Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Құқықтық мемлекет туралы идеялар жəне оның қазіргі қазақстанда қалыптасуының алғы шарттары

Қазақстан Республикасы өз тəуелсіздігіне ие болғанына көп уақыт болған жоқ. Дегенмен, осы қысқа мерзімді тарихи тұрғыдан алып қарағанда, елімізде болып жатқан түбегейлі өзгерістердің нəтижелері бəрімізге толық көрінеді деп айтуға болады.

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихи жəне көп азап көрген тағдырында бірінші рет біздің атабабаларымыздың ғасырлар бойы армандаған ұлы мақсаты жүзеге асқан сияқты. Əлем картасында Қазақстан атты тəуелсіз мемлекет пайда болды. Мемлекеттіліктің барлық саяси институттары құрылып, экономика нарықтық жолға түсті. Осы жолда біз еркін демократиялық қоғамды дамытудың жедел бағытын жария ете отырып, тəуелсіз Отанымызда батыстық өркениеттің жемісі болып табылатын құқықтық мемлекетті қалыптастыру қажеттілігі туралы сөз етпекпіз.

Қазіргі күнде баршамыз еліміздегі демократияландыруды жеделдету үшін тұрақтылықты, құқықтық мемлекетті жəне қоғамдық келісімді сақтаудың қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеміз. Қоғамдық тұрақтылық, заңның үстемдігі, ұлтаралық жəне конфессияаралық келісім, сондай-ақ Қазақстанның жаңа геосаяси рөлі мен жауапкершілігі демократиялық өзгерістердің тиімділігінің кепіліне, оның басты өлшемдеріне айналмақ. Осы тұрғыдан келгенде біздің мемлекетіміз өскелең уақыт талабын тереңнен ұғынып, демократиялық кезеңдердің жаңа көкжиектеріне зерделі таныммен бет бұрды деуге негіз бар. Оның белгілі көрсеткіштерінің бірі құқықтық мемлекет болып табылады.

Құқықтық мемлекеттің нақты-тарихи қалыптасу тəжірибесі мен дамуы əлеуметтік-экономикалық жəне саяси деңгейімен, қоғамдық құқық сезіне алушылығымен, ұлттық жəне тарихи салт-дəстүрлермен анықталады. Мұндай жағдайлардың бірі — аталған мемлекеттің бар болуы.

Құқықтық мемлекет саяси билікті ұйымдастырудың формасы ретінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында құқықтың үстемдігі принципімен аса күрделі ұштасуына, биліктің бөлінуіне, бүкіл мемлекеттік механизмнің құқықпен байланыстылығына, заңдардың үстемдігіне, заңдылықтың жүзеге асуына, халық егемендігінің қамтамасыз етілуіне, азаматтардың құқықтыры мен бостандықтарының, ар-абыройларының сақталу кепілдігіне, қоғамның жəне мемлекеттің мүдделеріне, жалпы азаматтық құндылықтарды жəне əлемдік тəжірибені есепке алуға негізделеді.

Құқықтық мемлекет құру жолында Қазақстан Республикасының Президентінің 2007 жылғы Қазақстан халқына арнаған жолдауында жаңа кезеңнің ығына қарай саяси жəне əкімшілік жүйелерді дамыту қажеттілігі туралы айтылған. Мұнда саяси жүйені дамыту, жаңа кезеңдегі негізгі міндет жалпыға танылған демократиялық құндылықтар мен өзіміздің көп ұлтты жəне көп конфессиялы қоғамымыздың дəстүрлі үйлесімді ұштасатын ашық, демократиялық жəне құқықтық мемлекет негіздерін одан əрі нығайта беруі талап етіледі [1].

Осы мəселені ескере отырып, əлемдегі бəсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру мақсатында, ұлттың ұлы идеясын ұстанып отырған мемлекетіміздің өмірінде, құқықтық мемлекетті құру жолында саяси реформалар ерекше орын алады деген пікір баршылық. Сонымен қатар құқықтык мемлекет проблемаларымен айналысып жүрген ғалымдар, мысалы, белгілі заңгерлер мен саясаттанушылар, ең алдымен құқықтық мемлекеттің түсінігіне, оның принциптеріне, заңдылықтарына басты назарларын аударады. Бұл жолда, əрине, құқықтық мемлекет жайындағы теориялық концепцияларды жəне саяси-құқықтық ойларды ескермей болмайды.

