Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ əйелдерінің білім алу мəселесі

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға гуманистік білімін, білігі мен дағдысын емес, оның жан-жақты дамуын есепке ала отырып, еліміздің бəсекелестікке қабілетті елу елдің санатына тұратын тұлғаны тəрбиелеу талаптары тұр.

Қазақстандағы əйелдердің білім алу мəселесіне жан-жақты талдау жасаған ғалымдар М.Қозғам- баев, Т.Тəжібаев, А.И.Сембаев, К.Бержанов, А.Жақыпов, К.Құнантаева, Л.С.Сырымбетовалар болды.

Қазан төңкерісіне дейін сауатты қазақтарды жергілікті тұрғындардың арасынан сирек кездесті. Мектепке балалардың бірен-сараны ғана барып, тіптен қыз балалар оқу мүмкіндіктерінен айырылды. Өлке аумағында алғашқы мектеп 1841 жылы Хан Ордасы (Бөкей Ордасы) құрылды. Мектепте екі орыс-татар кластары ашылып: біріншісінде 13 оқушы, екіншісінде 12 оқушы болса, онда оқушылардың жасы 9–22 аралығын қамтиды. Ал қыздар онда мүлде жоқ десекте артық емес.

Қазақстанда əйелдерге арнайы білім беру жөнінде алғаш рет мəселе көтерген көрнекті ағартушы Ыбырай Алтынсарин [1]. Оның ойы əйелдер мəселесі бойынша сол кезде жеке-дара болатын. Ағартушы ақыл мен білімпаздықты сыйлаған қазақ əйелі қоғамда лайықты орнын алуға тиіс деп есептеді. Оның табанды еңбектерінің арасында 1887 жылы Ырғызда өлкедегі тұңғыш əйелдер училищесі, 1888 жылы оның жанынан қазақ қыздарына арналған интернат ашылды.

Ыбырай Алтынсариннің пікірінше, қазақ қыздарын бастапқы кезде мектепке əйелдер қолөнерін үйренуге қабылдауға болатын. Мəселен, киім тігу мен пішу, шəлі тоқу, жүннен арқан есу, алаша тоқу, киіз басу сияқты қазақтың тұрмысындағы үйреншікті үрдісті үйренеді. Осылай оқыту, — деп есептеді. Сонымен бірге қазақ қыздарының орысша сауат ашқанының қалады. Мұндай бастамалар өз қолдауын тауып əр жерлерде қыздар училищесін 1891 жылы Торғайда, 1893 жылы Қостанайда, 1895 Қарабұтақ ауылында, 1896 жылы Ақтөбе қалаларында ашыла бастады. 1889–1890 жылдары Ырғыздағы қыздардың орыс-қазақ училищесінде үш бөлімше жұмыс атқарды. Оның жоғары бөлімшесіндегі қазақ қыздары едəуір орысша еркін сөйлей отырып, сауатты жаза білді, сонымен бірге төрт амалмен арифметикалық есептерді шығара білді. Осы кезде 70 жуық қазақ қыздары білім алды.

Қыздар училищесінің санының көбеюіне байланысты, өлкеде əйелдерге білім беру қажеттігін кеңейту ұсынылды. Бұның бастамасы Қостанайдағы қыздар гимназиясының ашылуы болды. М.П.Рончинский Орынбор округінің уəкіліне жазған «Орыс-қырғыз əйелдер білімі туралы» баяндамасында қазақ қыздарына жалпы білім беру мəселесін көтерді. Бұл шараның мəнін негіздей отырып, ол: «Қазақ қыздарын оқыту мектептің басты мəселелерінің бірі болуы керек», — деп жазды. Егер қыздар маңызды білім беру мектептерінде, бір класстық, екі класстық гимназия жанындағы мектепті жəне гимназияны бітірсе, əр түрлі марапаттауларға ұсынылып, училищеге тартылуы тиіс [2].

