Азаматтық заңнамада шет тілінен енгізілген заңдық терминологияларды қолдану бүгінгі күні заң ғылымында өзекті мəселеге айналды. Зерттеу мақсаты — Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында шығу тегі бойынша шет тілдік заңдық терминологиясын пайдалануға байланысты мəселелерді зерттеу жəне кірме сөзден алынған заң терминологиясын қолданудың сапасын арттыруға бағытталған ұсынымдарды əзірлеу болып табылады. Зерттеу барысында танымның жалпы ғылыми диалектикалық əдісі, сонымен қатар жалпы, арнайы жəне жеке зерттеу əдістері: ресми-құқықтық, салыстырмалы-құқықтық, тарихи-салыстырмалы, жүйелік, нормативтік, логикалық-құқықтық жəне сараптамалық бағалау əдісі қолданылды. Мақалада азаматтық заңнамадағы «шет тілдік термин» жəне «шет тілдік терминология» ұғымдары тұжырымдалды. Жұмыста азаматтық заңнамада шет тілінен енгізілген заңдық терминологиясын қолданудың жағымды жəне жағымсыз жақтарына талдау жүргізілді. Талдау шет тілдік заңдық терминологиясын кірме сөзден алу ережелері заңнамалық деңгейде реттелмегенін көрсетті. «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында шет тілдік заңдық терминологиясын пайдалануды реттейтін норманы бекіту ұсынылады. Келесі бір ұсыныс — кітап нұсқасында мемлекеттік жəне орыс тілдерінде басылып шығарылған, сондай-ақ ұлттық «Termincom.kz» сайтында орналастырылған, сөздікті əркімге қолжетімді жасау, оған мемлекеттік мəртебе беру туралы. Онда отандық нормативтік массивтің барлық ұғымдық аппараты, оның ішінде азаматтық құқық терминологиясы қамтылып, арнайы нормативтік актіде оны қалыптастыру тəртібі түсіндірілуі тиіс.
Кіріспе
Жаһандану дəуірінде əлемнің құқықтық жүйелерінің өзара əсерінің нəтижесінде басқа тілдерден заң терминдерін алу процесі сөзсіз. Тұтастай алғанда, заң терминологиясын интернационалдандыру үрдісі барлық кезеңде де өзекті болды, дегенмен Қазақстан Республикасы тəуелсіздік алған жəне Қазақстан экономикасын əлемдік шаруашылыққа интеграциялау жəне қазіргі заманғы нарықтық заңнаманы қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілген кезден бастап ерекше көрініс бере бастады.
Тарихи тұрғыдан алғанда, қазіргі заң терминологиясының қалыптасу көзі Рим құқығы болды, оның ерекшеліктері тұжырымның дəлдігі, оңайлығы мен айқындылығы болды. Римдік заң терминдерінің көпшілігі бүгінгі күнге дейін сақталған жəне көптеген заманауи заңнамалық жүйелердің игілігіне айналды [1]. Еуропада ұзақ уақыт бойы көптеген елдердің заң терминологиясының қалыптасуына ерекше əсер еткен заң тілі француз тілі болды. Қазіргі уақытта құқықтық терминдердің көпшілігінің шығу тегі «ағылшын жəне американдық». Тілдік кірме сөз алу бүкіл əлемде кең таралған құбылыс бола отырып, заң терминологиясын жаңа құқықтық терминдер мен ұғымдармен байытады.
Өткен ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстанда экономикалық қатынастардың қарқынды дамуы азаматтық құқықта бұрын белгісіз институттардың пайда болуының алғышарты болды, соның салдарынан көптеген шет тілдік заң терминдерін енгізу болды. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында шығу тегі бойынша шет тіліндегі толып жатқан заң терминологиясы байқалуда. Мəселен, «аккредитив», «акцепт», «акция», «банкроттық», «бенефициар», «биржа», «брокер», «вексель», «виндикация», «кепілдік», «дилер», «борышкер», «ипотека», «консорциум», «кондоминиум», «келісімшарт», «лизинг», «лицензия», «негаторлық талап қою», «опцион»,
Хат-хабарларға арналған автор. Е-mail: akuka007@mail.ru «оферта», «патент», «жекешелендіру», «оңалту», «рента», «своп», «сервитут», «цессия», «факторинг», «форвард», «франчайзинг», «фьючерс» сияқты терминдер еліміздің заңнамалық мəтіндеріне нық енді. Бұл азаматтық құқық терминологиясы, азаматтық заңнаманың өзі сияқты, үнемі дамып келе жатқандығымен түсіндіріледі.
Қазақстандық құқық өзге құқықтық жүйелерден тыс өмір сүрмейді, бұл құқықтық реттеудің өзара əсерін алдын ала айқындайды. Қазіргі шындық жағдайында құқықтық жүйелер оқшауланған дамуда емес, ұлттықтан жоғары жəне ұлттық жеке құқықты үйлестірудің интеграциялық процестері трансұлттық капиталды біріктірудің жəне бірыңғай нарықтарды қалыптастырудың объективті факторларымен алдын-ала анықталған. Қазақстан, сөзсіз, азаматтық заңнама негізінде Азаматтық кодексі роман-германдық құқықтық отбасына жатады [2]. Қазіргі Қазақстанның азаматтық құқығының бастауы қазақтардың əдеттегі құқығы болды. Алайда Қазақстанда Кеңес өкіметі орнаған сəттен бастап қазақтардың əдеттегі құқығы түбірімен жойылуға жəне қудалануға ұшырады, ал Қазақстан аумағында Ресей Федерациясының азаматтық заңнамасының əрекеті кең таралды [1]. XX ғасырдың 30-жылдарының соңында қазақ əдет-ғұрып құқығының нормалары ресми дереккөзден мемлекет санкцияламаған əдет-ғұрыптарға айналды [3; 12].
