Қылмыстық процеске қатысушы азаматтарды құқықтық қорғау өз алдына көп аспектілер жүйесін құрады, яғни Қазақстан Республикасының бірқатар нормативтік актілерінен тұрады, оның ішінде ең маңыздысы болып Қазақстан Республикасының Конституциясы танылады.
Қылмыстық іске қатысушы азаматтардың қауіпсіздігін қорғау кепілдіктері еліміздің Конституциясында ресми мəлімденеді, сонымен қатар олар өзге заңдар мен құқық салаларында өздерінің заңды негізін табады.
Қылмыстық процеске қатысушы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құқықтық кепілдіктердің жүйесі мен құрылымын өз бетімен зерттеу барысында төмендегідей түсініктер жиынтығын қажет етеді:
- зерттеліп жатқан саладағы қатынастарды реттейтін иерархия жəне құқықтық қайнар көздердің өзара байланыс тəуелділігі, кепіл беру жəне кепілді жүзеге асыру дегеніміз бір нəрсе емес деген ойға негіз болды. Күрделі жүйедегі заң шығарушы қайнар көздер, қылмыстық сот өндірісіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күрделі жүйедегі құқықтық кепілдіктерді ұсынады;
- біздің қызығушылығымызды білдіретін сұрақтарды реттейтін, кепілдіктердің ішкі қалыптасу жүйесі, заңды қайнар көздердің иерархиялық жүйесіне сəйкес келуі қажет;
- кепілдіктер, əр түрлі жоспарлы күшіне байланысты екі түрлі сипатта болады: материалдық, процессуалдық;
- салалық тəуелділігіне байланысты кепілдіктер құрылымы, олардың мазмұндық мəнінің көзқарасынан, сонымен қатар заң шығарушының еркін жүзеге асырудың сыртқы формалар көзқарасына түрлендіреді.
Осылайша қарастыратын мəселенің мəнін жан-жақты құқықтық талдау өзіне ортақ амалды кіргізбейді, онда процеске қатысушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ететін органдар өкілдеріне жəне қылмыстан жəбірленушілерге, сонымен қатар қылмыстық қадағалау кімге қарай жүргізілетіндерге де таралады. Бұл кепілдіктердің салалық тəуелділігі мен құрылымының, сонымен қатар мемлекеттік қорғауды қажетсінетін тұлғалар процесіндегі құқықтық жағдайға байланысты айырмашылықтарының бар екенін көрсетеді. Басқаша айтқанда, судьяның, прокурордың қауіпсіздігі күдікті немесе жəбірленуші қауіпсіздігінен басқаша кепілдіктер мен жəне құралдармен қамтамасыз етіледі [1].
Қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарына берілетін кепілдіктердің құқықтық негізін келесі заңнамалардан көруге болады.
«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңы арнайы норманы енгізді, ол өзіне ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін бекітті. Зерттеу тақырыбына сəйкес келесі кепілдіктердің мəні бар:
- адамдардың құқықтары мен бостандықтары тек заңдармен жəне халықтың денсаулығы мен қадір-қасиетін қорғау мақсатында қажетті шамада ғана шектелуі мүмкін;
- лауазымды тұлғалар, олар өздерінің өкілетіктерін ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету арқылы жоғарылатып, заңмен бекітілген жауапкершілікте болады;
- ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік қолдау кепілдігі болады, сонымен қатар оларда Қазақстан Республикасының заң шығару органдарына сəйкес ұлттық қорғау кепілдігі бар.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құралдар ретінде осы заңға сəйкес 19-бабында былай бекітіледі:
А) азаматтардың, олардың құқықтары мен бостандықтарының жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кепілдіктерді бекіту (п.1.1-т.);
Б) қылмыспен күресті күшету (п.1.5-т.) [2].