Алайда мектептердің дамуы үшін əйел мұғалімдерді дайындау үлкен мəнге ие болды. Мысалы, 1911–1912 оқу жылында Бөкей Ордасында бір екі кластық жəне алты бір кластық қыздар училищесі жұмыс істеді. Мұндағы қазақ қыздарының жасы 9–24 аралығында болды. Осы училищелердің қызметтерінің нəтижесінде Қазан төңкерісінің қарсаңында алғашқы шағын қазақ əйел мұғалімдерінің тобы құрылды: Хан Ордасындағы қыздар мектебінің меңгерушісінің көмекшісі Разия Дүйсалиқызы Ахмедова, Мағыз Қармамбетова, Павлов мектебінің мұғалімі Жамал Ахметжанова, маңызды білім беретін қыздар мектептерінің мұғалімдері Халима Дильмұхамедқызы Уразбаева жəне Халима Ұзаққызы Байтуарова болды [3]. Бұл топ қазақ қыздарын оқуға тарту үшін көптеген жұмыстар жүргізді.

Қазақстанда педагогикалық ойлардың дамуында демократиялық бағыттағы 1911–1915 жылдардағы қоғамдық əлеуметтік «Айқап» журналы маңызды орын алды. «Айқап» авторлары, оның ішінде мұғалімдер феодалдық байлардың əйелге деген қатынасын мəселе ретінде көтерді (қалың мал, көп əйел алушылық, əмеңгерлік т.б.). Осы кезде М.Əлжановтың «Қазақтардағы құда түсудің кемшіліктері» мақаласында қалың малға қарсылық білдіре отырып, ар-ұяттан безген отбасы қалың мал есебінде өмір сүреді деп жазған болатын [4].

Бұл журнал жүйелі түрде қазақ қыздарының өміріндегі барлық жаңа өзгерістерді жариялады. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында елдегі əйел білім дамуының айқын бағдарламасы оның ішінде Шығыс елдерінде анықталды. Алайда Кеңес өкіметі ең алдымен əйелдердің ерлермен заңдылықтағы толық теңдігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды жүзеге асырды. Ол үшін жұмыскер- əйелдер қоғамдық мекемелер басқармаларында жəне мемлекеттік басқарма жұмыстарына көбірек қатысуларын талап етті.

Əрине, əлі де болса, бұл кезде Қазақстан əйелдерінің жағдайы өте ауыр болды, себебі олар Ресей патшалығының отарлау саясатында болды жəне жергілікті басқару өкіметі əйел теңдігі құқығынан айырды. Қалың мал түрінің ең сорақысы — келінді сатып алу, яғни Қазан төңкерісіне дейін ауылдағы əйелдердің күңдігінің көрсеткіші еді. Үкімет тарапынан осы кезде мынандай шешім қабылданған болатын: қырғыз (қазақ) халқының дəстүрі бойынша жігіттің, оның ата-анасының қызы үшін қалың мал беруі, оны сатып алуы тоқтатылсын. Қалың мал туралы келісім-шарт жарамсыз деп табылсын. Мұны бұзғандар қалың малға берілетін малдардың жəне мүліктің екі есе құнын төлейді жəне екі жақ та бір жыл бостандықтан айырылады [1].

Демек, əйел теңдігі идеясына үн қосқан қазақтың қыз-келіншектерінің саны жыл өткен сайын көбейе берді. Суырып-салма ақын қыз, қарқаралық Зейнеп Қошқарбергенқызы (1888–1913), Жайық өңірінің дүлдүлі, халық ақыны Кəмила Өтеғалиева (1889 жылы туған, қайтыс болған мезгілін əзірше анықтай алмадық), сазгер Қапан Мусиннің анасы, жетісулық айтыскер қыздар Нұрила Əбенқызы (1894–1921), Тəбия Қаражанқызы (1900 жылы туған), Кенен Əзірбаевпен айтысып, аты шыққан Шу өңірінің (Жамбыл облысы) ақын қызы Лəтипа Баймағанбетқызы (1900–1930), өлендері мектеп оқулықтарына енген Жібек Ерубайқызы (1910 жылы туған), Сыр бойындағы халық ақыны Айманкүл Тəжібаева (1888–1952) (Əбділда Тəжібаевтың анасы) қазақтың əйелдерден шыққан шығармашылық интеллигенциясының көпке белгілі өкілдері болды.

