Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баяны» — халық даналығының айғағы

Кіріспе

ХV ғасырда жазылып, араға бес ғасыр салып, сағындырып жеткен, ХХ ғасырдың аяғында қолымызға тиген, бұрын-соңды қазақ тарихында болмаған ұлттық мəдениетіміздегі елеулі құбылыс, асыл кітап, қасиетті қазына, халық даналығының айғағы — Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баяны».

Кітаптың авторы — ғұлама, қараүзген шипагер, жаһангер, тарихшы, этнограф, философ, ақын, астроном, биолог, химик, психолог, географ, ұстаз. Ол 1397 ж. туып, 1492 ж. 95 жасында дүние салған. Автор өзі туралы [1; 14]: Атым — Өтейбойдақ, Тілеуқабылдың ұлымын. Ата-тегім — Ұлы жүз Зарман, Зарман ішінде Албан. Мекенім — Жетісу. Ауылымда құрбы-құрдас, таныс-білістерім аз емес. Жиренше шешен, Жəнібек ханның қарашасымын. Жылым — Иіртек (ұлу), сексен беске келдім. Бойым ұзын, қара торы, қоңқақ мұрынды, кең иықты, қап сақалды, ұзын қасты, кем сөзді жанмын, — деп жазған.

«Шипагерлік баянда» өсімдіктерден алынған 854 түрлі, жануарлардан алынған 455 түрлі шипалық қасиеті бар емдік дəрілердің тізімі, адам мүшелерінің 430-ға тарта атаулары, мыңнан аса дəрі жəне 4577 рецепт берілген [2].

Өзінде перзент болмағандықтан, Өтейбойдақ: – Айырылып қалма, жан баласының көзіне түсірме, өзіңнен қуат кетіп бара жатса, жоюдың амалын тап. Тұтас жаттап ал, егер тапсырсаң, ұлыңа тапсыр, қызыңа тапсырма. Қатыныңа сеніп кетпе, сақ бол, — деп, қолжазбасын кіндіктес інісі Топайға тапсырады. Шипагердің өсиеті бойынша əр замандағы ұрпағы қолжазбаны көшіріп, көшірілген бетін өртеп отырған.

Содан бері Райымбектің, одан Шыбылдың, одан Қоңырбөріктің, одан Тама дейтін ұрпағының қолынан өтеді. «Шипагерлік баян» жазылғанынан екі жүз тоқсан үш жылдан кейін Айғайтас, Шалкөде дейтін жерде Бұршақ би 1766 ж. бесінші рет, одан бір жүз сексен алты жылдан соң 1952 ж. Іле аумағына Қарасты Текес ауданының Шиліөзек аулында Түменбай Ыстанбайұлы алтыншы рет көшіртіп (қазіргі қазақ тіліне жаңашалатып), 1991 ж. оның баласы Нұртай Түменбайұлы Алтай, Буыршын, Егізтөбеде 1968 ж. қызыл қорғаушылардың (мəдени төңкеріс) өртегенінен қалған нұсқасын жетінші рет аударады. Өкінішке орай, сөйтіп сан ғасыр аман сақталып келген асыл қазына Қытайдағы мəдениет төңкерісі атты лаңда өртке түседі. Жойқын қолжазбаның түпнұсқасының солай 1095 беті ғана қалады, арасындағы 3655 беті өртеніп жойылып кетеді.

Жəне өкініштісі, 1952 ж. алтыншы рет көшірілгенде, қазіргі қазақ тіліне көшіріп аударған кісі шығармадағы бəйіттерді аударуды қиынсынып көшірмеген. Соның салдарынан бағзы заманның байтақ өлең-жырлары бергі нұсқасына енбей, бізге жетпей қалған.

Егер «Шипагерлік баян» толық сақталып бұл заманға жеткенде, қазіргі нұсқасынан 7–8 есе көлемді болғандай екен.

Ұрпақтан ұрпаққа көшіріліп, алдыңғысы өліп, соңғысы ұрпақ жалғайтын адам баласының дəл өз өмірі сияқты біздің заманымызға жеткен ұлы тəбəрік қолдан қолға көшірілгендіктен, қолжазбаның өзгеріске ұшырағаны да сөзсіз [3].

«Шипагерлік баян» 1994 ж. араб əрпімен Үрімшіде (Қытай), 1996 ж. Алматыда «Жалын» баспасында қазақ тілінде басылып шықты. Қытай үкіметі «Шипагерлік баянның» құндылығын бағалап, «Мемлекеттік бірінші кітап» деген сыйлықпен марапаттады (1997). Қытайда Өтейбойдақтың мұрасын зерттеу үшін екі Мемлекеттік медициналық орталық құрылған.

