Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қырғызстанның бұқаралық ақпарат құралдары: тəуелсіздікке қол жеткізген 20 жылдағы нəтиже 2011 жылға дейінгі БАҚ негізінде

Қазақстан елі секілді 1991 ж. тəуелсіздікке қол жеткізген елдердің бірі – Қырғызстан мемлекеті. Көршілес жатқан қырғыз елінің БАҚ тəуелсіздіктен кейін қалай өрбігені жайлы əркім біле бермейді. Қырғызстан Республикасының Конституциясы бойынша БАҚ-нда қандай да ақпаратты жариялауға шектеу жоқ, еркін. Заңның 14, 16-баптарында азаматтардың еркін сөйлеуіне, ойлауына, өз ұсыныстары мен пікірлерін еркін білдіруге құқықтары бар деп көрсетілген. Өз заманында Томас Джеферссон: «..егер маған «баспасөзсіз мемлекет пе, əлде мемлекеті жоқ баспасөз бе?» деп сұрақ қойылса, мен онда ойланбастан екінші жауапты таңдар едім» [1], — деген екен.

Қырғызстан Республикасының «БАҚ туралы» Заңы 1992 жылдың 2 мамырында қабылданған. Бүгінгі таңда тəуелсіздікке дейінгі жылдарға қарағанда қырғыз елінің БАҚ саны үш есеге көбейген. Жалпы алғанда, бостандықтың ақ таңы атқаннан кейін қырғыз елінің баспасөзі, телевизиясы, радиосы жəне ақпараттық агенттіктерінің саны 2011 ж. 1300-ге жетті.

Тəуелсіздік алғаннан кейінгі 2 жылда, яғни 1992 жылы, қырғыз баспасөзінің өзі үш есеге көбейіп, бес жүзді құрады. Қазіргі күнде 30 республикалық, 10 облыстық, 11 қалалық жəне 48 аудандық газеттер жарық көреді [1]. Бұлардың қатарында мемлекеттік, оппозициялық жəне əр түрлі бағыттағы басылымдар бар. Мемлекеттегі саяси жағдайларға байланысты басылымдар жыл өткен сайын өз бағытын өзгертіп отырды. Оған себеп: ел ішіндегі дүмпулерге байланысты мемлекеттік биліктің жиі өзгеріп тұруы. Дегенмен, саны көп болғанымен, сапасы да жақсы дəрежеде болды деп айта алмаймыз. Бірақ, халықаралық сарапшылардың пікірінше, Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде билікке қатысты ойларын еркін жеткізе алатындардың бірден-бірі қырғыз мемлекеті. 1998 ж. жалпыхалықтық референдумның қолдауымен сөз бостандығы мен баспасөз бостандығының бұзылмауы жайында өзгерістер қырғыз елінің Конституциясына енгізілген болатын. Орталық Азия сарапшысы, «2005 жылғы 24 наурызда болған Қырғызстандағы мемлекеттік төңкеріс» атты кітаптың авторы Александр Князев қырғыз елінің баспасөзіне қатысты: «Қырғыз елінің БАҚ-нда, баспасөзінде, басқа елдерге қарағанда, бостандық пен айқындылық, ашық пікір білдіру жақсы көрініс тапқан. Менің ойымша, КСРО құлағаннан кейін бұл қырғыз қоғамының өз даму жолын жасаудағы қадамы», — деп пікір білдірген [2]. Басылымдардың аз бөлігі ғана тəуелсіз, ал қалғандары қаржы жағынан да, тағы да көптеген құндылықтар жағынан мемлекеттік органдарға тəуелді. Жалпақ тілмен айтқанда, биліктің сойылын соғатын «қолшоқпар» ретінде қолданылады. «Демократиялық даму жəне БАҚ-н қолдау» қорының қызметкерлері бұл жағдайды былай түсіндіреді: əрбір шенеунік немесе кəсіпкер өзінің жеке газеті немесе журналы болғанын қалайды, осының салдарынан мемлекет баспасөзі əр түрлі бағытты қуып, халық үлесін ұмытып, өздерінің пайдаларына қызмет етіп жатқандығын тілге тиек етеді. Мысалға, министрліктің өзіне ғана тəн жеке басылымы бар, тіпті Ұлттық банктің өзіне бірнеше басылымдар тиесілі. Баспасөздің сапасына келсек, кеңестік кезеңнен кейін де орыс тілді басылымдар көптеп жарық көріп келеді. Бірақ олардың саны жыл өткен сайын қысқарып, шегеріліп қырғыз тіліндегі басылымдар көлемі артуда. Осыдан бірнеше жыл бұрын орыс тілді газет-журналдардың үлесіне басылымдардың 50 % кірген болатын. Ал қазір ол халықтың қолданысынан ақырындап шеткері қалуда. Бұл жағдай мемлекетте өмір сүретін орыс тілді халық бөлігінің орысша басылымға сұраныс беруіне əкеліп отыр. Дегенмен де, мемлекеттегі беделді əрі ауқымды деген басылымдар орыс тілінде жарық көреді. Мысалға, Бішкек қаласында жарық көретін