«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңының 28-бабына сəйкес осы құқықтың қайнар көзі ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жеке бағыттары мен əдістерін белгілейтін заңды жəне басқа да нормативті-құқықтық актілерді қабылдау жəне өңдеу үшін негіз болып қызмет еткендіктен, жоғарыда талданған осы заңның бірқатар жағдайлары Қазақстан Республикасының «Қылмыстық процеске қатысушы тұлғаларды мемлекеттік қорғау туралы» Заңында өз бейнесімен дамуын тапты деп санауға болады. Бұл жағдайды осы заңды талдау куəландырады:
а) қорғау бойынша шаралар қабылдау үшін іс жүзіндегі шаралар болып табылатындар: күш қолдану арқылы, өлтіру қауіпі, мүлікті жоюды немесе бүлдіру, немесе басқа да қауіпті құқыққа қарсы əрекеттерден қауіп-қатерлер. Бұл жағдайда процесті жүргізуші орган осы тұлғалардың өмірін, денсаулығын, мəртебесін, ар-ожданын жəне мүлкін қорғауға байланысты заңмен қарастырылған бүкіл шараларды қабылдауға міндетті (4-б.). Берілген жағдайлар «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңның 16-бабымен азаматтардың, олардың құқықтары мен бостандықтарының жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кепілдіктерді бекітумен байланысты бөлімінде кездеседі;
б) қауіпсіздік шаралары бөлшектеп белгіленген (7–20-б.). Бұл қылмыс кең заң бұзушылықтың өсуіне əкелетін əрекеттер жасау жəне шешім қабылдауға тыйым салу тұлғалар жəне азаматтар жағынан азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кепілдіктерді бекітуге бағытталған əрекеттерді жүзеге асыру жəне шешім қабылдау қажеттілігі туралы 19-бапта айтылады. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңындағы талапқа сəйкес келеді;
в) қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қорғаушы тұлға жағынан қауіпсіздік шараларын жүзеге асыруды қабылдаудағы кінəлі органдардың, лауазымды тұлғалар жауапкершілігі бекітілген (28-б.) [3].
Бұл жағдай ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде өз өкілеттіктерін жоғарылатқан лауазымды тұлғалардың заңмен бекітілген жауапкершілікке тартатындығын белгілейтін «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңы осы жағдайды қауіпсіздік шараларын жүзеге асыруды қабылдамағандығы үшін лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту негізіне қосу жолымен дамытты.
Процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін дербес кепілдіктер ретінде
«Қазақстан Республикасының қылмыстық процеске қатысушы тұлғаларды мемлекеттік қорғау туралы» Заңының 7-бабында қарастырылған, қауіпсіздік шараларының түрлері, берілген заңның 8–20- баптарында бекітілген олардың бөлшектік тəртібі саналады. Қауіпсіздік шараларының аталған түрлері Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сəйкес алғы шарттар мен үйлесуі теориялық-құқықтық қызығушылықты білдіреді. «Қазақстан Республикасының қылмыстық процеске қатысушы тұлғаларды мемлекеттік қорғау туралы» Заңында қарастырылған қауіпсіздік шараларының түрлерінің сəйкес дəрежесінің жəне Қылмыстық-процессуалдық кодексте қарастырылған шараларының түсінуінің толықтығы үшін келесідегідей сəйкестендіру түрінде бейнелеуге болады.
Бұл сəйкестендіру төмендегі ойлардың негізділігін білдіреді:
А) «ҚР қылмыстық процеске қатысушы тұлғаларды мемлекеттік қорғау туралы» Заңында қарастырылған қауіпсіздік шараларының жүйесі ҚІЖҚ-де берілген тəртіптен, айтарлықтай кең, толық жəне бөлшектенген;
Б) ҚІЖҚ мен «ҚР қылмыстық процеске қатысушы тұлғаларды мемлекеттік қорғау туралы» Заңының арасында тікелей түсінігінде қарама-қайшылық жоқ. Заңның 7–20-баптарындағы жағдайлар ҚІЖҚ-ң 100,101-баптағы жағдайларды толықтырады жəне дамытады;
В) ҚІЖҚ-ң жағдайлары мен басқа заңдарының арасындағы қарама-қайшылық жағдайында ҚІЖҚ-ң жағдайлары əрекет етеді;
Г) «ҚР қылмыстық процеске қатысушы тұлғаларды мемлекеттік қорғау туралы» Заңы өз күшіне 2001 жылы қаңтарында енді, бірақ оны қолдану «Қылмыстық сот өндірісінің тəртібін реттеуші басқа заңдар жағдайлары ҚІЖҚ-ке енгізу тиіс» деген ҚІЖК-нің 1-бабының 1-бөлімінің талабына сəйкес мəселелі болып табылады;
Д) ҚР Конституциясында, ҚР Ұлттық қауіпсіздік туралы Заңында бекітілген қауіпсіздік кепілдіктері берілген құқық қайнар көздерінің салалық тəуелділігін анықтау мəні зор.