Жалпы зерттеушілердің көбісі құқықтық мемлекет — ол жаңа уақыттың жемісі деп тұжырымдайды. Тарих белгілегендей, не көне, не орта ғасырларда құқықтық мемлекеттің көріністері болған жоқ. Бірақ кейбір қоғамтанушылар құқықтық мемлекет туралы ойлардың түптамыры ежелгі дəуірге кетеді дейді [2]. Мысалы, мемлекет пен құқықтың келіскен əрекеттестігін іздеу моделі ертедегі Қытай легистердің назарында болғаны белгілі. Ал сонау антикалық кезеңнің əйгілі философы Платон  өзінің «Заңдар» деген еңбегінде келесі ойға келгені анық: «Мен заңында күші жоқ жəне біреудің билігінде болатын мемлекетті таяуда күйрейді деп ойлаймын» [3].

Сонымен қатар құқықтық мемлекеттің негізгі идеяларының элементтері мен табиғи құқық доктриналары Цицерон жəне басқа да рим заңгерлердің ойларында кездеседі. Бірақ толық түрде құқықтық мемлекет концепциясы тек Жаңа дəуірде ғылыми денгейде нақты жетіліп, жүйелене бастады деп айтуға болады.

Жаңа кезеңнің алғашқы мерзімінде Н.Макиавелли, Ж.Боден сияқты белгілі ойшылдар бірінші болып қоғамдық санаға ертедегі табиғи құқық доктринасын енгізді дейді ғалымдар. Олар оның көптеген ережелерін жаңа тарихи жағдайда дамытты. Мысалы, Н.Макиавелли өзінің теориясында саясаттың көп деген принциптерін түсіндірді. Ол саяси өмірдің дамуындағы қорғаушы күштерді білу арқылы сол уақытқа қажетті идеалды мемлекеттің нұсқасын салуды көздеді.

Кейіннен құқықтық мемлекет туралы тұжырымдамалардың дамуына батыс буржуазиялық революциялар кезеңінде өмір сүрген Г.Гроций, Б.Спиноза, Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье сияқты прогрессивті ойшылдар көп үлес қосты. Олардың ішінде Дж.Локк (1632–1704) құқықтық мемелекет идеологтарының көрнекті өкілдерінің бірі болып саналады деп айталамыз. Ұлттық-егеменді мемлекеттіліктің тууы дəуірінде Англияда өмір сүре отырып, ұлы ойшыл өз идеясын «Мемлекетті басқару туралы екі трактаты» деген еңбегінде айтқан болатын.

Қазіргі ғылыми əдебиеттерде Дж.Локк буржуазиялық қоғамның құқықтық ойларын, феодалдық қарама-қайшылықтағы классикалық түсініктерін жеткізуші болды деген пікір қалыптасқан. Оның ойынша, мемлекет адамның табиғи құқығын қорғау үшін құрылғандықтан, меншікті құруға жəне ұйымдастыруға заңдар қабылдайды жəне ол заңды орындауға, сыртан басып кіруді болдырмауға қоғамдық күштерді пайдаланады. Ондай мемлекетте табиғи бөлінбейтін құқықтық меншікті, жеке бостандықты жəне теңдікті қамтамасыз ететін заң үстемдік етеді. Сонымен қатар ойшыл əр адам өзінің азаматтық мүддесін қамтамасыз етуге, сақтауға жəне жүзеге асыруға құқылы деп ойлаған. «Мемлекет өз мақсатын жүзеге асыру үшін мынадай құралдарды пайдалана алады: заңдылық, билікті бөлу, мемлекетке лайықты басқару түрі, қаскөйлік орын алған жағдайда халықтың шығу құқының болуы. Құқық заңды мəртебесін тек жеке мүдде жалпы игілікпен сəйкес болып, сол арқылы іс-əрекеттің парасаттылығын көрсететін жайда ғана біле алады», — деп есептеген Дж.Локк [4].

Сонымен, Жаңа заманның көрнекті философтардың еңбектерінде құқықтық мемлекет идеясының жан-жақты негізделгенін, оның құндылықты мəні халық егемендігін биліктің қайнар көзі ретінде бекітуінде, оның еркіндіктері мен құқықтарына кепілдік беруінде, мемлекеттің қоғамға бағынуында жатқанын айту қажет. Ал жалпы алғанда, құқықтық мемлекеттің тұтас тұжырымдамасы XVIII ғасырдың соңы – XIX ғасырдың басында қалыптасып, «құқықтық мемлекет» деген ұғым еуропалық əдебиеттерде толығымен орнықты.

Бұл ұғымды толық сипаттауда оның негізгі белгілері қарастырылуы тиісті. Қазақстандық оқулықтарда құқықтық мемлекеттің белгілері былай деп көрсетіледі:

  • заңның үстемдік етуі;
  • мемлекеттік биліктің бөлінуі;
  • тұлға мен мемлекеттің өзара жауаптылығы;
  • азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының шын мəнділігі, олардың құқықтық жəне əлеуметік қорғалуы;
  • саяси жəне идеологиялық плюрализмнің болуы;
  • азаматтық қоғамның қалыптасуы;
  • ішкі заңдардың көпшілік таныған халықаралық құқықтық нормалар мен принциптерге сəйкес келуі [5].

