Автор мақалада ХХІ ғасырда адамдардың тек ана тілін білуімен шектеліп қана қоймай, жаһандану тілі, ғаламдық тіл, технология мен экономика, коммуникацияның тілі – ағылшын тілінің басымдықтарына тоқталып өтеді. Мемлекеттік тіл саясатының өзектілігі мен оны жүзеге асырудағы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстар көрсетіледі. Сондай-ақ, медициналық құқық және денсаулық сақтаудағы заңнама негіздері модуліндегі үш тілді білім берудің негізгі бағыттары баяндалады.
Ел тәуелсіздігінің маңызды белгісі – мемлекеттік тілі. Ол – тәуелсіз мемлекеттің мәдениеті мен салт- санасының, рухани болмысының негізгі тірегі. Тіл – ұзақ жылдық тарихы бар, ұлттық өркениеттің дамуының нышаны. Тіл арқылы халық өзге халықтардан ерекшеленіп, ұлттың өзгеден ерек даралығықалыптасады. Тіл – ақпарат алмасудың дара құралы, қанша тіл білсең сонша өркениетті танып білу мүмкіндігіне жол ашылады. Жаһандану заманында дүниежүзі бойынша халықаралық байланыс құралы, халықаралық экономика, халықаралық технология мен халықаралық білім беру тілі – ағылшын тілі. Ең бастысы әлемдік коммуникациялық кеңістік тілі -ағылшын тілі. Заман талабына сай, жаһанданудың мәні ағылшын тілін меңгеру арқылы әлемдік өркениетке етене араласуда. Қазақстан дүниежүзілік жаһандық үдерістерге белсенді араласа отырып экономикалы қ, технологиялық, мәдени, әлеуметтік, білім беру саласындағы жаңалықтарға өзіндік үлес қоса алады. Сол арқылы әлемдік өркениеттің дамуында өзіндік орнын табуға жол ашылады. Бір халықтың мәдениетін басқаларымен салыстыру арқылы ғана, әлем суретін әр қилы әрі тұтас көруге мүмкіндік беретін ұлттық мәдениеттің күллі ерекшеліктерін, барша қүндылықтарын сезінуге болады. Бұл қазіргі қоғамда адамдардың тек ана тілін білуімен шектеліп қана қоймай, әлемдік тілдерді, оның ішінде ағылшын тілін білудің қажеттелігін көрсетеді.
Контитуцияның 7-бабына сай, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі.Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды[1]. Демек, мемлекеттік тіл мәртебесі қазақ тіліне, орыс тілі іс-қағаз жүргізуде қазақ тілімен тең дәрежеде қолданылады. Ал ағылшын тілі Ата заңымызда ресми түрде аталып өтпесе де, жаһандану тілі ретінде дүниежүзі халықтары мойындаған тіл.
Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Қазақстан республикасының әрбір азаматының парызы - қазақ тілін білу, тілдің ерекшелігін сақтау және оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу. Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде, тіл сақталса ғана - халықтың ұлттық болмысы сақталады. Орыс тілін білу - тарихи артықшылығымыз. Орыс тілі - Қазақстан аумағында екі ғасырға жуық салтанат қүрды. Орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, шет жерлерде өз дүниетанымы мен ой-өрісін кеңейтті. Ағылшын тілі - ХХІ ғасырда әлемді танудың кілтіне айналды. Ағылшын тілін меңгеру жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады, жаһанданудың кепілі ретінде танылады. Өзге үлт өкілдерінің тілдерін оқып-білуге, үйренуге жағдай жасау арқылы әр тілдің өзіндік ерекшелігін білеміз, салт-дәстүрімен таныс боламыз, ал ағылшын тілі дүниежүзі халықтары «биресми» тіл ретінде мойындалған сөйлесу құралы. Бұл үрдіс Қазақстан аумағына таралып, тамырлай бастағаны да баршаға аян. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің Қазақстан халқы үшін маңыздылығы тарихи үдерстермен қалыптасқан заман талабының жемісі.
