Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Адам мен азаматтың конституциялық әлеуметтік құқықтары

Әлеуметтік құқықтар Қазақстан Республикасындағы адамның жалпы құқықтық мәртебесін анықтайтын конституциялық және негізгі мәртебеге ие, олар тек заңды түрде реттеліп қана қоймай, сонымен қатар кепілдемелер мен қорғаныс механизмдерінің жүйесімен қамтамасыз етілген. Конституциялық әлеуметтік құқық проблемалары бойынша тарапымыздан жүргізілген ғылыми зерттеулердің талдауы іс жүзінде барлық зерттеушілер тарапынан конституциялық әлеуметтік құқықтардың авторлық анықтамасына енгізілген олардың бірнеше базалық ерекшеліктерін белгілеуге мүмкіндік береді, бұл: олардың құрамын елдің Негізгі заңына бекіту; олардың абстрактілі емес, мемлекет алдында тұрған субъективті талаптар ретінде белгіленуі; адамның өмір сүруінің лайықты (жеткілікті) стандартының қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік құқықтардың өзара қарым-қатынасы.

Біздің көзқарасымыз бойынша, әлеуметтік құқықтар тізімі кең мағынада, әлеуметтік қамтамасыз ету, әлеуметтік қорғаныс, әлеуметтік сақтандыру, қызмет ету құқығы, еңбек ету еркіндігіне құқық, қызмет пен кәсіп түрлерін еркін таңдау, еңбектің қауіпсіз шарттары, қандай да бір кемсітусіз еңбекке ақы төлеу, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау құқығы, еңбек даулары құқығы, демалуға құқық, тұрғын үй, білім алу, денсаулық сақтау құқығы секілді құқықтарды құрайды.

Субъективті құқық иегерлерінің субъективті құрамына да ерекше тоқтала кеткен жөн. Елдің негізгі заңында әлеуметтік құқықтар ІІ «Адам және азамат» бөлімінде бекітілген, дегенмен еңбек ету еркіндігіне құқық, қызмет пен кәсіп түрлерін еркін таңдау, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау құқықтары секілді әлеуметтік құқықтардың бір бөлігі әрқайсысын, яғни кез-келген тұлғаны анықтау бойынша тиесілі болады.Өзге де әлеуметтік құқықтардың пайда болуы мен оларға ие болу Қазақстан азаматтығына ие болумен байланысты, осылайша, тек баспанаға мұқтаж азаматтарға ол заңмен белгіленген нормаға сәйкес мемлекеттік тұрғынүй қорынан қол жетімді бағаға беріледі, науқастанған, мүгедектік, асыраушысын жоғалтқан жағдайда және өзге де заңды негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматына жалақы мен зейнетақының ең төменгі мөлшері, жасына сай әлеуметтік қамтамасыз ету кепілдендіріледі, Республика азаматы заңмен белгіленген медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін ақысыз алуға құқылы. Сонымен қатар, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ азаматтардың конституциялық – құқықтық мәртебесінің елдің Негізгі заңында шектеулі болғанына қарамастан, ағымдағы, қолданыстағы заңнамада тек қана Қазақстан аумағында ұдайы мекен ететін тұлғалар ғана емес, мұндай мәртебесі жоқ – еңбек мигранттары, босқандар мен оралмандар да заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына тиесілі конституциялық әлеуметтік құқықтарды қолдана алады.

Одан әрі белгілі бір әлеуметтік құқықтардың сипатын қарастырамыз. Адамның ажырамас табиғи құқығы ретінде  әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы, заңның тұлғада құқықтық  міндетті субъектіден әлеуметтік қамтамасыз етудің осы немесе өзге де түрін ұсынуды талап етудің субъективті құқығының пайда болуымен байланыстыратын белгілі бір өмірлік жағдайлардың пайда болуымен байланысты орын алады. Азаматтарда мемлекеттік органдардан, жұмыс берушілерден, жинақтаушы зейнетақы қорларынан, сақтандыру ұйымдарынан зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік қызметтер, өтемақылар, жеңілдіктер, мемлекеттік мекен-жайлық әлеуметтік көмектер ұсынуды талап ету құқығынның пайда болуы уәкілетті органдар тарапынан белгілі бір тәртіпте осы немесе өзге де  әлеуметтік маңызы бар заңды фактілердің (әрекеттердің немесе оқиғалардың) бар болуын тиянақтаумен байланысты орын алуы мүмкін. 28 – бапта Қазақстан Республикасының Конституциясы оның пайда болуымен байланысты әлеуметтік қамтамасыз етудің ұсынылуы қамтамасыз етілетін әлеуметтік фактілердің ең аз тізімін ғана белгілейді – бұл жас, мүгедектік, асырушысын жоғалту, өзге негіздердің тізімі республика заңнамасымен белгіленеді.

