Шығармашылық ретінде қандай да бір жаңа және өзінің қайталанбастығымен тұпнұсқалығымен анықталатын нәрсені тудыратын қызмет түсіндіріледі. Шығармашылық адамға тән нәрсе, себебі оның жасаушысы – шығармашылық қызметтің субъектісі бар [1].
Шығармашылық процесі әлеуметтік құқықтық қызмет емес. Шығармашылық процестің өзі құқықтық нормалардың шегінен тыс жатыр
[2]. Бірақ, шығармашылық қызметтің ұйымдастырушылық әдістері туралы көптеген баспалар бар: «іскерлік ойын», «аналогия», «аналогияны қабылдамау», «ұжымдық генерация» т.б. Осының арқасында көптеген бір маманның немесе әртүрлі мамандардың топтары тартылады [3]. Осындай топтарда құқықтық та қатынастар пайда болуы мүмкін. Бірақ бізге қажеті бұл қатынастар емес, шығармашылық нәтиженің пайда болу процесі негізгі. Осы процестің нәтижесі өзінің жаңалығымен және қайталанбастығымен сыртқа көрінеді. Ол ретінде ғылыми жаңалық, өнертабыс, әдеби және өнер туындысы, өнеркәсіптік үлгі, ноу-хау болуы мүмкін [4].
Шығармашылық рухани қызмет, ол идеалды жеке сипатта болады және осы қасиетіне қатысты заңдар мен құқықтық актілердің әрекет етуіне жатпайды. Заңнаманың бұл жердегі рөлі шығармашылық еңбектің нәтижелеріне құқықты тану, осындай нәтижелерге билік ету жағдайы, оны тудырушылардың құқықтарын қорғау табылады.
«Интеллектуалдық меншік», «өнеркәсіптік меншік», «интеллектулдық меншік құқығы» сияқты ұғымдардың КСРО-ның кең кеңістігіне қайту мерзімі болып, 1991 жылдың 31 мамырында КСРО мен одақтас республикалардың Азаматтық заңнама негіздерін қабылдау мерзімі табылады [5].
Қазақстан Республикасында аталған ұғымдарды толық қолдану егемендік алғаннан кейін жүзеге асты. Мәселен, 1990 жылдың 15 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы меншік туралы» ҚазКСР-нің Заңының 9-бабына сәйкес азаматтардың жекеменшігі ретінде интеллектуалдық және материалдық қызметтің өнімі табылады деп айтылған [6]. Бірақ позитивті мағынада «интеллектуалдық меншік», «интеллектуалдық меншік құқығы» сияқты ұғымдар КСРО-ның заңнамасында пайдаланылған жоқ. Кеңес дәуірінде интеллектуалдық меншік объектілерінің көпшілігі оның авторларының айрықша құқығында болған жоқ, оның бір ғана авторы болды – мемлекет [7].
Осы саладағы, қазіргі таңдағы ең үлкен ерекше өзгеріс болып шығармашылық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтың жеке тұлғалар мен ұйымдарға ауысуы табылады.
Сонымен қатар, бұрынғы КСРО мемлекеттерінде және Қазақстанда интеллектуалдық меншік объектілерінің белсенді қалыптасу процестері жүріп жатты. Осы бағыттарды толығымен түсіну үшін дамыған мемлекеттердегі интеллектуалдық меншік құқығының қалыптасуы мен дамудың тарихи тәжірибесін білген жөн.
Біздің пікірімізше, интеллектуалдық меншік құқығының әлемдік тарихи эволюциясын үш кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең Xv ғасыр мен Xviii ғасырдың ақырғы төртінші тоқсанын қамтиды және монополиялық артықшылықтар кезеңі деп аталады.
Екінші кезең 1790 жыл мен 1883 жылдарды қамтиды және интеллектуалдық меншікті қорғаудың ұлттық жүйелерінің пайда болу кезеңі деп аталады.
Үшінші кезең 1883 жылдан басталады және әлемдік конвенциялар кезеңі деп аталады.
