Қарағанды университетiнiң хабаршысы

Мақалада қазақ есімдерінің, оның ішінде бейресми есімдерінің тарихы жайлы сөз болады. Автор аңыз-ертегі кейіпкерлері мен ру, тайпа атауларынан бастау алатын бейресми есімдер тарихын тілші, тарихшы, этнолингвист-ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, дəуірлерге бөледі. Əр кезеңнің есімдер табиғатының ерекшелігіне, олардың түрлі қоғамдағы, ортадағы көрінісіне тоқталады. Бейресми есімдердің І дəуірі — көне түркі заманын, яғни V–VІІІ ғасырлардағы антропонимдерді қарастыра отырып, осы дəуірдегі ең басты ерекшелік – есімдердің ауысып отыруы туралы деректерді келтіреді. Мысалдар негізінде кісінің өз есімі мен бейресми есімінің шекарасын нақтылайды.
2015

Мақалада тіл біліміндегі сөз жəне фразеологизмдердің варианттары қарастырылды. Автор тіл білімінде варианттылық мəселесін қарастырған ғалымдардың ой-тұжырымдарын негізге ала отырып, көркем шығарма тіліндегі фразеологизмдерге тілдік талдау жасаған. Фразеологизмдердің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, лексика-грамматикалық варианттарын тілдік деректер арқылы дəлелдейді. Фразеологизм варианттарының көркем шығарма тілінде қолданылуы кең əрі өрісті екендігін жəне олардың жазушы қолданысында стильдік бояуының арта түсетінін мысалдармен көрсетеді.
2015

Əке туралы сағынышпен естелік жазғанда көңіл əуені сан-саққа шарықтап, асқар тау əкенің асыл да абзал, қымбат та ұмытылмас мінез-қасиеттерімен, ақыл-кеңестерімен, елдік намыс-мүдделерімен қайта табыстырып, тарих қойнауына оралмастай боп сіңген сонау бір қызық та, шыжық күндерді нақпа-нақ жауһар күйінде жəудіретіп еске салып, еңселендіретіні таңырқарлық құбылыс екендігі баршамызға аян. Осы орайда айтарымыз атақты ғалым Рашит Əл-Каренидің (Кареновтің) əкесі Саттар Қараұлының 100 жылдығына орай «Əке рухымен сырласу» атты монографиясын жарыққа шығаруы1.
2015

Мақалада XX ғасырдың көрнекті жазушысы Ілияс Есенберлиннің өмірі мен қызметі суреттелген. Оның балалық жəне бозбала шағы саяси төңкеріс, азаматтық соғыс, 1930 жылдардағы қайғылы оқиғалар секілді қазақ халқының қасіретті жылдарымен тұспа-тұс келгендігі айтылған. Оның бірқатар өлең шумақтарына əн жазылғандығы, əндерінің бірнеше кинофильмдерде орындалғаны, оның поэма да жазғаны, драматургия тəжірибесінің сəттілігі айрықша айтылған. Есенберлинге тəн асқан жауынгершілік жəне жазушылықты өте жоғары бағалап құрметтеу оның үлкен əдеби жанр-роман жазуға көшуін едəуір кешеуілдеткені көрсетілген. Оның ондаған жылдар бойы жинақтаған поэзиялық, сценарийлік, драматургиялық тəжірибесі Есенберлин феноменінің негізін қалап, жазушының кемел шағында жыл сайын бір романнан жазып отыруына мүмкіндік бергені дəлелденген. Оның шығармаларының қазақ əдебиетінің алтын қорына еніп, ұлттық құндылық болып табылатындығы жалпыланған.
2015

