Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тарихи өлең табиғатын тану — қазақ халқының тарихын тану

 Қазақ халқы қай заманда болсын өрнекті сөзді жанындай сүйіп, қадір тұтып, қастерлеумен келгендігін өткен өмір бел-белестерінен тануға болады. Бұған осы уақытқа дейінгі қазақтың сөз өнерін зерттеушілердің əр кез, əр шақта жазып қалдырған бағалы пікірлері де жауап береді. Түйіндей айтар болсақ, «ғалымдар қазақтың кестелі өлеңге, сазды əуенге құмар екенін, тіпті əрбір қазақтың бірнеше шумақ өлең шығаруға құдіреті мен қабілеті толық жететінін атап көрсеткен». Сандаған ғасырлардан бізге жеткен халық поэзиясын тұрмыс-салт жырлары, батырлық, ғашықтық, тарихи жырлар, айтыстар т.б. деп жүйелеу қалыптасты. Бұл ежелден қалыптасқан жалпылама атаулар болса, халық поэзиясына қатысты тексерулер нəтижесі əрбір түрдің шығу тегі мен дамуына дейін түбегейлі қарастыру қажеттігін күн тəртібінде ұстады.

Қазақ халқының дарынды ғалымы Ш.Уəлихановтың рухани мұраны жинау, жариялау, зерттеу ісімен айналысқаны мəлім. Соның ішінде халық поэзиясын алғаш рет жүйелеп, тектер мен түрлерге бөліп, жекелей анықтама жасаушы екендігі ғалымдар тарапынан орынды бағаланған. Ғалымның «өлең» атауына қатысты пікірі былайша түйінделген. «Өлең» сөзінің қазақ даласына қолданылуға кіргеніне елу-алпыс жылдан көп аса қойған жоқ», — дейді. Бұған қатысты қазақтың халық өлеңдерін түбегейлі тексеріп, көлемді монографиялық еңбектер жазған, белгілі ғалым Б.Уахатовтың мынадай пікірі бар: «Шынында да, ХІІ ғасыр мен XVIII ғасырдың басында өмір сүрген ақындардың жыр- толғауларында «өлең» терминінің көп кездесе бермейтіні рас. Оның орнына «жыр», «сөз», «толғау» деген терминдер жиі ұшырасады. Демек, бір замандарда «өлең» терминінен бұрын «сөз», «жыр» деген терминдер жиі аталған ба деп қаламыз» [1], — деп жазады. Бұл мəселеге тым терең барып, түрлі пайымдаулар жасаған ғалымдар болған. Мəселен, Қ.Жұбанов көне дəуірден жеткен Əбдіқадыр Мұрағидың ХІV ғасырдағы жазылған «Зүбдəтел Əдуар» деген кітабына сүйене отырып, ерте кездегі эпос, музыка, би бір-бірінен айрылмай араласып келгенін, тек кейіндері ғана бөлініп шыққандығын тұжырымдаған. Бұл тұжырымның қисынсыз еместігін өнер зерттеушілері дəйектеп, əсіресе фольклортанушылар жан-жақты дəлелдей түскендігін ғылыми еңбектердің кез келгенінен кездестіреміз. Анықтай айтсақ, берітіндегі жазылған Е.Ысмайылов, Е.Тұрсыновтың халық ауыз əдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдеріне қатысты еңбектерінен де, халық поэзиясының бастаулары əмбебап негізде қалыптасқанын анықтай түскен. Асылы, бізде «қазақ халқы өлеңге бай», «қазақтың əрбір күні өлеңсіз өтпеген» деген жалпылама өлеңге қатысты ұғым-түсініктер түрлі дəуірлерге қатысты өзгерістерден туған. Ұлы ақын Абайдың өзі «өлең – сөздің патшасы» деуі де бүкіл поэзияға қатысты толық түсінік беріп тұр. Əйгілі Шоқан өзінің қазақ поэзиясына қатысты еңбегінде «өлең» ұғымын кең мағынада алған. Сонымен қоса дарынды ғалым «Өлеңді айтушы кімдер?» деген сауалға да жауап берген. «Белгілі өлеңшілер шығарған я бұрыннан бар өлеңдерді домбыраның, қобыздың, болмаса қимыл-қозғалыстың сүйемелдеуімен айтып берушілерді өлеңшілер дейміз», — деп жазғанының өзінде де өлеңге қатысты аса кең танымдық мəн-мағына тұр.

