Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мұнай химиясы мен шикізаттарды терең өңдеу құрылымдарын Қазақстанда дамытудың мəселелері мен тиімділігі

Мұнай химиясы өндірісі мен шикізаттарды терең өңдеу құрылымдарын салудың экономикалық тұрғыдан тиімділігі бірінші кезекте олардың басқа өнеркəсіп салаларының дамуына мүмкіндік беретіндігімен анықталады. Қазір Қазақстанда мұнай химиясы өндірісін салу жəне дамытудың негізгі бағыттары белгіленген, ҚР Президенті атап көрсеткендей, «көмірсутегі секторын одан əрі дамытуды, шетел жəне жергілікті инвесторларды тартуды экономиканы əртараптандырумен тікелей байланыстыру жəне жаңа келешегі мол өндірістер құру жөніндегі аса маңызды міндеттерді мұнай химиясы саласында шешілуі қажет». Қазақстан Республикасы Энергетика жəне минералды ресурстар министірлігі ««ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-мен біріге отырып, Атырауда бірінші мұнай химиясы кешенін салуды жобасы жүзеге асуда. Бұл жоба бойынша қосылған құны жоғары базалық өнім ретінде жылына 800 000 т этилен жəне 400 000 т пропилен өндіріледі, ал ол ҚР мұнай химиясы өнеркəсібін қарқынды дамытуға жол ашады. Бұл инвестициялық жобаларды табысты іске асыру үшін Атырау облысында мемлекеттік жəке жеке меншік ынтымақтастығы негізінде, инвестициялық өріске, кіші жəне орта бизнеске барлық жағдайды қамтамасыз ететін арнаулы экономикалық аймақ (АЭА) ҚР Президенті Жарлығымен құрылды [1].

Мұнай химиясы өнеркəсібі мұнай мен табиғи газды өңдеу өнімдеріне негізделген синтетикалық материалдар мен бұйымдарды қамтитын ауыр индустрия саласына жатады [2]. Мұнай химиясы өнеркəсібі кəсіпорындарында синтетикалық каучук, негізгі органикалық синтез өнімдері (этилен, пропилен, полиэтилен,                    полипропилен,                          беттік-белсендік   заттар,   жуу    заттары,   минералды тыңайтқыштар), күйе, резеңке бұйымдары (автотегершіктер, резеңке-техникалық бұйымдар жəне кең көлемдегі тұтыну заттары), асбест-техникалық бұйымдар. Полимерлерді, майлау майларын, бояу еріткіштерді, сондай-ақ органикалық қосылыстардың өндірудің үлкен үлесі мұнай химиясына тиесілі. Мұнай химиясы саласының өнеркəсіптерінің орналасуына түрлі факторлар əсер етеді, олардың ішінде маңыздыларына мыналар жатады: шикізат, энергия, су көздері, тұтынушылар, еңбек ресурстары, экологиялық жағдай, инфрақұрылым [3, 4]. Кез келген мұнай химиясы өндірісін орналастыру үшін міндетті түрде өзара байланысқан аталған факторлардың барлығын ескеру қажет.

Өнеркəсібі дамыған елдерде мұнай химиясының даму қарқыны оның қанағаттанарлық деңгейіне байланысты, салыстырмалы түрде баяу, бірақ дамушы елдерде (əсіресе Таяу жəне Шалғай Шығыс елдерінде) сала қазіргі таңда өте жоғары қарқынмен дамуда, мысалы, Қытайда оның даму қарқыны жылына 10–15 % құрайды. Мұнай химиясы саласы жылдам қарқынмен Оңтүстік Кореяда, Малайзияда, Сауд Аравиясында, Вьетнамда, Иранда, Кувейтте жəне бірнеше басқа елдерде көрініс тапқан. Мұның нəтижесінде əлемдік химия индустриясында мұнай химиясы үлесі үздіксіз өсуде. Бүгінгі таңда ол 40 % шамасында, соның ішінде өндірістік дамыған елдерде — 35, Ресейде — 40, Таяу Шығыста — 80–85 %. Мұнай негізіндегі органикалық химикаттар химия өнеркəсібінің барлық шикізатының 80 % астамын құрайды.

