Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ бейресми есімдерінің тарихы: бірінші кезең

Ономаст-ғалымдардың антропонимиканың бірінші заңдылығы оның тарихилығы екенін атап көрсеткен пікірлері бүгінгі күні де өзекті, бүгін де күн тəртібінде. Себебі, тарихтан тыс ешқандай құбылыстың болуы мүмкін емес. «...Исторически обусловлены сами виды антропонимов..., языковая принадлежность личных имен.., антропонимические системы у народов мира» [1; 7]. Өткені тарихтың қозғаушы күші адам болғандықтан да, адам өмір сүрген кеңістік пен уақыт адамзат тарихының бір беті. Ұлттың ұлт болып қалыптасуына себепші факторлардың негізгісі – тіл десек, тілдің ауқымды бөлігін құрап отырған есімдер ұлттық ерекшеліктің негізін құраушы фактордың бірі. Халықтың тарихымен біте қайнасып келе жатқан есімдер тарихы түрлі қоғамдық-саяси, шаруашылық-экономикалық, мəдени-тұрмыстық жағдайларға байланысты өзгерістерге ұшырап, сон- да да болса, өзінің табиғатын бар болмысымен сақтап отырады. «Əр тарихи кезеңдегі қоғамдық формацияның сол кездегі тілдік, мəдени ортаның өзіне тəн ономастикалық бірліктер репертуары болғандығы белгілі. Кез келген онимдік атаудың артында үлкен фондық білім жасырын тұр, алуан түрлі энциклопедиялық ақпараттар желісімен байланысты болып келеді. Мəселен, көне түркі жұртына ортақ Білге бабаның, берідегі Абай, Сүйінбай, Махамбет т.б. есімдері немесе Ордабасы, Аңырақай сияқты топонимдер төңірегінде қаншама аялық білім бар десеңші!» — деп атап көрсетеді ономаст-ғалымдар [2].

Есімдердің тарихи, қоғамдық-əлеуметтік негізін қарастыру есімдердің пайда болуы, қолданылу сипаты сияқты ең алғашқы мəселелерден басталады. Адамзат тарихы өз дамуының əр сатысында есімнің жаңа түрлерін ойлап тапты жəне қолданысқа түсірді. Оның негізгі себебі — қарым-қатынасқа деген қажеттілік. Адамдар арасындағы қатынастардың күрделенуі — ортақ шаруашылықтың болуы, тайпа, одақтарға бірігу, сыртқы жауларға қарсы тұру — тілдің, сол арқылы атау, ат қоюдың қажеттігін сездірді. Атау беру айнала қоршаған ортаны танып-білудің əліппесі, бастауы болды.

Есімнің қай түрі бұрын шықты деген мəселеге Қ.Жұбанов тайпа атаулары деп жауап бере отырып, адамдар алғашқы кезде сол тайпа атауларымен аталған деген пікірін білдіреді. Есімдердің тарихына байланысты ғалым-зерттеушілердің еңбектеріне жасалған талдау нəтижесі жəне халықтың бай ауыз əдебиетінің мысалдары алғаш лақап есімдердің пайда болғанын дəлелдейді. Бірақ ол қазіргі біздің түсінігіміздегі лақап есімнен сəл басқа. Ұқсастығы — оның да қазіргі лақап есімдердей түр- тұлға мен мінез ерекшеліктерін көрсететін есім екендігі болса, айырмашылығы — қазіргідей кісінің төл есіміне қосымша есім емес, негізгі есім болғандығы. Аңыз-ертегілердегі Дəу, Қаңбақ шал, Жезтырнақ, Көлтаусар, Желаяқ, Таусоғар, Шық бермес Шығайбай, Жиренше, Төстік, Жалмауыз сияқты «сөйлейтін есімдер» бұған куə. Белгілі ғалым-антропонимист Т.Жанұзақов халық ертегілеріндегі Тоңқылдақ, Шіңкілдек т.б. халық ойынан, шексіз қиялынан туған қойылған лақап аттар екенін айтады [3; 77–82].

