Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жаңа дəуірдегі жаңа сөздік

Бүгінгі тіл білімінде лексикография мəселесі үлкен орын алады. Барлық жазба тілдердің сөздіктері жарық көріп жатыр. Қазіргі заманауи сөздіктер көп жағдайда екі тілді я үш тілді болып жарық көреді. Оның себебі — ұлтаралық, мемлекетаралық катынас ұлғайып барады, сондықтан бүгінгі жаһандану саясатында қатынастың бəрі биік қызмет аткарады. Қостілді я көптілді сөздіктер сол тілдесімдік қатынасты күшейтуге, жүйеге келтіруге лексикалық негіз болып табылады.

Қазақ, поляк жəне əлемдік лексикографияда бір жаңалық дүниеге келді. Ол жаңалық —«Қазақша-полякша сөздік». Сөздік — адамзат тарихында үлкен қызмет атқаратын жазба дүние; əр дəуірдегі тілдің байлығын, екі-үш-төрт тілдің лексикалық қорындағы мағыналық ұқсастықтар мен айырмашылықтарын таңбалап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін лексикографиялық ескерткіш. Лексикография ілімі тіл білімі құрамында жеке ғылым ретінде қалыптасты, себебі адамзаттың кешегі, бүгінгі, ертеңгі тарихында сөздіктің жан-жақты мəні өте биік [1–6]. Лексикографияның бірнеше салалары бар. Лексикографияның негізгі нысаны мен пəні — сөздік жасаудың теориясы жəне тəжірибесі (практикасы) [6; 258, 259].

Гүляйхан Ақтай мен Хенрик Янковскийдің «Қазақша-полякша сөздігі» («Slownik kazachsko- polcki») практикалық лексикография саласында жүргізілген ізденістердің нақты көрсеткіші, нəтижесі [7]. Сөздік 2011 жылы Поляк Республикасының үлкен ғылыми орталығы — Краков қаласында жарық көрді. Сөздікке 20000 (20 мың) сөз енген, көлемі 640 бет.

Сөздіктің авторлары (құрастырушылары) Познань қаласындағы Адам Мицкевич атындағы Университеттің азиятану кафедрасының түрік жəне қазақ бөлімінің қызметкерлері — ғылым докторлары, профессорлар Гүляйхан Ақтай жəне бүгінгі түріктану əлемінде үлкен орынға ие болған ғалым Хенрик Янковский.

Жалпы айтатын болсақ, профессор Хенрик Янковский жəне профессор Гүляйхан Ақтай Еуропаның қақ ортасында (Познань қаласында) қазақ тілін дамытып, еуропалықтардың арасынан қазақ тілін қолданушылардың санын көбейтіп, қазақ тілін зерттеушілерді саналы деңгейде дайындап жатқан белгілі тілшілер.

Қазақ тілі бөлімін Адам Мицкевич атындағы Университетінде ашып, оны қалыптастырып, жоғарғы деңгейге көтеруде профессор Хенрик Янковскийдің қызметі теңсіз. Бас иіп, тізе бүгіп, тағзым жасайық. Осы рецензияның авторы (яғни Маханбет Джусупов) 2001 жылдан бері сол жағдайдың басы қасында болғандықтан, осындай биік баға беріп отыр.

Адам Мицкевич атындағы Университеттің құрамында əр жылы 15–16 баланы қазақ бөліміне (бакалавр) қабылдайды (барлық орындар — грант, яғни бюджеттік). Одан басқа магистратура бөлімі де бар. Дəл осындай жағдай түрік тіліне де толық қатысты.