Мұнай химиясы саласы мұнай өңдеу сияқты сыбайлас саласына қарағанда жылдам даму үстінде. Қазірдің өзінде, мұнай мен мұнай өнімдерін сату көлеміне қарағанда, мұнай химиясы өнімдерінің көлемі айтарлықтай артық. Болашақта да мұнай химиясы өнімдерінің əлемдік нарығы мұнай мен мұнай өнімдері нарығына қарағанда жылдамырақ дамиды. 2020 ж. дейін пластмасса өндірудің жылдық қарқыны 5 % деңгейінде күтілуде, полиэфирлік талшықтар — 6 % т.с.с. Ал мұнайға деген сұраныс, Энергетикалық ақпараттық агенттіктің (АҚШ) болжамы бойынша, жылына 1.7 % құрайды, соның ішінде дамыған елдерде — жылына 1 % шамасында.

Əлемдік мұнай химиясы өндірісінің жылдам дамуы саланың жоғары капиталдық сыйымдылығы арқасында əрдайым үлкен қаржылық ресурстарға ие болған, нақты ірі компаниялармен байланысты екенін атап өткен дұрыс. Бастапқыда оларға, алғаш рет қазіргі белгілі өнімдер полиэтиленді («Ай-Си- Ай» компаниясы), полипропиленді («Монтедисон»), нейлонды («Дюпон») жəне т.б. өндіріп, оны нарыққа ұсынған, жоғары инновациялық əлеуеті бар химиялық фирмалар болды. Соңынан көптеген мұнай химиясы өнімдерін (полимерлер мен жоғарыда аталғандар) массалық өндіруге көшу, өндірістік шығын факторының маңызын жылдам көтерді, бұл əлемдік мұнай химиясының корпоративтік құрылымының өзгеруіне себеп болды.

Мұнай химиясы мұнай компаниялары, мұнай өңдеу өнеркəсібі үшін айтарлықтай пайдалы сала болып шықты. Оларға мұнай химиясы өндірісі мұнай өңдеуді тереңдету жəне құны жоғары өнімдерді өндіру есебінен, мұнай нарығында бағаның шайқалу мерзімінде тұрақтылықты қамтамасыз етуге жəне қосымша пайда (20 % дейін) түсіруге мүмкіндік берді. Мұнай өңдеу дəрежесі артқан сайын, өнімдерді өткізуден түсетін түсім шұғыл өседі — шикі мұнайдың тоннасынан келетін түсім 100 долл. (мұнайдың 1 бар. құны 30–45 долл. болса) құрайды, мұнай өнімдерін көтерме бағамен сатқанда — 150 долл., автокөліктерге жанармай құятын бекеттер арқылы сатылса — 385 долл., мұнай химиясы өнімдері өткізілсе — 800–900 долл. дейін пайда түседі.

Мұнай компанияларының мұнай химиясына белсенді енуі олардың өнімдеріндегі мұнай химиясы өнімдерінің үлесін айтарлықтай арттырды жəне олардың қызметтерінің сипатын өзгертті. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш «Бритиш Петролеум» мен «Шеврон» компанияларында 10 % құрайды, «Шелл» — 12 %, «ЭНИ» — 22 %, «Эльф Акитэн» — 25 % т.с.с. Мұнай компанияаларының үлесіне əлемде өндірілетін олефиндер мен ароматты көмірсутектердің — 50 % астамы, полистиролдың — 33, полиолефиндердің 25 % келеді.

Əлемдік мұнай химиясының корпоративтік құрылымындағы тағы бір өзгеріс — нарыққа дамушы елдердің химиялық («САБИК», «Хендаи», «Самсунг», «Формоза пластикс» т.б.) жəне мұнай («Пемекс», «Петронас» т.б.) компанияларының келуі. Олардың əлемдік нарықтағы бəсекелестігі мемлекет тарапынан немесе дамыған елдердің фирмалары тарапынан болатын, сыртқы қолдауға байланысты.

