Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бəйсейіт би: аңыз жəне дерек .Сыни талдау тəжірибесі

Бəйсейіт Қырбасұлы — Шет өңірін жайлаған бесата елінің ішіндегі ең ірі тарихи тұлғалардың бі рі. Оның өмірі мен тұлғалық мінезқұлқы жайлы аңыз əңгімелерді ел ішінен ұзақ жылдар бойы тір нектеп жинап, зерттеп, жарыққа шығарған өлкетанушы, шежіреші Төрехан Майбас [1; 66–83] жəне өлкетанушыжазушы Кəмел Жүністегі [2; 144–149].

Осы жиналған мұрадағы ең басты ерекшелік — оның жанжақтылығында. Тұлғаға тəн бай мінез аңызда сан қырынан көрініс тапқан. Дегенмен, ел санасында уақыт сүзгісіне түсіп, екшеліп, өмірде бағдарлық қызметін атқаратын құндылық қалпына ие болған аңызда тарихи оқиғалардың желісі, жа салған нақты ісəрекет пен қалыптасқан қарымқатынас көмескі тартып, жадыдан тыс қалады. Зерт теу барысында аңыздағы көмескіленгенді мұрағат құжатында баяндалған деректер арқылы нақтылай түсу — тұлғаның ел санасында қалыптасқан бейнесін өзгертуге бағытталмайды. Ол мүмкін де емес. Халық айтса — қалып айтпайды. Бұл бұлжымас қағида. Бұған ешкім күмəн келтіре алмайды.

Ал мұрағаттың қарамақайшылықты пікір тудыратын шытырман оқиғалы тың деректерін аңыз бен салыстыра талдағанда зерттеуші нені көздемек? Оқырман көкейіне алдымен оралатыны осы    ой.

Бұл сұраққа жауап қарастырып отырған сол заман мен оның адамының өзара əрекеттестігінің ерек шелігінде жатыр. XIX ғасыр — дəстүрлі тірлік пен отаршыл билік арасындағы итжығыс арпалыстың заманы. Жергілікті халықтың тірлігіне жайлы, көңіліне қонымдысы — отаршыл биліктің мүддесіне қайшы келді. Отаршыл биліктің көздегені — жергілікті халықтың еркін тірлігіне шек қойды. Сондық тан отаршылдың «қара» деп даттағаны — халыққа «ақ» болып, халықтың «ақ» деп бағалағаны — отаршылға «қара» болып көрінетін заман туды.

Əрине, заман тынысын бейнелейтін бұл теңеу тым жалпы алғандағы тұжырым. Ал өмір шынды ғы, оның ішінде нақты бір кеңістік нүктесі мен уақыт кезеңінде өрбіген адам тағдыры — қайталанбас құбылыс. Өмірде «ақ» пен «қара» бірге жүреді. Танымның мақсаты «ақтың» ақтығын, «қараның» қа ралығын дəлелдеу емес, олардың арасындағы қарымқатынастың нақты бір тұлғаның өмірінде қалай орын алатынын түсінуді көздейді. Бəйсейіт бидің өмірбаянын сыни талдау сүзгісінен өткізгендегі мақсат — осы құбылыстың сырына үңілу.

Ал тұлғаның өмірбаянын ретімен зерттегенде алдымен анықталатын мəселе — туған жылы жəне өмір сүрген уақыты. Бұл мəселе дұрыс анықталмаса — ол туралы жазылған пікір жалған түсінік қа лыптастырып, кейінгі тарихи тұлғалардың өмірбаянына қатысты ізденістерді де адастыратын жолға түсіреді. Бұл тұжырым Бəйсейіттің туған жылын анықтаудағы ізденістерге тікелей қатысты.

Жоғарыда аталған екі зерттеушінің бірі — Төрехан Майбас қолында нақты дерек болмағандық тан, туған жылдары жайлы кесімді қорытынды жасамаған. Тек ел аузындағы аңызда Бəйсейіттің Жанқұтты, Құнанбайлардан бір мүшел жас үлкендігін айтқан. Ал екіншісі — Кəмел Жүністегі — ақ сақалдардың дерегіне сүйендім дей отырып, мынадай өзіндік қорытынды шығарған. «Шырағдан» ат ты соңғы еңбегінде: «Бəжең кешегі үлкендердің айтуына қарағанда, Жанғұтты шешеннен жасы үл кен. Нүреке ақсақал Жанғұтты мен Бəжең арасы мүшелге жақын десе, Сырымбеттің Қасымы «Бə жең мүшел жас үлкен» дегенді кесіп айтатын. 1864 жылы берілген Есбайдың асында болған Бəжең 60 жастың мұғдарында» еді дегенді көне көз қариялардан естігенбіз. Сонымен, Бəжең 1805 жылда туған болып шығады», — дейді [2; 144].

Бұл жерде көңіл аударатын үш мəселе бар:

  • 1ші — Бəйсейіттің Жанқұттыдан «мүшел жас үлкен» дегенді кімдердің айтқаны (Нүреке, Сы рымбеттің Қасымы) — нақты ауызша дерек [2; 144]; бұған ешкім күмəн келтірмейді;
  • 2ші — 1864 жылы... Бəжең 60 жастың мұғдарында «дегенді көне көз қариялардан естігенбіз» деген мəліметті автор дəлелсіз келтіріп отырғандықтан, мынадай сұрақтар туады: неге осыны  айтқан «көне көз қариялардан» ең болмаса біреуінің аты немесе көпшілік атынан «естігенбіз» деп тұрған соң, сол, өзімен бірге осыны «естігендердің», біреуінің аты аталмайды? Автордың айтқысы келген солқылдақ пікірін көптің атына дəлелсіз сілтей салуы күмəн тудырады;
  • 3ші — автор неге екені белгісіз, Шет өңіріндегі қай ірі тұлғаның өмірбаянын қарастырса да, оны Шортанбай бабасының туған жылы — 1818 жылдың төңірегіне əкеліп тірейді немесе осы жылды кез келген тұлғаның жасын анықтаудағы шындықтың тұғырлы өлшемі ретінде қарастырады. Мұндай қорытындыға келуге автордың келесі пайымдаулары себеп.
  1. Жанқұттының туған жылы мұрағат деректерімен 1803 жыл екені 2005 [3; 168–169] жəне 2008 жылғы зерттеулермен дəлелденіп шықса да [4; 15–22], оның дұрыстығына күмəн келтірер дəйекті де ректі келтірмей, «Шортанбай мен Жанқұтты құрдас»... «Жанғұтты Кенесары хан қайтыс болған соң бір жылдан соң елге оралғанда 30 жаста екен»... «Сонда бұл 1848 жылға дəл келеді де, Жанғұт ты 1818 жылы туған болып шығады» дегенді қайталап жазады [2; 150]. Автордың бұл тұжырымда рының бір де бірі шындыққа маңайламайтыны мұрағат деректерімен салыстырып талдағанда анықта лып, мұндай қате түсініктер қалай қалыптасатыны ашып көрсетілген [4; 15–22]. Егер автордың бұлай пайымдауы анықтап «білгенінен» емес, құлай «сенгенінен» туындап жатса, оған дауа жоқ. Бірақ бұ ның ғылыми зерттеуге еш қатысы жоқ, автордың жеке басының еркі.
  2. Дəлелін ақсақалдар: Анарбек жыршы: «құрдас», Қасым: «арасы бір жас», Ілияс молла «елге оралғанда 30 жаста екен» деп айтты дегенімен, олардың ешқайссы да «Жанқұтты 1818 немесе 1817 жылы туды» дегенді айтқан жоқ [2; 144–149].
  3. 2008 жылғы Жанқұттыға байланысты зерттеуде анықталғандай, ол Кенесарының көтерілісінен 1848 жылы емес, қаракесек түгел дерлік Қаратауға ауған 1832 жылдан, 10 жылдан кейін, 1841–1842 жылдары елге оралғанда, шыныменен, туған жылы 1803 болғандықтан, 38–39 жаста болды [4; 15–22]. Жанқұтты Кенесары қайтыс болғаннан кейін емес, оның көтерілісінен бүкіл қаракесек амалсыз, мал жерсінбеген соң, 1838–1843 жылдары кейін қайтқан көштің соңында 1842 жылы елге келді. Елдің жаппай кейін оралғаны жөнінде Мəшһүр Жүсіп те қазақ тарихына қатысты шежіресінде: «Ауған ел Шуға, Қаратауға барғанмен, малы жерсінбей, бара жатқанда, жолшыбай қашып, алақыстай Құ дайдың құтты күні қашып, дамыл бермеген соң, Кенесары елді өз еркімен қайтармайтұғындығын білген соң, жаз шыға ел таутаудың басынан өрт салып, өрттен қашқан кісі болып, тұратұра кө ше жөнелген де, сол көшкен бойымен Арқаға қарай ауа жөнелген.... Сонан соң Кенесарыға арман болған: «Арқадағы елді тілімді алдырып, аудырғанмен, Қаратау мен Шу мал қонысы бола алмаған нан, қайтып кеттіау! Қырғызды бостырып, Алатауды түгелімен алып, Қуандық, Сүйіндікті соған орналастырсамау!»  —  деген  Кенесарының  орындалмаған   арманы   туралы   аңызды баяндайды [5; 171–172]. Жанқұттының да амалсыздан сол көштің соңында елге оралғандығына дəлел — 1842 жылдың 16 желтоқсанында ƏлтекеСарым болысының басқарушысы сұлтан Ғазы Бөкейұлының ор нына болыстыққа сайланады [6; 309, 310, 332, 333].

