластыру керек, сонымен бірге жаңа, өзекті, қызығушылығын арттыратын мəтін материалын дұрыс таңдап ұсынуды ұйымдастыру қажет.

Сонымен қатар мамандыққа байланысты оқытуда төмендегі талаптар қойылады:

  • мамандық бойынша лексикалық жəне грамматикалық минимумдарды баяндау;
  • осы арқылы дағды мен ептілікті қалыптастыру;
  • тілдік өрнектерді сараптау;
  • үйренушінің өз мамандығына сəйкес, тілді коммуникативтік қарым-қатынаста қолдана алатындай дəрежеде біліп шығуын қамтамасыз ету;
  • сөйлеу іс-əрекетінің төрт түрінің негізі қамтылатын мəтіндерді беру;
  • елтануға қатысты материалдарды үйренушінің өз қажетіне қарай пайдалану;
  • сөйлеу жағдаятын үйренушінің мамандығына қарай бейімдеу, арнаулы терминологияның берілуін қарастыру;
  • кəсіби тілдік құзыретін қалыптастыру.

Мысалы ретінде төмендегі бір сабақты алып қарастырайық.

Жалпы мəтін — коммуникативтік бірлік, тұтастығымен ерекшеленетін бүтін жүйе болып табылады. Ол тіл үйренушілердің қарым-қатынасын іс жүзіне асырудың өзегі ретінде жəне өзара түсінісу, ойды жеткізуде де маңызды рөл атқаратын тұтас жүйе [3].

Қарым-қатынас жасау үнемі екі жақты үдеріс, осыған байланысты студенттердің мамандығына сай қарым-қатынас жасауының өзіндік тəсілдері бар.

Тақырып: ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауынан үзінді.

1-мəтін:

...Қазір Қазақстан үшін үлкен мүмкіндіктер бар. Тұтастай алғанда алдағы кезеңде мына төрт бағыт əлем картасының ғылыми технологиясына үлкен ықпал ететін болады.

Бірінші — биотехнология жəне биохимия. Бұл — азық-түлік қауіпсіздігін сақтау, адамның иммундық жүйесін нығайту, интеллектуалды жүйе құрудағы маңызды бағыт. Сондықтан қазір біз Астанада Ұлттық биотехнологиялық орталық құрдық.

Екінші — экоэнергетика. Бұл — энергияның қайталама көздері, «жасыл энергетика», отын элементтері, жоғары өткізгіштер, көміртегі қосындысын ұстау мен сақтау, энергияны аз тұтынатын жарық көздері.

Үшінші — экология. Парникты газдар шығарындыларын азайту, су тазарту, түрлі биосубстанцияларды тез анықтау, биологиялық тұрғыдан ыдырайтын пластиктер енгізу, бактериялар құру, қоршаған ортаны ластандырғыштарды жою технологиялары белсенді дамитын болады.

Төртінші — антиэйджинг (антикəрілік). Бұл — өмірді ұзарту мен жасаруды зерттеу [3].

Бұл зерттеулер қаншалықты күрделі көрінгенімен, адамзат ерте ме, кеш пе бұл мəселелердің бəрін шешеді.

2-мəтін:

...«Алыстан ойламаған жақыннан уайым табады» деген сөз бар. Біз — болашағымызды болжап отырған елміз. Енді тек ұмтылыс керек, еңбек пен қабілет керек, ең бастысы, Отанға деген шекіз сүйіспеншілігіміз керек.

Жастарға айтатыным: бақытты өмірді басқа жақтан іздемеңдер. Ата-бабаларымыздың айтып кеткен асыл сөздері есте болу керек. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген өсиет қалдырған. Өз Отаның — бұл дүниедегі жəннатың мен шуағың. Сондықтан білімдерің мен қайрат-жігерлеріңді өз елдеріңнің мүддесіне жұмсаңдар. Туған елің дəулетті, туған жерің сəулетті болса, сендер де əулетті, əлеуетті боласыңдар. Сол үшін менің қатарластырым еңбек етіп келеді. Бұнда міндет сендердің де мойындарыңа түседі. Сонда өз ұрпақтарыңда ойлайтын боласыңдар. Сондықтан осы бастан қам жасау керек.

Еліңді сүйе білсең, жан аямай қызмет ете білсең, елің де сені алақанға салып, аялай біледі. Осыны ұмытпаңдар. Туған елдеріңнің игілігі үшін жанкешті қайрат қылып, Қазақстанның мақтанышы болуларыңа тілектеспін, жас достар! Намысты ұл-қызын ұлықтайтын Отанымыз аман болсын! [3].

