Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқық нормаларын қалыптастыру қызметінің дамуы

Осы мақаланың негізгі мақсаты халықаралық ұйымдардың халықаралық құқық нормаларын қалыптастыру үрдісінің даму тенденциясына мән бере отырып, XXI ғасырға таман қалыптасқан халықаралық-құқықтық қатынастардың даму бағыттарын белгілеу болып отыр. Іс жүзінде, көрсетілген бөлім келесі тарауына кіріспе ретінде қарастырғаны дұрыс.

Халықаралық құқық шығармашылығының жалпы құқықтық фундаменталды тұжырымдамасын құруы құқық шығармашылығын жеке құбылыс ретінде әрекетті және қорытынды нәтижені зерттегенінен кейін ғана мүмкін болады, нақ осы екі құқық шығармашылық үрдісінің негізгі бөліктері оның салыстырмалы аяқталған циклын құрайды, одан кейін осы ретімен де басқа да циклдер орын алады [1].

Құқық шығармашылық үдісінің салыстырмалы аяқталғандығы алдымен оның реттілігінде және тұрақтылығында жатыр. Құқық нормасының құрылуына дейін құқық шығармашылық факторларының сараптамасы, құқықтық реттелуге жататын халықаралық қатынастарды тану үрдісі жатады. Объективті шындықты, не айғақты тану құқық шығармашылық үрдісінің бастапқы кезеңі немесе бірінші кезеңі болады. Осыдан кейін заң актілерінің қабылдану тәртібін анықтайтын сәйкес құқық шығармашылық процедураларын белгілеу арқылы халықаралық құқықпен толық реттелетін құқық нормасының өзін құру кезеңі басталады. Ескерте кететін жағдай – тану кезеңінен тікелей әрекетке өту үдісінің күрделі болуы.

Халықаралық құқық шығармашылығына көптеген субъектілер қатысуда, оның әр қайсысы қалыптасқан халықаралық-құқықтық жағдайының объективті шындығын ескере отырып, өзінің позициясын  қорғайды.  Осыдан шығатын қорытынды, құқық құру әдісін анықтау бойынша бірінші қадамдары – алғашқы келіссөздері өзара тиімді компромисстерді іздеуімен тікелей байланысты [2].

Құқық шығармашылық қызметінің қорытындысы  құқықтың  танылған қайнар көзі ретінде және танылған құқық актісі тұрпатында қалыптасқан құқық нормасы болып табылады. Сонымен қатар, әрбір құқықтық актісі басқа құжаттары мен құқықтық нормаларымен белгілі бір өзара байланыста және қарым-қатынаста болатын күрделі жүйені құрайды. Қысқаша түрде құқық шығармашылық үрдісі осындай болады.

Құқық шығармашылық және құқықты құру (құқықты қалыптастыру). Халықаралық құқық нормаларын қалыптастырудағы халықаралық ұйымдардың рөлін толық зерттеу үшін, осы екі терминнің мазмұнын анықтау қажет. Негізінен, осы екі түсініктеме өзінің мәні бойынша бірбіріне өте ұқсас болғанымен олардың мазмұны толығымен бірдей немесе идентикалық деп айтуға болмайды. Құқықты қалыптастыруға құқықтық нормаларын құрастырудың толық үдісі кіреді, бұл көлемі бойынша кеңірек ұғым болып табылады. Құқықты қалыптастыру – құқық шығармашылықпен салыстырғанда ұзағырақ және толығырақ құқықтың пайда болуына өз әсерін тигізетін объективті және субъективті факторларды біріктіретін үрдіс.

“...Өзінің мазмұны бойынша құқық шығармашылық құқық қалыптастырудың қорытынды, конститутивті кезеңі болып табылады... [3]”.

Халықаралық құқықтың құқық шығармашылық қызметінің нәтижесінде қажеттіліктер мен құқық құрастырушы факторлар халықаралық-құқықтық нормаға айналады, заңды шындықтың пайда болуына алып келеді.