Ілияс молланың айтқаны мұрағаттың дерегімен дəл келмесе де, тұспалдас келіп тұр. Ол тұспал дап «30» деп айтты ма, əлде, жаңылып, нақты «30» деп айтты ма, «Кене хан көтерілісінен» деді ме, əлде, жаңылып, «Кене хан қазаға ұшыраған соң» деді ме, əлде, анық айтылған аңыз, автордың кө кейіндегі өзіндік ойының ықпалымен өзгеріске ұшырады ма? оны қазір бір құдай жəне осыны қағазға өз атынан түсірген автор біледі. Ал бұдан кейін, кім «құрдас», кім «арасы бір жас» десе де, ол — Жанқұттының 1818 жылы туғандығына дəлел бола алмайды. Керісінше, егер Шортанбай мен Жан құттының аңыздағы «құрдас» дегені шындық болса, осы уақытқа дейін Шортанбайдың туған жəне қайтыс болған деп жүрген жылдардың (1818–1881) дұрыстығына күмəн туады. Ал, бұл толық анық талған дерек десек, онда олардың құрдастығы жөніндегі болмайтын орынсыз дауға нүкте қою керек.

  1. Шортанбайдың қайтыс болған жылын да 1881 деп алып, аңызда Шортанбай Жанқұттының үйінде қайтыс болғандығын алға тартып: «Соған қарамастан, Жанғұттыны 1871 жылы өлді деп үс тіүстіне жазатынына таңсың. Жəкең өз ажалынан 10 жыл бұрын өлмесе керек» [2; 150], — деп кейійді автор. Ал, Шəкəрім жазбасы бойынша, Құнанбайдың 1874 жылы Меккеге барғаны, одан бір жыл бұрын Жанқұттының Меккеде қайтыс болғаны жөніндегі аңызды сол Ілияс молланың баласы, ғалым, фольклор маманы, Мұхаметқали Ілиясұлының Шет өңірінің тарихына арналған 1998 жылғы зерттеудің қосымшасында жариялағаны [7] авторға белгілі дерек. Сонда автордың «Шортанбай Жанқұттының үйінде Жəкеңнің көз алдында қайтыс болған» дегені рас болса, Шортанбайдың 1873 жылдан бұрын қайтыс болғаны шындыққа жақын болып шықпай ма? Мəселенің бір шетін көтеріп, екінші шетін басып отырудың керегі не? Екі пікірдің де күмəн тудырар тұсы — аңыздардың тарихи деректермен толық дəлелденбегенінде. Ал бұл жағдай дау көтеріп, кеюді емес, біздерден жаңа ізде ністерді талап етеді.
  2. Осындай, аңызды қолданудағы шектеулі əдісамалдармен қалыптастырып алған, түсініктен автор Бəйсейіттің де туған жылын сол «Шортанбай туды» деген 1818 жылдан жəне одан «арасы бір жас», «Жанқұтты туды» деген долбармен, 1817 жылдан бір мүшелдің жасын алып: «Сонымен, Бəжең 1805 жылда туған болып шығады» дейді [2; 144].

Енді осы тұжырымды мұрағат деректерімен салыстырып көрейік.

1ші дерек — 1842 жылғы 13 тамызды жазылған Қарқаралы сыртқы округтік приказының Сібір қазақтарының Шекаралық басқармасына берген рапортында: «Байсеит, сын Кырбашев,  старшина, за 50 лет. Скромный, самолюбив. Очень богат. КарсонКирнеевской волости, рода керней, отделения даутюйте. Управляет аулом. Летние кочевки при урочищах Актам, Джалтам, Аиртав, по речкам МуюндыЧумек, Сарысу и окрестностям оных, за 350 верст к западу, там же и зимовья» [8] десе, 2ші дерек — 1849 жылы жазылып, 1850 жылдың 11ші ақпанында Қарқаралы сыртқы округтік при каздың Сібір қазақтарының Шекаралық басқармасы бастығының қызметін атқарушы полковник Е.А.Клейстке берген хабарламасында: «... Байсеит Кырбашев, старшина, 67 лет. Очень богат. Кар сонКирнеевской волости. Управлял аулом. Летние кочевки по рекам Сарысу, обоим Нурам и Байга ре; зимние — Пирназар и КараЕспе» [9; 302–303], — дейді. 3ші дерек — 1842 жылы Бəйсейіт, елдегі ең қадірлі тұлғалар: Есберген Садырбайұлы, Бегалы Жəутікұлы, Кадыр Айткелұлы, Шешен Қарашұ лымен бірге, Омбыға, Қарқаралы уезінің заседателі Неговскийдің қызметінің мүмкіндігін жеке басы ның пайдасына асыру мақсатында, Шет өңіріндегі елді аралап, жылу жинап, орынсыз салық салған, пара алған былық істерін əшкерелеу ісі бойынша шақырылып, тергеу сұрақтарына жауап бергенде жазылған. Сонда: «1842 года июня 22 дня, доставленный при отношений Каркаралинскаго Окружна го Приказа, от 22 числа сего месяца за № 2755, Старшина Байсеит, допрашиван и показал:

Зовут меня Байсеит, сын Кырбасов, от роду имею 56 год, грамот незнаю, веры магаметанской, женат, имею одного сына и двух дочерей, Каркаралинскаго округа, КарсонКирнеевской волости старшина, подсудом небыл и ни какому наказанию не подвергался.... Что истинно справедливо пока зал, в том приложил свою имянную печать» — деген, Бəйсейіттің өз аузымен айтылғанды қағазға тү сірген түсініктемесі мен бетпебет беттестіру кезінде алынған көрсетулерге: «Подлинныя  подписали: Показания отбирал и очную ставку давал чрез переводчика, Исполняющий должность чиновника особых поручений, при Главном управлении Западной Сибири Семенов; Показание и очную ставку пе реводил и показателям вычитывал, переводчик Пограничнаго Управления Дабшинский. За депутата находился Старшина Джапалак Кошкаров, в том приложил свою печать. С подлинным верно: И.Д.Ч.О.П. И.Семенов» [10; 102 п.] — деп, шенеуніктер өздерінің мөрлерін басқан.

Осы келтірілген мұрағат деректерінен Бəйсейіттің туған жылының үш түрлі нұсқасы белгілі бо лып отыр: 1791–1792, 1782, 1786. Ал Кəмел Жүністегінің «1805 жыл» деген нұсқасына жазбаша де ректе тіркелген жылдардың ешқайсы да маңайламайды.

Ал осы үш нұсқаның хатқа түсу тарихына үңілсек, төмендегі жағдайлар анықталады:

Бірінші нұсқадағы — 1842 жылы «за 50» — деп берген дерек, жоғарыда келтірілген заседатель Неговскийге байланысты істің, 102ші парағында, Бəйсейіттің өз сөзімен: «от роду имею 56 год» де генді, алдыңғы 46шы парақта жұрнақжалғауын өзгертіп, шенеунік өз атынан жоғары жаққа есеп қы лып бергенде: «50 лет» — деп өзгерткенінен шыққан [10; 46,102 п.]. Сондықтан бұл нұсқа тұспалдан шыққандықтан есепке алынбайды. Бірақ кейінгі ресми құжаттардың бəріне Бəйсейіттің өз аузынан айтқан жасы емес, осы шенеуніктің есебінен алынған мəлімет енгендіктен, көпшілік осыған сүйеніп, 1842ден 50 жасты шамалап алып, Бəйсейіттің туған жылы 1791–1792 деп ойлауға себеп болған. Осы түсінікпен алғанда, ел ішінде де Жанқұтты мен Бəйсейіттің арасы «бір мүшел» деген аңыз осы тұс палмен берілген мəліметтің негізінде тарағаны қисынға келеді. 1803 пен 1791–1792 жылдардың арасы толық бір мүшел — 12 жыл. Аңызбен дəл келеді.

