Ғасырлар тоғысындағы тəуелсіз Қазақстанның экономикалық дамуында ерекше орын алатын на рықтық қатынастар өзінің бастауын ХІХ ғасырдың екінші жартысынан алатыны тарихтан белгілі. Ор талық Қазақстанның қазақ қоғамының дəстүрлі экономикасының нарықтық қатынастарға қарай бейімделуін тарих ғылымдарының кандидаты Б.Т.Төлеуованың біршама зерттегені əрі осы тақырып та кандидаттық диссертациясын қорғағаны [1] қарағандылық тарихшылар қауымына жақсы таныс. ХІХ ғасырдағы Орталық Қазақстанның жергілікті тұрғындарының нарықтық қатынастарға қарай бейімделуінің себебі қоғамдық еңбек бөлінісінің жүйесі, тауарақша айналымы жəне саудамен қатар осы үш процестің бір жерге шоғырлануына негіз болған жəрмеңкелердің пайда болуында. Сондай жəрмеңкелердің бірі — Қоянды.
ҚояндыБотов жəрмеңкесі Орталық Қазақстанда ең ірі сауда орталығы болып саналды. Жəрмең ке Қарқаралы уезінің экономикасын нығайтуда, ақшалытауарлы қатынастарды ұлғайтуда маңызы зор болды. Оның тарихы орыс көпесі В.Ботовтың есімімен тікелей байланысты.
Тюмень қаласының оңтүстігіндегі Ялутаровка мекенінің көпесі В.Ботов ХІХ ғасырдың 40шы жылының басында тұрмысқа қажетті тауарларын өткізу үшін Қызылжар қаласына келіп, өзінің алып сатарлық кəсібімен айналысады. Бірақ бұл қалада негізгі мақсаты ойдағыдай жүзеге аспағандықтан, ол Қызылжар–Қарқаралы жолының бойындағы қазақ ауылдарын аралап, қолындағы тауарларын мал жəне мал өнімдері тері, жүн т.б. айырбастап саудасын жүргізеді. 1846–1847 жж. Талды өзенінің Қара сор көліне құяр сағасының оңтүстік батыс жағындағы Тоқпан деген жерге келіп, малы көп қазақ ауылы орналасқан аймақта болып, əкелген тауарларын саудаға салады. Жергілікті халық орыс көпесі нен керекжарақ бұйымдарын сатып алады. Түйе мен қой, ірі қара мал жəне оның өнімдерімен айыр бас жасайды. Ол кезде сауда жасап көрмеген жергілікті тұрғындар орыс көпесінің сұрағанын саудаға салмайақ айырбастаған. Тауардың нарқын білмегендіктен, бір самаурынға бір жылқыны немесе бір бұзаулы сиырды опоңай бере салған. Міне сондықтан, қазақ халқының малға байлығы, менталитеті көпес В.Ботовқа өте қатты ұнайды. Сол себепті ол осы жерде тұрақтануды ойлап, 1848 ж. ресми түр де жəрмеңке ашты.
Қарқаралы өңірінің тарихына арналған еңбектерде «Қоянды жəрмеңкесі Қарқаралы қаласынан 50 шақырым қашықтықта орналасты. Жəрмеңке 1848 жылдан 1930 жылға дейін жұмыс істеді. Тарихи дамудың небір қиын кезеңдерінде, атап айтқанда, Бірінші дүние жүзілік соғыс, Ақпан, Қазан төңкеріс мен азамат соғысы жылдарында жəрмеңке алғашқы кездегі қарқынмен жұмыс істей алмады, яғни аталмыш оқиғалар кезеңінде үзіліс болды» деген мəліметтерді «Қасиетті мекен — Қарқаралы» атты еңбектің «ҚояндыБотов жəрмеңкесі» деген тарауында кездестіруге болады [2; 40].
Қарқаралы өлкесінің тарихында оның əлеуметтікэкономикалық тұрғыда өсіпөркендеуіне Қоян ды жəрмеңкесінің ықпалының зор болғандығы туралы əр кездері біршама зерттелген. Тарихи дерек терде 1869 жылы Қарқаралы үездің əкімшілігі Қоянды жəрмеңкесін «ресми түрде оны ұйымдастыр ған В.Ботовтың құрметіне аталсын», — деген шешім қабылданғандығы туралы мəлімет бар. Бұл ше шімді Батыс Сібір əкімшілік басқармасы қолдап, оны ресми түрде В.Ботов жəрмеңкесі деп атаған. Жəрмеңкенің иелері Кеңес өкіметі орнағанға дейін ВарнаИванИлларион Ботовтар болды [2; 41].
