Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Таңжарық ақынның табиғат лирикасы

Əлем əдебиетіндегі поэзияда табиғат лирикасы — сонау ықылым замандардан бері жырланып келе жатқан өзекті де өміршең тақырыптардың бірі. Классик ақындардың барлығы да осы тақырыпты жырлауда небір асыл жауһар жырлар қалдырды. Əр ұлттық əдебиетте табиғат лирикасы сол халықтың таным-түсінігі, тарихи дүниетанымы арқылы көрініс табатыны дау туғызбайтын мəселе. Қазақ əдебиетінде ақын-жыраулар толғауларында, Ыбырай, Абай, Мағжан, Сəкен, Ілияс жəне тағы басқа лирик-ақындар шығармашылығында табиғат лирикасы ұлттық нақышпен, халықтық таным- білікпен жырланғаны мəлім. Қытайдағы қазақ əдебиетінде де табиғат лирикасын жырлауда өзіндік ерекшелікпен, суреткерлік шеберлікпен танылған бірталай ақындар бар. Солардың ең таңдаулысы болып табылатыны əдебиет тарихынан ойып тұрып орын алған, өршіл де өміршең лирикасымен бағаланатын классик ақын — Таңжарық Жолдыұлы.

Аса дарынды ақын Таңжарық Жолдыұлының қазірге дейін бізге жеткен мұра саны 25858 жол болып, шығармаларының екі томдық толық жинағы Қытайда жəне Қазақстанда 2001, 2002 жж. баспадан шығып, халқымен қауышты. Осы екі томнан тұратын шығармалар жинағында адам жəне қоғам, адам жəне табиғат тақырыптары логикалық бірізділіктегі жүйеде арқау болғанын байқаймыз.

Бұл орайда шығармаларын жинап, зерттеуші О. Егеубаевтің ақын өлеңдері мен поэмаларының отыз мың жолға жуығы сондай үрейлі, тар жол тайғақ кешу, қысылтаяң жағдайда өмірге келгендігін айта келіп: «Ұлтымыздың тарихында арғы бет, бергі бетте қаншалаған бағлан ақындардың жарық жұлдызы абақтыда, айдауда сөнгендігін барлығымыз да қанық білеміз. Бірақ солардан бір-екілі шығармасы болмаса түрме құпиясын, жауыздық сырын, өзінің жан азабын Таңжарықтай түрме түбінде кісендеулі, күлеткілі отырып, қанша мыңдаған өлең жолдарымен қағаз бетіне таңбалап кеткен бірде-бірі болмаған. Таңжарық — бүкіл қазақ əдебиетіне түрме тақырыбын əкелген тұңғыш ақын», — деп түйіндеуі шындыққа сай деп білеміз [1].

Таңжарықтың қай өлеңін оқысаңыз да, көркем Іленің сұлу табиғаты мен мұндалап тұрады. Ақын халықтың көңіл-күйін, қуанышы мен жұбанышын табиғаттың ішкі иірімдеріне сіңіре отырып, оны өзінің туған жерге, өскен елге деген терең сүйіспеншілігімен ұштастыра жырлайды.

Академик Р. Нұрғалидың Ілияс Жансүгіровтің табиғат лирикасын талдау барысында «Ілиястың пейзаж лирикасының ішіндегі еуропалық үлгілерге ұқсамайтын, ұлттық бояуы айрықша қанық, қазақ тілінің бейнелеу қуатының керемет қуатын көрсеткен, ерекше бітімді, стильдік-көркемдік тұрғыдан бірегей туындысы — «Жетісу суреттері», — деп жазады [2]. Табиғат лирикасында Таңжарықтың талғам-талантын танытарлық, шоқтығы биік шығармасы:

Байқасаң Іле жердің ортасындай,

Егерде дене болса қолқасындай.

Тауы алтын, тасы күміс, ағашы жез,

Сулары еркек қойдың сорпасындай, —

деп айрықша ықыласпен суреттеген құтмекен — Іленің көркем табиғатын кестелеген «Іле сипаты» атты ең тамаша лирикалық толғауы деуге болады. Ақын өлеңдерін бір тау тізбегі десек, оның көк тіреген шыңы осы өлеңі деуге болады.