Жоғарыда айтылған Əбдіқадыр Мұрағи еңбегінде қазіргі түркі тілдес халықтардың арғы ата- бабаларының бəрі сөз арқылы дауыспен айтылатын өнерді «ыр» жəне «дола» деп атағандығын Қ.Жұбанов ескерткен. Көршілес қырғыз күні бүгінге дейін «ыр» дегенді қолданады. Ғалым Б.Уахатов бұл мəселелерге айрықша назар аудара отырып, мынадай тұжырымдар жасаған: «Мысалы, қырғыздарда осы күнге дейін «ыр» деген сөз бар. Бұл біздің «жыр» дегенімізден гөрі, «өлең» деген сөзімізге жақын. Сол сияқты татарлардың «жыр» деген сөзінің мағынасы біздің «өлең» деген сөздің мағынасын береді. Соған қарағанда татар мен қырғыздың атауларында сонау көне дəуірден келе жатқан ұқсастық бар сияқты. Алайда қарақалпақ, өзбек, алтай, құмық секілді халықтарда біздің өлең дегенімізді əрқайсысы əр түрлі атайды. Қарақалпақтарда – қосық, өзбектерде – қушиқ, алтайлықтар – қожоң, құмықтар улан дейді. Бұл бұрынғы бар халыққа ортақ ыр (жыр), дола (толғау) сияқты атаулардан біржола бөлініп шыққан, өз алдына тың, соны сөздер», — деп жазады. Шындығына жүгінсек, бұл мəселе Махмұд Қашқаридың «Дивани лұғат-ат түрік» еңбегі мен «Кодекс Куманикус» секілді ертедегі жазылған еңбектерде көне қыпшақ тілінде «ула» деген сөзге мəн беруге жетелейді. Себебі бұл сөздің мағынасы бірін-бірі қиюластыру немесе əлденені жалғау болып шығатындығын, түркі сөздігімен айналысып жүрген ғалым өз еңбегінде ескерткен. Керек десеңіз, көне қыпшақ тіліндегі «ула» сөзінің өлеңге қатысты қолданылатынын ескерсек, осы атау құмық тілінде де «улан» жəне қарақалпақ тілінде де «улан» қолданылып отырған. Қазақ тіліндегі қазіргі қолданысы — «өлең». Сөздің ауысу мəселесінде əр түрлі транскрипцияға түсетіндігі ғылымда орынды айтылып келе жатқандығы мəлім. Олай болса, қыпшақ тілінің сөздік қорындағы «ула», «улағұл» сөздері якуттердің «олонго» өлең айту сөзімен тамырлас, ал басқа халықтарда қандай өзгерістерге түскендігін жоғарыда атап кеттік. Жалпы біздегі қолданылатын «өлең» сөзінің түп-төркіні көне қыпшақ тілінен пайда болғанын мойындау орынды. Оның қаншалықты қисындылығы қазіргі түркі тектес халықтар поэзиясына қатысты көне таным-түсініктер, түрлі сөз өнеріне қатысты атаулардың шығу тегі мен қалыптасуы аңғартады.

