Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тарихи зерттеулерде сандық талдау əдістерін қолдану принциптерінің маңыздылығы

Бүгінгі күнде Қазақстанның тарих ғылымының алдында, бұрын қалыптасқан идеялық- теориялық, методологиялық негіздердің өзгеруіне орай, тарихи зерттеулердің мазмұнын жаңарту міндеті тұр. Тарихшылар отандық тарихтың көптеген мəселелерін қайта қарап, жаңаша түсіндіруге ұмтылуда. Аталған міндеттің нəтижелі түрде іске асуы, əр түрлі деректерді кең түрде пайдалану жұмыстарына да тікелей тəуелді. Оның əсіресе ХІХ ғасырдан осы заманға дейінгі Қазақстанның тарихына қатысы бар. Осы дəуірлерде деректердің үлкен қоры қалыптасты. Солардың ішінде сандық мəліметтер ерекше орын алады. Бұл деректер аса үлкен көлемділігімен сипатталғандықтан, оларды бірден зерттеу жұмыстарына пайдалану мүмкін емес. Сонымен бірге сандық мəліметтердің қаншалықты объективті ақпарат бере алатындығын анықтау маңызды. Осыған байланысты, олардың өзін ең алдымен жүйелеу, өңдеу, талдау қажеттіліктері туындайды. Аталған қажеттіліктер, өз кезегінде сандық мəліметтерді тарихи зерттеу жұмыстарына пайдаланудың əдіс-тəсілдерін терең тану жəне үнемі жан-жақты жетілдіріп отыруды талап етеді.

Сандық мəліметтермен жұмыс жасағанда сандық талдау əдістерін қолданудың маңызы зор. Сандық көрсеткіштерге талдау жасамай тұрып, оларды сол қалпында зерттеу жұмысына пайдалану, қате түсініктерге жол беруі мүмкін. Ал, сандық əдістер деректерді неғұрлым кең түрде қамтып, жүйелеу жəне өңдеу негізінде, олардың ақпараттық деңгейін барынша жоғарылатады. Бастапқы мəліметтер бере алмайтын ақпаратты сандық талдау нəтижелері арқылы ғана алуға болады. Осы əдістер кеңестік жəне шет ел тарихшыларының тарапынан қолдау тапты. Бүгінде шет елдерде тарихи зерттеулерде сандық əдістерін қолдану жəне тарихи информатика мəселелерімен  арнайы айналысатын ғылыми-зерттеу орталықтары бар. Отандық тарих ғылымы үшін де аталмыш бағытты дамыту маңызды əрі өзекті. Қазақстан тарихының əр түрлі мəселелері бойынша сандық мəліметтер базасын жасау, олардың ақпараттылығын анықтау, сандық əдістердің тиімділігін көрсету, талдау нəтижелеріне түсініктеме беру жолдарын іздестіру сияқты жұмыстарды кеңейту, ғылым деңгейін одан əрі сөзсіз жоғарылатады.

Қазіргі кезде ғылыми салада интеграциялық үрдістер байқалуда. Тарих ғылымында аталмыш үрдіс тарихи-экономикалық, тарихи-əлеуметтік жəне т.б. пəнаралық, кешенді зерттеулермен сипатталады. Соған байланысты тарих ғылымына аралас пəндерден келетін əр түрлі ақпараттардың үлкен ағымы жыл сайын ұлғаюда. Олардың маңызды бөлігін сандық мəліметтер құрайды. Себебі бүгінгі қоғамның кез келген саласын статистикасыз елестету мүмкін емес. Осы жағдай болашақта тарихшылардың алдында сандық мəліметтерді сапалы талдап, оларға объективті түсінік бере білу талабын туындатады.

