Қарағанды университетiнiң хабаршысы

Мақалада ХV ғасырдың көрнекті ақын-жырауы Қазтуған жыраудың өмірі мен қызметі баяндалған. Қазтуған дарынды ақын ғана емес, сондай-ақ ірі əскери қолбасшы жəне өз заманының саяси қайраткері болғандығы айтылған. Ақынның өмір сүрген кездегі барлық маңызды саяси оқиғалар көрініс тапқан оның əдеби шығармаларына кеңінен баға берілген. Қазтуғанның шығармашылық мұрасы отандық поэзияның қалыптасуы мен дамуы үшін үлкен маңызға ие болғаны, оның ақын- жыраулардың кейінгі буыны үшін шешен сөздің үлгісі болғандығы көрсетілген.
2016

Мақалада əдебиет теориясындағы өзекті мəселелерінің бірі — көркем нарративтің орны қарастырылды. Сонымен қатар авторлар негізгі теориялық түсініктер мен əр түрлі көзқарастардың оқиғаға қатысын сөз ете отырып, көркем мəтін мен нарративтің сюжетті дамытудағы орнын талдап көрсетті.
2016

Мақалада қазақ прозасының қалыптасу кезеңіндегі факторлар талданды. Ұлттық прозаның пайда болуындағы шетел əдебиетінің ықпалы, қазақ жазушыларының шетелдік əдебиеттен жасаған аудармаларының ролі қарастырылды. Прозалық шығармаларды аударудың Ы. Алтынсарин мен Ш. Құдайбердіұлы жасаған тəжірибелері мысалға алынды. Проза жанрының жылдам өркендеп кетуіндегі «жедел даму» құбылысының мəні зерттелді. Əлемдік əдебиетте қалыптасқан жанрлық- стильдік ерекшеліктердің қазақ əдебиетіне келіп орнығуы жан-жақты түсіндірілді.
2016

Қазақ тілінің сөздік қорында тарихи даму барысында өзгерген қыры, сыры мол көп сөздер орын алған. Соның себебінде оның мағыналарын, түп-төркінін білу қиындық тудырады. Мақалада тілімізде қос сөздердің, сондай-ақ фразеологизмдердің құрамындағы мағынасы күңгірт, түсініксіз сөздердің мəні қарастырылды. Авторлар олардың о баста қай тілде, қандай мағынада қолданылғандығын, сөздердің бастапқы морфемалық құрамы мен семантикасын айқындады. Ол сөздердің көне түркі немесе басқа түркі тілдеріндегі қолданыстары мен мағыналық ерекшеліктері талданды. Қазақ тілінің сөздік қорының даму тарихы тіл дамуының түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыратындығын дəлелдеді.т
2016

Мақалада ХХ ғасырдың 30-жж. Батыс Қазақстан облысының мерзімді баспасөзінде жарық көрген мақалаларға талдау жасалды. Облыстық «Екпінді құрылыс», Орда аудандық «Жаңа жол» газеті, Жанғала аудандық «Социалды еңбек», Маңғыстау ауданының «Колхоз жолы», Жымпиты аудандық «Қызыл Ту» газеттерінде жарияланған мақалаларды сараптай келе, автор сталиндік саясаттың осы басылымдарға жəне авторларына жасалған қысастық, қуғын-сүргінге нақтылай тоқталады. Мереш Даулетияров, Серікқали Жақыпов, Боран Айтмағамбетов, Əділбай Жылкелдин сияқты Батыс Қазақстанның баспасөз тарихында орны бар қоғам қайраткерлерінің өмір тарихы мен себепсіз қудалаудың нəтижесінде осы азаматтардың тағдырының қилы заманға тап болғанын ашына жазды.
2016

Мақалада халық шығармашылығының деректілік, насихатшылдық қырлары нақты мысалдар арқылы айқындалды. Халық шығармашылығының көне түрлеріндегі наным-сенімдер мен сол уақыттағы халықтың тұрмыс-тіршілігі, дəстүр-салты оның ақпараттық табиғатын ашу арқылы жан-жақты сараланды. Сөз өнері түрлері, оның ішінде айтыс жырларының мəтіндік нұсқаларының ақпараттық сипатына ғылыми пайымдаулар жасалды.
2016