Монополиялық артықшылықтар кезеңі сол кездегі техникалық жетістіктерді әкелген тұлғалардың құқықтарын қорғау қажеттілігімен бізге қызықты.
Жеке деректер бойынша, Англияда жетістіктер шығарған адамдардың және шетелдік тауардың жаңа түрлерін әкелген адамдардың құқықтарын қорғау Xiv ғасырдан басталады.
Ең ертедегі артықшылық құқықтар, мәселен Венециялық Республикада 1474 жылы «Парте Венеция» атымен атақты, бірақ өнертапқыш пен оны шетелде енгізген тұлға арасында айырмашылықтар көзделмеген [8].
Мұндай адамдарға айрықша монополиялы түрде өзінің жетістігін өзіне табыс тапқанға дейін мерзімде қолдануға мүмкіндік берілді. Бұл жағдай монополистке бәсекелестік күресте үлкен қолдау болды. Монополияны алу тәртібі де қызығушылық тудырады. Монополияны куәландыратын құжат болып letters Patent – «ашық мадақтама» деп аударылатын құжат табылады. Артықшылық берілгені туралы жария түрде айтылатын, оның мерзімі аяқталған соң, монарх оны соза алмайтын [9].
Артықшылықтар жүйесі әрі қарай дамытыла берді. Мәселен, 1628 жылы монополиялар туралы корольдік мәртебе қабылданды, онда патент артықшылық беретін жалғыз құжат болып саналды және оның мерзімі 14 жылмен ғана шектелді. Ақыры артықшылық алу үшін өнертабысты техникалық сипаттаудың ережесі қалыптасты.
Сонымен, өнертабысқа қатысты монополиялар кезеңінде өнертабысты техникалық сипаттаудың ережесі мен мемлекетке табысты патенттің қалыптасуы және үшінші тұлғалар алдында монополияның қорғалатындығы туралы қорытынды жасауға болады.
Тауарлық белгілерді құқықтық қорғаудың тарихы өнертабысқа қарағанда жас, бірақ жеке объектілеріне қатысты ежелгі тарихы бар.
Тауарлық белгілердің тарихы ғасырларға тереңдеп кетеді, сондықтан алғашқы тауарлық белгілердің пайда болу кезеңін анықтау өте қиын. Бірақ шамамен екі үш мың жыл бұрын адамдар алғашқы құмыралар сатуға бастады. Осы құмыраларда таңбалар болды, оны біз қазір тауарлық белгілер деп атаймыз. Қытайда алғашқы шыққан ыдыстарда нақты таңбалар болды,онда мемлекет басқарған императордың атыжөні жазылған.
Сонымен қатар, үш мың жыл бұрын Үндістаннан шығарылған қолөнершілердің қолжазбасы бар заттары табылған.
Рим империясында мыңдаған таңбалар болған, олардың ішіндегі ең кең таралғаны фабрикалық таңба – Fortis табылады.
Қазақстанға қатысты мұндай қатынастардың жинақталуы ежелгі тарихта бар: «Тауке-хан ережесінде», «Жеті-жарғыда». Онда былай деп жазылған: «Әрбір ру және тайпада өзінің таңбасы (тамга – белгісі, елтаңбасы) болуы керек. Нақты кімнің меншігі екенін білу үшін, таңба арқылы мал, мүлік белгіленеді» [10].
Жер шарының басқа бөліктерінде қолөнершінің тұлғасын және мүліктің шыққан жерін анықтау мақсатында тауарлық белгілер қаружараққа, тұрмыстық мүлікке, бағалы заттарға соғылды.
Біздің пікірімізше, «таңба», «тамга», «тавро», «клеймо», ағылшындық бранд сөздері тауарлық белгінің негізін құрап, тауар шығарушы мен тауар арасындағы байланысты көрсеткен. Бұл сөздер белгі мағынасын атқарса да, бірақ экономикалық рөлді әлі атқарған жоқ. Бұл таңбалар жеке топ тауар шығарушылардың цехтік мүдделерін қорғау мақсатында Батыста гильдия деп аталатын адамдармен қолданылды. Сол кезде осы тауардың таңбасын заңсыз қоланса, адам қатаң жазаланатын (мамандығынан айыру, өлім жазасы т.б.).