Қазақстан нарығының даму болашағы қолданыстағы нарықтың кеңеюі немесе олардың жаңа бағыттарының пайда болуына байланысты емес. Егер Қазақстан 2020 ж. қарай пластмассаны қолдану деңгейі бойынша əлемдегі орташа көрсеткішке жететін болса, онда республикада пластмасса нарығы бойынша жылына 170 мың т полиэтилен, 85 мың т полипропилен, 84 мың т полистирол қажет болады. «Пластикалық массалар зауыты» ЖШС, «Полипропилен зауыты» ЖШС-нің қуаттылығы бойынша, егер шикізатпен қамтамасыз ету проблемалары шешілсе, бұл көрсеткіштерге жету əбден мүмкін.

Бұл жағдайда аталған кəсіпорындар ресейлік өндірушілер құрамында аймақтық нарық қатысушылары екенін ескеру қажет, сондықтан алдағы бірнеше жылдар бойында өнімді аймақтық жəне əлемдік нарыққа өткізу проблемалары туындамайды [5].

Қазіргі жағдайда жұмыс жасап тұрған өндірістерді кеңейтумен қатар, жаңа өндірістерді салу шараларын өткізу қажет:

  • «Полипропилен зауыты» ЖШС базасында пропанды дегидрлеу тəсілімен пропилен алатын қуаттылығы жылына 150 мың т қондырғысын салу, ол қажетті мөлшерде полипропилен, акрилонитрил жəне этиленпропилендік каучуктер алуға мүмкіндік береді. Пропанды дегидрлеу қондырғысының құны 170 млн АҚШ долл. тұрады;
  • қуаттылығы жылына 200 мың т полиэтилен өндіретін жаңа өндіріс құру. Бұл Атырау қаласында пайдалануға берілген, бірінші кезеңде еуропа жəне ресей шикізатын қолдануға бағытталған, жоғары тығыздықтағы полиэтиленнен құбырлар өндіру зауытын, отандық шикізаттан алынған жергілікті полимерлермен қамтамасыз етеді.

Осылайша, Қазақстан Республикасында шикізат ресурстарының отандық базасында қолданыстағы «Пластикалық масса зауыты», «Полипропилен зауыты» ЖШС мұнай химиясы кəсіпорындары арқылы, негізгі компоненттері болып полистиролдық пластиктер, түрлі маркалы полиэтилен жəне полипропилен табылатын, кең көлемді мұнай химиясы өнімдерін тұрақты өндіру жəне өткізу қамтамасыз етіледі, өндірілетін өнімнің үлкен бөлігі экспортқа жіберілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасында синтетикалық каучук, резеңке-техникалық бұйымдар мен шина өнімдерін шығару өндірістерінің даму болашағын қарастырайық. «Саранрезеңкетехника» ААҚ,

«Қарағандырезеңкетехника» ЖШС жəне «ИнтерКомШина» ААҚ мұнай химиясы кəсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету үшін Қазақстанда синтетикалық каучук өндіруді қайта жандандыру қажет [6]. Аталған кəсіпорындардың өндірістік қуатын арттыру үшін шикізат қажеттілігі 1-кестеде келтірілген.

Республикада жоғарыда аталған зауыттарды 70 % өзіндік шикізатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бұрынғы Шымкент шина зауыты («ИнтерКомШина» ААҚ) құрамында регенератты жəне синтетикалық каучук зауытын салу жобасы қолға алынуда.

