Мұнай химиясы

Мұнай-газ өнеркәсібінің литосфераға тигізетін кері әсерін зерттеу

Мұнай өндіру көлемінің жылдан-жылға артуы, қоршаған табиғи ортаның компоненттеріне техногендік әсірін тигізуде. Мұнай-газ өнеркәсібнің барлық өндірістік обектілері қоршаған ортаны зиянды заттектермен ластайды. Мұнай құрамындағы заттектерден басқа, ластаушы заттектердің құрамында көптеген химиялық реагенттер, катализаторлар, БАЗ, реагенттер, сілтілер, қышқылдар, т.б. көптеген улы заттектер кездеседі.
2011

Қытайдың Орталық Азиядағы сыртқы экономикалық саясатында мұнай мен газ саласындағы ынтымақтастықты дамытудың өзіндік орны бар. Қытай экономикасының қарқынды да тез дамуы оның энергия көздеріне мұқтаждығы мəселесін күн тəртібіне шығарды. Мемлекет басшылығы елдің энергетикалық стратегиясын қайта қарауға мəжбүр болды. Қытай, бір жағынан, ел ішіндегі мұнай өндірісін ұлғайту арқылы өзінің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге талпынса, екінші жағынан, шет мемлекеттерден сенімді мұнай тасымалын орнатуға ұмтылуда. Мемлекеттің ішкі экономикалық дамуымен тығыз байланысты болған мұнай мен газ мəселелерін шешу мақсатында Қытай 1990 жылдардың екінші жартысынан бастап Орталық Азияда осы саладағы байланыстарын тереңдетуде белсенділік танытты.
2010
Қазақстан – Қытай арасындағы мұнай саласындағы қарым-қатынастар

Қазақстан мен Қытайдың арасындағы экономикалық қатынастардың негізгі бағыты энергетикалық сала болғандықтан, мақала екі елдің мұнай саласындағы байланыстарына талдау жасайды. Мақала Қазақстан мен Қытайдың арасындағы мұнай саласындағы қарым-қатынастарының қырлары мен ерекшеліктерін қарастырады. Қытайдың мұнай компанияларының Қазақстан мұнай нарығындағы үлесін анықтайды. Мұнай құбырлары құрылысының кезеңдері мен екі елдің мұнай саласындағы перспективаларын талқылайды.
2012

«Ғасыр жобасы» атымен белгілі болған 2005 жылы Атасу-Алашанькоу магистральды құбыр салына басталды. Құбырды тапсырыс беруші және иегері болып Қазақстан-Қытай құбыры компаниясы – «ҚазТрансОйл» және СNPC тіркелді. Атасу-Алашанькоу мұнай құбырының ұзындығы 962,2 км болып қалыптасты. Оның ішінде 960 км Қазақстан территориясында, ал 2,2 км ҚХР-ның территориясында болып тіркелді. Бүгінде, Атасу-Алашанькоу мұнай құбырын салу тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан және Қытай жаңа жобаларды жүзеге асыру жұмыстарын қолға алу ниеттерін білдіруде. Ниеттерін жүзеге асыру және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты көрсетудің дәлелі ретінде «ҚазМұнайГаз және Қытайдын Ұлттық Мұнай компа- ниясы арасында келісілген Қазақстан-Қытай арасында мұнай құбырының екінші кезеңін салу жөніндегі негізгі принциптері туралы Келісім-Шартқа» қол қойылды. Бұл құжат Астана және Пекиннің екі жақты энергетикалық ынтымақтастықтың қызығушылығын білдірді. Қазақстандық тарап Кенкияк-Құмкөл мұнай құбырын салуды жоспарлауда. Аталмыш құбыр Кенкияк-Аты- рау, Құмкөл-Атасу, Атасу-Алашанькоу мұнай құбырларының аяқталушы және біріктіруші құбыр болып және сондай-ақ Қазақстанның батыс және орталық бөлгіндегі мұнайды Қытайға тасымалдауын қамтамасыз етеді.
2014
Мұнай-газ саласында корпоративті менеджементтің даму негіздері

Мұнай-газ саласын дамытудың ұзақ мерзімге жоспарланған перспективаларын негізінен теңіз кеніштерін игерумен байланыстыруға болады. Каспий қайраңындағы мұнай-газдың əлеуеті жоғары екендігіне қазақстандық сектордағы, сондай-ақ басқа елдер секторларындағы бірқатар ірі кеніштердің ашылуы дəлел. Сонымен Қазақстанда теңіздегі мұнай өндіруді дамытудағы шешуші роль «ҚазМұнайГаз» компаниясына жүктеліп отыр. Каспийдің қазақстандық секторын игеру мемлекеттік бағдарламасына сəйкес кеніштерді игеруге рұқсат алған жағдайда «ҚазМұнайГаз»-дың үлесі 50 пайыздан кем болмауы тиіс екендігі айтылған. Қазір Қазақстан экономикасында жеке меншік ресурс жəне сфера қызметін біріктіру принципіне салынған тікелей жəне көлденең интеграция негізінде корпоративті менеджментке сəйкес болуға тиісті бəсекеге қабілетті құрылымның белсенді қалыптасуы жəне интеграциялық процестің белсенділігі жүріп жатыр.
2009
Мұнай химиясы мен шикізаттарды терең өңдеу құрылымдарын Қазақстанда дамытудың мəселелері мен тиімділігі

Мұнай-химия өндірісі мен Қазақстандағы терең өңдеуді қалыптастыру жəне дамыту мəселелерін зерттеу, қолданыстағы өндірісті кеңейту жəне жаңа мұнай-химия өндірісі құрылысы бойынша іс- шараларға негізделген. Қазақстандағы синтетикалық каучук, резеңке-техникалық бұйымдар мен шина өнiмдерiн өндіру келешегі талданған. Авторлар мұнай-химия тауарлық өнімдерін экспортқа шығару жəне өндіріс көлемінің болжамды көрсеткіштерін анықтап, Атырау облысының аймақтық даму стратегиясы шеңберінде «Атырау облысындағы ұлттық индустриялы мұнай-химиялық технопаркі» арнаулы экономикалық аймағын қалыптастыру міндеттерін мен оларды жүзеге асыру стратегиясын нақтыланған.
2016