Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мағынасы күңгірт сөздер тарихы

Тарихи лексикология тіл фактілерін зерттеуде тарихи принципке сүйенеді. Ол белгілі бір тілдің лексикасын жалпылама емес, нақтылы бір халықтың азаматтық тарихына жəне сол халықтың мəдениетіне, дүниетанымына, салт-сана т.б. экстралингвистикалық факторларына байланысты зерттелуі керек. Өйткені əрбір тілдің лексикалық қоры, қат-қабат сөз байлығы, сайып келгенде, сол тілді жаратушы, сол тілде сөйлеуші халықтың тарихымен тікелей байланысты, сол халықтың халық болып қалыптаса бастаған ұзақ дəуірінің жемісі, ұрпақтан ұрпаққа ауысып, толығып, кемелденіп, жаңарып отыратын асыл да абзал мұрасы, сол халықтың мəдени, рухани өмірінің айнасы болып саналады. Əрбір тілдің сөз байлығын тарихи тұрғыдан зерттеу дегеніміз — оны сол тілдің өз топырағында, өзіндік даму үрдісін, сыр-сипатын ескере отырып қарастыру [1; 7].

Қазақ тілінің басқа туыс (қырғыз, өзбек, түркімен, башқұрт, ұйғыр т. б.), туыстас (монғол, бурят, қалмақ) жəне өзге системалы (орыс, қытай, араб, иран т. б.) тілдерімен көрші ретінде де, тарихи- саяси, мəдени, географиялық жағдайларға байланысты да əр дəуірдегі қарым-қатынастары, олардың өзара ықпалы, лексикалық ауыс-түйістері ерекше назар аудартады.

Біздің мақсатымыз тіліміздегі кейбір мағынасы түсініксіз сөздердің семантикасын ашу болып табылады. Р.Сыздықованың «Сөздер сөйлейді» еңбегін негізге ала отырып, сондай сөздерді қарастыруды жөн санадық. Бұл зерттеуде ақын-жыраулар тілінде кездесетін сан алуан тұрақты тіркестер мен мақал-мəтелдер құрамындағы көне сөздердің байырғы мағыналары ашылып, олардың семантикалық өрім-өзгерістері сараланады. Қазіргі тіліміздегі бастапқы мағынасы күңгірттенген немесе мүлде ұмытылған, тарихи тұрғыдан түркі-монғол, түркі-иран тілдеріне ортақ сөздердің əуелгі мəні анықталып, олардың түп төркінін анықтаудың жолдары мен тəсілдері, шарттары айқындалады. Сөздердің көпмағыналылығы, тарихи кезеңдердегі тұлғалық жəне мағыналық өзгерістері ашылады.

Сөздер тарихында сөз мағынасының күңгірттену процесі көп байқалады. Бұл — тілімізде жиі орын алатын құбылыс. Сөз мағынасының ұмыт бола бастауы — сол сөзді қолданыстан не мүлде шығарып тастайды, не тек белгілі бір орында: тұрақты тіркестер құрамында, мақал-мəтелдерде, қос сөздерде ғана келеді. Олай болса, қазақ тіліндегі сыңарлары мағынасыз қос сөздерге тоқталып, олардың мағынасына этимологиялық тұрғыдан талдау жасап көрейік.

Қосарлама сөздер мағыналық ерекшеліктеріне қарай екі салаға бөлінеді: а) мағыналы компоненттерден құралған қосарлама сөздер;

б) мағынасыз компоненттерден құралған қосарлама сөздер [2].

Тілімізде бір сыңары немесе екі сыңары да мағынасыз сөздер кездеседі.

