Қазақ əдебиеті

Мақалада Ш. Уəлиханов тұлғасы — таусылмайтын сырға толы ғажайып тұлға екендігі туралы айтылған. Оның өмірбаянын зерттеуге, мұраларын халқымен қауыштыруға ғұмырларын арнаған орыс зиялыларына ерекше көңіл бөлінген. Шоқанды бүге-шігесіне дейін зерттеп, толық тануға қадам жасаған отандық ғалымдар мен жазушылардың еңбектері сараланған. Ұлы ғалым мұрасының əлі де толығымен зерттелмегені көрсетілген. Болашақта Шоқан мұраларын тəуелсіздік заманы талабы тұрғысынан зерттеу жағына назар аудару керектігі дəлелденген.
2014

Мақалада əдеби, тарихи жəне фольклорлық дерек көздер — Кенесары Қасымұлының басшылығымен жүргізілген ұлт-азаттық қозғалыстағы оқиғаларды көзімен көргендердің əңгімелері, өлеңдері жəне олардың естеліктері келтірілген. Кенесары хан мен Наурызбай батырға арналған тарихи өлеңдер мен поэмалардың ішінде жетекші орынды белгілі ақын Нысанбайдың «Кенесары туралы əні» алатындығы айтылған. ХІХ ғасырдың 20–40-жж. қазақтар көтерілісінің себептерін анықтау үшін Досхожа ақынның сол көтеріліс кезінде шығарған өлеңі маңызды рөл атқаратындығы көрсетілген. Демократиялық бағыттағы белгілі ақын М.-Ж.Көпеевтің Кенесары туралы жинаған материалдары көңіл толтырарлық екендігі туралы қорытынды жасалған. Халық ақындары — Жамбылдың жəне Доскейдің естеліктері фольклорлық материалдардың маңызды тобын құрайтындығы көрсетілген. Кенесары ханның отаршылдыққа қарсы жаппай көтерілісінің айқын саяси сипаты жəне оның қазақ тарихындағы прогрессивті рөлі туралы пікірі бейнеленген.
2015

Мақалада Бұқар жырау шығармаларындағы романтизм əдісіне тəн сипаттар қарастырылды. Романтизмнің негізгі бейнелеу тəсілдерінің жырау туындыларындағы қолдану ерекшеліктері зерттелді. Жыраудың хандар мен билер образын сомдаудағы романтикалық пафосы, субъективті көзқарастары əдеби-теориялық тұрғыдан талданды. Жырау толғауларындағы максималистік мақсат, автор қиялының көркем берілу жолдары айқындалды. Дала романтикасының суреттелуіндегі дəстүр мен жаңашылдық ауқымы көрсетілді. Шығармалардағы Абылай бейнесіне қатысты тың тұжырымдар жасалды.
2015

Поэтикалық мəтіннің прозадан өзгеше түсер жері ретінде сыйыстыру құбылысы да нақты дəлелденген жайт. Бұл ерекшелік жыраулар поэзиясының мəтіндерінен жиі кездеседі. Мақалада сөзді ықшамдап, ойды кеңейту үшін жыраулар ыңғайлас құрылымдардан тұратын сыйыстырылған периодтардың молдығына, нақты айтсақ, толғаулардың көбінде оқиға, пікір, түрткі себептерді санамалап келіп, əр тармаққа түйін болар сөзді толғау соңында бір-ақ айтқан жерлеріне тоқталған. Авторлар келтірген мысалдар негізінде толғауларда сыйыстыру (ықшамдау) бар дегенге тоқтам жасайды.
2015

Мақалада қазақ тіліндегі ресми-іскерлік стильдің, мемлекеттік тілдің қолданылу аясы мен мемлекеттік тілде іс жүргізу үлгілерінің қалыптасу, даму тарихы қарастырылды. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізудің тарихы алты кезеңге жіктеліп, əр кезеңге сəйкес құжаттардың тілдік белгілері мен əлеуметтік қызметі айқындалды. Сондай-ақ елімізде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған ресми-нормативтік құжаттарға талдау жасалған. Ол құжаттардың кемшіліктері мен жетістіктері жан-жақты зерттелген.
2015

 Мақалада белгілі ғалым Қ. Өмірəлиевтің «XV–XIX ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі», «Қазақ поэзиясының жанры мен стилі» атты еңбектері қазақ əдебиетінің ірі өкілдері Бұқар, Дулат шығармаларымен қатар, күрескер ақын Махамбет поэзиясының тілін, жанрын, стилін жан-жақты зерттеп, ғылыми негізде талдап көрсетуге арналған еңбек екені жан-жақты дəлелденіп, жүйелі түрде берілген. Автор Махамбет поэзиясын өзіне дейінгі дəуірдегі поэзия үлгілерімен салыстыра келе, ақын шығармаларында ауыз əдебиетінің ықпал-əсері аз болмағанын атап көрсетті. Əсіресе ақынның «Соғыс», «Мінкен ер» өлеңдерінің эпостық жыр үлгісіне өте жақын келетініне ерекше назар аударады. Ақын өлендерінде жиі кездесетін жер-су атауларының тек географиялық ұғым ретінде ғана емес, ел қонысы, халық мекені ретінде алынғандығы айтылады. Автор Махамбет поэзиясында кездесетін араб, парсы сөздеріне қатысты өз ойын дəлелдеп көрсеткен. Сондай-ақ ақын поэзиясында стильдік-тілдік тəсіл ретінде жұмсалатын формалар жүйесі жан-жақты талданған.
2015

