Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ əдебиеті төлбасыларының бірі – Қазтуған жырау Сүйінішұлы

 Кіріспе

Жаңаша жыл санауға дейін-ақ ірге бекітіп, қуатты мемлекетке айналып үлгерген сақ, ғұн, үйсін, қаңлы елдері, VI–VIII ғасырлардағы Түрік, Түргеш, Қарлық қағанаттары, VIII–IX ғасырлардағы оғыз, қыпшақ, қарахан дəулеттері, XI–XIV ғасырлардағы Алтын Орда ұлысына ұласты. Ұлы дала төсіндегі алып империялардың сынығы — Алтын Орда хандығы есеңгіреп, ыдырап, ақыр аяғында бірнеше хандықтарға бөлініп кетті. Ағайынның арасына алауыздық кіріп, бүтін халық екі жартыға бөлінді. Бір ата, бір анадан туғандар жылап айырылысты. Қарға бойлы Қазтуғанның [1; 14]:

Ботташығы бұзаудай,

Боз сазаны тоқтыдай,

Балығы тайдай тулаған,

Бақасы қойдай шулаған,

Шырмауығы шөккен түйе таптырмас,

Балығы көлге жылқы жаптырмас,

Бақасы мен шаяны

Кежідегі адамға

Түн ұйқысын таптырмас.

Қайран менің Еділім,

Мен салмадым, сен салдың,

Қайырлы болсын сіздерге

Менен қалған мынау Еділ жұрт!... –

деп еңірейтіні осы тұс.

Қай кезде де ел басына үйірілген бұлт оның əйгілі тұлғаларын айналып өткен емес. Алтын Орданың шаңырағы құлап, Еуразияның ұлы даласына көктей көшкен көшпелілер басынан бақыт құсы ұшқан кезде сұңқылдап тұрып жоқтау айтқан əйгілі тұлғаларымыздың бірі Сүйінішұлы Қазтуған жырау болған. Қазтуған өткенін қимай, бүгінге риза болмай, болашағына секеммен қарап өткен жырау.

Филология ғылымдарының кандидаты А.Сейітованың деректеріне сүйенсек, Қазтуған қазіргі Астрахан облысына (қазір Ресейге жатады) қарайтын Краснояр ауданы, Еділдің төменгі салалары Бозан, Ақтұба өзендері маңында дүниеге келген. Жыраудың ғұмыр кешкен кезеңі жайлы əр түрлі пікірлер бар. Əдебиеттанушы-ғалымдардың дені жыраудың дүниеге келген уақытын ХV ғасырдың 20–30 жылдарымен байланыстырады [2; 58].

«Қазақ тарихы» журналында Қазтуған туралы мынадай мəліметтер берілген: «Шамамен ХV ғасырдың 20–30-жылдарында Еділ бойында, қазіргі Астрахан облысының Красный Яр қаласының маңында дүниеге келген. Əкесінің аты Сүйініш, Қазтуған Еділдің салалары Ақтұба, Бозан бойын жайлаған түркі тайпаларының көсемі, əскербасы, батыры болады. Дешті Қыпшақта XV ғасырдағы дүрбелең кезеңінде оның кімдерді жақтағаны, не істегені белгісіз. Тек ғасырдың екінші жартысында өз қарауындағы рулармен бірге Еділден ауып, Қазақ Ордасының құрамына өткендігін білеміз» [3].

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ə.Сарай «Ноғайлының рухани өмірі» атты еңбегінде:

«Қазтуған — Ноғайлы жырауларының ең кенжесі, XVІІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген тұлға. Жыраудың өмір сүрген кезеңін анықтауға Ноғайлы шежірелері септеседі.

