Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан – Қытай арасындағы мұнай саласындағы қарым-қатынастар

Қазақстан Республикасының сыртқы саясатында көршілес Ресей, Қытай жəне Орталық Азия мемлекеттеріне басымдылық берілген. Сондықтан Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастар екіжақты жəне көпжақты жүйемен дамып келеді. Өйткені екі  ел арасындағы ұзақ тарихи байланыстар мен географиялық орналасуының жақындықтарына қоса, өзара ортақ мүдделіктер өзара байланыстарды дамытып, тереңдетуде.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Ху Цзиньтаомен 2011 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) саммиті аясында кездесуінде екі елдің болашақ достығына тоқталғанда: «Біздің ынтымақтастық, біздің қарым-қатынастарымыз Қазақстан үшін де, Қытай  үшін  де  пайдалы  болып   табылады.  Біз  осы  қатынастарымызды,  осы  сеніміміз  бен достығымызды жан-жақты нығайтуға ниеттіміз!», – деп атап өтті [1].

Қазақстан мен Қытай əріптестік қатынастардың дамуында, ең алдымен, сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға баса назар аударылды. Қазақстан Республикасы (ҚР) мен Қытай Халық Республикасы (ҚХР) арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық, екі ел  дипломатиялық қатынас орнатқан 1992 жылдың 3 қаңтарынан бері аса зор маңызға ие сала болып келеді.

Қазақстан мен Қытай арасындағы қарымқатынастар негізінен экономикалық мүддеге негізделген. Қытай компаниялары Қазақстан экономикасының əртүрлі салаларына қатысып келеді, əсіресе олар мұнай-газ саласына зор көлемде инвестиция салып отыр. Өйткені энергетика екі елге де стратегиялық маңызы зор. Қазіргі таңда Қазақстан  ТМД  елдері  ішінде Ресейден кейінгі  Қытайдың  екінші  сауда əріптесі. Ал Қытай өткен жылдан бастап Қазақстанның саудадағы бірінші əріптесі атанды. Қазақстанның экспорт-импорт тауар айналымында Қытай ең мол үлесті ұстайды. Қытай тарапының статистикасы бойынша екі елдің тауар айналымы 2010 жылы 20,31 млрд. долларға жетті, сөйтіп 45,3 пайызға ұлғайып, дағдарысқа дейінгі деңгейден асып түскен. Ал Қытайдан тартылатын инвестиция көлемі 15 млрд. долларды құрады [2].

2012 жылғы көрсеткіш бойынша, Қазақстанның сыртқы сауда айналымының 15%-ы Қытайға тиесілі. Қазіргі таңда Қазақстан мен Қытайдың экономикалық байланыстары жаңа деңгейге көтеріліп, жылдан-жылға жаңа серпінге ие болып отыр. Екі ел арасындағы экономикалық саладағы ынтымақтастық бағыттары да артып келеді. Əсіресе мұнай саласы екі жақты қатынастардың дамуының негізгі приоритетіне айналды.