Ресейлік құқықтық тəжірибенің қазақстандық азаматтық құқықтың қалыптасуы мен дамуына əсерін академик М.К. Сүлейменов «Құқық жүйесі жəне Қазақстан заңнамасының жүйесі: жолды таңдау» мақаласында былай деп түсіндіреді: «Қазақстан тəуелсіздік алғаннан кейін қандай құқықтық отбасының шеңберінде дамуына үлкен күмəн болған жоқ. Біз Ресей империясының, содан кейін Кеңес империясының құрамында ұзақ өмір сүрдік жəне өткенге оралу, əрине, мүмкін болмады. Сондықтан тек Қазақстан Ресейден кейін өз аумағына 1991 жылғы 31 мамырда КСР Жоғарғы Кеңесі бекіткен КСР Одағы мен республикалардың азаматтық заңнамасы негіздерінің қолданылуын таратты. Біз ТМД елдерінің Модельдік АК əзірлеуге белсенді қатыстық жəне оның негізінде 1994 жылғы 27 желтоқсанда ҚР Азаматтық кодексін (жалпы бөлім) қабылдадық» [2]. В.П. Мозолин атап өткендей, азаматтық құқықтың дамуы «əлемнің дамыған елдерінің азаматтық жəне сауда құқығының дамуымен үнемі өлшенуі керек, өйткені Ресейдің азаматтық құқығы жаһандық құқық жүйелері конгломератының ажырамас бөлігі болып табылады» [4; 4]. Бұл сөз Қазақстанға да қатысты деп ойлаймыз. Сонымен бірге, құқықтың белгілі бір қоғамдағы бар мəдени құндылықтардың көрінісі болып табылатынын ескере отырып, шетелдік құқықтық тəжірибеге оңтайлы жүгіну критерийлерін айқындау маңызды. Шетелдік құқықтық тəжірибені пайдалану осы уақытқа дейін азаматтық құқық ғылымында қолданылатын терминологиядағы айырмашылықтармен байланысты [4; 7].
Бұл жерде С.С. Алексеевтің «Сондықтан белгілі бір елдің құқықтық білімінің ұлттық шектеулілігі, олардың таза ұлттық позитивистік материалға оқшаулануы, оның əр заңгер үшін маңыздылығына қарамай, сайып келгенде, құқықтану үшін ақиқат ғылым ретінде жоятын болып табылады» [4; 9], басқа тілдерден заң терминдерін алу процесі мəселесіне де қатысты. Ю.В. Тураниннің пікірінше, заң тілі феноменінің пайда болуы, «заң құрудың тактикасы мен техникасы саласында көптеген жаңалықтардың енгізілуімен, нормативтік массивтің ұлғаюымен байланысты, отандық заң шығаруда заң мəтінінің формасы мен мазмұнының маңызы едəуір артты» [5; 5]. Автор əрі қарай «азаматтық-құқықтық кеңістіктің тезаурусының негізгі, ең ақпараттық құрамдас бөлігі — заң терминологиясы деп қарастырады. Заңнамалық мəтіндегі əрбір заң термині тиісті ұғымды дəл көрсетуге бағытталған белгілі бір функцияны орындайды. Əрбір нормативтік- құқықтық акт мəтінінде заң терминологиясын қолдану сауаттылығы заңның жоғары сапасының, оның өмір сүру тұрақтылығының негізі болып табылады» деп жазады [2; 5].
Е.В. Климентьеваның шет тіліндегі кірме сөздерді алу жəне жаңа сөздердің пайда болу себептеріне қатысты ұстанымы қызықты болып көрінеді: 1) қоғамдық өмірде пайда болған жаңа шындықтың, жаңа заттың, жаңа ұғымның атауы ретінде (мысалы, азаматтық құқықта «акция», «рента», «концессия»); 2) қоғам өмірінде бұрын болған, бірақ тиісті белгілері болмаған құбылыстарды білдіреді (мысалы, азаматтық құқықта «оңалту», «кепілдік»); 3) жаңа сөз бұрын сөз тіркесінің көмегімен аталғандардың неғұрлым ыңғайлы белгісі болып табылады: мысалы, азаматтық құқықта дебитор — шартта немесе өзге де міндеттемеде борышқор; 4) өзгеріп жатқан қоғамдағы заттың əлеуметтік рөлінің ішінара өзгеруін атап көрсету қажеттілігі нəтижесінде туындайды: офис- кеңсе, қызметтік бөлме, банк — бұрын жинақ кассасы; 5) жаңа кірме сөздерді алу шетелдік мəдениеттің, ғылымның, техниканың ықпалына байланысты; 6) халықтық немесе жалған этимология — кірме сөздің сыртқы келбетін бұрмалау, оны тілде бұрыннан белгілі сөзге сəйкестендіру [6; 260].
Азаматтық заңнамада шет тілдік заң терминдерінің сəтті бейімделуінің мысалдары бар. Сонымен қатар, кірме сөзден алынған заң терминологиясын қолдануда да бірқатар мəселелер бар, оларға баса назар аудару қажет.
Біздің жұмысымыздың мақсаты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында шығу тегі бойынша шет тілдік заң терминологиясын пайдалануға байланысты мəселелерді зерттеу жəне кірме сөзден алынған заң терминологиясын қолданудың сапасын арттыруға бағытталған ұсынымдарды əзірлеу болып табылады.
Жоғарыда аталған мақсатты жүзеге асыру үшін мына міндеттер қойылды:
- «шет тілдік термині», «азаматтық заңнамадағы шет тілдік терминология» ұғымдарының анықтамасын қалыптастыру;
- азаматтық заңнамада шығу тегі бойынша шет тілдік құқықтық терминологияны қолдануға қойылатын негізгі талаптарды бөліп көрсету жəне негіздеу;
қазіргі азаматтық заңнамада шет тілдік терминологияны біркелкі қолдануға қатысты мəселелерді зерттеу, негізгі проблемаларды анықтау жəне оларды шешу жолдарын ұсыну;
шығу тегі бойынша шет тілдік заң терминологиясын пайдалану саласындағы қазақстандық заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарау.
Əдістер мен материалдар
Зерттеуде танымның жалпы ғылыми диалектикалық əдісі, сонымен қатар келесі жалпы, арнайы жəне жеке зерттеу əдістері: ресми-құқықтық, салыстырмалы-құқықтық, тарихи-салыстырмалы, жүйелік, нормативтік, логикалық-құқықтық, сараптамалық бағалау əдісі қолданылды.