Құқықтық қорғау — бұл материалды қылмыстық кодекс жəне процессуалдық-құқықтық ұйғарымдарының жиынтығы.
Əлеуметтік қорғау — қылмыстық-процессуалдық құқықты реттеу құралдары туралы шегінен тыс жататын құқықтық қатынастар аясы.
ҚР Конституциясының нормаларымен реттелетін қатынастар спектрі мемлекет пен қоғамның тіршілік əрекетінің бүкіл аясын қамтиды. Əрине, конституциялық құқық нормалары аталған аяларды жан-жақты жəне оның бүкіл бағыттарында реттемейді.
Олар тек аталған аялардың сұрақтарын ғана қамтиды. Конституциялық нормаларды жүзеге асыратын нақты механизм қоғамдық қатынастардың нақты аясын реттейтін ҚР-ның сəйкес нормативті актілерінде қарастырылған.
Конституциялық заңның 26-бабында судьялар, олардың отбасы мүшелері мен мүлкі мемлекеттің қорғауында болады, оның тиісті органдары арқылы судьялар мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оларға тиесілі мүлікті сақтауға, егер судьялардан немесе оның отбасы мүшелерінен тиісті өтініш түскен жағдайда, дер кезінде жəне барлық шараларды қолдануға міндетті [4].
Қылмыстық сот өндірісі кезінде қауіпсіздік кепілдігін реттейтін нормативтік актілердің бірі 1998 жылы 1 қаңтарда қабылданған ҚР-сы ҚІЖК.
ҚІЖК-нің 15-бабы қылмыстық процесті жүргізуші орган қылмыстық процеске қатысушы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, оларды жүзеге асыру үшін жағдай жасауға, процеске қатысушылардың заңды талаптарын қанағаттандыруға уақытылы шаралар қолдануға міндеттейді.
Жəбірленушіні, куəні немесе қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдарды, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін немесе өзге де жақын туыстарын өлтірумен, күш қолданумен, мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен, не өзге де заңға қарсы қауіпті əрекеттермен қорыққандығына жеткілікті негіздер болған кезде қылмыстық процесті жүргізуші орган өз құзыреті шегінде бұл адамдардың өмірін, денсаулығын, абыройын, қадір-қасиетін жəне мүлкін қорғауға заңда көзделген шараларды қолдануға міндетті.
ҚІЖК-нің 98-бабы судьяның, прокурордың, тергеушінің, анықтаушының, қорғаушының, сарапшының, маманның, сот приставының, олардың отбасы мүшелері мен жақын туыстарының мемлекеттік қорғауда болатындығын бекітеді əрі кепілдендіреді. Қорғаушы мен маманды қоспағанда, жоғары көрсетілген тұлғалар билік өкілдеріне жатады жəне өздерінің кəсіби қызметін ҚР Конституциясымен жəне ҚІЖК-нің 8-бабында көзделген міндеттерді орындау бойынша жүзеге асыруға тиіс [5].
ҚІЖК-нің 99-бабы қылмыстық ізге түсу органдарын тергелетін қылмыстық іс бойынша жəбірленушіге, куəға, айыпталушыға, қылмыстық процеске қатысатын өзге де адамдарға қатысты қауіпсіздік шараларын қолдануға міндеттейді. Тергеуге дейінгі тексеру кезеңінде, процеске қатысушыларға, олардың жақындарына құқыққа қарсы ықпал жасалу мүмкіндігі айқын білінетін жағдайлар сирек емес. Осыған орай қауіпсіздік шаралары алдын ала жоспарлануға тиіс. Қылмыстық істің мəн-жайлары мен санаттарына байланысты, ықпал кімге жасалу мүмкін екендігін, тергеу жəне өзге де əрекеттерді жүргізу қанда жағдайға байланысты жоспарлана тындығын анықтау қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қолдану туралы өтініш жазбаша немесе ауызша түрде беріледі. Жазбаша өтініш, өтініш берушінің анкеталық деректері көрсетіле отырып, тергеушіге немесе тергеу жедел-іздестіру тобының жетекшісіне жолданады. Өтініштің мəтінінде кімге қатысты қауіпсіздік шараларын қолдану қажет екендігі көрсетіліп, оларды қолдану қажеттілігінің ниеті (немесе себептері) мəлімделеді. Өтініш берушінің қолтаңбасынан кейін өтініш қабылдаған лауазымды тұлғаның қызметі мен тегі, қабылданған күні мен тура уақыты көрсетіледі. Ауызша өтініш қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шараларды қолдану туралы ауызша өтініштің хаттамасымен рəсімделеді. Аталған хаттаманы өтінішті қабылдаған лауазымды тұлға жасайды.