Мұнай саласы – Қазақстан экономикасының негізгі  саласы. Мұнайға  бай  Қазақстанның Батыс өңірі мен Каспий маңы аймағы Қытай мұнай компаниялары үшін ғана емес, шетел компаниялары үшін де шикізат көзінің маңызды нүктесі екендігі белгілі. Қытай компаниялары Қазақстан мұнай нарығына 1997 жылы келді. Сол жылы қыркүйек айында Қазақстан мен Қытай арасындағы мұнай жəне газ саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге, Қазақстан Республикасының Энергетика жəне табиғат ресурстары министрлігі мен Қытай ұлттық  мұнай-газ   корпорациясы  арасында Қазақстан мен Қытай мұнай құбыры, өзен жобасы жəне Қазақстан-Иран мұнай құбыры жобалары жөнінде келісімдерге қол қойылуы осы саладағы алғашқы екіжақты қатынастардың негізін қалады. Бұл құжаттардың екі мемлекет үшін де стратегиялық маңызы бар екендігі жəне ұзақ  мерзімді өзара тиімді ынтымақтастыққа берік негіз қалайтындығы атап көрсетілген-ді [3]. Қытай  компаниялары  бірте-бірте  Қазақтандағы мұнай өндіру орындарының акцияларын  иемдене  бастады. Қазақстандағы  көптеген мұнай орындарын, негізінен, Қытайдың екі ірі компаниясы иеленеді: CNPC (Қытай ұлттық  мұнай-газ  корпорациясы) мен CITIC (халықаралық қытай сауда-инвестициялық компаниясы). Ең алдымен, 1997 жылғы екіжақты келісімнен CNPC Ақтөбемұнайгазды (Жаңажол, Кеңқияқ) сатып алды. 1998 жылы Қытайдың мұнай компаниясы Ақтөбе мұнай компаниясын басқара бастаған кезде, мұнайдың жылдық өндірісі  небары 2 миллион  тоннаны  құраған еді.

10 жыл өте келе, қытайлық технологияның, инвестициялар мен басқару жүйесінің арқасында жылдық өнім 2,5 есеге артты. 2001 жылы CNPC Солтүстік Бұзачы мұнай орнының 50 %-ына қол жеткізді.  2006  жылы CNPC PetroKazakhstanды  сатып  алды,CITIC   Қаражанбасмұнайдың 50 % бөлігін сатып алды. 2009 жылы CNPC Маңғыстаумұнайгаздың 50% бөлігін сатып алды [4]. Қытайдың мұнай компанияларымен қатар Қазақстанға мұнайды барлау, бұрғылау, қойма мекені мен мұнай мен газды өңдеу жүйесіне жаңа   технологиялар  келді.  Мысалы,    CNPC технологиясының арқасында геологиялық тұрғыдан күрделі болып табылатын Кеңқияқ кен орнына жаңа технологияны ендіру нəтижесінде қысқа уақыт арасында орта көлемі  28  млн қоры бар мұнай орнын игеруге мүмкіндік туды. Мұндағы мұнай өндіру күші қазіргі таңда жылына  2  млн тоннаны құрайды.  Өндірілген мұнайды  Қытайға тасымалдау мақсатында «Атасу-Алашанкоу», «Кеңқияқ-Құмкөл», «Қазақстан-Қытай» жəне «Бейнеу-БозойШымкент» мұнай құбырлар желісі салынып жұмыс жасауда. Ұзындығы мыңдаған шаршы шақырымға келетін, Орталық Қазақстаннан Қытайдың солтүстік-батыс шекарасына дейін жететін мұнай құбырларын салуға ҚХР үкіметі көмектесіп, қаржыландырды. Осы мұнай құбырларына басқа құбырлар қосылып, Каспий теңізі асты мұнай көздеріне қол жеткізу мүмкіндігі артты. Қазақстан Ресей, Қытай жəне Батыс елдерінен тартылатын инвесторлардың Қазақстандағы мұнай орындарын игеруді бақылауда ұстауға ұмтылғанымен, бірақ əлемдік қаржы дағдарысы Қытайға Қазақстанның  мұнай өндіру саласындағы ықпалын күшейтуге жəне Қазақстандағы экономикасының басқа салаларына кеңінен енуге мүмкіндік берді [5]. Оған төмендегі кесте дəлел бола алады.

 Кесте Қытай компанияларының пайыздық үлесі (2009 ж.) [6] 

 Жоғарыда көрсетілген кесте мен диаграмма Қазақстан энергетика саласындағы Қытай рөлінің артып келе  жатқандығын  көрсетеді.  Сондай-ақ  ол екі ел энергетикалық ынтымақтастығының стратегиялық маңыз алатындығын аңғартады.  2008  жылы  Қазақстандағы  қытайлық   мұнай наға (жалпы – 70 млн.) жетті. 2011 жылғы көрсеткіш бойынша, Қытай компаниялары Қазақстандағы мұнай мен газ өндірудің 30% үлесіне қол жеткізді   [8].   2012   жылғы   көрсеткіш бойынша,Қытай компанияларына (CNPC, CITIC) Қазақстандағы мұнай компаниялардың 21%-ға жуық үлесі тиесілі болғандығы анықталды. Сондай-ақ Қытай компаниялары қазақстандық экономиканың мұнай-газ саласына құйылатын жалпы шетел инвестициясының 26%-ына ие болды [9].

