Жалпы зорлық-зомбылық жəне əйелдерге қарсы зорлық-зомбылық халықтың жекелеген топтарына, мекендеу аймағы мен жергілікті жерге ғана тəн емес, ол жаһандық сипатқа ие. Таралу көлемдерінің ұлғаюына байланысты əйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау мəселесінің бүгінгі күні халықаралық деңгейде маңыздылығы артып отыр.
Əйелдер мен қыздарға қарсы зорлық-зомбылық əрбір құрлықта, əрбір мемлекет пен мəдени ортаның шешімі табылмаған проблемасы болып қала беруде.
Гендерлік зорлық-зомбылық ЕҚЫҰ аймағы мен бүкіл əлемде жалғасып келеді. Гендерлік зорлық-зомбылық отбасындағы зорлық-зомбылық, ерте жəне мəжбүрлі некелер, жыныстық зорлық- зомбылық жəне əйелдің жыныс мүшелерін зақымдау сияқты зиянды дəстүрлерді қамти отырып, əр түрлі нысандарда көрініс табуы мүмкін. Бұл зорлық-зомбылық əлеуметтік жəне экономикалық санаттарына, этникалық жəне нəсілдік қатыстылығына, діни көзқарасына жəне білім деңгейіне қарамастан адамдардың барлық санаттарын қамтып отыр [1].
Əлемнің көптеген аймақтарында əйелдерге қатыгездікпен қарау бұрынғысынша жасырылып келеді, мойындалмайды, маңыздылығы бойынша кейінге қалдырылады, оған шыдамдылықпен қарайды жəне ол тиісті мəдени норма жəне салт ретінде түсіндіріледі [2].
Əлемде зорлық-зомбылықтың алдын алу саласындағы істердің жағдайы бойынша 2014 жылғы баяндамасына сəйкес қазаға алып келмеген физикалық, жыныстық жəне психологиялық зорлық- зомбылықтың негізгі соққысы əйелдерге, балаларға жəне қарттарға тиеді: барлық ересектердің төрттен бірі балалық шағында зорлық-зомбылыққа ұшыраған; əрбір бесінші əйел балалық шағында жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған; əрбір үшінші əйел өмірінің əр түрлі кезеңінде жыныстық серігі тарапынан жасалатын физикалық жəне жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған [3]. Бұл ДДҰ-ның зорлық-зомбылықтың жаһандық таралуы туралы мəліметтерімен де дəлелденеді, соған сəйкес, əлемде əйелдердің 35 % өмірі барысында жыныстық серіктесінің тарапынан немесе басқа тұлғалар тарапынан жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Орта есеппен ер адаммен қарым- қатынаста тұратын əйелдердің 30 % өзінің серіктесі тарапынан физикалық немесе жыныстық зорлық- зомбылықтың қандай да бір нысанына ұшырайтыны туралы хабарлаған. Əлемде əйелдерді өлтірудің 38 %-на дейін фактілерін олардың жыныстық серіктестері жасайды [4].
Əйелдерге қарсы зорлық-зомбылықпен күресте осы мəселемен күрестің халықаралық-құқықтық тəжірибесі елеулі маңызға ие. Əйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтан қорғауды қамтамасыз ету бойынша халықаралық-құқықтық тəжірибесі туралы айтқанда осы қорғауды бекітетін халықаралық- құқықтық нормативтік актілердің тұтастай кешенін, сондай-ақ əйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғауды қамтамасыз ететін ұлттық деңгейдегі құқықтық тетіктерді қарастыру керек.
Əйелдер құқықтарын қорғауды, соның ішінде əйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғауды қамтамасыз ететін халықаралық деңгейдегі құқықтық тетіктер адам құқықтарын қорғау бойынша халықаралық-құқықтық нормалардың қалыптасуы мен дамуы аясында жетілді.
БҰҰ-ның Сан-Франциско қаласында өткен бірінші Бас Ассамблеясы барысында əйел-делегаттар əйелдердің проблемаларына арнайы назар аударуды талап етті. Сол кезде құрылған Адам құқықтары бойынша комиссия жанындағы Əйелдердің жағдайы жөніндегі шағын комиссия нəтижесінде 1946 ж. БҰҰ-ның Əйелдердің жағдайын жақсарту бойынша Дүниежүзілік Экономикалық жəне Əлеуметтік комиссия жанындағы комиссиясы болып қайта құрылды [5, 3–7].
