Болашақ ұрпақтың рухани дамуын жаңа заман талабына сай жүргізу ісінде қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтаған халық мұраларының озық үлгілерінің маңызы зор, олар жеке тұлғаның жан-жақты дамуына өз əсерін тигізеді. Сол себепті қазіргі таңда жас ұрпақты халықтың қолданбалы өнер түрлерін жинақтап, зерделеуге қатысты тəлім-тəрбиесі мен мол тəжірибесі негізінде тəрбиелеудің қажеттігі өсе түсуде.
Жас ұрпаққа ұлттық тəрбие беру — халықтың бүкіл тарихи өміріндегі өзекті болатын мəселе.
Себебі тəрбиенің ұлттық сипаты жоғалса, халықтың болашағы бұлыңғыр болатыны сөзсіз.
Ұлттық мəселелерді талқылай отырып, зерттеуде көптеген этнограф, тарихшылар, фольклорист, этнопсихолог, этнофилософ-ғалымдарымыз еңбек сіңіруде, соның ішінде ұлттық дəстүр мен этностық педагогика жан-жақты зерттелуде. Мəселен, жоғары мектептегі студенттердің этнопедагогикалық білім алу мəселесі жөнінде С.А.Ұзақбаева мен К.Ж.Қожахметова арнайы тұжырымдама əзірлесе, қазақтың халық педагогикасы материалын пайдалануға болашақ мұғалімдер мен тəрбиешілерді дайындау, мектептің оқыту процесінде халық педагогикасының озық үлгілерін пайдалану мəселелерін Қ.Бөлеев, Ү.Əбдіғапбарова, А.С.Мағауова, Б.Ж.Мұқанова, Ж.Хасанова, тағы басқалар қарастырған.
Б.Ж.Жиентаева «Технология» пəні сабағында халықтың қолданбалы өнері арқылы оқушыларға ұлттық тəрбие беру мəселесін зерттей келе, «технология сабақтарында оқушыларға ұлттық тəрбие беру дегеніміз — оқу-тəрбие үрдісінде халықтың қолданбалы өнер туындыларының жасалу жолдарын меңгеру арқылы білім, біліктілік, дағдысын қалыптастыру негізінде ізгілік қасиеттерінің, дүниетанымы мен ой-өрісінің өсуі, ұлттық танымының қалыптасуы, шығармашылық қабілетінің дамуы» деп анықтайды [1].
Ұлттық тəрбие беру процесінде жастардың білім саласындағы этномəдени қажеттіліктеріне үнемі талдау жасап, тиісті шара қабылдап отыру қажет.
Мектептерде, оқу орындарынан тысқары тəлім-тəрбие орындарында ұлттық өнерді өмірге кеңінен кіргізу керек. Педагогикалық колледждер мен гимназияларда, институттарда, университеттерде ұлттық өнерді оқыту бойынша мамандар даярлауды жетілдіру де өзекті мəселе.
Ұлттық өнер бойынша оқулықтарды, оқу құралдарын көптеп шығарып, жас ұрпақты өнер мəдениетімен сусындатып, ұлттық эстетикалық игілікке айналдыра тəрбиелеу — кезек күттірмейтін шаруа.
Жеке тұлғаның этнос субъектісі ретінде қалыптасуы көптеген факторлардың ықпалы арқылы жүреді. Соның ішінде халықтың қолданбалы өнерінің этнопедагогикалық білімнің құрамдас бөлігі, ұлттық тəрбие құралы ретіндегі мүмкіндіктері мол. Қазақ халқының қолданбалы өнері туындыларының мұражайлардағы, көрмедегі озық үлгілерін, күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрген тұрмыстық құралдарын халқымыздың өткен тарихымен таныстыратын дəнекерлеуші, мəдени мұрасын, салт-дəстүрін сақтаудағы пəрменді күш. Халықтың қолданбалы өнері арқылы ұлттық тəрбиені жүзеге асырудың жолдары, үлгі-өнегелері, əдістері оның мақсаты мен міндеттеріне, мəні мен мазмүнына сəйкес келеді жəне сондықтан оның тəрбиеленушіге əсер ететін ықпалы да мол болмақ.