Ілияс суреттеп отырған Жетісу да, Таңжарық жырлап отырған Іле де шекаралас екі мемлекетке бөлініп қалғаны болмаса, бір аймақ, бір өлке екені белгілі. Таңжарық өлеңмен суретін салған Іле де — жер жанаты аталған Жетісудің бір бөлігі. Бір-біріне жалғасып жатқандықтан, жер бедері де, табиғат көрінісі де бірдей болуы себепті екі ақынның суреттеуінде де ұқсастық, сабақтастық болуы заңды. Бұл жағынан Ілиястың табиғат лирикасымен үндестігі бар екеніне жарқын мысалдар көп. Алайда екі өлеңдегі ұқсастықты, үндестікті кейінгісі алдыңғысын қайталау емес, керісінше, бір өлкені, ондағы табиғат көрінісін суреттеудегі жалғастық, бір-бірін толықтыру деп түсінуіміз керек. Қанша ұқсастық бар дегеннің өзінде сөз қолданыс, ұйқас түрі, бейнелеу тілі, суреттеу тəсілі жағынан Таңжарық өзіндік қолтаңбасын таныта білген. Оның өлеңдерінде табиғаттың көркем көрінісі соншалықты дəл, жарасымды, сəйкес бояулармен кестеленеді. Өздерінің туып-өскен балалық, жігіттік, азаматтық шақтарын өткізген, зары мен мұңы, күйініші мен сүйініші, қуаныштарының куəсі болған туған жер табиғаты екі ақынды да тебірентпей, жүректерін тербемей қоймаған.

Ілияс Жансүгіров «Жетісу суреттерінде»:

Ыстық көл — жер айнасы мөлтілдейді,

Балқашты қамыс қамап желкілдейді.

Аттанған алты өзені Жетісудың

Балқашқа бауырымдап еңкілдейді, — деп немесе Қарқара қалың қазақ көбесіндей, Албанның албырт-ерке енесіндей. Қарағай қапталдағы, жыныс арша, Қыдырлы малдың құтты келесіндей. Текестің көкке өрлеген тік қиясы Сымпиып сол маңайдың төресіндей. Мың жылқы мышырая жантайысқан Өзгесі жүгініскен төрешідей.

Былшықай, Бесжырғалаң,

Түптің түрі Қатықтың жаланбаған тегешіндей.

Қарқара жарасымды жасыл жайлау

Үй — күлше, құрттың жайған өресіндей, — деп Жетісу аймағына кіретін географиялық мекен, өзен мен көл, тау мен жота, шың мен қия, жайлау көрінісі, сыр-сипаты, өзіне тəн ерекшелігі нақтылана суреттелсе, Таңжарық «Іле сипатында»:

Шетен тұр қатарында былқ-сылқ етіп,

Байлардың жаңа өспірім мырзасындай.

Күбірлеп жапырақтар қылады өсек,

Бұлардың жайын білген сырласындай.

Немесе

Тұнжырап түсі суық ұшпа тастар,

Шапаны — арша болып, жалбыр астар...

Итмұрын итиіп тұр сөз аша алмай,

Өмірі қапалықтан көз аша алмай, — деген тəрізді орман ағаштарын, тау-тасты, өсімдік əлемін адам келбетіне келтіре, жан бітіре бейнелейді. Ілияс та, Таңжарық та өздерінің кіндік қандары тамған өлкенің тау-даласын, өзен-көлін, орман-тоғайын, тас қиясы мен майсалы жазығын, жер бедерін, жабайы аң мен жан-жануар əлемін ерекше сезіммен жырлайды. Ондағы өсімдік дүниесін, қарағай мен қайыңның, тобылғы мен тораңғының, шетен мен шеңгелдің, арша мен ырғайдың, итмұрын мен қарақаттың, рауғаш пен таңқурайдың, бүлдірген мен жауқазынның табиғат аясында өскен халықтың өкілі ғана жіті аңғара алатын қасиеттерін аша, сұлулыққа толы табиғат ананың мейірбан кейпін, көркем көрінісін шебер суреткерлікпен жасай білген.

Біз ақынның табиғат лирикалары мен ауыл өмірін суреттеген өлеңдерін оқығанымызда, одан Іле сынды гүл жамылған сұлу өлкенің жанды да əсем табиғатын көрсек, сол табиғатқа етене араласып, біте қайнасқан қазақ халқының өз тұсындағы тамаша тұрмыс өрнегін көре аламыз. Қысқасы, Таңжарық шығармалары — қазақ халқының сол бір дəуірінің жанды картинасы əрі Іле табиғатының айнасы. «Əдебиетіміз тарихында бұрын-соңды Қытай қазақтарының бір дəуірлік кешулерін, тұрмыс- тіршілігін, сахара табиғатын, салт-санасын, мəдениетін, этнографиясын — бəрін-бəрін Таңжарықтай шыншылдықпен, терең толғаныспен, қайталанбас даралықпен жырлаған ақын болған емес» [3], — деген пікір орынды сияқты …

Тоқ сенде, семіз сенде, арық сенде,

Күйзеліп, күйбең қағып күн өткізген,

Дүниеде күйсіз жүйрік анық сенде...