Конституциямен әркімнің жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалу құқығы жарияланады. Бірқатар заңнамаларда аталмыш конституциялық құқықтың жүзеге асырылуы көрініс табады, осылайша, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабында мемлекеттің азаматтарға халықты жұмыспен қамту саласында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға кепілдік беретіндігі тіркеледі, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың мынадай нысандары белгіленеді: 1) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу; 2) кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру, қайта даярлау және жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру; 3) қоғамдық жұмыстарда еңбек ететін жұмыссыздардың еңбек ақысын төлеу; 4) заңнамалық актілерге сәйкес табысы аз азаматтар расындағы жұмыссыздыздарға мекен-жайлық әлеуметтік көмек көрсету. Аталған іс-шаралармен сонымен қатар жұмысынан айрылу секілді әлеуметтік тәуекел жағдайындағы әлеуметтік сақтандыруды да қамтитын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың жойылмайтындығын атап өткен жөн: жұмысынан айрылған жағдайда әлеуметтік төлем тұлға жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органға жұмыссыз ретінде тіркеу туралы өтініш білдірген күннен бастап тағайындалады [1].

Қазақстан Республикасының Конституциясы тағы да бірнеше әлеуметтік құқықтарды бекітеді: бұл, заңмен бекітілген нормаларға сәйкес тиімді төлемге мемлекеттік тұрғынүй қорларынан ҚР Конституциясының 35-бабының 2-тармағына сәйкес баспанаға мұқтаж азаматтардың заңда белгіленген категорияларына берілетін баспанаға құқық, ақысыз білім алуға (30 бап), медициналық көмектің ақысыз кепілдендірілген көлемінің берілуін болжамдайтын денсаулық сақтау құқығы. ҚР Конституциясының 29-бабының 2-тармағында Республика азаматтарының заңмен белгіленген медициналық көмектің ақысыз кепілдендірілген көлемін алуға құқылы екендігі бекітілген. Медициналық көмектің ақысыз кепілдендірілген көлеміне құқық, кең мағынада әлеуметтік сипатқа ие, мемлекет тарапынан мемлекеттік бюджеттен және арнайы жұмыс істейтін мемлекеттік мекемелер арқылы кепілдендірілген медициналық қызметтерді қамтиды. Әлеуметтік құқықтар әлеуметтік қызмет көрсету құқығын қамтиды. Жалпы мағынада әлеуметтік қызмет – бұл тұтынушыға әлеуметтік салдарларды алуға мүмкіндік беретін іс-шаралар немесе материалдық емес іс-шаралар сериясы (медициналық, заңдық, психологиялық, тұрмыстық, коммуналдық қызметтер) [2, 6 б.]. Әлеуметтік қызмет –бұл, қоғамның есебінен олардың нақты қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етуші азаматтардың жекелеген санаттарының өмір сүруі үшін объективті түрде қажетті әлеуметтік қызметтер кешенін үйлестіруші кешенді құбылыс [3, с. 124]. Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы шарттарында әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі әлеуметтік қызметтердің келесі түрлерінің кешенін қамтиды: медициналық көмек; дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету; қарттар үйлерінде, оңалту орталықтарында күтім жасау және қызмет көрсету; тұрақты көмекке мұқтаж жандарға үйде әлеуметтік көмек көрсету; протездік – ортопедиялық көмек; транспорт құралдарымен қамтамасыз ету. Әлеуметтік қызметтерді  алушылардың  ерекше субъективті құрамын атап көрсеткен жөн – бұл мүгедектер, жалғызбасты қарт азаматтар, мүмкіндігі шектеулі балалар, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, әлеуметтік маңыздағы науқастармен ауыратын тұлғалар, белгілі бір мекен ету орны жоқ тұлғалар.

