Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бөкей ордасында жəңгір хан қалыптастырған экологиялық мəселелер

Бөкей Ордасында Жəңгір хан мемлекеттік деңгейде патшалық Ресейдің көмегімен шетелдік маман-ғалымдарды шақырып, ең өзекті экологиялық мəселелерді шешкен. Себебі Бөкей Ордасында Нарынқұм одан əрі жайлап, бүкіл Бөкей хандығының территориясы құмға айналып, табиғат жағдайы күннен күнге нашарлай берді. Бұл туындаған экологиялық мəселелер қазақ халқының көптеп мал өсіруіне жəне шабындықтар мен жайылымдардың өрісі тарылып, Ордада мал өсіруге, егін салуға, бау-бақшаға жер құнарсыз болды. Оған қоса Ордадағы Нарынқұм басқан жерлерде су жəне су көздері тапшы болып, халықты сумен қамтамасыз ету өте қиындық тудырып, ауыз су ішу көкейкесті мəселеге айналды. Бөкей Ордасында құм басқан территория кеңейіп, патшалық Ресейдің шекаралас губерниялар жерлерін құм басып, тарала бастады. Əсіресе ол Бөкей хандығымен шекаралас Астрахань, Саратов т.б. губерния жерлерін толық құм басу қауіпі тұрған болатын. Осы Бөкей Ордасындағы экологиялық мəселелерді жəне патшалық Ресейге экологиялық қауіп бар екенін патша өкіметіне Жəңгір хан дұрыс түсіндіре білген. Осы мəселеге байланысты Ресей жəне шетел ғалымдарын шақыртқан. Патшалық Ресей Жəңгір ханның бұл идеясын қолдап, экологиялық мəселелерді шешудің жолдарын жəне бағыттары бойынша кеңестер беріп, оған қоса əр түрлі техникалық жабдықтармен қамтамасыз еткен.

Ордадағы экологиялық мəселелер Жəңгір хан басшылығымен жəне шетел ғалымдарымен, эколог-мамандармен Нарынқұмдағы құм басқан жерлерге зерттеулер жүргізіп, су көздерін табу үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген. Нəтижесінде ғалымдар Жəңгір ханмен кеңесе отырып, Бөкей Ордасында құмды тоқтату үшін Ресейден қарағай ағаштарды құм басқан жермен құнарлы жер басталатын жер арасына қарағай ағаштарын егу керек деген ғылыми тұжырымдарға келді.

Ал Нарынқұмда жəне шөлейт жерлерге құдықтар қазу керектігін айта келе, Орда жерлеріндегі бұлақтар мен апандар көздерін ашу керек деген ғылыми тұжырым жасаған.

Бөкей Ордасы жерлеріндегі шөлейт жəне құрғақшылық басқан əр аймақтарында Жəңгір хан артезиандық құдықтар қазып салуды ойластырды [1].

Бөкей Ордасында Нарынқұмда құрғақшылық болған жылдары мал жайылымдары, егістік жерлер жəне табиғаттың зардаптары, шөптің шықпай қалуы, барлық жерлер шөлейттік жерлерге айналуы экологияның бұзылуына əр кезеңдерде əкеп отырған. Сондықтан осындай кезеңдердегі экологиялық мəселелер Жəңгір хан тұсында мемлекеттік деңгейде əлемдік табиғат құрғақшылығына жəне экологиялық мəселелерді шешуді қолға алған. Бұл табиғат құрғақшылығын жəне су тапшылығына шаруашылық пен күнделікті үй тұрмысында пайдаланатын судың жетіспеушілік мəселесі мемлекеттік деңгейде шешуді талап етті. Барлық Орда территориясында бұл табиғат қатыгездігі туралы экологиялық мəселені Жəңгір хан əлемдік тəжірибеге сүйену қажет екенін ерекше атап көрсеткен. Жəңгір бұл экологиялық мəселені ұлттық құнды кеңестер мен əдіс-тəсілдерге ерекше мəн берген. Ол табиғатты тірілтетін жəне қалпына келтіретін бұлақ, құдық, апан жəне т.б. сулы жерлер есептелетін су көздерін ашуды бүкіл Орда халқына міндет етіп қойып, хандық ставкадағы əкімшілікте арнайы айналысатын мекеме ашып, хан өзі басқарып, қадағалап отырған. Барлық Бөкей Ордасында табиғат берген бұлақ көздерін ашып, арнайы су қоймаларын жасап, халыққа артезиан құдықтарын қазып берген. Орда жерлеріндегі барлық аймақтарда жəне мал жайылымдарындағы бұлақтар көздері ашылып, құдық пен апан сулары тазартылып, табиғаттың жағдайын жақсартып, халықты экологиялық тəрбиеге шақырған.