Қоянды жəрмеңкенің жыл сайын жұмыс істейтін мерзімі де белгіленген. Ол туралы жоғарыда көрсетілген еңбекте «ХІХ ғасырдың 80жылдарына дейін 25 мамырдан 25 маусымға дейін, ал 1882 жылдан бастап 1маусымнан 1шілдеге дейін жұмыс істеді. Оған қатысушылардың саны 60 мың адамға дейін жетті. Жəрмеңкенің жылдық тауар айналымы жылдан жылға өсіп отырды», — делінген [2; 41]. Осыған орай 1871 жылы Батыс Сібір генералгубернаторының жарлығымен жəрмеңкеге əке лінген малды бағыпжаю үшін 55 шаршы жер бөлінеді [3].
Жəрмеңкеге көрші мемлекеттерден, атап айтқанда, Ресейден, Орта Азиядан, Қытайдан мата, ки імкешек, шай, қант, көптеген өнеркəсіп бұйымдары əкелінді. Алғашқы кезде орыс, татар, өзбек кө пестері басым болды. ХІХ ғасырдың аяғында мал жəне мал өнімдерін сататын қазақ көпестерінің қа тары өсті. Қазақтар мал жəне мал өнімдерін Ресейдің орталық аймақтарынан əкелінетін астық дақыл дарына, қолөнер мен фабрика бұйымдарына айырбастап отырды. Осылайша қазақ қоғамында, бірін шіден, шаруашылықтың жаңа түрі қалыптаса бастады, екіншіден, жергілікті қазақтар нарықтық қаты настарға тартыла бастады, үшіншіден, дəстүрлі экономика нарықтық экономикаға қарай бейімделе бастады.
Əрине, жəрмеңкедегі саудасаттыққа жергілікті байлар белсене қатысты. Олар орыс көпестері мен тығыз байланыста болды. Ресей көпестері негізінен жылқы мен қой сатып алып тұрды. Алыпса тарлар орыс көпестерінен сатып беруге тауар алып, оны ауылдастарына малға айырбастап отырды. Жəрмеңкедегі малсауда айналымының көлемі 1880–1891 жылдардың аралығында төменгідей болған (кестені қара):
Қоянды жəрмеңкесіндегі малсауда айналымы [2; 54]
Кестеден байқағанымыздай, мал саудасы ХІХ ғасырдың 90шы жылдарына қарағанда, 80ші жылдары қарқынды дамыған.
Мал саудасының көпестері Ботовтан басқа Колосов, Жиряков жəне Скажутин дегендер болған дығы туралы мəліметтер бар [4; 3]. Олардың əрқайсысы 50 мыңнан қой сатып алып тұрған. Түйенің бағасы — 20 теңге, жылқы — 18, ірі қара мал — 10, қой 2 теңге болған.
Сонымен бірге жəрмеңкенің дамуы барысында жаңадан дүкендер жəне саудамен шұғылданатын киіз үйлер ашылған. 1876 жылы жəрмеңкеде 16 дүкен мен 120 сауда киіз үйі болса, 1883 жылы олар дың саны 110ға жəне 205ке жеткен [4; 3]. Олар қазіргі кездегі сауда үйлері мен дүңгіршектердің рө лін атқарды. Ал 1885 жылы жəрмеңкенің жанынан пошта бөлімшесі, 1889 ж. — телеграф, 1894 ж. — мемлекеттік банк, 1912 ж. ыртқы сауда жөніндегі орыс банкісінің бөлімшілері ашылды [4; 4]. Бұл өз кезегінде мемлекетаралық байланыстардың негізі бола білді. Сол сияқты мұндай фактілер Қазақстан ның ішкі өлкелерінің де сырт елдермен біршама экономикалық ынтымақтастықта болғандығын дə лелдей түседі.