Мақалада Қытайдағы қазіргі заман қазақ əдебиетінің қалыптасуы мен даму барысы жалпы қытай халқының сол тұстағы саяси-əлеуметтік жағдайымен, мəдени тірлігімен бірлестіре отырып қарастырылады. Қазіргі заман қазақ əдебиетінің қалыптасып, даму жолында қалам тартқан ақындардың кемелденіп, рухани жетілуіне халықтық бай фольклор, шығыс əдебиеті, Абай мұрасы сынды үш үлкен мектептің тірек болғаны, сонымен бірге таяу заманғы қазақ əдебиетінің тарихы айтыс өнерімен де тығыз байланыста болып, айтыскерлік бұл дəуірде таңдаулы дəстүр болып қалыптасқаны, арнау өлең жасампаздығы да сол заман ақындарында тағы бір түрлі əдеби ауқымға айналғаны айқындалды. Бұл дəуірдегі ақындардың бірімен-бірі ілесе, қатарласа шығып, бір бағытта, бір мақсатта қалам тартып, əдеби орта қалыптастырғаны, əдебиеттің тақырып өрісі кеңейіп, мазмұн- мəнері жаңаланғаны пайымдалды. Түр, жанр, формасы жөнінен алғанда ХІХ ғасырдан ХХ ғасырдың алғашқы жартысына дейінгі қытай қазақ əдебиеті өзгеше өзіндік өңірлік ерекшелігімен көзге түсетіні тұжырымдалды.
2015

Мақалада ХІХ ғасырдың көрнекті ағартушысы, педагогы Ыбырай Алтынсариннің əдеби қызметіне көңіл бөлінген. Оның қазақтың əдеби тілінің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі туралы қорытынды жасалған. Алтынсариннің əдеби шығармаларында ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының өміріндегі тарихи жəне əлеуметтік өзгерістер суреттелген. Бұл шығармаларда халықты отырықшылдыққа, еңбексүйгіштікке, шындыққа шақырғандығы баяндалған. Өз заманының көрнекті ағартушы ретінде Ы.Алтынсарин Л.Н.Толстойдың, К.Д.Ушинскийдің, И.А.Крыловтың еңбектерін ана тіліне аударғандығы бейнеленген.
2015

Мақалада зерттеу нысанына алынған мəселе — қазіргі фольклортанудағы өзекті тақырыптардың бірі. Қазақ ауыз əдебиетінде жеке сала болып қалыптасқан жəне əлі де болса жалғасын тауып келе жатқан балалар фольклорының көкейкесті мəселелері ғылыми тұрғыда қарастырылған. Автор балаларға арналған ойын түрлері мен өлеңдердің жас ұрпақты тəрбиелеудегі алатын орнына тоқтала келіп, олардың жеке тұлға қалыптастыру жолындағы психологиялық, педагогикалық маңызына зерттеу жасаған. Балаларға арналған қазақтың халық ойындарының түрлерін жəне оларға байланысты өлеңдердің шығуы мен айтылу ерекшеліктерін саралады. Ұлтымыздың байырғы балалар ойындары бүгінгі дамыған қоғамға сай өзгеріске ұшырауына нақты көңіл аударылған. Қазақтың байырғы балалар ойындарын қазіргі кездегі заман дамуына сай түрленуі мəселесін салыстырмалы тұрғыда талдаған.
2015

Мақалада қазақ тіліндегі этномəдени лексиканың батырлар жырындағы қолданысы қарастырылған. Тіл этностың бүкіл рухани, мəдени байлығының негізгі көрсеткіші болып табылатындығы жəне ұлт тіліндегі этномəдени лексика ұрпақтан ұрпаққа жетіп отыратын мəдени мұра болып саналатындығы сөз етілген. Этнолексикалық қолданыстардың мəтін ішіндегі көрінісі негізінде ұлт тіліндегі қызметі айқын көрінетіндігі айтылған. Батырлар жырынан алынған этномəдени лексика ұлт тарихын айқындайтын ақпарат көзі болатындығы нақты мысалдар арқылы берілген. Этномəдени лексика ұлттық-тарихи колорит жасауда таптырмайтын тілдік құрал болатындығы айқындалған.
2015

