Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының азаматтық заңнамасындағы кейбір заңдық терминдеріне салыстырмалы талдау

Мақалада Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының азаматтық-құқықтық нормативтік актілеріндегі кейбір заң терминдерінің қолданылу ерекшеліктеріне салыстырмалы- құқықтық талдау берілген. Қарастырылып отырған мәселенің өзектілігін анықтау аспектісінде авторлар құқықтық терминологияны ретке келтіру, оның функционалды мәселелерін шешу құқықтық ұғымдарды терең ғылыми дамытусыз, олардың логикалық талдауы мен дәл анықтамасынсыз мүмкін емес деген маңызды қорытынды жасаған. Егер құқықтық ұғымдар жеткілікті түрде айқын анықталмаса, дәл, жетілдірілген терминология туралы айту мүмкін емес. Ең алдымен, азаматтық- құқықтық нормалар мен актілерде заң терминологиясын дамыту процесінде белгілі бір заңдылықтар анықталды, бұл Қазақстан Республикасының отандық азаматтық құқығын қалыптастыру процесінде заң тілін қалыптастырудың тұтас көрінісін жасау үшін негіз бола алады. Зерттеудің мақсаты Өзбекстан Республикасының нормашығармашылық қызметінің тәжірибесін зерделеу және Қазақстан Республикасындағы заңнаманың сапасын арттыруға бағытталған ұсынымдарды әзірлеу болып табылады. Авторлар жасалған тұжырымдарға, оның ішінде заңдағы категориялар, ұғымдар мен терминдер үшін терминологиялық біріздендірудің қажеттілігіне назар аударды, өйткені олардың пікірінше, бұл нормативтік материалды ұсынуда сенімділік пен айқындыққа әкеледі және заң шығарушының құқықтық нормаға енгізген мағынасын бұрмаламайды. Мақалада ғылыми танымның жалпы әдістері: синтез, талдау, индукция, шегеру, салыстырмалы құқықтық, жүйелік, логикалық әдістер пайдаланылған.

Кіріспе

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы өзінің дамуында жаңа қайта өрлеу кезеңіне өтуде, қазақстандық мемлекеттілік көп жылдық тәжірибенің негізінде қайта құрылымдалуда және әділетті азаматтық қоғамды қалыптастыру әрі дамыту жолында әлеуметтік-саяси, құқықтық, экономикалық және рухани салаларда кең ауқымды реформалар жүргізілуде.

Ұлттың маңызды рухани құндылықтарының бірі — оның ұлттық тілі болып табылатындығы баршамызға мәлім. Сондықтан кейінгі жылдары біздің мемлекетімізде ұлттық тілімізді сақтау мен дамыту үшін көптеген қадамдар жасалуда.

Осыған байланысты ұлттық заңдық тіл мен заңдық терминдер мемлекеттік және қоғамдық құрылысты кемелдендіруде, заңның үстемдігін қамтамасыз ету мен соттық–құқықтық жүйені әрі қарай реформалауда, нормативтік–құқықтық актілердің жобасын сапалы жасауда, азаматтардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасының деңгейін көтеруде маңызды рөлге ие.

Осыдан келе, тәуелсіздік жылдары заңгер мен тіл мамандары құқық саласы бойынша бір қатар түсіндірме және аударма сөздіктер қалыптастырған. Дегенмен, тәжірибеде біздің заңдық терминдерді реттеу саласында мәлелелер туындайды. Көбінесе, бір құқықтық түсінік нормативтік–құқықтық актілерде және өзге де құқықтық актілерде әр түрлі нысандарда беріледі.

