Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Темекі тартудың репродуктивті денсаулыққа әсерін мейіргерлік кәсіби ортада зерттеу

Дүние жүзінде темекі шегудің адам денсаулығына зиянды әсері мойындалғанымен, тауар ретінде тұтыну мөлшері кемудің орнына артып келетін өзекті мәселе. Зерттеу тақырыбында қозғалған мәселе репродкутивті денсаулыққа қатысты өзекті.

Репродуктивтік денсаулыққа табак өнімдерін қолданудың қатысын мейіргер тұлғасындағы медициналық ортада зерттеу екі жақты тиімді болды: мейіргерлік кәсіптік топтың басым көпшілігінде әйелдерден тұратыны мәлім, сол арқылы әйел денсаулығына темекі әсерін анықтау мүмкіндігі туады; таңдалған орта – кәсіби медициналық мамандар, яғни, зиянды әдеттің залал-зардабын түсінетін респонденттердің табак өнімдеріне қатысы және көзқарасы анықталады.

Өзектілігі. Бүкіл дүние жүзінде темекі шегудің адам денсаулығына зиянды әсері мойындалғанымен, тауар ретінде тұтыну мөлшері кемудің орнына артып келетін өзекті мәселе. Көпшілік арасында кең қолданыс тапқан табак қолдануды ережелер аясында рұқсат шегіне қысым көрсету ғана арқылы деңгейін төмендету мүмкін емес. Бұл орайда, халық құрамындағы түрлі мақсаттық топтарды арнайы жіктеу, халық санасына сіңіру арқылы табакпен күрес саясатын кешенді түрде жүргізу тиімді [1].

Зерттеу тақырыбында қозғалған мәселе репродкутивті денсаулыққа қатысты өзекті.

Репродуктивтік денсаулыққа табак өнімдерін қолданудың қатысын мейіргер тұлғасындағы медициналық ортада зерттеу екі жақты тиімді. Біріншіден, мейіргерлік кәсіптік топ, басым көпшілігінде, әйелдерден тұратыны анық. Сол арқылы әйел денсаулығына темекі әсерін анықтау мүмкіндігі туады. Екіншіден, таңдалған орта – кәсіби медициналық мамандар, яғни, зиянды әдеттің залал-зардап мөлшерін біле тұра құралған респонденттердің табак өнімдеріне қатысы және көзқарасы зерттеледі [2,3].

Зерттеу бағдарламасын іске асыруда жалпы респонденттер зерттеу топтарына жіктеліп, мақсаттық сұрау сауалнамалары құрастырылды. Социологиялық сұрау нәтижесінде зерттеу құбылыстарының жиілігі, таралуы, себеп-салдар байланысы, көрсеткіштердің дәлдігі және репрезентативтілігі анықталды.

Зерттеу нәтижелері. Сұрау кездейсоқ іріктеу әдісімен анонимді түрде Алматы қалалық бірқатар емдеу- профилактикалық мекемелер базасында жүргізілді. Мейіргерлік кәсіби ортадан -25 персонал, қаралушы халық (пациент)-респонденттен -30 адам, репродукциялық жастағы әйелдер -20 адам зерттеуге қатысқан.

Темекі шегу статусына қатысты респонденттер төрт санатқа бөлінген:

  • «ешқашан темекі шекпеген» – ешқашан темекі тартып көрмеген немесе өмірінде 100 сигаретадан кем темекі шеккендер – 34 әйел немесе 61,8%;
  • «бұрын темекі шеккендер» – сұрау жүргізу кезеңіне сәйкес темекі шекпейтіндер, бірақ өмірінде 100 сигаретадан артық темекі шеккендер – 12 респондент (21,8%);
  • «экспериментаторлар» – табак өнімдерін күнделікті қолданбайтындар, тек әртүрлі жағдайларға байланысты – 3 респондент немесе 5,9%;
  • «ретті темекі шегушілер» – сұрау кезеңіне сәйкес табак өнімдерін күнделікті қолданатындар – 6 әйел немесе 10,9¿ респондент.