Қытай өзінің экономикалық өсімін қамтамасыз ету үшін жəне Таяу Шығыс елдерінен шикізат көздерін тасымалдау тəуелділігін төмендету мақсатында жаңа шикізат көздерін іздеп, Қазақстан мұнайын қажет етіп отыр.

Сурет. Мұнай компанияларының Қазақстандағы үлесі(2008 ж.) [7]

 Visor Capital компаниясының жүргізген зерттеуі бойынша, Қазақстанда өндірілетін барлық мұнайдың ¼ бөлігі қытайлық компанияларға тиесілі. Қазақстан уран, алтын, мыс, никельге бай жəне осы материалдар Пекинге елдің экономикасының динамикалық өсімін сақтап қалу үшін қажет [10]. Осы салада Қазақстан мен Қытай арасында өзара тиімді əрі тең дəрежеде ынтымақтастықты дамыту болашағы бар.

Екі ел арасында тек үкіметаралық қана емес, компанияаралық ықпалдастық та дамып келеді. Мысалы, мұнай саласында ҚХР ҚР-мен «Самұрық-Қазына» Акционерлік қоғамының стратегиялық əріптестерінің бірі болып табылады. 2003 жылдың тамыз айында «ҚазМұнайГаз» АҚ пен мұнай мен газды барлау жəне өңдеумен айналысатын Қытай ұлттық мұнайгаз корпорациясы арасында «Мұнай құбырының алғашқы кезектегі құрылысын тездету жəне Қазақстан-Қытай газ құбыры құрылысының мүмкіндіктерін зерттеу туралы Меморандумға» қол қойды. Тараптар мұнайгаз ресурстарын өндіру, қайта өңдеу жəне тасымалдау, атом өнеркəсібі, электростанция құрылысы, қаржыинвестиция жəне басқа салаларда өзара белсенді іс-қимылдар тізбегін бекітті. «ҚазМұнайГаз» ҰК» Акционерлік қоғамы CNPC бірлесуі арқылы «Қазақстан-Қытай» мұнай жəне газ құбырларының құрылысы мен тұтыну жобалары жүзеге асырылды [11].

