Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жаһандану кезеңінде əлеуметтік мəселелер саласындағы мемлекеттің қызметі

Қазіргі кездегі əлем елдері, оның ішінде Қазақстан Республикасы жаһандану кезеңінде өмір сүріп жатыр. Əлемдік экономикалық дағдарыс, əлеуметтік əл-ауқаттың нашарлауы, жаппай тəртіпсіздіктердің орын алуы, əр түрлі саяси кикілжіңдердің болуы жаһандану дəуірінің белгілері болып табылады. Осы кезде Қазақстан Республикасы əлемде болып жатқан əр түрлі дағдарыстардың куəсі бола отырып, өзінің дамуында қақтығысып отыр. Соның бірі ұзақ уақыт бойы қалыптасқан əлеуметтік мəселелер. Оның бірнеше себептері бар:

Біріншісі, қиын əлеуметтік жəне экономикалық дағдарыстар барысында адамдардың əл-ауқатының төмендеуі, соның нəтижесінде бірқатар мəселелердің туындауы. Олар: жастардың отбасы құруға ынтасының жоқтығы, көптеген отбасында балалардың аз болуы.

Қазіргі кезде жас отбасылары арасында бір баладан кейін тағы басқа бала тууды кейінге қалдыру етек алуда. Бірқатар əлеуметтанушылардың зерттеулерінде жас кезде бала туудың келеңсіз тұстарының баршылығын атап көрсетеді. Ол көбінде əл-ауқаты төмен халықтың бөлігінен кездеседі. Тұрғылықты халықтың мұндай бөлігін əлі оқуын бітірмеген, ешқандай мамандығы жоқ, үйде тұрақты кіріс жоқ, үйі жоқ, жұмыссыз қалу қаупі бар адамдар құрайды.

1995 жылғы Қазақстан Республикасының қолданымдағы Конституциясының 27-бабында: «Неке мен отбасы, ана мен əке жəне бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау жəне оларды тəрбиелеу ата-ананың етене құқығы жəне міндеті» делінген [1]. ҚР Конституциясының бұл бабы ана мен баланың, отбасының мемлекеттің қорғауында болады деген міндет, ол азаматтарға белгілі бір ақша қаражатын алып тұру құқығын  береді  дегенді  білдірмейді. Əлеуметтік қамсыздандыруға конституциялық құқықтан шығатын əр түрлі жəрдемақылар мен бірреттік ақылардың нақты көлемі туралы мəселелер əлеуметтік қамсыздандыру туралы заңдарымен реттелініп отырады. Өз ретінде атқарушы билік ҚР Үкіметі мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын əзірлейді жəне олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады (ҚР Конституциясының 66-бабы). Сонымен қатар, ана мен баланың əлеуметтік қорғалуына кепілдікті бекіту бойынша конституциялық міндеттерді мемлекетпен жүзеге асырылуы үшін құқықтық тұрғыдан мемлекеттік əлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей қатысы бар. Қазақстан Республикасының неке жəне отбасы заңында еліміздегі отбасы қатынастарының құқықтық реттелуінің негізгі бастамалары қарастырылған [2]. Ол Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының негізі мен адам жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарын баянды ететін Қазақстан Республикасының қолданымдағы Конституциясының ережелерімен тікелей не жанама байланысты болып келеді. Жалпыға мəлім отбасы əрқашанда қоғамның тірегі болған жəне болады да.

Отбасы қатынастарын  құқықтық  реттеудің негізгі мақсаты – отбасын нығайту, өзара махаббат пен сыйластық сезімдеріне негізделген отбасылық қатынастарын құру отбасы мүшелерінің алдында жауапты əрі өзара көмек берушілік болып табылады. Бұл мақсаттар некеге отыру жəне тоқтату, ерлізайыптылардың, ата-ананың, балалардың құқықтары мен міндеттері, бала асырап алу жəне т.б. сияқты институттар арқылы неке жəне отбасы заңының негізгі идеясымен анықталады. Отбасын қорғау тек отбасылық құқықтық нормалармен ғана емес, еңбек, тұрғын үй, əлеуметтік қамсыздандыру сияқты құқық салаларының нормаларымен де реттеледі.