Аталған есімдердің тайпа атауларынан бұрын шыққандығының дəлелі: тайпалық одақтарға бірігу — адамдардың арасындағы туыстық, қоныстық қарым-қатынастардың нəтижесінде, кейінірек болған құбылыс жəне тайпа, одақтардың атын, əдетте, өздері емес, сырт адам не басқа тайпалар қойған. Ұжымдық одаққа біріккенге дейін де адамдарды бір-бірінен ажырату, айыру үшін бойындағы көзге алғаш іліккен ерекшеліктері негізінде лақап есімдер қолданылуы мүмкін. Ұлттық тарихтың алғашқы деректері — шежірелерден аталған құбылыстың нышандарын байқауға болады. «Қазақ құрамына енген қыпшақтар шежіре бойынша негізінен Қарақыпшақтың ірі-ірі бес атасынан (Ұзын, Бұлтың, Көлденең, Қарабалық, Торы) бөлінеді. Алайда бір шежірелерде онымен қатар Мүйізді- Сарыабыздан Қытайқыпшақ, Құланқыпшақ, Сарықыпшақ та таралады» (Қазақ шежіресі).

Тарихтың қай кезеңінде де тілімізге екі құрылымды (компонентті) есімдер жүйесі тəн болғаны белгілі. Бірі — кісінің өз есімі болса, екіншісі — не əкесінің аты, не ру, ата-тегі, не шыққан жері, не қызмет-мансабы, титулы, не қандай да бір қасиеті негіз болған лақап есімі. Ел басқарған хан мен сұлтан, ел мен жерді қорғаған батыр, ел тағдырын шешкен би мен шешен есімдері бұған дəлел: Мүде қаған, Білге қаған, Əз Тəуке, Абылай хан, Еңсегей бойлы Ер Есім, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Мəшһүр Жүсіп, Бауыржан Момышұлы т.б.

Кеңес дəуірінде жалпыға міндетті саналған үш есімді жүйенің тілімізде толық мəнінде қолданыс таппағаны белгілі. Өйткені қандай да болмасын есімдер жүйесінің күрделенуі — есімдердің ажырату, айыру қызметтерінің əлсіреуінен туатын қажеттілік.

Қатал канонизация ұсынған шектеулі есімдер тізімі мұндай қажеттілікке көптеген тілдерді, оның ішінде орыс тілін де алып келді. Орыс ғалымдарының есімдердің ең басты қызметі — айыру қызметін үш есімді жүйенің өзі атқара алмауға айналғанын, тек Мəскеудің бір өзінде ғана мың Иван Иванович Ивановтардың бар екенін, бұл мəселені шешудің жолдарын ұсынған пікірлері — осыған куə [1]. Мұсылман дінінің келуімен тілімізге араб есімдері көптеп енгенімен, арнайы шектеу қойылмағандықтан, төл есімдеріміз де кең қолданыс тауып отырды. Қандай да бір шағын ортада күнделікті қарым-қатынас барысында адамның не өз есімінің, не лақап атының қолданылуы жеткілікті болды. Себебі тіліміздегі есімдердің бай қоры бұл қажеттілікті толығымен орындай алды деуімізге болады. Абай, Шоқан, Махамбет, Исатай т.б. есімдер ұлттың когнитивтік санасынан берік орын алып, қосымша есімді қажет етпей-ақ қолданыла береді. Есімдердің жеке қолданылуы есім бойындағы энциклопедиялық ақпараттың молдығы, көпшілікке танымалдығы сияқты факторларға тікелей байланысты (қазіргі кезде атақты өнер иелерінің (əншілердің) халыққа кейде өз есімімен, кейде бүркеншік есіммен танылуы осының айғағы. Мысалы, Роза, Мақпал, Бүркіт, Шəкизада т.б.).