Қылмыстық ізге түсу органының бастамашылығы бойынша қауіпсіздік шараларын қолдануы рапорт арқылы рəсімделеді. Онда оған қатысты қауіпсіздік шараларын қолдану қажет болатын тұлғаның анкеталық деректері жəне қауіпсіздік шаралары қандай қылмыстық іс (материал) бойынша қолданылатыны, мұндай шараларды қолданудың негіздері (жедел ақпарат, анонимдік хабарлама, іс жүргізуге қатысушының ауызша ақпараты жəне т.б.) көрсетіледі.
Аталған құжаттарды олардағы ақпараттың қасақана немесе абайсызда жариялану мүмкіндігіне байланысты тіркеуге болмайды.
Келіп түскен өтінішті қарап шығып жəне ҚР ҚІЖК-нің 99, 202-баптарын басшылыққа ала отырып, тергеуші жиырма төрт сағаттық мерзімде келесі процессуалдық шешімдердің бірін қабылдайды:
а) қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нақты шараларды қолдану туралы қаулы шығарады, оның сипаттаушы бөлімінде істің мəн-жайлары, қайсыбір адамға қатысты қауіпсіздік шараларын қолдану үшін негіздер, қандай қауіпсіздік шараларын қолдану қажет екендігі көрсетіледі.
Қаулының резолютивті бөлімі қауіпсіздік шараларын қолдану туралы шешімнен тұрады, онда олар неден көрініс табу керек екендігі, қауіпсіздік шараларын қолдану, қауіпсіздік шаралары қолданылатын адамның құқықтары мен оған қойылатын шектеулерді түсіндіру қандай органға тапсырылатындығы көрсетіледі;
б) қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолданудан бастарту туралы қаулы шығарады, оның сипаттаушы бөлімінде істің мəн-жайлары мен бастартудың себептері көрсетіледі. Қаулының резолютивті бөлімі қауіпсіздік шараларын қолданудан бастарту туралы шешімнен жəне өтініш берушінің бұл шешімге сотқа немесе прокурорға шағым беру құқықтарын түсіндіруден тұрады.
Қабылдаған процессуалдық шешім туралы өзіне қатысты мұндай шешім қабылданған тұлғаға дереу хабарланады, бұл туралы қаулыға сəйкесінше белгі қойылады немесе оның көшірмесі тапсырылады.
Ақпараттық ашылу мүмкіндігіне жəне жету мерзімінің ұзақтығына байланысты қауіпсіздік шараларын қолдану туралы қаулының көшірмесін поштамен жіберуге болмайды.
Жеке бастың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шараларды қолдану туралы шешімді қылмыстық процесті жүргізуші орган қабылдайды жəне оларды жүзеге асыруды жедел іздестіру немесе өзге бөлімге тапсырады.
Жеке бастың қауіпсіздігі шаралары ретінде келесілер танылады:
- физикалық қорғау — қорғалатын объектіні (қорғалатын адамды, оның тұрғын үйі мен мүлкін) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тікелей қорғау;
- техникалық қорғау — қорғалатын адамның тұрғын үйі мен мүлкін өрт жəне қорғаныс сигнализациясы құралдарымен жабдықтау, құқыққа қайшы əрекеттерді тіркеп отыру жəне олардың жолын кесу үшін, төнетін қауіп туралы хабарлап отыру үшін арнайы техникалық құралдар беру;
- өзіндік арнайы қорғаныс құралдарын (бронежилет немесе т.б.) беру;
- арнайы техникалық құралдарды пайдалану — заңмен бекітілген тəртіпте құқыққа қайшы ықпал етуді тіркеу жəне оның жолын кесу мақсатында бейнежазба, сөйлесулерді таңдау дыбысжазба жүргізілуі мүмкін;
- ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, кез келген ақпараттық-анықтамалық қордан қорғалатын адам немесе оның мүлкі туралы мəліметтерді беруге тыйым салу;
- құжаттарды ауыстыру — қылмыстық ізге түсу органының немесе судьяның шешімімен тиісті органдар қорғалатын кез келген құжатын дереу ауыстырып береді (мұндайда анкеталық деректер өзгертілуі мүмкін);
- сыртқы бейнені өзгерту — қылмыстық ізге түсу органының немесе судьяның шешімімен тиісті мекемеде қорғалатын адамның сыртқы бейнесін өзгертеді;
- қорғалатын адамның тұрғылықты жерін, жұмыс, оқу орын уақытша немесе тұрақты өзгерту;
- қылмыстық ізге түсу органымен немесе сотпен анықталған қауіпсіздікті қамтамасыз ететін орындарға уақытша орналастыру.