Некенің, отбасының, ана, əке, баланың қорғалуы қызметі мемлекеттің қолдауына ие болады. Ол дегеніміз осы аяда мемлекеттің функциясы тек неке жəне отбасы қатынастарын реттеумен ғана шектелмейді, керісінше оның мазмұны мен көлемі жағынан да ұлғаяды.

Мемлекет ана мен əке, баланың қорғауын бекітеді, осыған мұқтаж адамдардың сыныптарын анықтайды. Мемлекет көпбалалы отбасылар, жалғыз басты ана мен əке, физикалық кемшілігі бар балалар, мүгедектер, асыраушысынан айырылған отбасылар, арнайы мемлекеттік балалар мекемелері үшін əр түрлі жеңілдіктерді қарастырады.

Халықтың орта есеппен кірістері жыл сайын өсіп отырады, өскенімен де, жаңа шығындарды өтеуге, медициналық қызметтерді, білім, көлік жəне т.б. жалақының жоғары деңгейін қалпына келтіру шарасы аз болады. Кейбір жеңілдіктерді алып тастау себебінен тұрғылықты халықтың əл-ауқаты төмен қабатына қиынға соқты. Мысалы, ең аз жалақы мөлшері негізгі білім ордасы болып табылатын мектептер мен халықтың денсаулығын сақтау мекемелерінің қызметкерлерінде болып отыр.

Əлеуметтік мəселелердің қатарына қазіргі кезде халықтың тұрғын үйге қол жеткізе алмай жүруі кіреді. Көп балалы отбасыларда тұрғын үй қажеттілігі жиі кездесетін проблема болып отыр. Əдетте көп балалы отбасылардың əл-ауқаты төмен болады. Егер халықаралық тəжірибеге сүйенсек, дамыған елдердегі отбасыларда бала аз болады, ал экономика жағынан қалып қойған елдердің отбасыларында бала көп болады.

Мұндай ахуалдан шығудың бірден-бір жолы болып мемлекет тарапынан екінші, үшінші, төртінші балаларды туған аналарға көбірек жəрдемақылар, медициналық қызмет алуға, коммуналдық қызметтерді төлеуде, балабақшаға жеңілдіктер жасап салық төлеуді де азайтса жағдай біршама жақсарар еді. Бұл шаралар кешенді мемлекеттік бағдарлама етіп белгіленіп, елдің ұзақ уақыт даму саясатына айналса жөн болар еді.

КСРО-ның салық заңдарына сəйкес бойдақтарға, жалғызбастыларға жəне балалары жоқ 25-50 жас аралығындағы еркектерге, 25-45 жастағы əйелдерге салық  салынатын.  Осындай салық мөлшерін бүгінгі заңдарға енгізсе, бойдақтардың, жалғызбастылардың саны біршама азаяр еді. Осы салықтан түскен ақшаны əл-ауқаты төмен, көп балалы не болмаса жетім балаларды қамтамасыз етуге жұмсаған жөн болар еді. Сонымен бірге мемлекет ынталандыру шарасы ретінде балалары, немерелері жəне шөберелері көп отбасылардың алатын зейнетақыларын көбейтсе де дұрыс болатын еді. Мемлекеттің басты байлығы – халық, сондықтан да ұлттың, халықтың өсіп-өркендеуін қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау, білім беру, салық, тұрғынүйжəнееңбекзаңнамаларына реформалар жасау қажет.

Жаһандану кезеңінде көптеген жас отбасылар тұрғын үйге тапшы болып отыр, мемлекет тарапынан жастардың репродуктивтік мінез-құлқына əсер ететін тұрғын үймен қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыру қажет. Бұл мəселені шешу үшін барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың қатысуы мен өзара əрекет етуі талап етіледі.