Жалпы, Қытай инвесторларының Қазақстанның стратегиялық маңызды табиғи ресурстарын барлау мен өндіруге белсенділігінің артуы Қазақстан қоғамында түсініспеушілік тудырады. Себебі қарапайым халық Қытайдың Қазақстан мұнай-газ саласына белсенді қатысуын «экономикалық экспанция» деп бағалауда. Бірақ шын мəнісінде Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланысты экспансия деуден гөрі жаһандану заманындағы аймақтық ауқымды интеграция (ШЫҰ аясындағы) деу керек сияқты. Ауқымды интеграцияға түсу арқылы өзіміз шеше алмайтын проблемалардың шешімін тауып, экономика саласындағы басқа бағыттардың өсімін қамтамасыз ету мүмкіндігі пайда болады. Оның үстіне, Қазақстанның көпвекторлы саясатының Қытай тармағы Қазақстан үшін пайдасы бар. Мəселен, Өзбекстан мен Түрікмен газы Қытайға біздің транзиттік құбырымыз арқылы жетеді. Қытай тауары Орта Азиядағы көршілерімізге, Ресей Федерациясына, Белоруссия мен Украинаға біздің транзиттік дəліз арқылы барады. Батыс Еуропаға да Қытай жəне Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттерінің өнімдері бізге транзиттік валюта кірісін түсіріп барып жетеді. Батыстың тауарлары да Оңтүстік Шығыс Азияға дəл осы жолмен жүріп, елімізге транзиттік тасымал ақысын төлеп кетеді. Демек, халқы көп, тұтынушысы мол Қытай сияқты алып көршімен экономикалық ынтымақтастық Қазақстанға тиімді болып отыр. Қазақстаннның мемлекеттік бюджетінің 40%-ын мұнай экспортының түсімі қамтамасыз ететіндіктен қара алтын үшін жаңа рыноктар ашу өте маңызды болып табылады. Əйтсе де пайда көздерін іздеп жүргенде, өз мемлекетіміздің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіру мүмкіндігін де жоққа шығаруға болмайды [12]. Екіжақты сауда-экономикалық қатынастарда ҚХР азаматтарының еңбек мигранттары ретінде  Қазақстан  жеріне  көптеп  енуі келеңсіз  жағдайларға  əкеп  соқтыруы əбден мүмкін. Əділет министрлігінің мəліметі бойынша, Қазақстанда бүгінгі күні 78 қытайлық компания, қытай капиталының қатысуымен 3964 кəсіпкерлік жəне олардың 65 филиалы тіркелген. Əрине, бұл көрсеткіштер жоғары. Бірақ Қытай компанияларының қытайлық азаматтарды көптеп жұмысқа тарту жергілікті халықтың наразылығын тудырады [13].

Осы жағдайларға қарамастан, екіжақты жəне көпжақты ынтымақтастықтар үздіксіз дамып келеді. Энергетикалық саладағы бірлескен жобалар мұнай құбырларының салынуында көрініс тапқан. Мəселен, Қазақстан-Қытай мұнай құбыры құрылысы екі кезеңге жоспарланған. Бірінші кезеңде ҚР Үкіметі мен ҚХР үкіметі арасындағы мұнай мен газ саласындағы жанжақты ынтымақтастықты дамыту туралы Шекті келісімге сəйкес жүргізілген Атасу – Алашаңқай мұнай құбыры жобасы іске асырылды (Пекин  қ., 2004 жылғы 17 мамыр). Атасу-Алашаңқай мұнай құбыры 2004 жылғы екі ел арасындағы мұнай жəне газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту жөніндегі келісімге сəйкес құрыла бастады. 2008 жылы құрылыс аяқталды. Ұзындығы – 962 км, диаметрі – 813 мм. Қарағанды, Шығыс Қазақстан жəне Алматы облысынан ҚХР-дың Алашанькоу аймағына дейін созылған. 2010 жылы 10,1 млн тонна мұнай    тасымалы  жүзеге  асты.  2011   жылғы  І жартыжылдықта  жоспарланған  5,5  млн. тонна мұнайдың орнына 5,8 млн тонна мұнай тасымалданды. Жалпы, 30,8 млн тонна мұнай тасымалы жүзеге асты [14]. 2011 жылы бұл мұнай құбыры арқылы жалпы 14 млн тонна мұнай тасымалданды. «2014 жылға  қарай мұнай тасымалдау қуатын 20 млн тоннаға дейін жоғарылатукөзделіпотыр», – деп«КазТрансОйл» компаниясының бас директоры Қайыргелді Қабылдин жариялады. Қытай Ұлттық Мұнайгаз Корпорациясы жəне  «ҚазМұнайГаз»  Ұлттық  компаниясы акционерлік қоғамы арасындағы 2006 жылғы 20 желтоқсандағы келісімге сəйкес тепе-теңдік негізде (қатысу үлестері 50%-дан) құрған «Қазақстан – Қытай құбыры» ЖШС  бірлескен кəсіпорны іске асырды. Атасу – Алашаңқай мұнай құбырының пайдалануға берілуі 2006 жылдың аса маңызды оқиғаларының бірі, мұнай тасымалдау жүйесінің көп бағыттылық стратегиясын іске асырудағы елеулі кезеңі болды əрі мұнай компанияларына мұнайды Қытайдың келешегі зор жəне қауырт өсіп отырған  тұтынуына  жеткізудің   сенімді де экономикалық тиімді бағытын қамтамасыз етті. Бұдан басқа мұнай құбыры Қытайға Ресей мұнайын тасымалдау үшін Қазақстанның өткізушілік əлеуетін қосуға мүмкіндік берді [15]. Өткізу қабілеті жылына 10 млн тоннаға жететін келесі Кеңқияқ-Құмкөл мұнай құбыры құрылысының  жобасы Қазақстан-Қытай жобасының  2-ші  кезеңі  болып табылады. Кеңқияқ-Құмкөл мұнай құбырының құрылысы 2006 жылы басталды. Қытай Ұлттық Мұнай Корпорациясы мен  «ҚазМұнайГаз»   ұлттық компаниясы   арасындағы   «Қазақстан-Қытай құбырының  2-ш  кезеңінің құрылыс принциптеріне» сəйкес жүзеге асырылды. Сөйтіп, келесі жылдарға қарамастан 2009 жылғы қазан айында ұзындығы  793  шақырым  болатын магистралды құбыр бойымен экспортқа мұнай жіберілді. Болжамдарға сүйенсек, «Кеңқияқ – Құмкөл» телімінің өзі 2010 жыл мен 2020 жыл аралығында Қазақстанға 60 млрд. теңге сомасына салық əкеледі екен. 2010 жылы құрылыс толығымен аяқталды. Ұзындығы – 794 км, диаметрі – 813 мм. Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды облыс тары арқылы өтеді [16].