«Вечерний Бишкек», «Слово Кыргызстана», «Дело №» сынды газеттер БАҚ-ның ішінде өте беделді орында. Оны «Вечерний Бишкек» газетінің жұма күнгі таралымы арқылы дəлелдеуге болады. 50 мың данамен шығатын газет елордалықтардың пікіріне ерекше əсер етеді. Ал барлық саяси өмірдің дамуы Бишкекте шоғырланғандықтан, шенеуніктер өздерінің саяси өкілдері арқылы «Вечерний Бишкектің» бетіне шығуға тырысып бағады. Осыған орай редакция саясаты басынан аяғына дейін өзгеріп шыға келеді. «Вечерний Бишкек» газетінен кейін көлемі мен таралымы жағынан 2 орынға шығатын басылым «Дело №» атты газет, таралымы 20 мың дана [1]. Бұл басылымның ерекшелігі — ол тек қана қылмыстық істерді зерттеп, елде орын алған қайғылы оқиғалар туралы жазады. Сындарлы тəуелсіздік жылдарына дейін де, кейін де бұл басылым өзіне деген сенімділікті жоғалтпады жəне 20 жыл бойы бұл басылым жеке меншік иелігінде қызмет жасауда. Негізгі басылым бұрыңғы орталық Қырғыз Компартиясының органы «Киргиз ТУУСУ» («Киргизское ЗНАМЯ») 1991 жылға дейін таралым 100 мың дана болған. Қазір аптасына үш рет шығады, таралымы 17 мың [1]. Ал Қырғызстанның демократтық қозғалысының газеті «Майдан» — елеулі басылымдардың бірі.

«Вечерний Бишкек» сыни басылым саясатқа да араласады. Республикадағы ең атақты басылым аптасына төрт рет 47 мың таралыммен шығады. 1991 жылғы кезең барлық коммунистік басылымдарға тыйым салынған жыл болды. Бұрынғы коммунистік журналдар партиясы өз бағытын өзгертіп, экологиялық бағытқа бет бұрды. Ал кейбір журналдар əр түрлі əлеуметтік бағытта жұмыс істеді. Мысалы: «Диқан шаруа» журналы («Диқандар» газеті) — халық емшілерінің басылымы.

«Улугман» ақсақалдар кеңесін насихаттады, ал «Бəйге» — спорттық басылым жəне т.с.с.

Түрік жəне қырғыз тілді «Заман Қырғызстан» атты газеттің жаңалықтары қосымша ағылшын тілінде де беріледі. Бұл басылымға демеушілік жасайтын Д.Сарығұлов. «Бизнесмен И.К» газеті де «Азат» корпорациясының демеушілігімен қарқынды жұмыс істеп келеді. Ескере кететін жағдай: кəсіптік деңгейі төмен дəрежедегі журналистердің еңбек ақысы сол редакция басқарушысына байланысты. Мысалға, жекеменшік басылымдар мемлекеттік мекемелерге тиесілі басылымдарға қарағанда қаламақыны көп төлейді. Ал, орыс тілді басылымдардағы еңбек ақысы одан да жоғары. Мысалы: «Вечерний Бишкек» айына 130 доллар, ал орыс тілді басылымдардың айлық төлем ақысының төменгі көрсеткіші — 260 доллар [3].

Көптеген басылымдар сергітушілік жəне діни бағытта жарық көріп тұрады, олардың да таралымы шамамен 5-7 мың данаға дейін. Сонымен қатар мемлекеттің демеушілігімен жұмыс жасайтын елде бірнеше ресейлік басылымдар бар. Олардың қатарына «Комсомольская правда в Кыргызстане», «АиФ в Кыргызстане», «Российская газета» жəне т.б. басылымдар кіреді. Газет таралымдарының саны көп, басылымдар əр түрлілігімен ерекшеленеді. Республикадағы дəстүрлі журналистика қырғыз жəне орыс тілдерінде жұмыс жасауда. Осыған байланысты зерттеушілер басылым екі тілде жарық көретін болса, ол адамдардың көз алдына екі түрлі əлемді елестететінін айтады: «Қырғыз тілді басылымдар үшін оқиға əлемінің өзегі Қырғызстан арқылы өтеді, ал орыс тілді басылымдар оқиғалардың «ауырлығын» Ресей арқылы өткізіп қарастырады, автор немесе кейіпкер Қырғызстандағы оқиғаларды ресейлік көзқараспен жазады». Дегенмен, екі жақты көзқарасы бар басылымдар берілу жағынан екіге бөлінсе де, ақиқат жалғыз. Осыған сүйенген іскер əкімшілік басқару магистрі Əсел Исаева: «Қырғыз елінің баспасөзі біраз жетістікке жетті, қоғамдық санаға əсер етумен қатар, ол саясаттық қозғалыстардың болуына да əсер етті», — дейді [2].

