Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Заң терминдерінің қалыптасуындағы аударманың рөлі

Кейінгі жылдары қоғамымызда болып жатқан мəдени, саяси, əлеуметтік-экономикалық өзгерістермен байланысты біраз өзгерістерге ұшырап, қайта қарауды қажет ететін маңызды мəселелердің біріне тіліміздегі пəн атаулары (терминдер) жатады. Cондықтан терминология мəселесіне, оның ішінде салалық терминдерге аса көп көңіл бөлініп, жан-жақты зерттеу жұмысы жүргізілуде.

Ғасыр тоғысында басталған қоғам дамуының жаңа кезеңінде халық тұрмысына, ғылымға сапалық өзгерістер енгенде көптеген жаңа атаулар, соны ұғымдар пайда болып, соған байланысты тілдегі бұрыннан бар сөздердің мағыналары кеңейді немесе мүлдем жаңа сөздер, терминдер туды. Осындай жолмен пайда болатын, қоғамдағы өзгерістер болған сайын жетілдіріп отыруды қажетсінетін терминология саласының бірі — заң терминдері.

Ұсынылып отырған мақала заң терминдерінің жасалып қалыптасуында аударманың рөлін көрсетуге арналады. Заң терминдерінің лексикалық құрамы, кейбір атаулардың қалыптасу жолдары сөз болады.

Заң тілі ресми стильге жататыны белгілі. Осы кезге дейін бізге мəлім болып келген заң терминдерінің шығу тегі, жасалу жолдары да түрлі-түрлі болып келгені сөзсіз. Соңғы кезде заң тілінің лексикалық құрамы туралы пікірлер айтылуда.

«Қазақ тілі стилистикасының прагматикасы» атты монографияның авторы ғалым Д.Əлкебаеваның: «Ресми стильде заң тілінің, яғни жалпы құқықтану саласындағы терминдерді негіздеп, бір жүйеге ендіріп, лексикалық базасын толық орнықтыру көзделінеді. Грамматикалық тұлғалары еркін де жатық айқындалуы қажет, сонда ресми стильдің стильдік тұрақтылығы қалыптасады... Ресми стильдегі заң тілін іс қағаздар тілінде оның тар шеңберлік аясында қалдыруға болмайтындығы туралы мəселе анық та айқын. Біріншіден, мемлекеттік тілдің мəртебелік дəрежесін толық анықтайтын сала — заң тілінің толық қазақ тілінде жүргізілуі. Кез келген қоғамдық саланың барлығында оның заң арқылы қорғалуы тиіс, сондықтан «тіл полициясы» құрылсын деген қоғамдық көзқарас қалыптасуда. Заң тілінің заңнамалық күші — оны толық қазақ ұлттық əдеби тілінде сөйлету, орнықтыру» деп атап көрсеткеніндей [1; 96], бүгінгі танда республикамызда заң терминдерін зерттеп білу, оларды реттеу, тұрақтандыру міндеті өзінің көптеген шешімдерін күтуде. Солардың бірі заң терминдерінің қалыптасу кезеңдерін анықтау, олардың шығу төркінін (генезисін), терминдік жүйе ретінде қалыптасуын арнайы алып зерттеу өз шешімін табуды қажет ететін өзекті мəселелердің біріне жатады.

Ғалым Д.Əлкебаева жоғарыда көрсетілген еңбегінде қазіргі қазақ тіліндегі ресми стильді үш бағытта қарастыру керек деген пікірді ұстанып, ресми стильдің түрлерін төмендегідей етіп бөлуді ұсынады:

       Ресми стильдің түрлері:

        1) іс қағаздар стилі                   2)   ғылыми-ресми стиль        3)  публицистикалық-ресми стиль  

 Ресми стильді былай бөлу мақсатын автор ресми құжаттардың кез келген түрі, ірілі-ұсақты жеке құжаттардан бастап, халықаралық құжаттардың негізгі аргументі құқықтық тұрғыдан қорғалатындығымен, əрі құқықтық күші бар мəтіндік құжат тілі болып табылатындығымен байланыстырады [1; 96].