Нəтижелер
Жаһандану жəне Қазақстанның əлемдік кеңістікке интеграциялануы аясында азаматтық заңнамада шығу тегі бойынша шет тілдік заң терминологиясын ауқымды пайдалану сөзсіз. ХХ ғасырдың 90-шы жылдары əртүрлі құқықтық тəртіптің шетелдік азаматтық-құқықтық құрылымдарын қабылдаумен жəне нəтижесінде кірме сөздер терминологиясының «су тасқынымен» сипатталды. Осыған байланысты біз А.С. Пиголкиннің пікірімен келісуіміз керек деп ойлаймыз, ол құқықтық тілдің жаңаруы табиғи процесс екенін айтады [7; 100].
Тəуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдары, қазақстандық азаматтық құқықтың қалыптасуы мен дамуы кезеңінде терминологияның қалыптасуына негізінен рим, неміс жəне француз құқықтары ықпал етті. Соңғы жылдары ағылшын-американдық құқық тарапынан, əсіресе корпоративтік жəне шарттық құқық саласында қазақстандық құқыққа ықпалы елеулі болды. Қазіргі уақытта ұлттық құқықтық жүйелердегі біріздендірудің негізін қалыптастыратын халықаралық актілер де қазақстандық құқық қатысатын құқықтық жүйелердің өзара ықпалының негізі болып табылады.
Кірме сөзден алынған заң терминологиясын пайдалану процесінде туындайтын проблемалар бірінші кезекте халықаралық болып табылатынын атап өткен жөн. Осы салада ғылыми зерттеулер біртіндеп жүргізілді, ТМД-ның көптеген елдерінде заңнама деңгейінде бұл мəселені нормативтік- құқықтық реттеу жоқ. Іс жүзінде, азаматтық заңнамада шығу тегі бойынша шет тілдік заң терминологиясын пайдалану саласындағы Қазақстан заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясынан [8], «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сəуірдегі № 480-V Заңынан [9], «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 21 сəуірдегі № 367 Қаулысынан [10] жəне Қазақстан Республикасының Заңнама институты əзірлеген нормативтік құқықтық актілерді рəсімдеу жөніндегі əдістемелік ұсынымнан тұрады [11]. Біздің ойымызша, «Құқықтық актілер туралы» Заңында шет тілдік заң терминологиясын пайдалануды реттейтін норманы бекіту керек. «Тerminсоm.kz» сайты базасында терминологияның жай-күйі мен термин жасаудың негізгі қағидаттары туралы жұртшылықты хабардар ететін электрондық алаң іске қосылды [12]. Терминдерді халықпен талқылау үшін ашық электронды алаң құрылды. Ұлттық терминологиялық комиссия жанынан 18 салалық терминологиялық секция құрылды.
Шет тілдік заң терминологиясын азаматтық заңнамада қолдануды талдай отырып, жағымды жəне жағымсыз жақтарды бөліп көрсетуге болады.
Əртүрлі бағыттағы заманауи ғалымдар, тұтастай алғанда, келесі жағдайларды жағымды жақтар ретінде бөліп көрсетуге келіседі:
заң тілінің жаңа терминдермен баюы. Заң тілі — нақты, дамып келе жатқан тіл. Ол қоғаммен бірге өмір сүреді жəне дамиды, онда кейбір қатынастар «кетеді», ал басқалары пайда болады [13; 304]. Көптеген шет тілдік терминдерінің орыс жəне қазақ тілдерінде синонимдері жоқ, бұл оларды алмастырылмайтын етеді.
«күрделі құқықтық құбылыстарды бір сөзбен белгілеуге, сол арқылы заң мəтіндерін оңайлатуға жəне құқықтық мəселенің, құжаттың, шешімнің, мақаланың мағынасын түсіну мен қабылдауды жеңілдетуге» мүмкіндік беретін тіл үнемдеу қағидатын тиімді қолдану [14; 705]. Тілді үнемдеу ресми құжатты қажетсіз тіркестермен жаппай жəне мазмұнды жеңілдетіп, заң мəселесінің мəнін нақты жəне қысқаша баяндауға мүмкіндік береді [15; 76]. Бұл келісуге тұрарлық, өйткені кірме сөзден алынған терминдер белгісіздік пен түсініксіздікті болдырмауға, заң шығарушының «ойының» бұрмалануын болдырмауға мүмкіндік береді.
Шығу тегі шет елдік заң терминологиясын қолданудың барлық жағымды жақтарымен келісе отырып, сонымен бірге бірқатар мəселелерді, олардың ішінде мыналарды бөліп көрсетуге болады:
- Заңнамалық мəтіннің ғылымилығын көрсетіп, оған қосымша «салмақтық» беру [16; 252]. Біз автордың бұл тенденция заң шығарушы үшін де, заңды дұрыс қолдануға мүдделі адамдар үшін де жағымсыз салдарға əкелуі мүмкін деген көзқарасымен бөлісеміз [16; 252]. Қазақстан Республикасының Заңнама институты əзірлеген ұсынымдардың бірі «құқықтық актіде қолданылатын тұжырымдар мен терминдердің дəлдігі мен айқындылығы». Бұл талап құқықтық актіні əзірлеушінің идеясы, ойы жəне оларды акт мəтінінде іске асыру арасында барынша сəйкестікке қол жеткізу болып табылады. Құқық нормалары элементтерінің көрінісі болып табылмайтын жəне олармен байланысты емес кез келген нəрсе құқық нормаларын түсінуді жəне қолдануды қиындатады немесе мəтін құру логикасын бұзады, жойылуға тиіс [11; 8].
- Шет елдік заң терминін неғұрлым түсінікті отандық термин болған кезде қолдану [17, 13; 305]. Біздің ойымызша, шет тілдік заң терминологиясын шет елде пайдалануды құқықтық реттеу тəжірибесін мұқият зерделеп, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу жөніндегі жұмысты бастау керек.
- Шет елдік заң терминін дұрыс емес түсіндіруде қолдану [18; 4]. Біздің ойымызша, заң мəтінінде қолданылатын əрбір дефиницияға осы терминнің нақты дəл түсіндірілуі расталуы тиіс. Шынында да, шет елдік шығу тегіне байланысты жаңа, тіпті одан да белгісіз сөздерді қолдану пайдаланушының осы терминнің мазмұнының жаңалығымен немесе күрделілігімен алдын ала анықталатын ұғымның мағынасын түсінбеуіне əкеледі. Сондықтан шет тілдік заң терминін қолдануда қате түсіндіруді болдырмау керек.