Ал, «Біздің елімізде құқықтық мемлекеттің осы белгілері қалай қалыптасып, дамиды?» деген сұраққа жауап беру үшін оның жүзеге асу тəжірибесін қарастыру қажеттілігі туындайды.

Қазіргі заманда дамыған өркениетті елдерде құқықтық мемлекеттің принциптері жəне ол туралы белгілі ойлардың іс жүзіне асуына бəріміз куəміз. Бүгінгі күнде құқықтық мемлекет — көп өлшемді даму үстіндегі құбылыс. Қоғамдық прогресте ол жаңа қасиеттерді бойына жинап, қоғамның дамуындағы белгілі жағдайлардың денгейіне сай келетін жаңа мазмұндармен толығып отыр.

Алайда құқық жүйесін түсіну үшін, біздің ойымызша, алдымен құқықтың мəнін теориялық деңгейде зерттеу қажеттілігі туындайды. Бұл жөнінде ғылыми əдебиеттерде «құқық» терминнің көптеген мəні бар екені ескеру қажет. Қоғамдық жəне заң ғылымдарында осы термин күнделікті өмірде жəне қызмет бабында қолданылады. Сонымен бірге ол кең мағыналы түсінік болғандықтан, əрбір адамда құқықтың мəні туралы кандай да бір пікір қалыптасатыны сөзсіз. Мысалы, заң жəне саяси ғылыми əдебиеттерде «құқық» терминнің бірнеше мағынасы бар екені белгілі.

Қазіргі оқулықтарда, біріншіден, «құқық» ресми түрде танылып, жеке жəне заңды тұлғалардың заңға сүйене отыруы, əрекет жасау мүмкіндігі деп түсіндіріледі. Соның ішінде азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кəсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген жағдайларда «құқық» түсінігі субъективтік (тұлғалық) мағынада қолданылады.

Екіншіден, ғалымдардың айтуынша, «құқық» дегеніміз — құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Бұл объективтік мағынадағы құқық, себебі олардың жасалуы жеке адамнын еркіне байланысты емес. Сонымен, объективтік мағынадағы құқық жеке нормаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс болып саналады. Мысалы, Қазақстанның құқығы туралы Конституция былай дейді: «Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сəйкес зандардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық жəне өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің жəне Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады» [6].

Үшіншіден, «құқық» термині оқу пəнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Құқық саласы — өзара туыстас қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы ретінде түсіндіріледі.

Төртіншіден, «құқық» термині тұлғалық құқық пен объективтік құқықтың жиынтығы ретінде де қолданылады. Осыған байланысты «құқық жүйесі» деген түсінік бар. Мысалы, қазіргі жағдайда елімізде Қазақстанның құқық жүйесі қалыптасуда. Оның мəні көп жағдайда құқықтық мемлекеттің  болуымен тығыз байланыста деп ойлаймыз.

Əрине, біздің елімізде бұл жүйе бұрын тіпті болған жоқ деп есептеуге болмайды. Ресейге қосылғанға дейін қазақ қоғамда ғасырлар қалыптасқан жəне дамыған мемлекеттік ұйымы, құқық жүйесі болған. Осы уақытта мемлекеттіктің өзін сипаттайтын, оның құрылымын, оның органдарының əрекетін жəне де құқық жүйесінің қалыптасуы мен қызмет етуін көрсететін көптеген мəліметтер жиналып қалды.

Мысалы, қазақ қоғамының ерекшеліктерін білетін Ш.Уəлиханов қазақтардың əдет құқығы туралы бірсыпыра еңбектерді жазды. Қазақ құқығының мəселелерін ол кең шеңберде қарады, яғни тарихи дамуында жəне өзіне замандас уақыт жағынан. Ол қазақ əдет құқығын, мұсылман құқығын, ресейлік заңдарын терең біліп, оларды салыстырып, жақсы жəне жаман жақтарын көрсетті. Қазақстанның құқық ғылымы үшін Ш.Уəлихановтың қазақ құқық тарихы туралы, оның əлеуметтік мазмұны мен келешегі туралы айтқан пікірлерінің маңызы зор. Уəлихановтың пікірінше, «қазақ құқығы рулық құрылыс дəуірінде қалыптаса бастады жəне ұзақ тарихи дамудың нəтижесі болып шықты. Қазақстанның жерінде мекендеген, кейін қазақ халқының құрамына кірген рулар мен тайпалардың əлі монғолдардың шапқыншылығына дейін əдет-ғұрыптары мен «рулық құқықтары» болған. Бұларды Шынғысхан жоя алмады» деген ойшылымыз. Жалпы бізге дейін жүз жылдар бойы, мүмкін, мың жыл өмір сүрген əдеттік құқылық нормалар туралы Ш.Уəлиханов өзінің белгілі «Записка о судебной реформе» атты еңбегінде жан-жақтан талқылап жазған [7].