Қазақ тілінде дыбысы жағынан үндес, тұлға жағынан сəйкес, мағына жағынан бір-біріне үйлесімді жеке-дара дербес, не біреуінің мағынасы күңгірттенген екі сөздің өзара жымдаса бірігуінен туындаған қос сөздер бар. Мəселен, ағыл-тегіл, жылап-сықтап, айт-үйт т.б. Қосарлы қос сөздердің жалпы да жинақтау мағынасы олардың құрамына енген сыңарларының беретін мағыналарынан əлдеқайда ауқымды жəне кең. Қосарлы қос сөз жасалуында мынадай шарт сақталу қажет: сыңарлары арасындағы дыбыстық үндестік (мысалы, ағыл-тегіл, жылап-сықтап, ептеу-септеу т.б.). Мұнда ағыл-тегіл сөзіндегі ағыл да, тегіл де ақ (ағу), төк (төгу) етістік түбірлеріне сабақты етістіктен салт етістік тудыратын -ыл, -іл жұрнағының жасалуы арқылы жасалған. Былайша айтқанда, бұл қос сөз о баста «Ағыл жыр, тегіл өлең» (Жамбыл) дегендегі жеке-дара айтыла беретін сөздерден жасалған. Бірақ бертін келе бірінші компоненттің ауанымен екінші компонент өзгеріп, жеке айтылмайтын тегіл формасына ауысқан. Сонда төгіл тегіл болып, яғни төгіл сөзінің түбіріндегі ө дыбысының е дыбысына ауысуында мынадай фонетикалық заңдылық байқалады:

а) алдыңғы компоненттің екінші буынындағы қысаң езулік ы дыбысы ілгерінді ықпал заңы бойынша өзімен іргелес төгіл сөзінің бірінші буынындағы ашық дауысты еріндік ө дыбысын е дыбысына өзгерткен;

ə) ө дыбысының е дыбысына айналуына байланысты төгіл (айтылуы: төгүл) сөзінің екінші буынындағы дыбыс та қысаң езулік і дыбысы болып естіледі. Сөйтіп, екі қысаң езулік дыбысының ортасында келген ө дыбысының е дыбысына өтуі — қазақ тілі үшін заңды нəрсе [1; 24].

Ғалым Р.Сыздықова: Қазіргі қазақ тілінің сөздік құрамында көне түркі заманынан сақталып келген, бірақ бұл күнде жеке тұрып, сол көне мағынасында қолданылмайтын біралуан сөздер бары байқалады. Ол сөздер негізінен тұрақты тіркестер (фразеологизмдер мен қос сөздер) жəне лексикалық тіркестердің (күрделі сөздер мен күрделі етістіктердің) құрамында қолданылады [3; 166],— дейді. Енді сондай сөздерге талдау жасап көрейік.

Өлім-жітім. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілінде -йіт — етістігі «жоғалу, жоқ болу» деген мағынаны білдірген, мұнда да өл-йіт деп қолдану бары көрсетілген. Демек, өлім сөзі бүгінгі қазақтарға түсінікті, ал жітім — «бір нəрсенің жоқ болуы», яғни жоқ іздеп жүрмін дегендегі жоқ сөзінің мағынасын білдіретін тұлға. Көне түркілерде «жоғалған зат (мал)» ұғымына йітүк (жітік) тұлғасы болған; ер йітүк сорды — кісі жоғалған нəрсе (жоқ) туралы сұрады (сұрастырды).

Демек, өлім-жітім тікелей беретін «өлген, өшкен, жоғалған, жоқ болған» деген жинақтау мəнді білдіретін қос сөзге айналған. Бұл көбіне малға қатысты айтылады: мал тек өліп қоймайды, сонымен қатар өзгеше түрде де «жоқ болады» ғой: ұрланады, ит-құсқа жем болады, тұралап қалады т.т. Осы соңғы жоқ болушылықты қос сөздің жітім сыңары білдіретін сияқты немесе бұл компонент алдыңғы «жоқ болушылық» — өлім деген ұғымды күшейте түсуге келген «көмекші күш» болып танылуы мүмкін.

Біздің байқауымызша, «өлтірді» мағынасындағы басына жетті деген тіркестің о бастағы көне түркілік қолданысы басы йітті (жітті) болса керек. Демек, ол «басы жоқ болды, өлді» деген ұғымдағы тіркес болып шығады. Соған қарағанда, қазіргі қазақ тіліндегі «көзін құрту, жоғалту, тығу, жасыру» мағынасындағы жытыру етістігінің фонетикалық варианты деп қарауға болады. Жуан варианты жеке қолданылатын сөз болып сақталған да, жіңішке нұсқасы тек сөз тіркесінде «сіріленіп» қалған сияқты [3; 84].