Құқықтың жалпы теориясында құқық шығармашылық терминінің мазмұны келесіде ашылады – объективті түрде шартталған құқықты қалыптастырудың қорытынды үрдісі, құқықтық нормалардың құрастырылуына, олардың кейінгі дамуына, өзгертілуіне және заң күшінен айрылуына бағытталған мемлекеттің қызметі. Анықтама берудегі үлкен айырмашылықтарына қарамастан осы түсініктемені Кеңес Одағы кезінде қалыптасқан құқық теориясында негізгі болып табылады [4].

Халықаралық құқық шығармашылық халықаралық құқық құру үрдісінің қорытынды, конститутивті бөлімі деген тезиске негізделе отырып, халықаралық құқық шығармашылықты құқықтықұруүрдісікезеңініңқорытындылайтын жүйеленген әрекеттер тобынан тұратын құбылыс ретінде анықтауға болады. Өз кезегінде халықаралық құқық шығармашылық үрдісі екі кезеңінен тұрады: халықаралық құқық субъектілерімен құқық нормасының мазмұнын келістіру негізінде құрастыру және құрастырылған нормаға юридикалық заң күшімен қамтамасыз ету. Халықаралық ұйымдар халықаралық құқық шығармашылық үрдісінде өте маңызды рөл атқарады және алатын орыны өте ерекше. Біріншіден, халықаралық құқықтың басқа да субъектілері секілді халықаралық ұйымдар юридикалық нормаларды құрастыру үрдісіне қатысады. Сонымен қатар халықаралық ұйымдар, формализацияның қажетті элементін енгізіп, қалыптасқан орталықтандырылмаған халықаралық құқық шығармашылық үрдісі үшін процедуралық шектерді анықтай отырып өте маңызды қызметті атқаруда.

Халықаралық  құқықтың  ерекше бір белгісі – субъектілердің өздерінің құқық нормаларын құрастыруы болып отыр. Халықаралық құқық субъектісінің құқық шығармашылық үрдісіне қатысуы – құқықтық мәртебесінің бір белгісі ретінде оның құқық субъектілігінің көрінісі. Ресейлік халықаралық құқық маманы Е.Т. Усенко белгілегеніндей:

“...Халықаралық құқық шығармашылық үрдісіне қатысу қабілеттілігі халықаралық құқықтың кез-келген субъектісінің сипаттаушы белгілерінің бірі болып табылады, яғни оның құқықтық мәртебесінің ажырамас бір негізгі элементі. Осы құқық қабілеттілігі халықаралыққұқықтық мәртебесінің маңызды элементі және халықаралық ұйымдардың халықаралық құқық субъектісі ретінде анықтайды...[5]”.

Әрбір халықаралық құқық субъектісінің құқық шығармашылық үрдіске қатысу деңгейі, әрине, бірдей емес. Халықаралық құқықтың мәні мемлекетаралық құқығы болып табылады. Осы себептен халықаралық құқық нормаларын құрастыру үрдісінде ең маңызды орын алатын халықаралық құқық субъектісі міндетті түрде тәуелсіз егеменді мемлекеттер болып табылады. Олар, яғни мемлекеттер, халықаралық құқықпен  қарастырылған барлық  міндеттер мен құқықтарға ие. Нақ осы халықаралық құқық субъектілері толық құқық субъектілігін иеленеді, соның ішінде халықаралық құқық нормаларын құрастыру үрдісіне қатысуға, оларды толықтыруға және өзгертуге толық құқығы бар. “...Бірінші  дүниежүзілік  және  әсіресе екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейінгі  кезең ішінде халықаралық құқықты дамытуда және халықаралық құқықтық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету үрдісінде халықаралық ұйымының маңыздылығының өсу тенденциясы байқалуда...[6]”.

Сонымен, халықаралық ұйымдардың халықаралық құқық нормаларын қалыптастыру үрдісіндегі даму бағыттарын белгілеу мақсатында, Қазақстан Республикасы үшін өте маңызды келесі бір ұйымының даму жолын қарастырған жөн яғни, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД).