Жаһандану барысында əл-ауқаты төмен халықтың қабатын тұрғын үймен қамтамасыз ету мəселесін реттеу үшін жаңа тетіктер қажет. Жас отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз ету мəселесі əлеуметтік саладағы белгілі бір теріс құбылыстарға əкеліп соғады: жастарда əлеуметтік қорғалмаған сезім қалыптасады; дұрыс тіршілік етудің жоқтығынан жастардың еңбекке деген қабілеттіктері жоғала бастайды; тұрғын үймен қамтамасыз етумен байланысты қиындықтар үшін отбасы құруға қажеттіліктеріде азаяды; жастардың көші-қоны күшееді; көптеген  жастар тұрақты тұруға шетелге кетеді; балалар мен жастардың қылмыстылығы күрделенеді жəне т.б. Кіріс демекші, қазіргі кездегі əлеуметтік мəселелерді шешу үшін кірістің, ақшаның рөлі зор. Төмен кіріс табатын адамның тіршілігі де төмен, мұндай адам дамымайды. Əлеуметтік үрдістің негізгі себептерінің бірі болып тіршілік деңгейінің түсуі, ұлт денсаулығының жоқтығы, тамақ, азық-түлік сапасының жоқтығы, дəрідəрмектің қымбат болуы, əр түрлі нервтік жүйке жүйесінің жұқаруы, адамның рухани түсуі де себеп болады.

Адам өмірі қауіпті жəне күтпеген сəттерге толы. Кез-келген кезде денсаулықтан, сонымен қоса, тіршілік етудің негізгі көзі – жалақыдан да айырылып қалуға болады. Өмір сүрудің негізгі жəне көп жағдайда жалғыз көзі болып табылатын жалақыны жоғалту қызметкерді жəне оның отбасын аса ауыр материалдық жағдайға алып келеді, ал бұл, өз кезегінде, кедейшілікке, қайыршылыққа, əр түрлі ауруларға əкеліп соғады [3,3 б].

Кедейшілік төмен жалақыдан, төмен зейнетақыдан жəне төмен жəрдемақыдан болады.

Аталған қиындықтарды өз бетімен, дербес жеңу көп жағдайда мүмкін болмайды. Осындай кезде көмекке мемлекет келеді. Халықтың экономикалық тұрғыдан бəсең бөлігінің (қарт адамдардың, еңбекке қабілеттігі жоқ жəне жұмыссыз тұлғалардың) материалдық қамтамасыз етілу деңгейінің күрт төмендеу мəселесін шешуді мемлекет өз  мойнына  алады. Ол əлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жасап, əлеуметтік оқиғалар – кəрілік, өлім, науқастық, мүгедектік, ана болу,  жұмыссыздық  туындаған кезде зейнетақылар, əлеуметтік жəрдемақылар береді жəне қызмет көрсетеді. Елдің халқын əлеуметтік  қамсыздандыруды  дамыту, мемлекеттің əлеуметтік саясатының жəне қызметінің басым бағыттарының бірі болған жəне болып қала береді.

Жоғарыда атап өткеніміздей нарықтық қатынастар орын алған кез-келген өнеркəсіптік – дамыған мемлекетте халықты əлеуметтік қорғау азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері жүйесінде маңызды орынды иеленеді. Алайда, нарықтық қатынастар өз бетімен халықты əлеуметтік қорғау механизмін туындатпайды. Халықты əлеуметтік қорғаудың ерекшелігі оның аса көп материалдық шығындарды талап етуінен жəне ешқандай пайда əкелмейтінінен көрініс табады. Осы ерекшелігіне орай халықты əлеуметтік қорғауды шешу мəселесін мемлекет өз мойнына алады [3,3 б].

Қенес заманында жас отбасыларға тұрғын үй тегін берілетін, қазіргі кезде əр бір адам тұрғын үй мəселесін өз бетінше шешеді. Елімізде бірнеше мың адам мемлекеттік бағдарламамен тұрғын үйге қол жеткізуге кезекте тұр. Бірнеше мың адамдар тұрғын үйді несиеге алу кезегінде жүр.

Жас отбасының тұрғын үйді жеке меншікке сатып алу көп жағдайда мүмкін емес. Себебі, елімізде  тұрғын үйдің  құны көп адамдардың «қалтасына» сай келмейді. Осы тұрғыдан жас отбасыларға тұрғын үй мəселесін шешуге байланысты мемлекеттік көмек қажет. Мысалы, баланың туылуына байланысты үйі жоқ жас отбасыларға мемлекеттік бағдарлама бойынша несие беру; олардың қол жеткіліктілігі; тұрғын үй жүйесін нығайту жəне т.б. түрінде іске асырылуы керек.