Қ.Болеев болашақ мұғалімдерді этнопедагогикалық дайындау жүйесін бір-бірімен байланысқан келесі компоненттер арқылы іске асыруды ұсынады:
- қазақ этнопедагогикасы жəне қазақ этнопедагогикасының тарихы оқу пəндері бойынша этнопедагогикалық білімдер беру;
- қазақ этнопедагогикасы бойынша жəне қазақ этнопедагогикасының тарихы бойынша арнайы курстар, семинарлар жəне факультативтер;
- казақ этнопедагогикасы бойынша жəне қазақ этнопедагогикасының тарихы бойынша арнайы зерттеулер жүргізу;
- педагогикалық практика кезіндегі студенттердің оқушылармен ұлттық тəрбиені жүзеге асыруы жəне ата-аналар арасында ұлттық тəрбиені насихаттауы.
Ал болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық даярлығы критерийлері ретінде оқушыларға ұлттық тəрбие беру бойынша мынадай іс-əрекеттерін алған:
- пəн сабақтарында оқушыларға ұлттық тəрбие беру;
- мектептен жəне сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға ұлттық тəрбие беру;
- сынып жетекшілік жұмыста оқушыларға ұлттық тəрбие беру;
- ата-аналар арасында ұлттық тəрбиені насихаттауы [2].
Қазақстан Республикасындағы этникалық-мəдени білім тұжырымдамасына сəйкес жан-жақты мəдениетті тұлға барынша айқын көркемдік-эстетикалық сананың, ұшқыр қиял мен нəзік сезімнің, əсемдікке құштарлық пен əдемілікті бағалай білетін қасиеттің, театр, кино, теледидар, əдебиет, музыка, кескіндеме сабақтары дарытатын көркем талғамның өнер туындыларын түсіне алатын қабілеттің иесі болуға тиіс. Көркемдік-эстетикалық сананың ерекшелігі оның өз болмысының əдетте көркемдік шығармашылық дағдыда: саз аспаптарында ойнағанда, əн салғанда, сурет салғанда, т.б. сəттерде айқын көрсетілуінде. Сондықтан ол этномəдени білім мақсаттарына сай келеді. Оның қалыптасуы тұлғаға өз халқының мəдениетіне тікелей қатыстылығын сезінуге мүмкіндік береді, ұлттық сəйкестікке ерекше ден қояды. Тарихты зерттеуде мəдениет тарихы айрықша орын алуға тиіс. Бұл пəн жан-жақты мəдениетті тұлғаны қалыптастыру міндеттеріне өте-мөте жоғары дəрежеде сай келеді. Егер ол өнер тарихы ретінде, дүниежүзілік жəне ұлттық философия тарихы, дəстүрлер мен ғұрыптар тарихы, ұлттық киім мен сəн-салтанат, т.б. тарихы ретінде оқытылса, онда, ұлттық жəне дүниежүзілік мəдениетті қастерлейтін жəне білетін сан-қырлы рухани жетілген тұлғаны тəрбиелеуге өріс ашады.
Қазіргі заманғы мұғалімнің кəсіби даярлығын қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтарын тəрбиеде қолдануға даярлау проблемасы контексінде шешу оқытудың процестік жəне мазмұндық аспектілерін сапалы жаңартуды талап етеді. Білім берудің жаңа парадигмаларына сəйкес келетін кəсіби даярлықтың қоғам талаптарынан туған мақсаты тұлғалық, теориялық жəне практикалық аспектілерді біріктіретін «кəсіби даму» ұғымымен нақтыланады. Аталған аспектілердің ішінде ең мəндісі əрі маңыздысы тұлғалық аспект болып табылады. Болашақ мұғалімнің кəсіби- педагогикалық іс-əрекетке тұлғалық-кəсіби даярлығы оның тұжырымдамалық жəне іс-əрекеттік жағынан көрінетін мүмкіндіктеріне сүйене отырып, инновациялық процесті ұйымдастыруға бағыттайды.
Болашақ мұғалімдерді қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтарын тəрбие ісінде қолдануға даярлау мақсатымен біз мұғалімдерді даялаудың теориялық моделін жасадық. Бұл модельдің құрылымының негізінде қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтарын тəрбие процесінде қолдануға бағытталған мұғалімнің кəсіби іс-əрекеті жатыр.