Репродуктивті жастағы әйелдердің пікірінше, 65 жасқа дейінгі қазақстандықтардың негізгі өлім себептері қатарында жол-көлік оқиғаларын (ЖКО) – 38,8¿. Кейін темекі тарту (16,5¿), есірткі қолдану аталған (14,9¿).

Темекі шегудің репродуктивті денсаулыққа әсерін бағалауда 32,3¿ әйелдер табак өнімдерін қолданғаннан ағзаларда жиналған уыт заттардың мөлшерінің ұрық түзілісіне, баланың дамуын, психикалық-жүйке жүйесінің қалыптасуына тікелей байланысты екенін алға тартқан (сурет 1).

Сұралғандардың 1/5-і (21,4¿)- ешқандай теріс әсері жоқ, өзіңіздің ішкі сеніміңізге байланысты дегенді сылтауратқан. Яғни, бұл респонденттер темекінің зиянды әсері жөнінде

Репродуктивті жастағы әйелдер, темекі шегу статусына тәуелсіз, Қазақстанда табак өнімдерін тұтынуды реттейтін заңдылықтар мен ережелерді жеткілікті түрде хабардар, алайда, одан бас тарта алмағандықтан өздерін және өздерін ақтап алу себептеріне жүгінеді. Сұралған респонденттердің басқа 46,3¿ - жауап беруден бас тартқан, бәлкім, осы топты темекі шегетін әйелдер құрап, көңілдерін алаңдататын мәселелерді қозғағылары келмейтіндіктерін көрсеткен.

білмейтіндіктерін көрсетті (кесте). Алайда, темекіні бір талдап сату және табакты жарнамалауға тыйым салу жөнінде білетін респонденттер саны айтарлық.

Ережелер:

%

Жабық қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салу (кафе, мейрамханалар, қоғамдық көлікте және т.б.)

60,8

Жұмыс орындарында темекі шегуге тыйым салу

64,7

Темекіні бір талдап сатуға тыйым салу

47,5

18 жасқа жетпегендерге темекі сатуға тыйым салу

77,3

Темекіні жарнамалауға тыйым салу

52,6

Кейбір мекемелерде темекі шегуге тыйым салу

63,5

Кесте 1 - Респонденттердің Қазақстандағы табак өнімдерін тұтынуды реттейтін заңдылықтар мен ережелер жөнінде ақпараттану деңгейі, ¿

Респонденттердің 70¿-ы қазақстандық табак өнімдерінде сақтандыру жазба мәтіндерінің бар екенімен таныс. Алайда, олардың тек, 1/3-і бұл әрекеттті қатайта түсу керек дейді. 2/3-і қазақстандық табак өнімдерінде темекі салдарларының визуальды көріністері қойылғандығын құптайды. 36,8¿ респонденттер пікірінше, темекі қорапшасының сыртындағы оны шегу салдарларының графикалық көріністерінен бұл өнімнен бас тартуға ынталы болғандарын жасырмайды.

Мейіргер персоналы жалпы және репродуктивті жас топтарына бөлініп қарастырылды: жалпымейіргерлік және репродуктивті жастағы мейіргерлер.

Жалпымейіргерлік топтағы мамандар 14 жасқа дейін, тек, 5,4¿ жағдайда тұрақты темекі тартқан болса, репродуктивті жастағыларда бұл көрсеткіш - 10,6¿ құраған. Аталған 14 жасқа дейінгі және 15-18 жас кезеңінде екі зерттеу топтрынындағы тұрақты темекі тартуға көшу көрсеткіштерінің айырмашылығы айқын, t≥2. 19-23 жас аралығында тұрақты темекі тартуды бастау бойынша екі топ та біркелкі жоғары көрсеткіштерге ие.

Темекі шегетіндердің негізгі массасы күнделікті нарықта қолданыстағы өндірістік темекіні пайдаланады.

Әрбір үшінші темекі шегетін респондент табакка қажетін өз медициналық мекемесіндегі жұмыс орнында өтей алады екен.

Медициналық қызметкерлер жалпы және репродуктивті жастағылардан құралғандықтан салыстырмалы түрде темекінің репродуктивті денсаулыққа әсерін бағалау көрсеткіштерін саралауды жөн көрдік (сурет 2).

