Қазақстан Республикасы Білім беру туралы Заңындағы мемлекеттік саясаттың принциптеріне сәйкес Қазақстан білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген болатын. Соның бірі – білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, бүкіләлемдік коммуникация желісіне шығу.
Қоғамның бүгінгі басты бағыттарының бірі – білім беру үрдісін ақпараттандыру болып табылады. Бұл бағыт ақпараттық коммуникативтік технологияларды, информатиканың әдістері мен құралдарын пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие процесінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.
Қазіргі таңда ақпараттандыру процесі адамзат өркениетінің дамуының жаппай және қайталанбайтын кезеңі ретінде қарастырылып отыр. Білімді ақпараттандыру әсіресе, оның жоғары оқу орындарында енгізу – қоғамда ақпараттандырудың негізгі шарты. Себебі, жоғары оқу орындарында ақпараттандырған қоғам жағдайында жұмыс істеп, өмір сүре алатын болашақ маманның дайындығы жүзеге асады. Осы процестің дамуын болжауға бағытталған белгілі беталыс педагогика ғылымында өз орнын алуда. Білімді ақпараттандыру жағдайында білім парадигмасының өзгеруі (А.П. Ершов, С.А. Жданов, И.А. Заинчковский, Г.К. Тұрғанова, Д.М. Жүсібалиева т.б.) қазіргі жалпы білім беретін жоғары оқу орындарының дамуының негізі ретінде ақпараттық технологиялары (Г.А. Абумова, Н. Ермеков, С. Құнанбаева т.б.) мәселелері ретінде зерттелуде.
Соңғы он жылдықтағы дәстүрлі оқу (және мәтінді түсіну) аумағында қалыптасқан келеңсіз жағдай жеткіншектердің медиалық басымдылыққа радикалды ауысуына байланысты пайда болатын проблемалар мен процестер кешенімен сипатталады. Жақында ғана оқушылар негізінен қағаз мәтіндерін (кітаптар, баспасөз) еркін, қызығушылықпен оқитын. Бірақ бүгін олар электронды форматтағы (теледидарлық, компьютерлік, интернеттік және т.б.) медиамәтіндерге көбіне ұмтылады. Дәстүрлі оқу үлгісі ауысты.
Көптеген әлеуметтік зерттеулердің мәліметтеріне сүйене отырып, В.П. Чудинова қазіргі заманның мектеп оқушылары мен жастарының оқуына тән келесі тенденцияларды дәлелдеді :
- баспа сөзіне біртіндеп қызығушылықтың төмендеуі, соның салдарынан оқу мәртебесінің түсуі – бос уақытта оқу үлесінің қысқаруы;
- «еркін» оқудан прагматикалық, ақпараттық, «іскер» оқудың (яғни оқу бағдарламасы бойынша оқушылардың 48% оқу мақсаттарында әдебиетті оқиды) басым болуы;
- оқушы бағытының «еркін» (бос уақыты) оқудан көрі көңіл көтеру сипатындағы әдебиеттерді оқуға өзгеруі;
- «жан азығы» үшін повестер мен романдар, таңдаулы отандық және шетел авторларының шығармаларын оқу аясынан шығу, (жеңіл, үстірт оқуға бағыттайтын, көңіл көтеру сипатындағы, рекреативті) мерзімдік басылымдарды оқуды ұнату;
- жалпы мәдениеттің төменгі қабатына, әсіресе аудиовизуалды, бос уақытта оқуға ықпал етуді күшейту.
Ұнаса да, ұнамаса да, барлығымыздың баспа мәтіндерінің аудиовизуалды, экрандық медиамәтіндермен ауысуына үйренуге тура келеді.
Бірақ медиалық контактілердің типінің өзгеруі оқушылардың түрлері мен жанрларына қатысты сыни ойлау мен құзыреттілігін дамыту проблемасын шешпейді.
Осыған байланысты тақырыпқа сәйкес ғылыми зерттеулердегі терминологиялардың бытыраңқылығын ескеру керек. Ресейде де, шет елде де «медиамәдениет», «медиалық мәдениет», «ақпараттық мәдениет», «аудиовизуалдық мәдениет», «медиасауаттылық», «ақпараттық сауаттылық», «медиабілімділік», «ақпараттық білімділік», «аудиовизуалды білімділік», «компьютерлік сауаттылық», «мультиамедиалық сауаттылық», «ақпараттық құзыреттілік», «аудиовизуалдық құзыреттілік», «медиақұзыреттілік», «медиалық құзыреттілік» және т.б. кең тараған терминдер (көбіне синоним сияқты) қолданылады.