Қазақстан республикасы Президентінің саясатына орай әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басым бағыттардың бірі, қазақстандықтардың кемінде үш тілді меңгеруі «Үш түғырлы тіл» стратегиясында 2004 жылы жария етілді. Елбасы өзінің 2011-ші жылғы «Болашақтың іргесін бірігіп қалаймыз!» атты Қазақстан халықына Жолдауында: «Мен қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу - әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты екендігін әрдайым айтып келемін. Біздің міндетіміз - 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу. 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін» деген болатын [2]. 2011 жылғы 29 маусымда № 110 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Қазақстан
Республикасында тілдерді дамтыу мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бұл бағдарламада үш тілді (мемлекеттíк, орыс және ағылшын) меңгерген түрғындардың үлесін (2014 жылға қарай - 10%, 2017 жылға қарай - 12%, 2020 жылға қарай - 15 %-ға дейíн) ұлғайтуды көздейді [3]. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», «Білім беру туралы» Заңдары мен «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында белгіленген міндеттер еліміздің білім беру жүйесінде көптілді меңгерген дара тұлға қалыптастыру мақсатын жүзеге асырудың үтымды жолдарын анықтауды талап етіп отыр. Бұл үш тілді қатар білуге арналған тіл саясатына сәйкес мемлекеттік тілдің доминанттық рөлін күшейтуге келіп саяды. [4]. Еліміздің әлемнің дамыған елу мемлекетінің қатарынан орын алуы үшін бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған жас ұрпақты қалыптастыру мәселесінде мемлекеттік тіл саясатының өзіндік үлес қосатыны айқын. Себебі, тек бәсекеге қабілетті азаматтар ғана Отанымыздың тұрақты дамуына, бәсекеге қабілеттілігіне өз үлесін қоса алады. Азаматтар көп тіл білген сайын соғұрлым мүмкіндіктері арта түсетіндігіне, әлем кеңістігіне жол ашатындығына, ғаламтор, ақпараттық технология саласын жетік меңгеретіні анық.
Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан мемлекеттік үш тілдік саясаты қоғамда кеңінен қолдау тапты. Тіл саясатының артықшылықтары мен ерекшеліктері ескеріле отырып, халықаралық Балон үрдісіне енген Қазақстан республикасының жоғарғы оқу орындарынында «Мемлекеттіктіл саясаты» өзіндік орынға ие. Мемлекеттік тіл саясатына сай, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ¥лттық Медицина университеті көп тілді (қазақ, орыс, ағылшын) білім беру үрдісін2010 жылдан бастап қолға алды. Университетте қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім беру жүйесінің пилотты стратегиясы дайындалып, студенттер ағылшын тілінде эллектив сабақтарын оқи бастады. Келесі оқу жылында көп тілді білім беру саясаты жоспары түрде жүзеге асырылып, қазіргі таңда барлық сабақтарды ағылшын тілінде оқитын арнайы топтар қүрылды. Жаңа үш тілді оқытуға арналған концептуалды бағдарламаның мақсаты мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлесе алатын ортаны қалыптастыруға бағытталады. Университетке білім іздеп келген барлық студенттер қазақ, орыс және ағылшын топтарына түсу арқылы өздері қалаған тілде білім алады. Ал оқытушылар түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқыту үрдісін қызықты, әрі үйлесімді етуді мақсат тұтады, оқыту үдісіне жаңашылдықты енгізуге бар ынта-жігерін салады. Университет басшылығы көп тілді оқыту барысында студенттерге білім беретін кадрларды дайындауды да назардан тыс қалдырмайды. Университет қабырғасында оқытушыларды арнайы оқытып, білім деңгейлерін көтеру жүмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылады. С.Ж. Асфендияров атындағы Медициналық қүқық және денсаулық сақтаудағы заңнама негіздері модулінде Университеттік «көп тілді білім беру саясатына» сай қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде білім беру қолға алынып, жоспарлы түрде жүзеге асырылады. Білім беру үрдісінде бірінші және екінші курс студенттері 80% өздері білім алатын тілінде, 20% өзге тілдерді қолдану арқылы білім беру үрдісін жан-жақты ету саясаты қолданылады. Модуль оқытушылары студенттердің бойында қүқыққа деген қызығушылықтарды қалыптастырумақсатында оқытудың келесі бағыттарды басшылыққа алады:
- нормативтік-қүқықтық актілерге сүйене отырып, қазіргі заманға лайықты қүқықтық білікті тұлғаны қалыптастыру;
- оқытуда көп тілді білім беру саясатын басшылыққа алу;
- жеке тұлғаны дамыту арқылы өзіндік «дара» тұлғаны қалыптастыру;
- ақпараттық технологияларды қолдану арқылы заман талабына сай, заман талабына сай жас ұрпақты тәрбиелеу;
- оқытудың сапасына көңіл бөле отырып, студенттерді ғылыми жумыстар жасауға баулу.
Бүгінгі ғаламдық білім беру кеңістігіне сай үш тілді білім беру, танымды, ойлауды дамыту, өзінше ғылыми тужырым жасау, олардың қажетіне қарай ғылым жетістігін сурыптауға баулу оқытушылардың қажырлы еңбегін талап ететін өзекті мәселе. Өйткені, тек жоғары білімді маман ғана қоғамның экономикалық, әлеуметтік, қуқықтық және мәдени өзгеруінің көшбасшысы ретінде, жоғарыда көрсетілген бағыттарды басшылыққа ала отырып, жүзеге асыра алады. Сондай-ақ студенттерге қуқықтық турғыдан көп тілді білім беру саясатын басшылыққа ала отырып оқу үрдісінде қолдана білу - келесі бір өзекті мәселені қурайды. Себебі қуқықтық турғыдан білім беру - өзіндік қыр-сыры бар ғылым саласын қурайды.
