Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Д.Исабеков шығармаларындағы «əйел» концептісінің вербалдануы

Көркем мəтін — аяқталған күрделі ойды білдіретін, бір-бірімен өзара тығыз байланысты горизонтал (лингвистикалық) жəне вертикал (экстралингвистикалық) контекст негізінде туындайтын, полисемантикалы, біртұтас коммуникативтік-прагматикалық ашық жүйе, демек, ол қажеттілікке қарай өзектеніп, əр ұрпақ одан өз бетінше дербес ақпар ала алады, жаңа мəн-мағына таба алады. Көркем шығарманың вербалды құрылымы бір тақырыптық өріске қатысты мағыналық ұйытқы сөздермен беріліп, олардың парадигматикалық жəне синтагматикалық қатынастарын қамтиды да, мазмұндық-нақты ақпарды түзеді. Мəтіннің осы лингвистикалық контексі мен вертикал контекст бір- бірімен ұштаса, сабақтаса келіп, өзара диалог құрайды, яғни көркем мəтіннің мазмұндық-астарлы, мазмұндық-концептуалды ақпарын қалыптастырады.

Жекелеген көркем мəтіндердің құндылығы оқырмандардың бірнеше буынының сынына төтеп беріп, уақытқа тəуелді болмайды, қоғамдағы əр алуан өзгерістерге қарамастан, адами, рухани қажеттілікті қанағаттандыратындықтан, қашан да өзекті болып қала береді. Мəңгілік тақырыптарды қозғаған осындай шығармалардың қатарында Д.Исабековтің үлкен-кіші жанрларда жазылған туындыларын атауға болады.

ХХ ғасырдың 60-жылдары əдеби үдеріске қосылған біраз қаламгерлердің шығармашылық ғұмыры тоқырау заманына тап келгені белгілі. Соған қарамастан олар тақырыбы, түрі, мазмұны, көркемдік шешімі жағынан бір-біріне мүлде ұқсамайтын, тіпті кейде кереғар пікір тудыратын туындылары арқылы қазақ көркем əдебиетіне қомақты үлес қосып, оқырмандарының назарына ілігіп отырды. Сондай жазушылардың қатарында Д.Исабековті де атауға болады. Оның туындылары ұлттық дүниетаным, болмыс, діл, тыныс-тіршілікті шынайы көрсететіндіктен де, өз оқырмандарының жан-дүниесін, рухани өзегін толықтырып, кеңейтіп, байытуға айрықша ықпал жасап, лингвомəдени қоғамда адами құндылықтарды, қасиеттерді орнықтыруға қызмет етті. Қаламгердің шығармалары қуанышы мен қайғысы, қызығы мен оңғағы, жақсылығы мен жамандығы, адалдығы мен опасыздығы қатар жүретін өмір деген күрделі, түйткілі көп үдерістің сан алуан жағдайын тақырып еткендіктен де, қазақ əйелдері бейнелерінің тұтас галереясы деуге болады. Жазушы шығармашылығындағы əйел образдарының қай-қайсысы болса да, халқымыздың əлем бейнесіндегі əйел концептісін жан-жақты ашатыны, танытатыны даусыз.

«Жалғыз ғана түпсіз нысан — адам. Ол туралы өмір бойы жазсаң да, тым аз ғана айтуға болады» [1] деген С.Моэмнің пікірін əйелге қатысты алатын болсақ, оның да сыны мен сыры, ақылы мен мінезі, білімі мен білігі, ұстанымы талай қаламгердің туындысына арқау болғаны байқалады.

Жалпы, əмбебап константа болып есептелетін «əйел» концептісі — «адам» концептісінің құрамдас бөлігі жəне барлық халықтардың əлем бейнесіне тəн, сонымен қатар əр халықтың тек өзіне ғана тəн əлем бейнесін танытатын менталді кешен. Сол себептен де қазіргі заманғы лингвистикада көптеген халықтардың тіліндегі бұл концепт соңғы 15–20 жылда диахронды-синхронды, салғастырмалы, салыстырмалы тұрғыда қарқынды зерттеліп жүр. Ал қазақ тіл білімінде А.М.Байғұтованың «қазақ əйелі» концептісінің этномəдени сипаты» [2], Б.И.Нұрдəулетованың «Жыраулар поэтикасындағы дүниенің концептуалдық бейнесі» [3] диссертацияларын атауға болады. Алғашқы зерттеуде ана тіліміздегі, көркем дискурстағы түрлі бірліктер арқылы вербалданатын ұлттық əлем бейнесіндегі «əйел» концептісі қарастырылса, кейінгі жұмыста жыраулар шығармашылығындағы əйел бейнесін құрайтын құрылымдар нақтыланған.