БҰҰ-ның адам құқықтары саласындағы ең маңызды құжаттарының бірі болып 1948 ж. қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы табылады. Бұл құжатта отбасының құндылығы жəне оның қоғам дамуындағы жəне əрбір адамды қалыптастырудағы ерекше рөлі айшықталған. Қоғам мен мемлекет тарапынан отбасы мүшелері мүдделерін қорғау басымдығы туралы халықаралық құқық нормалары Еуропаның көптеген дамыған елдерінің конституциялық заңнамаларында толық көлемде көрініс тапты [6].
Кейін БҰҰ Бас Ассамблеясы 1966 ж. Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы халықаралық актіні жəне Экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени құқықтар туралы халықаралық пактіні қабылдады. Экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени құқықтар туралы халықаралық пактінің 10- бабына сəйкес қоғамның шынайы жəне негізгі бөлшегі болып табылатын отбасына мүмкіндігінше ең кең көлемді қамқорлық көрсетілуі жəне жəрдем берілуі тиіс. Нəтижесінде осы негіз қалаушы халықаралық-құқықтық құжаттар адам құқықтары саласындағы басқа да нормаларды жасауда қайнар көзге айналды. Қоғамның негізгі бөлшегі ретіндегі отбасын мемлекет тарапынан əлеуметтік- құқықтық қорғаудың басым сипаты туралы ереже Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығының 1995 ж. 26 мамырда қабылдаған Адам құқықтары жəне негізгі бостандықтары туралы конвенциясында, сондай- ақ ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің көпшілігінің конституцияларында қамтылған [7, 18–21; 8, 289–299].
ХХ ғ. 70-жж. көптеген елдерде жыныстардың некедегі жəне жұмыстағы теңдігі үшін күрес жандана түсті, жалпы тұлғаға қарсы жəне жекелей əйелге қарсы отбасындағы физикалық зорлық- зомбылыққа қарсы наразылық толқыны күшейді. Сонда əйелдердің үкіметтік емес ұйымдарының күшінің жəне осы мəселелерді əлеуметтік жəне гендерлік тұрғыдан зерттеудің нəтижесінде ерлі- зайыптылар арасындағы зорлық-зомбылық мəселесі анықтала бастады [9; 11, 28–37].
БҰҰ Бас Ассамблеясының 1979 ж. 18 желтоқсандағы резолюциясымен əйелдер құқықтары саласындағы басты құжат болып табылатын «Əйелдерге қарсы кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы» конвенция (CEDAW) қабылданды жəне қол қоюға, ратификациялауға жəне қосылуға ашық деп жарияланды.
1981 ж. Конвенцияның 17-бабына сəйкес Əйелдерге қарсы кемсітушілікті жою бойынша комитет ресми түрде құрылды, оның міндеттеріне қатысушы-мемлекеттердің Конвенцияның ережелерін жүзеге асыруын бақылау кірді. Конвенцияны қабылдау барысында əйелдерге қарсы зорлық-зомбылық саяси мəселе ретінде қабылданды. Алайда № 19 Нұсқаулығында (1992) Комитет отырысының барысында əйелдерге қарсы зорлық-зомбылық кемсітушіліктің бір түрі деп танылды.
Комитет өзінің жалпы Нұсқаулығында «отбасындағы зорлық-зомбылық — əйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтың ең жасырын нысандарының бірі. Ол барлық қоғамдарда кең таралған. Отбасылық қатынастар аясында əр түрлі жастағы əйелдер ұрып-соғуды, зорлауды жəне жыныстық қылмыстардың басқа да нысандарын, психикалық террорды жəне зорлық-зомбылықтың əдет- ғұрыптық көзқарастардан қолдау табатын басқа да түрлерін қамтитын зорлық-зомбылықтың мүмкін болатын барлық түрлерінің құрбаны болатынын» түсіндіре отырып, маңызды қадам жасады.