Алматы, Астана, Қарағанды... қазақтарының біразы қазақ тілінде сөйлемейді, бірақ Еуропада (Польшада) біраз еуропалықтар қазақша сөйлейді жəне қазақ тілін кəсіби (мамандық) тіл деңгейінде қолданады. Ғажайып жағдай. Бұл жағдайды бүгінде өмірге келтіргендер профессор Хенрик Янковский, профессор Гүляйхан Ақтай жəне сол бөлімде жұмыс істейтін тағы да басқа оқытушылар. Кімге рахмет айтамыз? Алматыда, Астанада, Қарағандыда генетикасы қазақ балаларын қазақшадан жырақта қалдырған ата-аналарға ма, оқу департаменттеріне ме, мұғалімдерге ме, жоқ, əлде қазақ тілді ортасы жоқ Еуропада, генетикалық поляк жəне басқа ұлт балаларын қазақша сөйлейтіп, қазақ тілі негізінде əлеуметтік қызмет атқару деңгейіне жеткізген ұлты қазақ емес, ғұлама түркітанушы Хенрик Янковский жəне оның төңерегіндегі, сонымен бірігіп, соның бағдарламасымен қазақ тілін жат елде дамытып жаткандарға ма? Əрине, Хенрик Янковскийге жəне ол жетекшілік жасайтын бөлімдегі қызметкерлерге.

Осындай жағдай болған соң (қазақ тілі маманын поляк жастарының ішінен дайындау), жаңа лұғат (сөздік) қажеттілігі туды. Сол себепті қазақша-полякша сөздік жасалды. Үлкен жеңіс. Жалпы тіл танымы ғылымындағы үлкен лексикографиялык, əлеуметтік табыс.

Адам Мицкевич атындағы Университеттің құрамында қазақ бөлімінің ашылуына 10 жыл толмай 20 мың сөзден тұратын үлкен қазақша-полякша сөздік жарық көрді. Сөздік студенттің, жалпы оқырманның қолына тиді.

Қазақстанда ағылшын, француз, неміс тілдері қазақ мектептерінде оқытылады (шет тілі пəні). Шет тілдерінің қазақ мектебіне жеке пəн ретінде енгеніне 70 жылға жуық уақыт болды. Бірақ жақын күнге дейін бастауыш сыныптарға, я басқа (одан жоғары) оқу деңгейіне арналған жеке қазақша- ағылшынша, қазақша-французша т.б. сөздіктер жарық көрмеді. Бар сөздіктер — жалпы сөздіктер. Ол сөздіктерде адресат пен адресанттың арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері ескерілмеген: я білім деңгейіне байланысты, я əлеуметтік топтың ерекшеліктеріне, я лингводидактикалық жəне əдіснамалық концепцияларға, я сөздер минимумына байланысты.

Арнайы қазақша-жат тіл сөздіктері енді шыға бастады (70 жылдан соң). Ал арнайы қазақша- полякша сөздік Польшада қазақ бөлімінің ашылғанына 10 жыл толмай жарық көріп тұр. Бұның себебі неде?

Біріншіден, іскерлікте, биік кəсіпқойлықта; екіншіден, саяси жəне əлеуметтік сəтті түсіне біліп, сол беті бері қараған саяси-əлеуметтік жағдайды уақытында пайдалануда; үшіншіден, өз кəсібіне биік құрметпен қарауда; төртіншіден, əр түрлі əлеуметтік топтар арасында өзінің мамандығына байланысты жағдайларды кеңірек таратуды мақсат тұтуда т.б.

Сонымен, қазақша-полякша сөздік — арнайы сөздік, себебі луғатқа сөйлесім жəне жазылым тілдесімі түрлерінде жиі қолданылатын 20 мың сөз енген. Сөздік лексикография ілімінің талаптарына, ұстанымдарына толық жауап береді [6].

Сөздіктегі 20 мың сөз əлеуметтік салалардың негізгі бес түрінде жиі қолданалатын функционалдық стильдерінің тіл бірліктері. Ол əлеуметтік салалардағы функционалдық стильдер мыналар: тұрмыстық қарым-қатынас стиль саласы; ресми стиль саласы; публицистикалық стиль саласы; ғылыми стиль саласы; көркем əдебиет стиль саласы. Сонымен, тұнғыш жарық көрген қазақша-полякша сөздік бүгінгі қоғамдық өмір сүру салаларының негізгі ұғымдық дүниелерін қамтыған. Яғни бұл сөздік əрі арнайы, əрі жалпылама:

  • арнайы, себебі əр əлеуметтік салада қызмет атқаратын тұлға сөздікті қолданса болады;
  • жалпылама, себебі сөздік бір əлеуметтік топқа, я нақты бір білім беру деңгейіне бейімделмеген. Əр əлеуметтік саладағы қызметкер, əр білім беру деңгейіндегі оқытушы жəне оқушы сөздіктен өзінің əлеуметтік өмір сүру дағдысына байланысты сөз бірліктерінің аударма түсіндірмесін тауып алып қолданады.