Осы жеткен ісіне бойы жетпей,

Айрылған асығынан зарлы сенде.

Бұнда да бүтіннің орнына бөлшек, жалпының орнына жалқы қолданылу арқылы, ауысып келген заттың уəкілдік сипаты, образды ерекшелігі дараланып, тілі көркемдетілген. Мазмұн нақышталып, сезімдік бояуы қоюлана түскен.

Ілені көрмеген оқырман ерен суреткерлікпен жазылған «Іле сипатын» оқығанда, гүлге оранған Іленің көркем табиғатына таңданбай, тамсанбай, тəнті болмай тұра алмайды, бейне Іле аңғарына барып қайтқандай сезімге кенеледі. Демек, бұл өлеңді Іленің поэтика тілімен салынған географиялық картасы десек те болғандай. Поэзия тілімен осындай жанды да жалынды сурет салу тек Таңжарықтың қаламына тəн. Ендеше, өлең шумақтарына зер салып көрейік.

Іленің тауы биік, ені жалпақ,

Жамылған жасыл көрпе, баста ақ қалпақ.

Жіберіп екі бұтын екі жаққа,

Көсіліп жатыр жайға, кеуде шалқақ.

Мұнда ақын екі жағы екі үлкен тау тізбелерімен қоршалған Іленің табиғи көрінісін суреттеп, етегі көкорай шалғын, қалың орманмен көмкеріліп тұрған, басын мəңгі қарлар мен мұз қаптаған Тəңіртауының айшықты образын жасайды. Жансыз табиғатқа адамға лайық қимыл-қозғалыс бере психологиялық кейіптеу тəсілін қолданады. Бірде жасыл көрпе жамылып, ақ қалпақ киіп, аяғын еркін көсіліп, кең кеудесін шалқақ ашып жатқан қазақ жігітіне баласа, енді бірде:

Жамылған түлкі ішігін бəйбішедей,

Шынтақтап жатыр көлбеп, төсін ашып.

Қалқайған қасындағы қара шоқы,

Отырған баласындай етін қасып, —

деп түлкі ішігін жамылып, шынтақтап жатқан немесе немерелерін айналасына жиып алып, арқасын қасытып, соны рахат көріп, үрім-бұтағын мақтаныш сезініп, шүкірлік етіп, ауылға ұйытқы болып отырған мейірімді анаға теңейді. Бұл суреттеуден ақынның туған жерге деген терең сүйіспеншілігі, сағынышы мен ыстық ықыласты лебі аңқып тұр. Келесі жолдарда кескіндеу, қимыл-əрекет, сезім қуаты басым:

Жартаста жалбыраған жапырақтар,

Жалаудай жалпылдайды қойған асып.

Сылық етіп, сүзе қарап, күлімсіреп,

«Қылық-қылық» деп суы жатыр жылжып басып.

Шым батып, шымыр қағып, шыр айналып,

Көбігін езуінен шетке шашып...

Міне, бұл — сөзбен салған сурет. Бүк басқан ну орманды жартастарда жалаудай жалпылдап тұрған жапырақтар, тау баурайында сынаптай сырғып жатқан мөлдір бұлақтар, ондағы топ-тобымен серуендеп асыр салып жүрген балықтар қатарлы үлкенді-кішілі детальдер осы ортаға тəн тамаша жарасымдылық пен үйлесім ақынның жүйрік қаламынан қағыс қалмаған. Əрі əдемі келісім тауып бейнеленген. Мұндай жасыл пүліш, жұпар гүлдерге бөленген айнакөл, асау өзенді мекенге адам ғана емес, алуан түрлі жануарлар да таңдап келіп тұрақтап, өсіп-өркендеп, өз алдына бір көрік қосатындығы табиғи. Ақын енді бір кезекте құстар дүниесін суреттеп:

Мамырлап жағасында аққу мен қаз,

Жақтырмай жақындасаң қыңқылдасып.

Балпаңдап үйрек пенен сары ала қаз,

Ұрысқан кемпір-шалдай мыңқылдасып.

Таранып қанаттарын қарабайлар,

Күрсініп, науқас шалдай ыңқылдасып.

Əскердей мəрш ойнаған сап-сап болып,

Көкқұтан, тырна көлде сыңқылдасып... — дейді.