А.С. Пиголкин заң шығарудың алғашқы кезеңдерінен бастап шетелдік терминологиямен тұрақты жұмыс істеу қажеттілігін дұрыс айтады [7; 104].
Қазіргі ғылыми ұстанымдарды назарға ала отырып, заң терминологиясын басқа елдердің нормативтік-құқықтық актілерінен алу процесі шетелдік терминдерді Қазақстан заңнамасына «соқыр» көшіруге ұласпауы тиіс екенін атап өткіміз келеді. Біздің ойымызша, отандық құқыққа тек қажет терминдерді қабылдаған жөн. Тағы бір маңызды жағдай — кірме сөзден терминдерді барлық қазақстандық нормативтік-құқықтық актілерде олардың ана тіліндегі бастапқы нұсқасына сəйкес біркелкі қолданудың біріздендірілген тəсілінің болуы.
Талқылау
Қойылған мақсаттарды іске асыру үшін этимологияны жəне «шет тілдік терминология» ұғымының мəнін қарастыру қажет сияқты. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі мына анықтаманы береді: «шет тілдік — басқа тілге қатысты. Шет тілдік сөз (кірме сөз)» [19; 248]. Үлкен құқықтық сөздік те бұл ұғымды «шет тілдік — басқа тілге қатысты» деп түсіндіреді [20]. Термин дегеніміз [латын тілінен аударғанда шек, шекара деген ұғымды білдіреді]: 1. Сөз (немесе сөздердің тіркесімі) белгілі бір ұғымның нақты белгісі болып табылады, ғылымның, техниканың, өнердің, қоғамдық өмірдің жəне т.б. арнайы саласы; 2. Білімнің немесе қызметтің кез келген саласының қатаң анықталған ұғымын білдіретін сөз немесе сөз тіркесі [20]. Терминология — ағылш. terminology; нем. terminologie. Ғылым, техника, өнер жəне т.б. салаларда қолданылатын терминдердің жиынтығы [20]. Шетелдік сөздерден кірме сөз — бұл тілде кейбір шет тілдік элемент пайда болып, бекітілетін процесс [21].
«Шет тілдік термин» белгілі бір ұғымды білімнің немесе қызметтің кез келген саласында дəл көрсететін жəне басқа тілден алынған сөз немесе сөздердің тіркесімі ретінде тұжырымдалуы мүмкін сияқты. Тиісінше, азаматтық заңнамадағы шет тілдік терминология — бұл азаматтық заңдарда қолданылатын жəне басқа тілден алынған терминдер жиынтығы.
Кірме сөз дегеніміз белгілі тілдік құбылыс, оның мəні бір тілдің басқа тілден лингвистикалық материалды қабылдауы болып табылады [22; 49]. Мəселен, И.Г. Добродомовтың пікірінше: «кірме сөз алу — тілдік байланыстар нəтижесінде бір тілден екінші тілге ауыстырылған бөтен тілдің элементі, сондай-ақ элементтердің бір тілден екінші тілге ауысу процесі» [23; 68]. Өз кезегінде, С.В. Кудряшова кірме сөз алу дегеніміз шет тілдік элементтер, ең алдымен сөздер», — деп көрсетеді [23; 68].
Əдетте, кірме сөз алудың себептері — қабылдаушы тілдің спикерлеріне əлі белгісіз шындықты белгілеу немесе тілдік құралдарды үнемдеуге деген ұмтылыстың нəтижесінде бастапқы сөз тіркесін бір лексемамен ауыстыру қажеттілігі [6; 261].
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы мəтіндерінде кірме сөзден алынған заң терминологиясын белсенді пайдалануға байланысты мəселе қазіргі уақытта теориялық та, практикалық та қызығушылық тудырады. Өкінішке орай, Қазақстан Республикасының нормативтік- құқықтық актілерінің мəтіндерінде шет тілдік заң терминологиясын пайдалану мəселесі біздің елімізде заңнамалық деңгейде реттелмеген. Сонымен қатар, жаңа сөздер ҚР Үкіметі жанындағы республикалық терминологиялық комиссия бекіткеннен кейін ресми мəртебеге ие болады [24]. «Теrmincom.кz» сайты базасында терминологияның жай-күйі мен термин жасаудың негізгі қағидаттары туралы жұртшылықты хабардар ететін электрондық алаң іске қосылды. Терминдерді халықпен талқылау үшін ашық электронды алаң құрылды. Ұлттық терминологиялық комиссия жанынан 18 салалық терминологиялық секция құрылды [24]. Қазақстан Республикасының Заңнама институты əзірлеген «Нормативтік құқықтық актілерді рəсімдеу жөніндегі əдістемелік ұсынымдар (заң техникасы)» атты əдістемелік нұсқаулықта былай деп жазылған: «мүмкіндігінше қазақ немесе орыс тілдерінде ұқсастары болған жағдайда шет елдік сөздерді пайдаланудан аулақ болу керек. Егер ұқсас сөздер болмаса, онда қалыптасқан халықаралық ұғымды (мысалы, «франчайзинг») пайдалану керек» [11; 37].
Ұқсас жағдай бірқатар ТМД елдерінде де байқалады. Алайда, Ресейде «Ресей Федерациясының мемлекеттік тілі туралы» Федералды заңның 1-бабының 6-тармағында орыс тілінде жалпыға ортақ баламасы жоқ шетелдік сөздерді қолдануға мүмкіндік беру арқылы шетелдік терминдерді қолдану мəселесі шешілді [25]. Өзбекстан Республикасының «Мемлекеттік тіл туралы» Заңының 7-бабында «Жаңа ғылыми негізделген терминдер өзбек тіліне қоғамдық талқылаудан кейін жəне Олий Мажлис палаталары тиісті комитеттерінің келісімімен енгізіледі» деген ереже белгіленген [26]. Осы Ереженің мағынасын ескере отырып, Өзбекстан Республикасының тиісті органдары мақұлдаған жағдайда жаңа, оның ішінде шетелдік ғылыми негізделген терминдерді қолдануға жол беріледі деген қорытынды жасауға болады.