Ш.Уəлихановтан кейін 50 жылдан соң кəсіби заңгер Ж.Ақпаев қазақ құқығын түсіндіруге өз үлесін қосуға талпынды. Оның жазған еңбектерінің саны көп емес. Бірақ əңгіме еңбектердің мөлшерінде емес, олардың сапасында. Ж.Ақпаев алғашқы қазақ ғалым-заңгер ретінде қазақ құқығы туралы бірсыпыра тың идеяларды тұжырымдап берді.

Ж.Ақпаев қазақ қоғамның ежелгі заманнан бастап мемлекеттік құқықтық мəселелерін зерттеген алғашқы қатардағы ғалымдардың бірі болған. Оны қазақ мемлекеттіліктің пайда болуы туралы мəселемен бірге қазақтардың құқық жүйесінің, құқықтық ұғымдарының, терминдерінің қалыптасуы қызықтырған.

Ж.Ақпаев тұжырымдап берген құқық туралы анықтаманың ерекшеліктері мен мəн-мағынасына тоқталатын болсақ, келесі ойларды айту қажет. Біріншіден, Ж.Ақпаевтың күмəнсіз пікірінше, қазақтар құқықты «жол» термині арқылы түсінген, яғни қоғамдық қатынастарды реттейтін, адамдардың құқықтық ара қатынастарындағы мəселелерді шешудің жолын көрсететін құрал ретінде көрген. Құқықты «жол» ретінде сипаттап, Ж.Ақпаев құқықтың мəнін көрсету үшін бұл сөзді жеткілікті деп санайды. Ол қазақ құқығын оның іс жүзіндегі сипатында түсінді. Өзінің анықтамасында «құқық» ұғымы психикалық əрекеттің нəтижесі деп ескертеді. Бұл аңықтамада Жақып Ақпаев қандай да болсын ұғым ойлау процесінің нəтижесі деген ғылыми теорияға сүйенеді. Жалпы құқық күрделі құбылыс болғандықтан, ол терең ғылыми зерттеулердің нəтижесінде ұғынылуға тиісті жəне де адамдардың өздері өмірлік əрекеттің тəжірибесінде оны ұғуға тиіс деп тұжырымдауға болады.

Мемлекеттіліктің даму дəрежесінің төмендігінен мемлекеттік органдар тармаққа бөлінген жүйенің болмағандығынан жəне салаларға бөлінбегенінен, кодификацияланбағанынан, қазақ құқығының күштеуді білдіретін элементтері онша айқын көрінбеген. Бірақ құқықтық нормаларды бұзғаны үшін санкцияларды, күштеуді қолдану көзделген жоқ деп айтуға болмайды. Санкциялар да көзделген, күштеу де болды. Бірақ бұның бəрі қоғамдық пікірге сүйеніп, қоғамдық санада «еріп» тарағандай болды деп белгілеген Ж.Ақпаев. Оның пікірінше, қазақ құқығы бүкіл халықтың еркін білдіреді, өйткені халықтың психологиясы құқықты əділ, дұрыс нəрсе деп таниды. Мүмкін, осы себептен халық əділ билерді құдайдай көріп, əділетсіз билерді сынға алған деген пікірді қолдап, қазақ халқының бірінші маман-заңгері екі жағдайда да жұрт қалыптасқан құқықтық нормалардың əділеттігіне сенді», — дейді М.Құл-Мұхаммед. Ғалымның айтуына байланысты: «Елімізде құқық бұзған үшін санкцияларды қолдану құқықтың маңызды белгісі ретінде танылған жоқ. Олар «құқық» ұғымының сыртында қалғандай болып көрінген, əйтпесе қазақтардың құқықтық санасы қай себептен құқықты тек қана «Қасқа   жол»,«Ақ жол» деп көргенін түсіндіру қиын. Осыған байланысты тарихи жəне ғылыми тұрғыдан қарағанда қазақ қоғамында 1917 ж. дейін болған құқықты «қазақ əдет құқығы» демей, «қазақ құқығы» деп атаған дұрыс болады» [8].

