Қазақ əдебиеті

Жалпы мəтін — адамзаттың тілдік қарым-қатынасындағы алғышарттар мен оның ұйымдастырылу ұстанымдары туралы ғылым. Мəселе төңірегіндегі қарқынды да жемісті ізденістер дəстүрлі тілдік лингвистикадағы стилистика, соның ішінде көркем əдебиет, ғылыми стильдер саласында жүйелі сипат алып келеді. Мұны сан алуан көзқарастар мен ұстанымдарды, қағидалар мен тұжырымдамаларды тірек ететін ғалым-мамандардың тақырып төңірегіндегі өзекті мəселелерге арналған ғылыми еңбектерінен, монографиялар мен ғылыми-танымдық мақалалардан, оқу құралдарының жарық көруімен, сондай-ақ мəселенің даму бағдарына арналған конференциялар мен симпозиумдардың өткізіліп жатқанынан бағалауға болады. Тіл зерттеушілерінің мəтін мəселесіне деген бетбұрысы олардың жалпы тілдік сана мəселесіне деген ықыласын аңдатады. Мұның астарында тілдік тұлға мен адамзаттың əлемдік образын ашу, тану ниеті жатқаны жасырын емес. Себебі əрбір мəтінде тілдік жүйеден хабары бар тілдік тұлғаның əрекеті орын алады.
2012

Мақалада ХХ ғасырдың қырқыншы жылдарындағы қазақ əдеби сынының өзекті мəселелері сөз етілді. Көркемдік даму үдерісін, қаламгерлер шығармашылығын сын талқылауынан өткізудегі, тоталитарлық жүйе қысымындағы сын табиғаты жүйелі талданды. Əдеби сынның жанрлық тұрғыдан ізденістері қарастырылды. Сондай-ақ сынның проблемалық мақала, полемикалық мақала, əдеби шолу, тағы басқа түрлерінің жандана бастауы жан-жақты сарапқа салынды.
2012

Мақалада XX ғасырдың бірінші жартысындағы қытай қазақ əдебиетіндегі əдеби үрдістің негізін қалаған ақындар шығармашылығындағы ыңғайластық жəне үндестік мəселелері қарастырылып, олардың бір бағытта, бір мақсатта қалам тартып ақындық үрдістің дамуына қосқан үлестері сараланды. Ақыт Үлімжіұлы, Таңжарық Жолдыұлы, Көдек Маралбайұлы, Асылхан Мыңжасарұлы, Шарғын Əлғазыұлы, Шылбы Көмекұлы, Досбер Сауырықұлы, тағы басқа ақындар шығармашылығындағы ағартушылық идеяның дамуы мен əлеуметтік сарынның көріну бағыттары əдеби жəне тарихи негізделген бір жүйелілікте зерттелді. Аталмыш ақындардың шығар- машылығындағы əдеби үрдіс пен жаңашылдық мəселесіне салыстырмалық тұрғыда талдау жасалды.
2012

Мақалада қазіргі қазақ сөз өнерінің асыл арнасын құрайтын шетел қазақ əдебиетінің зерттелу үрдісі мен даму барысы қарастырылды. Шет елдегі қазақтардың əдеби-мəдени жетістіктерінің ерекшеліктері мен көріністеріне сипат берілді. Атамекеннен алшақ жүріп қазақ əдебиеті игілігіне жұмыс атқарушы азаматтардың бірқатар еңбектері басшылыққа алынды, сондай-ақ Қытай, Монғолия елдеріндегі қазақ əдебиетінің көркемдік-эстетикалық даму бағытын, тақырыптық-идеялық өзегін екшеген ғылыми зерттеулері талданды. Қазіргі қазақ əдебиетінің көркемдік өркендеуіне айрықша үлес қосып отырған шетел қазақ əдебиетінің өзіндік орны айқындалды.
2013

Мақалада əдебиеттанушы-ғалым Тұрсынбек Кəкішұлының əдебиеттің жанры, əдеби ағымдар, көркемдік əдіс сынды категорияларына қатысты тұжырымдарының ғылыми маңызы қарастырылды. Ұлттық əдебиеттегі романтизм, көркемдік ойлаудың реалистік жəне романтикалық ойлау типтері, əдебиеттің ішінара бір əдістен екінші бір əдіске көшуі, ауысуы үдерісі турасында айтқан пікірлері талданды. Еуропа жəне орыс əдебиеттеріндегі құбылыстардың қазақ əдебиетіндегі синтезделу жолдарын анықтау туралы ұсыныстарының ерекшеліктері айқындалды. Ұлттық əдебиеттанудың болашақта шешілуге тиісті теориялық мəселелер ауқымы көрсетілді.
2013

Өткен ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны жəне көрнекті саяси қайраткері Мағжан Жұмабаевтың əдеби мұрасы зерттелген. Оның туған елінің тарихын терең білетіндігін, адамдар арасында сирек кездесетін оқымыстылығын жəне өзіндік ой толғау қабілетін білдіретін шығармалары талданған. Ақынның поэзиядағы орыс символизмінің ықпалының əсерімен жазылған өлеңдері талданған. Шығармашылық үдерісі кезінде дүниеге келген философиялық ойларды жалпылаудың маңызы ашылған. Ақынның əйгілі «Түркістан» атты шығармасына ерекше көңіл бөлінген. Мақала авторы Мағжанның жас кезіндегі таңдауын — ұлы өнерді — əрқашан берік ұстанғаны жөнінде қорытынды жасаған. Оның өз халқынан өзіндегі барын — ақылын, жүрегін, арманын, айрықша талантын — аямағаны көрсетілген.
2013