Сөздіктің жалпы саяси, дипломатиялық, тілтанымдық, əлеуметтік, ағартушылық мəні өте биік. Сөздіктің саяси жəне дипломатиялық мəні теңсіз. Бұл сөздік Қазақстанның тəуелсіздік өмір сүру заманында жарық көріп тұр. Тəуелсіздік Қазақстанның басқа мемлекеттермен, халықтармен саяси, дипломатиялық, біліми, ғылыми қарым-қатынастарды өз еркімен, өз көзқарасымен жасауға жағдай жасады. Талқылап жатқан полякша-қазақша сөздік — сондай еркін саясат жүргізу барысының нəтижесі.

Сөздіктің дипломатиялық мəніне келетін болсақ, онда бұл еңбек Қазақстан мен Польша қарым- қатынасын араша тілсіз (орыс, ағылшын), екі елдің мемлекеттік тілдерінде жүргізу мүмкіндігіне үлкен ықпалын тигізетіндігін айтуымыз керек. Бұл сөздік қазақша-полякша катынастардың басталуына, жалғасуында, қалыптасуына негізгі ауызша жəне жазбаша тілдесімдік құрал болайын деп тұр. Батыс пен Шығыс көне заманнан бері тығыз қарым-қатынаста. Бүгінде көп жағдайда Батыс пен Шығысты сөз қылғанда Еуропа жəне Азия (Азия жəне Еуропа) дейді. Мұндай синонимиялық атауға біз қарсы емеспіз. Бұрынғы Кеңес мемлекетінің «құшағынан» шыққан Азиядағы жаңа тəуелсіз мемлекеттердің Еуропамен қарым-қатынасы тікелей болды. Бұл жағдай Еуропа мемлекеттері мен Орталық Азиядағы бүгінгі егеменді республикалардың қарым-қатынас үрдісіне жаңа рухани, жаңа қоғамдық, жаңа психобейнелік, жаңа тілдесімдік түсініктер алып келді.

Сондай жаңашыл көрсеткіштің бірі — «Қазақша-полякша сөздік». Еуропа мен Азияның көп ғасырлы қарым-қатынасының тарихында бұл сөздік сол үлкен жəне ұзақ тарихтың жаңа бетін, жаңа қырын ашып, жарнамалап тұр, яғни жаңа дəуірде сол көне тарихтың тың жерлерінің біразын игеріп, гүлдастан етіп тұр.

Сөздіктің əлеуметтік мəні де жоғарғы деңгейде. Сөздік лексикографиялық құрал ретінде түрлі- түрлі əлеуметтік салаларда қызмет ететін, оқитын т.б. жеке адамдарды, қоғамдық топтарды қостілділікті игеруде тілдесімдік қарым-қатынас кеңістігін кеңейтуде, тереңдетуде, биіктетуде сапалы қызмет атқаратын болады.

Сөздіктің жалпы тілтанымдық жəне лексикографиялық мəні де орасан биік:

  • қазақша-полякша сөздік қазақ тіл біліміне де жалпы жəне салыстырмалы тіл біліміне де жаңалық алып келіп тұр, себебі екі ұлттың тілтанымы ғылымында бұрын кездесетін жаңа ұғымдарды, олардың атамаларын алып келді;
  • қазақша-полякша сөздік жалпы славянтанымына да, түркітанымына да жаңашыл материал, жаңашыл ықпал алып келді. Бұл сөздік кеше, я арғы күні кездеспеген екі тілді сөздіктерді жасауға үлгі болып тұр (полякша-өзбекше, болгарша-қазақша, болгарша-өзбекше т.б.);
  • қазақша-полякша сөздік əлемдік лексикография тарихында бірінші рет жасалып тұр. Яғни сөздік тек поляк, я тек қазақ тіл білімдерінің лексикографиясының деңгейін ғана емес, əлемдік лексикографияның деңгейін де əрі көтеріп, əрі кеңейтіп тұр.