Болашақ мұғалімдерді қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтарын тəрбие процесінде қолдануға даярлау моделін құруда біз Л.де Калувэ, Э.Маркс, М.Петри ұсынған білім беру моделінің компоненттерін негізге алдық:
- негізгі құрылымы;
- оқыту мазмұны;
- оқыту процесін ұйымдастыру;
- оқушыларды басқару;
- оқу нəтижелерін бақылау;
- оқыту процесін бағалау.
Модель болашақ мұғалімнің тұлғалық жəне кəсіби сипаттамаларының үйлесімділігін қарастырады. Болашақ мұғалімнің тұлғалық сипаттамалары төмендегі екі параметрлердің қалыптасуымен тығыз байланысты:
- білімдер, іскерліктер жəне дағдылар жүйесі;
- тұлға қасиеттері.
Бұл параметрлер жалпы кəсіби даярлаудан бөлек қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтарын тəрбие процесінде қолдануға қажетті арнайы даярлықты қажет етеді.
Болашақ мұғалімдерді қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтарын тəрбие процесінде қолдануға даярлау моделінің мақсаты — болашақ педагогтардың аталған іс-əрекетке даярлығын қалыптастыру.
Болашақ мұғалімдерді қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтарын тəрбие процесінде қолдануға даярлау процесінің нəтижесі оның аталған іс-əрекетке даярлығы болып табылады.
«Даярлық» категориясы психологиялық-педагогикалық əдебиеттер жеткілікті деңгейде қарастырылған. Сондықтан біз зерттеліп отырған құбылысымызға тəн маңызды жақтарына қысқаша ғана теориялық талдау жасаймыз.
Психологтардың пікірінше, «даярлық» белгілі бір кезеңдегі психологиялық іс-əрекеттің тұтастай сипаттамасын білдіретін адамның психологиялық жағдайы.
В.А.Сластенин педагогикалық іс-əрекетке даярлық деп ерекше психологиялық жағдайды, субъектіде белгілі бір іс-əрекеттің бейнесінің жəне сананың тұрақты түрде оны орындауға бағытталуын айтады. «Мұғалімнің кəсіби құзыреттілігі» ұғымын кəсіби іс-əрекетті іске асыруға теориялық жəне практикалық даярлығының бірлігі дей келе, оны кəсібилікпен сипаттайды [3].
Мұғалімнің кəсіби құзыреттілігінің құрылымы, В.А.Сластенин бойынша, педагогикалық іс- əрекетке даярлық құрылымы сияқты педагогикалық іскерліктер арқылы ашылуы мүмкін. Педагогикалық іскерліктерді ол төрт топқа біріктерді:
- тəрбие процесінің мазмұнын педагогикалық міндеттерге «көшіру» іскерлігі;
- логикалық аяқталған педагогикалық жүйені құру жəне іске қосу іскерлігі;
- тəрбиенің компоненттері мен факторлары арасындағы байланыстарды анықтау, оларды қозғалысқа келтіру іскерлігі;
- педагогикалық іс-əрекет нəтижелерін есепке алу жəне бағалау іскерлігі [3].
В.А.Сластенин теориялық даярлықтың жəне құзыреттілікті мұғалімнің аналитикалық, проективтік жəне рефлексивтік іскерліктерінің жиынтығы ретіндегі педагогикалық ойлау іскерлігімен байланыстырады. Мұғалімнің практикалық даярлығы мен құзыреттілігін ұйымдастырушылық (мобилизациялық, ақпараттық, дамытушылық, бағыттаушылық іскерліктер) жəне коммуникативтік (перцептивтік, педагогикалық қарым-қатынас, педагогикалық техника іскерліктері) іскерліктер арқылы ашады.
К.М.Дурай-Новакова педагогикалық іс-əрекетке даярлық күрделі құрылым екендігін айтады. Ол болашақ мамандыққа деген оң қатынастан, педагогикалық іс-əректеттің тұрақты мотивтері, кəсіби- педагогикалық білімдер, іскерліктер, дағдылар қалыптасады дейді [4].
Сонымен, даярлық мəселесі педагогикалық жəне психологиялық зерттеулерде қарастырылған. Педагогтардың зерттеу жұмыстарында белгілі бір қасиеттің қалыптасуын мақсатты түрде басқаруға мүмкіндік беретін дидактикалық жəне тəрбиелік факторлар мен шарттарды анықтауға арналған.