2002 ж. Қазақстан халық емшілер қауымдастығы Өтейбойдақтың жерленген жеріне (Алматы облысы, Райымбек ауданы, Шалкөде жайлауындағы Айғайтас бөктері) арнайы құлпытас орнатты.

Əз-Жəнібек — «Шипагерлік баянды» жазуға нұсқау берген қазақ ханы

«Шипагерлік баянды» жазуға нұсқау берген Қазақ хандығының іргесін қалаған хандардың бірі — Əз-Жəнібек. Бұл жайт ғалымның өз қолымен жазылған. «Шипагерлік баян» атты ұлы еңбегінде молынан қамтылған.

Қазақ тарихында Жəнібек хан — Қазақ хандығының құрылу үрдісіне толық қатынасып, басшылық еткен тарихи тұлға. 1469 ж. дейін Қазақ хандығының халқы Əбілхайыр ханның қарсыластары есебінен өсе түседі. 1463 ж. Əбілхайыр хан қайтыс болғаннан соң, көшпелі өзбектер мемлекетіне Сібірден — Ибақ хан, Алтын Ордадан — Ахмет хан, Ноғай ордасынан — Мұса мен Жаңбыршы билер, Хорезмнен — Береке сұлтан, ал Қазақ хандығынан Жəнібек хан қарсы шығады. 1470 ж. басында Шайх-Хайдар хан өлтірілген соң, көшпелі өзбектер мемлекеті толығымен күйреп, Дешті-Қыпшақтың басым бөлігінде Жəнібек хан басқарған қазақ хандығының билігі орнайды. Жəнібек хан XV ғасырдың 70-жж. ішінде қайтыс болған. Хан тұсында Қазақ хандығы жеке ел болды. Жəнібек ханның артында тоғыз ұлы қалды. Олар: Иренші, Махмұт, Қасым, Əдік, Жаныш, Қамбар, Таныш, Əсік жəне Жадық. Бұлардың ішінде Қасым мен Əдіктің ХҮ ғасырдың соңы — ХVІ ғасырдың басында қазақ қоғамындағы рөлі өте зор болды [4].

Ғұлама ғалым «Шипагерлік баянын» Жəнібек ханның Жарлығы бойынша шамамен 78 жасында (яғни, 1466–1467 жж.) бастап жазған. 1473–1474 жж. шамасында (85 жасында) алғашқы нұсқасын аяқтаған.

Өтейбойдақ бабамыз қуанышы қойнына сыймай Жəнібек ханның Ақордасына қарай аттанады. Ол Жəнібек ханға үлкен үміт артып барған еді. Сондағы мақсаты, өзінің қара басының атақ-абыройы емес, шипагерлік кітабы қазақ халқына таралып, жас жеткіншектерді мектеп ашып, осы өнерге баулып, халықтың ауру-сырқау бейнетін жеңілдетсем деп жазып қалдырған арманы еді. Осы аңсарлы оймен алып-ұшып жеткенде, хан ордасының жау қолымен ойрандалып, қырғынға ұшыраған жұртының үстінен түседі. Сол қырғында хан қаза болып, өз үміті де сөнеді. Босқындармен бірге Ақордадан қашып əрең құтылып, «Есің барда елің тап» дегендей, Жетісуына оралады.

Жəнібек хан өлген соң, ғалым кейінгі жылдардағы өмірін қолжазбаны өңдеумен өткізеді. Өзінің соңғы өмірі жөнінде ол: «...Тіссіз шопандай жасым қалды... Өткен іс өтті, өлер шақ таялды, мезгілсіз шағырған шақырауықтай дестір таңлай тұрлауы болып, осы жазылды. Бұл соңғылыққа үлгі болар. Олайы, білімнің тіккеуікпен құдима қазғандай қиын екеніне көзі осыны оқыған соң жетіп те қалар...

Ой, дүние-ай!

Іске аспады арманым, қаран қалды,

Шың басына шығарда арандалды.

Өтейбойдақ қойыпты атымды əкем,

Жаман ат, жаман ырым мазамды алды.

Қалмады ұрпақ, Өтейбойдақ аяндалды,

Мені өшірмес «Шипалық баян» қалды.