Қазақ көркем фантастикасы мəтіндерінің вербалды қабатындағы лексика арнайы қарастыруды қажет етеді. Ондағы жалпыхалықтық лексика, арнаулы лексика, квазитерминдер, түрлі кəсіби сөздер, неологизмдер қаламгер суреттеп отырған қиялдағы дүниені неғұрлым шынайы елестету, оқиғалар мен құбылыстарға қатысты ғылыми-фантастикалық немесе техникалық мəліметтерді жеткізу, автордың концептуалды ойын жеткізуге қажетті реалияларды нақтылау, сипаттау, таныстыру мақсатында қолданылады. Фантастика мəтіндерінде кездесетін авторлық неологизмдерді ғылыми əдебиетте түрліше атайды. Қарастырылып отырған мəтіндегі авторлық қолданыстарды квазитерминдер деп атауға болады, алайда олардың поэтикалық окказионализмдер қатарына жатқызыла алмайтынын да айта кеткен дұрыс. Квазитерминдер қазақ тілінің аналитикалық сөзжасам тəсілімен жасалып, түрлі квазиреалияларды атау үшін қолданылған.
2015

Мақалада ХХ ғасырдың қырқыншы жылдарындағы қазақ əдеби сынының өзекті мəселелері мен жазушы С.Мұқановтың шығармашылығы ғылыми тұрғыда зерделенді. Көркемдік даму үдерісін, қаламгер шығармашылығын сын талқылауынан өткізудегі, тоталитарлық жүйе қысымындағы сын табиғаты жүйелі талданды. Əдеби сынның жанрлық тұрғыдан ізденістерімен қатар, С.Мұқановтың көркем туындылары мен сын мақалалары жан-жақты қарастырылды. Сондай-ақ сынның проблемалық мақала, полемикалық мақала, əдеби шолу, тағы басқа түрлерінің жандана бастауы жан-жақты сарапқа салынды.
2015

Шығыстың ғұлама ғалымы Əбу Насыр əл-Фарабидің сан қырлы ғылыми қызметі туралы қысқаша деректер келтірілген. Оның өз уақытындағы ғылымның барлық салаларының құрамдас бөлігі болып табылатын əдебиеттану, тіл білімі, поэзия, лингвистика саласындағы зерттеулеріне айрықша көңіл бөлінген. Оның өзі өмір сүрген оныншы ғасырдан бастап қазіргі кезге дейін Батыс пен Шығыстың көптеген көркем сөз шеберлері айтып өткен жəне айтып жүрген дарынды ақын екендігі көрсетілген. Көрнекті ғалымның əдеби шығармашылығын өткен ғасырдың 70-жылдарынан қазіргі кезге дейін зерттеген қазақстандық əдебиеттанушыларының зерттеу нəтижелері суреттелген.
2015

Мақалада XX ғасырдың көрнекті жазушысы Ілияс Есенберлиннің өмірі мен қызметі суреттелген. Оның балалық жəне бозбала шағы саяси төңкеріс, азаматтық соғыс, 1930 жылдардағы қайғылы оқиғалар секілді қазақ халқының қасіретті жылдарымен тұспа-тұс келгендігі айтылған. Оның бірқатар өлең шумақтарына əн жазылғандығы, əндерінің бірнеше кинофильмдерде орындалғаны, оның поэма да жазғаны, драматургия тəжірибесінің сəттілігі айрықша айтылған. Есенберлинге тəн асқан жауынгершілік жəне жазушылықты өте жоғары бағалап құрметтеу оның үлкен əдеби жанр-роман жазуға көшуін едəуір кешеуілдеткені көрсетілген. Оның ондаған жылдар бойы жинақтаған поэзиялық, сценарийлік, драматургиялық тəжірибесі Есенберлин феноменінің негізін қалап, жазушының кемел шағында жыл сайын бір романнан жазып отыруына мүмкіндік бергені дəлелденген. Оның шығармаларының қазақ əдебиетінің алтын қорына еніп, ұлттық құндылық болып табылатындығы жалпыланған.
2015

Мақалада Қытайдағы қазіргі заман қазақ əдебиетінің қалыптасуы мен даму барысы жалпы қытай халқының сол тұстағы саяси-əлеуметтік жағдайымен, мəдени тірлігімен бірлестіре отырып қарастырылады. Қазіргі заман қазақ əдебиетінің қалыптасып, даму жолында қалам тартқан ақындардың кемелденіп, рухани жетілуіне халықтық бай фольклор, шығыс əдебиеті, Абай мұрасы сынды үш үлкен мектептің тірек болғаны, сонымен бірге таяу заманғы қазақ əдебиетінің тарихы айтыс өнерімен де тығыз байланыста болып, айтыскерлік бұл дəуірде таңдаулы дəстүр болып қалыптасқаны, арнау өлең жасампаздығы да сол заман ақындарында тағы бір түрлі əдеби ауқымға айналғаны айқындалды. Бұл дəуірдегі ақындардың бірімен-бірі ілесе, қатарласа шығып, бір бағытта, бір мақсатта қалам тартып, əдеби орта қалыптастырғаны, əдебиеттің тақырып өрісі кеңейіп, мазмұн- мəнері жаңаланғаны пайымдалды. Түр, жанр, формасы жөнінен алғанда ХІХ ғасырдан ХХ ғасырдың алғашқы жартысына дейінгі қытай қазақ əдебиеті өзгеше өзіндік өңірлік ерекшелігімен көзге түсетіні тұжырымдалды.
2015

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.