Екінші нұсқада, 1849 жылы неге 67 жаста деп бергенін, алдындағы Жанқұттыға байланысты ма қалада анықталғандай, 1849 жылдың дерегін 1850 жылы, яғни, Құнанбай өзі билікке орныққаннан кейін, аға сұлтандыққа сайланарда Бəйсейіттің өзіне тікелей қарсы шығып, Есеттің Көпбайын ұсын ған бақталасы ретінде, болашақта өзі билікке таласқа түспес үшін, 4 жас қосып, қартайтып көрсетіп отырғанынан аңғаруға болады. Бірақ бұл тұста айта кететін бір мəселе — Көпбайдың аға сұлтандық қа Құнанбаймен қатар ұсынылғандығы осы оқиғаға қатысты мұрағат дерегімен дəлелденбейді. Ол жиналысқа округтік приказ 1849 жылы 11 мамырда жазбаша түрде, алдын ала арнайы хат арқылы бо лыс билеушілеріне хабар жіберіп, кейін нақты кімдердің келгендігін: «... прибыли и находятся в мес тах распоряжения Приказа налицо, а именно» — деп, басқа болыстардың сұлтандары, болыстары, билерімен қатар Шет өңірінен: «... старшина Ботантаев, бий Джавтиков, старшина Айткелев»тер ді атайды [11; 7–12 п.]. Бірақ бұл тұлғалардың бəрі сайлауға ресми түрде шақырылып, қатысқан адам дар, ал Төрехан Майбастың аңызда баяндаған оқиғасы бұл жиналыстың алдында кімді сайлайтында рын алдын ала өз ішінде пісіріп алу үшін жиналған ресми емес жиында орын алған болу керек. Бəй сейітпен Сарым атынан Ботантайұлы Жанқұтты, Кəрсөн атынан Жəутікұлы Бегалы, ҚояншыТағай атынан Айткелұлы Қадырлардың пікірлері бір болғаны сайлау кезінде аталғандардың бəрі де Құнан байға емес, Құсбек Тəукеұлына дауыстарын бергенінен байқалады [11; 7–12 п.]. Бұл дерек бесатаның жақсыларымен Құнанбайдың арасы осы кезден салқындай бастағанын дəлелдейді. Өзімен құрдас, ел алдындағы беделі күшті Жанқұттыдан 4 жас алып, 3 жасқа жасартып немесе, кейін жарияланған, та ғы сол өзі аға сұлтандыққа бекігеннен кейін 1850ші жылы ресми түрде шенеуніктер (Шекаралық бастықтың қызметін атқарушы полковник Клейст пен секретарь Яценко) дайындаған формулярлы ті зімдегі дерек бойынша, туған жасына 8 жас қосып, өзінен 9 жасқа қартайтып [6; 332], өзінен жасы да үлкен, ықпалы да күшті, белсенді қарсыласы Бəйсейітке 4 жас қосып, қартайтып берген мəлімет бір қолдан шыққан құжаттар. Бұны да сол 1850 жылы аталған полковник Клейстке 1849 жылдың мəліме ті деп қол қойып берген заседатель Дабшинский мен секретарь Людницкий [9; 302].

Үшінші нұсқада Бəйсейіттің өз аузымен аталған жасы 1842 жылы 56да болса, туған жылы 1786 жыл болады деуіміз қисынға келеді. Жəне бұл түсініктемені бергенде Бəйсейіттің өз жасын не ұлғай тып немесе жасартып көрсетуге ешқандай себеп жоқ. Ол іс шенеунік Неговскийдің тағдырын шешуге байланысты қозғалған. Ал Бəйсейіттің жəбірленуші ретінде жасы үлкен бе, əлде жас па, оның тергеу үшін де, іс тағдырының шешілуіне де ешқандай қатысы жоқ.

Ал енді Бəйсейіттің жасын анықтағанда ақсақалдардан естіген аңызды долбармен қисындырып əкеліп, бабасы Шортанбайдың туған жылынан алып анықтаған кейінгінің жазушысына сенеміз бе?, əлде деректі тұспалдап өзгерткен сол заманның шенеунігіне сенеміз бе?, əлде сол деректің негізінде шамалап болжаған ел аузындағы аңызға сенеміз бе?, əлде қарастырып отырған тұлғаның ақылесі сау кезінде өз аузымен айтып, жаздырған жылына сенеміз бе? Соңғы нұсқаға ешкімнің күмəн келтіретін қисыны жоқ. Бəйсейіттің туған жылы — 1786 жыл.

Ал, қайтыс болған жылы туралы мəлімет əзірге тек аңыздан ғана белгілі болып отыр. Төрехан Майбас: «Бəшекең шөберелерін де көрген. Тоқсанында көрген шөбересінің есімін де өзі Тоқсантай деп қойған» деп жазады [1; 80]. Салыстыратын мұрағат дерегі қолда болмаған соң, кесімді пікір айту əзірге ертерек.

Орынды кезінде еске тағы да сала кететін мəселе — ақсақалдардың «естіген құлақта жазық жоқ» деп естігенін өзгертпей сол қалпында айтатынына тағы да көзіміз жетіп отыр. Дегенмен, естігенін сақтау қабілеті де мəңгі емес, жаңылу да мүмкін. Сондықтан оны міндетті түрде басқа деректермен салыстыру керек. Ал Кəмел Жүністегінің осындай мəліметтерді өз ыңғайына қалай келсе, соған қиыс тырып қолданғаны, еш қисынға келмейтін қорытындыға келуіне себеп болған. Бұлай кез келген ізде нуші, аңызда айтылғанды байыбына барып түсінбей, деректің басқа түрлерімен салыстыру арқылы астарына үңілмей, өз пайымымен қолдана берсе, оның қандай қателіктерге ұрындыратынына тағы да көзіміз жеткендей. Ғылыми ізденіске жат мұндай əрекетке орынды сын уақытында айтылмаса, қолы на қалам ұстап жүргендердің бірінің астына бірі көпшік қойып, мəймөңкелегендерінің құны бес ти ын. Сын түзелмей, мін түзелмейді.

Енді Бəйсейіттің ел санасындағы бейнесі мен ел басқаруда алған орны туралы мəселеге келсек, аңыз негізінен үлгі болатын жағымды жағын, мұрағаттық дерек негізінен қарамақайшылығын баян дайды. Біріншісі — өнеге, екіншісі — cабақ. Адамның өмірге бейімделуінде еліктеу мен білу, үйрену қандай маңызды роль атқарса, тарихшы осыны негізге алып, аңыздағы үлігіөнеге алдамшы болма сын, мұрағаттағы дерек ізгі ниет пен жақсылықтан үмітін үзбей, құбылыстың мəніне терең бойлап, тұңғиық сырын түсінсін деп, екеуін де салыстырып, бірінбірі толықтырсын деген ниетпен қарастыр са, игі болар еді.

Мысалы, аңызда қалыптасқан тұлғаның бейнесін Төрехан Майбас: «Бəйсейіт — Арқаға Бəше кең, Біжікең атанған белгілі тұлға. Жиені Бəйсейіт туғанда Қанжығалы қарт Бөгенбай: Маңдайы на ел сыйғандай екен, Желкесіне жер сыйғандай екен, Аузына мал сыйғандай екен» [1; 65], — депті.

«... Бəйсейіт Арқадағы аузын айға білеген билердің көшелісі болған. Барған жерінің билігін алған, ай тқан билігі һақ болған. Бəшекең... қалыпқа сыймайтын үлкен тұлға...» [1; 66] — деп бағаласа, Кəмел Жүністегі: «О заманда аузы түктіге, бұл заманда «қырағы» əпербақандарға жақпаған қазақтың кө не жолын ұстаған билердің бірі — Бəйсейіт. Ел көзі тірісінде де, бүгінде де Бəжең атаған əруақты тұлға» [2; 144], — деп сипаттайды.

Бұл тұста соңғы автордың «бұ заманда «қырағы» əпербақандарға жақпаған» дегенін оқырман қате түсініп: «Бəйсейіт большевик, «НКВД заманына дейін өмір сүрген бе?» деген ойға қалуы мүм кін. Себебі «жақпаған» деп, адамның тірлігіндегі қылығына қатысты айтылады. Ал Бəйсейіт, Қазан төңкерісінен едəуір бұрын, ең көп жасады дегенде, жоғарыда атап өткендей, 90 жастан аса, яғни XIX ғасырдың соңғы ширегінде, дүниеден озған. Сөз қадірін білетін оқырманға əсіре қызыл тілділіктің қа жеті жоқ. Əсірелеудің де шегі болу керек. Əйтпесе мазаққа қаламыз.