Жəңгір хан Бөкей Ордасындағы бүкіл халықты жəне болашақ жас ұрпақ бойына экологиялық тəрбиені қалыптастырған. Өйткені Орда жеріндегі орналасқан бұлақтар мен апанның көзін ашып тазартуға жəне өздері тұрған жерлерде құдықтар қазып, өз жерлерін тыңайтуға жəне су-аруға шақырып, тұрған жерінің экологиялық жағдайын жақсартуға жəне көгалдандыруға жұмылдырды. Туған жерінің табиғатын аялап, құрметтеу керек екенін атап көрсеткен. Жəңгір хан халыққа табиғатты аялауды үйретіп, жас ұрпақты өз жерінің табиғатына деген сүйіспеншілігін экологиялық білім мен тəрбие арқылы қалыптастыруға бет бұрыс жасаған.

Бөкей Ордасында ғасырлар бойы қалыптасқан табиғат жағдайын жақсарту үшін Жəңгір хан арнайы экологиялық саясат ұстанып, бұл экологиялық мəселені шешудің жолын қазақ халық педагогикасынан іздеген. Қазақ халық педагогикасындағы табиғат пен экологиялық тəрбиеге байланысты ұлттық құндылықтарды пайдаланған.

Ондағы табиғат жағдайын халыққа жəне жас ұрпаққа экологиялық тəрбие арқылы жеткізсе, ол Ордадағы экологиялық мəселені мемлекеттік деңгейде шешу үшін əлемдік ғылыми тəжірибеге сүйену қажеттігін жақсы түсінген. Өйткені Бөкей Ордасының территориясындағы Нарынқұмды тоқтатып, одан əрі құмға айналуына мүмкіншілік берудің жолын іздеген Жəңгір хан іс-əрекеті əлемдік экологиялық проблеманы шешкен болатын.

Жəңгір хан Бөкей Ордасының əр аймақтарында шөлейт жəне құрғақшылық жерлерге жазда артезиан құдықтарын салдыруды ойластырған. Осы мəселені шешу үшін Ресейдің Мемлекеттік мүлік министрдің көмегімен Париждегі Дерпт университетінің шенеунігі, ғалым, оның құрал- жабдықтарының өнімдеріне тапсырыс берген болатын. Бұл тапсырыс орындалып Ордада француз ғалымы, шенеунігі екі жыл ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нəтижесінде Ордада артезиан құдықтарын салдырған [2].

Осы университет ғалымы арқылы Бөкей Ордасындағы құм басқан жерлерді құнарландыру мен құмды тоқтату үшін ғалымдар ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізіп, ғылыми нəтижелерін көрсеткен. Нəтижесінде Орда территориясында орман мен тоғайлар өсіп, табиғат жағдайындағы экология мəселелері толығымен шешіліп, француз университетінің ғалымдарының ғылыми-зерттеу жұмыстары жемісті нəтижесін берді. Осы экологиялық мəселелер Жəңгір хан бастамасымен ғалымдардың зерттеу жұмыстары арқылы Нарынқұмда артезиан құдықтарының көздерін тауып, екпелі əр түрлі шөптерді егіп, құмды жерлерді суландыру мəселелерімен айналысты. Орда жерлерінде құмдағы құдықтар мен бұлақтар көзі табылған жерлерде құдық қазып орнатылған. Оған қоса ғалымдар артезиан құдықтарына арнап құрал-жабдықтарды Ресейден əкеліп, қамтамасыз еткен. Орда халқының арасында құдықтарды қазып, оны орнатып, құрал-жабдықтарды құрастыру туралы мағлұматтар беріліп, ғалымдар құмдағы су көздерін табу үшін ұзақ уақыт Ордада ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Орда да ғалымдар артезиан құдықтарын жəне орман шаруашылығындағы экология мəселесі туралы біліп шығатын маман кадрларын хан өтінішімен Ресей оқу орындарында даярлаған. Бұл болашақ мамандарға лекциялар оқығанда артезиан құдықтары мен қарағай ағаштарын отырғызу тəртіптерімен, ережелерін, орнату əдіс тəсілдерін, техникалық құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ету жолдарын жəне кəсіби біліктілікке оқытқан. Осы табиғат жағдайын жақсартумен жəне экологиялық мəселелермен, орман шаруашылығына қызмет жасайтын маман кадрлар Орда да жұмыс істеген. Бұл ұлттық маман кадрлар хан əкімшілігі жанында арнайы мекемесі болған. Осы Дерптік университетінің ғылым кандидаты Нешеля бастаған ғалымдардың Бөкей Ордасындағы ғылыми-зерттеу жұмысы нəтижелі болып, Орда да құмның одан əрі жайылуы тоқтатылған болатын. Ордадағы құм басқан жерлердің үстіне бірнеше жусандар мен қияқ, гүл типтес шөптер өскен, тек асты ғана құм болып жатыр. Ордада құм тоқтатқан қарағай ағаштың əр жағы құнарлы топыраққа айналып, онда өскен шөптер мен түрлі өсімдіктер түрлерімен қарағай ағаштарының бергі жағындағы құм басқан құмды жерлердегі өсімдіктер мен əр түрлі шөптер түрлерінде үлкен айырмашылығы мен өзгешілігі бар.

