Қарағанды университетiнiң хабаршысы

Қазіргі таңда саяси-құқықтық үрдісте мемлекеттік билік институттарын реформалауда саяси- құқықтық тəртіптің ұлттық дағдысына сай негіздерін қарастырмайды. Мемлекеттік билікті концепциялауда Қазақстан заң ғылымы мен саяси ғылымы ұлттық дəстүрді менсінбей,  көбінесе батыс елдерінде бұрын жүргізілген реформаларға негізделіп, жалпы əмбебаптық  өркениеттік модельге келістіру, басқаша айтқанда, мемлекеттік-құқықтық институттардың тарихи дамуын қарастырмай жəне ұлттық ерекшелігін ескермей, оларды түсініксіз, қазіргі мемлекет типіне сай емес, өзіндік айрықшылығы бар жəне заманға сай біркелкі сəйкестендірілген схемаға келмейді деп бастартатын болды. Кез келген саяси-құқықтық билік қандайда мəдени өркениеттік кеңістікте өз ерекшелігімен тəнті етеді: олардың өзара жақындасуы (араласуы) ұлттың дəстүрлі тіршілік болмысын, əлеуметтік көзқарасын жəне мəнді саяси-құқықтық жүріс-тұрысы моделін жаңадан пайымдаумен түсіндіріледі. Демек, ұлттық саяси жəне құқықтық аясын институционалды қайта құру тұрғысынан қарауды талап етеді.
2009

Мұсылман ғалымдары — муджтахидтер мұсылман құқығының қалыптасуында маңызды ролге ие. Муджтахидтер негізінен саудамен айналысып, мемлекеттік қызметте болмаған. Сол себептен мұсылман құқығы «төменнен» тəжірибеден емес, «жоғарыдан» доктринадан пайда болған деген пікір қалыптасқан. Мемлекеттің қызметі тек тиісті мазхаб бойынша мұсылман құқығының нормаларын санкциялаумен ғана шектелген. Мұсылман соттары (қади) істерді қарау кезінде Құран мен сүннеттің нормаларын тиісті мазхабтың негізін салушылардың жəне олардың ізбасарларының еңбектеріне сəйкес қолданды. X ғасырда иджтихадтың дамуы нəтижесінде мұсылман құқығының негізгі қайнар көзі   болып  доктрина   табылды.
2009

Шəкəрім Құдайбердіұлы — қазақтың ұлы данышпан ойшылы. Қазақ философиясында ар, ұят, ынсап, қайғы мəселелерін философиялық логикада тұңғыш рет қарастырған ойшыл. Өз философия- сында ақыл-ой, ұждан мəселелерін анықтаған. Ұждан дегеніміз — ынсап, мейірім, əділет. Бұл екі өміргеде керек іс. Жанға азық болатын құндылық. Ақыл-ойдың жиырма сегіз түрін көрсеткен. Соның ішінде сау ақыл деп соған ерекше тоқталған философ. Адамды басқа тірі жандылардан өзгешеленді- ретін оның ақыл-ойы емес пе, Шəкəрім өз философиясында дүниені танушы, адамды адамдық негізге жетелейтін, ең негізгі қасиеті ретінде ақыл-ойды қарастырған. Оның дүниетанымы көбіне мораль философиясына жақын. Шəкəрімнің дүниетанымы көбіне мо- раль философиясы мен ар ілімін қамтиды. Шəкəрім дүниетанымында тəңір, нұр, күн, табиғат — қасиетті, киелі ұғымдар.
2009

Идеологияға адамдар, институттар, партиялар, қауымдастықтар арасындағы институционалдық қатынастардың маңыздылығын көрсету жəне де нақты қоғамдық-тарихи жағдайлардағы қандай да бір саяси шындықтарды түсіндіру, негіздеу, ақтау немесе қабылдамау міндеті жүктелген. Оның маңызды қызметі қандай да бір қауымдастықты немесе топты өзге қауымдастықтар мен топтардан ажыратуда жатады. Германдық зерттеуші О.Ламберг айтқандай, бұл қызметтің қорғаныштық əрекеті тиісті топ мүшелерінің қорғаныс, қорқыныш, агрессияшылдық инстинктілерін тудыратын басқа қоршаған орта өшпенді күш ретінде көріну жағдайында орын алады. Əрбір идеологиялық құрылыс өзінде антиподы, немесе қарсыласы, туралы толық мəлеметті иеленеді. Жəне де топтың бірігушілік дəрежесі көбіне қарсыластың бейнесіне байланысты [1].
2009