Қазтуған шежіресі былай түзіледі: Ысмайыл — Дінбай — Тінікей — Абдол — Сүйініш — Қазтуған. Ысмайыл Мұса бидің ортаншы ұлдарының бірі болғандықтан, 1480 ж. шамасында дүниеге келді деп болжауға болады. Ал өлген жылы 1563 жыл. Оның төртінші ұлы Дінбай Орыс би заманының 1578–1590 жылдары атыс-шабыстың бел ортасында болды. Қазтуған — Ысмайылдың бесінші ұрпағы. Əр ұрпаққа 20–25 жастан бергенде Қазтуған 1600 ж. шамасында дүниеге келген болады.

Ол Ноғай ұлтының төл перзенті. Үшінші атасы Дінбай би дəрежесіне көтерілмегенмен, Башкирияның уəлиі болған Ноғайлының атақты мырзаларының бірі. Қарғыс тигендей атыс- шабыспен өмірлері Ысмайыл ұлдары арасында үнемі əділет жолына жығылушылардың бірі болды», деп жазады [4].

Қазтуған жырларына қарағанда, ол өзінен жасы үлкен Асан Қайғының көзін көрген. Əрине, жай ғана жүзі таныс емес, Асан сияқты бірнеше ханның ақылшысы болып, ел ісіне бел шеше араласқан адамнан үлгі-өнеге алған. Кейін Асан Қайғының баласы Абатпен үзеңгілес болып, ел ісінде мақсат- мүдделерін ортақтастырған.

Жоғарыда келтірілген деректерді саралай келгенде, Қазтуған ХV ғасыр аясында сексен жасқа жақындап ғұмыр кешкен адам.

Қазтуған жырау өлеңдерінің, толғауларының көп ғасырлық өнер мектебі мен əдеби үлгі ретінде санамыздан орын алуы

Сүйінішұлы Қазтуған жырау артына қазақтардың əскери рухын, туған жерін, халық өмірі мен тұрмысын суреттейін көптеген өлеңдерден тұратын шығармашылық мол мұра қалдырған. Олардың көпшілігі сақталмаған. Біздің заманымызға Қазтуған мұрасының жүзден бір бөлігі ғана жетті деуге болады. Бірақ соның өзі жыраудың шығармашылығы жайынан, сол алма-ғайып кезең тынысынан біршама мағлұмат бере алады. Үзінді күйінде жеткен «Бұдырайған екі шекелі», «Алаң да алаң, алаң жұрт», «Белгілі биік көк сеңгір» жəне «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» деп аталатын толғаулары Қазтуғанның қазақ əдебиеті тарихынан өзіндік орын алуына негіз бола алды. Жырау толғауларын алғаш рет Ғабдолла Мұштақ «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» атты жинақта топтастырды. Кейіннен толғаулары «Ертедегі əдебиет нұсқалары», «Алдаспан», «XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы», «Бес ғасыр жырлайды», «Жеті ғасыр жырлайды» атты жинақтарда жарық көрген [2; 59]. Ұлы жыраудың қиялының ұшқырлығы, кеңдігі, суреттеу тəсілдерінің байлығы мен əсемдігі орта ғасырларда қазақтың ақындық өнерінің жоғары дəрежеде əрі өзіндік сипатқа толы болғанын танытады. Ұлттық бояуы ашық, өршіл романтикаға суарылған, афористік толғаныс, көркем тіркестерге бай төменде келтірілген Қазтуған жырлары əлденеше ғасырлар бойы қазақ ақындарына үлгі, өнеге мектебі болган:

  1. Асан Қайғының, Қазтуғанның, Доспамбеттің, Шалкиіздің, Жиембеттің, Марғасқаның, Ақтамбердінің, Тəтіқараның, Үмбетейдің, Бұқардың толғауларында қазақтың ата мекендері шығармалардың тақырыптық-идеялық, көркемдік-стильдік əр түрлі ерекшеліктеріне орай жырланады. Жыраулар поэзиясындағы жер-су атауларының ішінде Алтын Орда мемлекеті дəуіріндегі қазақ халқының иеленген мекендері сағынышпен, қимастық сезіммен жырланады. Атап айтканда, Еділ, Жайық, Сырдария, Қара Ертіс өзендері, Азау (Азов) теңізі, Түркістан, Ташкент қалалары жəне т.б. мекендер жыр арқауының негізін құрайды.