Үш қорықтың иелері боп отырған бес-алты ауылдың ішінде мұндай өлім-жітімді көрген жалғыз осы Жидебайдағы ауыл (М.Ə.). Мысалдан аңғарғанымыздай, қазіргі тілімізде де малға қатысты жоқ болу мағынасын беріп тұр.

Біз де ғалымның осы пікірін құптай отырып, жітім сыңарының жытыру етістігінің жіңішке тұлғасы деп қарағанды жөн деп таптық.

Іркес-тіркес. Бұл қос сөздің соңғы сыңары əбден түсінікті, ол тірке етістігімен түбірлес сөз. Бұл етістіктен жасалған тіркес тұлғасы «қатарласқан тізбек» мағынасында жəне «жалғас, қатар» деген есім ұғымында қолданылады. Ал іркес-тіркес дегендегі іркес сөзінің түбірін ірік — «бөгеу, тежеу, тоқтату, ішіне бүгу, жасыру» етістігі деп тануға келмейді. Сірə, бұл көне түркі тілдерінде қолданылған «керуен» мағынасындағы арқыш-теркіш сөзінің «қазақшасы» болу керек. Арқыш сөзінің жеке тұрғандағы бір мағынасы «керуен» (ол да «қатарланған көліктер тізбегі»). Осы «керуен» мағынасындағы арқыш-теркіш тұлғасы қазақ тіліне іркес-тіркес болып көшкен болар деп топшылаймыз [3; 164]. Күн көзі де əбден жылынып, аспанда жазғытұрдың ақ мамық бұлттары жөңкіліп іркес-тіркес көшті (М.Ə.). Біз де ғалымның осы пікірін қолдаймыз.

Жөн-жосық. Бұл сөз тілімізде жиі қолданылады. Оның құрамындағы жосық сөзінің мағынасы түсініксіз. Мысалы: Желі басында ертеден қара кешке дейін бие сауған Бүркітбай да қасындағы көмекшісі бала жігіт Баймағамбетке əр биені саууға отыра бере ауыр-ауыр кейістік, жөн- жосығын айтады (М.Ə.).

«Алпамыс» жырында Тайшық хан дуана болып келген қызына:

Берейін саған осыны

Айуан тілін аңғарар

Сөзіңнің жота жосыны, –

дейді. Мұндағы жота жосын деген сөздер «сөзіңнің жөні» дегенді аңғартады. Жосын йосун сөзі көне түркі тілдерінде «тəртіп, əдет» дегенді білдірген. Қазақ тілінде жосын сөзінің жосық түрі активтеу, ол «жөн, бағыт, жоба» деген мағыналарда жұмсалған. Жөн-жосық болып қосарланып та келеді. Мұның жосын варианты көне жырларда, өткен ғасырларда жасаған кейбір ақын-жыраулардың тілінде оқта-текте ғана ұшырасады. Ал қырғыз тілінде көбінесе жосун түрінде қолданылады. Мағынасы — «рет, тəртіп, жөн, жосық». Осыдан туған жосуундуу («халық дəстүрін ұстаушы, оны жақсы білетін адам»), жосуунсуз («тəртіпсіз, көргенсіз») дегендер де қырғыздың қазіргі тілінде қолданыстағы сөздер.

Сөйтіп, жосын сөзі — жосық сөзінің варианты болып, «жөн, рет, тəртіп» жəне «əдет-ғұрып,салт» мағыналарында қолданылатын сирек сөздердің бірі [3; 83].