Қоянды жəрмеңкесін арнайы құрылған комитет басқарды. Оның құрамына əкімшілік өкілдері мен көпестер кірді. Жылдан жылға сауда орындары өсіп отырды. 1900 ж. 30 дүкен, 276 шағын дүкен жəне 199 сауда кигіз үйі, 707 тұрғын киіз үйі болды. Осы кезде тауар айналым қаржысы 1664,9 мың сомға жеткен. Саудасаттықтың нақты негізі ауыл шаруашылық малдары болды, ол жалпы айналым ның 60 пайызын құрады. Жыл сайын сатуға 200 мыңнан астам жылқы, ірі қара, қой мен ешкі əкелініп тұрды. Олардың 60 пайызы Жетісудан, 31 пайызы Орталық Қазақстаннан, 7 пайызы Қытайдан кел ген. Осылайша сырттан келген тауарлардың арқасында саудасаттық ісі дами түсті. Жəрмеңкенің бір бөлігінде тамақ сататын дүкендер орналасса, екінші бір бөлігінде халыққа қызмет көрсететін монша лар, қымызханалар мен шайханалар орналасты. Сондайақ жəрмеңкенің байлар тұратын бөлігінде тəртіп сақшыларының кеңселері, мейманханалар, адам жəне мал дəрігерлерінің мекемелері орналас ты [5].
Осылайша ҚояндыБотов жəрмеңкесінің атағы жылдан жылға көтеріліп, ірі сауда орындарының қатарына қосылды. ХІХ ғасырдың 90шы жылдарында Қарқаралы өңіріне қазіргі Павлодар жəне Же тісу өңірінен (Қапал, Верный, Сергиополь), тағы басқа жерлерден ірі көлемде түйе, жылқы, ірі қара мал, қой əкелініп сатылған. Бұл малдарды Омбы, Ташкент, Петропавл қалаларындағы ет комбинатта рына жіберіп отырған. Қарап отырсақ, Қазақстанның көрші елдермен, оның ішінде Ресей мемлекеті мен арасындағы экономикалық қатынастар Қоянды жəрмеңкесінің арқасында бұрынғыдан да тығыз орнай түскен. Жəрмеңке тек көрші елдермен экономикалық байланыс жасап қана қоймай, тұрақты қа рымқатынас орнықтыруға да жол ашты.
Жəрмеңкеде сауда жасау үшін елдің əр өңірінен келген көпестердің қатары жылдан жылға кө бейіп отырған. Мысалы, 1925 жылы жəрмеңкеге Сібірден — 34, Оралдан — 4, Украинадан — 1, Мəс кеу облысынан — 3, Ленинградтан — 2, Семейден — 184, Қазақстанның басқа облыстарынан 26 кө пестер жəрмеңкеге келіпті. Ал 1927 жылы Қоянды жəрмеңкесіне Ресейдің бірнеше қалаларынан 45 көпес, Өзбекстаннан — 13, Қытайдан 24 көпес келген деген деректер бар [6].
Нəтижесінде жылдан жылға саудасаттықтың барлық түрлері: мал мен оның өнімдері, əр түрлі бұйымдардың сатылуы өсіп отырды.
Жəрмеңкенің тауар айналымы Қазан төңкерісіне дейінгі кейбір жылдардағы көрсеткіші төменде гідей болған:
1869 ж. — 500 мың сом;
1870 ж. — 525 мың сом;
1880 ж. — 1 млн. 368 мың сом;
1882 ж. — 1 млн. 500 мың сом;
1899 ж. — 1 млн. 700 мың сом;
1902 ж. — 2 млн. 773 мың сом;
1905 ж. — 2 млн. 998 мың сом;
1910 ж. — 4 млн. 020 мың сом;
1913 ж. — 4 млн. 958 мың сомға дейін өсіп отырған.
Ал 1924–1928 жылдары жəрмеңкенің тауар айналымында елдегі саясиəлеуметтік жағдаймен байланысты өзгерістер болғаны байқалады:
1924 ж. — 423 мың сом;
1925 ж. — 1 млн. 895 мың сом;
1926 ж. — 2 млн. 747,2 мың сом;
1927 ж. — 5 млн. 350 мың сом;
1928 ж. — 4 млн. 454 мың сом [2; 43].
ХХ ғасырдың басында Қарқаралыда көптеген жергілікті көпестер болды. Олар Қоянды жəрмең кесінің сауда айналымының əрі қарай дамуына жəрдемдесті. Олардың қатарында əр ұлттың өкілдері болған. Ол туралы белгілі мəліметтерді өлкетанушы Ю.Поповтың еңбектерінде кездестіруге болады.
Солардың біразы мыналар: Сейджан Əрібжанов, Халидулла жəне Валиулла Бекметовтар, Карим Ман суров, ағайынды Рязанцевтер (Василий Петрович, Андрей Селиверстович, Петр Селиверстович), Ти мофей Семенович Разумов, Сəтжан Рахымжанов, Төлеген Кəрібжанбаев, Тілеген Іңкəрбаев, Артемий Иванович Деров, тағы басқалар.