Сөздіктің ағартушылық жəне біліми мəні бар екендігі де күдік тудырмайды. Əр сөздік (əсіресе қостілді сөздік) міндетті түрде жаңа қоғамдық, ғылыми, біліми, тағы басқа ақпараттың кені. Екінші тілді игеріп жатқан тұлға үшін мұндай ақпарат үлкен ағартушылық, біліми қызмет атқарады, себебі ол ана тілінде білетін ұғымдардың, құбылыстардың... атауларын, қолданыс салаларын, тілдік, тілдесімдік жəне əлеуметтік қасиеттерін игереді, ал мұндай жағдайдың негізгі қорытындысы — ағартушылық, біліми.

Сөздік қазақша-полякша болғандықтан, еңбектің бірінші материалы қазақ тілі материалы болып тұр. Поляк тілі екінші, яғни аударма, тіл. Сөздіктің мағыналық құрылымы осындай болған соң сөздікте қазақ тілінің, қазақ дүниетанымының, қазақ мемлекетінің ішкі жəне сыртқы дүниесі славян тілдерінің үлкен бір түрі — поляк тілінде тікелей (сөзбе-сөз) аударылып (тура баламасы, эквиваленті бар болса), я түсіндірмелеу əдісімен беріліп тұр (тура баламасы (эквиваленті) жоқ болса).

Сөздіктегі аудармашылық еңбекке тағатын мініміз жоқ. Аударма ілімінің (тəржімелеу) əдіс- тəсілдері орынды жəне ұтымды қолданылған.

Сонымен, сөздікте 20 мың сөз аударылған. Мұнша сөз көлемі екінші тілді игеруге жеткілікті ме? Жоғарыда айтып өттік, жеткілікті. Мұндай шешімнің дəлелі, яғни, ғылыми негізі бар. Бұл мəселеде біз психологтардың, психолингвистердің, лингводидакттардың, əдістемешілердің зерттеу жұмыстарының қорытындыларына сүйеніп отырмыз. Олар былай дейді. Бір карапайым адам (бір тілдік тұлға жəне сол тілде сөйлейтін жалпы қоғам) өмірінде 10 мыңға (10000) жуық сөзді игереді екен (ғалым емес, филология маманы емес, яғни қатардағы тілді қолданушы индивид). Сол 10 мың сөздің 5 мыңын (50000) тіл тұлғасы 5 жасқа толып алты жасқа аяқ басқан кезде игеретін болады екен. Яғни 5 жасқа толған соң бала ана тіліндегі (я ана тілінің қызметін атқарған тілдің) 5 мыңға жуық сөзді түсінетін болады: біреу сөйлегенде құлағымен қабылдап, мағынасын түсініп, өзі де тілдесім барысында қолдана алатын болады. Бес жастан алты жасқа кетіп жатқан бала 5 мың сөзді жатқа айтып бере алмайды, бірақ сөйлесім барысында (тілдік қарым-қатынаста) сонша сөзді түсіне алады. Сол бес мың сөздің құрамындағы кейбір сөздер бала үшін бейтаныс, жат тілдің сөзі деңгейінде, ұғымында естілмейді. Қалған 5 мың (5000) сөзді адам бүкіл өмірі бойы игереді екен (біреу тезірек, біреу жай т.б.). Біреу 10 мың сөзді білгенімен, оны қолданбайды да, себебі оның күнделікті өмір сүру дағдарысында он мың сөзді қолдану қажет емес.

«Қазақша-полякша сөздікте» («Stownik kazachsko-polski») 20 мың сөз. Яғни бұл сөздік кішкентай емес, себебі қарапайым тіл тұлғасы игеретін 10 мың сөзден екі есе көп. Сонымен, бұл сөздік психолингвистикалық, психолингводидактикалық, əдістемелік талаптарға да сəйкес жасалған болып тұр.

Сөздік құрылымы əрі дəстүрлі, əрі инновациялық. Сөздік 12-бөлімшілерден тұрады.

1.а) Сөздіктің мұқабасына қалың ламинация жасалған. Мұқабаның түсі аспан реңті (көгілдір). Авторлардың аты-жөні қара əріптермен маркерленген. Сөздіктің аты үлкен ақ əріптермен маркерленген. Мұқабаның сол жағында вертикаль (тік) түрде қазақша ою-өрнек суреттелген. Мұқабаның төмен жағында «KSIĘĞRNIA AKADEMICKA»-ның аты жəне логотипі көрсетілген.