Кеңес Одағындағы саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелер сексенінші жылдардың ортасында өз межесіне жетіп қайта құру үрдісінің қажеттілігін туындатты. Қайта құру мен жариялық Кеңес заманындағы қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық өмірінің көлеңкелі жақтарын анықтап, аша бастаған. “...қоғамдық өмірдің барлық салалары терең дағдарысқа тірелген еді...[7]”, яғни бұл заңсыздық пен күштеу, сол сияқты басқарудың әкімшіліккомандалық әдістеріне қарсы қойылған жауап ретінде болатын. Кейін, 1991 жылдың тамыз айында Мәскеу қаласында орын алған көтеріліс, КСРО туралы жаңа одақ шартының болашағын жоққа шығарды. Бұл кезеңде бұрынғы Кеңес Одағы республикаларының бір қатары өз егемендіктері мен тәуелсіздіктері жайында ашық жариялай бастаған болатын. Республикалардың егемендік үрдісінің дамуына федеративтік одақты бір орталықтан басқарылатын әкімшілік ұйымға әдейі қолдап айналдыру да өз әсерін тигізді [8].

Қазақстан Республикасының атақты заңгер ғалымдарының бірі С.З. Зиманов мынадай анықтама ұсынады: егемендік – мемлекеттікқұқықтық ұғым ретінде мемлекеттің ішкі және сыртқы істерін шешудегі жоғарғы биліктің тәуелсіздігін және дербестігін білдіреді. Бұрынғы Кеңес Одағы республикалардың егемендігіне қатысты әдебиеттер аз емес. Дегенмен бұл еңбектерде егемендік мәселесі сол заман   тұрғысынан,   яғни  одақ федерациясы жағдайындағы КСРО мен одақтас республикалар егемендігінің тұтастығы тұрғысынан қарастырылды. Кеңес Одағы кезеңінде “егемендік пен тәуелсіздік” мәселелерінің сол заман талабына сай зерттеліп жазылу себебі, қатаң мемлекеттік бақылау (цензура) болғанына бірден-бір айғақ деп түсінуге болады.  Кеңес Одағы ыдырап республикалар өз тәуелсіздіктеріне қол жеткізіп егемендіктерін жариялаған уақыт ішінде бұл тақырыптарға қатысты шынайы да әділ жазылған еңбектер көп [9].

1991 жылдың 21 желтоқсанында Алматы қаласында КСРО республикаларының 11 басшысы (Литва, Латвия, Эстония және Грузия қатыспағанды) Алматы Декларациясы мен ТМД құру туралы келісім хаттамасына өз қолдарын қойды. Кейін ТМД-ға мүше-мемлекет ретінде Грузия қосылды. Сол кезден бастап қазіргі кезге дейін ТМД-ға мүше-мемлекеттердің саны – 12 болды.

ТМД тарихында жаңадан пайда болған тәуелсіз мемлекеттердің саяси, экономикалық егемендігі мен дербестігін халықаралыққұқықтық рәсімдеу сатысы нәтижеге ұласты, яғни ТМД-ға мүше-мемлекеттердің барлығы да халықаралық құқық субъектісі болып танылады. Бұл мемлекеттердің ТМД шеңберінде қарымқатынас жасауларына саяси, экономикалық және құқықтық негіздер де қаланды.

ТМД-ға 12 мемлекет мүше болып табылса да, оның шеңберінде қабылданған келісімдер мен шешімдердің күші тек бұл құжаттарды мақұлдаған және бекіткен елдер үшін ғана өтімді.

ТМД-ның құрылуына құқықтық негіз ретінде үш құжат аталуда. Оларға: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы Беловеж (1991 жылдың 8 желтоқсанындағы) келісімі, сол жылдың 21 желтоқсандағы осы келісімге деген хаттама және Алматы Декларациясы жатады. Төртінші құжат ретінде 1993 жылдың 22 қаңтар жұлдызында қабылданған ТМД жарғысы көрсетілуде.

ТМД – халықаралық аймақтық ұйым болып табылады. Біріншіден, белгілі бір мемлекетаралық қатынастарға қатысты, екіншіден, қатынастар белгілі кеңістікте (ТМД кеңістігі) жүзеге асуда, үшіншіден, БҰҰ жарғысының 52-бабына сай, аймақтық ұйымдар аймақтық әрекеттерге жататын бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құрылады.