Тапсырмалар:

  1. Мəтінді үнтаспадан (немесе теледидардан) тыңдаңыз.
  2. Бөлімге бөліп оқыңыз.
  3. Мəтіндегі қарамен жазылған сөздер мен сөз тіркестерін түсініп, талдау жасаңыз.
  4. Екінші мəтіндегі нақыл сөздерді сөйлесімде пайдаланыңыз.
  5. Əр бөлімді талқылаңыздар. Пікіріңізді айтыңыз. Дəптерге жазыңыз.
  6. Осы тақырыпқа сіздің ойыңыз. Дəптерге жазыңыз.
  7. Əңгіме-сұхбат құрастырыңыздар.
  8. Сіз өз болашағыңызды қалай елестетесіз?
  9. Жақсы өмір сүру үшін не істеу керек деп ойлайсыз? Айтыңыз.
  10. Мəтіндегі сөйлем түрлерін анықтаңыз.

Мəтіннің тəрбиелік мəні зор. Сабақта студенттер болашақ өмірді химия ғылымымен байланыстыра отырып, пікірлерін толық айтып бергеніне көзіміз жетті. Еліміздің болашағы, халықтың жақсы өмірі үшін химия ғылымының маңызы зор екенін, ол үшін елін, жерін қастерлей, құрметтей, сүйе білу керек екенін айтты. Ұсынылған тапсырмалар үш сабақ бойы толық орындалып, СОӨЖ-де өздік жұмыстар жасалды. Сөйтіп студенттердің осы тақырыпта сөйлеу деңгейлері біршама артты [4].

Ал мына төменде берілген сабақтың да өзіндік ерекшелігі болды.

Тақырып: Қымыздың емдік қасиеті. Химиялық құрамы. Ғылыми стиль.

Ғылыми əдебиет тілі стилінің ерекшелігі мынада:

Ғылым əдетте зерттеу объектілерінің, табиғаттың, қоғам дамуының т.б. заңдылықтарын айқындау үшін керекті талдау, топтастыру, салғастыру материалдарына негізделетін қорытындылар жасауды керек қылады. Олар ғылым түрінің ерекшеліктеріне қарай кейбіреуі сол ғылым (мысалы, химия, физика, математика) мамандарына арналса, бірқатары, əсіресе, қоғамдық ғылымдар жайындағы əдебиеттер, оқулық, оқу құралдары көпшілікке арналады. Сонымен қатар олардың тілінде елеулі айырмашылық болады.

Мəтін: Қымыздың емдік қасиеттері. Химиялық құрамы.

Сүттің химиялық құрамы өте күрделі. Бие құлындағаннан кейін алғашқы 2–3 күндей сүт бездері уыз бөліп шығарады, оның құрамының жай сүттен едəуір айырмашылығы бар. Уыздың құрамында ақуыз бен дəрумендер 2–3 еседей көп, ал май мен сүт қанты 1,5 еседей кем.

Əр түрлі мал сүтінің химиялық құрамы үнемі тұрақты бола бермейді. Ол малдың физиологиялық күйіне, азықтандырылуына, күтіп-бағылуына жəне тұқымына қарай өзгеріп отырады.

Қымыздың минералдық құрамы: Na 34мг; K 77мг; Ca 94мг; Mg 25мг; P 60мг; Fe 0,1 мг тұратындығын, сонымен қатар онда адам ағзасына аса қажетті дəрумендер де мол екендігін көрсетеді. Соның ішінде С дəрумені өте көп.

Қымыздың əрбір 100 грамындағы дəрумендер: С (аскорбин қышқылы) 9 мг; А (ретинол) 0,03 мг; В-В1 (тиамин) 0,02 мг; В2 (рибофлавин) 0,04 мг; В12 (кобаламин) 0,06 мг; РР (никотин қышқылы) 0,08 мг.

Сүттегі ең бағалы зат — ақуыз. Бие сүтінде ол 1,8–2,2 % құрайды. Сүтте ақуыздың үш түрі — казеин, альбумин жəне глобулин болады, олардың əрқайсы бірнеше фракцияға бөлінеді. Бие сүтінде 40 % еритін ақуыздар (альбуминдер, глобулиндер, пептондар жəне бос амин қышқылдары) бар. Ақуыздың мөлшері мен өзара қатысы сүттің ұюына əсер етеді. Бие сүті ашығанда құрылымы майда борпылдақ масса түзеді. Сонымен қатар бие сүтінің ақуызы едəуір қоректі келеді.