Қазақ көпестерінің ішінде ең көрнектісі Тілеген Іңкəрбайұлының болғандығы туралы деректер бар. Ол туралы Амантай Сағындықов өзінің «Қоянды жəрмеңкесі» деген мақаласында былай деп ба яндайды: «Тілеген қыс пен көктем бойы елден жинаған малын, саудасаттық мақсатында жинаған дү ниелерін жəрмеңкеге əкеліп сатып отырған. Өзінің жүз шақты бір топ сенімді көмекші жігіттері бол ған. 1910 жылғы жəрмеңкеге Тілегеннің жігіттері 2000 мыңнан астам қой, 500 жылқы, 150 қадақ жүн, 5 арба қой терісін сатқан. Жалпы табысы ақшаға шаққанда 10 мың сомнан асып түскен, сөйтіп, жыл сайын Тілеген Іңкəрбайұлының жəрмеңкеге салған малы да, дүниесі де өсіп, оны барған сайын көбей те түскен. 1912 жылы ол жəрмеңкеге 5000 қой, 1200 жылқы айдап əкелген. Осы мал мен жəрмеңкеде сататын бұйымдарын сату нəтижесінде 2500 сомнан астам ақша жинаған. Жəрмеңкеде құлынды бие мен жақсы аттың құны 25 сом, бұзаулы сиыр 10 сом, қой 1 сом, серке 80 тиын болған. Оның байлығы сол кездегі ақшамен шаққанда 500 мыңға жетіп жығылған» [4; 3].
Ал қарт кенші, кезіндегі Социалистік Еңбек Ері Сəкен Шоманов деген кісі Іңкəрбаев Тілегенді былай деп еске алған: «Тілеген Іңкəрбайұлын мен жақсы білемін. Оның кіресін тартып, Семейге бір неше рет сапар шектім. Өзі тым қайратты, əрі пысық адам болатын. «Алаған қолым береген» деген дей, өз айналасында жүрген адамдардан, жақсы туыстардан ештеңе аямайтын еді. Өзім деген адамы на қоң етін кесіп беруге дайын тұратын адам еді» [6; 3].
Осы деректер арқылы Тілеген Іңкəрбайұлының Қоянды жəрмеңкесіне саудагерлік жолмен белсе не қатысуымен қатар, халықының да жағдайына көп көңіл бөлгендігін байқауға болады. Бір ғана ол Кент тауында орнатқан тау суының күшімен жүргізген диірмені арқылы бидай, арпа тартып, одан шыққан ұнды жергілікті халыққа таратып, шаруа адамдарының тұрмыстық деңгейін көтеруге үлкен ықпал жасаған. Сондайақ ол жері ойпаң қара топырақты алқапты өңдеп, жыртып, егін салған. Оны суармалылыққа айналдыру үшін Талды өзенінің суын бұруға əрекет жасаған. Егін егіп, астық өсіруге жергілікті шаруа адамдарын пайдаланған. Қорақопсы салдырып қазақтарды отырықшылыққа баулы ған. Балалар оқитын мектептің іргесін көтеруді қолға алған. Сөйтіп, Тілеген жинаған ақшақаражатын халықтың игілігіне жұмсаған. Осылайша қазақтардың шаруашылықты кешенді түрде жүргізуге көше бастағаны байқалады. Əрине, бұл жерде барлық қазақтар емес, тек бай қазақтардың ғана жаңа шаруа шылық түрлеріне бейімделе бастағанын нақтылап айтып кеткен дұрыс. Өйткені мұндай үрдіс қазіргі Қазақстанның экономикасының дамуы мен оған атсалысып отырған жергілікті ұлт өкілдеріне де тəн, бүгінгі күні де өзекті. Қазіргі кезде де барлық қазақ ұлты нарықтық қатынастарға толықтай бейімдел ді, барлығы бірдей бай, қуатты деп айта алмаймыз.
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы жүргізілген солақай саясаттың барысында «өкіметіне қарсы шыққан» деген желеумен Қарқаралыда бірқатар адам атылған. Бұлардың ішінде ағалыінілі Имантай, Кенже, Мамай Іңкəрбаевтар болған. Ағайынды үшеуі бір күнде, яғни 1930 жылы 31 мамыр да, атылған. Солармен қатар ірі көпестер ұрпағы А.В.Рязанцев, А.К.Рязанцев, В.П.Рязанцев, Г.А.Ря занцевтар да бар. Төртеуіде бір күнде — 1 наурыз 1930 жылы атылған. Бұл көпестердің Қарқаралы өлкесінің тарихында есімдерінің қалуында Қоянды жəрмеңкесінің ролі күшті болды.