ТМДелдерінен Еуразиялық Одақтықұруидеясын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1994 жылдың 29 наурыз жұлдызында М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттерімен кездесуінде ұсынған болатын. Ал 1994 жылдың маусым айында Қазақстан баспасөз беттерінде Н.Ә. Назарбаев қол қойған Еуразиялық Одақтың (ЕАО) жобасы жарияланды [10].

Ондағы негізгі мақсат – экономикалық реформаларды жүзеге асыру мақсатында мүшемемлекеттер орындауға міндетті болып табылатын ортақ бағдарламаларды қабылдау, оның іс жүзінде іске асырылатын қадағалау және ортақ экономикалық саясатын келістіру.

Сонымен, жалпы қорытынды беретін болсақ, халықаралық ұйымдардың пайда болу фактісі бірден  құқық  шығармашылықтағы жаңа және маңызды бастамасына айналды, өйткені мемлекеттер олардың конституциялық механизмін тұрақсыз түрде шақырылатын конференциялардың орнына құқық нормаларын құру бойынша тұрақты форум ретінде пайдалана бастады [11].

Нәтижесінде, көпжақты халықаралық келісім шарттарын құрастыру үрдісі әлдеқайда жедел әлдеқайда әмбебап үрдісіне айналды. Осы жерде кейбір артықшылықтарын көрсетіп жіберуге болады. Біріншіден, өзінің құзыр аясына қатысты халықаралық  қатынастарды және мемлекеттердің позицияларын үнемі зерттей отырып халықаралық ұйым басқа кезкелген құрылымға қарағанда шарт мәтінінің жобасын жасау не дайындау қажеттілігі туралы ақпаратқа ие. Екіншіден, ұйымға мүшемемлекеттердің өкілдері арасындағы консультациялар мен өзара әрекеттесу үрдісінің тұрақтылық және перманенттілік сипаты көп жағдайда заңи ниетінің анықталуына және құрылуына, кейін конвенцияның алғашқы жобасының дайын болуына жағдай жасайды. Үшіншіден, тікелей келісімшарттың өзін дайындау және зерттеу мәселесімен айналысатын органы ретінде секретариаттың маңыздылығы өте зор. Төртіншіден, халықаралық ұйымдардың эксперттік сараптамасын жасайтын тәжірибелі жоғары мамандандырылған ғалымдарды және қызметкерлерді тұрақты немесе мерзімді негізінде шақырып алу мүмкіндігі бар.

Құрамында орын алып отырған ережелердің маңыздылығы бойынша жалпы көп жақты шарттар даусыз түрде халықаралық құқық ең маңызды нормаларды құрастырудың негізгі әдісі ретінде құқық шығармашылық процесінің “жүрегі” болып табылады.

Әрине, ең дамыған және күрделі құқық шығармашылық аппаратына ие халықаралық ұйым  БҰҰ  болып табылады. Алғашқы ретте міндетті түрде  БҰҰ-ның  халықаралық құқық Комиссиясын атап көрсету керек. Осы аталған орган қызметінің негізгі нысаны – келісім баптарының жобасын құрастыру, кейін олардың негізінде көп жақты конвенциялар қабылданады. Көрсетілген органның функциясы нақты БҰҰ-ның халықаралық құқық Комиссиясы туралы ереженің 15-бабында бекітілген, яғни халықаралық құқықпен әлі реттелмеген немесе жеке мемлекеттердің тәжірибесінде құқық саласында толық реттелмей қалған мәселелер бойынша конвенцияларды дайындау қызметі.

“Құқық шығармашылығының пәні ретінде белгілі  бір  қоғамдық  қатынастарды  таңдап алу мәселесі күрделі мәселелерінің бірі деп те атауға болады. Құқық шығармашылық үшін қарым-қатынастарын таңдау мәселесі жеке зерттеу ізденістің заты ретінде қарастырылуда, осы ізденістің нәтижесінде орын алып отырған объективті шарттар, қажеттіліктер мен мақсаттарға сәйкес құқықтық реттелуге жататын көптеген байланыстар ішінде ең маңыздылары бөлінеді... Бірақ, кейбір жағдайда реттелуді көздейтін қарым-қатынастың қажеттілігін оны жеке зерттеген кезінде ғана көруге болады...”