Барлық жазулар поляк тілінде берілген. Сөздік мұқабасының екінші бетінде — сөздік жайында қысқа мəлімет, штрихкод, қазақша ою-өрнек таңбаланған. Барлық жазулар поляк тілінде берілген.

ə) Одан соң сөздіктің титул парағы. Онда авторлардың аты-жөні, сөздіктің аты, кітаптың шыққан жылы (2011), қаланың аты (Краков) жəне «KSIĘĞRNIA AKADEMICKA»-ның аты жəне логотипі көрсетілген.

  1. Сөздіктің ішкі дүниесінің мазмұны (оглавление) 12 бөлемшеден тұрады. Тарау, тармақ, бөлім, бөлімше атаулары поляк тілінде берілген.
  2. Одан соң поляк тілінде қысқа аннотация берілген (Drzedmowa).
  3. Одан соң поляк тілінде қазақ лексикографиясы жайында мəлімет берілген [7; 9–13].
  4. Сөздіктің 14–18-беттерінде жалпы қазақ тілі, қазақ лексикографиясы жайында (монотілді,қостілді) библиография берілген. Библиография жан-жақты, яғни толымды берілген.
  1. Сөздіктің 19–22-беттерінде қазақ тілінің əліпбиі жайында, кейбір сөздер мен сөз тіркестердің ішкі мағынасындағы фоноварианттық ерекшеліктері жайында поляк тілінде мəлімет берілген. Мысалы: тұрғын, тұрғын үй; самауырын — самауыр; шуақ — шуағы т.б.
  2. Сөздіктің 22–23-беттерінде пайдаланылған қосымша лұғаттық таңбалар тізімі берілген. Оларға поляк тілінде түсініктеме келтірілген.
  3. Сөздіктің 23–24-беттерінде лұғатта пайдаланылған шартты қысқартулардың латиницадағы тізімі, поляк тілінде түсіндірмелері берілген.
  4. Сөздіктің 25–26-беттерінде қазақ əліпбиінің тізімі, əріптердің аталуы, сөйлем үрдісіндегі дыбысталуы (орфоэпия), латын жазуындағы баламалары берілген.
  5. Сөздіктің 26-бетінде қазақ тілі сингармофонемаларының (фонемаларының, яғни сөз мағынасын өзгертетін дыбыстарының) түрлері (классификациясы, жүйеленуі) жайында поляк тілінде қысқа, бірақ нақты мəлімет берілген.
  6. Лұғаттың 27–600-беттерінде қазақша-полякша сөздіктің өзі (яғни сөз тізбегі) аудармасымен берілген. Сөздік əліпбилік ұстанымда жазылған.
  7. Сөздіктің 601-бетінен бастап соңына (640-бетіне) дейін қазақ тіліндегі адам есімдерінің (аттарының) тізімі алфавиттік (əліпби) ретте берілген.

Сөздіктің бұл бөлімінің басында қазақ тіліндегі адам аттары (есімдері) жайында қысқа мəлімет берілген (жасалу жолы, жазылу ерекшеліктері), содан соң есімдер тізімі басталады.

Адам есімдері сөздіктің бұл бөлімінде бір бетте екі қатар болып берілген, ал бұның алдындағы жалпы қазақша-полякша сөздік бір бетте бір қатармен берілген: қазақ сөзі — поляк тіліндегі аудармасы.

«Қазақша-полякша сөздікке» қазақша адам есімдерін жеке бөлім етіп, екі қатармен 40 бетте беру— үлкен ұтыс, жаңалық, себебі бұдан басқа (біз білетін) қазақ тілі жəне қостілді сөздіктерде адам есімдерінің бөлек лұғатша болып берілгенін кездестірмедік [8].

Бұл жағдай қазақша-полякша сөздіктің инновациялық (жаңашыл) қыры көлемді екенін көрсетіп тұр.