Амал не? Жазу солай. Іс оңына үкім басар, зарланғанша түзейтінін түзеп, күзейтінін күзеп, жазғандарымды жөндей берейін», — деп жазады. Ғалым ойын жалғастырып: «Енді оны кіндіктес інім Топайга тапсырамын... Баяны Топайдан соңғылыққа жалғанбақ» [5; 430], — деп тұжырымдайды. Менен ұрпақ қалмаса да, күндердің күнінде мені əлемге əйгілейтін «Шипагерлік баяным» артымда қалмақ. Бұл — соңғылар қадірін біліп, ұстана білсе, сөнбейтін шырақ, қанғысыз бұлақ, қадірін білмесе — отбасы аяқпен тозатын тулақ, — деп жазыпты сəуегей əулие.

Ғұлама ғалымның еңбегінде шипагерлік ғылымның баяндалуы

Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы өз туындысында негізінен шипагерлік ғылымды баяндайды. Ал өзге ғылыми тұжырымдар, ой-толғаныстар, мəліметтер сол шипагерлік баян негізінде мысал, тарих, аңыз, салт-сана ретінде айтылады.

Еңбекте тарихи аңыз-əңгімелер, өлең шумақтары, шешендік сөздер, мақал-мəтелдер көптеп кездеседі.

Ғалым елдің қамын ойлап, бүкіл өмірін халқына қызмет етуге арнап, шипагерлікпен өткізген.

Сөйтіп жүріп мыңдаған аурудың емін тапқан.

Мысалы, шешек ел басына торғай қаққан тарыдай қырғын салған бір жылы күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айырылған шипагер тəжірибеден тəжірибе жасап жүріп, шешек суын (вакцина) табады:

«Шешек тарап болғасын, шешектің іріңі табылмайды, сақтайын десең де ұзақ сақталмайды, ексең, өнбей қоймағы шарт, қатып қалмақ, шірімек. Соның үшін шешек таралып, алғаш шыққан баланың шешек іріңін алып, тананың шабынан терісін тіліп, қан шығарылмағы орындалым тапқасын шешек іріңі сол араға жағып қойылмақ, бір жұмадан кейін қарасақ тананың шабындағы шешек іріңін жаққан арасы жұдырықтай не одан үлкен, немесе кіші боп томпайып бұлтимақ» [1; 140].

Сол томпақты жарып, қамсек қурай қуысымен бүйрек қабына құйып, күн тимейтін салқын жерге қойып, ағашты қаламдай үшкірлеп, шешек болған баланың білегіне жағып, жаққан жерді инемен сызып қойып отырады. Ағылшын дəрігері шешекке қарсы бұл вакцинаны 1796 ж., яғни Өтейбойдақтан 350 жыл кейін тапқан [3; 4].

Шипагер өз шығармасында сырқаттардың пайда болу себептерін ыстықтық пен суықтықтың алмасымдылық əсерінен болатынын жазып кеткен. Дүниедегі тіршіліктің негізі: нұр, су, топырақ, ауа сынды төрт заттан құралатынын, адамзат баласы осы төрт затқа тікелей тəуелді болатынын, əлем шексіз жəне мəңгілік екенін, дүние сан қайтара жаңаланып, түрін қанша өзгертсе де, оның тегі өзгермейтінін де топшылаған.

Халқымызда жеті атаға толмай құда-құдандалы болмау, қыз алыспау дəстүрі бар. Бұл туралы:

«Ата-анасындағы сырқат мезет, мерзетке жұғып науқас боп туылмағы, баланың кіндігін кесіп, кірін жуған кіндік шешелеріне жұқпағы, мұнымен ғана тынбай, ұрпақтан ұрпақ тұқым қуаламы қуылма себепкерлер делінбек. Мұны тұқым қуу, ұрық қуалау деп жұрт айтқалы қанша өткендігін кім білсін? Тек Алла ғана білмек. Міне, осындай қуылмалық себепкерлерден сақтаным таппақ үшін, əуелі нəпсіні тыймақ пен жат төселімнен тыйылмақ шарт. Енді бір жақтан, жеті атадан асқаннан кейінгі аталардан қыз алыспақ керек» [1; 148], — дейді ғұлама.

Əз-Жəнібектің қазаққа жеті атасына дейін қыз алуға тыйым салған Жарлығы осы Өтейбойдақтың ақылымен жарияланған.

«Шипагерлік баянда» адам мүшелерінің анықтауларының өзі қазақ тілінің ол заманда-ақ қаншама бай болғандығын дəлелдейді. Ғалым бір ғана қолдың (ұстамар) өзін былайша жіктейді:

«Ұстамар тоқбас жілік, иық, талмау, топшы, шынтақ, қар, құлжілік, кəріжілік, білек, білезік, білезік буыны, иық буыны, шынтақ буыны, білезік қағар, оң тəбəрік, сол тəбəрік, қырда, білезік соғар, қиғы, тасқиғы, басбармақ, қымқыр, сырнақы, көбе, түп көбе, ет көбе, жымқыр, жұмқыр, өбе, ашарық, бүкті, аражиек, жұмба алақан, жалпақ алақан, қарынсау, басбалық ет, бедер, шынашақ, ортанқол, ортан, қортан, нұқыма, шұқыма, қанысқы, қара тырнақ, ақ тырнақ, қырнау, жұмқырлық илігім, көбе буын, түртек, түртпек тақылеттілерден қойындалғылық таппағы шарт» [1; 180].