Қырғыз Республикасында нормативтік құқықтық актілерді дайындау процесінде заң терминологиясының мəселелерін талдай отырып, көбінесе қазақстандықтарға ұқсас, Т.И. Ганиева, А.Д. Урматова жəне Г.С. Рыспаева «əдеби орыс, қырғыз тілдерінде тиісті ұғымды белгілеу үшін қолайлы сөз болмаған кезде, белгілі бір құқықтық қатынастарды реттеу қажет болған жағдайда, əдетте, арнайы терминдер Еуропалық континентальдық құқықтан алынады» деп атап көрсетті [27; 183]. Авторлардың пікірінше, бұл ереже əлемдік тəжірибеде белгіленген реттелген үйлестірілген терминологияға сəйкес құқықтық реттеуді жүзеге асыру қажеттілігімен негізделген [27; 183]. Халықаралық деңгейде терминологияның халықаралық ақпараттық орталығының (Infoterm) табысты жұмыс істеуін атап өтуге болады, оның мақсаты «терминология саласындағы халықаралық ынтымақтастықты қолдау жəне үйлестіру» мақсатында терминологиялық ынтымақтастықты үйлестіру болып табылады [28]. Оның қызметінің негізгі бағыттары терминология, терминологиялық саясат, терминологиялық деректердің құқықтық аспектілері (авторлық құқық), құрылымдалған мазмұн теориясы мен дологиясы (терминологияның дерекқорын басқару) жəне терминологиялық стандарттау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық болып табылады. Комитет құрамына Африка, Солтүстік жəне Оңтүстік Америка, Азия жəне Еуропа өкілдері кіреді [28].
«Құқықтық тіл интернационалды болып табылады, — дейді лингвист Л.П. Крысин, ұқсас құқықтық қатынастарды реттейтін əртүрлі мемлекеттердің құқықтық формасының ұқсастығына байланысты» [29; 21]. Осыдан əлемнің құқықтық жүйелерінің өзара əсері сөзсіз кірме сөз процестеріне əкеледі деген қорытынды шығады.
Сонымен бірге, азаматтық құқықтағы шет тілдік терминологиясының көп мөлшерін ескере отырып, біздің ойымызша, осы терминологияны дұрыс қолдануға ерекше назар аудару қажет, өйткені бұл нормалардың тиімділігі жалпы терминдер мен шет тілден алынған терминдердің, атап айтқанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер мəтіндерінде қаншалықты дəл жəне дұрыс қолданылатындығына байланысты.
Осыған байланысты ресейлік ғалым В.Ю. Тураниннің «заң терминдерін дəл жəне біржақты қолдану құқықтық нормалардың деформациясын болдырмауда маңызды рөл атқарады» деген тұжырымы өзекті болып табылады [30; 4].
Сондай-ақ, А.Д. Урматова мен Г.С. Рыспаеваның жеткіліксіз дамыған жəне белгісіз құқықтық ұғымдарды қолданған жағдайда мінсіз жəне нақты терминология туралы сөйлеу мүмкін емес деген пікірімен келісеміз [31; 319]. Құқық нормаларын ұсынудың дəлдігіне қол жеткізу оларды мақсатты іске асыруға жəне нəтижесінде құқықтық реттеудің тиімділігіне ықпал етеді [32; 163].
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы шет тілдік тамыры бар заң терминдеріне толы (мысалы, «акция», «ипотека», «сервитут», «факторинг» жəне басқалары). Осыған байланысты оны қолдану жағдайларына ерекше назар аудару қажет.
«Акция» терминін қарастырамыз (франц. action). 1. Енгізілген сомаға сəйкес істерге меншік жəне қатысу құқығын беретін сауда-өнеркəсіп немесе қаржы кəсіпорнының капиталына белгілі бір үлесті салу туралы құжат [20]. «Азаматтық құқық» сөздік-анықтамалығында акция (нем. Aktie; фр. Action) — акционерлік қоғам түрінде қарауында жұмыс істейтін кəсіпорынға үлестік қатысуды куəландыратын жəне оның пайдасының бір бөлігін дивидендтер түрінде алуға құқық беретін бағалы қағаз [33; 22]. Дивиденд (латынша dividendum – бөлінуге тиіс) — акционерлік қоғамның пайдасынан əрбір акцияға акционерлерге кезең-кезеңімен (əдетте жыл сайын) төленетін табыс [20].
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 139-бабына сəйкес «Акция — акционерлік қоғам шығаратын жəне акционерлік қоғамды басқаруға қатысуға, ол бойынша дивиденд жəне акционерлік қоғам таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алуға құқықтарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды куəландыратын бағалы қағаз» [34].
«Акция» терминінің ұқсас ұғымы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-ІІ Заңының 1-бабының 4-тармақшасына сəйкес, «акция — акционерлік қоғам шығаратын жəне акционерлік қоғамды басқаруға қатысу, ол бойынша дивиденд жəне қоғам таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын, сондай-ақ осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды куəландыратын бағалы қағаз» [35].
«Франчайзинг» термині (ағылш. franchise — артықшылық) деп жаңа бизнесті ашатын іскери серіктестеріне экономикалық қолдау, кез келген компаниядан артықшылықтар беру [20]. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (ерекше бөлімі) 896-баптың 1 тармағына сəйкес, «Франчайзинг» термині мынадай ұғым білдіреді: «кешенді кəсіпкерлік лицензия шарты бойынша бір тарап (кешенді лицензиар) екінші тарапқа (кешенді лицензиатқа) сыйақы үшін, атап айтқанда, лицензиардың фирмалық атауын жəне қорғалатын коммерциялық ақпаратты, сондай-ақ шартта көзделген айрықша құқықтардың басқа да объектілерін (тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, патентті жəне т.б.) пайдалану құқығын қамтитын айрықша құқықтар кешенін (лицензиялық кешен) беруге міндеттенеді» [36]. «Кешенді кəсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 24 маусымдағы № 330-II Заңының 1-бабының 2-тармақшасына сəйкес, кешенді кəсіпкерлік лицензияға (франчайзинг) мынадай анықтама беріледі: айрықша құқықтар кешенінің құқық иеленушісі осы кешенді басқа тұлғаға өтемді негізде пайдалануға беретін кəсіпкерлік қызмет [37].
Көріп отырғанымыздай, «акция» терминімен салыстырғанда «франчайзинг» термині Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде жəне «Кешенді кəсіпкерлік лицензия туралы» Қазақстан Республикасының Заңында əртүрлі мазмұндалған, бірақ терминнің мəні бірдей.