Бір таңғалатын жағдай, Жəңгір хан еккізген қарағай ағаштың бергі жағындағы құмдағы шөптердің өскенін көріп, мен 2005 жылы Ордаға барып таңғалып ғажап екеніне көзім жетті. Бұл Жəңгір ханның ұлы саясаты табиғат жағдайын жəне экологиялық апаттан, қауіптен сақтап қалды. Осы табиғат пен экологиялық жағдайды жақсарту мəселелерімен айналысқан ханның іс-əрекетін патша өкіметі өте түсініктілікпен қараған. Себебі патша өкіметіне Жəңгір хан бұл экологиялық мəселелер əлемдік мəселе екенін түсіндіріп, бұл экологиялық апат ретінде егер де Ордада шешілмесе, онда Ресейге де құм басу қауіпі мен апаты оның зардабы жақын жылдары тиюі əбден мүмкін деп түсіндіре білген. Жəңгір хан құмның жайлауын, бірте-бірте одан əрі тарауын тоқтатпасақ, Ресей жерін Еділ (Волга) өзеніне дейін жетіп барады, да Еділ өзенін бойлап, орыс жерлерін құм жайлап тарайтынын айтқандықтан, Ресей өкіметінің Мемлекеттік мүлкі министрлігінің Жəңгір ханның өтінішін орынды деп санап, Дерпт университетінің ғылым кандидаты Нешеляны Бөкей Ордасына жіберген. Бөкей Ордасындағы табиғат пен экологиялық жағдайларды жақсартуды одан əрі дамыту үшін Орда халқына егілген қарағай ағаштарын аялауға жəне күтіп өсіруге баулып, халық педагогикасының құндылықтарына тəрбиелеу үшін үгіт-насихат жүргізген. Құдықтар қазып қазақтарды бау-бақша егуге шақырып, хан өзі де үйінің жанынан жəне хан əкімшілігі маңынан бау- бақша егіп өсіруді міндеттеп, жүзеге асырған. Бөкей Орда халқы арасында экологиялық мəселелерді одан əрі дамыту үшін табиғат жағдайын жəне оның ішінде ағаштарды өрттен қиянат жасаудан жəне құдықтардың ластануынан сақтауды, судың дұрыс пайдалануға т.б. мəселелерді халыққа жəне жас ұрпаққа үйретіп, экологиялық тəрбиені насихаттаған. Нəтижесінде жас ұрпақты экологиялық тəрбиеге баулып, экологиялық білімге оқып үйретті. Жəңгір хан Бөкей Ордасындағы табиғат пен экологиялық мəселелерін мемлекеттік деңгейде шешкен. Бұл Жəңгір хан экологиялық тəжірибесі əлемдегі барлық елдерге үлгі болып, қазіргі Қазақстандағы экологиялық мəселені шешу үшін Жəңгір ханның экологиялық тəжірибесін пайдалану мəселесі тұр.