Сонымен, тіл білімінде ресми іс қағаздары не құжаттар тілі əдеби тіл стильдерінің бірі ретінде қарастырылады. Зерттеушілердің анықтауынша, ана тіліміздегі заңдық, құқықтық ұғымды білдіретін атаулардың көпшілігі жалпы түркілік дəуірдегі түркі рулары мен тайпаларының тілінде бұрыннан бар, қолданылып келген сөздер болып табылады. Алғашқы қазақ баспасөзінің тілін зерттеуші Б.Əбілқасымовтың еңбектерінен «Дала уəлəяты», «Түркістан уəлəяты» газеттерінде қазақтың байырғы сөздері негізінде жасалған төмендегі заң терминдерінің кеңінен қолданылғандығы туралы деректерді табуға болады: дағуа (дау), бітім, ғарыз, салауат (кешірім), береке бітім, салауат бітім, билік (решение), айғақ, куаһлік, куман, куманчы, жан беру жанчы, айғақ тазасы, ғайыб құн, шариғат, ереже, даукер, төреші, төре, ұлық, қуғыншы, жоқшы, кесу, жауапкер, іс, қорғаушы, кепілге алу, куə, куəгер, ықтияр (право) жаза, ағару (оправдание), мойнына алу (признание) т.б. [2; 103]. Осының өзі де қазақ тілі заң терминологиясы өз бастауын əріден алатындығына дəлел бола алады.

А.Ш.Исанова «Қазіргі қазақ əдеби тіліндегі заң терминдері» деген зерттеу еңбегінде қазіргі заң терминдерінің мынадай жолдармен жасалатындығын анықтаған: 1. Атрибутивтік–есімді тіркес: мемлекеттік бюджет, мемлекеттік құпия; 2. Етістік-субстантивтік: алимент төлеу борышы, қылмыс істелген жер; 3. Екі зат есімнен: еңбек тəртібі, еңбек дауы; 4. Сын есім мен зат есімнің тіркесіп келуінен: ұсақ ұрлық, қылмысты жаза; 5. Үш компоненттен жасалған: əлеуметтік сақтау тəртібі, əкімшілік құқық бұзушылық; 6. Төрт жəне бес компоненттен: жазатайым оқиға туралы акт, қорқыту арқылы талап ету; 7. Зат есім мен етістіктің байланысы арқылы: жалақы алу құқы, айыпкерден жауап алу [3].

Ресми стильге нені жатқызу, нені жатқызбау керек деген мəселе бойынша тіл білімінде əр түрлі пікірлер бар. Зерттеушілер ресми іс қағаздары үлгісіне бұйрық, циркуляр, үндеу, жарлық, əр түрлі анықтама құжаттармен қатар, əкімшілік орындарына жазылған арыздарды, қызмет орнындағы адамдардың өзара жазысқан хаттарын жатқызады [4; 15].

Ресми іс қағаздары стилінің негізі ерте кезден қаланғаны белгілі. Қазақ хан-сұлтандарының орыс əкімшілік орындарымен жазысқан хаттары, арыздары мен мəлімдемелері XVIII ғасырдан бастап мұрағаттарда көп сақталған. Б.Əбілқасымовтың зерттеулерінен 1785–1828 жылдары жазылған қазақтың хан, сұлтан, старшиналарының хаттары М.П.Вяткиннің 1940 жылы «Материалы по истории Казахской ССР» (М.; Л., 1940, IV-т.) деген кітабында жарияланғандығы, Ресейдің архивтерінде бұдан бұрын да, кейін де жазылған ресми құжаттар үлгілерін көптеп кездестіруге болатындығы туралы мəліметтерді табуға болады. Ғалымның анықтауынша, баспадан шыққан материалдардың көпшілігі дерлік — орыс əкімшілік орындарының халық арасына тарату үшін шығарған ресми құжаттары, соған байланысты олар көп жағдайда орыс тілінен қазақшаға аударылған аударма материалдар [2; 98,99]. Б.Əбілқасымов ресми стильге жататын құжат аударма ретінде стильдік жағынан мінсіз емес деп табады да, оларды қазақша іс қағаздарының алғашқы үлгілерінің бірі ретінде қарастырып, жан-жақты тілдік талдау жасаған.