Үлкен заң сөздігінде «Сервитут» (лат. servitus — міндет, міндеттеме, міндет) — біреудің затын (белгіленген шектерде) пайдалану құқығынан тұратын шектеулі заттық құқықтың ерекше түрі; Көбінесе сервитут — бөтен жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығы [20]. Сервитут (лат. servitus) — бөтен жылжымайтын мүлікті шектеулі пайдалану құқығы [33; 464]. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 195-бабының 3–1 тармағына сəйкес, бөтеннің жылжымайтын мүлкін шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (сервитут) [34]. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310 Заңының 1-бабының 24- тармақшасына сəйкес, сервитут — бөтен жер учаскесін жəне (немесе) жылжымайтын мүліктің басқа да объектісін шектеулі мақсатта пайдалану құқығы, оның ішінде жаяу өту, көлікпен өту, қажетті коммуникацияларды тарту мен пайдалану жəне өзге де қажеттер үшін шектеулі мақсатта пайдалану құқығы [38].
«Ипотека» терминін қарастыруда (грекше hypothéke — кепіл, кепіл) ипотекалық несие деп аталатын несие алу үшін жылжымайтын мүлікті, негізінен жерді кепілге қою [20]. Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде ипотека — жылжымайтын мүлік кепілі; кепілге берілетін несие [19; 251]. ҚР АК-нің 303-бабының 1-тармағына сəйкес, ипотека-кепілге берілген мүлік кепіл берушінің немесе үшінші тұлғаның иелігінде жəне пайдалануында қалатын кепіл түрі [34]. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2723 «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Заңының [39] 1- баптың 4-тармағына сəйкес, жылжымайтын мүлiк ипотекасы (ипотека) — кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiк немесе ондағы үлесi кепiл берушiнiң немесе үшiншi тұлғаның иелiгi мен пайдалануында қалатын кепiл түрi.
Азаматтық құқықтағы жоғарыда келтірілген шет тілдік терминдерді салыстырмалы талдау келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді:
- көрсетілген ұғымдардың мəнін нақты білдіретін осындай шет тіліндегі заңды терминдердің болуы;
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, арнайы құқықтық актілерде, сондай-ақ сөздіктерде терминнің біркелкі дыбысталуы мен мағыналық мазмұны.
- қазақ немесе орыс тілдерінде терминнің болмауы.
Шет тілдік заң терминдерінің сəтті бейімделуінің мысалдарына қарамастан, бірқатар мəселелер бар. Заң əдебиеттерінде шет тілдік заң терминдерін қолданудың бірқатар мəселелері көтеріледі. Атап айтқанда, В.Ю. Туранин бірқатар мəселелерді анықтайды, олардың ішінде «шет тілдік заң терминін қолдану, онда нақты жəне жиі жəне түсінікті орыс тілді (немесе бейімделген) терминді қолдануға мүмкіндік бар, оның мазмұны бойынша кірме сөзді алуға балама жəне кірме сөз алынған заң терминін дұрыс емес түсіндіруде қолдану» [30; 197]. Осындай ұстанымды В.А. Толстик ұлттық терминологияға басымдық бере отырып, шет тіліндегі терминдерді дəлелді түрде қолдануды ұсынады [13; 305]. Г.А. Плесковскаяның пікірінше, шамадан тыс кірме сөз алу заң шығарушының заңдарға салмақтылық пен ғылыми сипат беруге деген негізсіз тілегінің салдары болып табылады, ал оның пікірінше «барлық дерлік шет тілдік заң терминдері бастапқыда заңның адресаттары үшін түсініксіз, оны жүзеге асыруда мəселелер туындайды» [40]. Автор əрі қарай «азаматтардың заңға жəне оны жасаушының өзіне қатысты наразылығы туады. Ешкім олар үшін түсініксіз тілде жазылған заңның талаптарын орындамайды. Демек, мұндай заң мағынасы мен мақсатын жоғалтады» деп жазады [40].
Бірқатар ұқсас мəселелерді қырғыз ғалымдары да атап өтеді: «бір терминмен бірнеше түрлі ұғымды жəне бірнеше терминмен бір ұғымды белгілеу; бірқатар терминдерде нақты дефинициялардың болмауы; экспрессивті бояумен ерекшеленетін сөздерді терминдер ретінде қолдану; шетелдік терминдерді қолдану əрдайым дұрыс бола бермейді; лингвистикалық жəне стилистикалық тұрғыдан дұрыс емес, жағымсыз терминдерді қолдану; ескірген терминдер мен сөз тіркестерін қолдану жəне т.б.» [27; 178].
Ю.В. Тураниннің көзқарасы бойынша, терминологиялық сабақтастық ұзақ мерзімді перспективада Ресей заңдарының мəтіндерінде шет елдік заң терминологиясын қолданудың өзегі болуы керек [30; 202].
В.А. Толстиктің «егер отандық лексикада тиісті ұғымды дəл көрсетуге болатын сөз болса, онда отандық лексика сөзін қолдану керек», сонымен бірге «шетелдік терминологияны негізсіз пайдалануға жол бермеу шетелдік терминдерді қолданудан толық бас тартуды білдірмейді. Бұл, негізінен, мүмкін емес жəне ең бастысы, мақсатқа сəйкес емес» деп жазуы көңілге қонымды [13; 305].
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, біздің ойымызша, бұл жағдайдан шығудың жолы келесідей:
- пайдаланатын шет тілдік терминдер түсінуге оңай, мүмкіндігінше ықшам, қысқа жəне сыйымды болуы керек;
- бір нормативтік құқықтық акт аясында да, тұтастай алғанда заңнама аясында да біркелкі түсінуді ұстану қажет;
- мүмкіндігінше барынша бейімделген халықаралық тұжырымға ұмтылу керек;
- енгізілген шет тілдік терминінің белгіленген тұжырымдамаға дəл сəйкес келуіне ұмтылу қажет.
Қорытынды
Зерттеуді қорытындылай келе, шығу тегі бойынша шетелдік заң терминологиясын азаматтық заңнамада пайдалану процесі басқа елдердің халықтарымен экономикалық, саяси, мəдени байланыстар орнатудың табиғи, əдеттегі салдары екенін атап өтуге болады. Заң тілін интернационалдандыру процесі қазіргі əлемнің шындықтарында сөзсіз болады.