Екіншісі, балалардың проблемалары. Қазақстанда əлеуметтік қорғаусыз, ата-анасыз қалған балалар өте көп. Балалардың қаңғырып жүрушілігі, баланың есірткіге құмарлығы жəне қылмыстылыққа бейімделуі, əлеуметтік жəне мемлекеттік қауіпсіздік деңгейіндегі проблемаға айналды. Қазақстанда 90 мың жетім бала бар, соның 46 мың балалары балалар үйінде, интернаттарда жəне т.б. арнайы мекемелерде тұрады. Оның 80% ата-аналары тастап кеткен балалар.

Қазақстандық балаларды шетел азаматтарының асырап алу саясатын дұрыс жүргізу қажет. Мемлекет балалар үйіндегі, интернаттардағы, қамқорсыз қалған балаларды республика азаматтарының асырап алуы жөнінде саясат жүргізуі қажет. Осы мақсатта халықаралық тəжірибелерге сүйенуі керек.

Осы  жағдайды  реттейтін  республикамызда   бірнеше   заңнамалық   актілер   бар.   Олар:

«Неке жəне отбасы туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары  туралы», «Отбасылық үлгідегі балалар ауылы мен жасөспірімдер үйлері туралы», «Кемтар балаларды əлеуметтiк жəне медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау  туралы»  жəне т.б. Елімізде жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүгедек балалар мен олардың ата-анасының медициналық-əлеуметтік қамқорлық жасауға, мүмкіншіліктері шектелген балалардың проблемаларын шешуге арналған мемлекеттік бағдарламалар бекітілген. Олар: «Қазақстан балалары», «Жетім балалар», «Мүгедек балалар» жəне т.б. Балалардың мүдделерін қамтамасыз ететін бірқатар халықаралық құжаттар да бар. Олардың ішінде: «Бала құқығы туралы» Конвенция, «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенция, «Балаларды қорғау жəне шетелден (мемлекетаралық) баланы асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы» Конвенцияларды айтуға болады.

Жетім балаларға қамқорлық жасауға арналған бағдарламалар да бекітілген. Ол бағдарламалар ата-анасынан айырылған балаларды қазіргі əлеуметтік-экономикалық жағдайда өзіндік жеке тіршілік етуге дайындау үшін жағдай жасау жөніндегі шаралар, əлеуметтік жетімдіктің пайда болу себептерінің алдын алу, интернаттық мекемеде тəрбиеленіп жатқан жетім баланың əлеуметтік-экономикалық қамтамасыз ету, осы мекемелердің кадрлық жəне материалдық базасын дамыту, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды медициналық қамтамасыз етуді жетілдіруді қамтиды.   Сондай-ақ   мүгедек   балаларға  қам-

Үшінші себеп, денсаулық сақтау саласындағы мəселелер. Ұлттың денсаулығы – тұрақты дамушы мемлекеттің басты байлығы. Денсаулықты сақтауға, туылымды көбейтуге, алғашқы медициналық санитарлық жүйені нығайтуға, жас балалары бар жəне əл-ауқаты төмен отбасыларды сапасы жоғары азық-түлік өнімімен қамтамасыз ету мақсатында, елімізде бірқатар мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Сонымен қатар, мемлекетте əр түрлі факторларға байланысты халық денсаулығының нашарлауы байқалуда. Оның ішінде əр түрлі жұқпалы аурулар (ЖҚТБ, АҚТҚ, туберкулез, гепатит жəне т.б.) етек жайып келеді. Мемлекет халықтың денсаулығы саласын реттеуде көптеген заңнамалар қабылдады.қорлық  жасау   мақсатында   бағдарламалар бар. Мұндай бағдарламалар мүмкіншіліктері шектелген балалардың мəселелерін шешуді жəне халықтың осындай бөлігін тəуелсіз өмір сүруі үшін жағдай жасауды, мүгедек балалар мен олардың ата-анасының медициналықəлеуметтік, əлеуметтік-экономикалық жəне өнегелік мəселелерді шешуге, олардың қоғамда бейімделуіне бағытталған. Сонымен бірге отбасын жоспарлауға арналған бағдарламалар да жүргізілуде. Мұндай бағдарламалар халықтың отбасын жоспарлауға арналған сұрақтарды қамтиды, сондай-ақ жасөспірімдердің, олардың ата-аналарына жыныстық жəне репродуктивтік мінез-құлқы мен отбасы-неке қатынастарының этикасы жайлы мəселелерді қамтитын жаңа көзқарастар жасауды қарастырады; жасөспірімдерді жыныстық тəрбиелеуде отбасы мен мектептің жауаптылығын күшейтуді, отбасын жоспарлау жəне оны қазіргі заманның талабына сай контрацепция құралдары жəне т.б. құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мəселелері бойынша кəсіби дайындалған кадрлар бар қызметтерді ұйымдастыруды қамтиды. Сонымен қатар, балалардың тамақтануын дамытатын орталықтардың бағдарламалары, отбасы мен балаға əлеуметтік көмек көрсету, кəмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының алдын алу бағдарламалары бар.