Əскери қызметшілерге қосымша мынадай қауіпсіздік шаралары қолдануы мүмкін:
- басқа əскери бөлімге, құрамаға немесе əскери мекемеге уақытша жіберу;
- басқа қызмет орнына ауыстыру;
- қорғауды (соның ішінде əскери бөлім командованиесінің тарап-тарына қорғауда) қамтамасыз ету.
Аталған шаралар қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы шешім шығаратын жəне қауіпсіздік шараларын тікелей жүзеге асыратын органдардың қарауы бойынша қолданылады.
Сот талқылауына қатысатын тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамсыз ету ҚІЖК-нің 101-бабымен белгіленеді, онда сот талқылауына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін төрағалық етушінің соттық жабық отырысын өткізетіндігі, сондай-ақ ҚІЖК-нің 100-бабының 1–4-бөліктерімен көзделеген шараларды қолданатындығы көрсетіледі.
Сот талқылауына қатысушыларына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы соттың қаулысын атқару қылмыстық ізге түсу органына, сондай-ақ сот приставына жүктеледі. ҚР ҚІЖК-нің 302-бабына сəйкес басты сот талқылауын тағайындау туралы шешім қабылдау барысында, ҚІЖК-нің 98–99-баптарында көрсетілген адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қолданудың қажеттілігі туындаған жағдайда судья істі соттың жабық отырысында қарау туралы шешім қабылдайды.
Сонымен қатар ҚІЖК-нің 12-тарауындағы баптардың диспозициясында көрсете отырып, заң шығарушы «қылмыстық процеске қатысушы басқа да тұлғалар» санатына нақты кімдердің жатқызылатындығын анықтамаған.
Сондай-ақ ҚІЖК-нің 12-тарауындағы баптарында мемлекеттік қорғау жүзеге асырылатын тұлғалардың санаттары нақтыланбаған. Мəселен, ҚІЖК-нің 100-бабында сезіктінің мемлекет қорғауында болатындығы көрсетілген, ал бұл туралы ҚІЖҚ-нің 99-бабында қарастырылмаған. Жоғарыда көрсетілген ҚІЖҚ нормаларының ешқайсысында сотталушыны, аудармашыны, куəгерлерді, т.б. мемлекеттік қорғау жөнінде көрсетілмеген.
Кері талқылауға жол бермеу үшін ҚІЖҚ-нің 7-бабында «қорғалатын адамдар» деген ұғым енгізуге болады. ҚІЖҚ-нің қалған нормаларында жоғарыдағы терминді қолдану қажет.
Сонымен бірге ҚІЖҚ-нің жоғарыда көрсетілген нормаларын зерделей келіп, мынадай қорытындылар жасауға болады:
- заң шығарушы қорғалатын тұлғалар санаттарын олардың іс жүргізушілік мəртебесіне жəне ҚР- нің қылмыстық процесінде атқаратын міндеттеріне қарай даралаған (дифференциациялаған);
- заң шығарушы қылмыстық процеске қатысушы тұлғаларға жəне сот талқылауына қатысатын тұлғаларға қатысты қауіпсіздікті қамтамасыз етуді даралаған (дифференциациялаған).
Қылмыстық процеске қатысушы тұлғалардың, олардың іс жүргізушілік мəртебесіне жəне атқаратын міндеттеріне қарай, қауіпсіздігін қамтамасыз етуді даралауға қатысты пікір төменде берілетін болады.