Концепт дегеніміздің өзі адамның ойындағы ментальді кешеннің вербалданған түрі десек, ол түрлі жағдайға, қаламгердің дүниетанымына, тілдік-мəдени құзіретіне байланысты əр қилы көрінеді, яғни, зерттеуші С.Жапақов айтқандай, «концепт типтері ұжымдық санада инвариант, индивидтік санада вариант түрінде болады» [4], сол арқылы концепт құрылымы кеңейіп, толығып, байып, ұлғайып отырады, себебі əр қолданыста оған сан алуан субъективті эмоционалдық, бағалауыштық, философиялық мəн үстемеленіп отырады.

Əр қаламгер өз туындыларында сөздің халық ұғымындағы жəне өз тəжірибесіндегі мағыналарын тоғыстыру, астастыру нəтижесінде əлемді түйсінуін таныта алады, сондықтан «... концепт жеке-дара сөз аясында емес, белгілі бір танымды айқындайтын «сөздер қоры» (тірек сөздер) арқылы, кейде үлкенді-кішілі мəтіндер көлемінде танылады» [3].

Қазақ тілінде «əйел» концептісін вербалдайтын номинативтердің саны біршама. Бұл номинативтер əйел адамның жас шамасын, кескін-келбетін, əлеуметтік мəртебесін, басқа адамның өміріндегі орнын, олардың өзін өзі жəне өзге персонаждың бағалауын көрсетеді. Осыған байланысты «əйел» концептісін құрайтын жағымды, жағымсыз бірнеше фреймді (құрылымдық элементті) атауға болады: əйел — əсемдік, əйел — еркелік, нəзіктік, əйел — ана, əйел — отбасы ұйытқысы, əйел — жар, əйел — ұяңдық, ибалылық, əйел — адалдық, əйел — намысқойлық, əйел — періште, əйел — махаббат, əйел — еңбекқор, əйел — пері, əйел — ақылсыздық. Бұл танымдық тармақтар арқылы қаламгер өз кейіпкерінің толыққанды бейнесін жасай алады.

«Өкпек жолаушы» повесінде өз кейіпкерінің ішкі монологі арқылы «əрбір əйел танылмаған планета. Жай ғана планета емес, əрқайсысы мұңлы планета. Бүкіл дүниежүзінің ұлы ғалымдары жиналып, əйтеуір бір кезде əлемнің құпияларын ашуы мүмкін, ал бірақ ешқандай ғылым, ешқандай данышпан қарапайым əйел жанының құпиясын аша алмайды» деп атап көрсеткен жазушы Д.Исабековтің туындыларындағы əйелдер — қазақтың аналары, қарапайым қыз-келіншектері.

Д.Исабековтің «Гауһар тас» повесінде «əйел» концептісін құрайтын узуалды номинативтердің барлығы жəне авторлық-индивидуалды таным бірліктері кездеседі: əйел, апам байғұс, жеңеше, ақылды, ажарлы, ақ жарқын, қиялшыл жеңеше, жар, жас бойжеткендер, жас қыз, сылқым жеңгелер, келіншек, Қыжым кемпірдің қызы, қыз-келіншек, қара келін, жас əйел, еркек шашты біреу, кемпір-кешек, қарағым, бір қора қыз, гүлдей ару қыз, малына киінген, үрдей сұлу, ең бір сұлуы, сұлу əйел, қарындас, айдай сұлу, қатын, пері, бір жапырақ шүберек, сіңлі, еркін дала еркесі, аспанның періштесі, алтын, ана, жаман, махаббат.