ХІХ ғасырдың ІІ-жартысында қазақша жазылған ресми іс-қағаздары бұрынғы ресми құжаттар мен хат-хабарлар тілінің жалғасы ретінде танылады. Дегенмен бұл стильді көрсететін үлгілердің түрлері өзгерді. Бұрын бұл құжаттар хан, аға сұлтан сияқты жеке адамдарға жазылған ресми хаттар, арыздар, «донесениелер» жəне патшалық Ресейдің əкімшілік орындарының жергілікті билеушілерге жіберілген ресми бұйрықтар болды. Ал ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап аталған құжаттармен қатар көбінесе патшалық Ресей тарапынан жазылып, аударылған бұйрық-жарлық, циркуляр, указ, үндеу сияқтылар болды.

Қазақ жеріне қатысты бұл ресми құжаттардың аудармасының көпшілігі мерзімді баспасөз беттерінде немесе жергілікті басылымдарда жарияланып тұрды.

Əдеби тіліміздің бес ғасырлық тарихын жазған көрнекті тілші-ғалым Р.Сыздықова бұл ресми іс- қағаздар стиліндегі материалдарды мазмұнына жəне адресаттарына қарай бірнеше топқа бөліп қарастырады: «...ең алдымен, патша үкіметі (ең жоғарғы органынан бастап жергілікті əкімшілік кеңселеріне дейін) тарапынан жазылған бұйрық-жарлықтар (распоряжение, указы, приказы), ережелер (положение) өздерінің терминологиясымен, стильдік құрылымымен жəне қалыптасқан сөз орамдарымен өзге ресми документтерден біраз бөлек тұрады. Екінші топты заң, сот істеріне байланысты ереже, бұйрық, анықтама, т.т. құрайды. Бұлардың да өздеріне тəн терминдер жүйесі, сөз орамдары бар. Үшінші топта ресми органдарға жеке адамдар жазған арыз, хабарлау сияқты материалдар қаралуға тиіс» [5; 245]. Р.Сыздықова ХІХ ғасырдағы заң-законға қатысы бар бұйрық, ереже, циркуляр мəтіндерінің (1885 жылы Қарамола съезінде жасалған заң ережесінің қазақша мəтіні жəне сол кезде мерзімді баспасөз бетінде жарияланған «Дала уəлаятындағы облыстардұң тергеуі турасынан». — «О судопроизводстве в степных областях» деген іс-қағазы) орфографиясы, грамматикасы мен лексикалық ерекшеліктері жайында өзінің еңбектерінде жан-жақты тоқталған. Ресми іс-қатынас, кеңсе қағаздарының барлығына тəн стильдік, тілдік ерекшеліктерді, құжаттардың мəтіндерінде ресми стильдің бұрыннан келе жатқан дəстүрінің сақталғандығын, яғни ортаазиялық жазба тіл элементтерінің молырақ пайдаланылғандығын, көрсетеді. Ғалым бұны ресми стильдің өзге стильдерден ерекшеленетін басты белгісі екендігін, бұл құжаттарда стандарттық күштірек болатындығын, «түркі» тіліндік сипат аталған стиль мəтіндерінің орфографиясында, сөз таңдауда, морфологиялық тұлға-тəсілдерді пайдалануда, тіпті синтаксистік құрылымында да көрінетіндігін талдайды.

Заң, сот істеріне байланысты жазылған ереже, бұйрық мəтіндерінің лексикасына келсек, бұл кезеңді арнайы зерттеген ғалымдардың анықтауынша, оларда төл сөздермен қатар, араб, парсы сөздері (хизмат, низам, хисаб даптары, ғарыз наме, фарман (пəрмен), хизамилар — разбойники) т.б.) қолданылған.