Өтейбойдақ адам мүшесін сыртқы он екі, ішкі он екі деп, жиырма төрт мүшеге бөледі [1; 177]. Ол 24 мүшенің əрқайсысын жіліктеп, жіктегенде соншама атауының бар екеніне көзіміз жетеді. Соған қарап байырғы қазақ тілінің қаншалықты бай екеніне қайран қалуға болады.

Ғалым шипагерлік туралы ойын былай түйіндейді: «Шипагерлік те өнердің бір түрі. Шипагер — өнерпаз екені айқын ұғыныс. Шипагерлік алды су ішкілігі болса, ажал аузынан алып қалу; арты науқасты сырқаттық бейнеттен айықтыру борышын өтемек» [1; 80].

Ал шипагердің өзін ол: теңдессіз шипагер, нағыз шипагер, қараүзген шипагер, шипагер, емші, емкөс, жарғышы, қараемші, қаншы, тамыршы, сынықшы, оташы, іш сипағыш, көзқарақшы, ішірткіші, бақсы, жаурыншы, бəлгер, құмалақшы, болжағыш, аяншы, құшнаш, əулие, əнбие деп бөлген.

«Шипагерлік баяндағы» өнеге-өсиеттер

«Шипагерлік баянда» жетіге тиіспеу, қырық бірге жұғыспау, он екіден айырылмау дейтін өнеге- өсиеттер бар. Мұнысы адам баласы орындауға тиісті шарт-заң тəрізді.

Сонау өткен уақыттардан бері қазақ ұлтының санасында сандардың қасиеті мен қадірі жайлы əр түрлі пікір-ырым айту салты қалыптасқан. Солардың бірі 7 санына байланысты.

Қазақ халқы «жеті» санын киелі жəне қасиетті санаған. Халық ауыз əдебиетінің үлгілерінде де

«жеті» саны жиі кездеседі. Бұл да тегін емес. Қазақ халқының қасиетті жетілерін атап өтетін болсақ, олар: «Жеті ғашық», «Жеті жетекші», «Жеті шəріп», «Жеті ғалам», «Жеті ата», «Жеті қат көк», «Жеті амал», «Жеті күн», «Жетіжұт», «Жеті жоқ», «Жеті жетім», «Жеті қазына» жəне т.б. Атам қазақ қадір тұтқан киелі «жеті қазына» ұрпақтан ұрпаққа, атадан балаға мұра болып, біздің дəуірге жетті. Қазанын қадірлеген, əйелін əмеңгерлікке берсе де жау қолына бермеген, мылтығын берен деп төріне ілген, түз далада тазысын жүгіртіп, бүркітін ұшырып аңшылық саят құрған, қаншалықты қиын заманды басынан кешсе де, осы «жеті қазынаны» осы заманға жеткізіп, ұрпағына мұра етті.

Қасиетті жеті санының бабаларымыз    пайымдаған үлгілерін ескере отырып, Өтейбойдақ өз шығармасында «Жетіге тиіспеу» керек деген ұсыныс жасаған [1; 113]:

  • Көктемде көктеп келе жатқан өскінге тиіспеу.
  • Көктемде көбеймелі жорғаламаларға тиіспеу.
  • Көктемде көрінген қорғалағыштарға тиіспеу.
  • Көктемде көз ашпаған шикілікке тиіспеу.
  • Қай-қашан да қонжатқа тиіспеу.
  • Қай-қашан да көршіге тиіспеу.
  • Қай-қашан да елшіге тиіспеу.

Бүгінде жеке адам ғана емес, əр халықтың да сандар туралы өз түсінігі, көзқарасы қалыптасқан. Мысалы, қазақ халқы үш пен жетіні киелі санаса, 9 санынан сақтанған, əрі тепе-теңдік белгісі ретінде қараған. Ежелде шығыстық славяндардың 9 санынан қатты қорыққаны, теңізшілердің тоғызыншы толқыннан қауіптенгені тарихтан белгілі.