 Қазақстанның мұнай химиясы кəсіпорындарының синтетикалық каучукке жылдық қажеттілігі 

 Синтетикалық каучук өндірісінде негізгі компоненттерге бутадиен, стирол, этилен, пропилен, изопрен жатады. Аталған қосылыстар ішінен Қазақстанда «Пластикалық масса зауыты» ЖШС-те (Ақтау қ.) тек қана стирол өндіріледі. Бутадиен, этилен, пропилен, изопрен өндірісте көмірсутек шикізатын өңдеу тізбесінің соңғы өнімдері болып табылады. Сондықтан қолданыстағы мұнай жəне газ-өңдеу зауыттарында мұнай мен газды терең жəне кешенді өңдеу технологиясы мен қондырғыларын ендіре отырып, қайта жаңарту жүргізу керек.

Синтетикалық каучукті өндіру арқылы шиналық өнімдерді жəне резеңке-техникалық бұйымдарды шығаруды дамыту үшін Қазақстанда жеткілікті өндірістік-техникалық əлеумет пен базалық шикізат бар. Сондықтан қолданыстағы мұнай немесе газ өңдеу зауыттарында немесе көмірсутек шикізаттарын өңдеу бойынша жаңа өндірістер салғанда синтетикалық каучук шығаратын өндірістер мен технологиялар құру қажет. Олар технологиялық тізбектер бойынша шиналық өнімдер мен резеңке-техникалық бұйымдарды өндіруге жəне синтетикалық каучукті басқа елдерге экспортқа шығаруға жағдай туғызады.

Шиналық жəне резеңке-техникалық өнімдерді экспортқа шығару ерекшеліктері:

  • экспорттың айтарлықтай көлемі (өндірілетін шинаның 12–15 %) жаңа автомобильдерді жинақтау үшін автомобиль зауыттарына жіберіледі (30 % — жеңіл жəне 22 % — жүк шиналары). Өткзудің негізгі жəне ең дамушы облысы — қолданыстағы машиналар паркі үшін сату (барлық өндірілген өнімнің 60–70 %);
  • резеңке-техникалық бұйымдардың ең ірі тұтынушыларына автомобильдік жəне ауыл- шаруашылық машина жасау салалары жатады. Сондықтан экспорттың ең үлкен көлемі — автомобиль жəне ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын өндірістерге сату (барлық өндірілген өнімнің 70–80 %).

Мұнай химиясы кəсіпорындарының жұмысын қалпына келтіру жəне жаңа өндірістік қуаттарды іске қосу тек оларды модернизациялау, технологиялық жаңарту жəне салу техника-экономикалық негіздеулері (ТЭН) мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткізгеннен кейін орындалады.

Тауарлық мұнай химиясы өнімдерін өндіру көлемдері мен экспортқа шығару көлемдерінің болжаулы көрсеткіштері 2-кестеде келтірілген.

Атырау облысының территориялық даму стратегиясында «Атырау облысындағы ұлттық индустриялы мұнай-химиялық технопаркі» арнаулы экономикалық аймағын қалыптастыру міндеттері мен оларды жүзеге асыру іс-қимыл стратегиясы анықталған [7]. Негізгі міндеттер ретінде өндірістік инфрақұрылымды дамыту, қосылған құны жоғары мұнай химиясы өнімдерінің өндірісін ұйымдастыру үшін инвестиция тарту, халықтың жұмыспен қамтылуын көтеру болып анықталған. Оларды жүзеге асыру іс-қимыл стратегиясы келесі түрде өрбиді:

  • АЭА-ның жеңілдіктер тəртібі аясында тұрғын үй құрылыстары үшін инженерлік коммуникация мен өндірістік инфрақұрылым объектілері тұрғызылады. АЭА құрудың жұмысын үйлестіру мақсатында «Атырау облысының ұлттық мұнай химиясы технопаркі» ғылыми-техникалық кешені жанынан Атырау қаласы, Мақат, Жылыой аудандары аумағында АЭА аймақтық түрдегі объектілердің орналасуын ұйымдастыратын үйлестіруші топ құрылады;
  • бəсекеге қабілетті экспортқа шығаруға бағытталған мұнай химиясы өндірісін құру маңызды мұнай химиясы өнімінің ішкі нарық сұранысын қанағаттандыру мақсатында өндірістік- техникалық өнімнің ауқымды номенклатурасын шығаратын кіші кəсіпкерліктің дамуына жəрдемдеседі, импортталатын шикізатты отандық өнімге алмастыру есебінен олардың өнімінің бəсекеге қабілеттілігін дамытады.