Қоянды жəрмеңкесінде бір ғана саудасаттық кəсібі басты орын алған жоқ, сонымен қатар саяси, ағарту, мəдени салаларының мəселелері де тиісті дəрежеде дамыған.
1926 ж. қазан айында өлкенің саяси басқармасы «Жəрмеңкелердегі ережесін» бекітті, осыған байланысты Қоянды жəрмеңкесінде көптеген саяси тақырыпта митингілер өткізілді, баяндамалар жаса лып, лекциялар оқылса, ал 1928 жылы жылжымалы киноқондырғы, халық үйі (қазақ тіліндегі спектакль дер), оқырман залы бар кітапхана, балалар алаңы, дəрігерлік пункт жұмыс істей бастады [2; 45].
Сол сияқты Қоянды жəрмеңкесі көптеген өнер адамдарының шыңдалып шыққан орталығы да еді. Осы жерде қазақ ақындарының, балуандарының өнер жолындағы тұсаулары кесілді əрі олардың өнерін халық тамашалайтын орынға айналды. Қазақ өнерінің бір туар тұлғалары атақты Əміре Қа шаубаев, Қали Байжанов, Иса Байзақов, Майра Уəлиқызы жəне басқалары осы жəрмеңкеде бірнеше мəрте өз өнерлерін ортаға салған. Сол сияқты жəрмеңкеге басқа ұлт өкілдері де қатысып отырғандық тан, олардың да мəдениеті жергілікті халыққа сіңісе бастаған. Бұл жерде еуропалық цирк өнерін қазақ арасында алғашқылардың бірі болып көрсетіп, тарата бастаған Зəрубай Құлсейітовтың есімін айтып кеткен жөн. Жалпы мəдени салада Қоянды жəрмеңкесінің алған орны, онда өнер көрсеткен тарлан дардың өмірі жайлы атақты жазушы М.Əуезов, өнер зерттеушісі Н.Анов жəне басқаларының шығар маларында жазылды.
Қорыта келе, ХІХ ғасырда Қазақстан жерінде қалыптаса бастаған жəрмеңкелердің бірі — Қоян ды елдің, оның ішінде қазақ халқының əлеуметтікэкономикалық, саясимəдени өміріне зор үлес қос ты. Жəрмеңке саудасаттық ісін дамытып қана қоймай, жергілікті халықты нарықтық қатынастарға қарай бейімдеп, көрші елдермен тығыз экономикалық қарымқатынас жасауға жəне оны болашақта одан əрі дамытуға жол бастады. Бүгінгі елімізде жүріп жатқан нарықтық қатынастар арқылы Қазақ стан Республикасының əлемдік экономикада, сол сияқты екі жəне көпжақты ынтымақтастықты дамы тудағы батыл қадамдары мен жекелеген табыстарына қол жеткізуде Қоянды сияқты еліміздің əр түк пірінде, əр кездері ашылған жəрмеңкелерден жинақталған тəжірибе бар деп айтуға болады. Сол кез дері нарықтық қатынастарға бейімделе бастаған дəстүрлі шаруашылық қазіргі нарықтық экономика арқылы елімізді болашаққа нық жетелей алады деп айтуға толықтай негіз бар.
Əдебиеттер тізімі
- Тулеуова Б.Т. Адаптация казахского общества к рыночным условиям во второй половине ХІХ – начале ХХ вв. (на материалах Центрального Казахстана): Автореф. дис...канд. ист.наук. — Караганда: Издво КарГУ, 2007. — 32 с.
- Шаймұқанов Д.А., Шаймұқанова Р.А. т.б. Қасиетті мекен — Қарқаралы. — Қарағанды, 2004. — 230 б.
- Қарқаралыға — 180 жыл: Тарих толқынында: Аймақ. ғыл.тəжір. конф. материалдары. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2004. — 126б.
- Сағындықов А. Қоянды жəрмеңкесі // Орталық Қазақстан. — 1995. — 24 там.
- Кикимов Т. Кояндинской ярмарке — 150 лет // Индустриальная Караганда. — 1998. — 23 июля. — С.
- Смағұлов Ғ. Сарыарқаның «Жібек жолы» алдағы жылы Қоянды жəрмеңкесіне бір жарым ғасыр толады // Орталық Қазақстан. — 1998. — 6 қаңт. — 3б.