Мақалада ХVІІІ ғасырдың көрнекті қоғам қайраткері, жырауы, батыры Ақтамберді Сарыұлының өмірі мен қызметі суреттелген. Оның 1738–1752 жж. шетел басқыншыларымен болған шайқастарға қатысып, айрықша батылдық пен ерлік көрсетуімен ерекшеленгендігі айтылған. Оның шығармалары қазақ халқының жоңғар басқыншыларымен күресін бейнелеуде елжандылық рухына толы екендігі туралы қорытынды жасалған. Ақтамберді жыраудың шығармаларында өмір, батырлық, адами құндылықтар, моральдық нормалар туралы философиялық толғаулар, маңызды əлеуметтік мəселелер көтерілгендігі пайымдалған.
2016

Мақалада Ғалым Жайлыбайдың табиғат лирикасы туралы шығармалары қарастырылған. Табиғат лирикасы — лирика жанрының бір түрі, ақынның ішкі жан дүниесін табиғат құбылыстарын сезінуі, бейнелеп суреттеуі арқылы танылатын өлең-жырлар. Біреулер табиғаттың пейзаждық суреттерін жасаса, енді бір ақындар сол табиғат арқылы қоғамдық өмірді, адамның ішкі көңіл-күйін астастыра жырлаған. Заманын жырға қосқан Ғалым шығармаларында елеулі орынды азаматтық лирика құраса, осы азаматтық лирикасының ішінде экология тақырыбы ерекше бас көтереді. Темірді қызған кезінде соғып отырған ұлт тағдырын экологиялық мүшкіл халмен сабақтастыра отырып, оқырманға үлкен ой тастайды.
2016

Мақалада ежелгі түркі бітіктас жырларындағы поэтикалық сөз өнерінің болмысын зерттеу басты нысан етіп алынған. Авторлар жыр мəтіндеріндегі лексикалық бірліктер мен сөз құбылту амалдарының əдеби көркем əлем жасаудағы көрінісін, поэтикалық қызметін тілге тиек етті. Сол арқылы ежелгі түркі бітіктас жырларындағы сөз өнерінің көркемдік сипатын, поэтикалық ой мен сезімнің дəл де образды түрде берілуіне салыстырмалық тұрғыда талдаулар жасады. Сонымен қатар олар көне түркі жазба ескерткіштерін қазіргі таңдағы жаңа ғылыми бағытта зерттеп, əдеби-теориялық тұрғыдағы мəтінтану саласындағы лексикалық бірліктер мен образдылықты нақты берген.
2016

Мақалада қазақ тілін оқыту, оның этнолингвистикалық жəне əлеуметтік-лингвистикалық мəселелері қарастырылды. Мемлекеттік тілді оқытудың қазіргі кезеңдегі басты бағыттарының бірі ретінде этносаралық мəдениеттің қалыптасу жолдары айтылады. Қазақ тілін оқытуда оның кумулятивтік функциясын пайдалану жолдары сөз етіледі. Қазақ тілін оқытудың лингвомəдениеттаным жəне коммуникативтік технологиялары жəне оларды қолдану ерекшеліктері талданды. Қазақша еркін сөйлеу үшін қазақы коммуникативтік мінез қалыптастыру керек.
2016

 Мақалада Көдек өлеңдерінде өзі жасаған дəуірдің қоғамдық бітімі айқын бедерленді. Ақын заманның сыр-сипатына үңіле отырып, оған өзінің тұрғы-танымдарын, байламын байыптап айтуды дəстүр тұтып, замана сыры, қорлық пен зорлық көріп, азып-тозған ел жайы, халықтың мұң-наласы мен ыза- кегі, арман-мұратының айнасы іспетті көркем туындылар жазды. Халық сөзін айтып, ел өмірінің жанды суретін өз өлеңдерінде бейнелеп берді. Қоғамның, əлемнің даму бағыттарын бағамдап қана қоймай, қоғамдық ой-санаға əсер етті. Оның өлеңдерінде əлеуметтік сарын молая түсіп, жан-жақты көрініс тапты.
2016

Мақала-пікірде Польшаның Краков каласында жарық көрген «Қазақша-полякша сөздіктің» көлемі, мазмұны мен кұрылымы талданып, оның саяси, димпломатиялық, мəдени, біліми, ғылыми мəні мен маңызы көрсетілді. Сөздік Шығыс пен Батыстың қарым-катынасы үшін қажетті еңбек ретінде сипатталды. Аталмыш сөздіктің лексикатану тарихында алатын орны бағаланып, тілтанымдық, лингвомəдениеттік, лингвокогнитивтік, тарихи, əдістемелік жақтары да талданды. Автор 2011 ж. жарық көрген «Қазақша-полякша сөздікті» қазіргі заманауи талаптарға сай екендігін айта келе, қостілді сөздіктің ішкі дүниесі, құрылымы əрі классикалық, əрі жаңашыл деп бағалады.
2016

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.