Заң терминологиясы құқық үшін аса маңызды, ол ресми жəне мазмұнды аспектілерде көрінеді. Бұл құқықтық құбылыстар мен процестердің мазмұнын толық ашуға арналған қажетті құрал [30; 350].
Көптеген кірме сөзден алынған терминдер Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде үйлесімді ассимиляцияланған. Біздің еліміздің заңнамасында құқық қолданушыда да, қарапайым азаматтарда да белсенді қолданылатын «акция», «банкроттық», «биржа», «брокер», «кепілдік», «дилер», «ипотека», «кондоминиум», «келісім-шарт», «лизинг», «лицензия», «патент», «жекешелендіру», «оңалту», «сервитут», «цессия», «факторинг», «франчайзинг» сияқты шет тілдік терминдерді қолдану түсініспеушілік туғызбайды.
Сөзсіз, азаматтық құқықта шығу тегі шет тілдік заң терминологиясын пайдалану процесінің оң жəне теріс жақтары бар.
Кірме сөзден алынған заң терминологиясын қолданудың оң сəттері ретінде заң тілін жаңа терминологиямен байытуды жəне тіл үнемдеу қағидатын тиімді қолдануды атап өтуге болады. Теріс аспектілерге «жасанды ғылым», «отандық» терминді қолдану мүмкіндігі болған кезде кірме сөзден алынған терминдердің басымдығы жəне терминнің мағынасын бұрмалайтын терминнің дұрыс түсіндірілмеуі жатады.
Жүргізілген зерттеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы мəтіндерінде кірме сөзден алынған заң терминологиясын пайдалану теориялық та, практикалық та қызығушылық тудырады деп айтуға негіз береді.
Қазақстанда шет тілдік заң терминологиясын кірме сөзден алу ережелері заңнамалық деңгейде реттелмеген. Сонымен қатар, республикада Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминологиялық комиссия жұмыс істейді, оның жанынан 18 салалық терминологиялық секция құрылған [24]. «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен бекітілген, соны іске асыру мақсатында сайт əзірленді жəне сəтті жұмыс істеуде. «Termincom.kz» ғылым мен білімнің, техника мен экономиканың, қоғамдық-əлеуметтік өмірдің терминдері мен сөздерінің, сөз тіркестерінің Республикалық бірыңғай терминологиялық электрондық базасы болып табылады [12]. Қазақстан Республикасының Заңнама институты 2016–2018 жылдары «Қазақстан Республикасы заңдарының мониторингі: теория мен практика мəселелері» атты іргелі жəне қолданбалы ғылыми зерттеу жүргізді [41]. Нормативтік құқықтық актілерді рəсімдеу бойынша əдістемелік ұсынымдар əзірленді [11].
Біздің ойымызша, «Құқықтық актілер туралы» Заңда шет тілдік заң терминологиясын пайдалануды реттейтін норманы бекіту керек.
Мемлекеттік жəне орыс тілдерінде кітап нұсқасында жарық көрген сөздікті қолжетімді жасау етіп керек, оған отандық нормативтік массивтің барлық ұғымдық аппараты, оның ішінде азаматтық құқық терминологиясы кіреді, арнайы нормативтік актіде оның қалыптасу тəртібін түсіндіре отырып, осы сөздікке мемлекеттік мəртебе берілу керек.
Бұл зерттеуді Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландырды (Грант № АР09259787).
Əдебиеттер тізімі
- Зуева И.В. Особенности употребления английской юридической терминологии / И.В. Зуева [Электронный ресурс] / И.В. Зуева. — Режим доступа: https://pgu.ru/upload/iblock/889/uch_2010_vii_00024.pdf.
- Сулейменов М.К. Система права и система законодательства Казахстана: выбор пути / М.К. Сулейменов [Электронный ресурс] / М.К. Сулейменов. — Режим доступа: https://online.zakon.kz/Document/? doc_id=31102841#pos=5;- 108.
- Сулейменов М.К. Становление и развитие гражданского законодательства Республики Казахстан / М.К. Сулейменов. — Алматы, 2006. — 356 с.
- Арсланов К.М. Конвергенция российского и германского опыта гражданско-правового регулирования: история, современность и перспектива: дис д-ра юрид. наук: 12.00.03 — «Гражданское право; предпринимательское право; семейное право; международное частное право» [Электронный ресурс] / К.М. Арсланов. — Казань, 2020. — 610 с. — Режим доступа: https://www.dissercat.com/content/konvergentsiya-rossiiskogo-i-germanskogo-opyta-grazhdansko-pravovogo-regulirovaniya-istoriya.
- Туранин В.Ю. Проблемы формирования и функционирования юридической терминологии в гражданском законодательстве РФ: дис канд. юрид. наук: 12.00.03 — «Гражданское право; предпринимательское право; семейное право; международное частное право» [Электронный ресурс] / В.Ю. Туранин. — Белгород, 2002. — 186 с. — Режим доступа: https://www.dissercat.com/content/problemy-formirovaniya-i-funktsionirovaniya-yuridicheskoi-terminologii-v-grazhdanskom-zakono.
- Клементьева Е.В. Адаптация иноязычных заимствований в русском языке [Электронный ресурс] / Е.В. Клементьева // Историческая и социально-образовательная мысль. — 2014. — № 5(27). — С. 260–263. — Режим доступа: https://cyberleninka.ru/article/n/adaptatsiya-inoyazychnyh-zaimstvovaniy-v-russkom-yazyke.
- Язык закона / Под ред. А.С. Пиголкина. — М.: Изд-во «Юридическая литература», 1990. — 192 с.
- Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды — [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K950001000_.
- «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 2016 жылғы 6 сəуірдегі № 480-V ҚРЗ — [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1600000480/480_1.htm.
- «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 21 сəуірдегі № 367 Қаулысы — [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P980000367_.
- Методические рекомендации по оформлению нормативных правовых актов (юридическая техника): метод. пос. / Рук. авт. колл. и ред. Р.К. Сарпеков. — Астана: ГУ «Институт законодательства Республики Казахстан», 2019. — 163 с.
- «Termincom.kz» сайты термин сөздердің бірыңғай республикалық терминологиялық электронды базасы — [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: https://termincom.kz/.