«Əйел» концептісінің «ана» əмбебап тармағының ассоциативті өрісіне тек жағымды мейірім, жан жылуы, жанашырлық, кеңдік, жақсы көру, тілеуқорлық семаларын вербалдайтын бірліктер жатады. Жазушы Қайыркеннің анасын нақты іс-əрекет үстінде көрсетеді, яғни концепт сценарий түрінде берілген: Көнетоз қара шабаданға бар тапқан-таянғанын салып, апам байғұс қана көбелектей шарқ ұрып жүр; Апам қуаныштан күліп жүр, жылап жүр. Көзінен аққан жасты байқайтын емес. Қара баласынан да, келінінен де «айнала» береді; Апам өзге кемпірлер сияқты «келін деп» жатпай-ақ, оны өз қызындай көріп, «Салтанат» деп атап кеткен.

Повестің алғашқы бетінде-ақ лингвомəдени қоғамда қалыптасқан стереотип байқалады, яғни «əйел» концептісінің ассоциациялық өрісіндегі жағымсыз құрылымдық элемент өзектендірілген. Бас кейіпкер Қайыркеннің əкесінің ер бала тəрбиесіне қатысты ұстанымын танытатын бұл танымдық тармақпен оның жалпы əйел қауымы туралы пікірі де, яғни субъективті көзқарасы да берілген:...баланы айналып-толғана берсең, əйел тəрізді сынық, жасық болып кетеді. Бұл фрейм оның кейінгі сөздерімен де айқындала түседі əрі ол бағалау үш жақты — əкесі əрі əйелдерді, əрі өз баласын сипаттаса, Қайыркеннің өзі əкесінің іс-əрекеті, мінез-құлқы, дүниетанымына сын көзбен қарайды: «..Шошаңдап жүріп не мылтыққа түсіп, не машина қағып өліп қалмасам, жасым жиырмаға жетер-жетпесте еркек шашты біреуге үйленемін де, əке-шеше дегенді ұмытып, соның айтқанына көніп, айдауына жүріп, əлгінің қалаған жағына лағып кетемін». Жағымсыз номинативтің эмоционалдық бояуын контекст те қалыңдата түскен. Дəл осы танымдық тармақты күшейтуге тағы бір күрделі аталым қызмет етіп тұрғаны байқалады: «...Ыбыш қайта əйеліне дегенін істетіп, керекті жерінде қамшы көтере алады. Сенде ол да жоқ, бір жапырақ шүберегіңнің ашса алақанында, жұмса жұдырығында болып жүнжіп кетесің бе деп қорқамын....». Алғашқы қолданыс ұлттық танымдық базада бар, бұрыннан қалыптасқан болса, соңғы екеуі жеке адамның өмірлік тəжірибесін, қоғамда жиі ұшырасатын жағымсыз көріністерді санадан өткізіп, қорыту нəтижесінде пайда болған.

«Əйел» концептісінің танымдық элементтерінің бірі — əсемдік семасы авторлық баяндауда, персонаж бағалауында, қосүнді сөзде кездеседі:...бойы сұңғақ, кеудесіне басқан саусақтары ағарып көрінеді, айтса айтқандай, көрікті, жанары ботаның жанарындай үлкен, кірпіктері найзадай ірі екен, толған айдай ақ жүз, реңді екен сабазың, ақылы көркіне сай болып келсе, Салтанаттың сұлу тұлғасы, қыр мұрыны мен дөңгелек жүзі, аппақ əсем тістері, арайлы жүзі мен тізесіне төгілген білектей қос бұрымы, елегізіген еліктің жанарындай мөлт-мөлт етіп тұрған ойнақшыған көздері, мөлдір суға маржан сепкендей сылдырап күлу, келіншегінің бойындағы таптырмас еркелік, жарасымды наз бен тəтті қылық, бұралған сымбат пен күміс күлкі т.б.