Бұндай терминологиялық алалықты ақпараттық мәдениет анықтамасына байланысты түрлі анықтамаларға талдау жасаған Н.И. Гендинаның зерттеулерінен көрінеді. Сонымен қатар, ол қазіргі заманда «кітапхана – библиографиялық мәдениет», «оқу мәдениеті», «кітапхана – библиографиялық білім», «библиотека – библиографиялық сауаттылық», көбінесе жиі қолданылатын «компьютерлік сауаттылық», «ақпараттық сауаттылық», «ақпараттық мәдениет» ұғымдары адамның ақпаратпен жұмысы бойынша білімі мен біліктілігін сипаттайтын осындай ұғымдарға мағынасы жағынан ұқсас үндестірілген, көбінесе нақты анықтамасы жоқ терминология қолданылатынын анықтады.
Адамның білімі мен біліктілігін бағалауда қолданылған «медиамәдениет» («медиалық мәдениет») термині терминологиялық дәйектеменің тым ұзақтығынан сәтсіз сияқты. С.И. Ожегов мәдениетті:
- адамдардың өндірістік, қоғамдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы;
- мәдениеттілік тәрізді, яғни мәдениеттің жоғары деңгейінде табылатын, соған сәйкес;
- қандай да бір өсімдік немесе жануарларды өсіру, көбейту;
- бір нәрсенің жоғары деңгейі, біліктіліктің жоғары дамуы ретінде анықтайды.
Медиамәдениет (media culture) – медиа аумағындағы материалдық және интеллектуалдық құндылық жиынтығы, сонымен қатар социумдағы жаңғырту мен жұмыс істеудің тарихи анықталған жүйесі; аудиторияға қатысты медиамәдениет (немесе аудиовизуалды мәдениет) медиа аумағында медиамәтінді қабылдауға, талдауға, бағалауға қабілетті, медиа шығармашылықпен айналысатын, жаңа білімді игеретін адам тұлғасының даму деңгейінің жүйесі.
Н.А. Коновалованың анықтамасы бойынша, тұлғаның медиамәдениеті – құндылық, технологиялық және тұлғалық – шығармашылық компоненттер енетін және субъекттердің өзара әрекеттерінің дамуына әкелетін ақпараттық қоғаммен әрекеттесудің диалогтік тәсілі.
Тұлғаның даму моделінің жүйесі ретінде «өзінің кәсіби әрекеті мен күнделікті тәжірибесінде тұрақты дағдылар мен ақпараттық технологиялардың (АТ) үнемі тиімді қолдану жиынтығын көрсететін жалпы адамдық мәдениеттің құрамдас бөлігі» ретінде қарастырылатын ақпараттық мәдениет.
Мысалы, С.И. Ожегов бойынша құзыреттілік:
- қандай да бір аумақ бойынша білімді, мәлімет беруші, беделді;
- құзыреттілікті игерген адам; ал құзыреттілік – 1) біреу мәліметті жақсы игерген; 2) біреудің уәкілдік, құқықтық шеңбері. Осы сөздікте сауатты адам былайша түсіндіріледі:
- оқи және жаза алатын, сонымен қатар грамматикалық сауатты, қатесіз жаза алатын;
- қандай да бір аумақта қажетті білім, мәліметтерді игерген.
Энциклопедиялық сөздікте сауаттылық былайша түсіндіріледі:
- кең мағынада әдеби тіл нормасына сәйкес ауызша және жазбаша сөйлеу дағдысын меңгеру;
- тар мағынада – қарапайым мәтіндерді тек оқи алуы және оқу және жазу;
- қандай да бір аумақ бойынша білімнің болуы; ал құзыреттілік сөзі (латынша competo – жетемін, сәйкес келемін, жараймын) былайша анықталады:
1) нақты мүше немесе лауазымды қызметкерге заң, жарғы немесе басқадай актімен белгіленген уәкілдік аясы.
С.В. Тришина ақпараттық құзыреттілікті «Әрекеттің түрлі аумағында тиімді шешімді тауып, қабылдап, болжап және жүзеге асыра алатын таңдау, меңгеру, өңдеу, трансформациялау және жасау процестерінің бейнелеу пәндік ерекше білімнің ерекше типіне айналдыру нәтижесі болып табылатын тұлғаның ықпалдастық сапасы ретінде анықтайды».