Алайда Қазақстанда ағарту ісін дамытудағы көптеген мəселелердің арасынан əйелдерге білім беру алғашқы орындардың бірін иеленді. Оны шешуге республиканың əйелдер бөлімі қызметкерлері өздерінің барлық күш-жігерін, білімін жұмсады. Кейбір отбасылар қыздарды оқытуды қажет деп ойламады. Сонымен қатар ата-аналар біріктіріп оқытуға қарсы болып, жеке қыздар мектебін ашуды талап етті. Сондықтан Өлкеком, Халық Ағарту комиссариаты уақытша ауылдар мен қышлақтарда қыздар үшін жеке мектептер ашуды қажет деп бағалады. Қазақстанның бірқатар қалаларында — Оралда, Шымкентте, Қарқаралыда, Павлодарда жəне басқа жерлерде қазақтың жасөспірім қыздары үшін əрбір мектепте 30 оқушыны оқытатын мектептер ашылды [2]. Петропавловскіде қазақ əйелдерін педагогтік техникумдарға дайындайтын курстар жұмысын бастады. Қызылордада мұғалималар дайындау бойынша екі жылдық курстар ашылды.

Өз құқығын иемдене отырып, қазақ əйелдері қоғамдық жұмыстарға белсене араласа бастады. Алғаш рет əйелдермен жұмысты бастаған Алма Оразбаева болды. Ол сауатсыздықты жоюға арналған арнайы əйелдер курсын ашу туралы мəселелерді көтерді. Қоғам қызметкері М.К.Беғалиева əйелдер бөлімшелерінің меңгерушілерінің өлкелік жиналысында, ол əлі де болса кемшіліктердің бар екенін ескертті. Алайда əйелдердің оқуға деген жоғары талпыныстары болып, белсенділіктері арта түсті. Оған дəл М.К.Беғалиева 1920 жылы қазақ əйелдерінің арасында саяси-тəрбиелік жұмыстар жүргізіп, 1922 жылы Бөкей Ордасындағы əйелдер бөлімшесін басқарды [2].

Қазақстанда құрылған «қызыл отаулар» ағарту ісін алға қойды. Ондағы мəселе сауатсыздықты жою, медициналық-санитарлық жұмысты, құқықты қорғау мен əйелдердің еңбегін, тұрмысын жақсарту еді. Дегенмен, ағарту ісін дамытудағы көптеген мəселелердің арасында əйелдерге білім беру мəселесі бірінші қатарда тұрды. Бұл міндеттерді шешуде республикадағы əйелдер бөлімшелерінің қызметкерлері барлық күш-жігерін, білімін аямай жұмсады. Жылдан жылға қыздарға арналған мектептер толықтырыла түсті. Мəселен, Шымкент, Қарқаралы, Павлодар, Ақмола, тағы басқа қалаларда 30 адамнан тұратын мектептер ашылды.

1927 жылы ақпанда Қазақстанда мұғалімдердің І-ші съезі болып өтті. Онда сөйлеген тұңғыш мұғалімдердің бірі Сара Есова: «Бүкіл халықтың тең жартысы болып отырған қазақ əйелінің мектепті толық қамқорлығына алуға хақы бар. Мұғалімдер қазақ қыздарының біздің мектептерімізге барған сайын көбірек тартылуына, сөйтіп Қазақстанның барлық еңбекшілерімен бірге қазақ əйелдерін жарқын болашақтың нұрлы жолына түсіруге көмектесетін болады» [3].

1928–1929 оқу жылында Қазақстанда өндірістегі білікті əйелдер еңбегінің өсуіне, оқу орындарына əсіресе индустриялық-техникалық жəне экономикалық оқу орындарына қыздарды көбірек тартуға ерекше назар аударылды. Демек, жасөсіріпім қыздар оқитын мектептерді қол өнері техникасын үйретуге бейімдеу, оңай мектептерде еңбекке дағдыландырып (киім тігу, пішу, тоқу т.б.) оқыту қажеттілігі айтылды. Бір жəне екі сатылы мектептердің оқу бағдарламаларына да қыздарды еңбекке дағдыландыруға, қоршаған шаруашылықты жəне үй тұрмысын игеруге үйрету көзделді.

Ал, 1931 жылғы 1 маусымдағы деректерге қарағанда, бастауыш білім беру жүйесіндегі қыздардың жалпы саны 42 пайызға көтерілді.

1939 жылдың аяғында Қазақстан халқының жалпы сауаттылғы 79,3 %-ке көтерілсе, соның ішінде 66,8 пайызы əйелдер болды [3].

1940 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан бойынша мұғалімдер саны 17516 жетті, оның ішінде 2500-ін қазақ қыздары құрады [3].