Сандық талдау əдістерін қолдану тарихи зерттеулерде компьютерлік технологияларды кеңінен пайдалануға жол ашады. Үлкен көлемдегі сандық мəліметтерді талдау — күрделі де қиын жəне ұзақ уақытты қажет ететін жұмыс. Сондықтан бұл жерде компьютерлік бағдарламаларды пайдалану маңызды. Бүгінде компьютер ақпараттарды өңдеудің ең негізгі құралына айналды. Ол зерттеушінің деректерді жинау, өңдеу, жүйелеу жұмыстарын оңайлатып, зерттеудің жылдам жүруін қамтамасыз етеді. Соған байланысты тарихшылар үшін, көптеген компьютерлік бағдарламалардың ең тиімділерін таңдау, олардың барлық мүмкіндіктерін пайдалана білу тəжірибесін қалыптастыру аса қажет.   Ондай тəжірибенің негізінде тарих ғылымының белгілі бір мəселелері бойынша арнайы бағдарламалар жасауға болатындығын шет елдік тарихшылар өткен ғасырда дəлелдеді. Сол себепті отандық тарихшылардың алдында тарихи зерттеулерде компьютерлік технологияларды пайдалану жолдарын жетілдіру міндеті тұр. Осы міндеттің іске асырылуы, деректанулық талдаудың əдістерін жетілдірумен қатар, Қазақстанның тарих ғылымының халықаралық деңгейде жаңа қырынан танылуына жол ашады. Жалпы, сандық талдау дегеніміз — зерттелініп отырған құбылыстар мен үрдістердің сандық сипатының жүйесін айқындау мен қалыптастыру, жəне оларды белгілі бір математикалық өңдеуге түсіріп,  сол  арқылы  тиісті  сапаның  сандық  өлшемін  ашып  көрсетуге  мүмкіндік  беретін,      мəн- мағыналық талдаудың негізін жасау [1; 330].

Дегенмен, тарихи зерттеулерде сандық əдістерін қолдану тек қана сандық мəліметтерді есептеумен ғана шектелмейді. Оларды қолданудың тарих ғылымында бірқатар принциптері қалыптасқан. Осы принциптердің маңыздылығын 1928–1941 жылдардағы Қазақстандағы мəдени құрылыстың дамуына байланысты сандық мəліметтерге баға беру барысында қарастыруға болады. Енді, солардың негізгілеріне тоқталамыз. Танымдық көзқарас тұрғысынан алып қарағанда, сандық мəліметтерді өңдеу мен талдаудан жаңа ақпараттар алынып жатса ғана, сандық əдістерді қолданудың қажеттілігі болады [2; 62]. Ал егер онсыз да белгілі құбылыстарды математикалық қалыпқа келтіруге талпыну, бұрыннан айқындалған оқиғаларға сандық талдау жасау — негізсіз. Бұдан зерттеуші тек өзінің уақытын ғана жоғалтады. Мысалы, 1-кестедегі Қазақстандағы театрлар санының өсу динамикасын қарастырайық.

 1928, 1932–1940 жж. Қазақстандағы театрлардың өсу динамикасы     

Ондағы көрсеткіштерге сандық талдау əдістерін қолданудың аса қажеттілігі жоқ. Республикадағы театрлар санының 1933–1934 жылдардан бастап өскендігі басқа деректерде де айтылған. Сондықтан ол көрсеткіштерді сипаттау барысында жай сандық дəлел ретінде келтірудің өзі жеткілікті.

Сандық талдау барысында объективті нəтижеге қол жеткізу үшін əдіс түрін дұрыс таңдау да аса маңызды [2; 62–64]. Сандық əдістермен жұмыс жасағанда ескеретін басты принциптердің бірі — белгілі бір міндетті шешуде ең тиімді əдістерді таңдау. Ол үшін зерттеуші əдістердің логикалық мəнін анық түсінуі қажет. Сонымен бірге зерттеліп отырған құбылыстар мен үрдістердің де мəнін терең түсінгенде ғана дұрыс нəтижеге қол жеткізуге болады [3]. Мысалы, Қазақстандағы жалпы білім беру жүйесінің бесжылдық кезеңдерде мектептермен қаншалықты деңгейде қамтамасыз етілгендігін (2-кесте) талдау барысында орташа көрсеткіштерді қолдану тиімсіз. Себебі талдау жүргізілетін динамикалық қатарлар сəттік қатарлар болып табылады.