«Қазақ əдеби тілінің тарихының» авторлары ресми стильдің лексикалық құрамы    туралы:

«Əкімшілік орындарының түрліше бұйрық-жарлықтары (повеление и приказы, указы) ярлұқ, əмір ярлұқ, фарман түрінде кездеседі, қазақша бұйрық сөзі жоқ. Мұның біріншісі түркі тілдерінде ежелден келе жатқан ярук, ярлук — жарығ, жарлық сөзі де, екіншісі — осы мағынаны білдіретін араб сөзі, бұл көбінесе хан, сұлтан, қазылар тарапынан берілетін указға сай келеді. Фарман сөзі пəрмен түрінде халық тіліне де енсе керек: Патшадан пəрмен болған соң («Қамбар»), бұл сөзді Н.И.Ильминский де 1861 жылғы сөздігіне енгізген: пəрмен — повеление [4; 31].

Бұл дəуірдегі ресми құжаттарда қазақ сөздерінен жасалған заң терминдері қалыптаса бастағанын көреміз: положение — ереже, распоряжение — жарлық, приказ — бұйрық, тюрьма — абақты т.б.

«Əсіресе заң-законға қатысты ресми құжаттарда заң терминдері, негізінен, қазақша қалыптаса бастаған. Бұған осы саладағы ұғым атауларының бұрыннан қазақтардың əдет-ғұрып заңы («Обычное право») бойынша жасалып, тұрақталып қалғаны үлкен себепкер болады. Олар: дау, бітім, билік, кеңес (заседание), айғақ, құн, жаза, жауапкер, іс қорғау (защита), тергеу (судопроизводство), мойнына алу (признание), даугер, тоғыз, бір тоғыз, төре, төбе басы, шығын, тергеу, іс қорғау, іс (дело служебное) сияқты сөздер.

Бұл саладағы қалыптасқан терминдердің ішінде бұрыннан келе жатқан араб-парсы сөздері де, жаңадан еніп, едəуір тұрақталып үлгерген орыс сөздері де бар. Олар: куə (һ), куə (һ) лік, күнə, кефіл...кепіл'арз, салауат айп/ай-ып, шари'ат/шариғат, міндетті істер (обязанности), содья мировой содъя, сот, закон, статья, қызмет (служба), падсалық қызмет (государственная служба), общество (население), түрме, сот, каталешке, пауерени (поверенный), залок, адуакат /адбекет т. б.» [5; 251].

Сөйтіп, бұл кезеңдегі ресми іс қағаздар тілінің лексикалық құрамында төл сөздерден, араб-парсы сөздерімен қатар орыс сөздері де қолданылған. Олар аударылмай алынған: каталешке, закон, сот, содья, статья, прикауар, дознание, адвакат (адуакат), копиа (сот үкімінің) т.б.

«Дала уалаяты газетінің» аудармашысы Д.Сұлтанғазиннің айтуынша, заңға қатысты орыс тілінің терминдерін қазақ тіліне аудармай алуға тырысқан.

Дегенмен «Қарамола съезінде жасалмыш ереже» деген құжатта заң термині ретінде қазақ сөздері сəтті қолданылған: тергеу, тінту, іс қорғау, даукер, құн, салауат бітім, жоқшы, жауапкер, содты адам, істі адам, билік ат, мойнына салу т.б. Б.Əбілқасымовтың көрсеткеніндей, ресми құжаттарда параллелизмдер жиі кездеседі, яғни кейбір орыс сөздері мен қазақ сөздері қатар қолданылған. Мəселен, «потерпевший» сөзі қазақшаға «даукер», «жоқшы», «қуғыншы» деп, «обвиняемый» сөзі «жауапкер», «жазаға кіріфтар», «жазакер», «істі адам», «содты адам» деп жұмсалған. Сонымен бірге бұл құжаттарда калька жолымен жасалған терминдерді де көптеп кездестіруге болады: қараңғы үй, тұтқын, тінтуші, айғақ, жаза, іс қорғау, бұйрық қағазы (приговоры), жария бұйрық (приказ опубликованный, обнародованный) т.б. Дегенмен қазақша жазылған заң жинақтары мен ережелер тілін талдау барысында Б.Əбілқасымов ресми іс-қағаздары стилінің біраз жетілгенін, заң, əкімшілік терминдерінің тұрақтала бастағанын, сондай-ақ аударма сапасының да жақсара түскенін анықтаған [2; 102–110].