Ал 1842 жылдың қаңтар айының 2сі күнгі бесатаның ел басқарып отырған, елге қадірлі тұлғала рының араб əріпімен қазақша жазылған хатының орысша аударылған мұрағаттық құжатында мүлде басқа сарындағы пікір қалыптастыратын оқиға баяндалады [12; 2–10 қп.]. Іс «Дело по обвинению старшины Б.Кырбашева в разжигании розни между казахами КуянчиТагаевской, КарсонКирнее вской и АльтекеСарымовской волостей» деп аталады. Істің басталған жəне аяқталған уақыты: 02.01.1842 — 29.05.1852:

Его Высокоблагородию Господину Пограничному Начальнику Сибирских Киргизов Старшин, биев и прочих киргиз волостей КарсонКирнеевской, КуянчиТагайской и АльтекеСарымской

Прошение

Сего округа КарсонКирнеевской волости старшина Байсеит Кырбашев с давняго времяни обез покаивает наших Пограничных киргиз, между прочим производить большия безпорядки, както он защищая воров, отводить их от платежа скота, определенного по суду биев, решение биев отмени вает, а окончанныя между киргизами дела возобновляет. Что все это может подтвердить следую щее дело: когда БаянАульского округа Туртугульские киргизы приезжали с толмачем Пирожковым для получения уплаты за скота, угнатого от них ведения его киргизами, то он и тогда также пер вый отклонил удовлетворение, посеяв несогласие и раздор между своими киргизами,  Туртугульцами и Толмачем Пирожковым. — Далее же еще он делает несправедливыя известы на киргиз и без всяко го разбирательства самопроизвольно взыскивает понескольку скота или вещей, равно как ныне осе нью не имея никакой претензий, а только вынужденным средством взыскал с бия АльтекеСарымов ской волости Чувашбая Атантаева 5 верблюдов, со старшины Мамыра ИсеньАманова 10 войлоков три щелковых патшаиновых халата и одну лисью шубу, со старшины, отделения Карсоновскаго Нурлубая Байбурина одного верблюда, с Кирнейскаго киргизца Аргунбая Кутаманова семь лисиц. Та ковыми же поступками привел народ в бедность.

О чем доводя до сведения Вашего покорнейше просим этого самого Байсеита как человека нару шающаго народнаго спокойствия и производящаго безпорядки, служащия поводом к умножению между киргизами воровства, — лишить старшинскаго звания и воспретить ему присудствовать при выборах султанов, старшин и входить в разбирательства — тогда то Вы сами увидите, между народом водворится спокойствие и тишина. — На что имеем щастие ожидать милостиваго Ваше го внимания и покровительства для народа и нас самих. — Приложили печати и тамги: КарсонКир нейской волости Волостной Управитель: Исберген Садырбаев; Старшины: Кутчась Ильчибеков, Кабак Конурбаев, Нурлубай Байбурин; Бии: Джансеит Кинчагаров, Богонбай Урусов, Бегалы Жау тыков, Туман Уразбаев, Итжан Пичанов, Тубучак Урунбаев, Чамбул Куланов; КуянчиТагаевской во лости: Волостной управитель: Кадыр Айткелев; Бии: Курчубай Айткаров; Старшина: Качкунбай Хожабергенев; АльтекеСарымовской волости: Волостной Управитель: старшина Жангудты Бу тантаев; Старшины: Мамыр ИсеньАманов, Дабыр Каланбаев; Бии: Джувашбай Атантаев, Чичан Карачев, Кулан Атамбеков, Чинбулат Чантуров и Кичанбай Атамбеков; Переводил Переводчик Кур банаков».

Бұл құжатта баяндалған Бəйсейіттің мына қылықтары көңіл аудартады: барымташыларды қор ғауы; билер сотының билігін бұзуы; билікті өзінің шығаруы; Баянауыл округіндегі Төртуылдан алын ған малды қайтармауы; шенеунік Пирожковқа ерік бермеуі; ел билеген болысы, биі, старшиндарына қарсы шығуы; ел билігіндегілердің өзіне салық салуы; ел билігіндегілердің қарсылығына тап болуы.

Аталған əрекеттерді жеке алып қарастырсақ, қымқиғаш оқиғалар əр тұлғаның «көрпені өзіне қа рай тартқанынан» туындап жатқан шетшегі жоқ пендешілік тірліктің тізбегі сияқты əсер қалдырады. Сондықтан да, салған бетте, осыған тап болған зерттеушілер: «Мұндай ұсақтыққа бас қатырудың ке регі не?, ол өмірде орын алса да, үлгіөнеге болардай тарихқа пайдасы бола қоймас» деген оймен мұ рағат дерегіне немқұрайлы қарауы мүмкін. Ал, аңыз бен құжатты салыстыра отырып, оқиғаларды бі ріменбірін байланыстыра қарастырсақ, жіпке тізгендей ғып көтерілген мəселелер — Бəйсейіт пен ел билігіндегілердің арасындағы мəмлеге келе алмаған ең басты мəселе — ел тəуелсіздігі үшін басталған күрестің тағдырына байланысты болғанын аңғаруға болады.

Бұл келіспеушіліктің мəнін түсіну үшін Бəйсейіт тағдырының ерекшелігіне көңіл аудару керек. Ол — еркін тірліктің, тəуелсіз елдіктің жоғын жоқтаушы. «Желі қарсы соққан» қасаң замандағы жоқ таушы тағдырының тауқыметін түйсіну, біздерге жоқтау сөздің зарын есітіп, көз жасының ащы кер мек дəмін татқандай əсер қалдырса керек. Себебі, Бəйсейіт бидің тағдыры көпшілік сияқты тірлікке ебін тауып бейімделуден гөрі, арпалысқа толы; бейтарап ойшылдың өмір мəні туралы пəлсапалық ой қозғағанынан гөрі, сол өмірдегі келеңсіздік пен келіспеушілікті ащы тілдің айырымен аямай шаншып, шындықты бүркемелеген бетпердені сыпырып тастауға толы. Ой салып қана қоймай, соны сол сəтін де қарсылыққа қарамай іске асыруға бел шекен күреске толы болды. Сондықтан да отаршыл мен оның елден шыққан ауызжалас, сыбайлас, бақталастары түгілі, кейд, өзім деп жүргендердің өзі оның бірбеткейлігін көтере алмай, пендешілікке салынып, түсініспей қарсы шықты. Мəтіндегі «жол ара сында» айтылмай, жасырын қалған ойды аршып оқыса, кез келген оқырман мұрағат дерегінен де шындықтың талай қырын көріп, мəнін түсіне алады.

Жанқұттыға байланысты мақалада: «КəрсөнКерней болыстарына болыс сайлағанда Бəйсейітті ұсынбайды» [4; 17], — деген пікірді келтіргенбіз. Оқырманға түсінікті болу үшін мына мəліметті де еске сала кеткен жөн. Хандық жүйе жойылып, орнына Аға сұлтандық билік орнаған соң, 1824 жыл дан бастап болыс басқарушылары негізінен сұлтандар болды. Бəйсейіт сияқты рубасылары старшын лауазымына ие болды [13]. Ал, Кенесары көтерілісінен кейін, əсіресе оны 1841 жылы Ұлытауда хан көтергеннен секем алып, патша үкіметі жаппай болыс сұлтандарына шағымдар ұйымдастырып, орын дарына рубасыларын тағайындауға көшті. Осылай, ҚояншыТағай болысында Есімұлы Шаңқайдың орнына Айткелұлы Қадыр (15.02.1842), КəрсөнКерней болысында Ғазыұлы Құдаймендінің орнына Садырұлы Есберген (23.02.1842), ƏлтекеСарым болысында Бөкейұлы Ғазының орнына Ботантайұлы Жанқұтты (16.12.1842) болыстыққа сайланды [14].

Кенесарыны хан сайлап келгендеріне жарты жыл уақыт өтпей жатып, ел билеуші Бөкейдің ұр пақтарына ту сыртын беріп, кейбірінің үстіне шағым жазып, отарлық билікпен ымыраға келе қойға ны — Бəйсейіт сияқты еркін өмір салтына ұстанымы берік тұлғаның зығырданын қайнатса керек. Бəйсейіттің ел билігіндегілердің бəріне наразы болуының бір себебі осында жатуы əбден мүмкін.