Заңдық терминдерді әр түрлі нысандарда қолдану заңдық тәжірибеде жағымсыз жағдайларға әкеледі, себебі бұндай заңдық терминдер айрықша мағыналық мазмұнға ие, ал олар заңдық мәтінде берілгенде, әр түрлі мағыналарды бере отырып, сөз мағынасының мазмұны одан да күштірек болады. Бұл мамандардың да, азаматтардың да әр түрлі түсінуіне және талдауына әкеледі, және де тәжірибеде олардың жүзеге асырылу процесінде кері әсерлер тудырады. Заңдық тілде бұған мүлде жол жоқ. Себебі заңдық құжаттар анық және нақты болу керек. Оқырман заңгердің ойындағы бір ғана мағынаны түсінуі керек. Егер заң барлығына бірдей түсінікті болмаса, онда ол мемлекетте заң мен тәртіпті қамтамасыз етпейді. Сонымен қатар, кейбір заңдық терминдерді бұрмалау біздің азаматтарымыздың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің дамуына кері әсерін тигізері анық. Осыған байланысты біздің заңгерлер мен тіл мамандарының алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі заңдық терминдерді реттеу (унификация және стандарттау) және соның негізінде мемлекетіміздің барлық құқықтық және соттық жүйесі үшін заңдық терминологияның бірыңғай платформасын әзірлеу болып табылады. Әр салада терминдерді ғылыми реттеу үздіксіз процесс. Терминологияда қағидалар мен нормаларды қатаң басшылыққа алу басты өлшем шарт болу керек. Осы орайда Өзбекстан Республикасы азаматтық заңнамасында қолданылатын бір қатар терминдердің мағынасы мен аудармасына салыстырмалы талдау жасау жұмыстың негізін қалыптастырады.

Зерттеудің мақсаты Өзбекстан Республикасының нормашығармашылық қызметінің тәжірибесін зерделеу және Қазақстан Республикасындағы заңнаманың сапасын арттыруға бағытталған ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.

Әдістері мен материалдар

Зерттеу әдістері ретінде ғылыми-теориялық, нормативтік-құқықтық актілердегі, мемлекеттік бағдарламадағы құқықтық актілерді рәсімдеу тәсілдерінің, талаптары мен қағидаларының жиынтығына қатысты талдау, топтау, жалпылау, жүйелеу, салыстыру, индукция және дедукция қолданылды.

Зерттеу жүргізу материалдары ретінде «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Қазақстан Республикасының Заңы; «Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VІ Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім), 1999 жылғы 1 шілдеде № 409–1 қабылданған; «Нормативтік- құқықтық актілер туралы» 2020 жылғы 24 қарашадағы Өзбекстан Республикасының Заңы; «Табиғи монополиялар туралы» Өзбекстан Республикасының 1999 жылғы 19 тамыздағы № 815-I Заңы пайдаланылды.

Нәтижелер мен талқылаулар

Тілдің басты артықшылығы оның анықтылығында. Әрбір ғылымның, білімнің әр саласының өзіндік терминологиясы бар, ол білім мен реттеу объектісінің сипаттамалары мен қасиеттерін көрсетеді. Тіпті жалпы сипаттағы жаңа нормативтік–құқықтық актілердің пайда болуы заңгер– ғалымдар мен тәжірибе қызметкерлерінің көптеген түсіндірмелерін тудыратыны таңқаларлық емес. Олар заңның қалай әрекет ететінін ғана емес, сонымен қатар белгілі бір терминнің қандай заңды мағынада қолданылатынын, құқықтық қатынас субъектілерінің қандай да бір құқықтары мен міндеттерін жекелеген заңдық нормаларда бекіте отырып, заң шығарушы нені меңзегендігін және жаңа норманың уақыт, кеңістік немесе адамдар арасындағы әрекетін қалай ұғыну керек екенін түсіндіреді. Тәжірибе заңнамалық ережелердің анықтығы мен айқындығы, олардың біркелкі мағыналық қабылдануы және дұрыс қолданылуы заңнаманың мемлекет пен қоғам өміріндегі нақты орны мен рөлін анықтайтын маңызды фактор екенін растайды.