Ұлттық жүйелер кезеңі диалектика заңы белгілегендей оның алдындағы кезең сын көтермегеннен кейін басталды. Бұл сын бір жерлерде төңкеріс түрінде, бір жерде бейбітті түрде феодализмнен капитализмге өту кезеңінде болды.
Интеллектуалдық меншік объектілерінің түсінігі мен рөлін қайта қараудың идеялық негізі болып сол кездегі жаратылыс құқығының теориясы табылады. Барлығына мәлім болғандай, бұл теория адам мен қоғамның өзара қатынасының терең сұрақтарын қайта қарауға атсалысты. Батыс мемлекеттерінің буржуазия идеологтары Г. Гроций, Б. Спиноза, Т. Гоббс феодалдық қатынастардан арылудың бағыттарын ұстанған [11]. Олардың негізгі идеялары Ресейде Ф. Проковичпен, В.Н. Татищевпен қолдау тапты.
Адам өмірінің құдаймен сыланғанына адам құқықтары мен бостандықтарының табиғатпен ұсынылғаны келді. Жаратылыс құқықтарының қатарына жекеменшік те жатқызылды (Д. Локк).
Мемлекет пен адам қоғамдық келісімнің тең тараптары болып табылады, ол бойынша бір тарап мемлекет жоғарғы игіліктерді – адам өмірін, оның меншігін қорғауға міндетті болды. Адамның табиғат жаратылысынан туындайтын құқықтары жаратылыс құқығы болса, ал оған сәйкес қабылданған мемлекет заңдары позитивтік құқық деп аталды.
Авторлық құқық саласында артықшылықтар жүйесін сынға алудың нәтижесі болып 1709 жылы Англияда қабылданған Анна патшасының Мәртебесі табылады. Бұл акті авторлық құқық туралы алғашқы дерек болып саналды. Осы кезеңнен бастап автордың айрықша құқығы туралы (туынды жарияланғаннан бастап 28 жыл бойы қорғалатын), өз құқықтарын басқаға беру туралы, құқық бұзушының әрекеттерін сотқа шағымдану туралы айтуға болады.
Францияда болған көптеген төңкерістер арқасында қоғамдық және идеологиялық өзгерістер болды. Соның арқасында феодалдық қана емес сонымен қатар, кітап шығарушылардың да артықшылықтары тоқтатылды. 1791 және 1793 жылдары Құрылтай Кеңесінің Декреттері автордың туынды шығаруға деген құқығы оның өмір бойы және ол қайтыс болғаннан кейін 10 жыл бойы оның мұрагерлеріне берілетіндігін бекітті. Бірақ авторлық құқық пайда болу үшін туындыны міндетті тіркеудің талабы бекітілмеген [9].
Осыған ұқсас авторлық құқыққа қатысты өзгерістер АҚШ-тың заңнамасында да болды. АҚШ-та қазіргі таңға дейін Анна патшысының Мәртебесі күшінде, ал 1790 жылы қабылданған заң (кітаптар мен басқа да объектілерді әрбір 14 жыл сайын депондау туралы) 1976 жылы Авторлық құқық туралы заң қабылданғанға дейін күшінде болды.
Көптеген сол кездегі дамыған мемлекеттерде терминологиялық және нақты айырмашылықтарды есепке алмағанда, авторлық құқық туралы заңнама осы құқықтарды меншік құқығы ретінде қарастырды. Осыған қатысты, И.А. Зенин интеллектуалдық меншік объектілеріне байланысты құқықты «проприетарлық тұжырым» немесе «проприетарлық тұрғы» деп атады, ол ағылшын тілінен меншік деп аударылады.