Ал өлеңге бай қазақ халқының өнері тек пен түрлерге ерекшелеуді қажет ететіндігі белгілі. Бұл мəселе төңірегінде XIX ғасырдағы В.В.Радлов, Г.Н.Потанин, Ш.Уəлиханов, А.Құнанбаев, тағы басқалардың қазақ халық өлеңдерін бірнеше түрлерге бөлгендігі фольклортану ғылымында орынды аталып келеді. Халық өлеңдерін тікелей эпикалық көлемді жыр, дастан, толғаулардан бөлектеп, оның айтушыларының «ақын» екендігін нақтылауда ғылымда орынды тұжырымдар бар. Ол үшін төмендегі пікірлерді айта кетудің қисыны бар. Мысалы, қазақтың ақындары қолына домбыра алып, ауыл ауылды аралайтындығын айта отырып, халық өлеңдерін жинастырып, азды-көпті пікір айтқан М.В.Готовицкий былай дейді: «Қазақ халқы — əн құмар халық. Олардың бəрі бұрыннан белгілі я табан астында туған бір əуенге салып өз ойларын немесе алған əсерлерін өлеңмен хикаялауға барынша құмар-ақ. Белгілі ақын я өлеңші домбыраға қосып, өлең айтқан кезде қазақтар оны бар жанын салып, сүйсініп тыңдайды. Бірде-бір жиын, бірде-бір ойын-сауық өлеңсіз өтпейді». Көріп отырғанымыздай, бұл пікірдің жалпы ақындар өнеріне қатысты айтылғандығын байқаймыз. Ойымыздың қисынсыз еместігін Г.Н.Потаниннің пайымдаулары нақтылай түседі. Ол былай дейді:

«Қазақтардың поэзиясы мен музыкасы тығыз байланысты, өлең шығарушы, бір жағынан, композитор, ол шығармасына əуенді де, ырғақты да өзі табады, — дей келіп, — қазақтар арасында ақындық творчество аса дамулы, ақын деген сахараға сыймайды», — деп жазуынан халық поэзиясының əмбебап көрінісін, ауызша айтылудағы табиғатын танимыз. Ауызша шығармашылықтағы сазгерлік, əншілік, ақындықты бір өзі арқалаған таланттар аз ба еді?! Оған дəлел ретінде мыңдаған мысалдар келтіре беруге əбден болады. Алайда əншілік, сазгерлік, ақындық өнерлердің бір-бірінен бөліне бастауы да болатындығын жоққа шығара алмаймыз. Айталық, ақын есімі тікелей айтысқа қатысты екендігі анықталған. Оның ерекшелігі суырыпсалмалылығы мен тапқырлығына байланысты. Əншінің ерекшелейтін қасиеті – үні, дауысының əсемдігі. Бұл ретте қазақ айтысының шығу тегі мен дамуына қатысты ұзақ жылдар тексерулер жүргізген М.Жармұхамедұлының төмендегі түйіндеуі орынды айтылған: «Əдебиетіміздегі суырыпсалма дəстүрінің айқын көрінісі ақындық жəне жыраулық поэзияның алғашқы негізі бір, екеуі халықтың сонау көне замандардағы тұрмыс-салт жырларынан бастау алатыны мəлім», — деуі де өлеңді жасаушының қызметін айқындай алатындай. Сонымен өлеңнің иесі кім екендігіне көз жеткізсек, ендігі мəселе сол өлеңдердің тектеріне фольклорлық тұрғыдан назар аударуға тура келеді. Жалпы халық өлеңдері турасындағы ертелі-кеш айтылған пікірлерді екшеп, жан-жақты тексеру арқылы күрделі монографиялық тұрғыдан Е.Ысмайылов пен Б.Уахатовтың жазған еңбектері ғылымда айрықша бағаланды. Халық поэзиясына қатысты жанрлық жүйелеуші А.Байтұрсынов бүгінгі тұрмыс- салт өлеңдерін негізінен салт сөзі, ғұрып сөзі, қалып сөзі деп бөліп, оларды ортақ сарындама деген атаумен берген.