Екінші тілге үйрету барысында əдет бойынша фонетикаға, лексикаға, грамматика, синтаксиске, тілдесім түрлеріне (тыңдалым, сөйлесім, оқылым, жазылым, аударма, іштей сөйлеу) үлкен көңіл бөлінеді. Лексикаға байланысты сол тілдегі географиялық атауларға, салт-дəстүр түрлерінің айтылуына (яғни лингвомəдениеттануға), мемлекеттанымға байланысты теориялық, əсіресе практикалық (тəжірибелік) лингводидактикалық жəне əдістемелік ізденістер, ұсыныстар жасалады, оқулықтар, оқу құралдары жазылады.

Жат тілді үйрену барысында тұлға қоғам тілді жүйе ретінде (статиканы жəне динамиканы) игереді. Бірақ көп жағдайда сол оқыту жүйесі құрылымынның ішкі дүниесінде адам есімдеріне көлемді көңіл бөлінбейді. Тек екінші тілге үйрету барысында тілдесім сəттерінің түрлеріне байланысты мəтіндегі контекстің мағынасына байланысты екі тілдегі адам есімдері пайдаланылады. Яғни екінші тілдегі адам есімдеріне байланысты арнайы лингводидактикалық, əдістемелік іс- əрекеттер жасалмайды, я өте сирек жасалады. Сондықтан тұлғаның, əлеуметтік топтың екінші тілді игергенімен, сол тілдегі адам есімдерінің көлемі, түрлері, этимологиясы т.б. жайында хабары өте аз болады.

Бұл еңбекте («Stownik kazachsko-polski») осындай көлеңкеде қалып кететін мəселеге (адам есімдеріне) үлкен көңіл бөлінген. Сөздіктегі адам есімдерінің қазақша атауларының саны — 3131. Бұл көлемді дүние. Жат (екінші) тілдегі адам есімдерін жақсы білудің (мағынасын, шығу тегін, фоноварианттарын, толық жəне қысқартылған түрлерін, стилистикалық реңкін (кітаби, бейтарап, тұрмыстық қарым-қатынас, яғни көтеріңкі, нейтрал, төмендетілген) үлкен лингвистикалық, лингвомəдениеттанымдық, лингвокогнитивтік мəні бар. Себебі қазақ халқы балаға ат қойғанда ниетпен қояды. Мысалы: Бахыт (бахытты болсын, өмірі қиын болсамын); Ұлжалғас (көп қыздан соң ұл туылсын); Айсұлу (қыз айдай жарық, нұрлы, түнде жарық, беті айдай сұлу болсын); Абай (Абайдай биік саналы, терең ойлы, парасатты, ақын жүрек болсын); Айдария (қыз айдай жарық, нұрлы, кең- жарқын дарияның суын түнгі ай жарқыратқандай жарық, сұлу, кең, мол болсын).

Сонымен екінші (үйреніп жатқан) тілдегі адам есімдерінің түп мағынасын білу халықтың ішкі дүниесін, мəдениетін, тарихын игеруге негізгі фактордың бірі болады: символ-есімдердің (Күлтегін, Алпамыс, Абай, Махамбет, Исатай, Кенесары) лингвомəдениеттік дүниесін, есім ұғымының лингвокогнитивтік құрылымын, когнитивтік картасын игеруге орасан көмегі тиеді.

Сонымен, тілдегі адам есімдерінің қорынан жасалған сөздіктің нақ тілтанымдық, лингвомəдениеттік, лингвокогнитивтік, тарихи, əдістемелік т.б. мəні өте биік. Біздің ойымызша,«Қазақша-полякша сөздіктің» («Stownik kazachsko-polski») авторлары Гүляйхан Ақтай, Хенрик Янковский осы нақ ғылыми жəне біліми-əдістемелік жағдайларды терең түсінгендіктен, сөздіктің құрамына қазақша адам есімдерінің сөздікшесін енгізген (3131 есім). Əрине, есімдер сөздікшісіне қазақ есімдерінің бəрі енбеген, бірақ басым көпшілігі қамтылған. Мысалы: Шəкір, Шəкірбек есімдер сөздікке енген де, осы есімнің толық түрі (Шəкірмəкіріп) сөздікке енбей қалған [7; 238].

Сөздік жасаушылардың жоспарында қазақша есімдердің бəрін сөздікке ендіру керек деген ұстаным болмаған. Неге?

