Қарағанды университетiнiң хабаршысы

Мақалада Қырғызстан елінің тəуелсіздік алғаннан кейінгі БАҚ даму жолы қарастырылған. 2011 ж. дейінгі елдің журналистика саласындағы тың өзгерістері мен жетістіктері жайлы сараптаулар жүргізілген. БАҚ-ның электронды жүйеге өту кезеңіндегі қиыншылықтар мен оларды жеңу жолдары баяндалған.
2016

Мақалада қазақ халқының басынан кешкен ірілі-ұсақты оқиғалар көптігі бүгінгі таңда жан-жақты бағасын ала бастағандығы, соның нағыз шынайы көрінісі, халықтың түрлі оқиғаларға деген ашу-ыза, көңіл-күйі шағын тарихи өлеңдерде сəулесін қалдырғандығы туралы айта келіп, айтылу барысында тарихи өлеңдегі арман-тілек, мақсат-мүдде бірте-бірте өсіп-өркендеу арқылы көлемді эпикалық жырлар туғызуға ықпал еткендігі туралы сөз болады. Оның нақты сыр-сипатын ашып, поэтикалық болмыс-бітімін саралаудың ең бір күрделі тақырып бола алатындығын осыдан аңғаруға болады. Себебі шағын тарихи өлеңдегі түйін елдің тағдыр-талайы, бастан кешкен тар жол, тайғақ кешуі екені анық.
2016

Мақалада cуырып-салма ақындарға тəн жыраулық жəне ақындық екі қасиетті де ұштастырған Жамбылдың шығармашылық қызметі суреттелген. Оның өз ұстазы Сүйінбай Аронұлының жарқын ақындық мектебінен жəне Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның басқа да белгілі ақындарының мектептерінен өткендігі дəлелденген. Жамбыл шығармашылығында айтыстың барлық түрлері кездесетіндігі көрсетілген. Жамбыл көптеген даңқты ақындармен поэзиялық тартысқа түскендігі жəне олардың бірде біреуінен жеңіліп көрмегендігі көрсетілген. Оның айтысқа мүлдем жаңа идеялар жəне тың тақырыптар енгізгендігі, айтысты рулық-тайпалық санадан жоғарлатқаны, жалпыхалықтық деңгейге көтергендігі, оған өткір əлеуметтік бағыт бергендігі туралы қорытынды жасалған. Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы нағыз ұлтжандылықтың, туған жерге данышпандылыққа шынайы сенімділіктің үлгісі болғандығы паш етілген.
2016

Мақалада соңғы жылдарда кеңістік пен кейіпкер қатынасын көркем зерделеу нəтижесінде өніп шығып, əдеби тенденциялардың бірі ретінде көрініс берген қазақ прозасындағы экзистенционалды ой ағымы бүгінгі күні айрықша назар аударуға сұранып тұрған мəселелердің бірі қарастырылған. ХХ ғасырда пайда болған, өз идеялық бастауын Гуссерль, Кьеркегор еңбектерінен алатын əлемдік ой ағымындағы бұл бағытты Марсель, Ясперс, Бердяев, Шестов, Бубер, Сартр, Камю, Бовуар, Хайдеггер сияқты философтардың қолдағаны мəлім. Сондай-ақ авторлар О. Бөкейдің əлем мен жалғыздық арасындағы қарым-қатынасты көркем игеру барысындағы экзистенциалистік ой-пікірлерін талдап, О. Бөкей шығармаларындағы үлкен философиялық проблема – жатсыну мəселесін жан-жақты зерттеген.
2016

 Мақалада тарихи-салыстырмалы зерттеу арқылы қазақ тіліндегі кейбір атаулардың басқа түркі тілдеріндегі қолданысына талдау жасалған. Зерттеу барысында аталған сөздердің көне түркі тіліндегі қолданысы, этимологиясы сөз болып, қазіргі түркі тілдеріндегі нұсқаларымен салыстырылған. Көне түркілік қолданысының кей түркі тілдерімен ортақтығы, тілдің дамуына қатысты өзгеріске түскен тілдердегі көрінісі мысалдармен дəлелденген. Əр сөздің қазақ тіліндегі қолданысы жеке қарастырылып, жалпы түркі тілдеріндегі ортақтықтары мен ерекшеліктері көне түркі жəне қазіргі түркі тілдерінің этимологиялық сөздіктері, зерттеу еңбектері негізінде сараланған.
2016

Болашақ ұрпақтың рухани дамуын жаңа заман талабына сай жүргізу ісінде қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтаған халық мұраларының озық үлгілерінің маңызы зор, олар жеке тұлғаның жан-жақты дамуына өз əсерін тигізеді. Сол себепті қазіргі таңда жас ұрпақты халықтың қолданбалы өнер түрлерін жинақтап, зерделеуге қатысты тəлім-тəрбиесі мен мол тəжірибесі негізінде тəрбиелеудің қажеттігі өсе түсуде.
2009

Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев ұсынған «Қазақстан – 2030» стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дəстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тəрбиелеу қажеттігі баса айтылған [1].
2009