Қазіргі таңда Қытаймен жан-жақты саудасаттық жасау біз үшін тиімді əрі қажет дүние болып отыр. Соңғы жылдары екі елдің ынтымақтастығы сауда-экономикалық, энергетикалық, шикізаттық емес, инфрақұрылымдық жəне басқа салаларда жемісті дамып келеді. Елдеріміздің сауда айналымы дипломатиялық қатынас орнаған алғашқы жылдардағы 368 млн доллардан 2010 жылы рекордтық көрсеткішке дейін, яғни 20,31 млрд. долларға дейін өсті. Нақтылай түссек, бұл 60 есеге артты деген сөз. Бүгінгі күні Қытай Қазақстанның аса ірі сауда əріптесі болып табылады жəне Қазақстан ТМД елдері арасында Қытайдың екінші сауда əріптесі болып отыр. Қытай мен Қазақстан арасында тауар айналымы ҚХР-дың Орталық Азиядағы елдермен жалпы тауар көлемінің 70 пайызынан астамын құрайды.

Екі мемлекет басшысы 2015 жылға қарай тауар айналымын 40 млрд. доллар деңгейіне жеткізу туралы мақсат қойды. Бұл жерде атап көрсететін жайт екі елдің экономикалық ынтымақтастығы ешқандай қосымша саяси шартсыз, яғни тең құқылық, сенім жəне өзара тиімділік негізінде жүргізіліп келеді [8]. Сондықтан Қазақстанның Қытаймен мұнай-газ саласында пайдалы қызмет атқаруға сенім мол. Қытаймен бірлесе отырып, 2015 жылы тəулігіне 300 мың тонна (2,3 млн баррел) мұнай өндіру болжамы мұнай өндіру қарқынын жылына 5,7%-ға өсіре отырып, 8-9 жылдан соң Қазақстанның мұнай шығарушы мемлекеттердің алғашқы ондығында болуын қамтамасыз етеді [5]. Міне, сондықтан да мұндай ынтымақтастық үлкен өмірлік күшке ие жəне тұрақты түрде кеңейе əрі тереңдей түсе береді. Оның үстіне Қытайдан инвестиция, технология, логистика, тəжірибе алуға мүмкіндік туады. Одан кейінгі кезекте қайта өндіру  салалары  мен экономиканың шикізатты емес салаларын дамытудың болашағы зор. Сондықтан шикізат өнімімен ғана шектелмей, Қазақстан Қытаймен басқа  өнеркəсіп   салаларында   серіктестігін  əрі қарай дамытуға көңіл бөлгені абзал. Сондай-ақ Қазақстанның шикізат өнімін өң-  деу, машина құрастыру,  металлургия,  азық  жəне текстильдік өндіріс, көлік жəне логистикалық қызмет, құрылыс материалдарын шығару сияқты салаларда ұлттық өнеркəсіп жүйесін қалыптастыруда қытай ресурстарын пайдалануды қазірден ойластыру керек деп ойлаймыз. Өйткені Қытай бізге қатты мүдделі болып тұрғанда, біз де оларды ұзақ стратегиялық мақсатырмызды іске асыруға пайдалануды қарастырғанымыз жөн болады деп санаймыз.