Ж.Ақпаевтың саяси билік пен Қазақстандағы басқару нысаны туралы пайымдаулары «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасында көрініс тапқан болатын. Саяси билік, Ақпаевтың пікірі бойынша, халықтың қолында болу керек. Ақпаев өкілдік демократияны қолдайды. Бағдарламаның жобасы бойынша халық парламентке депутаттарды сайлау керек. Үкімет басында Президент болу керек. Парламенттік республикада биліктер бөліну принципі жүзеге асырылу керек. Сонымен,  «Алаш»партиясының бағдарламасының жобасында Ж.Ақпаевтың либералдық-демократиялық көзқарастары бейнесін тапты. Бұл қазіргі Қазақстан Республикасындағы либералдық-демократиялық тəртіпке сəйкес келетін көзқарастар Ж.Ақпаевтың жоғары құқықтық мəдениеті мен саяси даналығын көрсетіп тұр.

Сонымен, Ж.Ақпаевтың саяси-құқықтық əрекетін жəне қазақ мемлекеттілігі мен құқығы туралы теориялық көзқарастарын зерттеп, оның нəтижесінде мына ой қорытындыларға келуге болады:

  • Ж.Ақпаев басқа қазақ саяси қайраткерлерімен бірге орыс патша əкімшілігінің отаршылдық саясатын сынға алумен бірге құқықтық дамудың жолдарын ұсынды жəне қудалауға қарамай, қазақ халқының санасына жеткізіп енгізуге тырысты;
  • Ж.Ақпаев либерализмнің өзегін құрайтын адамның ажырамас құқықтары мен бостандықтары туралы идеяны қолдады жəне бұл идеяның жетекшілігімен тəжірибе жүзінде қазақ даласында қазақтардың құқықтарын қорғауға ұмтылды;
  • Ж.Ақпаев Алаш-Орда қозғалысы мен «Алаш» партиясының қалыптасуына, оның саяси бағдарламасын тұжырымдап беруге белсенді қатысып, кəсіби заңгерлік білімінің жоғары деңгейін білдірді. Ол «құқықтық мемлекет» ұғымына дейін көтерілді [9].

Қарап отырсақ, құқықтық жүйе, мемлекеттегі құқықтың орны туралы көптеген ойлар Батыс елдерде ғана емес, өз елімізде де дамыған. Ал мұндай идеялар тек қана теориялық деңгейде емес, тəжірибелік деңгейге де жеткені қазіргі уақытта көрініс тауып отыр.

Бүгін біз Қазақстан Республикасы тəуелсіздікті ала отырып, құқықтық мемлекет қалыптастыру ниетіне беріктігін көрсетуде деп айталамыз. Осыған орай Ел басшымыз Н.Ə.Назарбаев отанымызда толық демократияға бет алған жолымыздағы шешуге тиісті бірінші міндетіміз — шынайы құқықтық мемлекет құру қажет деп белгілейді. Оның ойынша: «Бұл мемлекетте мемлекеттік құрылымдар, саяси процестің басқа барлық субъектілері де, барлық азаматтар да заңдарға ғана сəйкес еңбек етіп, өмір сүруге тиісті. Бұл арада халықты заңдарға өз ықтиярымен бағынуды мойындамайтын, олардың сақталуы мемлекеттің мəжбүрлеуін қамтамасыз етілетін мемлекет бола алмайтынын баса көрсеткен жөн. Сондықтан да құқықтық мемлекет қоғам мен халықтың құқықтық санасының жоғарлығымен сипатталады» [10].

Зерттеушілер құқықтық мемлекет негізгі принциптеріне, біріншіден, қоғам ішінде адамның өзінің құқықтары мен міндеттерін жатқызады. Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы жəне қоғамдық өмірінің барлық салаларын табанды түрде демократияландыруымен тығыз байланысты. Бұл жолда мынадай нақты талаптар қажет: өркениетті заңдылық принципін сақтау, оларды нығайту жəне бұзбау, құқықты құрметтеу. Ол үшін қоғамның жалпы мəдениеттілігін, əсіресе құқықтық мəдениеттілігін көтеру қажет.

Осы тұрғыдан алғанда біздің мемлекетімізде атқарылатын жұмыстар жетерлік. Олардың ішінде ең негізгісі — ол 1995 жылы қабылданған Конституция. Ол қабылданғаннан кейін Қазақстан өзінің одан əрі даму жолын түпкілікті таңдап алды. Бүкіл халықтық референдумда қабылданған осы Негізгі Заң, шын мəнінде, қоғамдық келісімге айналды. Сол бойынша өкімет Қазақстанды демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекетке айналдыруды өзіне басты міндет етіп алды, ал азаматтар Конституцияны жəне еліміздің заңдарын бұлжытпай орындауға жауапкершілікті өз мойындарына қабыл етті. Осындай өзара міндеткерлік қоғам мемлекеттің одан əрі нəтижелі дамуына тиянақты негіз қалыптастырады жəне біздің болашаққа сеніммен қарауымызға мүмкіндік береді.