Қазақ елінің мемлекеттілігін, ежелгі ата жұртын мəңгілік мақтанышпен, асқақ сезіммен жырлау —

жыраулар поэзиясында қалыптасқан ұлттық болмысымыздың нақты көрінісі.

Бұл Қазтуған жыраудың «Алаң да алаң, алаң жұрт» атты туған жермен қоштасу жырынан ерекше байқалады [1; 12, 13]:

Алаң да алаң, алаң жұрт,

Ағала ордам қонған жұрт,

Атамыз біздің бұСүйініш

Күйеу болып барған жұрт,

Анамыз біздің Бозтуған

Келіншек болып түскен жұрт,

Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт,

Кіндігімді кескен жұрт,

Кір-қоңымды жуған жұрт,

Қарағайдан садақ будырып

Қылшанымды сары жүн оққа толтырып,

Жанға сақтау болған жұрт!

Бұл жолдарда оқырманын баурап алатын ерекше бір күш бар сияқты. Аңдап қарасақ, өзгеше ештеңе де жоқ, қарапайым сөз тіркестері. Алайда осы қарапайым сөздердің өзінде адамды елітер, ерітер қаншама сезім жатыр десеңізші! [5].

  1. Қазтуғанның «Бұдырайған екі шекелі...» толғауы жыраулық поэзиядағы басқа толғаулардан оқшауланып тұратын көркемдік өзгешеліктерімен ерекшеленеді. Жырау өзін таныстыру монологы арқылы шағын толғауға қаймықпас қайсар «мұздай үлкен көбелі» батыр, «қойдың көсемі» іспетті елін соңына ерте білер басшы, халықты аузына қаратып, қара қылды қақ жарғызатын ділмар шешеннің жиынтық бейнесін сыйғыза білген [1; 12]:

Бұдырайған екі шекелі,

Мұздай үлкен көбелі,

Қара ұнымы сұлтандайын жүрісті,

Адырнасы шайы жібек оққа кірісті,

Айдаса қойдың көсемі,

Сөйлесе қызыл тілдің шешені,

Ұстаса қашағанның ұзын құрығы,

Қалайылаған қасты орданың сырығы.

Билер отты би соңы,

Би ұлының кенжесі,

Буыршынның бұта шайнар азуы,

Бидайықтың көл жайқаған жалғызы...

Көлемі жағынан аз ғана осы жыр үзіндісінің өзі Қазтуғаннан кейінгі ақындар мен жыраулар шығармашылығына үлкен ықпал етті. Нақыл, мақал-мəтел үлгісіндегі жыраудың терең толғанысты ой үрдістері қазақ поэзиясына үлкен таусылмас қазына болды.

Қазтуған Сүйінішұлы бұл жырды мақтан үшін айтпаған. Жырдың ішіне түсіп ден қойса, өкініш дүмпуінен лықсып шыққан өксік екенін аңғаруға болады. Себебі ойдың легі «Мен бұрын қандай едім?» дегендей, өткен шақпен арттағы күндерін көбірек көлденең тартады. Қазтуғанды өксіткен өкініш: кіндік қаны тамған атамекеннің артта қалуы, арман-аңсары біртұтас ноғай мен қазақ жұртының айырылысуы.

  1. Данышпан жырау «Белгілі биік көк сеңгір» атты толғауында хас батырларға тəн қажыр- қайратын ұштап, намысын қайрап, нағыз жырауларша елге дем беріп, рухтандыра түседі. Ол таудың əдемі көріністерін жырлап, адам туралы ойларға көшеді [1; 12, 13]:

Белгілі биік көк сеңгір

Басынан қарға ұшырмас,

Ер қарауыл қарар деп,

Алыстан қара шалар деп;

Азамат ердің баласы

Жабыққанын білдірмес,

Жамандар мазақ қылар деп!

