Әлеуметтік қорғау

Бұл мақалада əлеуметтік сипат мəселелері жəне оның шешу жолдары қарастырылып, жаһандану кезеңінде əлеуметтік мəселелер саласындағы мемлекеттің қызметі сарапталады
2012

Мақала жер қойнауы туралы құқықтың әлеуметтік тағайындалуына арналады. Әлеуметтік мемлекет құқығының адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуына бағытталған кепілдіктерді келтіре отырып, Қазақстанның жер қойнауы туралы құқығының осы критерийлерге қаншалықты сәйкес келетіндігі қарастырылады. Қазақстан Республикасының жер қойнауы туралы заңнаманы жетілдіру мақсатында келешекте елімізде қолдану мүмкіндігіне қарай отырып дамыған елдерде жер қойнауын пайдалануды құқықтық реттеудің оң тәжірибесін зерттеуді ұсынады.
2014

Әлеуметтік құқықтар Қазақстан Республикасындағы адамның жалпы құқықтық мәртебесін анықтайтын конституциялық және негізгі мәртебеге ие, олар тек заңды түрде реттеліп қана қоймай, сонымен қатар кепілдемелер мен қорғаныс механизмдерінің жүйесімен қамтамасыз етілген. Конституциялық әлеуметтік құқық проблемалары бойынша тарапымыздан жүргізілген ғылыми зерттеулердің талдауы іс жүзінде барлық зерттеушілер тарапынан конституциялық әлеуметтік құқықтардың авторлық анықтамасына енгізілген олардың бірнеше базалық ерекшеліктерін белгілеуге мүмкіндік береді, бұл: олардың құрамын елдің Негізгі заңына бекіту; олардың абстрактілі емес, мемлекет алдында тұрған субъективті талаптар ретінде белгіленуі; адамның өмір сүруінің лайықты (жеткілікті) стандартының қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік құқықтардың өзара қарым-қатынасы.
2015

Қылмыстық процеске қатысушы азаматтарды құқықтық қорғау өз алдына көп аспектілер жүйесін құрады, яғни Қазақстан Республикасының бірқатар нормативтік актілерінен тұрады, оның ішінде ең маңыздысы болып Қазақстан Республикасының Конституциясы танылады. Қылмыстық іске қатысушы азаматтардың қауіпсіздігін қорғау кепілдіктері еліміздің Конституциясында ресми мəлімденеді, сонымен қатар олар өзге заңдар мен құқық салаларында өздерінің заңды негізін табады.
2011

Бүгінгі таңда демократиялық даму, сот билігі жүйесін нығайту мақсатында бұрынғы дана, шешен билеріміздің өнегесін жалғастыра отырып, еліміздің сот жүйесіне алқа билер институтын енгізу — заман талабына сай маңызды мəселе. Əлемнің қай елінде болмасын, казір сотқа деген сенім мемлекетке деген сенім екендігі баса айтылады. Себебі əділетті сот төрелігі ғана адам кұқының, оның меншігінің, болашағының қорғалатынына жəне оның қауіпсіз жағдайда өмір суретініне сенімділік бере алады. Əділдік, əділеттілік пен тұрақтылық орныққан елге ғана шет жұрт инвестиция салады. Біздің Конституциямызға сəйкес сот билігі Республика атынан жүзеге асырылады жəне оның басты мақсаты азаматтардың кұкықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін жақтайды. Кеңестік кезеңнен өткен сот-құқықтық жүйесін реформаламай өркениет үрдісіне, əлемдік стандарттарға жету қиын. Сондықтан да биылғы жолдауында Елбасы жаңа кезеңнің негізгі міндеттерінің, реформалардың аса маңызды бағыттарының бірі — сот-құқық жүйесін жетілдіру екендігін атап өтті. Мəселен, Президенттің жолдауында, біріншіден, алқа билер жүйесінің өмірге енгені, екіншіден, тұтқындау кұзырын сотқа беру, үшіншіден, осы заманғы жəне ашық тұрпатты сот жүйесін құру туралы басым бағыттар айқындалды. Ал енді алқа билер үрдісін өмірге ендіру негізінен қазір басталып та кеткен. Бұл аса ауыр қылмыс жасағандарға байланысты ғана қолданылады.
2011

Қазақстан Республикасының Конституциясында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады деп бекіткен [1]. Мемлекеттің қызметі мен мəнін түсіну адам жəне азаматтың құқықтарын тану мен оны қамтамасыз етуде көрініс табады, сондықтан да Қазақстан Республикасының Конституциясы адам жəне азаматтардың өмірін, құқықтары мен бостандықтарын ең қымбат қазынасы ретінде танып, мүдделердің келісімділік негізінде қоғамның ынтымақтастығы мен нығаюын бекітеді [2]. Қазақстан Республикасының əлеуметтік мемлекет ретіндегі сипаты əлеуметтік қамсыздандыру саласында Конституциямен кепілденген мемлекеттің жан-жақты қолдауының болуын білдіреді. Осы салалардың дамуын мемлекеттің адам мен қоғамға қызмет етуін жəне де игіліктерді тең үлестіру арқылы əлеуметтік теңдіктің қалыптастыруын білдіреді.
2011

Мақалада Қазақстан Республикасындағы əскери қызметшілерді əлеуметтік қорғаудың конституциялық-құқықтық реттелу мəселелері қарастырылған. Автор əскери саясат жəне қауіпсіздіктің конституциялық-құқықтық нормаларының қорғау жəне қамтамасыз ету сұрақтарын қарастырды. Сондай-ақ Қазақстан өзінің тəуелсіздігін жариялап, əлем қауымдастығына толыққанды мүше болуына байланысты өзінің мемлекет ретінде қалыптасуын нақты жағдайда бекіту тікелей мемлекеттік саясатқа да байланысты болғаны жайлы сөз етті.
2014

Кез келген қоғамның жан-жақты дамуы тек экономикалық өсу мен шаруашылық өмірдің даму қарқынына ғана тəуелді болмай, сонымен бірге өркениеттің прогрессивті тенденцияларының дамуына сəйкес келуі қажет. Əрбір қоғам белгілі бір дəрежеде экономикалық өсудің жағымсыз салдарынан қорғауды қажет етеді. Адамзат қоғамы дамуының əр түрлі экономикалық жүйелерінде кедей, əл- ауқаты төмен тұрғындардың мəселесі, оларға көмек жəне қолдау көрсету əдістері маңызды орын алып, өз ерекшеліктерін иеленді. Осы тұрғыда мемлекет алдында тұрғындарды əлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік кепілдемелер мен ең төменгі əлеуметтік стандарттар деңгейін белгілеу ерекшеліктері аса маңызды.
2016

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.