Шығармашылық объектілері саласында материалдық және материалдық емес құқықтарға қатысты түсінікке, И. Канттың философиялық ойларының қатты әсерінен авторлық құқықтар автор меншігі ғана емес, сонымен бірге автор мүдделерінің бірі болып табылады. Автор өз туындысына құқығын қорғауға мүмкіншілік алды, себебі ол автор тұлғасының бөлігі болды. Осы аспекті И. Канттың пікірінше, негізгі болды, ал материалдық құқық моральдық құқықтың жалғасы болды. Сол кездегі заң әдебиеттерінде және заңнамасында «моральдық құқық» термині болды, ол автордың экономикалық емес құқықтарын анықтайтын. Қазіргі қазақстандық заңнамада ол жеке мүліктік емес құқықтар деп аталады.
Авторлық құқықа қарағанда патенттік құқық ілгері дамыған жоқ. Көптеген Еуропа мемлекеттерінде артықшылықтар жүйесін әрі қарай дамыту арқылы патенттік қатынастар дамыды. Мысалы, Англияда артықшылықтар объектілерін пайдалануға қатысты сот практикасы 1711 жылы келесі қорытындыға келді: монополия алу үшін басқа құжаттармен қатар, оның «сипаттамасы» тапсырылатын.
Францияда монополияның кез келген түрімен күресу мақсатында, патент иелері өздерінің өнертабысын бір жыл ішінде қолданбаса, оған құқықты жоғалтады деген ереже бекітілді. Қазіргі таңда, өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтың мерзімділігі патенттік құқықтың негізгі принциптерінің бірі.
Осы және басқа да әкімшілік және сот практикасы бірыңғай ұлттық патенттік заңдарға енгізілді. Мұндай заңдар АҚШ пен Францияға қарағанда азаматтық заң төңкеріс негізінде өзгерген мемлекеттерде ерте қабылданды.
Сол кездегі патенттік заңдардың негізінде белгіленген жалпы принцип болып заңда белгіленген формальды және материалдық сипаттағы талаптарды орындаған өнертапқыштарға патенттің берілуі табылады. Осы принциптер 1790 жылы АҚШ-та және 1791 жылы Францияда патенттік заңдарда орын алды. Осы заңдар толығымен автордың меншік құқығын бекітті. Мәтінде Франция дерегінің 1-бабында былай деп жазылған: «Кез келген жаңалық немесе өнертабыс кез келген түрінде автор меншігі болып табылады; осының арқасында заң оған толық және жан-жақты кепілдендірілген пайдалануды қамтамасыз етеді» [8].
Осы қатынастарды сипаттайтын келесі белгісі ретінде патенттік қорғаудың ұлттық сипаты табылады. Мәселен, АҚШ-тың патенттік заңына 1793 жылы жасалған өзгерістер бойынша, патент тек қана сол мемлекет азаматтарына берілген. Францияға өнертабыс кіргізген адамдар оның авторы сияқты құқықтар мен міндеттерге ие болған. Сонымен қатар, Францияда өнертабысқа патент алған өнертапқыш басқа мемлекетте патент алса, онда өзінің мемлекетінде оны пайдалану құқығынан айырылатын. Ақырғы ережеге сәйкес біздің пікірімізше, сол кездегі патенттік құқықтың негізгі функциясы болып ішкі нарықты қорғау табылады.
Осы және басқа да талаптар халықаралық экономикалық қатынастар дамыған сайын жұмсара бастады және патент берудің саны ұлғая түсті. Өнертабыстың ұғымы мен маңызына қатысты пікірлер күрт өзгере түсті. Жаңа техниканы әкелу жаңа инновацияға теңестірілуден бас тартылды. Өнертабысқа қатысты оның жаңалығына талаптар қойыла бастады және техникадағы деңгейі ұғымы енгізіле бастады.