Мақала тіліміздегі шылау сөз табының тілдік табиғатына арналған. Шылау сөздердің морфологиялық құрылымы мен лексикалық-грамматикалық мағыналары қарастырылды. Авторлар шылаудың басқа сөз таптарынан айырмашылықтарын көрсете отырып, оның толық мағынасының болмайтыны, сөйлем ішінде шылау сөздер сөйлем мүшесі бола алмайтыны, шылаулар сөз бен сөзді не сөйлем мен сөйлемді салаластыра, сабақтастыра байланыстырып немесе толық мағыналы сөздің жетегінде оған қосымша мəн үстей қолданылатыны, түрленбейтіні жəне басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалмайтыны нақты мысалдар негізінде талданған. Шылаулар лексикалық мағынасынан айырылу нəтижесінде туған көмекші сөздер ретінде саналады деген қорытынды жасалған.
2015

Мақалада қазіргі түркі тілдеріндегі жабайы аңға қатысты атаулардың сипатына тарихи-салыстырмалы талдау жасалған. Түркі тілдеріндегі жабайы аңға қатысты атаулардың өзіне тəн ерекшеліктері қарастырылып, мысалдармен дəлелденген. Түркі тілдеріндегі жабайы аңға қатысты атаулардың сипатын көрсетуде зерттеушілер еңбектері арқылы қыпшақ, оғыз, қарлұқ, бұлғар, ұйғыр-оғыз тобындағы тілдердегі дамуы мен қалыптасуы, жеке тілдерге қатысты өзгешеліктері қарастырылған. Түркі тілдеріндегі жабайы аңға қатысты атаулардың ерекшеліктерін, айырмашылықтарын, ортақтықтарын көрсету барысында көне жазба ескерткіштері материалдарымен байланыста талдау жасалған, түркі тілдерінің тарихи грамматикасына қатысты мəліметтер келтірілген.
2015

Мақала қазақ мектептеріндегі 5–6-сынып оқушыларын ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуге үйретудің жəне сөйлеу тілін дамытудың кейбір тиімді жолдарын қарастыруға арналған. Ауызша сөйлеу — қатынас жасау процесінде адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікір, ой білдіру əрекеті. Мектеп оқушыларының шетел тілінде сөйлеу тілін ойын ойнау, жұмбақ шешу, өлең айту, ребус-кроссворд шешу, бейнефильм көру жəне тағы басқа жолдар арқылы дамытуға болады. Ағылшын тілінде ауызша сөйлеуді меңгеруде мəтінмен жұмыстың да маңызы зор. Зерттеу барысында ауызекі сөйлесу тілін ұстарту жұмыстарының қатысымдық əрекет бағыты, оның ауызекі сөйлеу икемділіктері мен дағдыларын дамытудағы жүйесі нақтыланды. Тіл дамыту жұмысында жүргізілетін жаттығу жұмыстарының əдістемелік жүйесі жасалды.
2016

Мақала мамандыққа қатысты тілдік оқытудың тиімді педагогикалық əдістері мен тəсілдеріне арналған. Қазіргі кезде қазақ тілін кəсіби негізде оқытуда жəне оның құрамдас бөлігі ретінде қазақша терминдік сөздерді ғылыми негізде оқыту, мақсаты мен мағынасын түсінуде күрделі өзгерістер болып жатыр. Соның ішінде болашақ маманның қалыптасуына, табысты жұмыс істеуіне жəне қатысымды құзыреттілігінің дамуына кəсіби қазақ тілінің атқаратын рөлі ерекше. Қазақ тілін меңгеруде ауызекі сөйлеуге ғана емес, қатысымды-ақпаратты, қатысымды-когнитивті, қатысымды-əлеуметтік шеберліктерінің кешенді қалыптасуына басты назар аударылады. Осыған байланысты бірінші жолға адамның қалай сөйлейтіндігі ғана емес, не айтатындығы қойылады.
2016

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.