Біріншіден, бүгінде қазақша адам есімдерінің бəрін лұғатқа енгізу мүмкін емес, себебі күн сайын жаңа есімдер пайда болып жатыр. Мысалы; Азия ойындарынан соң, Жапонияға барып келген бір профессор дүниеге келген немересін Сакура деп атады; бұрын қазақтың дария сөзінен жасалатын қыз есімі болмаған. Бүгінде қазақ тілінің сөзжасам жолдарын пайдаланып, Айдария, Гүлдария, Ақдария есімдері пайда болды. Осы үш есімнің екеуі (Айдария, Гүлдария) сөздіктен орын алған, ал біреуі (Ақдария) сөздіктен орын алмаған. Мұндай жағдай қазақ есімдерінің қорының күннен күнге, жылдан жылға қарай көбейіп бара жатқанын білдіреді, типологиялық түрлерінің жан-жақтылығы кеңейіп, биіктеп, тереңдеп бара жатқанын білдіреді.

Екіншіден, сөздіктің авторлары қазақша есімдер лұғатшасын жасағанда, қазақ есімдерінің жасау үлгісін, жолдарын (сөзжасам үлгілерін) жəне негізгі (дəстүрлі) қалыптасқан түрлерін таңбалауда жарнамалауды көздеген. Сөздік авторлары бұл міндеттемені жоғарғы деңгейде орындаған.

Əрине, сөздік авторлары қазақ есімдерінің лұғаттамасын жасау барысында есімдердің шығу тегі (этимологиясын) жайында қысқа мəлімет бергенде нұр үстіне нұр болар еді. Мысалы: діни, араб, парсы, жалпы түркі, латын, грек, нақ қазақи т.б. Біздің ойымызша, талқыланып жатқан сөздіктің жасалу үрдісінде ондай міндет орын алмаған, себебі бұл сөздік этимологиялық сөздік емес, я тек қазақ есімдеріне арналған сөздік емес. Сөздіктегі қазақ есімдерінің лұғатшасы, қазақ тілі жайындағы мəліметті оқырманға жан-жақты беру үшін жасалған. Бұл міндеттемені Гүляйхан Ақтай мен Хенрик Янковский жоғарғы деңгейде орындаған.

Қазақ есімдері жайында этимологиялық мəлімет беру, сөздік авторларының келешек еңбектерінен орын алар деген үміттеміз. Бұлар жасаған үлкен дүниедегі (есімдер лұғатшасындағы) адам есімдерінің əрқайсысына шығу тегі жайында мəлімет берілсе, онда бұл еңбек жеке «Қазақ есімдері сөздігі» ретінде жарық көруі тиіс.

Ондай сөздіктер əлемдік тіл білімінде жасалған. Мысалы, жақында (2012 жылы) Польшаның Познань қаласында «Словарь древнерусских именований XI–XIV веков» атты сөздік жарық көрді. Авторы — Мариан Войтович [9]. Еңбек Познань лингвистикалық мектебінің дəстүрінде орындалған. Осы сөздікте көне орыс тіліндегі адам есімдерінің шығу тегі (этимологиясы) жəне қандай жазба ескерткіштерде кездесетіні жайында мəлімет берілген [9].

Қазақ тіл білімінде «Қазақ есімдері: сөздік-анықтама» бар. Ол еңбектің авторлары — Т.Жанұзақов, К.Есбаева [10]. Біздің айтып тұрғанымыз: қазақ есімдері сөздігінде ғылыми мəлімет толыктырылған болса: этимология, қай дəуірде қазақ тіліне енді, қандай сөзжасам үлгісімен жасалған, бірінші рет қандай көне жазба ескерткіштерде, мифтерде, аңыздарда кездеседі, орфоэпиялық фоноварианттары, стилистикалық ерекшеліктері т.б.

Біздің ойымызша, қазақ есімдерін жоғарыда көрсетілген мəліметтермен толықтырып, жеке сөздік ретінде жарияласа, қазақ тіл біліміндегі тың болып жатқан бір сала игерілген болар еді. Осындай еңбекті (қазақ есімдері сөздігін) дүниеге келтіруге бүгінде ең жақын тұрған мамандар — Хенрик Янковский мен Гүляйхан Ақтай.