Комитет əйелдерді отбасылық зорлық-зомбылықтан қорғайтын жəне қолдайтын арнайы қорғау заңнамасын жəне құқық қорғау жəне сот органдары үшін гендерлік-бағытталған жаттығуларды енгізуді ұсынды. Бұл ұсыныс мемлекеттерді отбасылық зорлық-зомбылық актілері үшін қылмыстық заңнама мен əкімшілік санкцияларды қарауды жəне бұдан басқа «зорлық-зомбылық құрбандары үшін қолдау қызметтерін құруды» міндеттейді [10, 11; 28, 41–49, 73].
1992 ж. БҰҰ бақылау комиссиясын құрды жəне əйелдерге қарсы зорлық-зомблық фактілерін анықтау жəне мемлекеттік қылмыстардың алдын алу бойынша міндеттерін белігілеу бойынша арнайы міндетін тапсырды [12; 73].
БҰҰ Бас Ассамблеясы 1993 ж. 20 желтоқсанда əйелдерге қарсы қатыгездікпен қарауға жол бермеу туралы ережелері адам құқықтары туралы халықаралық-құқықтық нормаларға енгізілген құжат – «Əйелдердi кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы декларациясы» қабылданды.
Декларация «жария» жəне «үйде» жасалатын əрекеттерді жіктемей, «əйелдерге қарсы зорлық- зомбылық» терминіне кең түсіндірме берген бірінші халықаралық құжат болды. Декларацияның тарихи маңызы онда зорлық-зомбылық мəселесі белгіленіп қана қоймай, сонымен қатар əйелдерге қарсы зорлық-зомбылықпен күрестің тəжірибелік шараларының да анықталуында болды. Ол мемлекеттер алдында мызғымас міндет — əйелдерді зорлық-зомбылықтың кез келген нысанынан қорғауды қамтамасыз ететін əрекеттердің ұлттық жоспарларын дайындау немесе сəйкес ережелерді қолданыстағы құжаттарға енгізу міндетін қойды.
1993 ж. БҰҰ түрлі мемлекеттерде жинақталған жəне басқа мемлекеттер үшін пайдалы болуы мүмкін ақпарат пен тəжірибені тарату үшін арнайы басылым — «Отбасындағы зорлық-зомбылықпен күрес стратегиясы: анықтамалық құралды» жарыққа шығарды. Сондай-ақ мұнда əлемнің бірқатар елдерінде қолданылатын тəсілдер ұсынылды [13].
БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының 1995 ж. 10 наурызда Женева қаласында өткен 51-сессиясы əйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтың барлық актілерін талқылады жəне барлық елдер үкіметтерін мұндай қылмыстардың алдын алу мен оларды жасағаны үшін жазалау міндеттерін қойды [14; 2, 77].
1995 ж. 29 сəуір мен 8 мамыр аралығында Каирда БҰҰ Қылмыстылықтың алдын алу жəне құқық бұзушыларды күту бойынша конгресі өтті, онда басты тақырыптардың бірі отбасындағы зорлық- зомбылық мəселесі болды, «зорлық-зомбылық қылмыстылығының алдын алу саласындағы саясат үшін жауапкершілік жүктелген тұлғаларға отбасы басты назарда болуы керек» деп бекітілді. Бұл «əйелдер мен балаларға қарсы зорлық-зомбылық қазір де ең алдымен отбасыларда болатынымен» байланысты.
1995 ж. Əйелдердің жағдайы бойынша Дүниежүзілік төртінші конференция өтті. Пекин платформасында жəне БҰҰ Бас Ассамблеясының «Əйелдер – 2000: Гендерлік теңдік, даму жəне 21 ғасыр үшін бейбітшілік» атты қорытынды құжатында барлық елдердің үкіметтеріне əйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша қажетті шаралар қолдану туралы үндеу бар. Конференция қатысушылары «отбасындағы əйелдерге қарсы зорлық-зомбылық ерлер мен əйелдер арасында тарихи қалыптасқан теңсіздік қарым-қатынастардың бір көрінісі болып табылады...» деп атап өтті, отбасындағы зорлық-зомбылық — адам құқықтарын бұзу, сəйкесінше, отбасының «жеке» проблемасы ғана емес, мемлекеттік деңгейде шешуді қажет ететін мəселе болып табылады. Сонымен қатар конференцияда отбасындағы, қоғамдағы жəне мемлекеттегі зорлық-зомбылықты жою бойынша міндеттерді шешуде кешенді жəне көппəнді тəсілдерді дайындаумен байланысты мəселелер қарастырылды [15; 58–67].