Бұл мəселеге байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2008 жылғы Қазақстан халқына арналған жолдауында еліміздегі қазіргі қоғамдық-саяси жағдайларды сипаттай отырып, былай деген: «Демократиялық дамудың жалпыға бірдей танылған заңдылықтары мен біздің қоғамымыздың дəстүрлерін үйлестіре отырып, біз одан əрі де саяси жүйеде мемлекеттік құрылыстың қазақстандық моделін жетілдіру жолымен жүре беретін боламыз. Бұл — біз мақтануға құқылы жəне бəріміз ұқыптылықпен сақтауға міндетті қазақстандық «ноу-хау»» [11].

Əлемдік тəжірибе дəлелдегендей, құқықтық  мемлекет  қалыптастырудың  алғы  шарттарының бірі — азаматтық қоғам институттарының болуы. Ал ол демократияның даму деңгейімен тура пропорционалды. Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды қалыптастыру мен дамыту республикадағы демократияландыру процесін одан əрі тереңдетуге жол ашады.

Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасуы қоғам өмірін демократияландыру мен құқықтық мемлекет қалыптасуының алғы шарты екенін ескерсек, оны мемлекеттік саясат деңгейінде көтеретін уақыт келген сияқты. Бұл кезекте Президент жанындағы Демократия жəне азаматтық қоғам мəселелері жөніндегі ұлттық комиссияның орны ерекше деген пікір баршылық. Зерттеушілердің айтуы бойынша: «Оның өкілеттілігін кеңейтіп, азаматтық қоғамды қалыптастыру мен оның  институттарын шынайы дамыту мемлекеттік саясаттың бір бұтағына айналуы тиіс. Мұндай кешенді іс-шаралар тəуелсіз Қазақстан Республикасының Ата Заңда көрсетілген мұратқа сай құқықтық мемлекет жолында дамуына игі ықпалын тигізері хақ» [12].

Құқықтық мемлекет адамның əділ, құқықтық, тең демократияшыл өлшем бірліктері болып табылады. Құқықтық мемлекеттің теориялық жəне практикалық маңызды мақсаты көпшіліктің жəне жеке адамның теңдігі мен бостандықтарын мойындаумен жəне оған кепілдік беруімен анықталады. Елімізде құқықтық-демократиялық принциптері бұрмалануына жол бермеу үшін саяси жəне құқықтық механизмдер қажет. Құқықтық мемлекет механизмдердің ерекшелігі, оның барлық құрылымдық бөлімдері мен элементтері өздерінің мақсаттық тағайындалуымен биліктің бөліну принципіне байланысты қызмет етуде. Бұл деңгейде мына мəселелер орындалу қажет деп есептейміз:

  • меншіктің барлық түріне жол ашу;
  • екі жақты келісімге негізделген əкімшілік бұйрықтарды келісім-шарттармен ауыстыру;
  • «тыйым салынбағанның бəріне де рұқсат» принципті басшылыққа алу;
  • айырбас мінез-құлық эквивалентін қамтамасыз ету;
  • тең құкықтық бекіту жəне партнер таңдау кезіндегі адалдық;
  • ынта мен тапқырлыққа шек қоймау.

Сонымен қатар құқықтық мемлекет еркіндік пен əл-ауқатты қамтамасыз ететін, азаматтық қоғам мен экономика қажеттіліктерін іске асыратын мемлекет болғандықтан, оның негізгі принциптерін сақтау қажет деп ойлаймыз.

Қазіргі Қазақстанда құқықтық мемлекеттің құрылуымен байланысты аса маңызды мəселелердің бірі ретінде заң шығарушылықтың дамуы мен жетілуін қарастыру керек. Соңғы уақытта біздің мемлекеттің демократиялық-құқықтық мемлекет ретінде дамуына негіз тудыратын көптеген заң шығарушылық актілері қабылданғаны белгілі.

Бірінші Парламент 1990 жыл сəуірінен 1993 жыл желтоқсанына дейін кызмет жасаған он екінші шақырылымдағы Жоғарғы Кеңес, яғни Қазақстан Республикасының алғашқы заң шығару органы, өзінің дербес қызметін экстремалдық жағдайда бастағаны белгілі. Уақыт тығыздығы мен оның заң шығарушылық тəжірибесінің аздығы қабылданған заңдар сапасына əсер етпей қоймайды. Олардың арасында мемлекеттік құрылысқа қатысты заңдардың орны ерекше. Бұл, əрине, түсінікті, қандай болмасын тəуелсіздік алған жас Республика өзінің мемлекетінің құқықтық негіздерін қалыптастырғысы келеді.