1 қаңтар 2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасының «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңының күшіне енуімен әлеуметтік шаралар жүйесі әлеуметтік іс-шаралардың жаңа түрімен – арнайы әлеуметтік қызметтермен толықтырылды. Әлеуметтік қызметтер туралы нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың көптен бері мерзімі жеткен қажеттілігін атап өткеніміз дұрыс, тіптіЗаңның қабылдануыменбіргеәлеуметтік қызмет көрсетусаласындағы ағымдағықұқықтық базаныңайқынжобасы жоқ, әлеуметтік қызмет көрсету институты құрайтын нормалар көбіне заңға сәйкес сипаттарға ие әртүрлі нормативтік құқықтық актілерде қамтылған, жалпы нормалар бланкеттік құқықтық нормалар ерекшелігіне ие. «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңның күшіне енуімен тек әлеуметтік көмек көрсету саласындағы қарымқатынастарды реттейтін жоғары сапалы нормативтік базаны құру мәселесінің жартылай шешілетіндігін қорытындылауға болады. Өйткені, не әлеуметтік қызмет көрсету туралы арнайы заң қабылдау немесе бірыңғай әлеуметтік кодекс аясында осы мәселені шешу талап етіледі деп сенеміз. Біздің ойымызша, екінші шешім қолайлырақ болып табылады.

Қабылданған заңда алғаш рет әлеуметтік ретінде мынадай фактілер белгіленген: 1) жетімдік;   2)   ата-ананың   қамқорлығының болмауы;

  • кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, соның ішінде девианттық мінез-құлық;
  • балалардың туылғаннан бастап үш жасқа дейінгі ақыл-ой және дененің ерте даму мүмкіндіктерінің шектелуі; 5) физикалық және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктерімен шартталған ағза функцияларының тұрақты бұзылулары; 6) әлеуметтік маңыздағы аурулар мен қоршаған орта үшін қауіп төндіретін аурулар салдарынан өмір сүрудің шектелуі; 7) аурулардың және (немесе) мүгедектіктің салдарынан кәрілікке байланысты өз-өзіне қызмет көрсетуге қабілетсіздік; 8) әлеуметтік бейімсіздік пен әлеуметтік айыруға әкеліп соғатын қатігездікпен қарау; 9) баспанасыздық(белгілі тұрағы жоқ адам); 10) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылу. Аталған қиын өмірлік жағдайларда болғантұлғаның (отбасының) орын алған әлеуметтік мәселелердіеңсеруі үшін жағдай жасайтын және қоғам өміріне қатысуғабасқа азаматтарментең мүмкіндіктержасауға бағытталған қызмет көрсетуауқымынақұқылы.

Қазақстан Республикасында әлеуметтік құқықтардың конституциялық құрылысы жасалған конституциялық реформалардың тақырыбы болған емес, құқықтар жүйесі негізгі заң қабылданған сәттен бастап өзгеріссіз қалады. Алайда, әлеуметтік құқықтарыніске асырутетігі, олардың нақтымазмұныөзгерді және қазіргі таңда реформалау процесінде. Қазақстан Республикасыныңәлеуметтік қамсыздандыру жүйесін реформалау келешегітуралы айта келіп,оныңмақсаттыбағытынатап өткен жөн. Қазіргі уақыттабағыт тек қана заңда нақты тізілімделген халық санаттарына немесе өмірінде осы немесе өзге де әлеуметтік маңызды құқықтық фактілер орын алған азаматтарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуда емес, әлеуметтік іс-шараларды қаржыландыру көздерін құру жүйелеріне қатысу ұзақтығының деңгейіне қарайәлеуметтік көмекдеңгейін анықтауда да көрсетілген. Осылайша, еңбекке қабілеттілікті жоғалту, асыраушысынан айрылу, жұмысынан айрылу, жүктілік пен босануына байланысты табысынан айрылу, жаңа туған баланы (бала асырап алу) (балаларды) асырап алу, баланы бір жасқа толғанға дейін бағумен байланысты табысынан айрылу негіздері бойынша Мемлекеттік әлеуметтіксақтандыру қорынансақтандыру төлемдерінің көлемі ішінен әлеуметтік аударымдардың мөлшері бағаланған сомалар мен міндетті сақтандыружүйесіне қатысуұзақтығына байланыстыесептеледі.

Біз әлеуметтік саланың даму тарихында орын алған әлеуметтік құқықтардың іске асу кепілдіктерінің ұсынылу деңгейін шектеуге жол берілмейді деп ойлаймыз.

Біздің экономикамыздың тұрақты өсу кезеңіне жасалған талдау мен әлемдік қаржылық дағдарыстың бүгінгі таңдағы шарттары Қазақстан Республикасындағы халыққа көмек көрсету, қамтамасыз ету, әлеуметтік қорғаныс деңгейінің тұрақты түрде жақсарғанын көрсетеді, бұл, мемлекеттің әлеуметтік дамуының маңызды белгісі болып табылады. Сонымен қатар, әлеуметтік құқықтардың шектеулерінен конституциялық кепілдіктер бар болуы тиіс, осы салада Негізгі заңның 24, 25, 28 және 29-бабтарымен кез-келген нысанда шектелуі мүмкін емес құқықтар мен бостандықтар қарастырылатын баптаулар тізімін толықтыру бөлігінде Негізгі заңның 39-бабының 3-тармағына өзгерістер енгізу қажет деп санаймыз.