Қазақ халық өлеңдеріне қатысты Х.Досмұхамедұлы жүйелеуінде мақтау өлең, жоқтау, үгіт өлең, болжал өлең, үйлену тойы жырлары, емшілік өлең, өтірік өлең, діни өлеңдер, боғауыз өлеңдер деп жіктеген [2]. Бұлардың бəрі — қазақ өлеңдерінің жекелей жанрлық түрлері. Бұл тұрғыда Е.Ысмайыловтың жинақтай айтуының мəні бар. Ол былай деп жазады: «Өлең қазақ поэзиясының негізгі түрі: көне салт, əдет-ғұрып поэзиясы да, əндердің текстері де, айтыс, ғашықтық жырлардың көпшілігі де, кейінгі поэзияның негізі де осы өлеңмен жазылған. Өлең қазақ əдебиетінде əн — өлең (песня) ұғымында да, өлең жыр (стих) ұғымында да жүреді. Өлең қазақтың барлық тарихи өмірінде біте қайнасып, араласқан. Ойын-сауығын да, əзіл-қалжыңын да, қайғы-қасіретін де, жорық-соғысын да, өлім-азасын да, той, астарын да, мерекелерін де бəрінде өлеңмен бейнелеген жəне қазақтың бірер ауыз өлең айтпайтыны сирек». Бұдан ғалымның өзінің алдындағы халық мұрасына қатысты пікірлер қозғаушылар еңбегімен хабардар болған деген түйінге келеміз. Халық поэзиясына байланысты, қазақ өлеңдерінің негізгі бастауларының тұрмыс-салтқа қатыстылығы ғылымда мойындалған. Бұл орайда қазақ халық өлеңдерін кең көлемде зерттеуші Бекмұрат Уахатов халық өлеңдерін былайша классификациялауды ұсынған:

  1. Еңбек-кəсіппен байланысты өлеңдер (аңшылық, төрт-түлік, наурыз).
  2. Наным-сенім өлеңдері (бақсылар сарыны, арбау-байлау өлеңдері).
  3. Əдет-ғұрыппен байланысты өлеңдер (балалар өлеңдері, үйлену салт өлеңдері, мұң-шер өлеңдері).
  4. Лирикалық өлеңдер (қара өлең, тарихи өлеңдер).

Ғалымның жоғарыдағы жіктеулеріне дейін аталған А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллин, М.О.Əуезов, Л.Соболевтер жүйелеулері болса, бұдан кейін С.Қасқабасов, Б.Əбілқасымов, Ш.Ыбыраев, Г.Болатовалардың тұрмыс-салтқа қатысты өлеңдерді жанрлық жағынан жіктеулері ғылымда орын алған еді. Бұнымен қатар, кейінгі К.Матыжанов зерттеуінде «Қазақтың отбасылық ғұрып фольклоры» атты жаңа атау қалыптасып, онда əлпештеу фольклоры, үйлену ғұрып фольклоры, азалау фольклоры деп бөлініп, оған қандай өлең-жырлар жататындығы көрсетілді.

Қазақ фольклортану ғылымында тұрмыс-салт жырлары, əдет-ғұрып немесе отбасылық ғұрып поэзиясының түрлері біршама орнығып, жан-жақты ертелі-кеш зерттеліп жатқаны мəлім екендігін атап кеттік. Халық өлеңдері саласының ендігі бір маңыздысы лирикалық өлеңдер екені белгілі. Бұл тұрғыдан жоғарыдағы аталған ғалымдар пікірлері əр кез, əр шақта айтылып келді. Бұл мəселеде А.Сейдімбек, М.Тілеужанов зерттеулерінде назар аударылып, қара өлең табиғатына байланысты тексерулер жүргізілді. Жанрлық тұрғыдан тұжырымдар жасалды. Негізінен лирикалық өлеңдерді төмендегідей түрде жіктеу қажет екендігі назар аударарлық:

  1. Қара өлең.
  2. Əн өлең.
  3. Тарихи өлең.
  4. Хат өлең.

Еліміздің тəуелсіздік алуына байланысты мəдени өмірде сандаған оң өзгерістер болды. Соның ішінде ұлттың өшкені қайта оралып, мүлде тыйым салынған Кеңес дəуіріндегі тақырыптарды қайта қарауға мүмкіндік туды. Мəселен, қазақ фольклорындағы дінге қатысты мұралар, ұлттың рухы ретінде танылуға тиісті қазақтың тарихи жырлары жан-жақты тексеріле бастады. Бұл мақсатта қазақ тарихи жырларына қатысты З.Сейтжанұлы, Б.С.Рақымов, С.Сакенов, Г.Рымбаевалардың ғылыми зерттеулері лайықты бағаланды. Қазақтың лирикалық өлеңдері қатарынан орын алатын рухани құндылықтардың бірі – тарихи өлеңдер. Тарихи жырды зерттеуші ғалымдар бұл мəселеге шолу түрінде назар аударып, тарихи өлеңдердің тексерілуі қажет екендігіне байланысты орынды ескертулер жасап келді. Жанрлық ерекшелігіне қатысты ғылыми бағалы пікірлер айтыла бастады.