Қазақстан Республикасы өз тəуелсіздігіне ие болғанына көп уақыт болған жоқ. Дегенмен, осы қысқа мерзімді тарихи тұрғыдан алып қарағанда, елімізде болып жатқан түбегейлі өзгерістердің нəтижелері бəрімізге толық көрінеді деп айтуға болады. Қазақ халқының сан ғасырлық тарихи жəне көп азап көрген тағдырында бірінші рет біздің атабабаларымыздың ғасырлар бойы армандаған ұлы мақсаты жүзеге асқан сияқты. Əлем картасында Қазақстан атты тəуелсіз мемлекет пайда болды. Мемлекеттіліктің барлық саяси институттары құрылып, экономика нарықтық жолға түсті. Осы жолда біз еркін демократиялық қоғамды дамытудың жедел бағытын жария ете отырып, тəуелсіз Отанымызда батыстық өркениеттің жемісі болып табылатын құқықтық мемлекетті қалыптастыру қажеттілігі туралы сөз етпекпіз.
2009

Адамның рухани дүниесі өте күрделі де əр түрлі. Олардың қатынастарының ішінен тікелей дүниетанымдықты құрастыру қатынасы бар. Дүниетанымның мазмұндық байлығын біз дүниеге қатынастықта байқап білеміз. Осындай сан алуан мазмұндық көзқарас жағынан қарастырсақ, олар рационалды жəне иррационалды көзқарастар болып екіге бөлінеді. Рационалды жəне иррационалды көзқарастар философиялық категорияға жатқандықтан, бұл феноменологияларды философиялық тұрғыда қарастырамыз. Философиялық ілім, қандай бір дүниетанымдық көзқарас болмасын, оның өзегін, «ядросын», құрастырады. Рационалды (лат. ақыл) деп бір жүйеге келтірілген, логикалық заңға бағынатын, теориялық деңгейде құрастырылатын ілімдік көзқарасты айтамыз. Рационалды көзқарас дами келе рационализмдік- ілімдік көзқарасқа айналады. Рационализм ақылға, парасатқа, парасаттылық бейімділіктің ақиқаттылығына, дəлелдік күшіне сенуді білдіреді.
2009

Бүгінгі күнде Қазақстанның тарих ғылымының алдында, бұрын қалыптасқан идеялық- теориялық, методологиялық негіздердің өзгеруіне орай, тарихи зерттеулердің мазмұнын жаңарту міндеті тұр. Тарихшылар отандық тарихтың көптеген мəселелерін қайта қарап, жаңаша түсіндіруге ұмтылуда. Аталған міндеттің нəтижелі түрде іске асуы, əр түрлі деректерді кең түрде пайдалану жұмыстарына да тікелей тəуелді. Оның əсіресе ХІХ ғасырдан осы заманға дейінгі Қазақстанның тарихына қатысы бар. Осы дəуірлерде деректердің үлкен қоры қалыптасты. Солардың ішінде сандық мəліметтер ерекше орын алады. Бұл деректер аса үлкен көлемділігімен сипатталғандықтан, оларды бірден зерттеу жұмыстарына пайдалану мүмкін емес. Сонымен бірге сандық мəліметтердің қаншалықты объективті ақпарат бере алатындығын анықтау маңызды. Осыған байланысты, олардың өзін ең алдымен жүйелеу, өңдеу, талдау қажеттіліктері туындайды. Аталған қажеттіліктер, өз кезегінде сандық мəліметтерді тарихи зерттеу жұмыстарына пайдаланудың əдіс-тəсілдерін терең тану жəне үнемі жан-жақты жетілдіріп отыруды талап етеді.
2009

Мақалада Қарағанды қаласында өткен желтоқсан толқуының барысы, толқу аяқталғаннан кейінгі жазалау шараларының жүргізілуі, сол уақыттағы қоғамдағы жалпы ахуал қарастырылды. Қарағанды қаласында өткен толқуға қатысушылардың жай-күйі айтылды. Жазалау шаралары мен жазаланғандар тізімі қарастырылып, сұхбат негізінде сол уақыттағы кеңестік биліктің қуғындау əрекеттерінің ХХ ғасырдың соңындағы бейнесі зерттелді. Толқудан зардап шеккендердің сұхбат негізінде алынған естелік-əңгімелері айналымға енгізілді. 
2016