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға гуманистік білімін, білігі мен дағдысын емес, оның жан-жақты дамуын есепке ала отырып, еліміздің бəсекелестікке қабілетті елу елдің санатына тұратын тұлғаны тəрбиелеу талаптары тұр. Қазақстандағы əйелдердің білім алу мəселесіне жан-жақты талдау жасаған ғалымдар М.Қозғам- баев, Т.Тəжібаев, А.И.Сембаев, К.Бержанов, А.Жақыпов, К.Құнантаева, Л.С.Сырымбетовалар болды.
2009

Бөкей Ордасында Жəңгір хан мемлекеттік деңгейде патшалық Ресейдің көмегімен шетелдік маман-ғалымдарды шақырып, ең өзекті экологиялық мəселелерді шешкен. Себебі Бөкей Ордасында Нарынқұм одан əрі жайлап, бүкіл Бөкей хандығының территориясы құмға айналып, табиғат жағдайы күннен күнге нашарлай берді. Бұл туындаған экологиялық мəселелер қазақ халқының көптеп мал өсіруіне жəне шабындықтар мен жайылымдардың өрісі тарылып, Ордада мал өсіруге, егін салуға, бау-бақшаға жер құнарсыз болды. Оған қоса Ордадағы Нарынқұм басқан жерлерде су жəне су көздері тапшы болып, халықты сумен қамтамасыз ету өте қиындық тудырып, ауыз су ішу көкейкесті мəселеге айналды. Бөкей Ордасында құм басқан территория кеңейіп, патшалық Ресейдің шекаралас губерниялар жерлерін құм басып, тарала бастады. Əсіресе ол Бөкей хандығымен шекаралас Астрахань, Саратов т.б. губерния жерлерін толық құм басу қауіпі тұрған болатын. Осы Бөкей Ордасындағы экологиялық мəселелерді жəне патшалық Ресейге экологиялық қауіп бар екенін патша өкіметіне Жəңгір хан дұрыс түсіндіре білген. Осы мəселеге байланысты Ресей жəне шетел ғалымдарын шақыртқан. Патшалық Ресей Жəңгір ханның бұл идеясын қолдап, экологиялық мəселелерді шешудің жолдарын жəне бағыттары бойынша кеңестер беріп, оған қоса əр түрлі техникалық жабдықтармен қамтамасыз еткен.
2009

Біздің елімізде отбасы дегеніміз — махаббат, достық, өзара құрмет сезімі біріктірген, ортақ шаруашылық ұстап, бір-біріне материалдық жəне моральдық сүйеу бола білетін ер адам мен əйел адамның одағы. Бала тəрбиелеу олардың дене тəрбиесі мен рухани күшін, Отанға берілгендік, демократиялық мемлекет құрылысына белсене араласу рухына байланысты дамыту отбасының маңызды міндеті болып табылады. Отбасы — күнделікті тіршілігіне қалыпты жағдай тудыру, денсаулықты сақтау, бала туып, тəрбиелеу, өмір тəжірибелерін алға апару, ұрпақтар жалғастылығын жүзеге асыру мақсатында еркек жəне əйел баласының бірге тұруының ғасырлар бойы қалыптасқан формасы. Отбасылы адамдардың отбасыз жандарға қарағанда түрлі ауруға ұшырау деңгейі төменірек те, ал ғұмырының ұзақтығы жоғарырақ екені белгілі. Жанұяның қоғам жəне жеке бас үшін мəні зор, сондықтан оны қоғам мүддесі үшін нығайтады.
2009

 Қоғамдық мектепке дейінгі тəрбиені дамыту балабақша қызметкерлерінің алдына жаңа міндеттер қойды. КСРО Министрлер Кеңесі мен СОКП Орталық Комитетінің 1959 ж. 21 мамырдағы қаулысы мектепке дейінгі мекемелердің ары қарай дамуын анықтады. Балабақшалардағы негізгі шешімін тапқан нəрсе, ясли мен балабақшаларды біріктіріп, балалар бақшасы болып құрылды. Ол туғаннан бастап мектепке барғанша тəрбиеленетін балаларды қамтыды. РКФКР педагогикалық ғылым академиясы КСРО ғылым академиясымен бірлесе отырып, мектепке дейінгі бала тəрбиесіне арналған бірыңғай бағдарлама шығаруды тапсырады.
2009

Жастарды халықтық педагогика идеялары негізінде тəрбиелеу мəселесі ұлттық мəдениетімізді дамытуға, ұлттық құндылықтар мен мəдени мұраларымыздың мəнін түсіну, тарихты зерделей отырып, жан-жақты дамыған, рухани мəдениетті жеке тұлға тəрбиелеуде маңызы зор. Осы орайда ең негізгі талаптардың бірі — ұлттық қасиеттерімізді танып-білу, соның негізінде олардың психологиялық жас ерекшеліктерін ескеру болып табылады. Өзімізді-өзіміз танып, өзгелерге таныту, яғни ұлттық ерекшеліктеріміз бен құндылықтарымызды бүгінгі талаптарға сəйкес жүйелеп, байытып, дамытып, басқаларға тарату арқылы өзіміздің ұлттық деңгейлерімізді көтере білу. Осыған байланысты ер балаларында кездесетін психологиялық ерекшеліктерге тоқталғанды жөн көрдік.
2009

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.