Қырғызстан Əділет министрлігінде қазіргі күні 14 телекомпания, 13 радиостанция, 11 аралас телерадиокомпания бар [1]. Таулы аймақ болғанына қарамастан, Қырғыз мемлекеттік телерадио-кешені барлық арналарынан жоғары деңгейлі хабар таратады. Мысалы, «1 канал» — Президенттік əкімшілік қарамағында. Арна бағдармаларында жаңалықтар, əр түрлі хабарлар, сондай-ақ үкіметтік болғанымен, сыни ток-шоулар да беріліп тұрады. Ал халақаралық хабарлар деңгейі аз. Бағдарламаның 70 пайызы қырғыз тілінде. Каналда спутниктік телевидение «Авразиядан» бірнеше сағат түрік бағдарламалары да беріліп тұрады [3].

Республиканың барлық жеріне хабар тарататын телекомпаниялар саны аз. Мысалға алатын болсақ,«Пирамида», «НБТ» (Независимое Бишкекское Телевидение), «5 канал» астананың өзінде жəне оған жақын аймақтарда ғана көрсетіледі. Мемлекеттің оңтүстігінде өзіне тиесілі телестудиялар бар: «Ош-ТВ»,«Джалал-Абадтық облыстық ТВ» қырғыз тілінде жəне жартылай өзбек тілінде таратылады.

«НБТ» (Независимое Бишкекское Телевидение) 1996 жылдан бастап жұмыс істейді. Телекомпания ресейлік «СТС» каналын бірге қосып шығарады. Ол Бішкек, Шу ауданы, Беловодтан Кеминаға дейін ақпар таратады. Сонымен қатар «Ала ТВ» атты кабельдік желіге де шығады. Көрермендер аудиториясы 8–55 жас аралығын қамтиды. Күнделікті тікелей эфирден «Бішкек-News» ақпараттар легі беріліп отырады, астанадағы өзекті оқиғаларды жəне халықаралық маңызды мəселелер қозғалады [4].

«Мир» телекомпаниясының биліктің қолшоқпары болып жүрген Қырғызстандағы филиалы қазір өзінің бағытын өзгертті. 2010 жылдың сəуірінде билік ауысқаннан кейін осы арнаның негізі ретінде байқаушы кеңес төрағалық етіп «ОТРК» мемлекеттік арнасын құрды. Оны белгілі нысанға келтірген азаматтық қоғамның қызметкерлері. Бірақ бұл реформа өте баяу жүруде, себебі арнаны қаржыландыратын əлі де мемлекет. 2010 жылдың сəуірінен кейін бірқатар жекеменшік арналар басшыларын ауыстырды. «ТРК», «Пирамида», «ЗАО» жəне «5 канал» бұрын Бакиевтер отбасына тиесілі болса, қазір уақытша басшылықсыз.

«ТРК», «НТС-тің» (Новая Телевизионная Сеть) акциялық пакеті 2007 жылға дейін ресейлік «Альянс Групп» компаниясына тиесілі болған. Қазір, «НТС» қызметкерлерінің айтуы бойынша, компанияның басшысы Омирбек Бабаев — кəсіпкер, жергілікті аймаққа өте беделді адам [1]. «НТС» — өте жас телерадиокомпания. Қырғыз елінің медиа-нарық төңірегіндегі белсенді қатысушылардың бірі. Жаһандану заманында телекомпания ең озық үлгідегі жабдықтармен қамтылған, соның нəтижесінде көрермендер саны 4.5 миллионға жеткен. Оған қоса 103.3 жəне 107 əуе толқынында радихабарлар таратады. «НТС» халыққа адал қызмет етуді өзінің парызы деп санайды, толеранттылықты алғашқы орынға қойып, «алтын аралық» ұстанымын ұран етіп алған.

Тəуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін негізі қаланған коммерциялық телеарналар: «Азия»,«Алмаз», «Кыргыз жер», «Восет», «Салам», «Пирамида», «Орда» жəне Ош қаласындағы «Еркин Алатоо» пайда болды. «Пирамида» 1991 жылы құрылған, күніне 3 уақыт жаңалықтар таратады. Эфирде лицензиялық жəне лицензиялық емес телешоулар Ресей телеарналарынан трансляцияланады.

«Пирамида» көрермендірінің дені орыс тілді. «Тəуелсіз Бішкек» телеарнасы 1996 жылы қаңтарда құрылған. Халықтың 20 пайызын қамтиды. Миграция, заң, əлеуметтік проблемалар жөнінде хабар береді.

«Асман» атақты бизнесмен, администратор Д.Сарығұлов демеушілігімен 1996 жылы қазанда ашылған. Лицензиясыз фильмдерді, ресей ток-шоуларын көрсетеді, жаңалықтар берілмейді. Аудиториясы белгісіз [3].

«5 каналдан» радиобағдарламалар беріліп тұрады. Ұлттық радиостанциялар тəулігіне 12 сағат хабар таратады. Негізгі радиоканал — «Радио 1». Орташа деңгейдегі сыни бағдарламаларды қамтыған жаңалықтар беріп тұрады. Өлкенің барлық аймағына тарайды. «Радио Пирамида» — жекеменшік радиостанция. Жергілікті жердің жаңалықтарын эфирге таратып тұрады. Көбіне музыкалық хабарлар жүргізіледі. Кəсіпкерлік деңгейі өте жоғары дамыған. Сонымен қатар жаңалықтар, қылмыстық хабарлар да радиобағдарламада орын алған. Бұл радио астаналық жəне Шу қаласының 55 пайыз халқын қамтиды. Радио ЮНЕСКО грантын жеңіп алған. «Алмаз Радио» — жекеменшік радиостанция халықаралық жаңалықтар беріледі. Əрбір 10 минут сайын өз жаңалықтарын орыс жəне қырғыз тілдерінде эфирге шығарады. Саясатқа араласпайды [3]. «Радио Вост» — жекеменшік радиостанция. Тек орыс тіліндегі музыкалық хабарларды таратады. Қырғыз Республикасында телеканалдарға қарағанда радиостанциялар жұмысы жоғары деңгейде.

Қырғыз елінің ғаламтор желісінің жылдамдығы ТМД елдерінің бірқатарынан алда. Бірақ ғаламтор аумағы үзік-үзік таралған. Астананың аймағында жəне Шу жазығының бірнеше бөліктерінде кеңінен қолданылса, Ыстықкөл облысында жəне əр түрлі облыс бөліктерінде тар көлемде таралады. Республиканың оңтүстік аймақтарында Ош пен Джалал-Абадта да кеңінен қолданылады. Ал Талас, Нарын, Баткен облыстарында ғаламтор желісі əлсіз. Ғаламтор жақсырақ дамыған қала — Бішкек. Ғаламторды қолданушылар əр түрлі жастағы адамдар. Оқу мекемелерінде, жұмыс орындарында барлығы əлеуметтік желіге шыға алады. Шетелдік құрылымдардың көмегімен ашылған 35 қоғамдық орталықтар жұмыс жасайды [2].

«Internetworldstats.com» сайтындағы мəліметтерге сүйенсек, Орталық Азия мемлекеттерінің ішінен қырғыз елі ғаламторды пайдалану жағынан қалғандарына қарағанда бірнеше пайызға жоғары тұр.

«KG» ғаламтор желісінде белсенділік танытатын орыс тілді сайттар. Олардың бір бөлігін қырғыз беттері (интерфейстер), аз бөлігін ағылшын түрік тілдері құрайды. Жергілікті сарапшылардың ойынша, азаматтар өздерінің ойларын еркін білдіруде ғаламтор ерекше орын алады. Қазіргі уақытта интернет-басылымдар саны көбеюде. Ғаламтор желісінің көмегіне сүйенетіндер саны 2010 жылы жүргізілген зерттеу бойынша 800 мыңды құрайды. «Азия-Инфо» интернет-компаниясының мəліметінше, 2011 жылдың басында интернет-доменіне қосылғандар саны 4 мың 922-ге жеткен. Ғаламтордың жылдамдығы бойынша Қырғызстан 167 мемлекет арасында 65 орынды иеленеді.

Республикада ақпаратты жедел түрде беріп отыратын 5 үздік ақпараттық агенттік жұмыс жасайды: «www.24.kg», «Аки-пресс», «www.vesti.kg», «Кабар» жəне «K-News».