С.В. Тришина ақпараттық құзыреттіліктің мынандай функцияларын бөліп көрсетеді:
- білімді жүйелеу, танымға және адамның өзін-өзі тануына бағытталған танымдылық;
- жеткізушісі, компоненттің семантикалығы болып табылатын ақпаратты жеткізушісі, коммуникативтік;
- ақпараттық қоғамда өмір жағдайы мен әрекетіне бейімделуге мүмкіндік беретін бейімділік;
- ақпараттық қоғамда ең алдымен моральдық және заңгерлік нормалар мен талаптар жүйесін айқындайтын нормативті;
- түрлі ақпарат ағынында бағдар жасай алу, маңызды және екінші кезектегі ақпаратты бағалай білу, белгілі және жаңа ақпаратты анықтау және талдауды ұйғаратын бағалау;
- өзіндік даму, өзін-өзі жүзеге асыруға жетелейтін субъектің белсенді өзіндік және шығармашылық жұмысына бағытталған интерактивті.
Шетел педагогтері медиақұзыреттілік терминін заңдастырған, мысалы, Германияда медиақұзыреттілік деп медиаға қатысты білікті, өз бетіндік, шағармашылық және әлеуметтік жауапты әрекетке қабілеттілік түсініледі. Бұл анықтамада нақтылық жетіспейтіндей. Егер медиақұзыреттілікті медиасауаттылықтың синонимі деп түсінсек, онда Р. Кьюбидің анықтамасы дұрыс сияқты: медиақұзыреттілік (медиасауаттылық) – түрлі формада хабарламаны қолдану, талдау, бағалау және айту қабілеттілігі.
Соңғы жылдарда ғылыми жұмыстарда «медиасауаттылық» және «медиақұзыреттілік» ұғымдарымен үйлесіп жатқан «медиабілімділік» термині қолданыла басталды.
Педагогтердің медиабілімділігін Н.В. Змановская «педагогикалық процесте жалпы медиабілім беруге, сонымен қатар оқушылардың медиабілім беруін жүзеге асыру бойынша шеберлік деңгейін анықтайтын жүйеленген медиабілім, біліктілік, құндылық қарым-қатынас жиынтығы» деп көрсетеді.
Өткен жолдарда біз «медиасауаттылық», «медиабілім беру», «тұлғаның медиасауаттылығы» терминін қолдандық, бірақ жоғарыда жасалған терминологиялық талдау мынандай қорытындыға әкелді: медиақұзыреттілік индивидтегі түрлі форма, жанрдағы медиамәтіндерді қолдану, сыни талдау, бағалау және жеткізу біліктілігі, социумдағы медианың күрделі процестерін жұмыс істеуін талдау нақты мағына береді.
Оқытуды модельдеудің практикасы мен теориясы (Ю. Овакимян), компьютерлік оқытудың ақпараттық және ұйымдастырылған модельдері (В.Ю. Боранов) біртұтас білім кеңістігін құрудағы ақпарат технологияларының рөлі (В.И. Жог, М.А. Лейбовский, М.Н. Панкина, А.Б. Медешова, Г.М. Миниус т.б.).
Компьютерлік диагностика білімі мен дағдылары көмегімен оқыту әдістемесін жетілдіру (Г.Б. Ахметова, О.И. Беляков); экономикалық (Л.В. Глухова); валеологиялық (А.С. Иманғалиев) білімді ақпараттандыру мәселелері; ақпараттық технологияның адам санасы мен денсаулығына әсері; (Б.Б. Буресбаев, Р.М. Дузбаева, М.А. Пиварова) «компьютерлік сауаттылықты қамтамасыз ету» көзделген мектептегі информатиканың «қолданбалы» бағыты елеулі өзгерді деп, тұжырымдауға болады. Ол қазіргі информатика пәндерінде көрініс тапты. (Бешенкова С.А., және Ракитина Е.А., Семкин.И.Г., және Хеннера Б.К. т.б.).
ХХІ ғасырдың 90 жылдары басынан экономика, саясат, әлеумет салаларында болып жатқан күрделі өзгерістер де өз әсерін білімге де тигізіп отырғаны анық. Білім адам қоғамының дамытушы факторы екені белгілі. Білім беру арқылы бүгінгі мектеп оқушысы ертеңгі өз бетімен шешім қабылдап, қажетті ақпарат жинап, өңдеп, орынды жұмсаушы маман ретінде қалыптасады. Білім алу арқылы адамзат ұрпағы өзінің алдыңғы ұрпақ легінен биік деңгейлерге даму жолын таба алады, тани алады. Бүгінгі білім саласында алға қойылып отырған басты мақсаттардың бірі – білімді ақпараттандыру, яғни оқу ақпаратын қолдану үшін тиімді құралдар мен қажетті мүмкіншіліктер жасауды қамтамасыз ету. Ол мүмкіншіліктер қатарында ақпараттанған қоғамның білім жүйесін ашық жүйе ретінде құрап, оңтайландырып, орталықтан алшақ тандырылған өркениетті құралдар негізінде жасау міндеті де бар. Бұл жүйенің қоғаушы күші индивидтің психикалық, танымдық қабілеті мен мүмкіншілігі қырынан тиімді, психологиялық жағынан толық тексерілген дидактикалық жүйелер мен ақпараттық оқыту технологиялары болып табылады.
