Терминология

Мақала тіл білімінің терминология саласына арналган, оның тілдік табигатыныц ерекшеліктері, пайда болу негізі, терминнің лексика-грамматикалық зандылықтарға тәуелділігі баяндалады. 
2017

Қазақстан Республикасы Білім беру туралы Заңындағы мемлекеттік саясаттың принциптеріне сәйкес Қазақстан білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген болатын. Соның бірі – білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, бүкіләлемдік коммуникация желісіне шығу.
2013

Мақалада уақытша және тұрақты түбірі қалыптаспаған тістердің витальді және девитальді пульпотерапиясының қазіргі кездегі әдістеріне сипаттама берілген.
2019

Криминалистика ғылымында ұғымдық терминологияның қолдануы жөнінде айта кетсек. Құқықтық ұғымдардың нақты, анық түсініктемелері болмаса, терминдердің тұрақты, түсінікті анықтамасы болмайды, ал бұл өз кезегінде құқықтық норманы жүзеге асыруды жəне ұғымдарды дұрыс қолдануға мүмкін болмайды. Əр түрлі ұғымды əртүрлі түсініп, əртүрлі терминдермен белгілейміз. Бұл сотөндірісі барысында көптеген қиыншылықтарға əкеледі. Сонымен қатар, ғылым мен техниканың дамуы, прогресс жаңа ұғымдардың пайда болуына əкеліп, оларды қылмыстық процесте дұрыс əрі нақты қолдануын талап етеді.
2011

Əдеби тілдің «жон арқасы» терминология болса, оны ғылыми тілден бөлуге болмайды. Себебі ғылыми тілдің өзі ғылымның əр саласына тəн түрлі терминдерден тұрады. Сондықтан да терминология, əр сала терминдерінің қалыптасуы туралы сөз болғанда, ең алдымен, ғылыми тілдің, ғылымның əр саласы терминдерінің қалыптасуына тоқталған жөн. Зерттеу еңбектерінде ғылыми тіл «жалпы əдеби тілдің атқаратын əлеуметтік-қоғамдық қызметінің үлкен бір саласы. Бұл сала ғылыми-техникалық прогрестің шарықтап дамуына байланысты қанатын жайып, тамырын тереңдете түседі, өзі де дамиды, жалпы əдеби тілімізді де кемелдендіре түседі.
2009

Қайбір іргелі ғылым салалары болмасын уақыт өте келе іштей қажетіне қарай түрлі бағыттарға, салаларға бөлініп, олардың өздері екінші бір ғылым салаларының іргетасына айналуы мүмкін. Осы мəселе морфология мен сөзжасамға да қатысы барын көріп отырмыз. Тіл білімінде морфология саласы кеңестік дəуірден зерттелу үстінде. Кейінгі уақыттарда қазақ тіл білімінде сөзжасам мəселесі қозғалып, қазіргі таңда бірнеше авторы бар, өз алдына грамматиканың бір саласы ретінде оқытылып, зерделеніп келеді.
2009

Кейінгі жылдары қоғамымызда болып жатқан мəдени, саяси, əлеуметтік-экономикалық өзгерістермен байланысты біраз өзгерістерге ұшырап, қайта қарауды қажет ететін маңызды мəселелердің біріне тіліміздегі пəн атаулары (терминдер) жатады. Cондықтан терминология мəселесіне, оның ішінде салалық терминдерге аса көп көңіл бөлініп, жан-жақты зерттеу жұмысы жүргізілуде.
2009

Қоғам дамуының қазіргі жағдайында бір тілден екінші тілге аударудың рөлі жоғары. Егеменді Қазақстан Республикасының шетелдермен саяси-экономикалық, мəдени-рухани байланыстарын орнықтыру, нығайту мүддесінде ақпараттар алмасу, ақпараттарды қабылдау, жинақтау, өңдеу, жеткізу үдерістері бір тілден екінші тілге аудару арқылы жүзеге асырылады. Ғылым тарихы адамзат тарихымен бірге өсіп, бірге дамып келеді. Қазіргі кезде ғылым өз дамуының ең жоғарғы сатыларының біріне көтерілген. Бірақ оның дамуына əр елдің, əр халықтың, əр ұлттың қатысы əр түрлі. Бұл тарих беттерінен белгілі. Сондықтан ғылым тілінің қалыптасып, жетілуіндегі, терминологияның дамуындағы аударманың рөліне жеке тоқталған дұрыс деп есептейміз.
2011

Мақалада бірнеше тілдерге ортақ саналатын халықаралық терминдердің басқа да тілдерге қабылдану тəжірибелері қарастырылды. Мақала авторлары қазіргі кезеңдегі халықаралық терминдерінің белгілі дəрежеде қалыптаса бастағанын, оларды аудару барысында қазақ сөздері кеңінен қолданылғанын, сондай-ақ араб-парсы, орыс терминдерінің қолданылу ерекшеліктерін нақты мысалдармен көрсетті.
2014

Мақала техникалық терминология жəне олардың қолданылу ерекшеліктері мəселелеріне арналған. Тіл білімінің бір саласы ретінде терминологияда да осы ғылымға тəн ерекшеліктердің бəрі кездеседі. Сонымен бірге терминология өз ішінде тіл білімінің барлық заңдылықтарын дерлік қолданады. Осындай заңдылықтардың бірі болып табылатын омонимия құбылысы термин саласына да тəн. Терминологиядағы омонимдер салааралық жəне жүйеаралық деп бөлініп, жалпы қолданыстағы дəл осылай дыбысталатын сөздерден ерекшеленеді. Терминологиядағы омонимдер түрлі мағынаға ие болуымен қатар, түрлі терминологиялық жүйеде қолданылуы керек. Автор техника саласындағы омоним-терминдерге талдау жасап, аударма оқулықтардағы олардың қолданысына тоқталды.
2015