Көріп тұрғанымыздай, жалпы және репродуктивті салыстырмалы топтардың берілген сұрақтарға жауаптарының таралуы шамалас. Әрі, медициналық қызметкерлер темекі қолданысының әйел функцияларына әсерін жеткілікті біледі. Алайда, сорақысы, мұнда да халық арасындағы сұрау көрсеткіштеріндегідей, табак өнімдерін пайдалану репродукцияға зиянсыз деген жалпының 1/3 -ге тең үлесі болды.

Бәлкім, мұның себебі өз тәжірибелерінде темекі тартатын анадан сау балалардың туылу мүмкіндіктерін куәландырған оқиғалар жиілігімен байланысты болуы мүмкін.

Респонденттердің жартысына жуығы темекі шегуге арнайы белгіленген орындардан басқа жердің барлығында тыйым салу керек деп есептейді. Респонденттердің әрбір үшіншісі жұмыс орнында да, оған қарасты ашық ауада да темекі тартуға қатаң тыйым керектігін қолдайды.

Табак өнімдеріне қатысты қатаң баға саясаты темекі тарту деңгейін төмендетудің анағұрлым тиімді әдісі екені айқын. Қазақсанда табак өнімдерінің бағасы ТМД елдері территориясындағы ең төмен көрсеткішті ұстап тұр. Сауалнамалық сұралғандардың 13,7% (18,2% жалпымейіргерлік және 10,8% репродуктивті жастағы мамандар) табак өнімдерінің бағасын 3 еседен аса жоғарылатса темекі тартатындардың санын күрт төмендейтініне сенімді. Бағаны 2-3 есеге жоғарылатумен 5,92% респонденттер (7,2% және 5,1% сәйкесінше) мақсатқа орай деп есептейді. Жалпы бағаны 1,5-нан 3 есеге дейін жоғарылатуды 33,4% сұралғандар қолдайды (41,4% және 28,2% сәйкес топтар өкілдері). Дегенмен, 22,6% респонденттер табак өнімдерінің бағасын сол күйінде қалдыруды дұрыс көреді. Бұл пікірмен 21,6¿ жалпымейіргерлік топтың және 31,2¿ репродуктивті жас тобындағы мамандар ортақтасқан.

72,7¿ респонденттер олар жұмыс жасайтын мекемеде мақсаты пациенттер мен олардың туыстарының арасында темекі шегудің алдын алу болып табылатын бағдарламалар немесе іс-шаралар қолданылатынын атап көрсеткен. Егер

Алматы қаласында «Алматы – табак түтінінен азат қала» бағдарламасының іске асырылып және барлық қалалақ медициналық мекемелердің оны іске асыруға қатысатынын ескерсек, бұл көрсеткіш салыстырмалы төмен.

Қорытынды. Салыстырмалы зерттеу топтарының нәтижелерін саралай келе, мейіргер маманы медициналық қызметкер өкілі етінде басқа азаматтар, әсіресе, пациенттер үшін «үлгілі тұлға» келбетіне бет бұруы абзал. Бұл кәсіби- моральдық талап және сұраныс.

Табакка қарсы ұлттық саясатты және табакка қарсы күрес бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының Рамалық Конвенциясын енгізу бойынша қоғам күшін консолидациялау мақсатында «Алматы – табак түтінінен азат қала» мақсаттық бағдарлама қабылданды. Темекі шегу деңгейін төмендету бойынша негізгі әрекет бағыттары табакка қатысты халықтың, оның түрлі санаттарының ақпараттануын жоғарылату, сонымен қатар қоғамдық және жұмыс орындарында таза ауа саясатын енгізу негізінде темекіні тастауға ынталыларды қолдау жүйесін құрумен байланысты болуы тиіс.