Бие сүтінде шамамен 1,3–2,0 % май бар, бұл сиыр сүтінен екі еседен астам кем. Əдетте сүт майы май түйіршіктерінен құралады. Бие сүтіндегі май түйіршіктері кіші келетіндіктен, организмде тез гидролизденеді жəне жақсы сіңеді. Май глицериннен жəне май қышқылдарынан тұрады. Қазіргі кезде 20-дан астам қаныққан жəне қанықпаған май қышқылдары бар екендігі анықталды. Сүт майындағы бұл қышқылдардың мөлшері əр түрлі малда түрліше келеді.

Қымыздың емдік қасиеті оның құрамындағы химиялық заттарға байланысты. Ашу процесінде пайда болған сүт қышқылының жəне əр түрлі ас қорыту ферменттерінің, т.б. пəрменді катализаторлардың əсерінен құрамдық заттардың сіңімді түрлері пайда болады. Сөйтіп, олардың зат алмасу процестеріне қатысу реакциясы артады. Сонымен қатар бұл процестердің нəтижесінде қымыздың дəмін, иісін, т.б. тағамдық қасиеттерін жақсартатын жəне тағамға тəбет тарттыратын заттар пайда болады. Құрамы осыншама бай жəне жоғары дəрежеде болғанымен, қымыздың энергетикалық қуаттылығы 100 г-да 40 ккал. Қымыз ежелден ас қорыту жүйесінің ауруларын, анемия, құрқұлақ, мешел, неврастения жəне туберкулезді (құрт ауруларын) емдеуге қолданылып келеді. Сондай-ақ қымыз ішектегі іріп-шіру процестерін тежеуге əсер етеді. Ондағы шіріткіш микробтарға, ішек таяқшаларына, стафилококк микробына антибиотиктердің əсері бары дəлелденді. Сол сияқты, туберкулез таяқшаларының өсіп-өнуіне кедергі жасайтыны анықталды.

Қымыздың емделу ережесі: алғашқы 3–4 күн бойы аз-аздап, күніне 0,5 литрдей ғана ішіп, кейін 1 литр, одан да көбірек ішуге болады. Сөйтіп, 7–8 күнде аурудың асқа тəбеті артып, ас қорытуы түзеле бастайды. Қымызды тамаққа дейін 1–1,5 сағат бұрын ішу керек. Жалпы, туберкулездің қандай түрін болмасын қымызбен емдеуге болады. Бірақ, ауру өршіп, қозып тұрған кезде, қан түкіріп, дене ыстығы көтеріліп кеткен жағдайда, қымызбен емдеуді уақытша тоқтата тұру керек.

Қымыздың құрамдас бөліктерінің əрқайсының тəнге əсері, пайдасы бар. Мысалы: сүт қышқылы асқазанға, ұйқы безіне, зат алмасуына, əсіресе, тəндегі қышқыл-сілті алмасуына, көмір қышқылы ас қорыту жолдарындағы сөл бөліну, қозғалыс жəне таралу үрдістеріне жақсы əсер етеді. Көмірқышқылы тыныс алу орталығын тітіркендіреді, сол арқылы зат алмасуды, дем алуды жақсартады. Қымыз құрамындағы спирт тыныс алу орталығының жүрек-қан тамырлары мен орталық жүйке жүйесінің қызметін жақсартады. Қымыздың нəруыздары тəнге өте сіңімді, ана сүтіне тəн қасиеттерге ие. Қымыздағы сүт қышқылды бактериялар ішектегі ашу, шіру үрдістерін азайтады. Қымыз — С дəруменінің негізгі көзі. 1 литр қымызда 91–157 мг мөлшерінде С дəрумені болады [5].

Тапсырмалар:

  1. Ғылыми əдебиет тілі дегенді қалай түсінесіз?
  2. Сөздік жұмыс. Оқытушының көмегімен таныс емес жəне химиялық термин сөздерге талдау жасаңыз. Сөздердің дұрыс айтылымын үнтаспадан тыңдаңыз.
  3. Мəтінді абзацқа бөліп оқыңыздар.
  4. Химиялық элементтердің қандай түрі кездеседі? Дəптерге жазыңыз.
  5. Бие сүтінің химиялы құрамы қандай? Жазып, түсіндіріңіз.
  6. Қымыздың минералдық құрамы туралы айтыңыз.
  7. Қымыздың құрамының формуласын жазыңыз.
  8. Қымыздың емдік қасиеті туралы əңгімелеңіз.
  9. Қымызбен емделу ережесін біліп алыңыз, айтып беріңіз.
  10. Сөйлем байланысын қараңыз.

