Халықаралық қылмыстық юстиция жүйесі қалыптасуының кейбір тарихи-құқықтық қырлары
Мақалада халықаралық қылмыстық юстиция жүйесі қалыптасуының кейбір тарихи-құқықтық қырлары қарастырылған. Халықаралық қылмыстық сот органдарының маңыздылығы – олардың халықаралық құқық нормалар мен қағидаларды бұзатын, халықаралық қауіпсіздікке, бейбітшілікке, адамның басты құқықтарына, халықаралық қауымдастықтың өмірлік маңызы бар мүдделеріне қарсы жасалатын әрекеттердің алдын алу, күресу және жазалаудан тұратын қызметті жүзеге асыратындығында. Алайда бұл органдар жүйесінің қалыптасуы бір неше кезеңнен өтті және көптеген кедергілерді өткерді. Дегенмен халықаралық қылмыстық сот органдары жүйесі қалыптасуының жалпы заңдылықтары мен негізгі себептері бар. Осы заңдылықтарды тарихи-құқықтық қырларын көрсету арқылы қазіргі кездегі халықаралық қылмыстық сот органдары қызметінің ерекшеліктерін дұрыс түсінуге мүмкіндік береді.
М.Ш. Курмангали, С.А. Ахметова
2014