Психологтардың жұмыстарында негізгі көңіл даярлық жағдайы мен тұлғаның іс-əрекетінің тиімділігі, құзыреттілік пен оның кəсіби іс-əрекетте көрінуі араларындағы тəуелділіктер мен байланыстардың сипатын анықтауға бөлінеді.
Көптеген ғалымдардың студенттердің болашақ педагогикалық іс-əрекетке даярлығының мазмұндық құрылымына деген көзқарастары сəйкес келетіні туралы атап өту керек. Олар төмендегідей компоненттерді көрсетеді: мотивтік-құндылық (тұлғалық) жəне орындаушылық (процессуалдық) (В.А.Сластенин); танымдық, мотивтік, жігерлі жəне эмоционалдық (А.И.Мищенко); мотивтік-құндылық, мазмұндық, операционалдық (С.Л.Рубинштейн).
Аталған мəселеге арналған еңбектерді талдау барысында көптеген авторлар «даярлық»,
«даярлау» ұғымдарын ажырата келе даярлауды процесс, ал даярлықты осы процестің нəтижесі деп анықтайды. Бұл жағдайда олардың құрылымдағы ортақ компоненттерді бөліп көрсетуге болады: психологиялық компонент (сенімдер, көзқарастар, мотивтер, белгілі бір əрекетке деген ұстанымдар); теориялық компонент (білімдер); операциялық компонент (іскерліктер, дағдылар, қабілеттер).
Сонымен, педагогикалық іс-əрекеттің əр түрлі аспектілеріне даярлығымен əр уақытта əр түрлі ғалымдар айналысқан. «Даярлық» категориясы:
- қажетті қабілеттер кешенінің болуы (В.Г.Ананьев, С.А.Рубинштейн);
- кəсіби жағдайлар мен міндеттерге бағытталған ұстаным (В.А.Петровский, К.К.Платонов, Н.Д.Узнадзе жəне басқалар);
- тұлға сапасы, қасиеті (К.К.Платонов, М.И.Дьяченко);
- тұлғаның белгілі бір функционалдық жағдайы (Н.Д.Левитов);
- белгілі бір іс-əрекетке даярлау нəтижесі (М.И.Дьяченко).
Ғалым-педагогтар Ю.П.Азаров, С.Г.Вершловский, В.А.Кан-Калик, Н.В.Кузьмина, В.А.Сластенин, Л.Ф.Спирин, А.И.Щербаков жəне басқалардың еңбектерінде «даярлық» іс-əрекеттің құрылымдық бірліктерін, оның қызмет ету ерекшеліктерін, мұғалімнің психологиялық мінездемесін, мұғалім тұлғасына қойылатын талаптарды зерттеу контексінде қарастырылған.
Сонымен, «кəсіби құзыреттілікті» іс-əрекет субъектісінің жеке кіріктірілген сапалық сипаттамасы деп айтуға болады жəне ол педагогикада жоғары оқу орнының оқыту процесінде «даярлық» (А.И.Мищенко, В.А.Сластенин), ал жоғары оқу орнынан кейінгі кезеңде «кəсібилік», немесе «шеберлік» (И.Д.Багаева, С.Б.Елканов, Н.В.Кузьмина, В.А.Сластенин), ретінде қарасты- рылады.
Осындай көзқарасты М.Г.Харитонов та ұстанады. Р.В.Комраков бұл пікірді қолдай отырып, даярлау — процесс, ал даярлық оның нəтижесі дейді. Осыған сүйене отырып, ол бастауыш сынып мұғалімінің этнопедагогикалық даярлығы оның этнопедагогикалық құзыреттілігімен сипатталатынын жəне олардың мазмұны бір-бірімен байланысқан жəне белгілі бір тұтастықты құрайтынын айтады. Оның жұмысында бұл екі ұғым шартты түрде ғана бөлінеді. Бұл екеуі де, автордың пікірінше, этнопедагогикалық міндеттерді нəтижелі шешуге бағытталған [5].
Болашақ мұғалімді даярлаудың нəтижелілігінің деңгейі мен сапасы педагогикалық проблема ретінде бірқатар зерттеушілер жұмысында қарастырылады жəне өзекті мəселе ретінде көрсетіледі.
Философиялық-əдіснамалық тұғыр тұрғысынан Б.С.Гершунскийдің адамның барынша жоғары мəдени-білімдік құндылықтарды даралық-тұлғалық меңгеру схемасын көрсетеді. Ол тұлғаны мақсатты дамыту процесі туралы ең кең қорытылған түрдегі философиялық-білімдік көрініс береді жəне осындай дамуды білімдік қолдаудың тұтас процесін жасауға мүмкіндік туғызады [6].