Әлеуметтік құқықтар Қазақстан Республикасында  конституциялық  деңгейде заңнамамен дайындалған, ал бұл, С.К.Амандыкова айқын айтып өткендей, конституциялық құқықтар мен бостандықтардың бастапқы сипатқа ие екендігін, олардың иеліктен шығарылмайтындығын және дүниеге келген сәттен бастап әрбір жанға тиесілі екендігін білдіреді. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар әрбір адам мен азаматқа тағайындалады және тұлғаның құқықтық мәртебесінің өзегін құрайды. Конституциялық құқықтармен бостандықтар Негізгі заңда бекітілгендіктен, тек қана түрі бойынша емес, мазмұны тұрғысынан да негізгі болып табылады. Негізгі заңда жеке тұлға үшін және сондай-ақ тұтастай алғанда қоғаммен мемлекет үшін де өмірлік маңызды және аса үлкен әлеуметтік маңызы барқұқықтар мен бостандықтар бекітілген [4].

Осылайша, Қазақстан Республикасының Атазаңында тек «ең көп әлеуметтік маңызы бар» жалпы әлеуметтік құқықтар ғана бекітілді, құқықтардың мәлімделген сипаттары олардың бекітілудегі белгілі бір декларативтігін болжамдайды, алайда бұл сипат, әлеуметтік құқықтардың жүзеге асу кепілдіктерінің механизмдерінің декларативтілігіне жол берілмейтіндіктен, мәлімделгендермен жойылуы тиіс. Әлеуметтік заңнаманың қазіргі заманғы дамуы конституциялық әлеуметтік құқықтарды іске асыру тетік-терінің жаңасын жасау, қолданыстағыларының жаңа реформасын жасау мақсатында құрылуы тиіс, бұл қызметтің ең маңызды бағыттарының бірі әлеуметтік құқықтарды іске асырудың заңды мүмкіндіктеріндегі «вакуумдерді» анықтау және жою болуы тиіс.

Аталып өткен мүмкіндіктердің жүзеге асу кепілдігі тек қана және тікелей бағдар құру және жұмыс істеудегі тікелей мақсаты құзыретті субъектілердің заңды талаптарын жүзеге асыру тетіктерін іске асырумен байланысты мемлекеттік басқару органдарының қызметі арқылы мүмкін болады. Әлеуметтік құқықтар мен оларды жүзеге асыру кепілдіктерінің мәртебесінің ерекше құны негізінде мемлекеттік басқару органдарына олардың әлеуметтік құқықтарын іске асыру кезінде азаматтарды әлеуметтік қолдау және көмек көрсету бойынша іс-шараларды жүзеге асыру нысандары, түрлері, тәртібі туралы жұртшылықты хабардар ету юрисдикциясы берілуі тиіс.

Әлеуметтік салада қабылданған нормативтік құқықтық актілердің декларативтілігінің алдын алу мақсатында әлеуметтік іс-шаралардың жүзеге асуын қамтамасыз ететін тәртіп пен қаражаттарды қарастырушы қаржылық, бюджеттік заңнамадағы тиісті өзгерістермен ұштасатын оларды өңдеу және қабылдау тәжірибесі белгіленуі тиіс.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасының 2003 жылдың сәуір айының 25 күнгі 405 нөмірлі «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңының 23-бабының 1-тармағы /№126-127 нөмірлі, 2003 жылдың мамыр айының 1 күнгі Казахстанская правда/.
  2. Кравченко В.И. Нарыққа ауысу шарттарында әлеуметтік қорғау басқармасы: дис. …экон.ғыл.канд.. – М., 1994 – 180 б.
  3. Протас Е.В. Нарықтық экономикаға өту шарттарында балалары бар жанұялардың әлеуметтік қамтамасыз етілуін құқықтық реттеу: дис. …заң ғыл.канд., 1992. – 206 б.
  4. Амандыкова С.К. Адам құқықтарының шынайы – құқықтық концепциясы – Қазақстан Республикасындағы адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің негізі. /http://www.ombudsman.kz/publish/docs/message/detail.php?ID=1496 сайтында

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.