Ал, ол қатарлардың бір көрсеткішінің құрамында алдыңғы көрсеткіштің  тұтастай енетіндігі, яғни көрсеткіштердің бір-біріне тəуелді екендігі, белгілі. Егер Қазақстандағы мектептер санының І-ші (1927/28–1931/32) жəне ІІ-ші (1932/33 — 1936/37) кезеңдеріндегі орташа санын есептесек, мынадай нəтиже аламыз: І-кезеңде мектептердің орташа көрсеткіші — 5342; ІІ-кезеңде 7296,8 мектепке тең. Сонда мектеп санының ІІ-кезеңде жоғары көрсеткіштерге жеткендігін көреміз. Дегенмен, осы нəтижелердің негізінде қорытындылар жасау бірқатар қателіктер тудыруы мүмкін. Өйткені ІІ- кезеңнің көрсеткіштерінде І-кезеңнің де үлесі бар. Сондықтан есептелген орташа көрсеткіштер қойылған міндетті шешуде тиімсіз. Одан басқа əдістерді қолдану қажеттілігі туындайды. Солардың бірі орташа абсолюттік өсім болып табылады. Орташа абсолюттік өсім қарастырылып отырған екі кезеңдегі мектептер санының даму жылдамдығын анықтайды. Олар, орташа көрсеткіштер сияқты емес, бір-бірінен тəуелсіз. Есептеу нəтижесі І-кезеңде мектептердің жыл сайын орта есеппен 781-ге өскенін, ал ІІ-кезеңде ол көрсеткіштің 215-ке тең болғандығын көрсетеді. Бұдан  шығатын қорытынды:  І-кезеңге  қарағанда, ІІ-кезеңде  мектептерді  ұйымдастыру жұмыстары баяулаған.   Осы келтірілген мысалдан сандық мəліметтерге талдау жасауда, əдістерді дұрыс таңдаудың қаншалықты маңызды екендігін аңғаруға болады.

 1927/28 — 1940/41 жж. Қазақстан мектептері

Сандық əдістерін қолдану барысында үнемі ескеретін басты принциптердің бірі сандық талдау нəтижелеріне дұрыс түсініктеме беру болып табылады [2; 65–66]. Бұл тарихи құбылыстар мен үрдістерді объективті тұрғыдан бағалауда аса маңызды. Ондағы басты талап — сандық көрсеткіштерді тарихи мазмұндық деңгейге аударудағы нақтылықпен жəне тарихи талдаудың сапалық, мəн-мағыналық деңгейімен анықталады. Бұл жерде сандық талдау əдістерінің қойылған сұрақтарға қаншалықты жауап бергендігін анық белгілеу аса қажет. Өйткені сандық əдістердің нəтижелері нақты болғандықтан, олар барлық қойылған мəселелерді толығымен шеше алады деп түсіну қате пікір.

