Туберкулезбен ауырытын балалар мен жасөспірімДер арасынДа вирусты гепатиттің (A, B, C, D, E, G) маркерлері 45 (66,2%) анықталған, оның ішінде ВГ 31,1% науқаста белсенді сатысы байқалды. Алғаш анықталған туберкулездегі ВГ жиілігі - 44,1%, химиотерапия жүргізілген науқастар арасында - 22,1%, токсикалық гепатит - 33,8% құрайды. ВГ клиникалық симптомдары химиотерапия дейін - 16,1%, ал емдеу барысында – 31,1% анықталды.
Өзектілігі: Гепатит пен өкпе туберкулезі қосарланып жүруі ауыр түрде өтеді. Жиі бауырдың ұлғаюы, биохимиялық анализдерде, гемограммада ауытқулар болады. Туберкулезге шалдыққан науқастардың қанында гепатиттің арнайы маркерлары 10 - 25 есе жиі кездеседі. Туберкулездің ұзақ мерзімді емі, көптеген парентералды кіріспелер бұрын
барысында жұқтырады (1). Вирусты гепатитті жұқтыруы химиотерапияның 3-6 айларында және гепатиттің клиникалық көрінісі мардымсыз болуы жиі кездеседі (2). Химиотерапия кезінде рифампицин мен пиразинамидтің гепатотоксикалық әсері күшейеді, гепатиттің созылмалы ағымы дамиды (1 сурет).
гепатитпен ауырмаған науқастар 18%-да стационарлық ем
Зерттеу мақсаты: Гепатит пен өкпе туберкулезі қосарланып жүру ағымының ерешеліктерін анықтау.
Материалдар және әдістер: ҚР ¥ТМО балалар және жасөспірімдер бөлімінде туберкулезге шалдыққан 68 науқастардың сырқатнамасына сараптама жүргізілді.
Зерттей келе: 15 (22,1%) науқастар анамнезінде вирусты гепатитпен ауырғандар, 8 (11,7% ) HBsAg тасымалдаушылар, ал 68 науқастың ішінен 45 (66,2%) вирусты гепатиттің (A, B, C, D, E, G) маркерлері анықталған. Зерртелген науқастарды жасы және жынысы бойынша сараптадық (№1 кесте).
Кестені сараптағанда, туберкулез және ВГ мен ауыратындар ішінде қыздар саны екі есе және 10-13, 14-15 жас аралығындағы науқастар көбірек анықталған. Тыныс алу ағза туберкулезінің клиникалық түрлері бойынша топтастырдық: біріншілік туберкулезді кешені (БТК) - 9 (13,2%), кеудеішілік лимфатүіндерінің туберкулезі (КІЛТТ) - 18 (26,4%), диссемеинерленген - 3 (4,4%), ошақты - 5 (7,3%), инфильтратты - 21 (30,8%), туберкулез плевриті - 8 (11,7%), фиброзды кавернозды туберкулез - 4 (5,8%). Науқастардың арасында 45 (66,2%) вирусты гепатиттің (A, B, C, D, E, G) маркерлері анықталған (2 сурет).
Туберкулездің ВГ-пен қосарланған түрінде кездесетін өзгерістер биохимиялық анализінде трансаминаза 3,7 ммоль/л дейін жоғарлауы - 8 (11,7%), билирубин 50мкмоль/л дейін - 7(10,2%), тимол сынамасы 18 БІР дейін - 14(20,5%) науқаста анықталды. Ултрадыбысты зерттеуде (УДЗ) әртүрлі өзгерістер, яғни эхоқүрылымы біркелкі емес, эхотығыздығы күшейген, бауыр көрінісі ала ірі дәнді - 27 (39,7%) науқаста байқалған. Иммунология лық зерттеу кезінде Т-супрессор көбейгені, жетілген В-лимфоциттер салыстырмалы түрде жоғарлағаны - 15 (33,3%) науқаста анықталды. Жүргізілген химиотерапия бауыр қызметінің бүзылуын өршітті. Туберкулезге шалдыққан 68 науқастарды сараптаған кезде ВГ 31,1% белсенді сатысы анықталды (3 сурет).
ВГ маркерлері анықталмаған 23(33.8%) науқас арасында химиатерапия барысында 8(11,7%) науқаста диспепсиялық бүзылыстар, бауырдың үлғаюы, трансаминаза және тимол сынамасы жоғарлауы байкалып, зерттей келе ол наукастарда токсикалық гепатиттің орын алғаны дәлелденді. Өкпе туберкулезі мен ВГ, немесе токсикалық гепатит қосарланып жүрген кезінде науқастың терапиясы өзгеріске түсіп отырды. Диетасы №5 алмастырылып, патегенетикалық емі: урсосан, эссенциале, гепабене, лив-52 және дезинтоксикациялық терапиясымен толықтырылды. Жағдайлары орташа және төмен ауырлықтағы науқастарға гемасорбция, плазмоферез, жасушалық терапиясы жүргізілді.
Қорытынды:
- Туберкулезбен ауырытын балалар мен жасөспірімдер арасында 45 (66,2%) вирусты гепатиттің (A, B, C, D, E, G) маркерлері анықталған, оның ішінде ВГ 31,1% белсенді сатысы анықталды.
- Алғаш анықталған туберкулездегі ВГ жиілігі - 44,1%, химиотерапия жүргізілген науқастар арасында - 22,1% кездесті. Химиотерапия кезіндегі токсикалық гепатит - 33,8% қүрайды;
- Туберкулездің ВГ-пен қосарланғандағы клиникалық көрінісі химиотерапияға дейін - 15,6%, химиотерапиядан кейін - 31,1 % (2 есе жоғарылаған). Оның ішінде пигментация, терідегі “жүлдызша”, пальмарлы эритема, капиллярит, оң жақ қабырға астындағы ауру сезімі, гепатомегалия симптомдары.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Сафронов А.Е. Проблема сочетанных инфекций туберкулеза и вирусных гепатитов / / Современные наукоемкие технологии. - 2006. - № 3. - С. 85-86.
- Галицкий Л.A, Зарецкий Б.В., Лебединец А.И. Вирусный гепатит во фтизиатрической практике. / / Большой целевой журнал о туберкулезе. - 1999. - № 4. - С.18-23.