Жосын сөзі кейбір диалектілерде қолданылатындығын айта келіп, Ə.Нұрмағанбетов былай дейді: «Дəстүр, əдет-ғұрып. Бұрынғы келе жатқан жосынды білмейді екенсің. Монғолдарда — ес, қалмақтарда — йосун, ал манчжур тілінде — йосу — дəстүр, əдет-ғұрып. Манчжурлар бұл сөзді қытай тілінен ауысып келген,» деп көрсеткен. Енді бір жерде йосо, йосу тұлғалары — сенім, сену, дəстүр мағыналарына ие екендігі жəне оның бұл тілдерге монғолдардан өткендігі белгілі.

Осы деректерге қарағанда, тіліміздегі ерекшелік болып көрінген «жосын» сөзінің төркіні — монғол тілі болса керек жəне сол тілден көршілес отырған түркі, тұнғыс-манчжур тобындағы кейбір тілдерге ауысқан деуге болады [4]. Ғалымдардың пікірлеріне қарағанда, ортақ көзқарастар байқалады. Тілімізде қолданылып жүрген жөн-жосық қос сөзінің түсініксіз сыңары «əдет-ғұрып, салт, тəртіп» деген мағынада қолданылып тұрғандығы айқын көрініс береді.

Жылы-жұмсақ қос сөзі жақсы тағам, піскен ас деген мағынаны білдіреді. Мұндағы жылы сөзін біз суық деген сөзге қарама-қарсы мағынада жұмсаймыз. Қос сөздегі жылы бұл мағынада емес.

Р.Сыздықова пікіріне сүйенсек, «бұл сөздің о бастағы тұлғасы жаулы / жаулығ / жағлығ болып табылады. Жағ — жау түбірі «май» деген ұғымды білдірген. Демек, еттің жылы-жұмсағы оның «майлы-жұмсақ», яғни ең дəмді жерлері, дегенді білдірген. Жау сөзінің көне замандарда «май» мағынасындағы сөз болғанын, оның жаужұмыр, жаубүйрек деген атаулар құрамында келіп, «май, майлы» деген ұғымды білдіргенін білеміз. Көне түркі тілдерінде де йағлығ-йумшақ деген қос сөз болған, оның бір мағынасы қазақ тіліндегідей, «жұмсақ» болса, екіншісі «бітік егін» деген ұғымды берген.

Сөйтіп, майлы, əрі жұмсақ деген сөздерден жасалған жылы-жұмсақ дегеннің бірінші сыңары жаулы сөзінің «майлы» мағынасы қазақ тілінде күңгірттенгендіктен, ол түсінікті жылы тұлғасына ауысып қалыптасып кеткен. Мағынасы күңгірт сөздердің тұлғасын ауыстырып жіберу — жиі кездесетін құбылыс» [3; 84]. Құнанбайдың үлкен шаңырағында, Ұлжан қолында жылы-жұмсаққа ие боп қалған Оспан еді (М.Ə.). Мысалдан байқағанымыздай, майлы, дəмді тəрізді мағыналар аңғарылады.

Сыбай-салтаң. Р.Сыздықова бұл сөз жайында: «Бұл сөз сыбай-сылтаң деген қос сөз құрамында айтылады. Ілгеріректе сыбай сөзінің жеке тұрып, белгілі бір мағынаны білдіргенін байқаймыз. Мысалы, «Қобыланды» жырында:

Көп қайырың тиеді

Еліңде қоңсы, сыбайға, –

деп келеді. Өткен ғасырда құрастырылған Н.И.Ильминскийдің сөздігінде «сыбай» — живущий близ чьего аула деген мəлімет бар. Сонда сыбай сөзі қоңсы сөзінің синонимі іспеттес болып келеді. Оны жоғарыдағы мысалда қатар қолданылғаны да дəлелдейді.

Сыбай-субай сөзінің екінші мағынасы жəне бар. Л.Будагов субай сөзі шағатай тілінде «салт, бір өзі, қарақан басы» (яғни баласыз, мүліксіз, туыстарсыз) ұғымы бары сезіледі. Қырғыз тілінде бұл сөз субай тұлғасында жəне қолданылып, малға қатысты айтылса, «төлсіз» дегенді (субай жылқы

«ішінде төлдері жоқ жылқы үйірі»), ал адам жайында айтылса, жалпы «баласыз əйел немесе бала- шағасын ертпей шыққан əйел» деген ұғымда жұмсалады: субай барамыз деген сөз — бала-шағасыз жəне артық жүксіз бір жерге кеткен не барған ересектердің айтатын сөзі.