Сандық əдістер де, басқа да зерттеу əдістері сияқты, құбылыстар мен үрдістердің мəнін толық, жан-жақты түсіндіре алмауы мүмкін. Мысалы, 1928/29 — 1932/33 жылдарға арналған бірінші бесжылдыққа байланысты жарық көрген сандық мəліметтерде Қазақстандағы мəдени құрылысқа бөлінетін қаржы көлемінің жыл сайын артып отырғандығы ерекше көрсетілді. 1927/28 — 1932 жылдар аралығында аталмыш шараларға жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржы көлемі  5,4 есеге дейін өсті [4; 161]. Осы есептеу нəтижесінің негізінде сол жылдардағы мəдени құрылысты қаржыландырудың жоғары қарқынмен дамығандығы жөнінде қорытынды жасауға болады. Бірақ бюджеттегі əр түрлі мəдени салалардың үлесін жеке есептеп қарастырғанда, басқаша пікір туындайды. Мəдени саланы қаржыландыруда ең алдымен білім беру мен кадрлар даярлау шараларына ерекше қолдау көрсету көзделді. 1932 жылғы мəдени шараларға бөлінген жергілікті бюджет көлемінің 56,8 пайызы жалпы білім беру мекемелеріне, 24,1 пайызы кадр даярлауға арналды. Ал, мектепке дейінгі тəрбие, балалар үйі, мəдени-ағарту мекемелері, өнер жəне т.б. маңызды салалардың үлесіне бюджеттің 19,1 пайызы ғана тиді [4]. Сонда бюджет көлемінің жыл сайын өскеніне қарамастан, мəдениет саласының барлық құрылымдары жеткілікті түрде қаржыландырылмады.

Сонымен қатар осы уақыттағы бюджеттегі жалпы білім беру мекемелеріне бөлінетін қаржының басым болғандығына қарап, бірден білім беруді қаржыландыру деңгейіне оң баға беру  де қателіктерге апарады. Өйткені білім беру жүйесіне бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын артқанымен, мектептердің материалдық жағдайы төмен деңгейде қалды. Оның себебін табу үшін, мысалы, 3- кестеде көрсетілген бастауыш білім беру мекемелерінің бюджетін тереңірек қарастыруға болады. Ол үшін мектептердің бюджетінің шығыс бөліктерінің арақатынасын есептейміз.

1927/28 — 1930/31 жж. Қазақстанның бастауыш мектептерінің бюджеттік көрсеткіштері 

3-кестедегі көрсеткіштерді салыстыру нəтижесінде бюджет көлемінің басым бөлігінің тікелей оқытушылардың еңбекақысының есебінен құралғандығын көреміз. Ал оқу-шаруашылық шығындарға бөлінетін қаржы мөлшері айтарлықтай болмады немесе бұрынғы норма бойынша қалды.

Жоғарыдағы мəдени құрылысқа бөлінген бюджет көрсеткіштеріне талдау жасау барысында жалпылама көрсеткіштерді есептеумен ғана шектелудің бірқатар қате пікір тудыратындығын байқаймыз. Сондықтан жалпылама көрсеткіштерді жекелеген сандармен  тексеру неғұрлым объективті ақпарат береді.

Кейбір жағдайларда сандық мəліметтерді салыстырмалы түрде пайдалану, түсіндіру қажеттілігі туындайды. Мысалы, 20-жылдардың соңы — 40-жылдардың басындағы Қазақстандағы киноқондыр- ғылардың саны қалаға қарағанда, ауыл-селода жоғары болғандығын көрсетеді (4-кесте).

 1928–1940 жж. Қазақстандағы киноқондырғылар 

 Бірақ ауыл-селоны киноландырудағы көрсеткіштердің қалаға қарағанда жоғары болуынан, қаладағы киноландырудың деңгейі төмен деген пікір туындамауы қажет. Бұл жағдайда, сандық мəліметтерден басқа, олардың сапалық сипатын ашатын факторларға назар аудару маңызды. Əсіресе территория, қала мен ауыл-селодағы халықтың тығыздығы, жол байланысы жəне т.б. ерекшеліктер ескерілуі қажет. Халқы тығыз əрі жинақы орналасқан қаланы киноландыру оңай болды. Қалалы жер- лерде   көбінесе   тұрақты   киноқондырғылар   орнатылды.   Ал,   ауылдық-селолық   елді     мекендер шашыраңқы орналасты жəне ондағы адам санының, əсіресе ауылдарда өте аз болғандығы белгілі. Сондықтан осындай ұсақ елді мекендер үшін тұрақтыға қарағанда, жылжымалы киноқондырғылардың тиімділігі жоғары болды. Мысалы, 1932 жылы ауыл-селодағы қондырғылардың түгелге жуығы жылжымалы болса, 1937 жылы олардың үлес салмағы — 66 %, 1940 жылы 61 % көрсетті [5, 6]. Тұрақтылармен салыстырғанда, жылжымалы киноқондырғылардың бай- ланыс жолдарының нашарлығы жəне ыңғайлы көліктердің жоқтығынан, жиі істен шығатыны белгілі. Сөйтіп, жыл сайын киноқондырғылардың саны өскенімен, олардың біразы жұмыс жасамады. Мыса- лы, Шығыс Қазақстан облысындағы 120 киноқондырғылардың 74-і жарамсыз болған [7]. Сондықтан қаладағы киноқондырғылардың өсімі төмен болса да, ондағы киноландыру сапасы жоғары тұрды де- ген қорытынды жасаймыз.