Қазақ ауыз əдебиетінің жанрлық түрлері туралы жан-жақты тоқталып, жанрлық классификациясын жасаған зиялылардың бірі Х.Досмұхамедұлы. Оның ауыз əдебиеті үлгілерін 46 түрге бөліп көрсеткені, фольклортану ғылымында бұл үлкен бастама болғандығы орынды бағалана басталғаны тəуелсіздігімізден кейін екендігі де талассыз. Халық ауыз əдебиетіне қатысты Х.Досмұхамедұлы ұсынған классификациясында тарихи өлең атауы тарихи жырларға қатысты қолданылған. Кезінде бұндай жағдай М.О.Əуезов, А.Байтұрсынов еңбектерінде де болғаны мəлім. Солай дей тұрсақ та, Х.Досмұхамедұлы классификациясында тұрмыс-салтқа қатысты өлеңдерді жіктеп келіп, мынадай халық өлеңдеріне тоқталған. «Патша жəне Қоқан үкіметіне қарсы жəне шенеуніктердің бассыздығына қарсы қоздырушы, намыстандырушы өлең» [2], — деп жүйелеп, ол өлеңдер бастауы «Зар заман толғаулардан» алатындығын бөліп көрсеткен. Бұндағы айтылып отырған осы жіктеудің тарихи өлеңге байланыстылығын бүгінгі көзқарас тұрғысынан саралап, толық анықтауға болатыны да мəлім. Рас, халық поэзиясының тек пен түрін тұтастай саралау біздің міндетімізге жатпайды. Біздікі халық өлеңдері қатарына қазақтың тарихи өлеңдері енетінін ескере отырып, халық өлеңдеріне қатысты тексерулер мен халық поэзиясының тек пен түрлеріне жасалған классификациясынан тарихи өлеңдердің орын алғанын немесе орын алмау себептерін айқындау болатын. Егер шолу түрінде айтсақ, тарихи өлеңдер термині XX ғасырдың 70 жж. дейін тарихи жырлармен бірге қаралып келген. Жанрлық жағынан ара-жігін бұған дейін шағын көлемді өлеңдер мен көлемді эпикалық шығармалар делінетін жіктеулер орын алған деуге болады. Бұған дəлел келтірейік. 1926 ж. жарық көрген А.Байтұрсыновтың еңбегі ел тəуелсіздігі қарсаңында қайта басылды. Елінің ертеңіне өлшеусіз үлес қосқан айтулы тұлға еңбегінде Ш.Уəлихановтан кейін тарихи жырға анықтама беріп, жанрға қатысты былай дейді: «Тарихи жыр деп тарихта бар мағлұм оқиғалар турасындағы өлеңмен шығарылған сөздер айтылады. Қазақта өз тілінде жазылған тарих болмағанмен, қазақта болған оқиғалар қазақтан шыққан адамдар турасында басқа жұрттардың тарихында жазылған мағлұматтар бар. Халықтың өзінің естен кетпеген, қазақ басынан кешірген оқиғалары толып жатыр. Солар туралы өлең етіп шығарған сөздер болса, солар тарихи жырлар болады. Мəселен: «Орақ- Мамай», «Абылай», «Кенесары-Наурызбай», «Ерназар», «Бекет» өлеңдері — тарихи жырлар болады» [3], — дей отырып, «1879–1880 жылы болған «Қоян» қысының жұты турасындағы шығарған өлең болушы еді. Сонда қыстың қалай болғанын, елдің қандай жұтағанын, қандай аштықтан азап тартқанын айтушы еді. Сол өлең осы күнге дейін сақталған болса, онда тарихи жыр болады. Жанкісі бидің зекетшілері турасындағы айтқан өлеңі қазақтың Қоқанға қараған шақтағы тарихына қатысы бар сөз болғандықтан, бұ да тарихи жыр тобына жатады», — дейді. Мұндағы «Орақ-Мамай», «Абылай», «Кенесары-Наурызбай», «Ерназар», «Бекет» жөніндегі дүниелердің бүгінгі таңда тарихи жырлар екендігі анықталған. Ал екінші — қоян жылы жұтына байланысты туған өлеңдер, тарихи өлеңдер. Үшінші — Жанкісі ақынның атынан айтылған фольклорлық дəстүр негізінде пайда болған тарихи өлеңнің бір парасы. Мұны ақын Қоқан ханы Битемірге айтқан. Ханның зекетшілерінің қаталдығы қарапайым елге қатты батып отырғанын, мəймөнкелемей бірден аттарын атап, бетіне басады. Мысалы:

Біздің елде Жүзбай бар,

Жүзбайдың жүрген жерінде,

Жылау менен ойбай бар.

Қаратамыр Дадан бар,

Еріп жүрген соңында,

Қырық отыздай адам бар [3].

Бұл өлеңдерді А.Байтұрсынов та тарихи жырларға қосқан. Дəл осындай пікір М.О.Əуезовтің алғашқы құнды еңбегі, Кеңес дəуірінде тыйым салған «Əдебиет тарихында» да ұшырасады. Бағалы еңбекте «Тарихи өлеңдер» атты арнайы тарау беріліп, онда автор тарихи өлеңдер бастауына былайша шолу жасаған: «Нағыз тарихи өлеңдердің басталған кезеңі Абылай заманынан бері деп санасақ, қазірде Абылайдың өз жорығын баяндаған өлеңдер, онан соң Сырым қозғалысын айтатын өлеңдер біздің қолымызға тиген жоқ. Баспаға шыққан өлеңдер жоқ шығар деймін. Жалпы тарих өлеңдері, өз санына қарағанда, ескі батырлар өлеңінен аз болмауы керек» [4], — деп, онан кейін қолдағы бар Кенесары, Исатай, Бекет өлеңдері екендігіне тоқталады.

Сөйтіп келіп, аталған еңбегінде ғалым нақты жанрға байланысты мынадай пікір айтады: «Түр жағынан қарағанда, тарихи өлеңдер бұрынғы батырлар өлеңімен туысады. Мұнда да сондай елден асып туған ерлердің, ел қамы үшін аттанып, ел тілегін артынан ертіп қастасқан дұшпанға шабуыл жасаған жорықтары жырланады. Осы белгіні алып, одан соң, елдің өз бағалауынша, Кенесары, Исатайлар кім екенін еске алсақ, тарихи өлеңдерді ұлы батырлар əңгімесіне қоспасақ та кейінгі кіші батырлардың ретінде Қамбар, Алпамыстан кейін тіркеуіміз керек. Тарихи өлеңдердің қаһармандарына елдің өзі «Батыр» деп ат қойған», — дейді. Бұдан бірден ғалымның тарихи өлеңдер деп отырғаны тарихи жырлар екендігін түсінуге болады. Ал «Уақыт жəне əдебиет» атты еңбегінде М.О.Əуезов «тарихи өлең» терминінен басқа, тарихи жыр атауымен ауыстырған. «Қазақ эпосында батырлар жыры мен ғашықтық жырларға қоса тарихи жырлар да мол. Бұл жырлар XVIII жəне XIX ғасырларда əсіресе кең өрістен дамыған», — деп жазады. Демек, бұндай терминдерді қолданыс мəселесінде А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Е.Ысмайылов еңбектерінде де тарихи жырларға қатысты ой-пікірлерде қолданылып келген. Басты себептер Кеңес дəуіріндегі идеологияға қатысты болуы тиіс. Себебі «тарихи жыр» туралы келелі пікір қозғау, ондағы тарихи тұлғалардың бейнесінің фольклорда алғаш жасалғанын айту қиынның қиыны болғаны мəлім.