Бұдан көрікті табиғатқа адам емес, жан-жануардың да бауыр басып, өзгеге қимастай терең махаббат орнататындығын байқаймыз. Іле өзені жəне оның тармақтары бойында тек аққу мен қаз ғана емес, үйрек, сары ала қаз, қарабай, көкқұтан, тырна… қатарлы көп түрлі құстар əр алуан дыбыспен бірі шал-кемпірше сөйлескендей, бірі науқас адамдай ыңқылдап, неше қилы əуендермен өз алдына бір дүние болып үндестік тауып көрсетіледі. Бұндай табиғи сұлулық төрт тұрманы сай Іле сияқты мекендерде болады. Кез келген жерде бола бермейді. Ақын осыны мақтанышпен жыр етеді.

Өлеңнің ендігі бір бөлігінде Іле өзені мен оны құрап, оған құйып жатқан тарауларын:

Іленің басы Күнес жылжып аққан,

Сарқырап құйған бұлақ əр тараптан.

Қасында Шақпы деген бір тарауы,

Ағыны артығырақ шапқан аттан.

Қас деген сол жағында бір сіңлісі,

Баладай асау мінген жалбаң қаққан.

Жырғалаң, Көксу, Текес оң жағында,

Текіртіп мас адамдай атқа шапқан.

Қосылып бəрі келіп бір Ілеге,

Аптығын сонда басып, тыным тапқан, —

деп Іленің сабырлы ағатын негізгі тұлғасы — аптығып шапқылайтын бұлақтар мен өзеншелерден құралатындығын бір қырыннан əдемі етіп, жанды бейнеде суреттейді [4].

«Іле сипаты» — бастан-аяқ төгіліп тұрған сөз маржаны.Ізгілік пен сұлулыққа бөленген, көркем теңеулердің алқасы.

Өлкесі бəйбішенің денесіндей,

Мұхиттың кеудесі бар кемесіндей.

Барлығын бауырына алып, тұр тербетіп,

Өсірген өз қолымен енесіндей.

Екі тау — екі жақта білегіндей,

Аспанның ағаштары тіреуіндей...

Мұндағы тізбектелген теңеулер ақынның буырқанған сезімінен, толқын атқан қиял қанатынан, көрікті ойдың елегінен, дария көңілінен, толғауы тоқсан қызыл тілінен сорғалаған. Толғауда тұтас Іле өңірі адам денесіне ұқсатылады. Одан соң соған жалғас ілгерілей түсіп, Іле алқабындағы тау мен дала, жоталар сол адамның дене мүшелеріне келісімді теңеліп, біртұтас тұлғалы бейне қалыптастырады. Бұл тек теңеулік тəсілдермен бейнеленген көркем көрініс қана емес, кейіптеу, эпитет, əсірелеу ұлғайту, кішірейту формасына келтірілген неше түрлі көріктеудің тоғысуынан туған алып адам тұлғасы екені айшықты образымен айқын білініп тұр.

Бестөбе, Бестамақтар — бүйрек, бауыр,

Қатесіз Аралтөбе — жүрегіндей.

Көк көрпе жатыр бойға өлшенілмей

, Есептің бұлақтары бөлшегіндей,

Көрінген көк жазықтан көк төбелер —

Бұлтиған жас қыздардың емшегіндей... — деп теңеу дəнекерлігінде тауды білегіндей, Аралтөбені жүрегіндей, бұлақтарды есептің бөлшегіндей, жоталарды жас қыздың емшегіндей деп мейлінше кішірейтіп əсірелеп тұр.

Демек, «Іле сипатында» Іленің бүкіл жер түзілісін, табиғатын, байлық қайнарын жағрафиялық картаға ұқсас көз алдыңа жайып салады. Көрініс пен көңіл-күй нақты қабысқан, кейіптеу мен теңеу орынды қолданылған, психологиялық мінез бен қимыл-əрекет əдемі астасқан табиғат лирикасын тудырған. Таңжарық – нені суреттесе де, жеріне жеткізіп, жан дүниеңе күшті ықпал етерліктей, айрықша талғампаздықпен, табиғи əрі образды етіп бейнелейтін суреткер ақын.

 

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Егеубаев О. Қытайдағы қазақ əдебиетінің жарық жұлдызы: Халықарал. ғыл.-теор. конф. материалдары. — Алматы, 2003. — 4-б.
  2. Нұрғали Р. Арқау. — 2-т. — Алматы: Жазушы, 1991. — 481–482-б.
  3. Ахметов О. Сөнбес алау // Сөнбес алау. — Күйтің: Іле халық баспасы, 1994. — 135-б.
  4. Тұтқабекұлы Ж. Іле сипатына талдау // Іле педагогикалық институты ғылыми журналы. — 1988. — № 1. — 27-б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.