«Əйел» концептісінің жазушы өзектендірген келесі бір танымдық тармақтары — Салтанаттың ішкі жан-дүниесін, психологиясын, рухани тазалығын көрсететін еркелік, нəзіктік, ұяңдық семалары: Толған айдай жүзіне қысылғаннан қан ойнап шыға келіп, екі беті жаңа піскен алмадай албырап жүре берді; Ол селт еткен маралдай маған жалт қарап, екі бетін алақанымен басып отыра кетті.... Ол айтқан əндері үшін ұялып, не істерін білмей жүр; Имек қасы дір-дір етіп, жанарына бір ұяңдық ойнап шыға келді т.б. Бұл семалар Ыбыштың қаталдығы, отбасындағы салқындықпен айқын контраста болғандықтан, повестің мазмұндық-астарлы, мазмұндық- концептуалды ақпарын ашу үшін айрықша маңызды: «Əй, осы мені аямайды-əй, — деді күліп, онысы несі екен....Сөйтіп жүріп жөндеп тартпайсың деп ұрсатыны бар тағы да, астапыралла!..»; Салтанаттың бұл үнінде реніш те, зіл де жоқ, керісінше, нəзік əйелдің қатал еріне деген таңырқауы, сонымен бірге нəзік құрмет пен нəзік сезім жатыр еді; Оның бұл сөзі мен күлкісінде еріне деген жарасымды əжуа, жеңіл ғана байқалмас наз жатыр еді; Ерке мінезді, сəби сезімді менің жеңешем əнші де екен-ау! Имек қасы дір-дір етіп, жанарына бір ұяңдық ойнап шыға келді, Салтанат... сəлден соң жаз күлкісіне қайта енеді т.б. Осы когнитивтік-пропозициялық құрылымдар Салтанаттың мықтылығын, төзімділігін, беріктігін қоса танытады.

«Əйел — адалдық» фреймін объективтендірген жазушы «суық үйден жабырқап, жалғызсырап жүрсе де,... жарының бойындағы қаталдықты» кеш байқаған Салтанаттың аузына төмендегі сөздерді салады: «... Əйтсе де мен енді басқа жақтан бақыт іздемеймін. Іздеп барып дəл үстінен түскен бақыттың маған енді керегі де жоқ. Мен ол бақытты қиын жерден іздеймін, жоқ жерден іздеймін. Өмір сонысымен қызық, сонысымен мағыналы.... Міне, мен ақыры сол дегеніме жетемін». Эмоционалды концепт деп саналатын бақыт лексемасы мағыналық ұйытқы сөз ретінде микроконтексте бірнеше қайталанып, фреймнің құндылығына акцент түсіріп тұрғаны байқалады.

Байқалып отырғанындай, қаламгер шығармашылығындағы осы мəтінде қазақ əйелінің эмоционалдық, психологиялық бейнесін танытатын қасиеттер жағымды мəнге ие, яғни «олардың қазақ мəдениетіне, ұлттық дүниетаным мен болмысқа тəн ассоциация екені байқалады» [2; 30], ал орыс тіл білімінде «əйел» концептісін зерттеген А.В.Кирилина орыс əйелдерінің мінезін сипаттайтын ассоциациялық өрістегі лексика-фразеологиялық бірліктердің, паремиялардың жағымсыз коннотациясы басым екенін көрсетсе [5], зерттеуші Д.Масалимова ағылшын тіліндегі қазіргі кездегі əдебиетте қыз абыройы, əйел адалдығы, шыдамдылығы сияқты қасиеттер мүлде жоқтың қасы екенін атап өтеді [6].

Д.Исабеков өз шығармаларында лексика-семантикалық бірліктерді кейіпкерлерінің эмоционалдық сипатына қарай таңдап алады, сондықтан да оның субъективті көзқарасы қыз- келіншектерге сүйсіне, аянышпен, рақымшылықпен, түсіністікпен, кейде жеңіл ирониямен қарауды қамтиды да, мəтін модальділігін түзуге ықпал етеді.

«Əйел» концептісінің жоғарыда аталған фреймдері ұлттық танымдағы стереотиппен астасып жатқанын көруге болады, ал осы танымдық тармақтардан өзге бір үлгісі «Сүйекші» повесіндегі диуананың бейнесін жасауға мүмкіндік берген жанашырлық, кеңдік, батылдық семалары. Өз басындағы қиын жағдай, жетімсіздік, қайғы, жалғыздыққа қарамастан, уақытын бөліп, мүлде танымайтын мүсəпір адамға білгенін еш өтемсіз үйретіп, оны имандылық жолына түсірген əйелдің бойындағы адами қасиет ұлттық болмыспен, жалпыадамзаттық құндылықпен астасып, аталмыш семаларды өзектендірген.