Осынау өлеңде қаншама терең ғақлия, өр рух бар десеңізші!

  1. Қазтуған жырларында оның ақындық ерлігі мен шырқау биігін көрсетер тұс — ол жырды кім шығарғанын нақтылы дəлелдейтін [1; 12]:

Бұлт болған айды ашқан,

Мұнар болған күнді ашқан,

Мұсылман мен кəуірдің

Арасын өтіп, бұзып дінді ашқан

Сүйінішұлы Қазтуған, —

деген жолдар арқылы қазақтың Ноғайлы дəуіріндегі төл əдебиетінің жаңа белесінің бір қырын аңғартады. Өз шығармаларын ауызша шығарып таратқан Қазтуған сияқты дүлдүл жырау өз есімін жырларында ерекше атап өту арқылы авторлығына дау тудырмайтын амалды сол заманда-ақ білдіргендей [6].

Бұл туындыда келтірілген жолдардан елеулі эпитет, маңызды метафоралармен бірге, батырдың биік тұлғасы, жорық жолдары, өжеттігі мен өр мінезі де қатар көрініп тұр.

  1. Қазтуған жырлары — əуенді, дыбысты, ырғақты, күшті поэзия. Мысалы, дауысты «а» дыбысын қатар қолданып, аңырата сөз тастау тыңдаушыға əсерлі, құлаққа жағымды [1; 13]:

Арғымақтың баласы

Арыған сайын тың жортар,

Арқа мен қосым қалар деп;

Ақ дария толқын күшейтер,

Құйрығын күн шалмаған балығым,

Ортамнан ойран салар деп.

Немесе [1; 14]:

Жабағылы жас тайлақ

Жардай атан болған жер.

Жатып қалған бір тоқты

Жайылып мың қой болған жер.

Жарлысы мен байы тең,

Жабысы мен тайы тең,

Жары менен сайы тең.

Жоғарыдағы өлеңнің шумағы 3 жолдан тұрады. Ақын 5 жолды өлең шумағын да жиі қолданған. Əрбір сөз, əрбір жол өз орнында. Қазтуған өзіне тəн теңеу, метафоралар қолданады. Қатарынан «ж» əрпінен басталатын ұзақ шумақты өлеңнің балама сөздері жер-қоныс құнарлығын өте айқын танытады [7; 124].

Сонымен, Қазтуғанның ақындық өнері қуатты, мəнді. Оның жырларын, толғауларын оқығанда қара домбыраның қағысын, ат тұяғының дүбірін, жердің дүрсілін, жел тұрғандағы шөптің тербелуін, киіз үй есігінің сықырлап ашылуын, жебенің суылын естігендей боласың.

Орта ғасырлық тұлғалар сияқты Қазтуған да əрі батыр, əрі ақын, əрі күйші, əрі би, əрі шешен.

Сегіз қырлы, бір сырлы.

Ұлы жыраудың «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» атты толғауы

С.Сейфуллин өзінің 1931 жылғы жинағында «Ноғайлар бытырағанда Қазтуған батырдың айтқаны» деген атпен «Арайна, билер, Арайна» деп басталатын жиырма шақты жолдай өлеңін жариялаған [8]:

Жазушы аталмыш шығарманы түгел жарияламай, кейбір жолдарын қысқартқан. Алынып қалған өлеңдердің орнына көп нүктелер қойып кеткен. Сөйтсе де, жыраудың негізгі ой-арманы айқын сақталған.

Қазтуғанның бұл толғауы [1; 15–18] «Сөйле, тілім, жосылып» атты жинаққа толық кіргізілген.

Жыраудың туындысы:

Арайна, билер, Арайна,

Арайна десем, болғай ма?!

Арайнасыз əрқайда

Ердің ісі оңай ма?!