Жаппай саяси репрессиялар кезеңінің объективтілік мазмұны жеке адамдардың тағдырларын жіті қарастырмай толық бола алмайды. Автор деректемелік негізде жаппай жəне кең ауқымды жазалау шараларының басталуына белгі ретінде БК(б)П ОК-нің 1937 жылдың 2 шілдесіндегі шешімі мен осыдан кейінгі, шұғыл түрдегі Ішкі істер Халкомы Н.Ежовтың қолы қойылған № 00447 бұйрықты айта отырып, бұл арқылы 268950 адамды репрессияға ұшыратып, оның 75950-ін ату жазасына кесу көзделінгендігін, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша бірінші категориямен 150 адам ең жоғарғы жазаға кесіліп, екінші категориядағылардың саны 300 адам болып белгіленсе, солардың ішінде 30 қарағандылықтардың да болғандығын нақты көрсетті.
2016

Биыл өзінің ширек ғасырлық табысты белесін атап отырған тəуелсіз Қазақстанның жас мемлекетінің қалыптасу, өсіп, өркендеу жолындағы қарышты қадамы, ауқымды істері, толымды табыстары қоғамдық-саяси ортаны да, ғылыми ортаны да қызықтыруда. Мақалада қазақ мемлекетінің 25 жылдық белестеріне шолу жасалып, жеткен жетістіктері айтылған. 25 жылдық тарихи кезеңде жас қазақ мемлекеті өзінің мемлекеттік шекарасын бекемдеді, көрші елдермен оны ратификациялау өзара түсіністік негізінде жүргізілді. Тəуелсіздіктің бастапқы кезеңінен бастап-ақ Қазақстан өзінің жаңа, демократиялық принциптерге негізделген мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастырды.
2016

Ғасырлар тоғысындағы тəуелсіз Қазақстанның экономикалық дамуында ерекше орын алатын нарықтық қатынастар өзінің бастауын ХІХ ғасырдың екінші жартысынан алатыны тарихтан белгілі. Орталық Қазақстанның қазақ қоғамының дəстүрлі экономикасының нарықтық қатынастарға қарай бейімделуін тарих ғылымдарының кандидаты Б.Т.Төлеуованың біршама зерттегені əрі осы тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғағаны [1] қарағандылық тарихшылар қауымына жақсы таныс. ХІХ ғасырдағы Орталық Қазақстанның жергілікті тұрғындарының нарықтық қатынастарға қарай бейімделуінің себебі қоғамдық еңбек бөлінісінің жүйесі, тауар-ақша айналымы жəне саудамен қатар осы үш процестің бір жерге шоғырлануына негіз болған жəрмеңкелердің пайда болуында. Сондай жəрмеңкелердің бірі — Қоянды.
2009

Бəйсейіт Қырбасұлы — Шет өңірін жайлаған бесата елінің ішіндегі ең ірі тарихи тұлғалардың бірі. Оның өмірі мен тұлғалық мінез-құлқы жайлы аңыз əңгімелерді ел ішінен ұзақ жылдар бойы тірнектеп жинап, зерттеп, жарыққа шығарған өлкетанушы, шежіреші Төрехан Майбас [1; 66–83] жəне өлкетанушы-жазушы Кəмел Жүністегі [2; 144–149]. Осы жиналған мұрадағы ең басты ерекшелік — оның жан-жақтылығында. Тұлғаға тəн бай мінез аңызда сан қырынан көрініс тапқан. Дегенмен, ел санасында уақыт сүзгісіне түсіп, екшеліп, өмірде бағдарлық қызметін атқаратын құндылық қалпына ие болған аңызда тарихи оқиғалардың желісі, жасалған нақты іс-əрекет пен қалыптасқан қарым-қатынас көмескі тартып, жадыдан тыс қалады. Зерттеу барысында аңыздағы көмескіленгенді мұрағат құжатында баяндалған деректер арқылы нақтылай түсу — тұлғаның ел санасында қалыптасқан бейнесін өзгертуге бағытталмайды. Ол мүмкін де емес. Халық айтса — қалып айтпайды. Бұл бұлжымас қағида. Бұған ешкім күмəн келтіре алмайды.
2009

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.