Соңғы жылдары ақпараттық технологияның дамуы мен қоғамның барлық салаларына қарқынды түрде енгізілуі тұлға ретінде дамып, жетілуіне елеулі іздерін қалдырды. Ақпараттың үлкен ағымы, жарнамалар, телеарналарда ақпараттық технологияның қолданылуы, компьютерлік ойын орындарының, электрондық ойыншықтардың және автоматтандырылған техниканың көбеюі бала тәрбиесіне, оны қоршаған ортаны танып-білуіне әсер етеді.
Жоғары оқу орындарында қазіргі заман талабына сай технологиямен жабдықталған білім алуды аңсайды. Жастар компьютерде ойын ойнауды ғана емес, қызықты сурет салуды, жұмыс жасауды, сөздік (ағылшын, орыс, қазақ тілі) қорын молайтуды, электрондық оқулықпен жұмыс жасауды үйренгісі келеді, онымен етене жақындасуға, достасуға тырысады. Жоғары оқу орындарында компьютерлік сауаттылық элементтерін қалыптастыру керек. А.В. Горячев, А.Л. Семенов, С.А. Бешенкова, Ж. Қараев, А. Байдабекова, К.З. Халықова т.б. бастауыш мектептің оқыту үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану туралы құнды зерттеулер жүргізген.
«Ақпарат» термині латынның Informatio «түсіндіру», «мазмұндама» деген сөзінен шыққан, бір нәрсені жетілдіріп түсіндіру деген мағынаны білдіреді. Ақпараттар алмастырылады, сақталады, өңделеді және белгілі бір тапсырманы шешу үшін қолданылады.
Ақпаратты тек қандай да бір мәліметтердің жиынтығы деп түсінуге болмайды. Ақпарат белгілі бір мәселелерді шешуге қажетті, ұғынықты және белгілі бір дәрежедегі бағалылығы танылған білім болып табылады. «Ақпарат дегеніміз – ақпаратты алушы кісіге дейін қабылдау механизмінің қабылданды – түсінікті – бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе».
Білім беру процесі ақпаратты студентке берумен байланысты болғандықтан, В.Н. Глушковтың анықтауынша, ақпараттық технологиялар үнемі пайдаланылып келді. Ал компьютерді білім беруде пайдалана бастаған кезде оқытудың ақпараттық технологиялары туралы айту қажеттігі туды. Қазіргі ақпараттық технологиялар негізінен есептеуіш техниканың құралдарына негізделгендіктен, оларды өте жиі компьютерлік технологиялар немесе жаңа ақпараттық технологиялар деп атайды.
Осылайша, ақпараттық коммуникациялық технология (АКТ) термині пайда болды. Оқытудың ақпараттық коммуникациялық технологиялары туралы әдебиеттерде ақпараттық технология ұғымымен тығыз байланысты келесі синонимдік терминология кездеседі: «білім берудің қазіргі ақпараттық технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиясы», «білім берудің жаңа ақпараттық технологиялары», «жаңа ақпараттық технологиялар» және т.б.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Короченский А.П. Медиа критика в теории и практике журналистики: Автореферат дис... д–ра филол.наук. СПб., 2003.
- Гура В.В. Принципы создания компьютеризированной культурно образовательной среды вуза // Проблемы образования студентов гуманитарных вузов в свете развития современных информационных технологии. Таганрог: Издво Таганрог. Гос.пед.инс., 2003.
- Баранов О.А. Медиаобразование в школе и вузе. Тверь: Изд-во Твер. гос. ун-та, 2002.
- Сапунов Б. Образование и медиакультура // Высшее образование в России. 2004.№8.
- Спичкин А.В. Что такое медиаобразование. Курган: Изд-во Инта пов. квалификации и переподготовки кадров работников образования, 1999.
- Возчиков В.А. Медиаобразование в педагогическом вузе: Методические рекомендации. Бийск: НИЦ БиГПИ, 2000.
- Федоров А.В. Медиаобразование: история, теория и методика. Ростов н/Д.: ЦВВР, 2001.
- Леготина Н.А. Педагогические условия подготовки студентов университета к реализации медиаобразования в общеобразовательных учреждениях. Автореф. дис.... канд. пед. Наук. Курган. 2004.