Əйел — мұңлық, намысқойлық танымдық моделдері жазушының «Тіршілік» повесіндегі Қыжымкүл бейнесінен көрінеді. «Бір кездегі ырғалған байдың бұралған қызы Киеван шалдың бір уыс қара кемпіріне айналған» Қыжымкүлдің бар өміріне қатысты тезаурустағы əр түрлі семантикалық өрістегі бірліктер оның кескін-келбетін, табиғи болмысын, моралдік ұстанымдарын, эмоционалдық, психологиялық жай-күйін, отбасылық, əлеуметтік жағдайын, көрген қиындықтарын, екі жақты — өзін-өзі жəне оны өзгенің — бағалауын жан-жақты, толық, егжей-тегжейлі таныта алады: кемпір, шүйкедей қара кемпір, қара құмандай боп қушиып отырған кемпір, қырым еті жоқ бейшара, мəлжубас, іргелі байдың үлде мен бүлдеге оранған қарқаралы қызы, еркін жүріп, еркін тұрып үйренген қыз, ақ сүйек қыз, үркек те нəзік қыз, тірі тұтқын, Еркежан, сорлы басы, бейшара түлкідей, Қыжымкүл тотымыз, қалыңдық, жүкті боп қалу, іштен шыққан шұбар жылан, көкпарша тарта жөнелу, бұл байғұс, абыройы төгілген қызы, сүйекке таңба түсірер қыз, өз перзенті, орталарыңдағы қыз, қара бет, қарындасы, бейуайым, бейқайғы шағы, жансыз адамдай, қайран қыз, қор болды-ау, белгісіз əйел, қос бұрымы шұбатылған, үріп ауызға салғандай реңді қыз, бейшара, төрт құбыласы түп-түгел ерке қыз, тірі жетім, ел кезбе, алтыншы бала, қырық бірінші жамау, аққудай сыланған сұлу қыз, байғұс бала, оң босағада отырып, екіқабат болу, қасқырға жем болу, күнəкар, айналайын-ау, киіктей қақаңдап жүрген адам, бұл бейбақ, сөнген нұр, сөнген мейірім, қатқан көңіл, менбəле, жүрегің нəзік қыз ең ғой, пəленшенің қызы, сіңлім, бөтен əйел, жылтырақ зат, керек адамы, тұзы жеңіл байғұс, көрші үйдегі келіншек, туған қызымдай, туғанымнан да артық, келін, келіншегі, жарым, біреудің анасы, тəрбиелі жерден шыққан бала, шын жанашыры, Қыжымкүл апай, жеңеше, бір жапырақ кемпір, тіршілік иесі, əлжуаз кемпір, күнəсі жоқ қой деймін байғұстың, əжеміз Қыжымкүл, Қыз Жібегің, сүйеу.

Обал-сауапты белінен басқан тексіздердің, тас жүрек əке мен қайырымсыз ағайынның жалған намысына бола тағдыры бір-ақ күнде өзгеріп шыға келген жас қыз қорлық пен мейірімсіздікті еш қарсылықсыз, көзге көрінбес қайратпен қабылдайды. Бұл автор баяндауымен де, кейіпкер сөзімен де вербалданады:...Кешірім сұрағанмен, кешіретін түрлеріңізді көріп тұрғаным жоқ. Мен өлімнен жасқанбаймын, қайта, ай далада қаңғып жүргенімде ит-құсқа жем болмағаныма өкініп, тəңірге тіл тигізіп тұрмын; Қыз алған жоқ, жансыз адамдай сілейіп тұра берді;...Бірақ əкем тереңінен ойламады. Егер сүйегіне таңба түсіргісі келмесе екеуіңе «Ен далада қаңғып жүріп елге кезіксе, кімнің қызы екенін айтпасын» деп тапсырар еді. Мен кім екенімді тірі жанға айтпаспын. Оған осы сөзімді жеткізгейсіздер.