Сандық талдау нəтижелеріне түсініктеме беру барысында теріс нəтижелерге оң баға беру жағдайлары да кездеседі. Оны, мысалы, Қазақстанның қалалары мен ауыл-селоларындағы кітапханалардың кітаппен қамтамасыз етілу деңгейін қарастыру барысында көре аламыз (5-кесте).

 1928 — 1940 жж. Қазақстан кітапханалары

 30-жылдардың соңына қарай кітапханалар саны қалада да, ауыл-селода да жоғары қарқынмен өсті. Аталмыш жылдарда кітапханалардағы кітап саны да артты. Бірақ нəтиже əр жерде əр түрлі бол- ды, қаладағы 1 кітапханада орта есеппен 4300 кітап болса, ауыл-селода ол көрсеткіш 783 кітапты құрады. Сөйтіп, ауыл-село кітапханаларындағы кітап санының 1938–1940 жылдары үздіксіз өскеніне қарамастан, ондағы кітап қорының көлемі 1933–1937 жылдардағы көрсеткішті (854 кітап) де сақтап қала алмады.

Осы көрсеткіштердің негізінде ауыл-село кітапханаларының кітаппен қамтамасыз етілуінің қанағаттанарлықсыз жүргізілгендігі жөнінде қорытынды жасауға болады. Дегенмен, бұл жерде басқа да жағдайларды есепке алу маңызды. Өйткені ауыл-селоны кітаппен қамтамасыз етудің баяулауы, бір жағынан, бөлінген кітапты орынды пайдалануға жол ашуы мүмкін деген пікірді тудырады. Себебі алғашқы екі бесжылдық кезінде Қазақстан кітапханалары кітаппен белгілі бір деңгейде жақсы қамтамасыз етілді. Алайда арнайы кең ғимараттардың болмауы салдарынан, көп жағдайда бөлінген кітаптарға орын табылмай, олардың оқырман үшін пайдасы шамалы болды. Бөлінген кітаптарды астық қоймаларында сақтау оқиғалары да кездесті. 30-жылдардың соңы — 40-жылдардың басында да барлық кітапханалардың ғимаратпен қамтамасыз етіліп кетпегендігі анық. Сондықтан ауыл-село кітапханаларындағы кітап санының біршама азаюына оң баға беруге болады.

Сол сияқты қала кітапханаларын кітаппен қамтамасыз ету көрсеткіштерінің жоғары қарқын ала бастауын жетістік ретінде қабылдауға болады. Бірақ ғимарат мəселесін шешпей тұрып, кітап санын орынсыз көбейту əрекетін жетістік емес, ұйымдастыру ісіндегі айтарлықтай қателік деп бағалау орынды. Мысалы, 1937 жылы астанадағы кітапхана санына байланысты, сол кездегі Оқу-ағарту Халық Комиссариатының комиссары Т.Жүргенов ғимараттың тарлығынан, жыл сайын 70–75   мыңға жуық кітапқа дейін өсіп отыратын кітап қорларын сақтау үлкен қиыншылықтардың тудыратындығын мəлімдеді [8]. Бұл жағдай сол жылдардағы кітапханалардың материалдық базасын жасауда бірқатар сəйкессіздіктерге жол берілгендігін білдіреді. Осы мысал да сандық талдау нəтижелеріне сол қалпында түсініктеме берудің үнемі дұрыс бола бермейтіндігін дəлелдейді.