Қыздарға арналған мектептер əйелдер арасындағы білім беру ісін дамытуға үлкен пайдасын тигізді. Халыққа білім беру жүйесі дамыған сайын, өскелең ұрпақты оқыту мен құқықтық тəрбиелеу сияқты маңызды мəселемен қатар əйелдерден ұлттық кадрлар дайындау да жоғары қарқын алды.

Алғаш рет 1944 жылы арнайы қыздар ұлттық жоғары оқу орны — Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты ашылды. Қазақстанда əйелдерге білім беру мəселесі соғыстан кейін біршама арта түсті. Алайда 1991 жылы республикада 135 доктор, 2577 кандидат əйелдер арасынан шықты.

Əр кез республикада қыздарға білім беруге ереше назар аударылды десек, онда 1960 жылдары маман — қазақ қыздарының саны 24,1 мыңды құраса, 1973 жылы бұл цифр 127,6 мыңға өсті. 1973 жылы маман қазақтардың ішінде қыздардың пайыздық салмағы 47,8 құрады. Əйелдер игерген мамандық қызметі түрлерінің ауқымы ұлғайды [3].

1973 жылы Жоғары Кеңес бекіткен «Халыққа білім беру туралы» Заңы қабылданып, халыққа білім берудің негізгі ұстанымдары айқындалды, мəселен, ұл жəне қыз балаларды біріктіріп оқыту.

Оқу мен өскелең ұрпақты мінезділікке тəрбиелеудің маңызды мəселелерін шешумен қатар қыздардан маман дайындау жоғары қарқында жүргізілді. 1970 жылғы Бүкілодақтық санақтың қорытындысы əйелдер ерекектермен қатар білім алуда белгілі бір деңгейге жеткендігін көрсетті. Қоғамдық өндіріспен айналысатын əйелдердің үлесі 1970 жылы Қазақстанда 58 пайыз болды. 1959 бен 1970 жылдар аралығында ой еңбегімен айналысатын əйелдердің саны ерекше өсті. Халыққа білім беру, денсаулық, мəдени-ағарту жұмыстары, сауда мен байланыс салаларын дамытуда əйелдердің еңбегі шешуші рөл атқаратындығы белгілі еді. Мəселен, Қазақстанда осы кезеңде əйелдер педагогтар арасында 80 пайызға жуық, ал медицина қызметкерлері арасында тіпті 90 пайызды құрады.

1991 жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындайтын жоғары білімді мамандарды іріктеу арқылы доктор жəне кандидат əйелдер санының көрсеткіші яғни, педагогика ғылымдары бойынша 86 кандидат əйелдер болса, ал психология ғылымдары бойынша 12 кандидат əйелдер санын құрады.

Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев: «Əйел саяси шешім қабылдау процесінен тыс бола алмайды. Өкімет органдарында əйелдердің өкілеттілігі жеткілікті дəрежеде емес. Əйелдерсіз демократия болуы мүмкін емес», — деп атап көрсеткендей, əйелдердің əлеуметтік тепе-тендігі заңмен қамтамасыз етіліп, коғамдық атмосферада тұрақты басымдыққа айналуы тиіс. Бұл мəселенің ойдағыдай орындалуына біз, əйелдер, қоғамдық күш ретінде жұмыла еңбек етуіміз керек деп ойлаймыз. Өйткені біздерге бүгінгі ұрпақ пен бүгінгі отбасы қамын ойлау міндетімен қоса, қоғамның саяси, мəдени, рухани өміріне белсене араласуды заман талабы жүктеп отыр [5].

Соңғы кездегі гендерлік теңдік негізіндегі саяси сараптамаға назар аударсақ, Қазақстанда əйелдердің білім саны еркектерге қарағанда басымырақ. Жоғары жəне орта білімі бар мамандар ішінде 62 % əйелдер. Қазіргі кезде жоғары оқу орындарының студенттерінің жартысынан көбі қыздар. Қазіргі таңда əйелдерге арналған бұқаралық ақпарат құралдары үлкен жұмыс атқаруда:

«Егемен Қазақстан» орталық республикалық газетінде əйелдерге арналған «Сырғалым» атты қосымша енгізілген, «Казахстанская правда» газетінде «Əйелдер əлемі» деп аталатын арнайы беттері болса, одан да басқа «Қазақстан əйелдері», «Айна», журналдары бар.