Екінші жағынан, Абылай хан мен Барақ сұлтанның, олардың балалары — Уəли хан, Қасым төре мен Бөкей ханның, немерелері — Саржан, Кенесары мен Тұрсын, Ғазы, тағы басқалар арасындағы отарлаушы өкімет от салып, қоздырған, əулет аралық бақталастықта екі ұдай боп бөлінген елдің ер кіндік жолын ұстанған рубасылары Абылай хан немерелерінің артынан еріп, патша үкіметінің уағы зымен емес, Кенесарымен келіскеннен кейін, өз еріктерімен патшаға бағынған Бөкей немерелерінің қолынан елдегі болыс тізгінін де өздеріне алуға көшсе, Бəйсейітке рубасылық орны тұрғысынан қа лыптасқан бұл жағдай да тиімсіз болып, екінші бір əлекке салып қойған. Себебі əрқайсысы өз тізгінін өз қолына алып жатқанда оның ел билігінен тыс қалдырылуы — ашуызасын тудыруы пендешілік тұрғыдан да түсінікті жағдай. Сондықтан ол өз руының — кернейдің тізгінін, кəрсөннен бөліп, өзде рінің қолына алуды көздеді. Сол үшін, жасы келмей тұрса да, билікті жалғыз ұлы Нұрланға алып бе руге тырысты.

Осыған Төрехан Майбастың ел ішіндегі: «Ояз бен Бəйсейіт» деген аңызы дəлел: «Қарқаралының оязы бір жазда Бəшекеңе қонақ болыпты. Кетерінде оязға болыс сайлауында менің Нұрланымды бо лыстыққа өткіз деп екі шымқай ақбоз сыйлапты. Атқа қызыққан ояз уəдесін беріп кетеді. Келесі жылы болыс сайлауында ояз Керней ата шонжарларының қысымына шыдай алмай, Нұрланды бо лыстыққа өткізе алмай қалады. Сонда Бəшекең:

— Аттан аттың асқаны,

Адымдай басқан ізі артық.

Ерден ердің асқаны,

Уəдеге тұрса сөзі ар тық.

Уəдесіз болған еркектен,

Борбайымдағы без артық, — депті.

Сөз төркінін түсінген ояз амалсыздан Бəшекеңнің екі ақбозын қайтарып беріпті» дейді [1; 74].

Осы аңыздың желісі мұрағат құжатындағы бір оқиғамен байланысты сияқты. Жоғарыда келтір ген Бəйсейіттердің Омбыға барған сапарындағы 1842 жылы 22 маусым күні берген түсініктемесінде Бəйсейіт: «В летнее время 1841 года бывший заседатель Неговский приезжал к нам в упомянутую волость, с женою своею, старшиною Бедышпаем Байджавлявовым и прочими русскими, и когда вы ехал в АльтекеСарымовскую волость, наподалеку от нашей кочевавшую, то от толь приехал ко мне означенный Бердышпай, с 7 человеками киргизами Байбуринсой волости: Тунгатом, Джаламаном и прочими, коих имян незнаю, объявил, что Г.Неговский просил курендык для молодой жены своей, т.е. подарок; но когда я ему не давал, то он с теми киргизами насильно из табуна моего близь аула быв шаго, при киргизах КарсонКирнеевской волости: Джамбуле, Копе, Джаркене, Бексеит, Даярбек, и Юсумбек, отогнал 12 кобыл с жеребятами и двух жеребцов, которых хотя я с поименованным кир гизами при мне бывшими догонял, но догнать не мог и потому приехал к Г.Неговскому, в аул Стар шины Чеченя бывшему, просил его, чрез Бердышпая, знающаго русский разговор, при сказанных кир гизах 6 человек, чтобы приказал угнатых кобыл и жеребцов возвратил мне; но Г.Неговский ничего мне на то несказал, а Бердышпай возвратил мне только одного жеребца; кобыл же и другого же ребца не возвратил и как я в последствии слыхал, не упомню от кого, что Бердышпай угнал их в свою Байбуринскую волость. После того чувствуя себя обиженным, вместе с прочими киргизами подали прошение Актаускому коменданту и ныне сотником Карбышевым производится о том следствие, по коему от меня и прочих отобраны показании; но о смещении бывшаго тогда волостным управи телем Султана Х.Газина, я и прочия старшины Г.Неговскаго не просили и за то кобыл ему не дари ли», — дейді [10; 102, 102 қп.].

Аңыздағы «ояз» дегені уезд бастығының өзі емес, «ояздан келген» немесе «ояздан сəлем алып келген» заседатель Неговский болуы əбден мүмкін. Тергеудің алдында, əрине, мəселенің нақты қалай болғанын Бəйсейіт те, заседатель Неговский де бастары пəлеге қалмас үшін не деп келіскендерін тар қатып айтып жатпайтыны өзіненөзі түсінікті.

Ал, келіскен екі аттың орнына он екі бие құлынымен жəне екі аттың («двух жеребцов») алынға ны наразылық тудырып, қалғанын қайтару жөніндегі талабын айтқанда Неговскийдің ештеңе деп жауап бермегеніне қарағанда, шынымен, бір шикіліктің болғаны анық сияқты. Алдында аттың біреуі ғана қайтарылса, бұл істің арты басқа былықтармен қосылып, іс қозғалғанда, аңызда айтылғандай, екіншісі де қайтарылуы мүмкін.

Деректегі Бəйсейіттің: «Неговскийге сұлтан Құдайменді Ғазинді КəрсөнКерней болысының би лігінен түсірсін деп ат силаған жоқпыз», — деуі ойға қалдырады. Жоғарыда атап өтілгендей, патша өкіметі сұлтандардың орнына рубасыларды сайлауға кірісе бастаған соң, Бəйсейіт бұл тізгінді баласы Нұрлан арқылы өз қолына алуды көздеген. Бұл оқиғаның қалай өрбігені 1841 жылғы 20 тамызда жа зылған Ақтау дуаны коменданты қызметін атқарушы капитан Томиловтың рапортына жауап берген Сібір қазақтарының шекаралық бастығының қызметін атқарушы полковник жəне кавалер Фалецкий мырзаның хатында: «Уведомляю Вас, что на перечисление 240 юрт киргиз, КарсонКирнеевской во лости рода Чан Балапанова, в КуянчиТагаевской волости, я никогда не изъявлял согласия; но так как они жаловались на притеснения султана Худайменды Газина и старшины Байсеита Курбасова, то я предложил Пограничному Управлению, объявить им, что народ может избрать другого   упра вителя  и  тогда  им  не  для  чего  переходить  в  КуянчиТагаевскую  волость»,  —  деп   баяндалады 15; 74,74 қп.].

Бұл деректен Құдайменді Ғазыұлы мен Бəйсейіттің ниеттері бір жерден шығып, бірге қимылда ғандары байқалады. Бірақ шенеуніктер екеуінің арасына от салу мақсатында осындай қауесет тарат қан болу керек. Осы мəселені сотник Карбышевпен қатар тергеу жүргізген Батыс Сібір Бас басқарма сы жанындағы ерекше тапсырмаларды орындайтын шенеунік Семеновтің Құдаймендіден тергеу ке зінде алған түсінікмесінен аңғаруға болады. Онда: «...а султан Х.Газин показывает, что он видел, как сказанных 17 кобыл, Неговский передавал тому Бердышпаю для отвод в Байбуринскую волость и слыхал, не упомнить от кого, что их подарили Неговскому Старшины КарсонКирнеевской волости, за то, что бы уважил их просьбу, о смещений Худайменду с Волостных Управителей», — дейді [10; 101 қп.].

Бұл деректен мынадай қызық оқиғалардың желісі анықталатындай: тіс қаққан қу шенеунік кəр сөнкерней билеушілерінің екі жікке бөлінген тобымен де жеке келіссөздер жүргізіп, біреулеріне: «ұнамайтын сұлтандарыңды орнынан алғызамыз» — деп, Бəйсейітке: «Нұрланыңды болыс қыла мыз» — деп, екі жақтан да жылқымен, тағы басқа да құнды заттармен пара алып, жөніне кеткен. Бəй сейіт қуып барғанда Нұрлан үшін келісіп берген екі аттың біреуін ғана алып қалған. Ал басқалардың не деп келіскенін, олардың Құдаймендіге байланысты келісімдеріне оның қатысы жоғын Неговский мен жылқыны айдап алған Бертісбайлар анықтап білмей, қолдарынан келетіні — өзі де түскелі тұрған Құдаймендіні болыстықтан алу үшін деп алғандарын (құлынымен 12 биені) қайтармай, жас болған соң болыстыққа өтерөтпесі неғайбыл екенін ескеріп, Нұрланға деп алғандарының біреуін қалдырып кеткенге ұқсайды. Бұны артынан сезген Бəйсейіттер іс қозғаған. Істің арты үлкен тергеуге ұласқан.

Осыдан келіп, бір жағынан, Есберген Садырұлы бастаған кəрсөн мен Бəйсейіт бастаған керней лердің арасы, екінші жағынан, керней ішінде Қара би бастаған 240 шаңырақ Шаң, Балапан мен Бəй сейіт бастаған Дау аталары арасында үлкен дау басталып кетеді. Кернейдің 1841 жылы кəрсөннен бө лінеміз деп, кейін өзара келіспей, екі ұдай болып, бір бөлігі ҚояншыТағай болысына қосыламыз деп, Бəйсейіт бастаған тобы өз алдымызға жеке болыс боламыз деп, ел іші бүлініп, екі айырылған жағдай қалыптасты.