«K-News» ақпараттық агенттігі медиа-нарыққа 2011 жылдың 320 маусымында шықты. Медиа- менеджерлердің бастауымен құрылған агенттікте журналистика мамандығының хас шеберлері жұмыс жасайды. Бұл ақпараттық агенттік жеделдігімен жəне ақпаратты екіжақты қарастыруымен ерекшеленеді. Осыған байланысты сайттың тұрақты оқырмандары бар жəне олардың ортасы кенеюде. Сайттағы ақпараттар жаңалық, журналистік зерттеу, фоторепортаждар арқылы ұсынылады.

«K-News» түпкілікті материалдарын «Новости@Mail.ru», «Яндекс. Новости», «Рамблер. Новости», «Google.News» жəне «Namba» серіктестіктерінен сілтеме арқылы жариялайды [5]. «www.24.kg» — ақпараттық агенттігі — Қырғызстандағы жаңа жоба. 2006 жылдың 12 мамырында тіркелген. Агенттіктің жаңалықтарын электронды жəне баспа басылымдары қолданады. Шығармашылық ұжымы жас журналистерден құралған. Сайттың мақсаты — жедел, қызықты жəне өзекті мəселелерді жариялау. «www.vesti.kg» — жаңадан ашылған шығармашылық интернет-ресурс, 2010 жылдың шілдесінен белсенді түрде жұмыс жасап келеді. Жарты жылдың ішінде орыс тілді басылымдардың ішінен 3 орынға көтерілді. «www.vesti.kg» – бұл сараптамалық ресурс, саясат жайында саясаткерлерге арналған. Агенттік жас болғанына қарамастан. өзінің тұрақты оқырмандарын тапқан. Бұл сайтты билік басындағылар түгелімен оқиды [6]. «АКИpress», «www.akipress.org» сервері, — Қырғызстандағы тəуелсіз ақпараттық агенттік. Қазіргі уақытта Қырғызстандағы ең көп қаралатын ақпараттық қорлардың бірі. «Google Analytics» сайтының статистикалық мəліметтері бойынша, 3 айдың ішінде 2010 жылдың 1 сəуірі мен 1 шілдесі аралығында сайтқа 1.056 миллион адам кірген.

Олар 19 778 973 бетті қарап шыққан, жалпы шаққанда сайтқа 7.42 миллион адам тіркелген екен [6].

Мемлекеттің ішкі жəне сыртқы саясатын қозғамайтын жалғыз агенттік — «Кабар» ұлттық ақпараттық агенттігі. «Кабар» ең көне портал болып есептеледі. Ол «КирТАГ» базасында 1937 жылы құрылған. Тəуелсіздік алғаннан кейін ол «КыргызКабар» болып 1992 жылы өзгертіледі. 1995 жылы Қырғыз ұлттық ақпараттық агенттігі (КНАТИ) «Кабар» болып аталады. 2001 жылы «Кабар» болып өзгереді. Сол уақыттан бастап агенттік баспасөз-конференциясын жиі өткізіп тұрады. Ондағы суреттер мен бейнелер сайт бетіне жарияланады. Бұл өзінің аудиториясын кеңейтудің жолдары болуы тиіс. 2002 жылы агенттікте арнайы сайт үшін бейнематериалдар дайындап шығаратын сайт ашылды. Ал 2011 жылдан бастап апталық шолу «Тыянак» («Итоги») бағдарламасы шығады [7].

Қырғызстанның БАҚ тəуелсіздік жылдарынан кейін біраз ұшталып дамығандығы сөзсіз. Сонымен қатар ол ТМД елдерінің ішінен алдыңғы қатардың ішінде тұрғаны да белгілі. Жоғарыда келтірілген деректерден тəуелсіздіктен кейінгі сындарлы жылдары Қырғызстанның БАҚ үлкен жетістікке жеткеніне куə боламыз.

 

 

Əдебиеттер тізімі

 

  • Елемесова И.А. Постсоветские СМИ: два десятилетия перемен. Средства массовой информации Киргизии. — [ЭР]. Режим доступа: 100storon.ru
  • Иванов И.Р. Краткий обзор СМИ Киргизской Республики. — [ЭР]. Режим доступа: http://www.kyrgyz.mid.ru/smi.html
  • Балтанова М.К. Қырғыз елінің журналистикасы. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: net
  • Крекенко Э.Р. НБТ — Независимое Бишкекское Телевидение. — [ЭР]. Режим доступа: http://www.nbt.kg
  • Игоренько М. О агентстве КР. — [ЭР]. Режим доступа: «K-News».
  • Михалиенко Р.Ж. О нас. — [ЭР]. Режим доступа: vesti.kg
  • Фрименко Р.Г. Реклама о нас. — [ЭР]. Режим доступа: kabar@kabar.kg

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.