Арайна болған Қазтуған,

Қайғыланып сонда толғай ма?!

Ел қияға қонбай ма?

Еділ, Жайық арасы

Кеңшілік қоныс болғай ма?!

Ебей басты құба үлек

Ернімен шырпы шалғай ма?!

Бұл қоныста отырып,

Біздің мұсылман баласы

Жағасы босап тынбай ма?! —деп басталады.

А.Сейітова «Қазтуған толғаулары — Ноғайлы-қазақ дəуірі əдебиетінің үлгісі» деген мақаласында мынадай қызық дерек келтірген: «Орталық ғылыми кітапхана қорының қолжазба бөлімінде осы «Арайна» есіміне қатысты мынадай мəлімет бар: «Қазтуғанның Арайна атты жолдасы қаза болып, өтерінде кейінгі жырлардың бəрі «Арайна» деп басталса екен деп өсиет қылыпты-мыс. Бірақ жырау шығармалары біздің заманымызға толық жетпегендіктен, кейінгі толғауларында Қазтуғанның жолдасының соңғы өтінішін қалай орындағаны бізге беймəлім» [2; 61].

Осы толғауда Қазтуған жыраудың елдің болашағына алаңдаушылығы, туған жердің тыныштығының қаймағы бұзылғандығына күйінуі анық аңғарылады.

  1. Туған жерден өз еркімен бастарту қаншалықты қиын болғанына қарамастан, Қазтуған мұсылман баласын кеңінен жайлаған құтты қоныстары Еділ-Жайық арасы мен Астраханды қоныс етпеуге, ол жерлерден көшуге шақырады. Еділден кетпесе, қалмақтың басып алатыны; Жайықты тастамаса, кəпірлердің, яғни орыстардың, басып алып, қала салатыны; Астрахан қаласын да солардың тартып алатыны тарихи шындықпен дөп келеді:

Еділді қоныс етпеңіз,

Жағалай қалмақ алады.

Жайықты қоныс етпеңіз,

Сыдыра біткен көкжиек,

Кəпірлер қала салады.

Аштраханды (Астраханды) қоныс етпеңіз, Шəһəрін оның алады.

  1. Қазтуғанның ат жалын тартып мініп, ата жолын қуып, ел ісіне араласқан ортасы Дешті Қыпшақтың кіндік мекені, Еділ мен Жайық арасы, Каспий алабы, Нарын, Қабыршақты, Қарасу деген жерлер. Қазтуған қиын кездегі көп қиқушының бірі емес. Сол даланың бағы мен сорын пешенесіне балаған ел басылардың əулетінен шыққан. Оның тепсініп сөйлеп, таусылып айтып, тебірене күй төгуінде осындай гəп бар.

Жыраудың ұғымында Еділ, Жайық, Ойыл əлеуметтік мəнге ие. Бір Еділдің өзі жалпы ел бейнесін бейнелесе, Жайық — сол елдің жаны. Ойыл — ақыл мен парасаттың ошағы — ой ұғымдарымен астасып жатыр. Сондықтан сөз дүлдүлі:

Еділді алса — елді алар,

Енді алмаған не қалар?

Жайықты алса — жанды алар,

Жанды алған соң не қалар?

Ойылды алса — ойды алар,

Ойлашы, сонда не қалар?

Қара мауыты мұшақат

Бүтін тоғай жерді алар, –

деп күйінеді. Расында, жан мен ойдан айрылған елде не қауқар, не қайрат қалмақ. Жырау жаны осыған күйзеліп, налиды.

  1. Қазтуғанның туған жеріндегі бір кездегі «жабағылы жас тайлақ жардай атан болып», содан көбейген Ойсылқара тұқымына да жатжұрттықтардың қол салатыны жырау жанына қаяу түсіріп, қабағына кірбің ұялатады. Бұл жайлар да Қазтуған жырына арқау болған:

Жаз кіреге жақсы деп,

Дулығалы нарды алар,

Қыс кіреге жақсы деп,

Шудасы қалың айырды алар.