Біздің еліміз егемендікке қол жеткізу жолында бірінші кезекте Президент лауазымын енгізу, Республика Президенті сайлау туралы, Мемлекет тəуелсіздігі туралы Декларация, Республиканың жаңа атауы, жаңа мемлекеттің рəміздері туралы заңдарды дайындап, қабылдады. Дəл осы уақыттан ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтық мемлекет бостандығына шынайы кепілдік беру, демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құруды шындыққа айналдыру жолындағы жаңа кезең басталды деп есептейді еліміздің белгілі заңгері Қ.Мами [13].

Қазақстан заңнамасы үшін көптеген құқықтық салалары тіптен жаңа болғанына көзіміз жетуде. Біздің мемлекетіміз тəуелсіздік алғаннан бері көптеген заң актілерін талдау арқылы негізге көшіп, оны кеңістік заңдармен салыстырғанда өзгеше əлеуметтік-саяси жүйеге негізделуі көрінеді. Құқықтық жолды таңдаған қандайда да бір мемлекет болмасын, оның басты көрсеткіші заңдылықты мойындау, заңды қатаң ұстауды талап етеді. Біздің қоғамымызда құқықтық бағдар халықтың сайланған Парламенттің қабылдаған заңдары арқылы қалыптасады жəне сол арқылы бар мемлекеттік істер жүзеге асады. Сондықтан Парламент заң шығарушы қызметін жетілдіру керек. Заң шығарушы қызмет парламенттік депутаттың қызметтілігі мен кəсібилігі, біліктілігінен тікелей тəуелді. Парламенттік қызметіне ашықтық пен сабақтастық қажет деген пікірмен келісуге болады. Жалпы, əділ бəсекелестік сайлау принциптері негізінде қалыптастырылған парламенттік қызмет құқықтық мемлекеттің белгісі болып табылады.

Қазақстандағы құқықтық мемлекет құру жолында кейінгі уақытта тəуелсіз мемлекетіміздің барлық салаларын қамтитын көп заңдар, заңнамалық актілер, заңдық күші бар Президентік жарлықтар қабылданғаны туралы айтылған болатын. Еліміздің Конституциясында кұқықтық мемлекет құру стратегиясы күн тəртібіне қойылғаны да белгілі. Бірақ құқықтық мемлекеттің қалыптасуы ісінде біздің қоғам үшін елеулі қайшылықтар да баршылық. Ол басқару элитаның өкілдері мен қатардағы өзінің заңды бұзуға немесе орындамауға жол беретіндігі. Көбінесе батыстық стандарттарға ұмтылу, ұлттық дəстүрден қол үзу, құқықтық мəдениеттің төмендігі деп есептеуге болады.

Конституцияда көрсетілгендей, лауазымды тұлғалардың заңды шешімдерін орындау, барлық құрылымдарды құрметтеу мен іске асыруы демократиялық мемлекеттің ажырамас бөлігі екендігі белгілі. Осыған байланысты тұлғаның мемлекет алдындағы жауапкершілігі де дəл осы құқықтық бастамаларға негізделу тиісті. Сонымен бірге мемлекеттік мəжбүрлеуді қолдану құқықтық сипатта болудың шарты — ол тұлғаның бостандығын бұзбау жəне оның жасалған құқық бұзушылықтың ауырлығына сай болуы. Мемлекет пен тұлғаның арасындағы қарым-қатынастар өзара жауапкершіліктің негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Осы мəселелерді шешу үшін, жоғарыда көрсетілгендей, біздің елімізде біраз заңдар қабылданғаны мəлім. Оның ішінде Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияда, Мемлекеттік тəуелсіздік туралы Заңда, 1993 жылғы Конституцияда Қазақстан халқының құқықтық мемлекет құруға бекем бел байлап отырғаны баяндалса, 1995 жылғы Конституцияда Қазақстан мемлекеті құқықтық мемлекет ретінде айқындалды жəне сол кезден бастап елімізде құқықтық мемлекет құруына жол толық ашылды деп есептеуге болады. Сонымен қатар 2007 жылы мамыр айында еліміздің Ата Заңына енгізілген өзгерістер осы жолдан тайынбаумызды көрсетеді.