Қылмыстық процеске қатысушы тұлғаларға жəне басты сот талқылауына қатысушы тұлғаларға қатысты қауіпсіздікті қамтамасыз етудің даралауын біз мынаған байланысты негізделген деп есептейміз: осылайша заң шығарушы қауіпсіздік қамтамасыз ету туралы шешім қабылдайтын тұлғалардың (қылмыстық ізге түсу органы жəне сот) қатарын анықтаған. Сондай-ақ аталған шараларды қолдану сатыларын қылмыстық ізге түсу барысында қолданылатын жəне сот талқылауы барысында қолданылатын деп жіктеген.
Ішкі істер органдары жоғарыда көрсетілген міндеттерін белгілей отырып, заң шығарушы Жарлықтың 23-бабында ішкі істер органының қызметкерлері үшін қызметтік жəне қауіпсіздік кепілдіктерін қарастырған: ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметтік міндеттері мен қызметтік парызын орындаумен байланысты қорлау, қарсылық білдіру, күш көрсету мен қорқыту немесе олардың отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының өміріне, денсаулығын, қадір-қасиетін, ар- намысына жəне мүлкіне қол сұғу ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамау заңмен берілген жауапкершілікке əкеліп соқтырады [6].
«ҚР Прокуратурасы туралы» 21.12.1995 жылғы ҚР-сы Президентінің заң күші бар Жарлығы 6- бабына сəйкес прокурордың өз өкілеттігін жүзеге асыруына кедергі келтіру немесе оған заңсыз шешім қабылдату мақсатында қандай да болсын нысанда ықпал жасау заңмен белгіленген жауапкершілікке əкеп соғады [7].
ҚР прокуратура органдарының міндеттерінің бірі — адамның жəне азаматтық құқықтары мен бостандықтарын, құқықтық актілердің жəне органдар, ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтар іс-əрекеттерінің заңдарға сəйкестігін қамтамасыз ету.
Жарлықтың 50-бабы бойынша, прокуратура органдарының қызметкерлері мемлекеттің қорғауында болады, прокурордың заңды талаптарын орындамау, оның қызмет бабындағы жұмысына байланысты прокурорды немесе оның отбасы мүшелерін қорлау, қорқыту немесе күш көрсету, олардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне қол сұғу, прокурордың қызметтік міндеттерін орындауға кедергі келтіретін басқа да əрекеттер заңда белгіленген жауапкершілікке əкеліп соғады.
Жоғарыда айтылғандарды талдай келіп, мынадай қорытынды жасауға болады.
1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР ҚІЖК-нің жəне 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап
«Қылмыстық процеске қатысушы тұлғаларды мемлекеттік қорғау туралы» ҚР-ның Заңын күшіне енгізгенге дейін қылмыстық сот өндірісіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құқықтық кепілдіктердің жүйесі мен құрылымы көбіне-көп жариялы сипатта болған. Бұған оларды іске асыру механизмінің жоқтығы себеп болған. Қазіргі кезде қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарына кепілдіктер толық, жан-жақты заңдарда қарастырылған. Бұл осы мəселеге байланысты процессуалдық заңның жетілгендігін көрсетеді.
Өздеріне қатысты қылмыстық қудалау жүргізілетін тұлғалардың құқықтарын сақтау тəрізді қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігі мəселелері, олардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол бермеу де өзекті мəселе болып саналатындығын ұғыну қажет.
ҚР-ның заңдары арасындағы қандай да болсын қарама-қайшылықтарды болдырмау мақсатында əрекететуші заңдарды тəртіпке келтіру жөнінде заң шығармашылық сипаттағы шаралар қолдану қажет.
Əдебиеттер тізімі
- Ахпанов А.Н., Андреев В.И. Безопасность участников уголовного процесса: Монография. — Алматы, — С. 16.
- «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» ҚР Заңы (26.06.1998). — Алматы: Баспа, — 7-б.
- «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» ҚР Заңы (5.07.2000). — Алматы: Баспа,— 10-б.
- ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі. Заңдармен енгізілген өзгертулер мен толықтырулармен). — Алматы: Баспа, 2010. — 7-б.
- Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жыл 30 тамыз (2007 жылғы өзгерістер мен толықтырулармен). —Алматы: Жеті жарғы, 2010. — 12-б.
- «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» ҚР Заңы (21.12.1995). — Алматы: Баспа, — 7-б.
- «Қазақстан Республикасы Прокуратурасы туралы» ҚР Заңы (21.12. 1995). — Алматы: Баспа, 2010. — 9-б.