Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Дандай Ысқақұлы жəне сын жанрлары табиғаты

Филология ғылымдарының докторы, профессор Дандай Ысқақұлын əдебиет сүйер қауым жақсы біледі. Д.Ысқақұлы — əдеби сынға ерте араласқан ғалымдардың бірі. Ғалым-сыншының қазақ əдебиеттану ғылымы мен сынындағы əрбір еңбегі сыншылдық-эстетикалық, ғылыми-зерттеушілік, əдеби-теориялық тұрғыдағы талдауда ғылыми тереңдігі жағынан ерекшеленеді. Ғалымның ғылыми зерттеу жүргізу аясы көбіне көп əдеби сынның теориясы мен тарихын жəне XX ғасырдағы қазақ əдебиетінің келелі мəселелерін қамтиды. Оның бұл саладағы ізденістері 1967 жылдан бері баспасөз беттерінде үзбей жарияланып келеді. Қазірде сыншы — əдебиет пен өнердің сан-алуан мəселелеріне арналған 300-ден астам мақалалардың иесі. Оның «Əдеби көркем сын», «Сын шын болсын», «Сын жанрлары», «Сын сымбаты», «Сын өнері», «Сынсонар» сияқты бірқатар еңбектерінде əдеби сынның теориялық мəселелері қазақ əдебиеттануында алғаш рет арнайы зерттеліп, жеке ғылым саласы ретінде негізі қаланды. Дандай Ысқақұлы өз зерттеулерінде əдеби сынның өркенді дамуын өзек етіп алып, оның табиғаты, əдістері, əдеби көркемдік процестегі орны, атқаратын қызметі, принциптері, түрлері мен жанрлары сияқты ғылыми-теориялық мəселелерді тұңғыш рет зерттеу нысаны етіп, жан- жақты сараптаудан өткізіп, ғылыми негіздегі тұжырымдамасын түзеді.

Белгілі əдебиетші-ғалым Дандай Ысқақұлының «Сын шын болсын» атты еңбегі — біз сөз еткелі отырған сынның теориясы дейтін қиын да, күрделі салаға арналған тұңғыш теориялық еңбек. 1920–30 жылдардағы əдебиет, сын тарихына тереңірек барып, толғана қалам тартып, тұжырымды ойлар айтып жүрген Д.Ысқақұлы бұл еңбегінде əдеби сынның табиғатын танытып, принциптерін жүйелеп, түрлерін түстеуде алғашқылардың бірі болып қалам тартып, құнды еңбек жазып отырғанын айрықша айту қажет. Яғни, əдеби сынның ғылыми негіздерін жүйелеп қарастыруда бұл кітаптың маңызы зор екені даусыз. «Əдеби сынның табиғаты» деп аталатын тарауында сынның əдеби, ғылыми, публицистикалық жəне əлеуметтік сипаттарын жеке-жеке талдау жасап, тұжырымды ой айтады. Сынның көркем əдебиетпен астасып жататын тұстары болғанымен, екеуінің ара-жігі ажыратылып ерекшеленетін тұстарын да автор ескерусіз қалдырмайды. Яғни, көркем шығармаға қойылатын талаптар басқа да, сынға қойылатын талаптар басқа. Екеуінің алдына қойған мақсаты да — екі түрлі. Əдебиеттің негізгі объектісі — өмір. Ал əдеби сынның негізгі мақсаты — бүгінгі күн əдебиетінде,əдеби процесте болып жатқан сипатты жаңалықтарды, ондағы жетістіктер мен кемшіліктерді уақтылы ашып көрсету. Сыншы бұл міндеттерді орындау үшін аналитикалық талдау əдістерін қолданады [1; 9, 10]. Бұл пікір, əрине, сын мен көркем əдебиеттің байланысын жоққа шығармайды. Қайта сынды көркем əдебиеттің дамуына көмектесіп отыратын негізгі сала ретінде қарастырады. Əдеби сынды əдебиеттану ғылымына теліп қоюға автор келісе бермейді. Екеуінің қаншама ортақ, ұқсас жақтары болғанымен, өз кезегінде бірімен-бірі қатыса бермейтін тұстары да баршылық. «Сын көбіне, бүгінгі əдеби процесті зерттейді; оның ертеңгі даму қамын ойластырып, жол нұсқап отырады. Бұл ретте сынды əдебиеттің келешегіне бағыт сілтер ғылым деп шартты түрде атауға болатын секілді. Ал ғылымға келсек, ол көбіне əдебиеттің өткенін зерттейді. Осы мəселеге дəстүр мен жаңашылдық проблемасы тұрғысынан келетін болсақ, сын оны жаңа асуларға жетелейді. Ғылым əдебиетті бұрыннан келе жатқан дəстүр ізінде қарастырады».