Сусынына шай алар,

Шайнауына май алар.

  1. Кемеңгер жырау өз толғауында өткен күндерді армандап, аһ ұрып, кəпірлердің билігінің күшейіп, мұсылманның басынан бағы тайып, тəуелсіздіктен айрылып, ғаріп халге түскен күйін қынжыла баяндайды:

Ойыл да Қиыл, Жем, Сағыз,

Қайран саланың жатқан аңғары-ай,

Ақ шалмалы пірлердің

Мешітке жаққан шамдары-ай!

Менің бүйтіп қозғалақтап жүргенім

Аузы түкті кəпірдің

Күшті болған салдары-ай!

Кəпірден теңдік алуға

Қайта келер деймісің

Мұсылманның баяғы

Шыңғыстан туған хандары-ай?!

Бұл қоныстан кетпесең,

Мұны талақ етпесең,

Атаңа нəлет кəпірдің

Пайдасына қалмаса игі еді.

  1. Əйгілі жыраудың ноғайлы-қазақ елінің құнарлы қонысын қимай, амалсыздан тастап бара жатқанына керемет өкініш білдіргені толғауда былайша суреттеледі:

Ноғайлы, қазақ жұртымның

Кейінгі туған балалары-ай!

Адыра қалғыр көк Жайық,

Аңырап қалған қонысым!

Қонысымнан ауған соң,

Кетпегей еді ырысым.

Таудағы тарлан бөрі едім,

Тарылған сынды тынысым.

Кейінгі өскен жас бала,

Ақ балтырын түрініп,

Басарына ерініп, Көкірегі күйініп,

Тек тірлікке сүйініп,

Ықтиярсыз жүгіріп,

Аузы түкті кəпірдің

Етпегей еді жұмысын!

Бұл қоныстан кетпесең,

Мұны талақ етпесең,

Екеу-екеу сөйлесіп,

Біздің кейінгі өскен жас бала

Аузы түкті кəпірдің

Соқпаса екен пайдасын!

Буыршынның жалғыз қырқар азуы,

Бөкеннің желіп өтер төрт саны,

Бұғының ауыр қара мүйізі,

Бидайықтың жалғыз соғары,

Қашағанның ұзын құрығы,

Ақ орданың тіреу сырығы,

Айдаса — қойдың көсемі,

Сөйлесе — тілдің шешені,

Арғымағын жаз жіберіп, күз мінген,

Күз жіберіп, жаз мінген,

Жазаласа — екі жылда бір мінген,

Жолдасын жолай іздеген,

Өзіне тиген дұшпанын

Қарт бурадай тіздеген –

Мен — Қарға бойлы Қазтуған,

Қайғыланып асып барамын

Ноғайлы-қазақ елімнен!

Қазақ пен ноғайдың айырылысқанын, ата қоныстың артта қалғанын Қазтуғанның көзі көріп отырса да, көңілі сенбейді, жан жүрегі бұл сұмдықты мойындамайды. Осынау тарихи оқиға Қазтуғанның бүкіл өмірінің мазмұнына айналған сияқты.

Бір қызығы, осы жағдайлар тек қана жыр түрінде емес, Қазтуған көкірегінен күй болып та төгілген. Ол күй ел ішінде күні бүгінге дейін Қазтуғанның «Сағынышы» деп тартылады. Əрине, Қазтуған сияқты кесек тұлға бірлі-жарым күй шығарумен шектелмеген. Белгілі ғалым, атақты жазушы М.Мағауин Қазтуғанның «Құлақ күй» атты күйінің болғанын жазады. Өкінішке орай, əзірше қолда бары «Сағыныш» деген күйі.