Заң жинақтарында терминдік мағынада кейбір етістік сөздер де (ағарды —  оправдается, күйеді — признается виновным, мойнына түсу — быть признанным) қолданылған [6].

Зерттеушілердің тұжырымдауынша, ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы мерзімді баспасөз беттерінде қазақтар үшін жазылған (аударылған) ресми іс қағаздары тілінің алдыңғы дəуірлердегі осы стильдегі үлгілерден айырмасы болған. Бұл орыс тілінің тікелей еткен əсері деп түсіндіріледі. Ең  алдымен,  жоғарыда  айтылды,  үкімет  тарапынан  жазылған  бұйрық-жарлықтар, ережелер, қағидалар, үкімдер т. т. əуелі орыс тілінде болып, қазақшасы солардан аударма түрінде дүниеге келген. Сондықтан бұл үлгілерге орыс сөздері көп қолданылған [5; 248; 2; 103].

Сөйтіп, ХІХ ғасырда қазақша іс қағаздары орыс тілінен тікелей аударылып, баспадан шығып тұрған. Аударма құжаттар болғандықтан, олардың лексикасында орыс тілі элементтері де молынан кездесетіндігі заңды құбылыс. Өйткені қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты орыс тілінен аударғанда заң терминдеріне бірден балама табу қиын болғаны түсінікті. Зерттеушілер бұл құжаттарда қолданылған терминдердің нормалану үдерісі əлсіз болғандығын көрсетеді. Бір ұғымды екі-үш сөзбен білдіру, орысша-қазақша, арабша-қазақша, арабша-парсыша-орысша параллельдер орын алған: низам~закон~заң, право~құқ, расход~шығын, кеңсе~маһкама, положение~ереже т.б. Бұл аударма ресми құжаттардың функционалдық ерекшелігін зерттеушілер төмендегідей түсіндіреді: «...бұлар аударма құжаттар болғандықтан, орыс тіліндегі ресми іс-қағаздардың стилін ұстанды: əуелі онда бұйрық-жарлықтың не жөнінде жəне кімнің тарапынан екендігі көрсетіледі, текст ішінде бұйрық иесінің бұйырамын, талап қыламын немесе бекітіледілер, сияқты тікелей іс-əрекетін білдіретін сөздер келеді. Кейбір құжаттар, əсіресе  «Положениелер» пункттерге бөлініп беріледі» [5, 248].

ХХ ғасыр басындағы іс қағаздары да, негізінен, аударма материалдар болып келеді. Бұл кездегі іс қағаздары стилі ХІХ ғасырдың екінші жартысындағыға қарағанда, едəуір дамып жетілді. Дегенмен

«ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақша іс қағаздарының тілінде көне түркі əдеби тілдік дəстүрлі грамматикалық формалар мен сөз өрнектері көп уақыт сақталып келді.... олар уақыт озған сайын, қазақ арасынан шыққан оқыған интеллигенттердің саны көбеюімен байланысты өзгеріске ұшырап, ондағы өзге тілдік элементтер халықтық формалармен алмастырыла бастады».

Бұл сөздер ХХ ғасыр басына дейін жұмсалған атаулар екені туралы пікірді осы ғасырдың басын зерттеген еңбектерден жəне мерзімді баспасөз беттерінен көруге болады: пригауар (приговор), сбор, выборный, аулнай, жалованье, раскладка, знак, статья (заңның, ереженің статьясы), содья, списка, аренда, политсиа [7].