Мақалада қоғам мүшелерінің кейбірі арасында болып жататын құпия түсініс үдерісі (процесі) көбіне тек жеке адамдарға ғана қатысты жай құбылыс болуымен бірге кей тұстарда мемлекеттік те сипаты бар проблема екенін ескере келе, бұл амалдар шағын топ арасында жалпыхалықтық қолданыстағы мағынасынан басқа мағынада жұмсалып, өзгеден өзінікін құпиялау, жасыру үшін қолданылатыны нақты тілдік деректер негізінде дəлелденді. Автор тілдегі бейвербалды амалдар, еже тіл, таңба мəселелерін арнайы қарастырған тілтанушы-ғалымдардың еңбектеріне сілтеме жасай отырып, өз тұжырымын берген.
2013

Мақалада поэзиялық шығармаларда кездесетін редиф құбылысының өзіндік табиғаты қарастырылды. Редиф ұйқастан кейін келетін ерекшелік əрі толғау мəтіндерінде жиі кездесетін заңды құбылыс тұрғысынан талданды. Толғауларда күрделі етістіктің қосымша сыңары, есім сөздер жəне шылау түрінде келген редиф қатары əр түрлі сипатқа негізделетіні сараланды. Ең алдымен ұйқасты күшейтудегі ырғақ пен өлшемге қызмет ететіндігі екшеленді. Сонымен қатар жыраулар поэзиясы толғау өлеңдерінің мазмұны, идеясы да редифтің қатыстырылуына негіз жасайтыны анықталды. Атап айтсақ, олар — дидактикалық мазмұн, портрет, арнау өлеңдер.
2013

Мақалада ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарынан бастау алып, кешегі кеңестік, бүгінгі ТМД елдерінде тоқсаныншы жылдары келіп, қазіргі философияда, мəдениетте, социологияда, лингвистикада, əдебиетте жəне т.б. көптеген ғылым салалары мен өнерде ең жиі қолданылып жүрген постмодернизм құбылысы сөз болды. Постмодернистік құбылыстардың əдебиеттегі көріністерінің тарихы мен белгілері қысқаша баяндалып, постмодернизмді зерттеуші-ғалымдардың пікірлері сараланады. Сонымен қатар əлем əдебиетіндегі өзіндік орны бар қаламгерлердің шығармалары мысалға алынды.
2013

Мақалада қазіргі кезеңдегі əдебиет дамуы жəне қоғамда жүріп жатқан күрделі əлеуметтік- психологиялық мəселелер қарастырылды. ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасыр басындағы ғылыми- техникалық процестің əдеби шығармашылыққа тигізген ықпалы талданды. Қоғамның адамгершілік негізін нығайтудағы гуманитарлық саланың, мəдениет пен өнердің рөлі, қажеттілігі жайында талдаулар жасалды. Қазақ əдебиетінің тарихындағы адам, оның гуманистік принциптері мысалға алына отырып, қазіргі кезеңдегі эстетикалық өлшемдерге назар аударылды. Ұрпақ тəрбиесіндегі əдебиеттің қазіргі жағдайы, бұл тараптағы күрделі мəселелердің шешілу жолдары көрсетілді.
2013

Мақалада қазақ ұлттық əдебиеттану ғылымының қалыптасу тарихы қарастырылды. Автор орта ғасырлардағы М.Хорезми, Əбу Насыр əл-Фараби, Əбу Райхан əл-Бируни, Əбуғали Ибн Сина, Ə.Фирдоуси, Рабғузи, М.Қашқари, Қ.А.Яссауи, О.Хайям, Ж.Баласағұни, А.Жауһари сияқты ғұламалардың ғылыми-зерттеу еңбектерінің əдебиеттану ғылымының қалыптасу тарихына тікелей қатысы болғандығын дəлелдейді. Əл-Фарабидің еңбектеріне тоқталып, олардың өнер, тіл жəне əдебиет мəселелері мен өлеңтану саласындағы əдеби-теориялық, ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің шырқау биігі екендігін, ғалымның əдебиет теориясы мəселелерін қарастырудағы орны мен рөлін көрсетеді.
2013

Мақала қазіргі ұлттық əдебиеттануда өзекті де, жаңашыл проблема болып табылатын мəселеге арналған. Авторлар зерттеу нысанында сирек сөз болып жүрген жанр теориясы аталатын өзекті тақырыпты жан-жақты зерделеуді мақсат тұтады. Ұлттық əдеби сын жанрларын бір жүйедегі классификацияда қарау мен зерттеудегі жаңашыл көзқарастар мен пікірлерді салыстырмалық тұрғыдан қарастыру арқылы бүгіндегі ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің қол жеткізе алған жетістіктерін саралайды. Сын жанрларының өзіндік ерекшеліктері мен басты сипаттары ғылыми- теориялық тұрғыдағы талдаулар арқылы зерделенеді. Сол арқылы сын тарихы мен теориясын зерттеген Т.Кəкішұлы мен Д. Ысқақұлының еңбектеріне баға беріледі.
2014

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.