Бəйсейіттің көздегені кернейдің бəрін патша билігінен бөліп алып, оған қарсы шыққан Құдай менділермен бірге қимылдау болды.

Оған қарсы отарлаушы өкімет те өз дегенін іске асыруға асықты. Полковник Вишневский 1841 жылғы 9 желтоқсанда жазған өкімінде: «Строго предписываю Каркаралинскому Приказу немедленно распорядиться исполнением указа Пограничного Управления и предписания моего от 22 октября    за № 3163 относительно выбора в Байбуринскую волость волостного управителя, вместо признанного по старости лет, неспособности к этой должности, Агадая Маманова, также поставляю в обязан ность Приказа наблюсти за скорейшим выбором волостного управителя в КарсонКирнеевскую во лость, вместо бежавшего Худайменды Газина», — деп ел ішіндегі толқуды тізгіндеуге тырысты [15; 102–103 п.]

Шындығында, Құдайменды Ғазыұлы 1841 жылы елден біржолата кетіп, Кенесары қолына қыз мет етіп, ол көтеріліс жеңілгеннен кейін де, өмірінің соңына шейін патша өкіметіне бағынбай кетті. Елден жырақ жүріп, тəуелсіздік үшін күрескен Құдаймендіні Бəйсейіттің өзі де, баласы Нұрлан да, кəрсөн Есеттің Көпбайы да, ƏлтекеСарымның болысы Күшікбайдың Дəулеті де соңына шейін қол дап, оны кейде ел ішінде жасырын келіп, қонақтап жатуына жағдай жасап жүрді. Осы үшін Есеттің Көпбайын, Бəйсейіттің Нұрланын, Күшікбайдың Дəулетін 1855 жылдары сотқа тартып, Көпбайды за седательдіктен, Нұрлан мен Дəулетті болыстықтан түсірді [16]. Құдаймендінің тағдыры əлі күнге тылсым дүние. Оны елеп, ой қозғайтындай не ауызша, не тарихи дерекпен талданып жазылған зерт теу жоқ. Ал мұрағатта оған арналған істер бірнеше том, мыңдаған беттерде сақталған. Бəрінде ол тек қылмыскер, қарақшы ретінде əшкереленеді. Ал ол — тəуелсіздік үшін соңына шейін табандылықпен күресіп, мойынына бодандықтың қарғы бауын салдырмай кеткен тұлға.

Ал Бəйсейіт оған қол ұшын беріп отыруға мүмкіндігі болу үшін Қарқаралы округінің ықпалы нан, Ақтау дуанындағы қарулы отрядтардың маңынан кернейдің аулақта болуын қалады. Жоғарыда аталған Фалецкий мырзаға Ақтау коменданты капитан Томиловтың берген рапортында: «Кирнее вской волости киргизец Кирейбай Кутеманов со старшиною Байарыстаном Абеневым и прочими бывшими в Омске, сего числа явясь ко мне обявили, что будто бы первый из них просил Ваше Высо коблагородие о перечислении 240 юрт Кирнеевской волости в таковую же КуянчиТагаевскую, имея на то важныя причины, и что на эту просьбу их изъявлено согласия Вашим Высокоблагородием. — В противность же этого, старшина Кирнеевской волости Байсеит, непринимая никаких от них убеж дений, принудил … 240 юрт кочевать непременно с ним обратив оных с половины пути следования на дозволенные места близ Актау, которыя и находятся теперь от родов: КуянчиТагаевского, Аль текеСарымовского и КарсенКирнеевского, самопроизвольно от Приказа отделенными им старши ною Байсеитом, на расстоянии ста верст.

Принимая во уважение это объявление старшин и руководствуясь данными им от Вашего Высо коблагородия в 29е июля за № 2137 охранным листом я командировал с ними к помянутому старши не Байсеиту двух казаков с приказанием чтобы он впредь до имеющей последовать резолюции Ваше го Высокоблагородия на просьбу киргизца Кутеманова, отнюдь не принуждал означенныя 240 юрт Кирнеевской волости, кочевать по угнетению против воли их к Каркаралам, а дозволил бы им соеди ниться с этими тремя родами» — деп, Бəйсейітке тосқауыл қояды [15; 72,72 қп.]

Қаратау, Алатаудан бар малдарынан айрылып, арыпашып келіп, енді есін жия бастаған елдің жасырын күресті жалғастыру ниетін қабылдамай, өз руластары еркіне көнбей, жəне оларды қолдаған көпшіліктің басылып қалғанына əбден көңілі қалған Бəйсейіт, қасақана, мұрағат құжатында баяндал ғандай: «1841 жылы кəрсөнкерней, əлтекесарымдардың Баянауылдың төртауыл руының биі Кен же Байбуриннен барымталап алған 300 жылқыны» [12; 32 п.] отарлаушы биліктің ыңғайымен, дау шусыз қайтара қояйық — деп, көне салған болыс билеушілері мен басқа да рубасыларына қарсы шы ғып, олардың билік үкімін бұзып, келісіп тұрған малын бергізбей, осы мəселені шеш деп жіберген тілмаш Пирожковқа ерік бермеген. Бəйсейіт мұны жеке басының қыңырлық мінезіне салып істеген жоқ. Мұндағы гəп — ол малдың не себепті барымталанғанында. Оның қарамағындағы елі барымтаға қарны ашқандықтан, күнкөрістің қамымен барған жоқ. Жəне де Бəйсейіт ұрықарыны қолдаған жоқ. Кенесарының: қай ел оның қолына қосылмаса немесе талап еткенде, əскеріне қол ұшын бермесе, сол елдің малын барымталап, елін шауып, жазасын беретінін ескерткен. Осы ойын Кенесары билерге ай тқан бір сөзінде: «Егер бұрынғы істеріңізден тəубе қылып қайтсаңыз жақсыларыңыз бізнің алды мызға келіңіз. Бізнің мейірбанлығымыз сізлəрге көп дұр. Егер келмесеңіз біз отыз жасқа келіппіз; сіз ні кұдайдан тілеп енді отыз жыл жаулармын; еншалла хақ! Сізлəрге Бəубек құлымызны жібердік, əрбір ауыз тіліне бауыр қылың» — деп жеткізіп, ол хатқа мөрін басқан [17].

Мəшһүр Жүсіп: «... Сонда сол замандағы жақсылар Қытай елшісіне де сөйлесіпті. Кенесарының сөзіне де ұйымады. Иван Семеновишке де сөйлесіпті: «Жерімізге тимесең, баламыздан солдат алма саң, саған қараймыз. Осыған уəде берсең, біреуіміз хабарласайық. Хабар өзімізден болсын», — деп қайтарады. Кенесарыға: «Өздеріміз бас қосып, кешікпей бір жауабын береміз» — деп, оған қорыққа нынан осылай жауап қайтарады.

Кенесары бұлардың арам ойларын біліп, еліне бара сала əскер аттандырып: «Менің айтқаныма жүрмеді» деп, елді шауып, шаншып, талай бастады», — дейді [5; 169]. Аңыздың келесі бір тұсында:

«Кенесары: Қуандық, Сүйіндік, Қаракесек — бес Мейрамды өзіме қаратып, соңымнан ертіп алып, Шу, Қаратауға аударамын! — деп» рубасыларын соңынан ерткенде «... орысқа қарап бағынып қой ған Азнабай балалары: Тайжан қажы, Сейтен болыс еді. Болыстық, қажылықты керек қылған жоқ: Кенесарыға еріп ауды. Алтай: Алдажұман байлары түйе жүк артқан жамбыларын көлге, суға төгіп кеткен. Қаржас та ауды, Орманшы да ауды. Баянаулада Боштай аға сұлтан — дуанбасы күні сол дат алдырып, казакорыс алдырып, Айдабол, Күлікті қойдай қамап, иіріп, аудырмай алып қалды», — дейді [5; 171].

Міне, осы, Баянауладағы төртуылдың малын көрші қаракесек елінен карсөнкерней мен сарым дардың барымталауына Кенесарының тапсырмасы себеп болуы əбден мүмкін. Оған дəлел болатын дерек: Кенесары алғаш ұран тастағанда Шет өңіріндегі бесатаны бастап бірінші Бəйсейіттің барғаны жөнінде: «БишатаКаракисетская, Кернеевская с старшиной Байсеитом — Близ Актау на юг при горах Актасе и Джалтасе. Карсоновская — При горах Таяткан Чунаке, от Актау на юг же за пер выми. Куянчи — Тагаевская и род Сарымовский — Смежно с первыми от Актау на юг же», — деп мəлімдейді олардың соңынан жіберілген шекарадан тыс əскери отрядтың бастығы əскери старшын Карбышев [18].