Аталған кезеңдегі ресми іс қағаздары тілінен байқалатын лексикалық ерекшеліктер бірқыдыру, олардың мəтіндерінен араб-парсы сөздері, көне түркі тілінің жəне орыс тілінің элементтері, диалектизмдер, қазіргі тілде айтылмайтын терминдік атаулар, татар, түркі тілдерінің элементтері де кездеседі. Бұл кездегі əдеби тілде лексикалық жарыспалылық (варианттылық) айтарлықтай орын алған (низам/заң /закон; мерзім /уақыт/ мезгіл /срок; баб/статья; шығын/ расход; айып /штраф; мөлшер/норма, жоба/ проект, абақты/түрме т.б.

«Айқап» журналынан жинастырған мысалдар бұған дəлел бола алады:

Государственный совет бұл законды қарап, муафық көрмеген соң қабылдамады /«Айқап», 55-б./. Жас жазушыларымыздан Дулатов окружной соттың хүкімі бойынша айыпты болып, бір жыл крипостыққа отыруға хүкім етілді. «Айқап» байқамай сөйлеймін деп жүз сом штраф   тартты

/«Айқап», 32-б./. Бұл үлкен кісінің қанын іздеп Қанабек деген бір жақсы адам тиісті орындарға арыз беріп, ақырында мұжықтардың управлениесінан кісінің қанын тауып, судья он шақты мұжықтарды абақтыға алған еді, ақырында бұлар өлтіргендіктерін мойнына алды.... Бұл мұжықтардың да сегіз- тоғыздайы түрмеге алынған еді, судьясына жолығып едім, оның сөзіне қарағанда жоғарғы айтылған мұжықтардың бəріне де сегіз жылдан каторгіге хүкім қылыныпты /«Айқап», 216-б /.

Казақ терминологиясының қалыптасу жүйесі жəне даму тарихы əр түрлі кезеңдерді басынан кешіргендігі белгілі. Ғылым мен мəдениет, техника мен өнер салаларының жан-жақты дамуына байланысты қазақ əдеби тілінде əр түрлі ұғымдар, терминдік атаулар, жаңа мағыналы сөздер пайда болды. Қазақ лексикасындағы бұл өзгерістерді сол кезеңдегі ресми іс қағаздарынан, оның ішінде заң тілінен де айқын байқауға болады. Əрине, қазақ тілінің ол кездегі сөз байлығы барлық заң, əкімшілік терминдерін аударуға жете бермегендігі түсінікті. Жаңа ұғымдарды қазақ тіліне аудару, қазақша балама тауып қолдану үдерісінде жеке сөздер, терминдер қалыптасқандығы сөзсіз: приговор — үкім, приговор окончательный — тұжырымды (соңғы) үкім, приговор оправдательный — ақтау үкімі, признание — мойындау (мойынға алу), допрос — жауап алу, преступность — қылмыскерлік, дело — іс, прекращение дела — істі қысқарту, тоқтату, правонарушитель — заң бұзушы, правосудие — əділ сот т.б.

ХХ ғасыр басында заң терминдерін жасауда орыс тілінің тигізген əсері айқын көрінеді. Шетел терминдері орыс тілінен балама ізделінбей тікелей алынды: процесс гражданский — азаматтық іс процесі, закон, право, статья (қазір: бап), обвинительный пункт, протокол (қазір: хаттама), прокурор, адвокат, конституция, констатациялау (констатировать), консультант, конфискация, копия т.б.

Қоғамда болған саяси-əлеуметтік өзгерістерге байланысты пайда болған тек кейбір жаңа ұғымдарға ғана тілімізден баламалар табылды, ал кейбірі араб, парсы сөздерінің фонетикалық деформацияға түсуі арқылы жасалынды. «Бұл ретте əсіресе араб тілінен енген «хүкім» сөзінің фонетикалық деформацияға түсуі айрықша назар аудартады. Өйткені ол қазіргі əдеби тілімізде өз алдына дербес мағыналы үш түрлі ұғымды білдіреді, яғни дыбыстық өзгеріске түсуге байланысты үш сөз ретінде үш түрлі мағынада қолданылады.... үкім — приговор (соттың шешімі), үкімет; үкім (зат есім), ет (етістік) сөздері бірігіп, правительство, өкімет — власть болған» [4; 144].