Жалпы алғанда, Конституция қоғамдық қатынастардың базалық, түпкі негіздерін реттей отырып, толыққанды тепе-тендік механизмін қалыптастырады. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша мемлекеттік билік біртұтас, оның заң шығарушылық, атқарушылық жəне сот билігі тармақтарына бөліну жəне тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара байланыс жасау принципіне сəйкес Конституциямен, заңдардың негізінде жүзеге асырылатындығы атап көрсетілген. Бұл биліктің əр тармақтарының өз құзыреті бар екендігін жəне оның шегінен шығуға болмайтындығын білдіреді. Тəуелсіз, егемен Қазақстанның қоғамдық-саяси ерекшеліктерін ескере отырып, республикада құқықтық мемлекеттің көрінісі болу үшін биліктің бөліну принципін барынша нығайту қажеттілігі туындайды деген ойдамыз.

Осындай жағдайда Ел басшымыздың айтуынша, саяси-құқықтық дамуымыздың негізгі бағыты, ең алдымен, мыналар болады:

  • билік тармақтары арасындағы өзара ықпалдастық тиімділігін арттыра отырып, тежемелік пен тепе-теңдік жүйесін нығайта беру;
  • биліктің өкілді органдарының өкілеттіктерін кеңейте беру;
  • саяси партияның рөлін арттыру, азаматтық қоғамдық институттарды дамыту үшін қолайлы жағдай туғызу;
  • мемлекеттік органдар жұмыстарының тиімділігі мен ашықтығын арттыру;
  • мемлекеттік шешімдерін əзірлеу, атқарушы билік құрылымдарын реформалау;
  • адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауының институцияланған тетіктерін одан əрі нығайта беру;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуы үшін жағдай туғызу;
  • БАҚ-тың үйлесімді дамуына жəрдемдесу [1].

Мұның бəрі Қазақстан Республикасының Президенті пайымдағандай, Қазақстан дамуының жаңа кезеңі үшін еліміздің үйлесімді, саяси жəне мемлекеттік құрылымның оңтайлы үлгісін таңдауына мүмкіндік беріп, елімізде құқықтық мемлекет принциптерін дамытуға жол ашпақ.

Əрине, қазіргі Қазақстан қоғамына идеалды құқықтық мемлекеттің түріне жету əлі алысырақ, бірақ осы бағытқа қарай жылжу қажеттілігі айқын. Осыған байланысты сот реформаның жүзеге асырудың жəне құқықты, Конституцияның заңдылықты жəне елде құқықтану тəртіптің күшті қорғаушысы болатын сот жүйесін қалыптастырудың маңыздылығын арттыра отырып, заң шығарушы жəне атқарушы биліктің өзара қарым-қатынас шиеліністі бəсеңдетіп, өзара əрекетін үйлестіру мүмкіндігін күшейту қажет дейміз.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Назарбаев Н.Ə. Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан: Президенттің Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. —— 1 наур. — 2-б.
  2. Əбсаттаров Р. Құқықтық мемлекеттің негізгі принциптері қандай? // Ақиқат. — 2004. — № 12. — 30-б.
  3. Платон. Законы: Сочинения: В 3 т. — Т. 3. — Ч. 2. — М.: Мысль, 1972. — C.
  4. Локк Дж. Басқару туралы екі трактат / Əлемдік саясаттану антологиясы. — 10 т. — Т. — Алматы: Қазақстан, 2005.— 193-б.
  5. Сапарғалиев Ғ., Ыбыраева А. Мемлекет жəне құқық теориясы. — Алматы: Жеті жарғы, 1998. — 109-б.
  6. Қазақстан Республикасының Конституциясы. — 1-т. — 1, 4-б.,— Алматы: Юрист, 2008. — 4-б.
  7. Валиханов Ч. Записка о судебной реформе / Собр. соч.: В 5 т. — Т. — Алма-Ата: Гл. ред. Казахской сов. энцикл., 1985. — С. 83.
  8. Кул-Мухаммед М. Патриот, политик, правовед. — Алматы: Атамұра, 1995. 
  9. Мырзабекова А.Ш., Жұмасұлтанова Ғ.Ə. Жақып Ақпаевтың саяси көзқарастары: «Қазақстан саяси ойлары» атты курсына арн. оқу құралы. — Қарағанды: Болашақ-баспа, 2006. — 64, 65-б.
  10. Назарбаев Н.Ə. Біздің бағдарымыз — топтасу, қоғамдық прогресс жəне əлеуметтік серіктестік // Егемен Қазақстан. — 2007. — 13 мамыр. — 2-б.
  11. Назарбаев Н. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. — — 7 ақп.
  12. Арғынбаев Д. Құқықтық мемлекет қалыптасуы, дамуы // Саясат. — 2005. — № 2. — 11-б.
  13. Мами Қ. Құқықтық реформалардың кезеңдері мен кемшілігі // Тураби. — 2003. — № 6. — 12-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.