Пекин конференциясынан кейін Пекин шешімдерін орындауда қол жеткізілген прогреске шолу жасау жəне бағалау мақсатында 1997 ж. 12 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы 2000 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы сессиясы ретінде жоғары деңгейде пленарлық кездесу ұйымдастыруды қаулы етті.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 23 арнайы сессиясы «Əйелдер – 2000 жылда: ерлер мен əйелдер арасындағы теңдік, даму жəне 21 ғасырдағы бейбітшілік» тақырыбында өткізілді. Бас Ассамблея сессиясына БҰҰ-на мемлекеттердің тұрақты өкілдіктерінің қызметкерлерін қоспағанда 2300 делегат, сондай-ақ 2043 үкіметтік емес ұйым қатысты [6].
Жоғарыда атап өткендей, əйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғаудың халықаралық-құқықтық тетіктерінің дамуы аясында осы саладағы ұлттық заңнамалар да дамыды.
Мемлекеттер халықаралық нормативтік-құқықтық базаның аясында əйелдерге қарсы зорлық- зомбылықпен күрес жүргізу үшін шаралар, соның ішінде заңдар қабылдау арқылы қолдануы тиіс.
Зорлық-зомбылықпен күреске бағытталған алғашқы заңдар Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияда қабылданды. 1970-жж. мен 1980-жж. басында олар қолданыстағы қылмыстық кодекстерге соттық қорғаудың соттық қорғау бұйрығын көздейтін өзгерістер мен толықтыруларды енгізді жəне оны қамтитын жаңа заңдар қабылдады. 1990-жж. бастап көптеген мемлекеттер əйелдерге қарсы зорлық-зомбылықпен күрес бойынша заңнамалық актілер қабылдады немесе қайта қарады. Бұл құқықтық реформалардың өздері күрес жүргізуге бағытталған зорлық-зомбылық нысаны, көзделген шаралар түрлері мен заңнаманың реформаланатын саласы бойынша елеулі айырмашылықтары бар. Бұл заңдар конституциялық, азаматтық, қылмыстық жəне отбасы құқығына тиесілі. Заңнаманың көпшілігінде бүгінгі таңда зорлық-зомбылықтың бір немесе бірнеше нысандары қарастырылады. Кейбір мемлекеттер əйелдерге қарсы зорлық-зомбылық мəселесі бойынша кейбір құқықтық нормаларға өзгерістер енгізетін жəне қызмет көрсету мен басқа да алдын алушылық шараларды қабылдау үшін жағдайларды қарастыратын бір кешенді заңнамалық акт қабылдады, ал басқа елдер бұл мəселені кезеңдік реформаларды қабылдау арқылы шешеді.
Кейбір мемлекеттер нақты əйелдерге қарсы зорлық-зомбылыққа қатысты жəне бірнеше қорғау шараларын көздейтін жан-жақты актілерді қабылдады. Оған Америка Құрама Штаттарында 1994 ж. қабылданған «Əйелдерге қарсы зорлық-зомбылық туралы» заңды жатқызуға болады. Заң полиция қызметкерлерін, прокурорларды жəне соттарды оқыту, əйелдер приюттары жəне зорлаудың алдын алу бойынша бағдарламалары, «Қызу бағыт» ұлттық телефоны үшін федералдық қолдау алу құқығын ұсынды.
Мемлекеттердің əйелдерге қарсы зорлық-зомбылық мəселелері бойынша заңнаманы қабылдауда елеулі ілгерілеуге қол жеткізгенімен, ол бұрынғысынша көптеген олқылықтар мен мəселелік аспектілердің болуымен сипатталады.