Қайта құру кезеңінен бері көптеген кірме терминдерге тілімізден баламалар ізделініп, табылғаны белгілі: протокол допроса — жауап алу хаттамасы, протоколирование — хаттама жазу, закон — заң, конституция — Ата Заң, право — құқық, порука — кепілдік, правоведение — заңтану, розыск — іздеу салу, сұрастыру, ручательство — кепілдік, следователь — тергеуші, обвинитель — айыптаушы, обвиняемый — айыпкер, оглашение — жариялау, естірту т.б.

Р.Тұяқбаева қазіргі баспасөз беттеріндегі заң мəтіндері лексикасын шартты түрде екі топқа бөліп қарастыруға болады деген тұжырым жасайды:

  • баспасөз бетінде жарияланған заңдар мен заң жобалары;
  • заңдардың орындалуы жөнінде немесе қоғамда орын алған қылмысты оқиғалар жəне олармен күрес туралы жазылған материалдар [8].

Қазіргі қазақ тіліндегі заң терминдерін жасауда, қолдануда мынадай кемшіліктер байқалады: а) бір мəндегі терминдік ұғымның бірнеше мəнде қолданылуы;

ə) көптеген терминдердің синонимдік қатар түзуі;

б) кейде сөздер бір ғылым саласыңда терминдік қызмет атқарса да, сол терминдік мəнде қолданылмауы;

в) терминдер туралы анықтаманың əлі де бір жүйеге келмеуі т.б. ұғымның дамуы мен күнделікті өмірде көп пайдаланылуы нəтижесінде кейде термин өзінің нақтылы мағынасынан ауытқып, тым кең колданылады. Бұл терминдік сферадан шықты деген сөз емес. Мысалы, заң, конституция, юрист, прокурор, адвокат, сынау мерзімі, сауда басқармасы, жаза т.б. сөздер күнделікті жиі қолданыстағы сөздер (терминдер) [3; 19].

Біз бұл шағын мақалада заң терминдерінің жасалуына, қалыптасуына аударманың тигізген əсерін толық көрсеттік деп айта алмаймыз. Алда жазатын зерттеулерімізде бұл мəселені жан-жақты талдауға талпыныс жасамақпыз. Келешекте заң терминдерінің дамуын, лексикалық құрамы мен грамматикалық құрылысын əр түрлі сөздіктерден жинастырған материалдар арқылы анықтауды алдымызға мақсат етпекпіз.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Əлкебаева Д. Қазақ тілі стилистикасының прагматикасы: Моногр. – Алматы, 2005. –266 б.
  2. Əбілқасымов Б. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ əдеби тілі. – Алматы: Ғылым, 1968. — 224 б.
  3. Исанова А.Ш. Қазіргі қазақ əдеби тіліндегі заң терминдері: Канд. дис. автореф. – Алматы,
  4. Балақаев М., Сыздықова Р., Жанпейісов Е. Қазақ əдеби тілінің тарихы. — Алматы: Мектеп, 1968. – 239 б.
  5. Сыздықова Р. Қазақ əдеби тілінің тарихы. — Алматы: Ана тілі.
  6. Абилкасимов Б. Казахский литературный язык второй половины ХІХ века. — Караганда: Изд-во КарГУ, —С. 140, 141.
  7. Исаев С. Қазақ əдеби тілінің тарихы. — Алматы, 1996. — 303-б.; Мажитаева Ш. ХХ ғасыр басындағы қазақ əдеби тілі.— Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2007. — 217-б.
  8. Тұяқбаева Р. Қазақ баспасөзінің лексикасы мен фразеологиясы: Канд. дис. автореф. — Астана, 2005. — 10-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.