Әйел құқығы

Қазіргі таңда қоғамда қазақ əйелдерін басқару саласында жиі көруге болады. Дамыған мемлекеттерде бұл таң қалдырарлық жағдай емес, норма болып есептеледі десек те қателеспейміз. Біздің мемлекетіміздегі қазіргі нарықтық жағдай əйел затына басқару  саласында жақсы мансап құруға кедергі келтірмейді. Дəл осы себептерден қазіргі таңда қазақ əйел тұлғасының психологиялық ерекшеліктері, оның ішінде басқару стиліндегі психологиялық ерекшеліктерін зерттеу үлкен қызығушылық тудырып отыр. «Қыздың қырық жаны бар» делінгендей, олардың тек қана басқару стиліндегі психологиялық ерекшеліктерін зерттеп қана қоймай, қазақ тарихымыздағы, салт  дəстүріміздегі, тұрмыстағы күш-жігерлерін, ақыл-даналықтарын қарастырмай кету мүмкін емес.
2011

«Қазақ əйелі» түсінігінің мағынасын ашуда əйел табиғатын, жанын оның психофизиологиялық жақтарымен қоса қарастыруымыз керек. Əрине, бұл аспектіде терең зерттеу қазақ тілінде кенжелеу қалып жатыр десек болады. Ал жалпы басқа тілдерде (орыс тілінде) ол біршама қалыптасып қалғаны таң қалдырмайды.
2011

Мақалада қазіргі қазақ жазушысы Д.Исабековтің шығармаларындағы «əйел» концептісінің репрезентациясы қарастырылды. Бір жағынан, ол əмбебап концепт ретінде ментальді əлем бейнесінің барлығына тəн болса, екінші жағынан, ол əлем бейнесінің ұлттық ерекшеліктерін де қамтиды. Концепт тілдегі лексикалық бірліктердің, түрлі сөздіктер материалдары мен мəтіндер көмегімен беріле алады. Жазушы «əйел» концептісінің инвариант жəне вариант типтерін вербалдаған.
2012

Мақалада мұсылмандық құқықтағы жəне одан басқа əр түрлі құқықтық жүйелердегі əйелдердің құқықтық жағдайының өзгешеліктері қарастырылды. Əйелдің мемлекет пен қоғамдағы, отбасындағы орны мен ролі, құқықтары мен міндеттері мəселесінің көкейтестілігіне байланысты тарихи, əлеуметтік, заңдық себептері анықталды. Зерттеу жүргізу барысында салыстырмалы-тарихи жəне салыстырмалы-құқықтық əдістер қолданылған. Əйелдердің құқықтық мəртебесі туралы тарихтағы жəне қазіргі кезеңдегі исламдық жəне одан өзгешелетін əр түрлі көзқарастарға теориялық жəне тəжірибелік тұрғыда салыстырмалы талдау жүргізілді. Мəселе шегінде мұсылман мемлекеттерінің заңнамасы мен шариғат ережелері арасындағы өзгешеліктерге назар аударылды, себебі ислам елдері бір-бірінен əлеуметтік-экономикалық жəне саяси сипаттамалары бойынша, сонымен қатар ислам мен мұсылман құқығы мемлекеттік-құқықтық дамуына ықпалының көлемі мен бағыттылығына байланысты ерекшеленеді.
2013

Мақалада əйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша халықаралық-құқықтық нормалардың даму тарихы көрсетілген. Автор əйелдер мен қыздарға қарсы зорлық-зомбылық əрбір құрлықта, əрбір елде жəне мəдени ортада шешімін таба алмай отырған мəселе болып қала беретініне назар аударады. Таралу көлемінің артуына байланысты əйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау мəселесі бүгінгі күнде халықаралық деңгейде маңыздылыққа ие болып отырғанын атап өтеді. Зерттеудің мақсаты əйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғаудың халықаралық-құқықтық тəжірибесін зерттеу болып табылады. Бұл мақсатқа қолжеткізу үшін əйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау институтын халықаралық-құқық аясында қарастыра отырып, оның қызметін, мақсаттары мен əдістерін анықтау міндеттері қойылып отыр.
2016