Дандай Ысқақұлы əдеби сынның ғылыми сипатына да ерекше ден қояды. Автор сынның сипаттарын айқындай келе, əдеби сынның негізгі субъектісі, мазмұны, методология мен əдістері, құралдары, өмір сүру арнасы, жанрлары, зерттеу объектісі, бағыты, қызметі, принциптері деп құрылымын да жүйелейді. Əдеби сынның табиғатын жан-жақты талдай келе, автор «əдеби сын дегеніміз — əдебиеттану ғылымы мен қоғамдық ғылымдардың тоғысқан түйінінен пайда болып, күнделікті əдеби процесті зерттейтін, оған баға беріп, оқырманның рухани əлемі аясында қызмет атқаратын əлеуметтік сананың сан қырлы саласы», — деп толыққанды тұжырым жасайды [1; 14].

Сонау 1990 жылдар аяғында шыққан «Сынсонар» монографиясы қазақ əдеби сынының соғысқа дейінгі дəуірін түгендеп, отызыншы жылдар ойранындағы əдеби сынның «ақтаңдығын» аршыды.

«Қазақ əдебиетінде, — деп жазады ғалым осы кітабында, — əдеби сынның «ішкі» жақтарына, теориясына, методологиялық мəселелеріне назар аудару соңғы уақыттарға дейін қаға берісте қалып келді. Ал, сынды қалай болса солай «дамыта» салуға келмейтін жағдайы тағы бар. Əдеби сынның да уақыттар бойғы жетілуінде табиғи қалыптасқан, өзіндік «физиономиялық құрылысы, даму заңдылықтары бар» [2]. Ғалым, алдымен, алған бағытты айқындап алып барып, өзі белгілеген «заңдылықтардың» сырын ашады. Сөйтіп, əдеби процестегі сынның орнын, сын жанрларының даму үрдісін, 1930-жылдардың аяғында солақайлығынан усойқылығы басым келіп, алаштың асыл азаматтарының басына қара түнек орнатқан қатыгез сынның сырына бойлайды. Бұл кезеңдегі жалпы сынға тəн жайттар туралы ғалым былайша тұжырым жасайды: «Саяси солақайшылдықтың салдарынан əдебиетте де солақай сындар өріс алды. Көптеген көрнекті қалам қайраткерлерінің шығармашылықтарына саяси кінəлар тағылып, қуғынға ұшырады, аяғы жаппай саяси жазалауларға жалғасты». Осы кезеңге қатысты ғалымның көз майын тауыса қилы қаріптердегі (араб, латын, кириллица) ескі басылымдардан іздеп тауып, ғылыми айналымға қосқан сыни ой-пікірлер бұрын сол материалдар авторларының атын атауға қорыққан тұста назардан тыс қалған дүниелер болатын.

Ғалымның жаңа ғасырмен жарыса жарыққа шыққан «Сын сымбаты» еңбегінде қазақ əдеби сынының өткен ғасырдың екінші жартысындағы жай-күйі сараланып, сын жанрының өркендеуіне«Жұлдыз», «Жалын» сияқты əдебиеттің төл басылымдарының көркем сынды дамытудағы қызметіне назар аударылған. Бұл да əдеби жыл қорытындыларында ғана аракідік сөз болғаны болмаса, тың жатқан «тыныш» дүние болатын. Сондай-ақ мұнда қазақ əдеби сыны мен зерттеушілік пайымның өркендеуіне елеулі үлес қосқан кешегі Н.Төреқұлов, М.Əуезов, С.Мұқановтардан бастап, əдебиеттану ғылымына солардың ізін баса келіп, тау төңкерердей күш-жігермен еңбек еткен Х.Сүйіншəлиев, С.Қирабаев, Т.Кəкішев, Р.Бердібаев, З.Қабдоловтардың сыни еңбектері мен əдеби зерттеулері кеңінен талданып, таразыланды.

Зерттеуші Д.Ысқақұлының «Сын өнері» атты еңбегі əдеби сынның теориялық мəселелерін ғылыми тұрғыдан қарастырады. Басты мұраты мен негізгі принциптері, əдеби дамудағы орын-үлесі, көркемдік-эстетикалық құндылықтары, өзіндік сыр-сипаттары кеңінен сөз етіледі. Зерттеу еңбекте қазақ əдебиетіндегі сынның əлеуметтік-публицистикалық, əдеби-ғылыми, лингвистикалық- эстетикалық, шығармашылық һəм сатиралық сипаттары жеке-жеке қарастырылып, ондағы халықтық мұраттарға, тарих тағылымы мен өмір шындығына зор маңыз беріледі. Сол арқылы сынның идеялық- көркемдік дəрежесіне, əдеби процестегі орын-үлесіне, теориясы мен методологиялық мəселелеріне кең орын беріледі. Сын мен сыншы мұраты, осыған байланысты арғы-бергі кезеңдердегі алуан ізденіс пен қилы көзқарастар да белгілі бір жүйеге түсіп, бүгінгі уақыттың талап-тілектері негізгі назарда болады. Нəтижесінде əдеби сынның табиғаты мен жанрлық жүйесі, əдістері мен түрлері, басты мұрат, ерекшеліктері кеңінен сөз етіледі.