Қоғамдық өмірдің кез келген саласы сияқты қоғамдық қатынастарды реттеу үшін заң шығарушымен арнайы әзірленген терминологиясыз құқықтануды елестету мүмкін емес. Әдетте арнайы құқықтық терминдер қысқа және салыстырмалы түрде заң ғылымында қолданылатын ұғымды білдіреді («талапкер», «айыппұл», «реституция» және т.б.). Алайда олардың саны аса көп емес, бірақ оғын қарамастан олар әр түрлі құқықтық құжаттарда жиі қолданылады. Олар арнайы ұғымдарды анықтау үшін және тек заң ғылымында қолданылады. Іскерлік құжаттар мен заңнамалық мәтіндерде мұндай арнайы құқықтық терминдер көп, олардың мағынасы тек лингвистикалық тұрғыдан түсіндіруге болмайды, мысалы, «заңды тұлға» термині. Шынында да, сөзбе-сөз мағынада «тұлға» сөзі кез келген ұйымға, қауымдастыққа емес, жеке тұлғаға қатысты айтылады. Алайда, мұндай терминдерді қолдану нақтыланған, өйткені оларды тәжірибелік қолдану тұрғысынан олар белгілі бір құқықтық ұғымдарды нақты анықтайтын артықшылықтарға ие. Оларды қолданудың ғасырлық дәстүрін есте ұстаған жөн.

Арнайы құқықтық және техникалық терминдер өте ыңғайлы: олар қажетті тұжырымдаманы нақты белгілейді, нормативтік ережелердің неғұрлым нақты көрсетілуіне ықпал етеді, осылайша оларды дұрыс түсінуге және қолдануға ықпал етеді. Басқаша айтқанда, олар ауызша ақпаратты мүмкіндігінше жинақтайды, заңнамалық ойды беру құралдарын үнемдейді. Осындай терминдердің көмегімен заңды тұжырымдардың бірегейлігіне, семантикалық нақтылығына, толықтығына қол жеткізуге болады. Арнайы терминдерді кеңейтілген сипаттамалық өрнектермен ауыстыру мақсаттылы емес, себебі ол нормативтік актілердің, іскерлік құжаттардың ауқымдылығына әкеліп соқтыратындықтан, оларды қолдануды қиындатады.

Әрине, арнайы терминдерді құжаттарды шамадан тыс жүктеместен мағыналық және ақпараттық қажеттілік шегінде қолданған жөн. Заң терминдерінің тиімділігі заң шығарушының заң терминологиясына қатысты бірқатар ережелерді қалай орындайтынына байланысты болады.

Термин мына талаптарға сәйкес болу керек:

  1. бірыңғай, яғни осы заңда немесе өзге де нормативтік актіде бір мағынада қолданылуы, бір жүйенің шегінде бір мәнді болуы;
  2. жалпыға бірдей танылған, яғни терминді белгілі бір ерекше мағынада немесе заң шығарушымен белгілі бір жағдай үшін ғана қолдануға болмайды;
  3. тұрақты, яғни терминнің мағынасы мен мәні мәтінге байланысты өзгермеуі керек;
  4. осы жүйенің басқа терминдерімен логикалық байланыста болуы қажет;
  5. кәсіби қолдану саласына байланысты болуы тиіс [1].

Қазақстан Республикасы және Өзбекстан Республикасының азаматтық заңнамаларында қолданылатын кейбір шет тілінен енген терминдердің әрекет етуші заңнамаларда қолданудың ерекшеліктерін анықтау бойынша зерттеуге тоқталайық. Өзбекстан Республикасының әрекет етуші заңнамасында шетелдік терминдер қолданылады, соның дәлелі ретінде «аукцион», «контрактация», «монополия», «норма», «кассация», «банкрот», «акция», «алимент» терминдеріне берілген түсініктерді қарастырайық. 1999 жылғы 1 шілдедегі № 409 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 406-бабының 5-тармақшасына сәйкес: «Сатып алу-сату шарттарының жекелеген түрлерiне (бөлшек саудамен сатып алу-сату, тауарлар жеткiзiлiмi, энергиямен жабдықтау, контрактация, кәсiпорынды сату), егер осы Кодекстiң ережелерiнде бұл түрлердiң шарттары туралы өзгеше көзделмесе, осы параграфта көзделген ережелер қолданылады» деп бекітілген [2]. Өзбекстан Республикасының заңнамасы бойынша: «Контрактация [kontraktatsiya] — ауыл шаруашылық өнімдерін өндірумен және сатумен байланысты шарттық міндеттемелер» [3: 67].

«Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VІ Қазақстан Республикасы Заңының 4–бабының 18–тармақшасына сәйкес: «Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің белгілі бір түрін өндіру мен ұсынудың технологиялық ерекшеліктеріне байланысты тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің осы түріне сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекелестік жағдайлар жасау мүмкін болмайтын немесе экономикалық жағынан тиімсіз болатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығының жай-күйі табиғи монополия болып табылады», – деп бекітілген [4]. Ал, өзбекстандық заңдық терминологиясы «Табиғи монополия [monopoliya] — технологиялық ерекшеліктеріне байланысты тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) — (бұдан әрі — тауарлар) белгілі бір түріне сұранысты қанағаттандыруға бәсекелестік жағдайлар жасау мүмкін болмайтын немесе экономикалық тұрғыдан орынсыз тауар нарығының жай-күйі» деп анықталғанын көреміз [5].

Сондай-ақ, «құқық нормасы» термині «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының әрекет етуші заңнамасымен келесідей анықталған: «Құқық нормасы — реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберiнде көп мәрте қолдануға арналған, жеке-дара айқындалмаған тұлғалар тобына қолданылатын, тұрақты немесе уақытша сипаттағы жалпыға мiндеттi мінез-құлық қағидасы» [6]. Өзбекстан Республикасының заңнамасы бойынша құқық нормасы [Ҳуқуқий norma] — бұл реттелетін құқықтық қатынастар аясында жеке-дара анықталмаған тұлғалар тобына қолданылатын мемлекеттік ұстаным [7].

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының азаматтық заңнамаларында қолданылатын ұқсас терминдерінің бірі — «банкрот». «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «банкрот» — заңды күшіне енген сот шешімімен дәрменсiздiгi белгiленген борышкер деп анықталады [8], өзбекстандық заңнама бойынша «банкрот» — [bankrot] термині осы күйінде қолданылатындығын айқындайды [3: 16].

«Аукцион», «кассация», «акция», «алимент» сияқты терминдер ұлттық заңнамада және Өзбекстан Республикасының заңнамасында осындай мағынада және сипатта қолданылатындығына жүргізілген зерттеулермен талдау жұмыстары арқылы көз жеткізе аламыз.

Бідің пайымдауымызша, қазақстандық және өзбекстандық азаматтық заңнамаларда шет тілінен енгізілген терминдерді дәлме-дәл қолданудың себептері мынадай:

  • Заңдық терминологияның халықаралықтандырылуы, ол біздің мемлекетіміздің әлемдік қауымдастыққа енуі, оның ішінде мемлекеттер арасында сауда-саттық айналымын дамытумен түсіндіріледі;
  • Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері мен өнертабыстылығы;
  • Ғылыми-құқықтық ой-өрістің белсенді дамуы;
  • Әр түрлі салалардағы белсенді ынтымақтастыққа байланысты отандық құқық нормаларының халықаралық құқық нормаларына сәйкестендіру қажеттілігі.

Сонымен қатар, жүргізілген талдаулардың негізінде келесідей ой-пікірлер қалыптастыруға болады:

  • Шет тілінен енгізілген және өзіндік заңдық терминдердің ақылға қонымды сәйкестік қағидасына негізделген кез келген нормативті-құқықтық актіде тепе-теңдікті сақтау қажеттілігі;
  • Әрбір енгізілетін шетелдік терминнің, ұғымға беретін мағынасына сәйкес келуін ескере отырып, тәжірибелік мәніне ерекше назар аудару және отандық заңдық тілге жат әрі термионологиялық жүйені бұзатын терминдерді алып тастау;
  • Халық үшін түсініктірек болатын ұқсас отандық терминдерді қолдану;
  • Аудармадағы қателіктер мен дәлсіздіктерді болдырмау үшін термин алынған құқықтық жүйенің ерекшелігін ескеру;
  • Шетелден енгізілген заң терминдерін қолдану екі елдің азаматтық заңнамасының терминологиялық бірлігінің жалпы тұжырымдамасына қайшы келуіне жол бермеу.