Өтейбойдақ 41 санын — қауіпті сан деп есептеген. Сондықтан да ғалым «Қырық бірге жұғыспау (жоламау)» деген қорытынды жасаған [1; 113]:

  • Ордалы сумаңға жұғыспау.
  • Қордалы қынамаға жұғыспау.
  • Жалғыз ағашқа жұғыспау.
  • Иендегі жалғызға жұғыспау.
  • Суық торғайға жұғыспау.
  • Алдан өткен абаданға жұғыспау.
  • Елден кеткен забажанға жұғыспау.
  • Пəлелі өртке жұғыспау.
  • Шығулы бетке жұғыспау.
  • Жаралы жыртқышқа жұғыспау.
  • Қаралы елге жұғыспау.
  • Ашынған долыға жұғыспау.
  • Ашыққан ұрыға жұғыспау.
  • Даралы жерге жұғыспау.
  • Дастарханға жұғыспау.
  • Жетімге жұғыспау.
  • Жесірге жұғыспау.
  • Кесірге жұғыспау.
  • Еңіреген ерге жұғыспау.
  • Өзің шығар төрге жұғыспау.
  • Арқаны сылыр ерге жұғыспау.
  • Жатқа кетер қызға жұғыспау.
  • Көктемдегі мұзға жұғыспау.
  • Өте шығар сызға жұғыспау.
  • Асып қалған асқа жұғыспау.
  • Жарасы бар басқа жұғыспау.
  • Парақұмар ыласқа жұғыспау.
  • Басқа елдік қарашаға жұғыспау.
  • Балатқалы иге жұғыспау.
  • Төбелесте арашаға жұғыспау.
  • Тікені бар аласаға жұғыспау.
  • Құламағы құзға жұғыспау.
  • Дəм атасы тұзға жұғыспау.
  • Иесіз жатқан малға жұғыспау.
  • Киесі бар далға жұғыспау.
  • Обалы бар торшыға жұғыспау.
  • Залалсыз қоршыға жұғыспау.
  • Түтін ұшар шаңыраққа жұғыспау.
  • Ырыс келер босағаға жұғыспау.
  • Даладағы өлгенге жұғыспау.
  • Шыдап жерге көмгенге жұғыспау.

Бұл жұғыспаулар соқтықпау, жəбірлемеу, ойрандамау, қырмау, аялау, абайлау, сақтану, қорғау секілді сегізге жіктеледі.

Қазақтың лиро-эпос жырларында 12 санын жиі кездестіруге болады:

Орай да орай оқ атқан

Он екі тұтам жай тартқан!

(«Қобыланды батыр»).

Он екі айдың жартысы жаз болады,

Жаз белгісі үйрек пен қаз болады.

(«Қозы Көрпеш – Баян сұлу»).

Үлкендігі басының

Он екі қарыс қазандай.

(«Қамбар батыр») деген сөз тіркестері 12 санын ерекше қасиет тұтудың белгісі.

12 саны қазақ халқының ертегілерінде, өлеңдерінде, жұмбақтарыңда да жиі кездеседі. Мысалы:

Біз, біз, біз едік,

Біз он екі қыз едік.

Тап боп отқа шоқ болдық,

Таң атарда жоқ болдық.

Бұрынғы қариялар мектепке баратын балаларға тілек-бата айтатын: «Хатты тез танып, кітапты көп оқып, Лұқпандай хакім, Атымтайдай жомарт, 12 ғалымның тілін білсін» деп.

Қазақта Ораза айын 12 айдың сұлтаны дейді. Өйткені осы айда дау-дамайдан, ұрыс-керістен, ұрлық-қарлықтан арылып, тек денсаулықты, тазалықты, жақсы мінезді қалыптастыру керек.

Жылқы малын сойғанда, соғым етін 12 жілікке бөлуі, киіз үйдің де 12 қанатқа дейін болуы санның қасиеттілігінен болар [5; 3]. Осы жағдайды ескерген Өтейбойдақ өз туындысында «Он екіден айырылмау» [1; 114, 115] керек деп, 12 санының ерекше құрмет тұтылуы туралы былай деген:

  1. Жағаласпай жан қалмақ кайда? Жарғыласта жаныңнан айрылма.
  2. Не шындық? Не сұмдық? Жау тимек —Ақылыңнан айырылма.
  1. Еркесіз ел, серкесіз шел болмас —Ел бастаушы көсеміңнен айырылма.
  1. Тіл — кесілмес атқан оқ. Дау туылар —Шешеніңнен айырылма.
  1. Өзінді зор, басқаны жөр деме. Көппен көрерсің —Еліңнен айырылма.
  1. Кебенек іші мың арып, мың семірерлік —Жаныңды алса да, сырыңнан айырылма.
  1. Жаман деп қатыныңнан, Көшем деп алып қойған отыныңнан айырылма.
  1. Ризықсыз пенде болмас —Даяр асың малыңнан айырылма.
  1. Ағайын, туыс. Дос-жарансыз кім бар? —Болмашыға өкпелеп, досыңнан айырылма.
  2. Қырық найза қарғы деп —Қарақудай баспанаң қосыңнан айырылма.
  3. Пенде қадыр санаты бес қаруды тастама —

Шыбын жаның шыққанша намысыңнан айырылма.