Кез келген есімнің тарихы белгілі бір кезеңнен бастау алып, өз дамуында түрлі сатылардан өтеді. Қоғамдық формация, түрлі əлеуметтік жағдай, ұлттық ерекшелік, мəдениет жаңалықтары есімдердің барлық түріне өз əсерін тигізбей қоймайды. Тіліміздегі есімдердің тарихы арқылы бейресми есімдердің өз дамуында қандай сатылардан өткенін байқауға болады. Көпшілікке мəлім, ғалым- антропонимист Т.Жанұзақов қазақ есімдерінің тарихын төрт дəуірге бөліп қарастырады. Бұл көне түркі дəуірінен совет дəуіріне дейінгі мерзімді қамтыса, зерттеуші Ұ.Мұсабаева еліміздің егемендік алып, қоғамның өзгеруімен қоса өзгерген сана жемісі — 90-жылдардан бергі есімдерді бір дəуір, яғни қазақ есімінің V дəуірі, деп атайды [4]. Аталған бес дəуір кісінің тек өз есімдері ғана емес, бейресми есімдерге де қатысты. Біз бұл мақаламызда қазақ бейресми есімдерінің алғашқы дəуірін қарастымақпыз.

І дəуір көне түркі заманын, яғни V–VІІІ ғасырлардағы антропонимдерді қамтиды. Түркі антропонимиясы сөз болғанда айналып өте алмайтын бір мəселе — түркі халықтарындағы есімнің ауысып отыруы туралы деректер. «Тюрки не носили одного и того же имени от рождения до смерти, как европейцы. Имя тюрка всегда указывало на его положение в обществе. Мальчиком он имел клич- ку, юношей — чин, мужем — титул, а если это было хан — то титул менялся согласно удельно- лестничной системе» [5; 89]. Осы орайда жазушы Қ.Салғараұлы Түрік қағанатының атақты Мухəн қағанының төл аты — Құшу, жігіт кезіндегі аты — Сыдоу (Сыжин), елге танылған аты — Иəнду (жеңімпаз), мансапқа ие болғандағы аты — Кигін Муюй-хан, ел билеушісі болғандағы аты — Мухəн қаған болғандығын айтады [6]. Қазақ есімдерінің тарихын жан-жақты зерттеп-зерделеген ғалым Т.Жанұзақов мұның негізінің көне түріктердің қоғамдық мемлекеттік құрылысы мен ішкі тарихи жағдаяттарында жатқанын айтады [3; 35].

Ғалымдардың зерттеулеріне назар аударсақ, есімнің ауысып отыруы тек түркі халықтарында ғана кездеспейтінін, бір-бірінен қашық орналасқан, бір-бірімен алыс-берісі, яғни қатысы жоқ елдерде де осы дəстүрдің белең алғанын байқауға болады. Батыс Африкадағы моси негрлер тайпасында жасұландар (юноши) үлкен өмірге дайындалу үшін бөлек өмір сүреді. Осы кезде олар жаңа ат алып, оны өздерінен басқа ұстаздары ғана білетін болады. Ересек болған кезде де басқалар жоқта ғана бірін- бірі осы есімдерімен атайтын болған. Тəжіктер бала кəмелетке толғанша өз есімін атамай, шартты ат- пен жүрген. Қытайда, Жапонияда, Кореяда жас ерекшеліктеріне қарай есімдер де ауысып отырған» [1; 21].

Есімнің өзгеріске ұшырауына əсерін тигізуші бірнеше факторды атауға болады. Ең негізгі себебі— есімнің құдыреттілігіне деген сенім. Адам (жан) мен оның есімінің арасындағы байланыс тəн мен жанның байланысынан да күшті, адамның тағдырына жауапты бірден-бір күш деген ой саналарын билеген бабаларымыз есімнің құпия сақталуына бар күштерін салған. Осы құбылыстың монғол тіліндегі көріністері туралы Н.Л.Жуковская: «Обычай замены имени уходит корнями в глубокую древность. Когда-то он был связан с шаманскими запретами называния имен, чтобы не привлекать к их носителям внимания злых духов. По мере классового расслоения монгольского общества древний обычай стал по-разному проявлять себя в среде аристократии и в народе. В среде знати он выродился в обычай называния по титулу, а в народе превратился в систему замены имени на новое в случае болезни и счастливого выздоровления после нее, а также в обычай давать детям уничижительные имена в семьях, где большая детская смертность», — дейді [7]. Сол сияқты қалыптасқан дəстүрге байланысты есімдерге табу салу, атамау. Ол қазақ қоғамында əйел адамның күйеуінің туған-туыстарының есімдерімен байланысты.