 

Əдебиеттер

 

  1. [Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев, Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстан мен Қытай стратегиялық əріптес екенін жариялады // Айқын. – 2011. – 14 маусым.
  2. «KAZNEX INVEST» экспорт жəне инвестициялар ұлттық агенттігінің 2007-2010жж статистикасы // http://www.kaznex.kz/kz/napr/ export/analitika/china.php
  3. Қазақстан Республикасының Энергетика жəне табиғат ресурстары министрлігі мен Қытай Ұлттық мұнай-газ корпорациясы арасында   Қазақстан   мен   Қытай   мұнай құбыры жөнəндегі келісімhttp: // kazenergy.com/ru/2-2627-2009/3022-2011-11-23-10-57-53.html
  4. Sebastian Reyhouse. Chinese economic presence in Kazakhstan: China’s resolve and  Asia’s apprehension // Special feature: China’s perspectives.  – 2008. –  39 page.
  5. Бақытжан Исенғалиев. Пекинде өткен Ресей – Орталық Азия – Қытай екінші мұнай газ форумында сөйлеген сөзінен. – 2009. – 23-24 қыркүйек.
  6. Қытай компанияларының   пайыздық үлесі(2009 ж.) http://www.compromat.ru/page_30549.htm
  7. Нефтяная_отрасль_Казахстана http:// ru.wikipedia.org/wiki/
  8. Чжоу Ли. Қытай-Қазақстан қарым-қатынасы: Жаңа тарихи кезеңде // Егемен Қазақстан. – 2011. – 28 қыркүйек.
  9. Кайрат Келимбетов. Политика Президента РК, его антикризисная программа, программа ФИИР страны пользуется большим уважением у высшего руководства КНР // Карта индустриализации 2010-2014. // http://www.kca. kz/?catID=36&item=107&module=articles&doc ID=2051
  10. Visor Capital компаниясының жүргізген зерттеуі http://rus.azattyq.org/content/kazakhstan_ china_investment_/2320430.html
  11. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 14 ақпандағы № 134 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мұнай жəне газ министрлiгiнiң 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары // http://e-vesti. kz/?q=node/1149
  12. Таңшолпан Бекболат. Түсінбестіктің төркіні неде? // «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газет. – 2011. – 30 маусым. // http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_ content&task=view&id=8682
  13. Акатаева А.А. Проблемы и перспективы торгово-экономического сотрудничества РК и КНР // Вестник КазНУ. Серия МО и МП. –– №4-5. – С. 184.
  14. 2011 жылғы І жартыжылдықтағы көрсеткіштер http://www.kcp.kz/ru/news/10/
  15. Қарлығаш Имантаева. ҚазТрансОйл: еліміздің дамуы мен игілігінің мұнай  бағыттары / http://www.egemen.kz/indexold. php?act=readarticle&id=4027
  16. Қазақстан-Қытай мұнай құбыры/ http://www. kz/kz/manufacturing/oil/kazakhstan_china/

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.