Ал, Бəйсейіттің Кенесарымен бірге қимылдағаны жөнінде, 1847 жылы 3 қазанда Қарқаралы ок ругтік приказының сот бөлімінде тыңдалған рапортында: «Баянаульский Приказ и до сего времени недоставил сведение которое при решении поступков Кырбашева необходимо нужно по самому за ключению Пограничнаго Управления подписанному 15 декабря 1843 года о учавствовании с прочими киргизами и Кырбашева в шайке Кенесары при нападении на Актаузское укрепление в 1838 году. Угон же Туртугульских киргиз 300 или 242 лошадей киргизами по коему и Кырбашев заключается, как видно из окончательнаго о поступках Кырбашева производства, произведен был барантою с убийством, каковыя поступки Кырбашева по упомянутому приговору сего Управления велено раз смотреть вместе с другими об нем делами» — деген дерек келтіріледі [12; 79,79 қп.].

Бəйсейіттің төртуылдың малын даулап келгендерге жасаған қылығын ресми, саяси тұрғыдан қа растырсақ, оның: «ол малды еркіндігіміз үшін күреске алдық; өздерің бұл ұлы іске ат салыспай, бұ ғып қалдың; малымыз соның өтеуіне құрбандық болсын» деудің орнына, енді келіп, сол малды даула уға қай беттеріңмен келіп тұрсыңдар» демегеніне кім кепіл бола алады?! Дəл осылай айтылмаса да, Бəйсейіт осы түсінікпен кесімді билігін өзі шығарды. Əрине, Бəйсейіттің нақты ойын қандай өткір тілмен қалай саптап бергенін естіген қазір ешкім жоқ. Бірақ оқиға мен ондағы басты кейіпкерлердің басынан өткен шытырман сан түрлі осы мəселеге тікелей қатысты мəліметтер мұрағаттың шаң басқан сан мыңдаған істері мен беттерінде жоғарыдағы бір ғана хатта көрсетілгендей, тəптіштеп баяндалған. Бұл зерттеуде біз тек теңіздің тамшындай бөлігінен ғана сусындап отырмыз.

Осы оқиғалардың өзін саралап келгенде, Бəйсейіттің бəр ісқимылының, қылығының негізінде басқалардың ашық мойындамаса да іштей келісетін қисыны болғаны байқалады. Ол — еркін өмір үшін күрес. Сондықтан оның қолын ашықтанашық ешкім қаға алмады. Тек, өздеріне ашық қарсы шыққан соң, амалсыздан бағыныштылық саясатты қолдап отырған ел билігіндегілер оның үстінен шағым жазуға ғана қауқарлары жетті. Бірақ осы шағыммен басталып кеткен іс, 1852 жылға дейін со зылып, ақыры аяқсыз қалды. Бұл істі Бəйсейіт пара беріп тоқтатты ма, əлде ұлы Нұрлан болыс болған соң оған нүкте қойды ма — ол екінші кезектегі мəселе. Ал бастысы — ол істі артынан қуып, ізденуші болмаған соң бықсыпбықсып барып сөнген қоламта сияқты — Бəйсейіттің еліне адалдығына көзі жеткен ел — сол істің аяқсыз қалуын өзі де қалаған сияқты. Оны қоздатып отыруға мүдделі болған тек оның Құнанбай сияқты ашық бақталастары болды. Ол биліктен тайған соң — қоламта да өзінен өзі сөнді.

Бəйсейіттің саяси көзқарасы мен жеке басы мінезқұлқының тағы бір қыры Құнанбаймен арада ғы дүрдараздықтан көрінеді. Ол туралы мəлімет ауызша аңызда кеңінен баяндалады [1; 65–83]. Бəй сейіт аға сұлтандыққа Көпбайды ұсынып Құнанбайға қарсы шыққанда: «Төбеде отырған жақалтай ды жарда отырған жапалақ қалай басқарады?... қабырғалы Қаракесектің билігін Маябоздың тобы ғына берді деген не сұмдық?!» — деп шарт сынады [1; 66]. Бəйсейіт Құнанбайға тек «у ішсең руың мен» деген қағидамен емес, оның Кенесары көтерілісі кезінде, патша əскері мен əкімшілігіне қызмет етіп, шен алып, иығына шекпен жауып, енді солардың қолдауымен қаракесек елінің билігіне қол соз ғаны намысын қоздырып, ол қаншалықты өзін елге мойындатар ерен тұлға болса да, айтатын ойын мəймөңкелемей, бетіне айтып салып, қарап отырған.

Құнанбайдың Ресей үкіметіне адалдығы жөніндегі деректі 1840 жылы 20 ақпанда Тобықты бо лысының сұлтандары, билері жəне старшындары Қарқаралы сыртқы округтік приказға жазған өтіні шінен көруге болады. Онда: «окружному Приказу известно, что... когда в 1836 году при происшед шем от мятежного султана Кенесары Касымова расстройстве почти всех округов Киргизский на род, следуя его возмущению, нарушил данную присягу, вместе с ним состовлял скопище и бродяже ство, делая многим людям неистовство, тогда мы, вопервых, с верою на Бога, а вовторых, оста ваясь верными к Российскому Престолу, не нарушили присяги и находясь по сие время здесь, избави лись и остались благополучными от беспорядков так же по наставлению и внушению их Ускенбаева и Иралина, которые будучи с начала верны, не просили положенной пятилетней льготы от платежа ясака, присоветовали платить оные, хотя бы нам были и трудно и полезными советами избавили нас от бед, случившихся Киргизскому народу Средней орды при Кенесары.

Дабы таковые заслуги не оставались без ведома высшему начальству, мы с общаго согласия на писав это прошение, покорнейше просим Окружной Приказ об означенных Кунанбае Ускенбаеве и Божей Иралине не оставить довести по принадлежности до сведения начальства для исходатай ствования им офицерского чина, присовокупляя к тому и со стороны своей хорошую рекомендацию, для поощрения их на дальнейшую полезную службу», — деп жазған [19].

Бəйсейіт пен Құнанбайдың ұстасуы жеке бастарының пендешіліктерінен емес, ел тағдыры қыл үстінде тұрғанда, жауапкершілікті мойындарына алып, өздері таңдаған жолға берік сенімді болды. Сондықтан да, аңызда айтылғандай, екеуінің арасы қайтақайта ушығып отырды. Бұл қарсыластық саяси көзқарастың ымырасыздығынан туындады.

Ал жеке алсақ, Құнанбайдың бір басының қадірі жалғыз тобықты емес, бүкіл қазаққа мақтан тұ тарлық тұлға екеніне, əрине, ешкімнің күмəні жоқ. Адольф Янушкевич жазғандай: «... Табиғат оған кесек ақыл, ғажайып ес жəне жүйрік тіл берген. Іскер, өз аталастарының игілігі туралы қам жейді. Дала заңдары мен Құранқағидаларының баянды білгірі, қазақтарға қатысты Ресей заңдарын жат қа біледі, қара қылды қақ жарған би жəне өнегелі мұсылман. Қарапайым Құнанбай əулиенің даңқына бөленген. Одан ақыл сұрауға жас та, кəрі де, кедей де, бай да əр қиырдағы ауылдардан келіп жата ды.

Тобықты руының сеніміне ие болып, ол болыстық қызметке сайланған. Ол өз қызметін бақайша ғына дейін біліп, оны бар қайратжігерін сарқа төгіп атқарады, иегін көтерсе болды, əр бұйрығы, əр сөзі орындалады» [20; 69].

Əрине, біз қолымызға түскен шектеулі жазба дерек пен талай өзгеріске түскен аңыздарға сүйе ніп, тұлғалардың мінезқұлқы мен нақты ісəрекетінің астарын толық аштық деп ойлаудан аулақпыз. Барлық жағдайда Құнанбайдың тек патшаның мүддесіне, Бəйсейіттің тек хансұлтандар мүддесіне, Жанқұттының екі жақтан да түңіліп, тек ар тазалығының мүддесіне ғана қызмет етпегені өз алдына түсінікті жағдай. Саяси тұрғыдан таңдалған жолдарды олар өзара келісіп алды ма, əлде, өмір ағымы өз заңдылығымен осыған алып келді ме, қалай болса да — бар пендеге тəн мінезқұлық бұл тұлғалар ға да тəн. Мұрағаттық құжатта немесе осы оқиғалардың ортасында жүргендерден қалған естеліктерде осындай пендешілік мінезқұлықтар жөніндегі деректер де орын алған.