Әсіресе, тиімді шаралардың бірі болып темекі тартудың профилатикалық әрекетіне дағдылану деңгейін жоғарылататын медициналық қызметкерлер мен педагогтарды дайындауға аса көңіл бөлу табылатыны сөзсіз.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Валеология. Здоровье- осознанная необходимость // Курс лекций с практическими рекомендациями; учебник для гуманитарных вузов. - Алматы : Алматы кітап, 2005. - 175 с.
  2. Организационно-методические подходы к профилактике табакокурения среди школьного сообщества: автореф. дис. ... канд. мед. наук. - Алматы, 2006. - 30 с.
  3. Дубровский В. И. - Гигиена физического воспитания и спорта: учебник для вузов. - М.: Владос, 2009. - 512 с.

670

Разделы знаний

Архитектура

Научные статьи по Архитектуре

Биология

Научные статьи по биологии 

Военное дело

Научные статьи по военному делу

Востоковедение

Научные статьи по востоковедению

География

Научные статьи по географии

Журналистика

Научные статьи по журналистике

Инженерное дело

Научные статьи по инженерному делу

Информатика

Научные статьи по информатике

История

Научные статьи по истории, историографии, источниковедению, международным отношениям и пр.

Культурология

Научные статьи по культурологии

Литература

Литература. Литературоведение. Анализ произведений русской, казахской и зарубежной литературы. В данном разделе вы можете найти анализ рассказов Мухтара Ауэзова, описание творческой деятельности Уильяма Шекспира, анализ взглядов исследователей детского фольклора.  

Математика

Научные статьи о математике

Медицина

Научные статьи о медицине Казахстана

Международные отношения

Научные статьи посвященные международным отношениям

Педагогика

Научные статьи по педагогике, воспитанию, образованию

Политика

Научные статьи посвященные политике

Политология

Научные статьи по дисциплине Политология опубликованные в Казахстанских научных журналах

Психология

В разделе "Психология" вы найдете публикации, статьи и доклады по научной и практической психологии, опубликованные в научных журналах и сборниках статей Казахстана. В своих работах авторы делают обзоры теорий различных психологических направлений и школ, описывают результаты исследований, приводят примеры методик и техник диагностики, а также дают свои рекомендации в различных вопросах психологии человека. Этот раздел подойдет для тех, кто интересуется последними исследованиями в области научной психологии. Здесь вы найдете материалы по психологии личности, психологии разивития, социальной и возрастной психологии и другим отраслям психологии.  

Религиоведение

Научные статьи по дисциплине Религиоведение опубликованные в Казахстанских научных журналах

Сельское хозяйство

Научные статьи по дисциплине Сельское хозяйство опубликованные в Казахстанских научных журналах

Социология

Научные статьи по дисциплине Социология опубликованные в Казахстанских научных журналах

Технические науки

Научные статьи по техническим наукам опубликованные в Казахстанских научных журналах

Физика

Научные статьи по дисциплине Физика опубликованные в Казахстанских научных журналах

Физическая культура

Научные статьи по дисциплине Физическая культура опубликованные в Казахстанских научных журналах

Филология

Научные статьи по дисциплине Филология опубликованные в Казахстанских научных журналах

Философия

Научные статьи по дисциплине Философия опубликованные в Казахстанских научных журналах

Химия

Научные статьи по дисциплине Химия опубликованные в Казахстанских научных журналах

Экология

Данный раздел посвящен экологии человека. Здесь вы найдете статьи и доклады об экологических проблемах в Казахстане, охране природы и защите окружающей среды, опубликованные в научных журналах и сборниках статей Казахстана. Авторы рассматривают такие вопросы экологии, как последствия испытаний на Чернобыльском и Семипалатинском полигонах, "зеленая экономика", экологическая безопасность продуктов питания, питьевая вода и природные ресурсы Казахстана. Раздел будет полезен тем, кто интересуется современным состоянием экологии Казахстана, а также последними разработками ученых в данном направлении науки.  

Экономика

Научные статьи по экономике, менеджменту, маркетингу, бухгалтерскому учету, аудиту, оценке недвижимости и пр.

Этнология

Научные статьи по Этнологии опубликованные в Казахстане

Юриспруденция

Раздел посвящен государству и праву, юридической науке, современным проблемам международного права, обзору действующих законов Республики Казахстан Здесь опубликованы статьи из научных журналов и сборников по следующим темам: международное право, государственное право, уголовное право, гражданское право, а также основные тенденции развития национальной правовой системы.