 

Түйін

Қорыта айтқанда, Қазтуған Сүйінішұлы Сыпыра жырау негізін салған, көнеден келе жатқан толғау жанрының дамуына үлкен үлес қосты. Жауынгер ақынның дала поэзиясына тəн өр рухты, дауылпаз үнді, асқақ қанатты сөздерге толы, көркем тіркестерге бай жырлары қазақ əдебиеті тарихында өшпестей із қалдырды.

Сондықтан да халық Қазтуғанды əрдайым еске алып, қадір тұтқан. Ол туралы талай аңыздар айтылған. Ел аңызында ол қалмақтарға қарсы қол бастаған ұрпақты батыр. Оның тоғыз батыр ұлы болыпты.

Онымыз тұрып оқ атсақ,

Он сан қалмақ бөлінген, —

деп айтыпты батырдың өзі. Халық аузында мынадай да жолдар кездеседі [9]:

Тоғыз тұтам оқ жонған,

Толғамалы найза өңгерген,

Тоғыз көлді торқалы

Темір болат сауыт киген,

Толғамалы жақ тартқан,

Толассыз тұрып оқ атқан,

Тоғыз оқ торғауытты бөгеген,

Тобылғыдан су татқан.

Жетпіс бесте жасы бар...

Қабыршықты жайлаған.

Ақсуды төмен бойлаған.

Шағанға атын байлаған,

Қарға бойлы Қазтуған...

Қазтуған жырау қайғы айтып еш түңілмеген. Батырлар дəстүрін қолдап, асқақ жыр шерткен. Бөлінбес бірлік, қайтпас ерлік дəстүрін уағыздаған. Ойын-тойы көп жастық шақты еске алып, оптимистік пікірлер ұсынған. Нарындай құнарлы, жайлы кең қоныстың қасиеттерін асыра ардақтаған [7; 123]:

Көрінген мынау көк

Нарын Ойран салып өткен жер.

Маңдайы күнге күймеген,

Жорғадан басқа мінбеген,

Сұлудан басқа сүймеген,

Қамқадан басқа кимеген...

Қазтуған жырау өз елін, жерін сүйетін жəне өз халқы үшін, оның бостандығы үшін қасық қаны қалғанша күрескен адам. Басқа ақын-жырауларды да соған үндеген.

Ел-жұрты үшін еңіреп өткен Қазтуғанның сүйегі, көнекөз қарттардың айтуынша, Қияш өзенінің жағасындағы Баба ата қорымына өзінің өсиеті бойынша жерленсе керек. Сөз орайында, əйгілі Бөкей ханның сүйегі де осы қорымда екенін айта кетудің артықтығы жоқ.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Сөйле, тілім, жосылып. (Жыраулар мұрасы) / Құраст. əрі ред. Т.Қыдыр — Алматы: Олжас кітапханасыі, — 156 б.
  2. Сейітова А. Қазтуған толғаулары — Ноғайлы-қазақ дəуірі əдебиетінің үлгісі // Ақиқат. — 2011. — №
  3. Қазтуған (XV ғасыр) // Қазақ тарихы. — 2008. — № 5, 6. — 80-б.
  4. Сарай Ə. Ноғайлының рухани өмірі // Егемен Қазақстан. — 2010. — 20 ақпан. — 5-б.
  5. Мағауин М. Қазақ хандығы дəуіріндегі əдебиет: Оқулық. — Алматы: Ана тілі, 1992. — 21-б.
  6. Қазақ əдебиетінің тарихы. — 3-т. XV-XVIII ғасырлардағы қазақ əдебиетінің тарихы. — Алматы: Ғылым, — 279-б.
  7. Қазақ халқының тарихи тұлғалары: Қысқаша анықтамалық. — 2-кіт. — Алматы: Өнер, 2013. — 360 б.
  8. Сейфуллин С. Қазақтың ескі əдебиет нұсқалары. — Алматы, 1931. — 24-б.
  9. Сүйіншəлиев Х. Қазақ əдебиетінің тарихы: оқулық. — Алматы: Санат, 1997. — 260-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.