Қарағанды университетiнiң хабаршысы

Мақалада қазақ тіліндегі окказионализмдердің жалпы тіл біліміндегі топтастырылуына қысқаша шолу жасалды. Соның ішінде семантикалық окказионализмдердің жасалу ерекшелігі жан-жақты қарастырылды. Авторлар олардың көркем шығармада қолданылуына тоқталып, окказионализмдердің сөз мағынасының кеңеюіне тигізер ықпалын қарастырды. Жинастырылған мысалдар негізінде жазушының тілдік ерекшеліктері, яғни стильдік, сөз қолдану, көріктеу құралдарын қолдану ерекшеліктері, талданды.
2015

Мақалада болашақ журналистерді сөз өнеріне баулудың теориялық жəне тəжірибелік негіздері қарастырылған. Бүгінгі БАҚ-тағы журналистердің сөйлеу мəдениеті мен жазу сауаттылығы туралы нақты мысалдар келтіріліп, сөз (тіл) өнерінің маңыздылығына ғылыми пайымдаулар жасалды. Сондай-ақ жазба тіл (баспасөз) мен ауызекі сөйлеу тілінің (телерадио) лингвистикалық заңдылықтары сөз болып, олардың болашақ журналистер үшін қажеттілігі айқындалды.
2015

ХV ғасырдың көрнекті энциклопедист-ғалымы, балгері, барлық дерттің емшісі Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының өмірі мен қызметі суреттелген. Оның барлық кеселдер мен ауруларды емдеудің арнайы халықтық тəсілдері баяндалған. «Шипагерлік баян» атты негізгі ғылыми еңбегі талданған. Ғалымның бұл трактатты жазғанда өз заманының медицина, астрономия, философия, тарих, психология, этнография, лингвистика ғылымдарының жəне тағы да басқа ғылымдардың озық жетістіктерін пайдаланғандығы туралы қорытынды жасалған.
2015

Мақалада Таңжарық ақын табиғат лирикасындағы пейжаздық өлеңдеріне ғылыми талдау жасау басты мақсат ретінде алынған. Ақын туындыларындағы адам жəне табиғат мəселесі тығыз сабақтастықта қарастырылды. Автор ақынның пейзаждық лирикасын І.Жансүгіров жырларымен салыстыра отырып, олардағы үндестік пен ерекшеліктеріне, табиғатты суреттеудегі қаламгерлік шеберліктеріне баға береді. Іле табиғатының əсем келбетін жырлаудағы суреткерлік шеберлігі дəлелденді. Қытайдағы қазақ əдебиетінде классик ақын саналатын Таңжарық Жолдыұлы табиғат лирикасы саласындағы көркем туындылары арқылы мол үлес қосқандығы əдеби-теориялық тұрғыдағы талдаулар жасау арқылы нақты сөз болады.
2015

Мақалада əдеби, тарихи жəне фольклорлық дерек көздер — Кенесары Қасымұлының басшылығымен жүргізілген ұлт-азаттық қозғалыстағы оқиғаларды көзімен көргендердің əңгімелері, өлеңдері жəне олардың естеліктері келтірілген. Кенесары хан мен Наурызбай батырға арналған тарихи өлеңдер мен поэмалардың ішінде жетекші орынды белгілі ақын Нысанбайдың «Кенесары туралы əні» алатындығы айтылған. ХІХ ғасырдың 20–40-жж. қазақтар көтерілісінің себептерін анықтау үшін Досхожа ақынның сол көтеріліс кезінде шығарған өлеңі маңызды рөл атқаратындығы көрсетілген. Демократиялық бағыттағы белгілі ақын М.-Ж.Көпеевтің Кенесары туралы жинаған материалдары көңіл толтырарлық екендігі туралы қорытынды жасалған. Халық ақындары — Жамбылдың жəне Доскейдің естеліктері фольклорлық материалдардың маңызды тобын құрайтындығы көрсетілген. Кенесары ханның отаршылдыққа қарсы жаппай көтерілісінің айқын саяси сипаты жəне оның қазақ тарихындағы прогрессивті рөлі туралы пікірі бейнеленген.
2015

Мақалада Бұқар жырау шығармаларындағы романтизм əдісіне тəн сипаттар қарастырылды. Романтизмнің негізгі бейнелеу тəсілдерінің жырау туындыларындағы қолдану ерекшеліктері зерттелді. Жыраудың хандар мен билер образын сомдаудағы романтикалық пафосы, субъективті көзқарастары əдеби-теориялық тұрғыдан талданды. Жырау толғауларындағы максималистік мақсат, автор қиялының көркем берілу жолдары айқындалды. Дала романтикасының суреттелуіндегі дəстүр мен жаңашылдық ауқымы көрсетілді. Шығармалардағы Абылай бейнесіне қатысты тың тұжырымдар жасалды.
2015