Троцкийдің айтуы бойынша, Жəңгір хан Нарынқұмда Орда халықтарына арналған жер иеліктеріндегі үлкен бау-бақша жазғы жайлауы Торғұн өзенінің жағалауында орналасқан. Онда бау- бақша бірнеше шақырымды алып жатыр. Мұнда бау-бақшаға қарайтын жалдамалы жұмыскерлер болған. Осында əр түрлі жеміс ағаштарының көлемі жағынан орман алқабына айналған. Оған қоса ханның Торғұн жайлауында үлкен саябағы болған. Онда Жəңгірдің екі қабатты үйі орналасқан. Осы бау-бақшаларды жəне саябақтарды суаратын су бөгетін хан салдырған. Бау-бақшасындағы жеміс- жидектерді жəне жеміс ағаштарының ішінде жылы суды қажет ететін жеміс ағаштары үшін ыстық су қоры болған [3].

Бөкей Ордасы, тарихи мұражай кешенінің ғылыми қызметкерінің сөзіне қарағанда, Ордадағы Жəңгір хан бастамасымен еккізген қарағай ағаштары бірнеше гектар жерді алып жатыр. Бірақ Жəңгір хан өлгеннен кейінгі кезеңдерде қарағай ағаштары көптеп кесіліп, азайған. Жəңгір кезінде ну орманға айналған қарағай ағаштарының биіктігі 10 метрге дейін барып, Орданы айнала өсіп, бірнеше километрге созылып жатқан. Қарағай ағаштары қазіргі күнге дейін сақталып, тəуелсіздік алған жылдардан бастап мемлекеттік қамқорлыққа алынған [4].

Жəңгір ханның табиғат пен экологиялық мəселелерді Бөкей Ордасында түпкілікті шешкенінің арқасында қазіргі күнге дейін қарағай ағаштары жеткен. Ханның кезінде қарағай ағаштарын еккізіп ғана қоймай, Орда халқына табиғатты қорғайық, аялайық, табиғат жағдайын жақсартайық, тазалығын сақтайық, су қойнауларын жəне құдықтарды сақтап, судың қадірін білейік деген ұрандар тастап, қазақтың халық педагогикасындағы табиғатқа байланысты мақал-мəтелдермен экологиялық тəрбие берілген. Оған қоса қоршаған ортаны қорғау, аялау ұлттық құндылық екенін халық арасында насихаттаған. Бірақ хан өлгеннен кейін экология құлдырап ғана қоймай, табиғат жағдайы нашарлаған. Орда халқына Жəңгір ханның əлемдік жəне Қазақстанның экологиялық мəселелерді мемлекеттік деңгейде шешілгеннің нəтижесі үшінші ғасырға жетті. Жəңгір хан жасаған істің Ордада табиғат қадірін, пайдасын қазіргі күнде көріп келеді. Сондықтан болар Орда халқы Жəңгір ханның табиғат пен экологиялық жəне су құдықтары мəселелерін шешіп кеткен ұлы істерін əлі күнге дейін құрмет тұтып, мақтанышпен айтып келеді. Жəңгір ханның бұл ұлы істері Қазақстанның құм басқан өлкелеріне, аймақтарына үлгі-өнеге болып, хан тəжірибесіне сүйену — қазіргі күннің өзекті мəселесі. Бұл ханның экологиялық мəселені қалай шешкендігін əлем елдері білгісі келіп, үлгі тұтып, осы ұлы істің тəжірибесін алғысы келетіндер өте көп болатыны сөзсіз. Оған қоса Жəңгір хан халық пен жас ұрпақты табиғат пен экологиялық мəселелерге қалай баулып, экологиялық тəрбие бергені Қазақстан білім саласында жəне қазақ қоғамындағы табиғат пен экологиялық қоғам мекемелері тəжірибе ретінде пайдалану қажет. Əсіресе Жəңгір ханның ұлы ісін Қазақстан білім саласында, оның ішінде мектептер мен оқу орындарында оқушыларға, студенттерге оқу-тəрбие процесіндегі оқу бағдарламаларына енгізу қажеттілігін басты атап көрсеткен жөн. Жастардың экологиялық білімдерін жетілдіріп, экологиялық тəрбие беру барысында пайдалану мəселесі тұр.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Букеевской Орде — 200 лет. — Кн. 1. — Алматы, 2001. — С.
  2. Мукатаев Г.К. Хан Жангир. Великий преобразователь степи. — СПб., 2000. — С.
  3. Букеевской Орде — 200 лет. — Кн. 2. — Алматы, 2001. — С.
  4. Бөкей Ордасы — тарихи мұражай кешенінің қорынан. — 2005. — Орда. (Тарихи құжаттар).

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.