12.Өте шығар сұм жалған, боқшылыққа қайрылма. Адам күні адаммен ысылмақ, өнер қайқырда. Өнерпаз деген ат алсаң — өлсеңдағы қайғырма.

Əрбір пендеге пайдалы іс істе, пайдасызға жолама, басыңа күн туғанда он екіден айырылма деп ақыл айтады.

Бабамыздың біздерге қалдырған осы 12 өсиетін ұғып, көңілімізге түйіп алайық.

«Шипагерлік баяндағы» сол кездегі қазақтың апта, ай, жыл атаулары

Халық уақытты анықтауда өзіндік бай тəжірибе жинақтап, оны қолдаудың сəті мен жолдарын жəне соған лайықты сөз өрнектерін де таба білді. Жылды, тоқсанды, айды, аптаны, тəулікті бөлудің шаруашылыққа сай реті мен ыңғайын да орайластыра келтіре білді. Ал мерзім, мезгіл өлшемдеріне келгенде халық өлшемі мен атауы да бай. Ұлттық ұғымда мерзім уақыттың, мезгілдің шамасы мен ұзақтығын білдіреді (Мысалы: бие сауым, күн, ай, тоқсан) [6].

Уақыт ғасырмен, жылмен, аймен жəне аптамен өлшенеді. Апта — «жеті» деген сөзді білдіреді. Өтейбойдақ өз еңбегінде сол кездегі қазақтың апта, ай, жыл атауларына ерекше назар аударған.

Ғалым аптадағы күндерге жеке-жеке ат берген [1; 165]:

Бақтал — сенбі. Баттал — жексенбі. Сақтал — дүйсенбі. Қақтал — сейсенбі.

Аттал — сəрсенбі. Ғаттал — бейсенбі. Мереке — жұма.

Аптадағы жеті күннің бесеуінің аты «сенбі» сөзінің алдына парсының 1, 2, 3, 4, 5 сияқты реттік сан есімдерін қою арқылы жасалған. Олар мыналар:

  1. Жексенбі — бірінші сенбі.
  2. Дүйсенбі — екінші сенбі.
  3. Сейсенбі — үшінші сенбі.
  4. Сəрсенбі — төртінші сенбі.
  5. Бейсенбі — бесінші сенбі.

Күн санауды халқымыз былай атаған:

  1. Бүгін.
  2. Ертең.
  3. Бүрсігүні.
  4. Арғы күні.
  5. Қасиетті күн.
  6. Соңғы күн.
  7. Азына

Түнеукүні — бірнеше күн бұрын.

«Құдайдың күнінің бəрі сəтті» дейтін қазақ халқының мынадай ырымдары болған:

  1. Сейсенбі күні үлкен іске кіріспейді, мал сойылмайды, жаңа мекенге көшпейді, алыс жолға шықпайды.
  2. Сəрсенбі — сəтті күн. Үлкен іске кірісуге, алыс жолға шығуға болады.
  3. Жұма — қасиетті күн. Бұл күні үлкендер Құраннан дұғалар оқиды, мешітке барады. Ет көп болсын деген ниетпен халқымыз қысқы соғымдарын сойған.

Халқымыз жылды он екі айға бөледі де оны ай санау деп атайды. Бұл ерте заманнан қалыптасқан дəстүр. Түркі халықтары жылды тағы да төрт маусымға (яғни тоқсанға) бөледі. Əр айдың атаулары немесе оны тоқсанға, яғни əр маусымға, бөлуде табиғат құбылыстары, ауа райы ескерілген. Сондай- ақ оның шаруашылық жағынан үлкен мəн-маңызы бар. Бұл жағынан халқымыз үлкен шеберлік пен білгірлік танытқанын да айта кету керек.

«Шипагерлік баянда» ай атаулары келесідей [1; 166]:

Ергеу — наурыз. Көктеу — көкек. Мезгеу — мамыр. Көзгеу — маусым. Шілтеу — шілде. Тамызық — тамыз. Дəндеу — мизам. Соқтау — қазан.