Сондықтан «тарихи өлең» деген терминге жүгінуге тура келген. Өйткені орыс фольклорындағы «историческая песня» терминін қолдану саясат үшін жəне рухани мұраны жұрт назарына жеткізу үшін қажет болған деп түйіндеуге болатындай.

Тарихи өлеңдер мен тарихи жырлардың арасындағы айырмашылықтар Е.Ысмайылов еңбектерінде ерекшелене бастаған. Тарихи жырларды дəуірлерге бөле отырып, ғалым 1916 жылғы поэзияның өзгешелігі барын аңғарған арнайы мақала жазып, 1940 жылдары «1916 жыл» деген жинақ шығарады. Көтерілістердегі қайғы, мұң-шер өлеңдері пайда болғанын көрсеткен де Е.Ысмайылов болатын.

1916 жыл поэзиясына қатысты Б.Кенжебаев, Х.Ищанов, М.Жармұхамедов еңбектерінің жарық көрулері тарихи өлең мен тарихи жырлардың шығу тегі мен пайда болу заңдылығын ашуға ықпал еткендігін пайымдауға болады.

«Жанр тек типологиялық қана ұғым емес, ол – əрі тарихи ұғым, құбылыс, категория. Сондықтан жанрды зерттеу үшін оның қашан, қай дəуірде пайда болғанын анықтау аса маңызды. Өйтпеген жағдайда зерттеп отырған жанрдың басқа жанрлар арасындағы рөлі мен орнын, маңызын ашу. Сондай-ақ оның өзіндік қасиеттерін анықтау оңай емес» [5]. Шындығында өзіміз қарап отырған тарихи өлеңдердің нақтылы жанрлық ерекшелігін дəл тауып, дəлме-дəл айқындай алмады дегеннен гөрі, жоғарыдағы аталған А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, М.О.Əуезов, Е.Ысмайылов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов жəне тағы басқа ғалымдарға негізгі тұжырымдарын ашық айтуға мүмкіндік бермеді дегеніміз дұрыс тəрізді. Себебі сол дəуірде тарихи өлең мен тарихи жырдың шығу тегі, дамуы, қалыптасуы мен тұрақтануын түбегейлі дəлелдеп шығудың оңай емес екендігі мəлім болатын. Əйтпесе профессор Н.С.Смирнова: «Тек нағыз тарихи шығармаларға тəн негізгі сипаттар тарихи өлеңдердің ең кішігірім түрлерінде ғана сақталған», — деп жазар ма еді. Ғалым еңбегінде көлемді эпикалық жырлардың барлығы мойындалып отырады. Солай десе де, тарихи өлең дегенді үлкенді жəне кішігірім деп жіктеуге жол береді. Керек десеңіз Н.С.Смирнова тарихи жырларды «поздний героический эпос» («кенже эпос». — Е.Тұрсыновтың аудармасы бойынша) деп анықтама берген. Мұның бəрі фольклордың табиғатын терең түсінетін ғалымдар тұжырымдамасы. Ескертетін бір мəселе, осының бəрі, түптөркіні «империялық» саясатта, анықтай айтсақ, билігін жүргізіп тұрған «орыс фольклорына» қарайлаудан келіп туындағаны даусыз. Аты айтып тұрғандай, тарихи өлең мен тарихи жырлардағы тарихтың неге байланысты екендігі, қандай дəуірлердің сыр-сипаты мен елесі бар екендігі сол дəуірде партияның қырағылы арқылы бақыланып, айтылған бетте тосқауыл жасалып бақты. Оның дəлелді жауабын А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы еңбектерінің көзден тасалануы, айтулы М.О.Əуезовтің «Əдебиет тарихы» кітабының табан астында туралып, қайта жарық көруге тыйым салынғандығы береді. Мұның соңы үркіту, рухани қазынаға үңілгісі келгендерді үнемі қадағалап отыруға алып келгендігі бүгін жан-жақты ашылып, шынайы бағасы беріліп жатқаны баршаға түсінікті.