Мысалы, жоғарыдағы Бəйсейіт қылықтарының ашып көрсеткен саяси астарынан бөлек, пендеші ліктің де іздері байқалатыны сөзсіз. Сол сияқты, Құнанбайдың да пендешілігі жөнінде сол іссапарда бірге болған Адольф Янушкевич: «Құнанбай бір əредікте екі жүзділік көрсетіп қалды. Өздерінің жылқылары мен қойларын жасырған дəулетті жерлестерін бізге сол көрсетті. Шындықтың бетін ашуымызға, дəлірек айтқанда, бізге көмектескен адамды білген болса, онда олар Құнанбайдың шы бын жанын көзіне көрсеткен болар еді», — дейді [20; 181]. Жанқұттының да белсенді тірліктен бас тартуын жан тыныштығын ойлаған пендешіліктен деп түсінуге болады.

Бірақ мұндай түсінік — еш міндет пен жауапкершілікті мойнына алмай, бəрін тар түсінік аясын да ғана қабылдайтын пендешіліктің пайымынан туындайды.

Ендігі тарихи зерттеудің мақсаты — пендешілікті дəріптеу емес, керісінше, оны тарихи тұлға лардың бойынан тауып жатса — оған жаңалық ретінде қарап, тұлға туралы түсінігін бəріне жаралған нан тəн пендешілік өлшемімен өлшеп, нарқын түсірудің — қоғам дамуына қалай кері əсер ететінін əшкерелеу. Кейінгі кезде жарияланып жатқан отарлаушы үкіметтің ісқағаздарындағы деректі өз мақ сатмүддесін көздеп жазған отарлаушының берген қалпында қабылдап, одан тек түңілу — кең жайы лып келе жатқан құбылыс. Бізге түңілу емес, түсіну жəне одан қорытынды шығару керек. Өмір заң дылығы бойынша қоғамдағы мəселе тек қиялдың қарамақайшылықсыз əлеміне еліктеу арқылы ғана шешілмейді. Өткендегі жақсылықтан үлгі ғана емес, істегі сəтсіздік пен бойдағы кемшіліктен сын ар қылы сабақ алып, одан арылу керек. Жоғарыда аталған тұлғалардың қатардағы пенделерден ерекше лігі сол — олар бағдарсыз қалған өз уақытында жаңа құндылықтарды өз ісəрекеттерінің үлгісімен жасап шығып, ол көпшіліктің тығырықтан амалдап шығуына мүмкіндік берді. Ел ұрпағын да, елдік қасиетін де сақтап қалды. Бұл Құнанбай, Жанқұтты, Бəйсейіт сияқты тұлғалардың сын сағатта бойла рындағы пендешілікке тізгін салып, ел алдындағы азаматтық борыштарын адал перзенті ретінде ат қарғандықтың жемісі. Тұлғалар — сын сағаттағы ел бағына сай жаралатын құбылыс. Келер ұрпақ олардың өмір жолдарының бəр бұралаң, қалтарысына шейін біліп, үлгіөнегесіне еліктеп, сəтсіздігі мен кемшілігінен сабақ алып өсуі керек. Бəйсейіттің өмірін аңыз бен деректі салыстыра талдағандағы мақсатымыз — осы мұратқа жету.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Майбас Т. Оныншы ауыл: Шежіре кітабы. — Алматы: ҚАЗақпарат, 2007. — 238 б.
  2. Жүністегі К. Шырағдан. — Алматы: «Елшежіре» ҚҚҚ, 2007. — 312 б.
  3. Жакин М.С. Өлкетанудағы ірі тұлғаларды зерттеу мəселелері // Олжабай есен болса — ел аман: Жоңғар басқыншылығына қарсы жүргізілген қазақ халқының ұлтазаттық соғысының ірі қолбасшысы Олжабай батыр Толыбайұлының ерлігін еске алуға арналған «Ерлер есімі ұрпақтар есінде» атты халықаралық ғыл.теор. конф. материалдары (23–24 мамыр 2005 жыл). — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005. — 166–175б.
  4. Жакин М.С. Жақсы Жанқұтты: аңыз жəне дерек (сыни талдау тəжірибесі) // ҚарМУ хабаршысы. — — № 2. — 15– 22б.
  5. Мəшһүр Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. — 9т. — Павлодар: ЭКО ЖШС, 2006. — 366 б.
  6. ЦГА РК. Ф345. О1. Д1649. Формулярный список о службе управителя АльтекеСарымовской волости Каркаралинского округа майора султана Газы Букеева. — 1850 г., февраля — Л.67–68; ЦГА РК. Ф374. — О1. — Д2399. — Формулярный список о службе управителя АльтекеСарымовской волости Каркаралинского округа старшины Джангутты Ботантаева. — 1850. — Л. 31–32. / «История Казахстана в русских источниках XVI–XX вв». О почетнейших и влиятельнейших ордынцах: алфавитные, именные, формулярные и  послужные  списки.  12  ноября 1827 г. — 9 августа 1917 г. — Т. VIII. — Ч. 1 / Сост., предисл., коммент. и указ. Б.Т.Жанаева. — Алматы: ДайкПресс, 2006. — 716 с. + вкл. 4 с.
  7. Артықбаев Ж.О., Жакин М.С. Шет өңірінің тарихы. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 1998. — 251, 252б.
  8. ЦГА РК. Ф374. — О1. — Д3892. Рапорт Каркаралинского внешнего окружного приказа в Пограничное управление сибирскими казахами 1842 г., августа — 291 л. / «История Казахстана в русских источниках XVI–XX вв». — Т. VIII. — Ч. 1. — С. 147.
  9. ЦГА РК. Ф 374. О1. Д2397. Донесение Каркаралинского внешнего окружного приказа исправляющему должность пограничного начальника сибирских казахов полковнику Е.А.Клейсту. — 1850 г., февраля — Л. 1 / «История Ка захстана в русских источниках XVI–XX вв». — Т. VIII. — Ч. 1.
  10. ГАОО. Ф3. О2. Д1993. — По жалобе старшин и киргиз в ведении Каркаралинского округа на бывшего в тамошнем окружном приказе заседателя Неговского о незаконных поступках (Ч. 5). (О невозможности командировать муллу; опросы и показания; очные ставки). — 13.10.1841–28.08.1842. — 146 л.
  11. ЦГА РК. Ф374. — О1. — Д.4387. Дело о избрании старшим султаном Каркаралинскаго приказа К.Таукина и управи теля КучукТобуклинской волости К.Ускенбаева. — 25.07.1849 — 02.11.1849. — 19 л.
  12. ЦГА РК. Ф374. — О1. — Д3884. Дело по обвинению старшины Б.Кырбашева в разжигании розни между казахами КуянчиТагаевской, КарсонКирнеевской и АльтекеСарымовской волостей. 01.1842–29.05.1852. — 141 л.
  13. Матералы по истории политического строя Казахстана. — Т. 1. — АлмаАта: Издво АН КазССР, 1960. — С. 39–109.
  14. ЦГА РК. — Ф374. — Д.4849. Именной список чиновникам, письмоводителям, толмачам и волостным Управителям Каркаралинского внешнего окружного приказа. — 1845, февр. — Л.786–788 об. / История Каркаралы в документах и материалах. — Т. 1. — Алматы: Типография «ІнжуМаржан», 2008. — С.
  15. ЦГА РК. Ф374. — О1. — Д807. Дело о старших султанов, заседателей, волостных управителей во Внешнем Окружном Приказе и волостях Сибирских киргизов. — 30.01.1848 — 12.07.1848. — 298 п.
  16. ЦГА РК. Ф345. — О1. — Д1698. Дело о предании суду заседателя от казахов Коппая Исетева и волостных управителей КарсенКернеевской волости Нурлана Байсеитова и АльтекеСарымовской волости Даулета Кучукбаева за укрывательство султана Худайменды Газина. — 04.03.1855–01.05.1856 г. — Л. 1–51.
  17. ЦГА РК. Ф4. — О1. — Д4336. 14 л. / Национальноосвободительная борьба казахского народа под предводительст вом Кенесары Касымова / Сост. др ист. наук В.З.Галиев, Б.Т.Жанаев. — Алматы: Ғылым, 1996.— С.
  18. ЦГА РК. Ф338. — О1. — Д2. Записка о кочевьях казахов, присоединившихся к султану Кенесары Касымову, Акмо линского округа — 1838 г., сентября — Л. 2–3 об. / Национальноосвободительная борьба казахского народа под предводительством Кенесары Касымова. — С. 104.
  19. ЦГА РК. Ф374. — О1. — Д710. Дело о выдаче казахам похвальных и старшинских листов и серебряных медалей на 1840 г. — 11.01.1840 — 31.08.1840 — Л. 33, 34.
  20. Янушкевич А. Қазақ даласына сапар туралы жазбалар / Ауд. Ғ.Зұлхаров. — Астана: Аударма, 2003. — 264 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.