Алайда, сандық əдістердің тарих ғылымындағы орнын толығымен жоққа шығаруға болмайды. Осы жерде мынадай мəселені ескеру маңызды: сандық əдістерінің сипаттау əдістерімен салыстырғандағы басты артықшылығы — сандық талдау қарастырылып отырған үрдістердің абсолюттік жəне салыстырмалы өлшемдерін белгілеуге мүмкіндік береді. Дегенмен, бұл сандық əдістерінің сипаттау əдістерінен жоғары тұратындығын немесе олардың бір-біріне қарама-қайшы екендігін білдірмейді. Себебі сипаттау əдісінің де нақтылық, бейнелілік сияқты артықшылықтары бар. Сондықтан да зерттеу барысында аталған əдістердің маңыздылығы бірдей. И.Д.Ковальченконың пікірінше, осы екі əдіс бір-бірімен үйлесім тапқанда ғана, ғылыми зерттеуде үлкен табыстарға жетуге болады [2; 22]. Сол себепті зерттеуде сандық мəліметтермен қатар, басқа да деректерді бірдей қамту арқылы талдау неғұрлым тиімді болып саналады.

Сонымен, қорытындылай келгенде:

  • сандық талдау арқылы бұрын белгісіз болып келген жаңа ақпараттар алынғанда ғана, сандық əдістерін қолдану маңызды;
  • зерттеу барысында сандық əдістерді дұрыс таңдай білу, талдау нəтижелерінің объективтілігіне тікелей əсер етеді;
  • зерттеуде сандық талдау нəтижелеріне түсініктеме беру — жауапты əрі күрделі жұмыс. Ол ең алдымен, талдау барысында қол жеткізілген сандық көрсеткіштердің тарихи-мазмұндық мағынасын ашумен сипатталады;
  • сандық əдістерін қолданбас бұрын, зерттелінетін құбылыстар мен үрдістерді теориялық- əдістемелік жəне нақты-тарихи тұрғыдан неғұрлым тереңірек тану басты міндет болып санала- ды. Осы міндет орындалған жағдайда ғана сандық талдау нəтижелеріне объективті түсініктеме беру мүмкіндігі туындайды;
  • талдау нəтижелерінің ақпараттылығын арттыру үшін оларды басқа да деректермен ұштастыру аса қажет.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Ковальченко И.Д. Методы исторического исследования. — М.: Наука, 2003. — С.
  2. Источниковедение новейшей истории России: теория, методология и практика / Под. общ. ред. А.К.Соколова. — М.: Российская полит. энцикл., 2004. — 744 с.
  3. Коломейцев В.Ф. Методология истории. (От источника к исследованию). — М.: Российская полит. энцикл., —С. 106.
  4. Казахстан — союзная республика: Стат. сб. — Алма-Ата, 1937. — С.
  5. Народное хозяйство Казахстана за 60 лет: Стат. сб. — Алма-Ата: Казахстан, 1980.
  6. Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты (ҚР ОММ). — 698-қ. — Центральное статистическое управление при Совете Министров КССР (1938–1969 гг.). — 8-т. — 562-іс. — 75–78-б.
  7. Нұрпейісұлы С. Ауыл мен деревнядағы көпшілік-саясат жəне мəдениет жұмысы // Лениншіл жас. — 1935. — 12 сəуір. — 3-б.
  8. ҚР ОММ. — 30-қ. — Совет Народных Комиссаров КАССР (СНК) (1920–1936 гг.). — 5-тіз. — 834-іс. — 40-п.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.