Көптеген халықаралық ұйымдарда халықаралық құқық Комиссиясымен қатар басқа да комитеттер конвенциялар мен келісімдерді дайындау процесіне қатысып отыр. Олардың арасында бас органның тұрақты комитеттерімен қатар басқа да уақытша немесе мерзімді органдар құрылуы мүмкін. БҰҰ-ның құқық шығармашылық   тәжірибесі  шарттық түрінде дайындалатын жеке мәселелер өз бетінше қызмет атқарып отыратын бас комитеттерінің жұмысының жеткіліксіз дамығандығын көрсетті.

Сонымен халықаралық ұйымдар, оның түріне қарамастан, яғни ол халықаралық үкімет аралық немесе халықаралық үкіметтік емес ұйым болсын, қазіргі таңда қалыптасқан халықаралық құқыққа тигізетін әсері өте үлкен. Осы тарау шеңберінде, негізінде, әрине БҰҰ халықаралық ұйымының мысалында ұйымдардың ішкі тәртібін қарастырылды. Жалпы бүгінгі күнге орын алып отырған халықаралық ұйымдар санына байланысты халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың маңыздылығы артылуда, және осы айғақтыескермеугеболмайды. Біздіңойымызша, болашақта осындай халықаралық ұйымдарды міндетті түрде халықаралық құқықтық нормаларын қалыптастыру үрдісіне қатыстыру керек. Осы жерде ескере кететін бір жағдай, қалай болса да халықаралық ұйымдардың көп болуына байланысты толығымен құқық нормаларын өз бетінше қабылдау мүмкіндігін бермеу керек, яғни халықаралық нормативті-құқықтық актілердің сапасына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Кез-келген халықаралық ұйым көлемінде ішкі құрылымын бекітетін құжат орын алуда. Көбінесе халықаралық үкіметаралық ұйымдарда осындай құжат құрылтайшы актісі немесе жарлық болып отыр. Әрине, осы мәселені зерттеу кезінде халықаралық ұйымдардың құқық шығармашылық үрдісіне тигізетін әсері өте үлкен екенін байқауға болады.

Жалпы атап айтқанда, біріншіден, мемлекет, халықаралық құқықтың негізгі субъектісі ретінде, халықаралық құқық нормаларын қалыптастыру үрдісіне халықаралық ұйым арқылы қатысу мәселесі және екіншіден, халықаралық ұйымдармен қалыптастырылған халықаралық құқық нормаларының міндетті күші мәселесі магистрлік жұмысымыздың мәнді бөліктерінің бірі болып табылады.

 

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Керимов Д.А. Методологический аспект правотворчества // Вопросы философии, 1975. – №5. – С. 108-118.
  2. Керимов Д.А. Правотворчество. Теория и законодательная техника. – М.: Прогресс, 1974. – С. 64-65.
  3. Алексеев С.С. Общая теория права. – Т. – С. 308-309.
  4. Алексеев С.С. Проблемы теории права. – Т. 2. – С.
  5. Усенко Е.Т. Совет экономической взаимопомощи – субъект международного права. – М.: Наука, 1980. – С. 34-35.
  6. Тункин Г.И. Теория международного права. – М., 1970. – С. 273-274.
  7. Сартаев С.С., Тастанов Ш.Ю. Диалектика демократии и прогресса // Вестник КазНУ. Серия юридическая. –№4. – С. 55.
  8. Зиманов С.З. Теория и практика автономизации в СССР. – Алматы, 1998. – С. 131.
  9. Ким В.А., Ким Г.В. Основы конституционного права Республики Казахстан. – Алматы, 1998. – С. 11-16.
  10. Евразиялық одақ жобасы // Егемен Қазақстан – 16.06.1996, 1-2 бет.
  11. American society of International Law. Proceedings of the 77th Annual Meeting. Washington, 1985. – P.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.