Қазақ тілінде біреудің ауылына жақын келіп қоныс тепкен адамның сыбай аталуында да өз руластарынсыз салт, дара (бір өзі) деген мəні бар. Қоңсы да сондай: бұрын қоңсы қону деген сөз өз аталастарынан шығып, өзге атаның, өзге рудың адамын паналау дегенді білдірген. Сыбай сөзінің «бір өзі, қарақан басы» деген мағынасы Қобыланды сынды аға-інісіз жалғыз бас батырға астындағы тұлпарының:

Ат қылып тəңірім жаратты

Сен сықылды сыбайға, —

дегенінен де аңғарылады. Қазіргі əдеби тілімізде сыбай сөзі түсіндірме сөздікке жүгінсек, «жақын, аралас-құралас» деген мағынада қолданылады дейді, бірақ келтірілген мысалдар айтыс өлеңдер сияқты халық ауыз əдебиетінен алынған. Демек, бұл мысалдардағы сыбай сөзінің беріп тұрған мағынасы жырларда қолданылып бұрынғы мағынасынан алшақтамағанын көреміз. Қазірде бұл сөз жеке-дара сирек қолданылады» [3; 111]. Тағы бір қалың топ — сыбай-салтаң əйелдер батысқа қарай тартып барады (М.Ə.).

Қазақстанның солтүстік-батыс аудандарында сыбай сөзі «салт, басы бос» деген мағынада қолданылады. Бұл сөз тіркесіндегі сыбай сөзі кейбір түркі тілдерінде «бойдақ, жалғыз басты» деген мағынаны білдіреді: субай — əзербайжанша бойдақ [5]. Ал, салтаң сөзі салт сөзінің бір нұсқасы болуы ықтимал. Сонда, «салт, басы бос, бойдақ» мағынасын беретін екі түркі сөзі плеоназм ретінде қабат қолданылып, қалыптасып кеткенге ұқсайды.

Қос сөз құрамындағы сыбай сөзінің мағынасын Л.Будаговтың түсіндіруі орынды деп санаймыз.

Ал «салтаң», біздің ойымызша, «салт» дегеннен шыққан.

Тіліміздегі кейбір тұрақты тіркестердің құрамында мағынасы күңгірт сөздер де көптеп кездеседі. Мəселен, жұрдай болу, түйдей жасты, міз бақпау, мысы құру, сағы сыну, ту сырт, оқасы жоқ, қан базар, зығырданы қайнау, құрақ ұшу, аза бойы қаза болу, азан-қазан болды; сөзге қонақ бермеу, үл болмасаң, бүл бол; басы бапандай, аяғы сапандай//басы — бапан, аяғы — сапан; бармасаң бадал, қара жерге қадал; жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты т.б. тұрақты тіркестер құрамындағы сөздердің мағынасы күңгірт тартып, лексикалық бірлігінен айырылған. Мұндай жағдайға келтірген себептердің бірі — тұрақты тіркес шеңберімен шектелуіне байланысты, олардың тілдегі қолданылу жиілігінің азаюы. Сирек қолданылуының салдарынан бұл тəрізді сөздердің лексикалық мағыналары күңгірттенеді, бара-бар архаизмге ауысып, этимологиялық нысанға айналады. Жеке лексикалық бірліктердің кейінгі буындар үшін ұмыт бола бастауына екінші бір себеп

— олардың тұлғалық, дыбыстық өзгерістер де мағыналық өзгерістер тəрізді, белгілі бір морфологиялық жəне фонетикалық заңдылықтар негізінде пайда болып отырады. Осындай тілдегі болып жататын өзгерістер əсерінен тіл байлығымыз байып отырады. Бір жағынан, осы толассыз сырттан еніп жатқан ауыс-түйіс сөздер арқылы сөз қорымыз байып отырады, екінші жағынан, көнерген, ескірген сөздер жойылады. Бірақ көнерген, ескірген сөздердің бəрі бірдей біржола қолданыстан шығып қалмайды: олар бейне бір тіл тұлғасындағы ескінің елесі, көненің көзі іспетті өз нақыш-сəнімен, өз жарасымдылығымен көпке дейін сақталып қала береді. Бүгінгі буындардың біле бермейтін ана тіліміздің сыр-жұмбағы дегенде, біз тілдік қордың осындай жақтарына, осындай ерекшеліктеріне назар аударғаны жөн деп санаймыз.