Ұзақ ғұмырында осы сөзінен айнымай өткен Қыжымкүлдің жақынға да, жатқа да жан сырын ашпай, бойын тік ұстауы қазақ əйелінің өрлігі мен намысқойлығын танытады.

«Əйел — пері, періште» фреймдік тармақтары жазушының «Пері мен періште» повесіндегі Сафура образынан байқалады. Баяндау фреймі [7] Құлахмет пен көршінің пікірін вербалдағандықтан, концептінің сценарийлік құрылымы оқиғаның қалай өрбігенін ой елегінен өткізуге мүмкіндік жасайды: Тыныс алғаны да сезілмейді. Оның жүзінде əбіржу де, қайғыру да, опыну да жоқ, сүйікті Сафурасына, қатыгез Сафурасына деген реніші мен күйініші де жоқ, бəріне де көнген, бəріне де разы. Лапылдаған қайғысы мен күйініші, бұрқанған намысы мен ызасы, ешқашан орны толмай өтетін азабы мен өксігі, бəрі-бəрі де мейірім мен ізгілік үшін жаратылған кеудесінде қамалып, тұншығып жатыр. Ол Смағұлды да, Сафураны да, ешкімді де кінəламайды, қаралап, қарғамайды.

«Бұларың адамдық емес, хайуандық!» деп даурықпайды да. Бəрін үнсіз көтереді, əл-қуатының жеткенінше шыдап бағады. Ет жүрегі суға түскен кесектей езіліп, жаншылып, ішкі дүниесіне қара қан боп тамшылап таусылғанша төзіп бағады; Əйелі деп қайтесің, — деді екіншісі қолын сермеп, — сайқал демеймісің. Мұны осындай халге жеткізген сол жезөкше. Бұл қаланы былғап болды да, екінші қалаға ауысты.

Мұндағы бағалау оппозицияға негізделгені вербалды құрылымнан анық байқалады, яғни эмоционалды бояуы қанық тілдік бірліктердің, ауызекі сөйлеу тіліне тəн элементтердің семантикасы танымдық тармақтың стереотипін көрсетеді.

Қаламгердің «Қарғын» романындағы Бағила мен Мəлике образдары «əйел» концептісін құрайтын, жоғарыда аталған барлық танымдық тармақтарды өзектендіру нəтижесінде басқаларға ұқсамайтын, танымы да, талғамы да, білімі де, білігі де жоғары қазақ қыздарының бейнесін объективтендірген. Бұл роман жазушының атақты «Əпке» пьесасынан кейін жазылса да, онымен де, басқа туындыларымен де үндес екені даусыз.

Бағиланың бейнесін ашу үшін қаламгер оның ішкі монологіне прецедентті мəтін енгізеді, яғни Абайдың күшті əдеби мəтіндерге жататын өлеңінен алынған «Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда...» цитатасы «əйел» концептісінің бірнеше танымдық тармағының объективтенуіне жол ашады, себебі: «Кейіпкер сөзіндегі прецедентті құбылыс символдары əдетте оның өзімен қатар суреттелетін басқа персонажды мінездеуінен, бағалауынан көрінеді. Мұндай интертекстуалды элементтердің бағалауыштық қызметі екі жақты болады, өйткені қаламгер өз кейіпкеріне айтқызған интертекст арқылы оқырман сол кейіпкердің өзін бағалай алады» [8]. Бұл тұрғыдан келгенде Бағиланың өресі өзінен көп жоғары Жасынмен тіл табысуы, тең дəрежеде сөйлесуі, ұшқыр ойлауы, тапқырлығы, жаны қасаң болмаса да, қатаң мінезді əкесіне деген көзқарасы, туыс ағасының мінез- құлқы, ортасынан жатсыну сезімі т.б. қамтыған осы дəйексөздегі ойлы сөзі «əйел» концептісінің атрибутивтік, коннотативтік, субъективтік сипатын танытады. Жасынның сөзінде қайталанған бұл цитата мазмұндық-концептуалды, мазмұндық-астарлы ақпарды қалыптастыруға да қызмет етеді.