Шетелден енгізілген терминдер әртүрлі дәрежеде құқықтық құжаттардың барлық түрлерінде кездеседі және келесі функцияларды орындайды:

  • тілдік құралдарды үнемдеуге ықпал етеді;
  • заңды мәтінді ұсыну стилін жеңілдетеді;
  • қате түсіндіруден немесе түсініксіздіктен аулақ болуға мүмкіндік береді;
  • мәтіннің стилистикалық бірлігін және оны түсіндірудің бірегейлігін қамтамасыз етеді.

Демек, шетел тілінен енгізілген терминдер шет тілінде қолданылған нысанда дәл-дәл қолданылуын көреміз. Осындай жалпымен қабылданған шетелдік терминология оның әмбебаптығы мен қарапайымдылығына байланысты кеңінен қолданылады деп айтуға болады

Аталған заңдық терминдерді аудармай, мағынасына сәйкес қолданудың өзіндік ерекшеліктері бар. Заңнамада терминдерді қолданудың нақтылығы заңшығарушының ерік білдіруінің дәлдігімен байланысты болады, демек ол заңның тиімділігі мен оның қоғамдағы маңыздылығына да байланысты.

Қорытынды

Қорыта келе, біздің ойымызша, құқықтық актілер үшін заңнамалық ресми мәнері қолданылуы тиіс. Заң тілінің дәлдігін қамтамасыз ету үшін тіл стандарттары қажет. Заңды тілмен айтқанда, мәлімдемелердің логикалық құрылымын басшылыққа алу керек. Заң тіл қысқа, дәлме-дәл және түсінікті болуы керек.

Заңнамадағы санаттар, ұғымдар мен терминдер үшін терминологиялық біріздендіру өте маңызды, бұл нормативтік материалдарды қалыптастыруда анықтылық пен нақтылыққа әкеледі және заң шығарушымен құқықтық нормаға енгізілген мағынасын бұрмаламайды.

Аталмыш процесс келесі қағидалардың негізінде қалыптасады:

  • бір мағыналық, яғни ұғымды немесе терминді заңды тілде бір мағынада қолдану;
  • жалпыға бірдей тану, бұл заң шығарушымен кезекті құқықтық акті үшін белгілі ұғымдар мен терминдерді қолдану қажеттілігін білдіреді;
  • тұрақтылық, негізсіз жаңалықтарға қарсы тұруын көрсететін заңдық терминологияның беріктігі;
  • қолжетімділік, заңдық құқықтық жағдайдың мәніне ұғыммен терминнің қарапайымдылығы мен сәйкестігіне әкелетіндігі.

Бұл зерттеуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландырды (Грант N АР09259787).

Әдебиеттер тізімі

  1. Хижняк С.П. Юридическая терминология: формирование и состав / С.П. Хижняк. — Саратов: Изд-во Сарат. гос. унта, 1997. — 136 с.
  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Ерекше бөлім). 1999 жылғы 1 шілдедегі № 409 Заңы (2022.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тәртібі: // https://adilet.zan.kz/ kaz/docs/ K990000409
  3. Mahmudov N.M. Yuridik Terminlarning Rusha-O'zbekcha Lug'ati / N.M. Mahmudov, Sh.N. Kochimov, N.E. Sharipova. — Toshkent, 2021. — 208 b.
  4. «Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VІ Қазақстан Республикасының Заңы [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тәртібі: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1800000204
  5. Закон Республики Узбекистан «О естественных монополиях» от 19 августа 1999 г. № 815-I [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://lex.uz/acts/79387
  6. «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылдың 6 сәуірдегі Заңы (өзгерістермен және толықтырулармен) [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тәртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1600000480
  7. Закон Республики Узбекистан «О нормативно-правовых актах» от 24 ноября 2020 г. Одобрен Сенатом 18 декабря 2020 года [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://lex.uz/ru/docs/5378968
  8. «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V Қазақстан Республикасының Заңы [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тәртібі: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1400000176

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.