Педагогтарды педагогикалық оқу орнында жəне университетте даярлау мысалында мамандарды ақпараттық технологияларды өз кəсіби іс-əрекетінде қолдануға даярлығын қалыптастырудың теориялық негізін жасауда Г.А.Кручинина кəсіби іс-əрекетке даярлықты даярлау процесінің мақсаты, яғни, мотивациялық, танымдық жəне эмоциялық-еріктілік компоненттерімен көрсетілетін нəтижелілігінің қажетті деңгейі деп анықтайды.
Даярлауға құрылымдық-функционалдық талдауын жасай отырып, М.А.Викулин даярлық жоо даярлығы процесінің жəне кəсіби іс-əркетттің арасындағы байланыстырушы бөлік бола отырып, кəсіби даярлық нəтижелерінің бір критерийі ретінде болады деген қорытындыға келеді. Сонымен бірге ол компоненттердің инвариантты құрамын анықтайды:
- мотивациялық əрекеттің субъективті доминант жиынтығы ретінде: қажеттіліктер, мотивтер, қызығушылықтар, ұстанымдар, құндылық бағдарлар, тұлғаның бағыттылығы, оның идеалы, сонымен бірге іс-əрекетті мотивтендіруші факторлар — түрткі түбін талдау, белсенділік бағытын таңдау себебін, сол процестің механизмін анықтау;
- ақпараттық білімнің барлық формалары мен түрлерін қамтиды: түйсіктерден, қабылдаулардан, көріністерден түсініктерге, оқуларға жəне теорияларға дейін, сонымен қатар білімдер блогын: іргелі, технологиялық;
- операциялық — іс-əрекеттің əдісі ретінде сипатталатын жəне нақты ситуациялар жағдайымен анықталатын операциялар.
Кəсіби даярлықтың қорытынды көрсеткіші оқу-танымдық процесті ұйымдастыру жүйесіне тəуелді жəне əр түрлі нəтижелелік деңгейлерге жетуі мүмкін.
Маманның бəсекеге қабілеттілігі проблемасын қарастыра отырып, Ф.С.Исмагилова оның шартты дайындығын (білімдер, іскерліктер, дағдылардан тұратын біліктілік) емес, өзінің кəсіби функцияларын іске асыру процесінде оны өзектендіре алатын нақты қабілетін анықтайтын ұғымды енгізу қажеттігін айтады. Оның артында өз ісін, орындайтын жұмысының мəнін, қойылған мақсаттарға жету құралдары мен əдістерін түбегейлі білуі керек. «Құзыреттілік» түсінігі арқылы автор практикалық іс-əрекетте жұмыскердің кəсіби біліктілігі мен тəжірибесін тиімді іске асыру қабілетіне кіріктірілген, өзі əрекет ететін белгілі бір кəсіби іс-əрекетке жəне кəсіби алаңға қатысты білімдарлығының саласын, тереңдігі мен сипатын анықтайды.
Жоғарыда айтылғандар негізінде біз болашақ мұғалімнің қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтарын тəрбие процесінде қолдану даярлығын кəсіби іскерлікті тəрбие жұмысында қолдана білу қабілеті, оқу процесіне қолданбалы өнер туралы материалды енгізу іскерлігі жəне өнер туралы кəсіби теориялық білімді тұтас меңгеру жағдайы ретінде қарастырдық.
Осы үш маңызды құраушылар маманның кəсіби даярлығының ерекше қасиеті — қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтарын мектептің тəрбие процесінде қолдануға даярлығының сапасын сипаттайды.
Жоғарыда айтылғандардан кəсіби даярлықты қалыптастыруды мамандардың кəсіби-теориялық білімдерді жəне қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтарын меңгеруі ретінде ғана сипаттауға болмайтынын ескеру қажет. Педагогикалық процесті жоспарлауда оны мамандарды даярлау мақсатымен анықталатын күрделі жəне көпжоспарлы құбылыс ретінде қарастырған дұрыс. Оған білім алушының өзін жəне мамандығын түсінуімен, болашақ кəсіби қарым-қатынас стилімен, білім алушының жалпы мəдениетімен жəне өз шығармашылық потенциалын дамытуға деген қабілетімен шартталған құндылық бағдарларының қалыптасуы жатады. Жалпыадамзаттық құндылықтарға, адамға, табиғатқа ізгілікті тұрғыдан қарау, оның экожүйесіне құнды жалпылықтармен байытылған, оқыту ортасы ретінде жағымды эмоциялық сезімді дамытатын жəне ынталандыратын өзіндік құндылық деп бағдарлау қажет.
Қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтары туралы білімдері танымдық, практикалық, эстетикалық, этикалық, экономикалық, материалдық, энергетикалық компоненттерінің əмбебаптық мəнімен анықталады. Олардың негізінде қолданбалы өнер объектілерінде əр түрлі қарым-қатынастар дамиды, өнерге деген тұтынушылық көзқарасты жеңеді, табиғи сəйкестік, ойлау, іс-əрекет жəне мінез-құлық қалыптасады.
Қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтары туралы білімдер жиынтығын меңгеру, сонымен бірге кез келген объектіні көп мөлшерлі, көп қызметті жүйе ретінде, оның жұмыс істеуіне əсер ететін адамды қоршаған ортаның əр түрлі жүйесіндегі белсенді элемент ретінде қарастырады. Мұнда əрбір студенттің өзіндік дамуы қарқынына сəйкес өзін-өзі анықтау, өзін-өзі белсендіру жəне өзін-өзі жүзеге асыруға қажетті жағдайлар педагогикалық маңызды болады. Сонымен, мұгалімді қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтарын есепке ала отырып, педагогикалық іс- əрекетке дайындаудың бірінші құраушылары мазмұнына танымдық, құндылықты-ізгілікті, нормативтік, жүйелілік, персонофикациялық аспектілер енгізілуі тиіс.
Нақты адамның кəсібилігінің түптамырын зерттей отыра, А.К.Маркова кəсібилік тек жоғары кəсіби нəтижеге жету ғана емес, ол адамның қандай құндылық бағдарды ұстанғанының, не үшін осы кəсіппен шұғылданғанының, қандай ішкі ресурстарын өз еңбегіне ерікті түрде жұмсағынының үлкен мəні бар деп есептейді.
Іс-əрекетті бағалау əрі кəсіби даярлаудың мақсатын анықтауда ғалым кəсіби іс-əрекеттің мотивациялық сферасының күйін (адамды қандай мотивтер оятады, кəсіби іс-əрекеттер оның өмірінде қандай орын алады жəне т.б.) ғана емес, сонымен қатар кəсіби іс-əрекеттің операциялық сферасы күйін (қойылған мақсатқа ол қалай, қандай əдістерді қолдану арқылы жетеді, қандай технологияны қолданады, қандай құралдарды — білім, ойлау операцияларын, əдістерін қолданады) де саралау қажет деп санайды.
Маман кəсіби құзыретті болып шығуы үшін теориялық білімдер мен практикалық іскерліктер, əрине, жеткіліксіз. Болашақ мұғалімдер қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтары туралы білімдерді тиімді игеруге бағытталған танымдық, эстетикалық, құндылық-бағдарлық, түрлендірушілік, коммуникативтілік сияқты іс-əрекеттің əр түрлері арқылы тəрбие процесіне қолданбалы өнер материалдарын енгізе білуі тиіс. Сондықтан мұғалімді мектептің қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтарын тəрбиеде қолдануға даярлауға əзірлеудің үшінші құраушысы тəрбие процесінде қолданбалы өнер туралы материалды педагогтың қолдана білуі болып табылады.
Даярлықтың бұл құраушысының мазмұндық компоненттері төмендегілер болады:
- тəрбие процесінде оқушылардың жас жəне дара ерекшеліктерін есепке ала отырып, қолданбалы өнерді пайдалануға əсер ететін психологиялық-педагогикалық шеберлік;
- білімдік кеңістікте қолданбалы өнердің тəрбиелік мүмкіндіктерін барынша тиімді түрде əдіснамалық тұрғыдан іске асыруға мүмкіндік беретін кəсіби-əдістемелік құзыреттілік;
- тəрбие процесін басқаруға мүмкіндік жасайтын құралдар мен əдістердің сенімділігін, мақсаттың дəлдігін, мөлшерін ұсынатын технологиялылығы; оқушылардың шығармашылық қабілеттерін белсендіретін, тəрбие процесіне өмірлік-кəсіби жағдайларда бірлесе өмір сүрудің импровизацияланған сипатын беретін шығармашылық;
- тұлғалық сананы қалыптастыратын, тəрбиеленушілердің үздіксіз өзін-өзі дамытуының ішкі жəне сыртқы механизмдердің іске қосылуына ықпал ететін даралық жəне ұжымды тəрбиенің бірлігі.