Поэтикалық мəтіннің прозадан өзгеше түсер жері ретінде сыйыстыру құбылысы да нақты дəлелденген жайт. Бұл ерекшелік жыраулар поэзиясының мəтіндерінен жиі кездеседі. Мақалада сөзді ықшамдап, ойды кеңейту үшін жыраулар ыңғайлас құрылымдардан тұратын сыйыстырылған периодтардың молдығына, нақты айтсақ, толғаулардың көбінде оқиға, пікір, түрткі себептерді санамалап келіп, əр тармаққа түйін болар сөзді толғау соңында бір-ақ айтқан жерлеріне тоқталған. Авторлар келтірген мысалдар негізінде толғауларда сыйыстыру (ықшамдау) бар дегенге тоқтам жасайды.
2015

Мақалада туынды сөз семантикасының қалыптасу ерекшеліктері мен мəн-мағыналық қызметі қарастырылды. Автор негіз сөз бен туынды сөздің арасындағы мағыналық байланысты жəне туынды мағынаның дамуы барысында қалыптасатын мағыналық айырмашылықтарына тоқталды. Сонымен бірге туынды сөз мағынасының қалыптасуына қатысты ғалымдардың ойлары берілді. Туынды сөздердің семантикасының қалыптасуында əр түрлі деңгейде сақталып, қатынасқа түсетін құрамындағы семаларды талдап анықтама беріп, сөздің семантикалық күрделілігі осы семаларға байланысты екендігі айтылды. Сөзжасамдағы семантикалық өзгерістің себептері жан-жақты талданды.
2015

Мақалада қазақ тіліндегі ресми-іскерлік стильдің, мемлекеттік тілдің қолданылу аясы мен мемлекеттік тілде іс жүргізу үлгілерінің қалыптасу, даму тарихы қарастырылды. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізудің тарихы алты кезеңге жіктеліп, əр кезеңге сəйкес құжаттардың тілдік белгілері мен əлеуметтік қызметі айқындалды. Сондай-ақ елімізде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған ресми-нормативтік құжаттарға талдау жасалған. Ол құжаттардың кемшіліктері мен жетістіктері жан-жақты зерттелген.
2015

 Мақалада белгілі ғалым Қ. Өмірəлиевтің «XV–XIX ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі», «Қазақ поэзиясының жанры мен стилі» атты еңбектері қазақ əдебиетінің ірі өкілдері Бұқар, Дулат шығармаларымен қатар, күрескер ақын Махамбет поэзиясының тілін, жанрын, стилін жан-жақты зерттеп, ғылыми негізде талдап көрсетуге арналған еңбек екені жан-жақты дəлелденіп, жүйелі түрде берілген. Автор Махамбет поэзиясын өзіне дейінгі дəуірдегі поэзия үлгілерімен салыстыра келе, ақын шығармаларында ауыз əдебиетінің ықпал-əсері аз болмағанын атап көрсетті. Əсіресе ақынның «Соғыс», «Мінкен ер» өлеңдерінің эпостық жыр үлгісіне өте жақын келетініне ерекше назар аударады. Ақын өлендерінде жиі кездесетін жер-су атауларының тек географиялық ұғым ретінде ғана емес, ел қонысы, халық мекені ретінде алынғандығы айтылады. Автор Махамбет поэзиясында кездесетін араб, парсы сөздеріне қатысты өз ойын дəлелдеп көрсеткен. Сондай-ақ ақын поэзиясында стильдік-тілдік тəсіл ретінде жұмсалатын формалар жүйесі жан-жақты талданған.
2015

Мақала техникалық терминология жəне олардың қолданылу ерекшеліктері мəселелеріне арналған. Тіл білімінің бір саласы ретінде терминологияда да осы ғылымға тəн ерекшеліктердің бəрі кездеседі. Сонымен бірге терминология өз ішінде тіл білімінің барлық заңдылықтарын дерлік қолданады. Осындай заңдылықтардың бірі болып табылатын омонимия құбылысы термин саласына да тəн. Терминологиядағы омонимдер салааралық жəне жүйеаралық деп бөлініп, жалпы қолданыстағы дəл осылай дыбысталатын сөздерден ерекшеленеді. Терминологиядағы омонимдер түрлі мағынаға ие болуымен қатар, түрлі терминологиялық жүйеде қолданылуы керек. Автор техника саласындағы омоним-терминдерге талдау жасап, аударма оқулықтардағы олардың қолданысына тоқталды.
2015

Мақалада жаңа қолданыстар мен терминдердің бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ), оның ішінде баспасөз беттерінде қолданылу ерекшеліктері қарастырылды. Бұқаралық ақпарат құралдарында жиі қолданылатын терминдер мен кірме сөздер, жаңа қолданыстар талданды. Терминдердің қалыптасып, нормалануы, бір жүйеге түсіп, қалыптануы (кодификация) тұрақты қолданылып, дамуына БАҚ-тың тигізетін əсер-ықпалы нақты тілдік деректермен дəлелденген. Авторлар БАҚ-тың қазақ тілінің терминологиясын қалыптастырып, дамытудағы орны, терминдерді нормаландырып, тұрақтандырудағы қызметі ерекше, ал мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейтуде ұлттық терминологияны реттеудiң, жүйелеу мен дамытудың маңызы зор деген қорытынды жасады.
2015

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.