 2-кесте. Тауарлық мұнай химиясы өнімдерін өндіру көлемдері мен экспортқа шығару көлемдерінің болжаулы көрсеткіштері, ж/мың т

 Соңғы кездері мұнай өңдеу жəне мұнай химиясы өнеркəсібін қайта жаңарту, қарқынды дамыту мəселелеріне ерекше назар аударылуда, алайда көптеген зерттеулер жеке технологиялық процестердің өндірістік-технологиялық жəне экономикалық-экологиялық мəселелерін, нақты қондырғыларды жаңарту, белгілі бір экологиялық зиянды жиынтықтарды пайдаға асыру жəне т.б. сол секілді мəселелерді қарастыруға арналған. Проблеманы тиімді шешу үшін мұнай мен мұнай химиясы өнімдерін өңдеу тереңдігін арттыру, негізгі өндіріс қалдықтарынан екінші мəрте өнім өндірумен қоса, мұнай өңдеу, мұнай химиясы өндірістерінің барлық цикліне кешенді тəсіл қажет [8, 9].

Қазіргі кезде Қазақстанда мұнай өңдеу жəне мұнай химиясы өнеркəсіптерінде келесі негізгі мəселелер бар екенін айта кеткен жөн:

  • күкіртті жəне жоғарғы күкіртті мұнайдан жоғары сапалы мұнай өнімдерін алу мəселелері;
  • құрамында күкірт бар химикаттарды алу мəселелері;
  • мұнай химиясы кəсіпорындарын қалпына келтіру жəне дамыту мəселелері.

Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі игеріліп жатқан аса ірі көмірсутек шикізаттарының құрамында күкірттің молдығына байланысты бұл мəселелердің өзектілігі арта түседі.

Күкіртті органикалық қоспаларды көмірсутек пен күкіртсутекке айналдыру арқылы мұнай өнімдерін күкіртсіздендіру тəсілдері жəне күкіртті органикалық қоспаларды бөлудің алуан тəсілдері де зерттелуде. Мұнайлы көмірсутекті шикізатты күкіртсіздендіру тəсілдерінің ішінде өнеркəсіпте гидротазалау тəсілі анағұрлым кең таралған.

Тазалаудың тиімді тəсілін мынадай экономикалық-экологиялық критерийлерді есепке ала отырып, таңдау қажет: негізгі өнімнің өзіндік құнын жоғарлатпау, қондырғы үшін минималды алаңдарды пайдалану, қымбат емес жəне қолданыста бар реагенттерді қолдану; ақырғы өнімді тікелей пайдалану мүмкіндігі немесе оларды қолайлы өңдеу; тазалау қондырғысының процестерін толықтай автоматтандыру жəне режимдердің ауыспалылығына бейімділігі; газ қондырғыларынан тасталатын күкіртті қоспалардың минималды мөлшері, атмосферада жақсы ыдырауын қамтамасыз ету.

Қазақстанда мұнай химиясын дамыту жобаларына Актау пластмасса зауытында этилбензол жəне этиленгликол алу, қуаттылығы 250 мың т жол битумы өндірісін ұйымдастыру жобасы жəне Атырау мұнай өңдеу зауыты базасында негізгі мұнай химиясы шикізаты — бензол мен параксилолды жылына 95 жəне 235 мың т қуаттылығымен өндіру жобалары енеді [10].

Республиканың мұнай химиясы кəсіпорындары модернизациялау есебінен этан, бутан, гексан, этилен, пропилен, ацетилен, бензол, ксилол т.б. сияқты өнімдерді, ал олардың негізінде пластикалық массалар мен эластомерлерді шығара алады.