Күйек — қараша. Қауыс — ықтырғы. Ығыс — желтоқсан. Қаңтар — қаңтар.

Шығыс елінде жыл басы наурыздан басталады.

Ежелгі астрономиялық есепте əр айға сəйкес келетін жұлдыз аттары да бар. Мұны жұлдыз ай деп атайды. Кейбір елдерде, сол сияқты Қазақстанның кей аймақтарында қазіргі азаматтық айларды жұлдыз ай атымен де атай береді:

Казіргі азаматтық айларды жұлдыз ай атымен аталуы 

 Жаздың ең ыстық уақытын жазғы шілде дейді. Ол — 26 маусым мен 5 тамыз аралығы. Қыстың ең суық уақытын қысқы шілде дейді. Ол — 27 желтоқсан мен 6 ақпан аралығы.

Халық жыл санау дəстүрін он екі жылдан қайырып отырады да оған жыл басын — тышқан, соңын доңыз деп атайды. Жыл аттарына сəйкес аңыздар да шығарған. Жыл қайыру жылды есептеуге де, сол сияқты адам жасын анықтауға да өте ыңғайлы.

Сондықтан Өтейбодақ жыл атауларына көңіл бөлген [1; 166]:

Сумақы — тышқан. Маңғаз — сиыр.

Айбар — барыс. Секем — қоян. Сумаң — жылан. Тұлпар — жылқы. Иіртек — ұлу.

Шопан — қой. Мешін — мешін. Айтақ — ит.

Шақырауық — тауық. Қорысқы — доңыз.

Қазақша жыл санау мен жыл қайыру кестесі мынадай:

 Қазақша жыл санау мен жыл қайыру кестесі

 Өзінің қай жылы туғанын қазақша атау бойынша білгісі келгендер туған жылын он екіге бөлуі керек. Қалдықсыз бөлінсе, ол мешін жылы болғаны, қалдық біреу болса — оның тауық, екеу болса — ит, үшеу болса — доңыз, төртеу болса — тышқан жылы болғаны. Сөйтіп кете береді.

Хижра жылын есептеу. Біздің заманымыздың 622 ж. арабша бірінші жыл болып есептеледі. Бұл жыл, яғни 622 ж. шілденің 16 жұлдызына қараған түні Мұхамбет (Мұхаммед) пайғамбар Меккеден Мəдина қаласына көшті. Хижра күнтізбесі осы күннен басталады. Хижра (хижрат) — араб сөзі, туған жерінен көшу, елінен ауу деген мағынаны білдіреді.

Мүшел жас турасында Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының пікірі

Адам баласының ғұмыры негізінен 100 жас арқылы есептеледі. Осыған орай қазақ адамның жастық кезеңін, егде тартқан шағын түрліше атаған. Ол мүшел жаспен де байланысты болған.

Өтейбойдақ мүшелік жыл санау есебі бойынша адамның дəуірінде мынандай мүшел болады деп есептейді: «Өнегелік тектелігі мүшелдік он екі жыл мүшеленденімділігі пенде жасына қарай 13 жастық асыңқы мүшел, 25 жас, 37, 49, 61, 73, 85, 97, 109 жас басыңқы мүшелдер делінбек.

Адам пендесінің ризық теруіне сай, несіптік ризықтың қуаттылығына сай, өзек мүшел 25 жас, 37, 49, 61, 73 жас бес мүшел аталатындығы шарт.

Еркелік мүшел жас 13 жас, 85, 97, 109 жас төрт мүшел тектелігі болымы жарақ. Жинамалық пенделік тоғыз тектелігі мүшел жастық бар. Өзек мүшел делінбегінің себебі, адам пендесінің əр күні күнəға батпағы шарт етілгілік болымы. Күнəға батса да жартым-жарты емес, толымдылық батулығынан болмақ. Олайы қару-қайрат мол, ақыл-аяла толысқан қандай харакетке де жеткіліктік етерлігі барлығынан.

13 жас, 85, 97, 109 жас еркелік мүшелдік тектелімі күнəға батарлық ой жоқтығы, ойы болса да күнəға батарлық харакетінің жоқтығы. «Қартайшақ бір балалық, туылғы нақ балалық», — деулік шариғатта күнəға батпайтындығын көрсетімдік дəлелімдік. Соның үшін сəбилік мүшел де делінбек. Қартайғанда не күнə болмақ? Ақылынан танса, аузынан шалса, баладан күні төмендігі аяндық қой.

61 жас, 73 жас мүшел жартым күнəға батымдық мүшелді тектелгі делінбек.