Қазақ əйелдерінің жан-жақты білімдерін сараптай келсек, қай сала болмасын əйелдер қызмет етеді. Осы күндері бизнеспен айналысатын əйелдер ерлермен қатар қызмет етуде.

Дегенмен де еліміздің егемендік алып, адам құқықтары мен бостандықтары ескеріліп, адамдар жынысына, нəсіліне, ұлттына қарамастан тең саналып отырған бүгінгі таңда демократияландыру процесіне əйел адамның алатын орны ерекше. Олар саясатқа араласып, парламентке депутат болып, түрлі мекемелерге басышылық етуде. Əлеуметік өмірде, экономикалық дамуға да, ғылымға мен білімге де өз үзлестерін қосуда. Яғни əйел адамның өмірдегі рөлі артып, ол отбасының, қоғамның негізіне айналып отыр.

Сондай-ақ Президент жанынан құрылған Əйелдер мен отбасы жөніндегі ұлттық комиссиясы, Іскер əйелдер ассоциациясы, Мұсылман əйелдердің лигасы т.б. жұмыс істеуде.

Əр кезде қыздарға арналған ғылыми оқу-əдістемелік құралдар жарық көрді, соның ішінде: Ж.Байжанова «Қызым саған айтам...», З.Мейірханова «Қыз — өмірдің қызғалдағы», З.Башбаева «Қыздар сұлу көрінер», Ж.Сарыбекова «Қыздар тəрбиесін ұйымдастыру», А.Бекжігіт, Ə.Ыстыбайдың «Қыздарға мұсылмандық тəрбие».

Жаһандану кезеңдегі керемет бір ерекшелік — əрбір ұлт өзінің мəдениетіне, ұлттық ерекшелігіне, табиғи болмысына терең мəн бере бастағаны. Əрбір қоғамның, əрбір мемлекеттің жеткен биігі, мəдениетінің деңгейі оның əйелге деген көзқарасымен өлшенеді [6].

Қазақ қызы ғылымда интеллектуалды, тəуелсіз, инициативті энергия, қиындықтан жасқанбайтын болуы керек. Қазір қыздар өзінің еркіндігін көрсетіп, өз бетімен шешім қабылдап, өз көзқарастарын білдіре алады.

Білім беру — қоғам мүшелерінің адамгершілік, зияттық, мəдени жəне дене дамуы мен кəсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді көздейді.

Білім өзінің мəніне қарай болашаққа қызмет етеді білім жүйесі жоғары дəрежеде қоғамның əлеуметтік-экономикалық прогресіне ықпал етеді.

Білім беру жүйесіндегі маңызды міндеттердің бірі білім беруге жаңа технологияларды енгізу, білім беруді компьютерлендіру жəне халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығумен өрнектеледі.

Білім беру жүйесіндегі тағы бір басым бағыттардың бірі еңбек нарығындағы бəсекеге қабілетті білікті жұмысышы мен мамандарды даярлау, қайта даярлау жəне олардың біліктілігін көтеру болып табылады. Сонымен бірге білім — адамның əлеуметтенуінің негізгі факторы, оның тұлғаға айналу жолы.

Шын мəнінде бұл қоғамның өз мүшесіне «Бəрі сияқты бол!» деген талабы, ал екінші жағынан, білім беру мен тəрбиелеудің міндеті — тұлғаны жан-жақты дамыту, яғни оның толық өзін-өзі айқындауына, көрсете білуіне қол жеткізу.

Білім, ғылым саласында жаңа талапқа сай тұжырымдар мен оқулықтар жазу, білім беру жүйесін қалыптасыруда əйелдердің қосып жатқан үлесі мол. Ұлттық комиссия жыл сайын əр түрлі көрмелер (іскер əйелдер еңбегінің, білім дамуының, жаңа технологияны игерудің, өнер қайраткерлері шығармаларының) ұйымдастырып, конкурстар өткізуге қатысып, бизнеспен шұғылдануға ынталы адамдарды қолдауда.

Еліміз егемендік алғанан кейін Қазақстанда білім берудің ұлттық моделі қалыптасуда. Онда білім мен тəрбие берудің ұлттық дəстүрін əлемдік білім кеңестігінде орын алып отырған өзгерістермен өзара байланыстыруға айырықша көңіл бөлінуде.