Есімнің ауысуына қандай жағдай əсер етпесін, ең басты ұстаным — есім бойындағы ақпараттың молдығы, сол арқылы аталушының кім екендігінің тез де дəл анықталуы. Яғни, есімнің ажыратушылық қызметінің мүлтіксіз атқарылу кепілдігі.

Көне түркі ономастикасын зерттеуші В.У.Махпиров адамның өз атының бұл ескерткіштерде мүлдем аз кездесетінін айта келіп, аталмыш қоғамдағы басты антропонимикалық категориялар ретінде ер аты, ру аты, династиялық есім, титул сияқты түрлерін көрсетеді. «Типичными персонифи- цированными титулами в древнетюркском обществе являются компоненты антропонимов тюркских каганов: Иль-каган — титул Бумин кагана, Эльтериш каган — персонифицированный титул Кутлука, основателя Тюркского каганата, Капаган-каган — тронный титул Мочжо, брата Эльтериша, Богю- каган — уйгурский правитель, принявший манихейство и проч. Персонифицированные титулы пра- вителей были известны многим историко-культурным типам общества (ср.: имена русских правите- лей — Ярослав Мудрый, Иван Калита, Иван Грозный и проч.» [8; 34]. Н.В.Подольская соңғы есімдерді «псевдоним возвеличивающий», яғни адамның ерекше қасиеті мен қызметін көрсететін ме- лиоратив лақап есім деп қарастырады [9]. Біз де осы пікірге қосыламыз.

Түркі халықтарының өмірі мен тарихын, этнографиясын көп зерттеген ғалым Л.Н.Гумилев басқа ел тарихшыларының түркі тарихына қатысы бар мəліметтерінде түркі есімдері танымастай болып өзгеретінін, көбіне титул кісі есімі орнына қолданылатынын баса көрсетеді [5; 89].

Есімнің қоғамдық қызметі қоғам мүшелерін атау жəне бір-бірінен ажырату болса, көне түркі ономастикасында осы міндетті орындау «басқа есімдерге» жүктелді. Ол — адамның (азаматтың) алғашқы ерлік қадамын көрсететін «ер аты», шен-дəреже, лауазымының көрсеткіші — «титул», бойындағы ерекше қадір-қасиет не кемшілік — «лақап», руы, ата тегі, туған, шыққан жері, айналыса- тын ісі, қызметі. Есімнің неғұрлым көп болуы — есімінің ұрпақтан ұрпаққа тарауының, жетуінің негізі деп түсінілді (Алланың тоқсан тоғыз есімі болғаны белгілі).

Лақап араб тіліндегі «титул, атақ-шен» емес, орыс тіліндегі «прозвище» қызметін атқарады. Себебі, көне түркі жазба ескерткіштеріне зерттеу жүргізген ғалымдардың деректері осыған саяды. Түрлі титулдарды білдіретін есімдерді лақап есімдерге жатқызуға бола ма, əлде өздері ерекше бір топты құрай ма, осы арасын ажырату үшін көне деректерге, ғалымдардың ой-пікірлеріне назар аударайық.

Көне түркі жазба ескерткіштері деректері жоғарыдағы аталған есімдердің алғашқы үшеуінің жиі кездесетінін көрсетеді. Бала 10–12 жасқа жетіп, алғашқы ерлік қадамынан өткеннен соң «ер атына» ие болады. «Ер аты» — көне түркі антропонимиясындағы жиі əрі кең қолданыста болған есімнің түрі.

«...оно выходило за рамки не только семейно-родовой общности, но и за рамки племени и распро- странялось на все войско и, следовательно, на все государство» [8; 32]. «Ер аты» туралы мəліметті ауыз əдебиеті нұсқаларынан да, ғалымдардың зерттеу еңбектерінен де жиі кездестіруге болады. Осындай бір дерек Орхон өзені бойынан табылған Күлтегінге арналған ескерткіштің үлкен жазба- сында беріледі: «Он йашта, Умаі тäг егім қатун кутыңа інім Кÿлтігін äр ат болты (Он жаста, шешем Құдайдай қатынның бағына, інім Күлтегін ер атанды)» [10].