13 жастық мүшелден басқа мүшелдік пенделік жас аралығы ылғи 12 жылмен толымдалғы жалғасымдалық» [1; 172].

Ел аузында мүшелдердің əрқайсысы бірнеше шаққа бөлініп аталады.

Айталық, балалық мүшел — нəресте шақ (2 жасқа дейін), сəби шақ (7 жасқа дейін), бөбек шақ (8–9), жеткіншек шақ (10–12), жасөспірім шақ (13–15), ересек шақ (15–16) деп алты шаққа бөлінеді. Сондай-ақ жігіттік мүшелде бозбалалық шақ, албырт шақ, ағалық шақ, кісілік шақ деген 4 шақ бар. 49 бен 61 жастың аралығындағы ер ағасы болған шақ, ел ағасы болған шақ, отағасы, қосағасы, атасақал аузына біткен шақ деп тағы бірнешеге бөлінеді. Сондай-ақ адамның мөлшерінің əр түрлі атауы қалыптасқан. Олар мыналар: бала — 14–15 жасқа дейін, жеткіншек — 15–18 жас арасы, жігіт — 20–37 жас арасы, ағай, аға — 38–55 жас арасы, ал 55–65 жас арасында -а, -е, -еке жұрнақтарын қосып құрметтеп атайды. 60–70 жас арасында ақсақал, үлкен кісі деген тəрізді қосымша сөздер тіркеледі, 70 жастан арғы адамдарға ата, əке, жəке, қария, қарт деген сөздер қосып айтылады.

Міне, мұның бəрі адамның жас ерекшелігін ажырату, əрі үлкендерге деген құрметтің, ілтипаттың белгісін танытады.

Қорытынды

Жоғарыда келтірілген мысалдар «Шипагерлік баянның» бүгінгі заманның дəрігерлері үшін жəне де қазақ тілін, тарихын, мəдениетін, əдебиетін, этнографиясын, астрономияны, биологияны зерттеушілер үшін теңдесі жоқ асыл қазына екендігін дəлелдейді.

Сондықтан да ғұлама ғалымның еңбегіне алғаш өз пікірін білдірген қытайлық зерттеуші-ғалым Төлеуқан Ыбырайұлы: «Ұлтымыз тарихында сирек кездесетін, медициналық еңбек əрі ғылымнама тек шипагерлік жағынан ғана емес, ол халқымыздың тіл, мəдениет, тарих, философия, психология, астрономия, этнография, жұлдызнама, əскери ғылым, этика, эстетика, тағы басқа жақтардан да қыруар білім, мəдениет береді. Өнер-білім тарихы ел тарихынан айырылмайды. Ұлтымыз тарихында сирек кездесетін ғылымнама «Шипагерлік баян» — дəуірінің жемісі», — деп əділ бағасын берді. Бұл еңбекке одан кейінгі мезгілде де пікір жазған көптеген ғалымдарымыздың ойларының түйіні:

«Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» кітабы — Шығыс медицинасының үлгісімен жазылған, бірнеше ғылымдардың басын біріктіретін, адам баласының ең басты байлығы — денсаулықты сақтап, сырқаттарды емдеудің негізін қалаған терең де тарихи ғылымнама» дегенге саяды [7].

Сонымен, аңызға айналған, қалың қазақтың көңілін күпті қылған тарихи ғылымнама, ұлы шығарма «Шипагерлік баян» жайында ықшамдап айтарымыз осы.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Тілеуқабылұлы Ө. Шипагерлік баян / Араб қарпінен көшіргендер К. Елемес, Д. Мəсімхан. — Алматы: Жалын,— 464 б.
  2. Қазақстан: Ұлттық энциклопедия. 7-т. / Бас ред. Б. Аяған. — Алматы: Қазақстан энцикл. Бас ред., 2005. — 277-б.
  3. Жолдасбеков М. Сөнбейтін шырақ, қанбайтын бұлақ // Егемен Қазақстан. — 2000. — 17 наур. — 4-б.
  4. Қазақ халқының тарихи тұлғалары: Қысқаша анықтамалық. — 2–кіт. — Алматы: Өнер, 2013. — 27-б.
  5. Байнатов Ж. «Қасиетті» сандардың құпиясы // Ана тілі. — 2014. — № 4 (1210). — 30 қаңт.–5 ақп. — 27-б.
  6. Кенжеахметұлы С. Жеті қазына. — Алматы: Ана тілі, 2000. — 49-б.
  7. Мұсаұлы А. Асыл дəстүрдің негізі // Қазақ əдебиеті. — 2011. — № 16 (3232). — 22 сəуір. — 4-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.