Қорытынды. Сонымен, жұмыста Қазақстанда мұнай химиясы өндірісін қалыптастыру жəне дамыту мəселелерін зерттеу нəтижелері келтірілген. Пластмассаны қолдану деңгейі бойынша əлемдегі орташа көрсеткішке жету үшін, республикаға пластмасса нарығы бойынша жылына қажетті базалық мұнай химиясы өнімдерінің түрлері мен көлемдері анықталған. Қолданыстағы мұнай химиясы бағытындағы өндірістер толықтай шикізатпен қамтамасыз етілсе, қажетті көрсеткіштерге жету əбден мүмкін екендігі тұжырымдалған. Қазіргі жағдайда жұмыс жасап тұрған өндірістерді кеңейтумен қатар, жаңа нақты өндірістерді салу шаралары тұжырымдалған. Қазақстан Республикасында синтетикалық каучук, резеңке-техникалық бұйымдар мен шина өнімдерін шығару өндірістерінің даму болашағы талданған. Қазақстанда синтетикалық каучукті өндіру арқылы шиналық өнімдерді жəне резеңке-техникалық бұйымдарды шығаруды дамытуға қажетті өндірістік- техникалық потенциал мен базалық шикізат жеткілікті екені тұжырымдалған [11]. Тауарлық мұнай химиясы өнімдерін өндіру көлемдері мен экспортқа шығару көлемдерінің болжаулы көрсеткіштері анықталған. Атырау облысының 2015 жылға дейін территориялық даму стратегиясы шеңберінде «Атырау облысындағы ұлттық индустриялы мұнай-химиялық технопаркі» арнаулы экономикалық аймағын қалыптастыру міндеттері мен оларды жүзеге асыру іс-қимыл стратегиясы анықталған.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Сармурзина Р.Г. Материалы выставки «Chemie 2008» и «Plastex Central Asia 2008». — Астана, 2008. — С. 3–7. — [ЭР]. Режим доступа: http://www.chemie.kz.
  2. [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://www.chemindustry.ru.
  3. Сармурзина Р.Г., Хайдаргалиева Ш.А. Первый нефтехимический комплекс Казахстана // Нефть и газ. — — № 5.— С. 118–124.
  4. Сармурзина Р.Г., Оразбаева К.Н. Қазақстанда мұнай химиясы өндірісін қалыптастыру жəне дамыту мəселелері //Оңтүстік Қазақстан ғылымы мен білімі // Респ. ғыл. журн. — 2009. — № 6 (79). — 114–117-б.
  5. [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: gazeta.kz.
  6. Бишимбаев В.К., Надиров К.С., Сакибаева С.А., Тасанбаева Н.Е. Пути развития нефтехимической и химической от- раслей промышленности на юге республики // Нефть и газ. — 2004. — № 1. — С. 46–52.
  7. Бопиева Ж.К., Оразбаев Б.Б., Сериков Т.П., Оразбаева К.Н., Джетписова А.Б. и др. Стратегия территориального раз- вития Атырауской области до 2015 года. — Астана; Атырау, — 105 с. — [ЭР]. Режим доступа: http://adilet.zan.kz.
  8. Серіков Т.П., Оразбаева К.Н. Мұнай өңдеу технологиялық кешендерін математикалық тəсілдер арқылы қарқындандыру мəселелері. — Алматы: Эверо, 2006. — 150 б.
  9. Сериков Т.П., Оразбаева К.Н. Эффективные экономические и технологические решения при реконструкции Атырау- ского нефтеперерабатывающего завода // Нефть и газ. — 2006. — № 3. — С. 90–95.
  10. Оразбаева К.Н. Қазақстанда көмірсутектерді кешенді өңдеу мен мұнай химиясы өнеркəсібін дамытудан күтілетін нəтижелер // Актуальные проблемы соц.-экономического развития Прикаспийского региона в условиях инновационной экономики: Сб. материалов Международ. науч.-практ. конф. — Атырау: Атырауский гос. ун-т, — С. 60–64.
  11. Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен 2014 жылғы 1 тамызындағы № 874 қаулысымен бекітілген. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: zakon.kz.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.