Мұғалімнің кəсіби даярлығы басқа даярлықтардың бəрін анықтаушы болып саналса да, өздігінен педагогтың жетекші қасиеті бола алмайды. Мұғалімнің білімі оның беделін, педагогикалық шеберлігін, білім беру процесін қажетті бағытта басқару стратегиясының жетістігі мен нақтылығын анықтайды. Дегенмен, кəсіби даярлықты тек кəсіби білімдер, іскерліктер жəне дағдыларды алуға əкеп тіреуге болмайды. Арнайы даярлық күрделі проблемаларды жеткілікті терең көруге жəне бағалауға, оны шешудің əр түрлі нұсқаларының нəтижелерін алдын ала көруге əрдайым мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан болашақ мұғалімдердің арнайы кəсіби даярлығын жалпы білімнің жеткілікті деңгейімен, өзіндік дамудың жоғары əлеуетімен жəне мəдениетімен үйлестіру қажет. Тек осы үйлесімділік қана маманның білім беру саласындағы нақты жетістігін анықтай алады. Маман осыған ұмтылуы тиіс.
Сөйтіп, жоғарыда келтірілген кəсіби-педагогикалық білім беру болашақ мұғалімнің бүтіндей дамуын, оның зияткерлік əлеуетін байығандығының, шығармашылық күші мен қабілетінің ұдайы өсуінің мақсатты бағдары болып табылатын білім берушілік іс-əрекетінің формасы ретінде болады. Болашақ мұғалімнің кəсіби даярлығын қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтарын ескере отырып жетілдіруді іске асыру идеясы инновациялық білім беру негізіне көшудің арқасында мүмкін болды. Педагогтардың кəсіби дамуы белгілі, сандық жағынан өсуші білімдер, іскерліктер, дағдылар жиынтығын дискреттік меңгеру жолымен емес, аймақтық-географиялық ерекшеліктермен, мəдени-тарихи дəстүрлермен сəйкес тұлғаның кəсіби мəдениет байлығын тұтас меңгеруімен жүзеге асырылады.
Мұғалімді даярлау процесі білім алушы өзіне тəн əдіспен арнайы жəне психологиялық- педагогикалық білімдер саласында адамдармен жиналған байлықты меңгертетін жүйелік-іс-əрекеттік жəне тұлғалық тұрғы принциптеріне сүйенеді. Бұл принциптер белсенді оқыту əдістерін, əрбір оқушының оқыту барысында тұлғалық ерекшелігін есепке алу қажеттігін талап етеді.
Ұсынылып отырған болашақ мұғалімдерді қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтарын тəрбие процесінде қолдануға даярлау моделі бойынша барлық педагогтарға қажетті білімдермен қатар мұғалімдер қолданбалы өнерді оқыту процесінде қолданудың этнопедагогикалық мақсатын, тəрбиелік мəні, заңдылықтары, принциптері туралы білімдерді, оларды тəрбие процесінде қолдану іскерліктерін меңгеруі тиіс. Іскерліктер, солардың негізінде қалыптасқан дағдылар қолданбалы өнердің этнопедагогикалық маңызын талдау, қолданбалы өнер арқылы оқушылардың тəрбиелеу формаларын, əдістерін таңдай алуды да қамтуы керек.
Болашақ мұғалімдерді қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтарын тəрбие процесінде қолдануға даярлығының екінші құрамдас бөлігі педагогтың кəсіби маман ретіндегі тұлғалық қасиеттермен байланысты. Ол үшін студенттерде кəсіби ізгілік бағыттылық, жоғары деңгейдегі рухани жəне этнопедагогикалық мəдениет, қолданбалы өнердің халықтың өміріндегі ролі туралы түсінікті қалыптастыру қажет.