Ресей империясында және оның бөлігі болып табылатын Қазақстанда ұқсас процестер жүріп жатты, бірақ кейбір өзгешеліктермен. Зерттеушілердің пікірінше, ресейдің интеллектуалдық меншік құқығының тарихында, авторлық құқықта, оның ерекшеліктері бөлінеді:
- Xviii ғасырға дейін кітап басуға мемлекеттік монополияның үстемдігі, алғашқы жеке типография тек қана 1771 жылы ғана пайда болды.
- Тек қана шығарушыларға мемлекетпен артықшылықтардың берілуі және авторлар мен шығарушылардың арасында құқықтық реттеу пәні бойынша құқық қатынастардың болмауы.
- Ресейдің авторлық құқығы мен цензуралық заңнаманың арасындағы тығыз байланыс.
- XiX ғасырда авторлық құқықты меншік құқығының объектісі ретінде тануы және әдеби, шығармашылық меншік құрылысын енгізу.
- aвторлық құқықтың қазіргі түсінігін енгізу тек қана 1911 жылы мүмкін болды.
Ресейдің патенттік құқығы еуропалық және американдық жолмен дамыды. Оның ерекшеліктері жеке артықшылықтар жүйесінің ұзақ мерзімді болуынан көрінеді. Ресейдің алғашқы патент заңы 1812 жылы қабылданды. Бірақ І Александр 1812 жылдың 17 маусымында қабылданаған манифесті «Шығармашылық пен қолөнердегі әртүрлі өнертабыс пен жаңалықтарға артықшылықтар туралы» деп аталған. Артықшылық деп өнертабысқа айрықша құқықты куәландыратын және қорғайтын құжатты айтатын. Яғни, «артықшылық» деген термин ретінде қазір патент деп аталатын құжат түсіндірілген.
Аталған Манифесттің бірінші бөліміне сәйкес өнертабысқа артықышылық ретінде артықшылықта көрсетілген тұлғаға зат меншігі болып табылатындығын және үкіметке кезінде ұсынылғанын куәландыратын куәлік табылатын.
Артықшылық толығымен артықшылықта көрсетілетін тұлғаға өнертабыстың жататындығын көрсетпейді, сондықтан кез келген үшінші тұлға осы құқықты тану үшін дауға түсе алатын және өз құқықтарын сотта қорғай алатын.
1833 жылдың 22 қарашасында император І Николай кезінде «Артықшылықтар туралы Ереже» деген құжатпен аталған құжатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Ереже қазіргі патенттік заңдарға жақын принциптер мен ұғымдарды енгізді. Мәселен, артықшылықтарға ұсыныс жасалғанда және оны пайдаланғанда Ресей мен шетел тұлғалары бірдей құқықтарға ие болады. Ресейге әкелінген объектілерге айрықша құқық артықшылықпен, тек басқа мемлекетте оның мерзімі аяқталмағанға дейін ғана қорғалады. Сонымен қатар, артықшылық объектісін уақытша қолданудың да түсінігі енгізілді, ол қазіргі лицензиялық шарттарға ұқсас.
Осы ережеде қазіргі заңнамаға ұқсас заң талаптарын табуға болады: өнеркәсіптік қолданушылығын; техникалық шешімнің қоғамның талаптарына сәйкестігін; артықшылық алуға құжатта өнертабыстың толық сипаттамасының болуы сияқты.
Ресейдің патенттік заңнамасының одан кейінгі әрі қарай дамуы артықшылықтар түсінігінен өнертабысты қорғау заңды түсінігіне көшті («Жаңа жаңалықтар мен өнертабысқа артықшылықтарды беру бойынша іс жүргізу тәртібін өзгерту туралы» 1870 жылдың 30 наурызында қабылданған заңы).
1896 жылдың 20 мамырындағы «Өнертабыспен әрі қарай жетілдірудің артықшылықтары туралы Ереже» қазіргі терминдерге ұқсас ұсынылған шешімнің техникалық сипатын анықтады. Ақыры аяғы елеулі ерекшеліктер қазіргі өнертабыстың формуласына ұқсас бола бастады.