Поляк халқынан шыққан зиялылардың Қазақстанмен, қазақ халқымен байланысы XIX ғасырда басталған. Ресей Империясының мекемелерінде қызметте болған поляк зиялылары (тарихшы, өлкетанушы, мемлекет қызметкерлері) қазақ жеріне əр түрлі жағдайлармен келіп (жер аударылу, қызмет бабымен т.б.), тек колониялдық емес, ағартушылық та, өлкетанушылық та, тарихи да ізденістер алып барған я ұйымдастырған. Сондай поляк зиялыларының бірі — əскері тұлға, полковник К.К.Гутковский [11; 131, 232].

К.К.Гутковский Шоқан Уəлихановпен тығыз байланыста болған, яғни достық жəне кəсіби қарым-қатынаста. К.К.Гутковский Шоқан Уəлихановтің ұлы тұлға ретінде қалыптасуына өзінің жағымды əсерін тигізген зиялы, XIX ғасырдағы қазақ ұлтының ішкі жəне сыртқы қасиеттерін орыс тілінде көрсетуде көзге түсетіндей із қалдырған тұлға. ХХ ғасырдың соңы — XXI ғасырдың басында қазақ тілімен жалпы қазақтану мəселелерімен терең жəне кең шұғылданып жүрген поляк зиялылары қатарынан шыққан ірі түркітанушы профессор Хенрик Янковский.

Сонымен, қазақ жерінде XIX ғасырда ұлты поляк зиялылар салып кеткен ғылыми арна қазіргі кезде қайтадан жаңғыртылды: жаңғырту үрдісінің шырақ жағушылары — профессор Хенрик Янковский жəне оның Познань қаласындағы Адам Мицкевич атындағы Университетте қызмет атқаратын, зерделі ғалым, қазақтың қызы, жұбайы Гүляйхан Ақтай.

Жақсы бастау сəтті жалғасын тапты.

Сонымен, қазақ-поляк қостілді сөздіктің ішкі дүниесі, құрылымы əрі классикалық, əрі жаңашыл. Сөздік авторлары Гүляйхан Ақтай, Хенрик Янковский өз еңбектерінің келешегіне ғылыми- əдістемелік жаңашыл көзқараспен қараған. Яғни «Қазақша-полякша сөздік» («Stownik kazachsko- polski») — жаңа дəуірдегі жаңа сөздік.

 

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Апресян Ю.Д. Избранные труды. — Т. Интегральное описание языка и системная лексикография. — М.: Языки русской культуры, 1995. — 767 с.
  2. Залевская А.А. Слово в лексиконе человека. Психолингвистическое исследование. — Воронеж: Изд-во Воронеж. ун- та, 1994. — 206 c.
  3. Берков В.П. Двуязычная лексикография. — СПб.: Изд-во СПбГУ, 1996. — 248 с.
  4. Дубичинский В.В. Лексикографические заметки. Рекомендации создателям словарей. — Харьков: Изд-во ХПУ, 1994. — 301 с.
  5. Малбақов М. Қазақ сөздіктері: Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ сөздіктері хақында. — Алматы: Ана тілі, — 112 с.
  6. Гак В.Г. Лексикография // Большой энциклопедический словарь. — Языкознание / Гл. ред. В.М.Ярцева. — 2-е (ре-принт.) изд. — М.: Бол. рос. энцикл., 2000. — C. 258, 259.
  7. Gülayhan Aqtay, Henryk Jankowski. Stownik kazachsko-polski. — Krakow: KSIĘGARNIA AKADEMICKA, — 640 c.
  8. Махмудов Х., Мұсабеков Қ.Б. Қазақша-орысша сөздік. — 4-бас. — Алматы: Өнер, 1998; Русско-казахский словарь: в 2 т. — Алматы: Арыс, 2007; Қазақша-орысша сөздік. — Алматы: ДАЙК-ПРЕСС,
  9. Мариан Войтович. Словарь древнерусских личных именований XI–XIV веков. — Познань: Познаньское общество друзей, 2012. — 160 c.
  10. Жанұзақов Т., Есбаева К. Қазақ есімдері: анықтама сөздік. — Алматы: Ғылым, 1988. — 480 б.
  11. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений: в 5 т. — Т. 5. — Алматы: Гл. ред. Казахской сов. энцикл., 1985. — 502 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.