Мəселен, орыс жəне еуропа фольклористикасына ерекше үңіліп, қазақ фольклорының болмыс- бітімін сол тұрғыдан қарағандықтан, профессор Н.С.Смирнова тарихи өлеңнің дербес жанр екендігін айта отырып, қазақ фольклорында тарихи өлең жанры кеш туғанын, бұндай өлеңдер XIX ғасырда пайда болғандықтан, толыққанды түрге айналмаған деген түйінге тоқталған. Тарихи жыр мен тарихи өлеңдерге қатысты кейінгі еңбектерге назар аударсақ, мəселе басқаша болып шығады. Себебі тарихи өлеңдер еуропа халықтарында кенже қалған шығармалар, өйткені ондай өлеңдер мемлекеттің пайда болу кезеңінде туатын жанр деген концепция қалыптасқан. Ең басты мəселе, нақты ұстаным осылай болса, онда түркі халықтары дүниесіне үңілгенде күні кешегі Кеңес дəуірі түркі əлемі дүниесін жоққа шығарып, бір кезеңдегі түркі халықтары бірлестігінің болғанын мүлдем есепке алғызбай келді. Түркі бірлестігіне жататын көшпелі халықтарды «бұратана халықтар», «қырғыз-кайсақ», «жабайы халықтар» деп тұжырымдады. Кеңестік дəуірде «бұл сұрыптау» тарихтың тереңіне бойлатпай, берідегі ғасырлар шеңберімен «дұрыстауға» күш салынды. Мұны түрлі қаулы-қарарлар, партияның қырағылығына қатысты құжаттардың бүгінде бұлтартпай дəлелдей алатындығы белгілі жайт. Алысқа бармай-ақ елуінші жылдардағы қазақ эпосына байланысты дискуссиялар «халыққа жау», «зиянды» деген ұстанымдарынан бір танбады. 1953 жылғы Алматыда Қазақ ССР Ғылым академиясы Президиумының ұйымдастыруымен өткен қазақ эпосына қатысты дискуссияның қорытындысында «сұрыптау» жəне «дұрыстау» дегенге жауап беретіндігін көреміз. Міне, осындай қатерлі өткелдерден өтіп, ұрпақ санасына жетуде сандаған рухани мұраларымыз қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткерді. Соның бірі – біз арнайы сөз етіп, еліміз тəуелсіздік алғаннан кейінгі арнайы тақырып етіп алып отырған тарихи өлеңдер.

Қазақ халқының басынан кешкен ірілі-ұсақты оқиғалар көптігі бүгінгі таңда жан-жақты бағасын ала бастады. Міне, соның нағыз шынайы көрінісі, халықтың түрлі оқиғаларға деген ашу-ыза, көңіл- күйі шағын тарихи өлеңдерде сəулесін қалдырған. Айтылу барысында тарихи өлеңдегі арман-тілек, мақсат-мүдде бірте-бірте өсіп-өркендеу арқылы көлемді эпикалық жырлар туғызуға ықпал еткен. Оның нақты сыр-сипатын ашып, поэтикалық болмыс-бітімін саралаудың ең бір күрделі тақырып бола алатындығын осыдан аңғаруға болады. Себебі шағын тарихи өлеңдегі түйін елдің тағдыр-талайы, бастан кешкен тар жол, тайғақ кешуі екені анық.

Сондықтан тарихи өлең табиғатын тану – қазақ халқының тарихын тану болмақ.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Уахатов Б. Қазақтың халық өлеңдері. — Алматы: Ғылым, 1974. — 288 б.
  2. Досмұхамедұлы Х. Аламан / Құраст., алғы сөзін жəне түсінік жазғ. Ғ.Əнесов, А.Мектепов, Ш.Керімов. — Алматы: Ана тілі, 1991. — 176 б.
  3. Байтұрсынов А. Шығармалары: өлеңдер, аудармалар, зерттеулер / Құраст. Ə. Шəріпов, С. Дəуітов. — Алматы: Жазушы, 1989. — 320 б.
  4. Əуезов М. Əдебиет тарихы. — Алматы: Ана тілі, 1991. — 275 б.
  5. Қасқабасов С. Қазақ халық прозасы. — Алматы: Ғылым, 1984. — 272 б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.