Артықшылықтар құқығын алу туралы арызды алғаннан кейін, Сауда және мануфактура Департаменті арыз берушіге «Қорғау куәлігі» деп аталатын құжатты беретін. Ол ресми баспада шығарылды және арыз берушіге өз өнертабысымен белсенді әрекеттер жасауға жағдай тудырды.
Сонымен, сол кездегі патенттік заңнама қорғау куәлігін енгізе отырып, уақытша құқықтық қорғаудың түсінігін енгізді және құқықтар жөнінде жария етудің рөлін көтерді деген қорытындыға келуге болады.
XiX ғасырдың аяғында өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық аяда бірнеше мемлекетте құқықтық қорғауды алудың мақсаты тұрды. Нақты жағынан көліктің, байланыстың дамымағанына байланысты бұл мүмкін бола алмады. Бір мемлекетте ұсынылған патенттік мәлімдеме өнертабыстың екінші мемлекеттегі жаңалығына күмән тудыратын.
Осы саладағы қатынастардың тежеуіші ретінде ұлттық патенттік заңдардың ережелеріндегі айырмашылықтар табылады. Сонымен қатар, технологиялардың интернационализациясы мұндай формальды патенттік кедергінің жойылуын талап етті.
Ұзақ мерзімді патенттік заңдардың біріктірілуі және интеллектуалдық меншік құқығының қорғау жүйесінің қалыптасуына байланысты жұмыстар, кезекті 1873 жылы Венадағы халықаралық техникалық көрменің болмай қалуына қауіп тудырды. Мемлекет өкілдері өз өнертабыстарын жоғалту қауіптеріне және қажетті құқықтық қорғаудың болмауына байланысты бас тартты.
Жағдайды сақтап қалу мақсатында австриялық билік органдары өнертабысты, өнеркәсіптік үлгіні және тауарлық белгілерді уақытша қорғау үшін арнайы заң қабылдады. Бұл акт өз бетінше прецедент болды және шетелдіктерге ұлттық режим берудің қажеттілігін енгізді.
Бұл мәселені қарастыру мақсатында 1873 жылы Патенттік реформалар жөніндегі Вена конгресі шақырылды, онда шығармашылық объектілеріне әртүрлі мемлекеттерде бірдей режим берудің принципі қаралды.
Қосарланған күш біріктіру арқасында Париж конгресінде (1878 жылы) одан кейін Париж конференциясында (1880 жылы) және француздық үкіметтің көмегімен халықаралық конвенцияның жобасы әзірленді.
1883 жылы 11 мемлекеттің өкілдері Парижде конвенция қабылдап оған қол қойды, ол конвенция тарихқа Өнеркәсіптік меншікті қорғау бойынша Париж Конвенциясы ретінде мәлім.
Одан кейінгі кезеңде қатысушы-мемлекеттер саны ұлғая түсті де, қазіргі таңда 140 мемлекетті құрайды.
Қазақстан аумағына Париж конвенциясы Ресей империясының және КСРО-ның құрамында болғанда таратылды, себебі олар сол келісімнің қатысушысы болған.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, алғашқы болып Париж Конвенциясының Қазақстан аумағына әрі қарай таратылатындығы жөнінде 1993 жылдың 5 ақпанындағы «Өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы Халықаралық ке-лісімдер туралы» Декларациясында бекітті [12]. Өнеркәсіптік меншікті қорғау бойынша Париж Конвенциясы ұлттық заңнаманың қалыпта-суына үлкен әсер тигізген.
Конвенцияда интеллектуалдық меншік объектілеріне анықтама берілмейді, бірақ 1-бапқа сәйкес өнеркәсіптік меншік объектілеріне өнертабыс, пайдалы модель, тауарлық белгі, фирмалық атаулар жататындығын түсінуге болады [13].
Конвенцияны талдай келе, екі негізгі тұжырымды бөліп алуға болады.
Біріншісі, құқықтар ішіндегі негізгісі, ұлттық режим құқығы табылады.