Өздеріңіз оқып көргендей, мəтін өте мазмұнды əрі химиялық тұрғыдан алынған.

Маңыздылығымен қоса кəсіптік сөйлеу деңгейін қалыптастыру үшін студент əр сөйлемінде химиялық терминдерді, ақпараттарды, мысалдарды қолдануына тура келеді.

Сонымен бірге мəтінмен жұмыс барысында қосымша ұлттық тəрбие берілетіні сөзсіз. Студент ұлттық тағам түрлерін, олардың ерекшеліктерін, оның ғажайып жұмбақтарын шеше отырып, мəтінді зор қызығушылықпен оқып, түсінуге тырысты. Қосымша материалдар жинақтап, СОӨЖ-де тұсаукесер жасады.

Осы сияқты кəсіптік тақырыптағы мəтіндер тіл дамыту үшін өте маңызды əрі қажетті. Осы тақырып бойынша сөйлеу үшін оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым əрекеттерін қолдана отырып, жоғарыда айтылған əдіс-тəсілдер оқытушының шеберлігіне қарай таңдалып алынатыны белгілі. Сөйтіп əр сала мамандықтары бойынша тіл үйренуде терминдерді үнемі қолдану сөздік қорды көбейтіп, сөйлеу əрекетіне алып келеді.

Осы сияқты химия мамандығындағы «Арнайы қазақ тілі пəні» бойынша мынандай тақырыптарда тіл дамыту жұмыстарын жүргіздік: «Химиялық байланыс түрлері», «Реакция жəне реагенттердің түрлері», «Реакция механизмі», «Органикалық қосылыстардың қышқылдық жəне негіздік қасиеттері», «Бос радикалдардың түзілу жолдары». Бұл тақырыптарда студенттер қазақ тілінде мəтіндермен түрлі жұмыс жасай отырып, өзара сұхбаттасып, пікірлерін айтты. Түрлі формулаларды тақтада жəне дəптерде жазып, оларды қазақша оқып жаттықты. Қосымша əдебиеттерден қарастырып, қысқаша тезистер, рефераттар, пікірлер жəне аннотация жазып үйренді.

Мамандыққа сай берілетін мəтіндермен жұмыс қатысымдық жаттығулармен сабақтаса келіп, ақпараттық, қатысымдық, дамытушылық қызмет атқарады.

Сабақ үстіндегі күнделікті қарым-қатынаста қазақ тілінің грамматикалық жəне лексикалық материалдарын мəтіндер арқылы игертіп, студенттердің қатысымдық құзыреттіліктерін қалыптастыруға арналған жұмыс түрлерін орындатуға үлкен мəн беріледі [3].

Мəтіндегі таныс емес сөздер мен сөз тіркестерін түсіндірудің де маңызы зор. Бұл жұмыс түрі сөздік қорын молайтып, сөздердің бір-бірімен байланысын меңгеруіне септігін тигізеді.

Мəтін арқылы тіл үйренушінің дүниетанымы кеңейеді, түрлі ақпараттармен танысады, мамандыққа байланысты ой-өрісі кеңиді, ойын жүйелеп айтуға дағдыланады, сөйлеу тілі дамиды.

Мəтін бойынша сұрақ-жауап əдісімен сұхбат құра отырып, сөйлеу дағдысын қалыптастырады.

Сол сияқты адамгершілік тəрбие беріледі.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қадашева Қ.Қ. Қазақ тілі: оқытудың тиімді əдістемелері. — Алматы: ҚазМЗА, 2000. — 167 б.
  2. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас пен қатысым əдісінің ғылыми-теориялық негіздері. — Алматы, 1996. — 415-б.
  3. Білял Б.Қ. Студенттердің коммуникативтік дағдысын қалыптастыруда мəтіннің рөлі // Қазақстандағы орыс тілі мен əдебиетін оқытудың өзекті мəселелері: респ. ғыл.-практ. конф. материалдары. — Қарағанды: Санат-Полиграфия,— 382 б.
  4. Абдрахманова Г.Х. «Арнайы қазақ тілі» пəні бойынша оқу-əдіст. кешен. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, — 118-б.
  5. Мырзабаев А.Б. Оқушылар шығармашылығын дамыту. — Қарағанды: Санат, 2002. — 192-б.

 

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.