Ə.Марғұлан «Ежелгі жыр-аңыздар» еңбегінде Манас есіміне қатысты «Ұлан бірінші ерлік қадамын өткенше (бас кесіп, қан төккенше) оған ат қойылмайды. Оғыз бен қыпшақтарда, тағы басқа түркі тайпаларында ұлан қаһармандық көрсетпейінше — оған ат қоймаған. Манас та 12–14 жасқа дейін шартты атпен жүрген (Боқмұрын, Итбай т.б.)» дейді [11]. Яғни, «ер аты» — жас баланың аза- мат, жігіт болуының көрсеткіші. Қиын-қыстау жаугершілік заманда сапқа қосылған əрбір жауынгер-сарбаздың орнының қандай екені түсінікті. «Можно предположить, что в отмеченных случаях сохра- нились отголоски древних обрядов посвящения» [12].

Титул мен лақап ат жəне кісінің шын атының əрқайсысының өзіндік ерекшеліктері, араларындағы байланысты анықтау көне түркі антропонимикасындағы күрделі мəселе. Көне түркі тарихы мен мəдениетін зерттеуші В.В.Радлов, С.Е.Малов, А.Н.Бернштам, Н.А.Баскаков, И.А.Батманов, тағы басқа ғалымдар еңбектерінде Орхон-Енисей, Талас т.б. ескерткіштер жазбала- рында кездесетін антропонимика материалдарына қатысты өз көзқарастарын білдіріп отырған. Көпшілік жағдайда есімдердің этимологиясы сөз болғандықтан, ғалымдардың этимология туралы ойларына тоқталмай-ақ, Т.Жанұзақовтың пікіріне сүйенгенді жөн көріп отырмыз.

Т.Жанұзақов жазба ескерткіштердегі есімдерді құрылымдық типіне қарай төрт топқа жіктейді: дара тұлғалы, туынды тұлғалы, екі құрамды жəне көп құрамды. Есімдердің соңғы екі түрінің компоненттері улығ, тутук, алп, тіріг, кулуг, куч, тегин, ынамчы, каган, кан, баг, билге, бори, барс т.б. болып келетініне, бұл сөздердің көне түріктер қоғамында əлеуметтік-саяси терминдер ретінде қолданылып, сол кездегі адамдардың қоғамдағы орнын, титул, атақ-дəрежесін көрсеткенін, ал күрделі есімдермен қатар тұрғанда ол адамның ерлік, батырлық қасиетін т.б. ерекшелігін білдіретін эпитет ретінде де жұмсалғанына тоқталады [3; 32]. Ғалымның бұл пікірін 1897 ж. Селенга өзені бойында табылған Тоныкөкке арналған ескерткіштегі жазулар айғақтай түседі: «Віlqa Tonuquq ban ozum ...» (Я сам, мудрый Тоньюкук...) [13].

Титул, атақ-шенді адамның белгілі бір қоғамдағы дəрежесі, қызметтік лауазымы деп қарастырсақ, ал эпитет — оның бойындағы адами қасиеті, ерекшелігі. Екі арасын айыруда И.А.Батмановтың пікірі көңілге қонымды. Шен, дəреже, титул, атаққа тəн деп; кам, баг, бай, тегин, чур (ең жоғарғы титулдардың бірі), тутук (ру басы), саңун (қолбасы), ыначы, катун (ханзада, бикеш) тəрізді сөздерді жатқызса, эпитеттерге бори, барс, билге сөздерін жатқызады [14].

Осы орайда түсініктеме бере кететін бір жəйт бар. Араб тіліндегі «лакаб» сөзі атақ, шен-дəреже, титулдың көрсеткіші екендігі мəлім. Екеуінің де негізінде адам бойындағы ерекшелік, басқаға ұқсамайтын даралық қасиеттер жатқанына қарамастан, түркі руникалық ескерткіштерін зерттеушілер титулды бөлек, ал лақап есімді бөлек қарастырады. Десек те, осы екі арадағы шекараның өзінің анық болмауы, бір есімнің бірде титул, бірде лақап деп көрсетілуі жиі кездесіп қалады. Деректерде Білге ханның батылдығы мен ержүректігі үшін «Богю» (батыр) лақап есімін алғандығы айтылады. Ал,«Білге»-нің өзі жоғарыда көрсетілгендей «ақылды», «дана» эпитетінен жасалған лақап есім. Бұдан атақты ханның бойындағы ерекшелігіне, іс-əркетіне сай бірінен соң бір лақап есімдермен аталып отырғанын байқаймыз.