«Əйел» концептісінің айрықша бір танымдық тармағы — «махаббат» фреймі деуге болады. Əмбебап, метафизикалық деп танылатын махаббат концептісінің өзегі əлем бейнесіндегі түсінікпен сəйкес келсе де, қаламгер танымындағы шеткері аймақтарда түрлі ассоциативтік-бейнелік, эмоционалды-бағалауышты модельдермен беріледі. Бұл орайда М.Жұмабаевтың тілдік тұлғасын қарастырған Ж.Ермекованың «ғаламның діни-мифологиялық бейнесіндегі, ғаламның тарихи бейнесіндегі, ғаламның философиялық бейнесіндегі, ғаламның психологиялық бейнесіндегі махаббат модельдерін» 7 топқа бөліп қарастырғанын жəне олардың арасында ең көп вербалданатыны «ер мен əйел арасындағы махаббат концептісі» екенін атап көрсеткенін [9] айта кету орынды.

Романда «махаббат — сор» танымдық моделі өзектенген. Махаббат адамның жақсы қасиеттерін ашып, ұлғайтып көрсететіндіктен, оның азабы мен қайғысының өзі кез келгеннің еншісіне бұйырмайтын, маңдайына жазылмайтын сыбаға деп түсініледі. Концептінің метафорамен вербалданған тармағы Бағиланың ішкі монологінде ойсурет құрылымда танылады: «Сонда... Сонда мен бұдан былай не істемекпін? Мұның бəрінің апарып тірейтін жері не болмақ? Көзді жұмып алып, қайда барары белгісіз кеменің соңынан ілесе беруге болмайды ғой. Ол кеме, əрине, өзгелерге мүлде ұқсамайтын алып та сырлы кеме, баратын жері де мен көрмеген ғажайып бір ертегідей қала, бірақ маған басқа қала керек, мүлде басқа қала. Ол, тіпті, кішкене ғана порт болуы мүмкін, əйтсе де мен баратын жер — сол... ойда жоқта кездескен бір кеменің алыптығына, жүрер жолының қызғылықты да қиындығына, барар қаласының бір-біріне ұқсамайтын əсерлілігіне елігіп, сол кеменің ақылды да ашулы, сабырлы да салқын капитанымен алаңсыз еріп кете бермекпін бе?». Ойсурет құрылымды тармақта «махаббат — сор» танымдық моделі бұлардан басқа жол, дауыл, жартас, туған порт, жаға тəрізді лексемалармен репрезенттеледі. Бұл метафоралардың семантикасында үміт, қауіп, қатер, сенімсіздік сияқты түрлі сезімдердің кең ауқымы қамтылғанмен, трагедиялық тармақтың мықтылығы, беріктігі Жасынның шешімінен көрінеді: Осы ой арпалысы өзін тынымсыз мазаласа да, ұстап тұруға болмайтын еріксіз күш оны аэрофлот агентствосының тоғызыншы кассасына қарай итермелей берді. Ол біреу зорлағандай қиналып билет алды, амалсыз самолетке отырды. Самолет те біреу зорлағандай орнынан қинала қозғалды, қинала екпін алды. Əйелдің бөлмесінен бері созылған адалдықтың жібі бырт етіп үзіліп кетті. «Махаббат» концептісінің ассоциативтік өрісіне кіретін адалдық семасының концептуалдық метафора арқылы объективтенуінің өзі коннотативті.

Осы танымдық тармақ Мəлике тағдырына да тəн, алайда оның сезім толқыныстары, қайшылығы, сезімін санаға жеңдіруі Бағиланың ішкі жан-дүниесі, психологиялық, эмоционалдық жай-күйіне қарағанда аз көрінсе де, эмоционалдық тұрғыдан аса ширыққан түрде беріледі: Сол күні оңаша қалып, адам баласы, əсіресе, əйел баласы өз тағдырына өзі əмір ете алмайтынын, өз дегенінше өмір сүре алмайтынын ойлап жастығын сулаған. Əйел бақытының еркектердің бақытына мүлдем ұқсамайтынын, тіршілікте қанша биікке көтеріліп, даңққа ие болса да «бақыттымын» деп сезіну үшін əйелге олардың аздық ететініне, əйел бақытының тек еркекке тəуелді екеніне ызаланып жылаған. Сценарийлік құрылымда берілген концепт арқылы қаламгер өз кейіпкерінің өткен күндерін, өмірлік ұстанымын аңғартады.