Ала көз. Алабұрту. Ала ауыз. Фразеологиялық сөздікте ала жібін аттамады, ала арқан, ала көзімен атты т.б. ала сөзімен тұрақты сөз тіркестері қиянат жасамады, сұғанақтық істемеді, арамдыққа бармады, ат кекілін кесісті, біржола араздасты, бөлінді, жақтырмады, жаратпады деген мағынада жұмсалатындығы көрсетілген [6; 39]. Р.Сыздықова бұл сөздің жылқының түсін білдіретіндігін, кейбір біріккен (аламан, алапат), қос сөздер (алай-түлей), күрделі тіркестер құрамында (ала сапыран, ала қырғын, ала топалаң) «өлтіру, қырып-жою» мағынасын білдіретіндігін айтады [3; 28, 29]. Ала сөзінің бір мағынасы бірқатар түркі тілдерінде «келіспеушілік, араздасу, бөліну» екені көрсетіледі. Көне түркі тілдерінде де ала сөзінің бір мағынасы «келіспеушілік, қастандық» екенін М.Қашқари көрсетеді жоқ [7]. Ала көз, алабұрту, ала ауыз тіркестеріндегі келіспеушілік, қастық мəнін жасауға ала сөзінің мағынасы негіз болғанын байқау қиын емес. Бұл сөздердегі ала тұлғасының не түске, не ұрыс-соғыс ұғымына қатысы жоқ [3; 32].

Қазақ тіліндегі ала көлеңке, алагеуім, ала көбеде, алаң-елеңде, алажаулы бұлт, алақанат немесе аласабыр жер, аласабыр шақ, ала құйын, ала сапақ кез, қырғыз тіліндегі ала шабыраң немесе ала шабырт («көктемнің ерте кезі, аласабыр шақ»), алағанчық чыбырғақ, алабарман, аладүн, татар тіліндегі ала қар («ерте көктемдегі бір жерде еріп, бір жерде сақталған қар»), ұйғыр тіліндегі күн ала қашқа болғанда («алагеуімде»), ала-тайин («күмəнды, белгісіз») деген сөздерден көрінеді. Қырғыз тіліндегі ала жай («ерте көктем, яғни қыс емес, бірақ əлі жаз да емес аласабыр шақ») сияқты тіркестердегі ала сөзінің семантикалық кілтін да осы жерден іздеу керек, — дейді Р.Сыздықова [3; 170]. Ғалым бұл сөздің түркі тілдеріндегі мағыналарына тоқтала келе, əрі қарай «біркелкі емес, тегіс емес, анық емес» деген мағынадан «бейберекеттік, тəртіпсіздік, дүрбелеңдік» идеясы туады. Сондықтан бұл модификацияны, яғни ала сөзінің ауыспалы мағынасын қазақ тіліндегі алағай-бұлағай, алас- қапас, алагүлік, ала сапыран деген сөз тізбегінен табамыз. Бұл талданған мысалдардың барлығы ала сөзінің түпкі көне түркі тіліндегі де бар мағынасына қатыстылар. Ал қазақ тілінде ала компоненті бұл көрсетілгендерден өзге мағынада келетін сөз тіркестері мен туынды сөздер бар. Мысалы, алақ, алақта, алақ-жұлақ (қарау), көзі алару, қырғыз тіліндегі алағар, немесе алағай көз, алақсы, дегендердегі ала түбірі көздің аласы дегенге апарады .... Демек, бұл сөздің түпкі мағынасында шабуылға, талауға, қырғын-сүргінге қатысты мəн бар. Сөз тарихын қуалағанда, ала деген бір ғана тұлғаның туынды сөз, күрделі сөз, тіркес құрамында бірнеше мағынада келетіні байқалады. Ол мағыналардың бірқатары түпкі семантикадан тараған ауыспалы түрлері болса, енді біреулері «ұрыс, соғыс, қырып-жою» мағыналары бар жəне «көпшілік, масса» деген мағыналық реңкті қамтитын өз алдына бөлек сөздер болып шығады [3; 171, 172]. Біздіңше, бұдан шығатын қорытынды: ала сөзінің жоғарыда айтылған түрлі мағыналарда жұмсалуы деп білеміз.