Жаһандану кезеңінде адамдар қоғам дамуының негізгі тірегі ретіндегі денсаулық жағдайының нашарлауымен қақтығысып отыр. Денсаулық сақтау құқығы бұл Қазақстан Республикасы Конституциясында белгіленген құқық болып табылады.

Қазіргі кезде елімізде халықтың денсаулығын сақтау барысында көптеген заңи актілер  қабылданды. Туылымның сапасын əйелдің репродуктивтік денсаулығын жақсарту үшін əр түрлі мемлекеттік шаралар жүргізілуде. Дені сау баланың туылуы дені сау əйелге байланысты. Бұл жағдайда мемлекет əйелдердің денсаулығын жақсарту мақсатында санаторияларға емдеуге тегін түрде жіберу арқылы көмектесе алады. Сонымен қатар, балаға қарау негізіндегі демалыс уақытын еңбек стажына бекітіп, баланың белгілі бір жасқа толғанға дейін бір күндік жұмыстың жарты күндігін ғана орындап, оған тиісті бюджет заңына сай толық жалақы алуын қамтамасыз етуі қажет.

Адам өлімінің көпшілік себебі жолкөлік апаттарының нəтижесінде болады. Сонымен қатар өндіріс жағдайындағы аурулардың нəтижесінде де адам өлімі өсіп келеді. Өндірісте жұмыс жасайтын мыңдаған адамдар шаң-тозаң, ауаның ластануы, əртүрлі техникалық прогрестің жетістігі нəтижесінде уланады. Кəсіпорындарда денсаулық сақтау жүйелері қамтылмағандықтан, медицина бөлімшелерінің жетіспеушілігінен осындай мəселелердің болуын қамтып отыр.

Осы   кезеңде   халықтың   жұмыс   істейтін бөлігінің денсаулығын жақсарту жөнінде шараларын қамтитын құқықтық реттеу базасы қажет. Халықтың денсаулығына адамдардың əлауқаты, тұрмыс деңгейімен тамақтану сапасының төмендеуі, еліміздің  экологиялық ахуалы, жалақы мен басқа да əлеуметтік ақылардың  төмендеуі елеулі зиян əкеледі.

Халық арасында жалпылама білім беру, медициналық білім беру арқылы аурулар мен өлімді тоқтатып, ұрпақты дұрыс жолға салуымызға мүмкіншілік бар.

Қазақстан Республикасының дамушы елдерге қарағанда тіршілік ету сапасы жағынан артта қалып келеді. Қазіргі кезде тіршілік етудің сапасының негізі тіршілік ету ұзақтығы, əлауқаты деңгейі, білім жəне қоршаған ортаның жағдайы болып табылады.

Көп адамдардың денсаулығы дұрыс тамақтанбау   нəтижесінде   де   бұзылады.   Шетелдің тез тамақтану əдісін елімізде қолданғалы бері халқымыз семіздік ауруына шалдығуда. Сонымен қатар, əр түрлі сапасыз тағамдарды қолдану адам ағзасына елеулі зиян əкелуде. Көптеген жас өсіп келе жатқан ұрпақтарымыз спортпен шұғылдануды қойды, спортпен шұғылданғаннан гөрі сыра, арақ ішкенді дұрыс деп санайтын болды.