БҰҰ Бас Хатшысының 2006 ж. дайындаған əйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтың барлық нысандарына арналған терең зерттеуінде 2006 ж. жағдайға сəйкес Біріккен Ұлттар Ұйымының қатысушы-мемлекеттерінің жартысына жуығының ғана отбасылық зорлық-зомбылық мəселесін нақты қозғайтын заңнамалық ережелері бар жəне мемлекеттердің жартысынан кемі сексуалдық қолсұғу мен адам саудасына қарсы заңдарды қабылдаған. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасына сəйкес жүргізілген зерттеулері бойынша, əлемнің 97 мемлекеті отбасылық зорлық- зомбылық туралы заңнаманы дайындады жəне қабылдады [16].
Əдебиеттер тізімі
- АҚШ өкілінің ЕҚЫҰ-да əйелдер мен балаларға қарсы зорлық-зомбылық мəселесі бойынша баяндамасы. Варшава (Польша), 2014 жыл 26 қыркүйек. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://iipdigital.usembassy.gov/st/russian/texttrans/2014/09/html#axzz3ohfAQmut
- Алауханов Е.О., Каирова Н.И. Преступное насилие в отношении женщин: учеб. пособие. — Алматы: Заң əдебиеті, 2008. — 230 с.
- Əлемде зорлық-зомбылықтың алдын алу саласындағы 2014 жылғы жағдай жөніндегі баяндама. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://www.who.int/violence_injury_prevention/violence/status_report/2014/ru/
- Əйелдерге қарсы зорлық-зомбылық. Жыныстық серіктесі тарапынан зорлық-зомбылық жəне əйелдерге қарсы жыныстық зорлық-зомбылық. №°239 ақпараттық бюлл. — 2014 ж., қараша. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://www.who.int/mediacentre/factsheets/fs239/ru/
- Международные документы по защите прав женщин // Учебно-методический комплекс по курсу «Введение в тео- рию гендера». — Алматы, 1999. — Вып. VII. — 47 с.
- Кемали М.С. Насилие над женщинами в семье и быту (криминологические и уголовно-правовые проблемы): дис. канд. юрид. наук: 00.08 — «Уголовное право и криминология, уголовно-исполнительное право». — Караганда, 2007.
- Ильяшенко А.Н. Семья как приоритет социальной политики государства: международно-правовые и конституцион- ные основы // Конституционное и муниципальное право: науч.-практ. и информ. изд. — — № 2. — 50 с.
- Сборник международных договоров и законодательных актов Республики Казахстан в области прав человека: в 2 т. /Сост. Е.А. Жовтис. — Алматы: Жеты жаргы, 1996. — (Права человека). — 436 с.
- Квашис В.Е., Вавилова Л.В. Зарубежное законодательство и практика защиты жертв преступлений / В.Е. Квашис, Л.В. Вавилова. — М.: ВНИИ МВД РФ, 1996. — 128 с.
- Əйелдердің жағдайын бағалау. Əйелдердi кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы декларациясы // Есеп бойынша нұсқаулық. БҰҰ. — 2000. — 108 б.
- Əйелдерге қарсы кемсітушілікті жою жөніндегі комитеттің баяндамасы. Жетінші сессия. — Нью-Йорк, 1988. — 135 б.
- Мертус Д. Права женщин — права человека: пособие для учебных занятий. Пер. с англ. / Мертус Д. в соавторстве с М. Датт и Н. Флауэрс. — М.: Глас, 1996. — 240 с.
- Зорлық-зомбылықпен күрес стратегиясы: БҰҰ анықтамалық құралы (ST/CSDHA/20). — Нью-Йорк, — 122 б.
- Опасная традиционная практика, пагубно отражающаяся на здоровье женщин и детей // Сер. «Права человека». —Женева, 1995. — 68 с. — [ЭР]. Режим доступа: http://www.ohchr.org/Documents/Publications/FactSheet23ru.pdf
- Əйелдердің жағдайы бойынша Дүниежүзілік төртінші конференцияның баяндамасы. БҰҰ. A/CONF. 177/20. —
- [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://www.un.org/womenwatch/daw/beijing/pdf/Beijing%20full%20report%20R.pdf
- Ко Мьяой. Разработка политики и правовой основы для прекращения насилия в отношении женщин: международ- ный опыт. — [ЭР]. Режим доступа: http://unfpa.by/ru/resources/gendernoe-ravenstvo/issledovaniya/