Зығырданы қайнау. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» бұл фразеологизмді «ыза кернеу, ашулану, ызалану» деп түсіндіреді жəне оның «зығыры қайнау» түрінде айтылатынын ескереді [8, 297]. Зығыр — «ашу», «ыза», «кек». Кейінгі нұсқа алдыңғы нұсқаның қысқарған түрі. Өйткені бұл тұрақты сөз тіркесінің этимологиясы тек зығырдан сөзіне ғана байланысты анықталатынын көреміз. Бұл жердегі зығырдан парсы тілінен енген заһардан, яғни, «зəһəр, у құйған ыдыс», ауыспалы мағынада«өт жолы». Заһарданның зығырданға айналуы — қазақ тілінің дыбыстық жүйесі тұрғысынан дəлелдеуге болатын құбылыс: зəһəр сөзі (һ) дыбысының ерекшелігіне байланысты бірде зəр, бірде зығыр (һ-ғ, ə-ы) түріне ауыса береді. Сонда зығырданның қайнауы, яғни, у салған ыдыстың қайнауы мен қатты ашуланудың, бойды ыза кернеудің арасында логикалық та, образдылық та байланыс, ұқсастық бар. Бұл үдерістің биологиялық тұрғыдан да дəлелді екені сөзсіз [9; 293].

Зықын (зықысын) алды (шығарды) — əбігерге түсірді, берекесін алды, беймаза етті [6; 297]. Сонда тұрақты тіркес құрамындағы зығырдан сөзі жайында ғалым Ə.Қайдардың берген пікірі орынды екені талас тудырмайды.

Мысы құру. Мысы басты (жеңді) — сұсы басты. Мысалы: Əлде ел аузына ілінген жас батырдың мысы жеңді ме, бие сауымындай мезгіл алысқаннан кейін Байтабын жығылған-ды (І.Есенберлин).

Фразеологизмнің жалпы мағынасы елдің бəріне де түсінікті. Сонда мысы дегеніміз не? Бұл сөз осы тұрғанында тəуелдік форма түрінде келгендіктен, оның негізгі түбірлік тұлғасы мыс болмақшы. Бірақ, бұл мыстың «медь» мағынасындағы «металмен» еш қатысы жоқ. Қазақ тілінде мыс тек осы фраза құрамында ғана сақталып қалған да, оның бұрынғы лексикалық мағынасы ұмыт болған. Алайда бұл сөздің көне түркі, бірқатар қазіргі түркі тілдерінде де əр түрлі фонетикалық тұлғада (біс-быс-пыс- мыс-міс т.б.) сақталып, о баста да, қазір де пышақ, қылыш, селебе тəрізді кесетін аспаптардың өткір жүзін білдіретіндігін тарихи-салыстырмалы əдіспен толық дəлелдеуге болады. Сонда тіліміздегі мысы құру//мысы қайту фразалары басқаша айтқанда, «жүзі қайту, жүзі қайырылу, мұқалу» деген нақты мағынаның негізінде жасалып, идиомаға айналған. Ол «амалы таусылу», «беті қайту», «айла- шарғысы жетпеу», «амалсыздану» тəрізді мағыналарда қолданылғандықтан, о бастағы «жүз» мағынасынан мүлдем алыстап кеткен жəне ұмыт болған [9; 291].