Екіншісі, үстемдік құқығы. Ұлттық режим құқығы әр ұлттандыру процесінің ең жоғарғы жетісітігі ол Конвенцияның 2,3 баптарында көзделген. Ұлттық режим құқығы барлық конвенцияға қатысушы-мемлекеттердің азаматтарына өз мемлекеттеріндегідей құқықтың қамтамасыз етілетіндігін білдіреді.
Үстемдік құқығы Конвенцияның 4-бабына сәйкес өтінім берген тұлға барлық қатысушымемлекеттер аумағында өз құқықтарының қорғалуын талап ете алады.
Сонымен, біз интеллектуалдық меншіктің қазіргі халықаралық-құқықтық түсінігін қалыптастырудың тарихи аспектілерін анықтадық.
- Қазақстан Республикасында «интеллектуалдық меншік», «өнеркәсіптік меншік», «интеллектулдық меншік құқығы» сияқты ұғымдар егемендік алынғаннан кейін жүзеге асты. 1990 жылдың 15 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы меншік туралы» ҚазКСР-нің Заңының 9-бабына сәйкес азаматтардың жекеменшігі ретінде интеллектуалдық және материалдық қызметтің өнімі табылады деп айтылған. Бірақ позитивті мағынада «интеллектуалдық меншік», «интеллектуалдық меншік құқығы» сияқты ұғымдар КСРО-ның заңнамасында пайдаланылған жоқ. Кеңес дәуірінде интеллектуалдық меншік объектілерінің көпшілігі оның авторларының айрықша құқығында болған жоқ, оның бір ғана авторы болды мемлекет.
- Біздің пікірімізше, интеллектуалдық меншік құқығының әлемдік тарихи эволюциясын үш кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең Xv ғасыр мен Xviii ғасырдың ақырғы төртінші тоқсанын қамтиды және монополиялық артықшылықтар кезеңі деп аталады.
Екінші кезең 1790 жыл мен 1883 жылдарды қамтиды және интеллектуалдық меншікті қорғаудың ұлттық жүйелерінің пайда болу кезеңі деп аталады.
Үшінші кезең 1883 жылдан басталады және әлемдік конвенциялар кезеңі деп аталады.
Әдебиеттер
- Большой энциклопедический словарь. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: «Большая Российская энциклопедия», 1997. – 725 с.
- Гражданское право. Том І: учебник. Изд. 4-е, перераб. и доп. / под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого. – М.: Проспект, 1999. – 695 с.
- Кудрявцев А.В. Организация и проведение мозгового штурма. – М: НПО «Поиск», 1987. – 215 с.
- Кудрявцев А.В. Совершенствование творческой деятельности в процессе создания новых технических решений. – М.: НПО «Поиск», 1987. – 355 с.
- Основы гражданского законодательства Союза ССР и республик от 31 мая 1991. – Алматы: Баспа,
- О собственности в СССР. Закон СССР от 6 марта 1990 г. / Новые законы СССР. – Выпуск – М. : «Юрид. лит.», 1990.– 555 с.
- Зенин И.А. Основы гражданского права России: Конспект лекций для специалистов по праву интеллектуальной собственности. – М.: ВТИ, 1993. – 310 с.
- Введение в интеллектуальную собственность. – Публикация ВОИС. – Женева. – 1998. – 525 с.
- Интеллектуальная собственность. Основные материалы: В 2-х частях: пер. с англ. – Новосибирск: НПО «Юрист», 1993. – 335 с.
- Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий. – Алма-Ата: Рауан,
- История политических учений. Часть 1. – Изд.2-е, исправл. – М.: «Высшая школа», 1971. – 415 с.
- Патентное право: Сб. нормат.-правовых актов/ Сост. Т. Каудыров, Э. Фаизова. – Алматы: Жеті-жарғы, – 250 с.
- Өнеркәсіптік меншікті қорғау бойынша Париж конвенциясы 1883 ж. – Алматы: Жеті-жарғы, 2007. – 30 б.