Болашақ мұғалімдерді қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтарын тəрбие процесінде қолдануға даярлығы құңдылық-мотивациялық жəне эмоционалдық-жігерлік компоненттері сияқты педагогтың тұлғалық қасиеттерінен, мазмұндық жəне операционалдық компоненттерден құралады. Болашақ мұғалімдерді қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтарын тəрбие процесінде қолдануға даярлығының аталған компоненттері теориялық модельді іске асыру барысында белгілі бір міндеттерді шешу арқылы қалыптастырылады.
Құндылық-мотивациялық компонент көрсеткіштері:
- халықтың қолданбалы өнердің тарихына деген танымдық қызығушылық;
- халықтың қолданбалы өнерін игеруге деген қызығушылық;
- халықтың қолданбалы өнерінің туындыларын жасауға деген қызығушылық. Эмоционалдық-жігерлілік компонент көрсеткіштері:
- халықтың қолданбалы өнерінің туындыларын эмоционалдық-эстетикалық қабылдау;
- халықтың қолданбалы өнері туралы білімдерді, оларды өнер туындыларын жасауда қолдану іскерліктерін меңгеруге, оларды тəрбие процесінде қолдануға өзінің жігер-күшін жұмылдыра алуы;
- халықтың қолданбалы өнері туралы білімдерді, оларды өнер туындыларын жасауда қолдану іскерліктерін меңгеруде, оларды тəрбие процесінде қолдануда құлшыныс танытуы.
Мазмұндық компонент көрсеткіштері:
- халықтың қолданбалы өнері түрлері туралы білімдер;
- халықтың қолданбалы өнерінің тəрбиелік мүмкіндіктері туралы білімдері;
- халықтың қолданбалы өнерінің тəрбиелік мүмкіндіктерін мектептің тəрбие процесінде қолдану жолдары туралы білімдері.
Операционалдық компонент көрсеткіштері:
- халықтың қолданбалы өнерінің туындыларын жасау іскерліктер мен дағдыларын меңгеру;
- халықтың қолданбалы өнерін мектептің тəрбие процесінде ұлттық тəрбие беруде қолдану іскерліктері (қолданбалы өнер түрлерін, тəрбие əдістерін, ұйымдастыру формаларын, құралдарын дұрыс таңдау жəне тиімді пайдалану).
Халықтың қолданбалы өнерінің этнопедагогикалық құндылықтары арқылы оқушыларға ұлттық тəрбие берудің жолдары мен құралдары оқушылардың қолданбалы өнерге деген қызығушылығын арттыруға бағытталуы тиіс: іскерлік ойындар, өнер сабақтары, халықтық мерекелерді ұйымдастыру жəне өткізу, мұражайларға жəне шеберлердің шеберханаларына экскурсиялар, шығармашылық көрмелер, өлкетанушылық жəне зерттеушілік жұмыстар.
Демек, болашақ мұғалімнің қолданбалы өнердің этнопедагогикалық құндылықтарын мектептің тəрбие процесінде қолдануға даярлығын біз көп этностық кеңістіктегі этнопедагогикалық іс-əрекетіне қажетті жəне тұрақты түрде жаңа білімдерді меңгеруге бағытталған, этнопедагогикалық білімдер жəне іскерліктер негізінде қалыптасқан қабілеттер, тұлғалық қасиеттер жиынтығы болатын бірқатар компоненттерден тұратын болашақ мұғалімнің кіріктірілген (интегративтік) қасиеті ретінде анықтаймыз.
Əдебиеттер тізімі
- Жиентаева Б.Ж. Оқушыларға технология сабағында халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тəрбие беру (5–7сынып): Пед. ғыл. канд. ... дис. автореф. — Қарағанды, 2004. — 26-б.
- Бөлеев Қ. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тəрбие беруге дайындаудың теориясы мен практикасы: Пед. ғыл. д-ры ... дис. — Қарағанды,
- Сластенин В.А. О современных подходах к подготовке учителя // Технология психолого-педагогической подготовки учителя к воспитательной деятельности. — Барнаул,
- Дурай-Новакова К.М. Формирование профессиональной готовности студентов к педагогической деятельности: Автореф. дис. ... д-ра пед. наук. — М., 1983. — 32 с.
- Харитонов М.Г. Этнопедагогическая подготовка учителя начальных классов национальной школы (историография,теория, опыт). — М.: Прометей, 1999. — 228 с.
- Гершунский Б.С. Россия: образование и будущее. Кризис образования в России на пороге XXI века. — М.