Сұс — айбат, қаһар, ызғар. Сұс көрсетті — сұстанды, айбаттанды [8; 748].

Мыс сөзі, сонымен, түркі тілдерінің өзіне ғана тəн төл түбірі. Оның арғы төркініне барсақ, тілімізде күнделікті қолданылып жүрген пышақ, пішу, пішен тəрізді сөздердің өздерімен тарихи түбірлес екенін көреміз. Басқаша айтқанда, мыс та, піш те бір түбірден өрбіген сан алуан этимологиялық нұсқалардың бір көріністері ғана. Дəл осы сөз, мысалы, қазіргі ұйғыр, тува, т.б. тілдерде бис түрінде жеке-дара қолданылып жүр. Бұл түбір сөз түркі тілдерінде етіс жəне етістік мағынасында қатар айтыла беретін көне синкретикалық түбірлер қатарына жататыны өзінен-өзі көрініп тұр: піш бірде пышақтың жүзі, кесетін жағы да, бірде кесу, пішу қимылының өзін білдіріп тұр [9; 291].

Ал, этимологиялық анализді ары қарай тереңдете түссек, піш/біс түбірлерінің өзі Махмұт Қашғари заманында туынды түбір болып есептелген; көне ұйғыр жазу ескерткіштер тілінде бі- [бі-]«пышақтың жүзі, пышақ сияқты аспап» мағынасында қолданылған [9; 292].

Біздің ойымызша, бұл сөздің пышақтың жүзімен, өткірлігімен байланысы бар екені аңғарылады.

Сөздердің тарихы, олардың шығуы мен қалыптасу құбылысы еш нəрсені аңғартпайтын, өзімен- өзі қалып қоятын құбылыс емес. Сөздердің өзгеріп даму тарихынан, əсіресе олардың мағыналық жақтан даму тарихынан, адам ойлауының табиғат құбылыстары мен қоғам құбылыстарын ғасырлары бойы танып-білуге ұмытылып күш салуының тарихы көрінеді [10] деген пікірді орынды деп санаймыз.

Тіл байлығын этнолингвистикалық тұрғыдан зерделеу — бұл этностың тіл əлеміне тəн лексикалық байлықты тұтас та түбегейлі меңгеру, мəн-жайын терең түсіну жəне түсіндіру арқылы этнос болмысын паш ету деген мəселе.

Тіліміздегі мағынасы түсініксіз сөздердің сырын ашуда академик Р.Сыздықованың еңбегі өте зор екендігін аңғардық. Cөз этимологиясын зерттеу, əрине, оңай емес. Бүгінгі таңда бізге беймəлім, мағынасы күңгірттенген, қолданылуы шектелген сөздердің бірқатарын ғасырлар бойы қалыптасып, тұрақтанып, біртұтас болып құрылған сөздерді фразеологизмдер немесе қос сөздер құрамынан іздегеніміз абзал. Ол үшін тұспал, жоба емес, пайымды да, жүйелі зерттеулер қажет.

 

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Нұрмағамбетов Ə., Жүнісбеков Ə. Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мəселелері. — Алматы: Ғылым, — 200 б.
  2. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. — Алматы: Ана тілі, 1994. — 118-б.
  3. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. — Алматы: Санат, 1994. — 272 б.
  4. Нұрмағанбетов Ə. Тіліміздегі кейбір диалектизмдер төркіні // Қазақ тіліндегі аймақтық ерекшеліктер. — Алматы: Ғылым, 1990. — 26-б.
  5. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. — Алматы: Ғылым, 1966. — 178-б.
  6. Фразеологиялық сөздік. — Алматы: Арыс, 2007. — 800 б.
  7. Қашқари М. Диуани лұғат-ат-түрік. — ІІ-т. — Алматы: Хант, 1997. — 142-б.
  8. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. — Алматы: Дайк-пресс, 2008. — 968 б.
  9. Қайдар Ə. Қазақ тілінің өзекті мəселелері.– Алматы: Ана тілі, 1991. — 209 б.
  10. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. — Алматы: Мектеп, 1978. — 79-б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.