Жазушының тағы бір кейіпкері «əйел» концептісінің жағымсыз тармағын көрсетеді. «Есепшот, түйетауық жəне домино» əңгімесіндегі Пістекүлдің бейнесі өзі/өзге оппозициялық бағалауына негізделген, яғни «өзін ауылдағы ең ажарлы, өжет, екі сөйлеу дегенді білмейтін жəне көзі ашықтығы жағынан өзгелерге қарағанда оқ бойы озық əйелмін деп санайтын; Өзі туралы мұндай берік байлам оның кеудесіне нан пісіріп, көшеге шыға қалса, былайғы жұртты көзіне ілмей, бойын тəкаппар ұстауға тырысатын;.... білдей бұғалдырдың əйелі...» Пістекүл өзгелердің танымында шалдуар, шайпау, ұрысқақ. Соңғы бағалауды ішкі интертекстуалдылық көрсетеді:

Əй, Пістекүл, Пістекүл,

Сен қылатын іс не бұл?

Саған жақсы ат əпермес

Ұрыс деген түспегір.

Ағасы шығарған өлеңдегі бағалау автордың субъективті пікірі деуге болады, яғни «... ішкі интертекстуалдылық (романға хаттардың, күнделіктердің, кейіпкерлердің əдеби шығармаларының т.б. келтірілуі) — шын мəнінде, жалған болады, себебі келтірінді элементтерді автордың өзі жазады» [10].

Келтірілген мысалдардан көрініп тұрғанындай, Д.Исабековтің əр шығармасындағы «əйел» концептісінің танымдық тармақтары келесі туындысында қайталанбай, соны образ жасауға мүмкіндік берген. Бұл концептіні вербалдаған тілдік бірліктердің эмоционалдық, коннотациялық бояуының қанықтығы жазушы сөзқолданысының индивидуалдық мəнерін танытады, өзі жақсы білетін, ұстанатын ұлттық таным, болмыс, діл ерекшеліктерін оқырмандардың бірнеше буынына жеткізуді діттейді. Қаламгер концепт құрайтын құрылымдық элементтердің қарапайым, күрделі, бейнелі, кеңейтілген, метафораланған формаларын ұтымды, уəжді қолдану арқылы өз кейіпкерлерінің бітім- болмысын дəл, əсерлі, көркем бере алған.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Моэм С. Подводя итоги. — М.: Худож. лит., 1989. — С.56.
  2. Байғұтова А.М. «Қазақ əйелі» концептісінің этномəдени сипаты: Филол. ғыл. канд. ... автореф. — Алматы, — 30 б.
  3. Нұрдəулетова Б.И. Жыраулар поэтикасындағы дүниенің концептуалдық бейнесі: Филол. ғыл. д-ры... дис. — Алматы, 2008. — 328 б.
  4. Жапақов С. Эпикалық фразеологизмдердің когнитивтік негіздері: Филол. ғыл. канд. ... дис. — Алматы, 2004. — 117 б.
  5. Кирилина А.В. Гендерные компоненты этнических представлений (по результатам пилотажного исследования) //Гендерный фактор в языке и коммуникации. — Иваново, 1999. — С. 46.
  6. Масалимова Д. Когнитивно-прагматическое описание гармонии и дисгармонии речевого общения: Автореф.... канд. филол. наук. — Алматы, 2005. — С. 19.
  7. Кубрякова Е.С. Краткий словарь когнитивных терминов. — М.: Изд-во МГУ, 1997. — 245 с.
  8. Əділова А.С. Қазіргі қазақ көркем шығармаларындағы интертекстуалдылықтың репрезентациясы, семантикасы, құрылымы: Филол. ғыл. д-ры ... дис. — Алматы, 2009. — 208-б.
  9. Ермекова Ж.Б. Мағжан Жұмабаевтың тілдік тұлғасы: Филол. ғыл. канд....автореф. — Алматы, 2010. — 19-б.
  10. Арнольд И.В. Проблемы диалогизма, интертекстуальности и герменевтики. — СПб.: Образование, 1995. 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.