Денсаулықты сақтау саласындағы заңдардың жүзеге  асырылуы  үшін  атқарылатын бастапқы шаралары – халықтың əл-ауқаты мəселесін мемлекет тарапынан алғашқы қатарлы мəселе етіп оны қамтамасыз ету халықтың тұрмыс, еңбек тіршілік жағдайын жəне демалуға жағдай жасау, аурудың алдын алуға, салауатты тіршілік етуге негізделген үгіттеу, насихаттау, ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Адамдардың гигиеналық тазалық  нормаларын сақтамауынан əр түрлі жұқпалы жыныстық онкологиялық, жұқпалы тері аурулары, туберкулез, гепатит сияқты аурулар етек жайып келе жатыр.

Халықаралық сауда ұйымының мəліметтеріне сүйенсек, Қазақстан туберкулез ауруының көрсеткіші жағынан алғашқылардың қатарында тұр. Қазіргі кезде денсаулық сақтау жүйесі аурулардың алдын алумен емес, емдеумен əлекке түсуде, себебі халықтың басым бөлігі өз ауруларын дер кезінде емдемей жүріп алады.

Біздің ойымызша, халықтың денсаулығының нашарлауының бірнеше себептері бар. Олардың қатарында, адамның өз уақытында дəрігерге көрінбеуі, əр түрлі əлеуметтік-экономикалық дағдарысқа ұшырауы, дəрі-дəрмектің қымбаттылығы, медициналық қызметкерлердің жұмысының сапасыздығы, білікті медициналық кадрлардың жетіспеушілігі, медициналық қызметкерлердің коррупцияға жақындығы жəне т.б.

Қазіргі адамдардың көбі тегін медициналық көмектің бар екендігін білмейді, сонымен қатар, қандай жағдайда төлеу керектігін жəне қай жағдайда төлемейтіндігін білмейді.

Жаһандану кезеңінде денсаулық сақтауды басқару үшін медициналық ғылымды дамыту қажет, халықтың денсаулығы туралы тұрақты мəліметтер жинау қажет, денсаулық сақтау қызметін дамыту керек, медициналық-анықтама, медициналық-ақпарат жүйелерінің қызмет етуін көтермелеу қажет. Осы аяда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшылығымен он жылда бір рет өткізілетін аурулар, жарақаттар мен өлімнің себептерін халықаралық статистикалық топтастыру жетекші орын алады. Аурулардың халықаралық топтастырылуы алынған құжаттардың халықаралық сəйкестігін қамтамасыз ететін нормативтік құжат болып табылады.

Əлемдегі көптеген мемлекеттер адам денсаулығын жақсарту мен өлімді азайту үшін тіршілік ету дағдысын өзгерту бағытын ұстанады. Қазақстан халқының тіршілік ету дағдысын, салауатты өмір сүруіне жағдай жасау үшін бастапқыда кедейшіліктің таралуын тоқтатып, жұмыссыздықты жою қажет. Сонымен қатар, жас ұрпақтарымызға дұрыс тəрбие беруге ұмтылуымыз қажет.

Сонымен мемлекеттің əлеуметтік функциясы дегеніміз – адамдардың əл-ауқатын көтермелеуді қамтамасыз ету, тұрғындардың еңбекке қабілетті бөлігін жұмыспен қамту жəне мемлекеттік қолдауға мұқтаж адамдарға əлеуметтік қорғауды жүзеге асыру бойынша мемлекет қызметінің басты бағыттары болып табылады. Мемлекеттің əлеуметтік функциясы білім, ғылым, мəдениет, азаматтардың денсаулығы саласындағы мемлекеттік саясатты қамтиды.

 

Əдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз 1995 жылы қабылданған. 21 мамыр 2007 жылғыөзгертулерментолықтырулармен.– Алматы, 2008.
  2. Қазақстан Республикасы. Неке жəне отбасы туралы Заңы. 17 желтоқсан 1998 жылы Парламентпен қабылданған. 21 мамыр 2007 жылғы өзгертулер мен толықтырулармен // Егемен Қазақстан. – 2007. – 22 мамыр.
  3. Жұмағұлов Ғ.Б., Ахметов А., Ахметова Г. Əлеуметтік қамсыздандыру құқығы: оқу құралы. – Алматы: Заң əдебиеті, – 360 б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.