Университетте оқытылатын «Қуқық негіздері» пәні аясында қуқықтың он екі саласы оқытылады. Әрбір саланың өзі жеке бір қуқықтың саласы, әрқайсысының өзіндік терминологиясы мен қолданылу аясы бар. Студенттер оқу үрдісі барысында әрбір қуқық саласын қызығышылықпен талдайды. Дегенмен оларды етене түсіну қажырлы еңбек пен үлкен ізденісті талап етеді. Негізгі дерек көздері заң қужаттары, нормативтік- қуқықтық актілер мен зерттеу еңбектерін жан-жақты қарастыруды талап етеді. Дегенмен осы орайда арнайы глоссарий сөздіктері үш тілде усынылады, студенттер сабақ барысында қолданылатын тірек сөздердің үш тілде аудармасын түсіне алады. Дәріс материалдары үш тілде дайындалып, заң қужаттарымен бірге түсінідіріледі. Электронды заң порталы студенттерге үнемі усынылып, онда үш тілде кез-келген заңды таба алатындығы әрбір сабақта баса көрсетіледі. Сондай-ақ «Қуқық негіздері» пәнінде ситуациялық есептерді талдау арқылы теория жүзінде алған білімдерін тәжірибеде қолдана алады. Дегенмен үш тілді білім берудің өзіндік қиындықтары бар екендігін де ата өткен жөн. Тәуелсіз әрбір елдің қуқықтық негізі мемлекеттік тілі секілді дара қалыптасады, және қолданылу аясы негізінен алғанда Қазақстан аумағында болады. Қазақстанның турғындары негізінен қазақ және орыс
тілді халықтардан қуралғандықтан, нормативтік- қуқықтық актілердің көпшілігі қазақ тілінде жасалады, арнайы түсіндірме оқу қуралдары да аталған тілдерде шығарылады. Ағылшын тілді аударма жаңа бастама болғандықтан, кей реттерде арнайы түсіндірме қуралдары жоқтың қасы, аударма жумысымен айналысу оқытушылар мен студенттер үшін қиындық тудырады. Ал ағылшын тіліндегі әлемдік заң әдебеиттері отандық қолданысқа арналмаған, оларды тек салыстырмалы анализ жасау қуралы ретінде пайдалануға усынылады. Осы туста ағылшын тілінде қуқықтық білім беретін жоғарғы оқу орындарының бірі ретіндегі жауапты міндетті С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ улттық медициналық университеті қолға алғандығын ерекше атап өткен жөн.
Медициналық қуқық және денсаулық сақтаудағы заңнама негіздері модулінде оқытуды белсенділендіру мен көп тілді білім беру саясаттын насихаттау мақсатында -білім берудің арнайы жолдарықарастырылып, студенттердің шығармашылық ойлауына, ізденуіне мүмкіндік жасалады, оларды қызықтыра алу, оқуды ғылыми негізде уйымдастыру жумыстары жүргізіледі. Ғылыми жумыстар мен тәрбие жумыстарын жүзеге асыруда университеттің көп тілді саясат басшылыққа алынады. Сондай жумыстардың бірі модулде жүргізілген «Студенттер - жемқорлыққа қарсы» атты студен аралық конференция, қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде жүзеге асырылды. Студенттер үш тілде өздерінің ғылыми және шығармашылық жумыстарын усынып, өздерінің үш тілді жетік меңгергендігін тағы да бір дәлелдеді.
Қорыта келгенде, Медициналық қуқық және денсаулық сақтаудағы заңнама негіздері модуліндегі тілдер саясатындағы басты бағыт - тілдердің үштуғырлылығы. Оқыту үрдісінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгертуді көздеп отыр. Көпултты мемлекет үшін бул қалыпты жағдай. Тілдердің бірлік пен үйлесімде өмір сүруі және бір- бірін ығыстырмауы тілдер гармониясын қурып, татулықта өмір сүруі үшін өзіндік үлес қосу.
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ
- Конституция Республики Казахстан от 30 августа 1995 г. // http://adilet.zan.kz/rus/docs/K930001000_
- «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы // http://www.akorda.kz/kz/page/kazakstan-respublikasynyn-prezidenti-n-a-nazarbaevtyn-kazakstan- khalkyna-zholdauy-28-01-2011zh_1341123781
- Қазақстан Республикасында тілдерді дамтыу мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1100000110
- Жалпы білім беру уйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 Буйрығы // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1300008424