Білім беру саласындағы реформалар, бір жағынан, əлемдік білім беру кеңістігіне сай өркендеуге ұмтылса, екінші жағынан, ұлттық болымысты қалыптастыру мақсаталса, ұлттық болмысты қалыптастыру мақсатында мəдени-тарихи құндылықтарға сай өзіндік бет бейнесін сақтауды көздейді. Білімді адам ғана тарихи жəне мəдени дəстүрлерді ұстана алады. Ол — сөз бен тілдерді, мəдениет пен ғұрыптарға ден қойған адам. Өзінің белгілі бір қауымдастық пен халыққа қатыстылығын сезінеді, оның бойында адамгершілікке, ойлы əрекетке, сұлулыққа құлшыныс тəрізді мəдени құндылықтар қалыптасады.

Этникалық-мəдени білім — бұл ана тілі мен төл мəдениетті əр елдің мəдениет құндылықтарын қоса игеру арқылы тұлғаның этностық-мəдени сəйкестілігін сақтауға бағытталған білім.

Мəдени-этникалық білім беруді қолға алуға байланысты білім беру жүйесінің кең көлемді реформасы ғылымның түйінді көмегінсіз тиімді бола алмайды. Сондықтан этнопсихология, этнопедагогика сияқты ғылыми пəндердің қалыптасуы үшін мемлекет тарапынан игі ықпал жасалуы қажет.

Тұлғаның дамуы үшін бұл екі талап та маңызды болып табылады. Ал білім берудегі гендерлік өлшемдер тұлғаны дамытуда жəне білім беруде дұрыс бағыт береді десек, онда білім беру жүйесіне гендерлік білім беруді Еңгізуді мақсат етіп отыр [5].

Қоғамды ерлер мен əйелдер арасындағы қүқықтық жəне гендерлік теңдіктің, əділетті əлеуметтік қарым-қатынастың қажеттігін түсінетіндей етіп оқыту бойынша ағарту, яғни ол үшін төмендегідей талаптарды ескеруді қажет етеді:

  • білім берудің барлық деңгейлеріндегі оқу бағдарламаларын гендерлік қарауышты енгізу. Мектеп жасына дейінгі білім беру мекемелерінің, мектептердің, орта арнайы жəне жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына тиісті түзетулер енгізу;
  • педагогтар (мұғалімдер), білім беру ұйымдарының (мектепалды даярлаудың, мектептердің, жоғары оқу орындарының) оқытушылары үшін пакетін əзірлеу;
  • білім беру жүйесінің педагогтары (мұғалімдері), оқушылары, мамандары үшін гендер- тренингтер ұйымдастыру;
  • мұғалімдер мен оқытушылардың гендерлік білім беру саласындағы біліктілігін арттыру жобаларын қолдау;
  • қыз балалар мен əйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтетін гендерлік көрсеткіштерді ескере отырып, гендерлік зерттеулер жүргізу.

Қорыта келгенде, Қазақстанда əйелдерге білім берудің тарихын зерттеу мен талдау тағы да қоғамның экономикалық, саяси жəне мəдени дамуына байланысты еңбекші əйелдердің еркіндік процесі қаншалықты қиын екендігін көрсетеді. Қазақстанның, мысалы, қыздары тек қана орта білім алу үшін емес, сонымен қатар жоғары білім алып, ер-азаматтармен үзеңгі қағыстырар ғалым болуға да қабілетті.

Қазақстанда əйелдерге білім берудің өркендеу тəжірибесі білім беруге əйелдерді тартуда шешуші табыстарға, егерде елдегі білім беру принциптері бұқара еңбекшілерінің арасына ағарту ісін тарту міндеттеріне жауап беретін жағдай болса, қол жеткізуге болатындығын сеніммен көрсетеді.

 

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Сырымбетова Л.С. Казахская женская гимназия: Этнопедагогическая модель гендерного образования. — Алматы: Білім,
  2. Кунантаева К. К вершинам знаний. — Алма-Ата: Мектеп,
  3. Кұнантаева К. Қазақстанда халыққа білім беру ісінің дамуы (1917–1990 жж.) — Алматы: Қазақстан,
  4. Бержанов К. Русско-казахское содружество в развитии просвещения. — Алма-Ата: Мектеп,
  5. Құрманбаева Ш. Əйел жəне қоғам // Ақиқат. — 2004. — №
  6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қарашадағы № 1190 Қаулысы бектілген Қазақстан Республикасындағы 2006–2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.