«Жазба ескерткіштерде жəне басқа деректерде негізінен мемлекет қайраткерлерінің титулдары мен лақап аттары көрсетілген. Олар: Тоныкөк, Білге хан, Күлтегін, Қапаған хан т.б. Бұлар шын аттар емес — лақап аттар. Бұған ескерткіштердегі материалдар толық дəлел. Онда лақап есім, болмаса ти- тулдар қандай жағдайда, не себептен берілгені анық айтылған». Т.Жанұзақовтың пікірінше, Тоньюкук (Тоныкөк) есімі «тон», «тоң» — «ұлы», «күшті», «зор», ал «юкук>кук>кок>көк» мағынасында, сонда Тоньюкук «ұлы көк», «көк тəңірі» деген мағынада қолданылған лақап ат болуы мүмкін» [3; 35, 36].

Қорыта келгенде, бейресми есімдер тарихының алғашқы дəуірі өзінің тарихи фактілерінің байлығымен, құнарлылығымен, жемістілігімен ерекшеленеді. Сөз болған есімдер топтарының (ер аты, титул, лақап) бəріне ортақ белгі — жас ұланның алғашқы ерлік қадамынан бастап өмірінің соңына дейін серік еткен даналық, алғырлық, батылдық, өткірлік, қайсарлық, ақылдылық, тапқырлық т.б. қасиеттері екендігін көреміз. Ер атының да, титулдың да, эпитеттің де лақап есім шеңберіндегі есімдер екендігі, бойларында осы есімге қатысты белгілердің барлығы байқалады. Өмірдің əр саты- сына лайық қадір-қасиетімен ерекшеленген ата-бабаларымыздың соған сай атақ-дəрежені иемденіп, сол атақ ұрпақтан ұрпаққа есім түрінде жеткені анық.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Никонов В.А. Имя и общество. — М.: Наука, 1974. — 276 с.
  2. Жанұзақ Т., Рысберген Қ. Қазақ ономастикасының зерттелуі, болашағы мен жетістігі // Ономастикалық хабаршы. — № 2 (4). — 4-б.
  3. Жанұзақов Т. Қазақ есімдерінің тарихы: Лингвистикалық жəне тарихи-этнографиялық талдау. — Алматы: Ғылым, 1971. — 216 б.
  4. Мусабекова У.А. Мотивационный аспект антропонимов казахского и русского языков: Автореф. дис. … канд. филол. наук. — Алматы, 1996. — 27 с.
  5. Гумилев Л.Н. Древние тюрки. — М.: Наука, 1967. — 513 с.
  6. Салғараұлы Қ. Түрік əлемі. Тарихты қайта пайымдау. — Астана: Елорда, 2000. — 240-б.
  7. Жуковская Н.Л. Заметки о монгольской антропонимии // Ономастика Востока. — М.: Наука, 1980. — С.
  8. Махпиров В.У. Особенности функционирования древнетюркских антропонимов // Вопросы антропонимики. — Вып. 1:Сб. ст. — Алматы, 2003. — 84 с.
  9. Подольская Н.В. Словарь русской ономастической терминологии. — М.: АН СССР, 1988. — С.
  10. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі («Диуани лұғат ит-турк»). — Алматы: Ана тілі, 1993. — 177-б.
  11. Марғұлан Ə. Ежелгі жыр-аңыздар. — Алматы: Жазушы, 1985. — 367 б.
  12. Урманчеев Ф. Имя эпического героя // Советская тюркология. — 1986. — № 4. — С. 22–33.
  13. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. Тексты и исследования. — М.: АН, 1951. — С. 61–64.
  14. Батманов И.А. и др. Современная и древняя Енисейка. — Фрунзе, 1952. 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.