- Толстик В.А. Требования, предъявляемые к юридической терминологии: формально-логическое и социокультурное обоснование [Электрондық ресурс] / В.А. Толстик // Юридическая техника. — 2016. — № 10. — С. 302–307. — Режим доступа: https://cyberleninka.ru/article/n/trebovaniya-predyavlyaemye-k-yuridicheskoy-terminologii-formalno-logicheskoe-i-sotsiokulturnoe-obosnovanie.
- Молчанова Т.Ю. Особенности иноязычного заимствования в русском языке права [Электронный ресурс] / Т.Ю. Молчанова // Молодой ученый. — 2020. — № 23(313). — С. 705–706. — Режим доступа: https://moluch.ru/archive/313/71255/.
- Волосова М.В. Заимствование русским языком юридических терминов из других языков [Электронный ресурс] / М.В. Волосова // Language. Philology. Culture. 6`2013 С. 71–81. — Режим доступа: http://publishing-vak.ru/file/archive- philology-2013–6/6-volosova.pdf.
- Туранин В.Ю. Пределы использования заимствований в законодательном тексте / В.Ю. Туранин [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://core.ac.uk/download/pdf/151233992.pdf.
- Туранин В.Ю. Использование заимствованной терминологии в текстах современных российских законов: возможности и пределы / В.Ю. Туранин [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://www.sovremennoepravo.ru/
- Фомина Л.Ю. Унификация нормативной правовой терминологии: дис канд. юрид. наук: 12.00.01 — «Теория и история права и государства; история учений о праве и государстве» [Электронный ресурс] / Л.Ю. Фомина. — Саранск, 2006. — 187 с. — Режим доступа: http://www.dslib.net/teoria-prava/unifikacija-normativnoj-pravovoj-terminologii.html
- Ожегов С.И. Толковый словарь русского языка: 80 000 слов и фразеологических выражений / С.И. Ожегов, Н.Ю. Шведова. — Российская академия наук; Институт русского языка им. В.В. Виноградова. — 4-е изд., доп. — М.: Азбуковник, 1999. — 944 с.
- Большой юридический онлайн словарь [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://gufo.me/dict/law
- Заимствования в русском языке [Электронный ресурс]. — Режим доступа: // https://ru.wikipedia.org/wiki
- Лихачева Ж.В. О способах заимствования в современном русском языке на примере молодежного сленга [Электронный ресурс] / Ж.В. Лихачева // Наука о человеке: гуманитарные исследования. — № 4 (30). — 2017. — С. 48–52.
- Кудряшова С.В. Процесс заимствования как разновидность языкового контакта [Электронный ресурс] / С.В. Кудряшова // Изв. высш. учеб. завед. Поволжский регион. Гуманитарные науки. — 2015. — № 4(36). — С. 66–75. — Режим доступа: //https://cyberleninka.ru/article/n/protsess-zaimstvovaniya-kak-raznovidnost-yazykovogo-kontakta
- Развитие и функционирование государственного (казахского) языка [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://m.egov.kz/cms/ru/articles/culture/kurs_kazakhskogo_yazika
- Федеральный закон «О государственном языке Российской Федерации» от 01.06.2005 года № 53-ФЗ [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://www.consultant.ru/document/cons_doc_LAW_53749/.
- Закон Республики Узбекистан «О государственном языке» от 21 октября 1989 года № 3561-XI [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://base.spinform.ru/show_doc.fwx? rgn=770
- Ганиева Т.И. Юридическая терминология и терминотворчество в процессе подготовки нормативных правовых актов в Киргизской Республике [Электронный ресурс] / Т.И. Ганиева // Бюл. науки и практики. — 2019. — Т. 5. — № 10. — С. 176–186. — Режим доступа: https://doi.org/10.33619/2414–2948/47/22
- Инфотерм [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://ru.knowledgr.com/12551648/Infoterm.
- Туранин В.Ю Иноязычные слова в современном языке / Л.П. Крысин. — М.: Наука, 1968. — С. 21.
- Туранин В.Ю. Юридическая терминология в современном российском законодательстве (теоретико-правовое исследование): дис д-ра юрид. наук: 12.00.01 — «Теория и история права и государства; история учений о праве и государстве» [Электронный ресурс] / В.Ю. Туранин. — Белгород, 2017. — 437с. — Режим доступа: https://docplayer.com/42841456-Yuridicheskaya-terminologiya-v-sovremennom-rossiyskom-zakonodatelstve-teoretiko-pravovoe- issledovanie.html.
- Урматова А.Д. Юридическая терминология [Электронный ресурс] / А.Д. Урматова, Г.С. Рыспаева // Бюлл. науки и практики. — 2019. — Т. 5. — № 9. — С. 318–324. — Режим доступа: https://doi.org/10.33619/2414–2948/46/42.
- Мамедов Э.Ф. Язык закона: к вопросу о значении терминов и дефиниций в текстах нормативных правовых актов [Электронный ресурс] / Э.Ф. Мамедов // Вестн. Иркут. гос. лингв. ун-та. — 2014. — С. 163–168. — Режим доступа: https://cyberleninka.ru/article/n/yazyk-zakona-k-voprosu-o-znachenii-terminov-i-definitsiy-v-tekstah-normativnyh-pravovyh-aktov.
- Гражданское право: словарь-справ. / сост. М.Ю. Тихомиров, Л.В. Тихомирова. — М.: Юринформцентр, 1996. — 575 с.
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Қазақстан Республикасының Кодексі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-XIII [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K940001000_.
- «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415 Заңы [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z030000415_.
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (ерекше бөлім). Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі № 409 Кодексі [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K990000409_.
- «Кешенді кəсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 24 маусымдағы № 330 Заңы [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z020000330_.
- «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310 Заңы — [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000310_.
- «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2723 Заңы [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/U950002723_.
- Плесковская Г.А. К вопросу об использовании в законодательстве иноязычной по происхождению юридической терминологии / Г.А. Плесковская [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://conf.omua.ru/content/k-voprosu-ob- ispolzovanii-v-zakonodatelstve-inoyazychnoy-po-proishozhdeniyu-yuridicheskoy.
- Мониторинг законов Республики Казахстан: проблемы теории и практики: науч. -аналит. отчет по теме фундаментального и прикладного научного исследования [Электронный ресурс]. — Астана: ГУ «Институт законодательства Республики Казахстан», 2018. — 117 с. — Режим доступа:http://www.zqai.kz/sites/default/files/cpm_fpni_2017_final1.pdf.