Ғалым əдеби сынның даму жолдары жөнінде «Əдеби сынның тарихына көз жібергенде, оның пайда болу, даму жолдарының əдебиеттің өсіп-өркендеу бағытымен сəйкес келіп отырғандығы байқалады. Əріге бармай-ақ, ХІХ ғасырдағы орыс əдебиетінде А.Пушкин, Н.Гоголь, Л.Толстой сияқты алыптардың кезінде əдеби сын да шарықтап, шырқау биігіне көтерілді. ХХ ғасырдағы əдебиеттің сыны күні бүгінгі биігіне шықты. Қазақ əдебиетінде үстіміздегі ғасырдың алғашқы кезеңінде Абайдың, Ахметтің, Мағжанның, Шəкəрімнің, Жүсіпбектің, тағы басқалардың шығармаларының жарық көруі əдеби-сыншылық ой-пікірлердің жаңаша қарқынмен дамуына түрткі болды. Əсіресе Абайдың, Мағжанның шығармашылығы жайлы таластар шын мəніндегі кəсіби сынның қалыптасып, өріс алуына ұйытқы жасады. Мысалы, кезінде М.Жұмабаевтың шығармашылық сипаты, бағыты төңірегінде түрлі даулар дуылдап тұрған кезде жазылған Ж.Аймауытовтың

«Мағжанның ақындығы туралы» мақаласы қазақ əдеби сынының биік үлгісіне айналды. Əдебиетте түрлі ағымдар, бағыттар пайда болып, тарау-тарау жолдармен дамыған тұстарда оған шырылдап жүріп тура жолды көрсеткен де — осы əдеби сын», — деп жазады. Ал, əдеби сынның ғылыми қырлары хақында: «...Əдебиеттің сыны мен ғылымының ұқсастық жақтары олардың зерттеу объектілерінің бірлігінен, адресінен — оқырманға бағышталғандығынан, методологиялық негізі мен зерттеу əдістерінің ортақтығынан, ойлау ерекшелігі, жазу мəнері жағынан да көрінеді екен. Əдеби сынның ғылымилық сипаты əдебиеттану ғылымымен байланыстылығында ғана емес, бүкіл қоғамдық ғылымдармен қатыстылығынан да көрінеді. Əдеби шығарма қоғамдық өмірдің көркемдік көрінісі болса, сол өмір шындығының қалайша көркемдік сипатқа ие болғандығын анықтауға тек əдебиеттану ғылымының шамасы келе бермеуі мүмкін. Əлеуметтік өмірдің сан-саласын түрлі қырларынан зерттейтін тіл білімі, тарих, этнография, философия, заң, экономика, психология, педагогика, этика, эстетика сияқты ғылым тарауларымен де əдеби сын тікелей байланысты болады», — деп түйін түйеді.

Сондай-ақ сын мұраты туралы: «...əдеби сын дегеніміз — көркем əдебиет, оның ғылымы мен журналистиканың тоғысқан түйінінде пайда болып, күнделікті əдеби процесті зерттейтін, оның жетістіктері мен кемшіліктерін саралап баға беретін, оқырманның дұрыс түсінуіне көмектесетін, рухани əлем аясында қызмет атқаратын əдеби, ғылыми, публицистикалық, əлеуметтік сипатты шығармашылық түрі; қоғамдық сананың бір саласы; көркем əдебиет жайлы дəуір үні. Əдеби сынның басты мақсаты — əдеби процесте болып жатқан жаңалықтарды дер кезінде бағалап оқырмандарға түсіндіріп отыру», — деп байыпты байлам жасайды.

Сөз өнері ғылымында жанр мəселесі — аса күрделі проблемалардың бірі. Дандай Ысқақұлының қазақ əдеби сынындағы жанрлар жүйесін қазақ баспасөзінің тəжірибелеріне сүйене отырып, типологиялық тұрғыдан қарастырып, зерделеуі осы жолда атқарған елеулі еңбегі деуге болады. Сыншы осы тақырыпта əңгіме қозғамас бұрын жалпы жанр мəселесінің жай-күйіне тоқтала кеткен.

«Əлемдік əдебиеттану ғылымының тарихында жанр туралы түрлі кездерде айтылған пікірлерді Аристотельден бастап кездестіреміз. Бұларда жанр сипатын əр түрлі қырынан əңгімелеп, табиғатын аша түсушілік бар. Солай бола тұрса да «жанр дегеніміз не?», «оны жіктеудің шарттары» деген сияқты негізгі сауалдарға жауап іздегенде басы ашылмаған қиындықтар туындайды».

Ғалым өз ойын былай жалғастырады: «Белгілі əдебиет теоретиктерінің өздері де жанр проблемасының аса күрделілігіне назар аударып отырған. Б.Томашевский жанрларға жіктеудің өте қиындығын, оны əдеби дамудың белгілі бір тарихи кезеңіне ғана қатысты қарастыру керек екендігін ескертеді [3]. Ю.Тынянов жанрдың барлық белгілерін жан-жақты қамтитын анықтама беру мүмкін емес дегенді айтады [4]. Академик Д.С.Лихачев əдеби дамумен бірге жанрлардың да өзгеріп отыратындығын, сол себепті де алдымен жанрды емес, жанрды тудыратын принциптерді зерттеуді ұсынады» [5]. «Жанрдың əдебиеттегі жағдайы осылай болғанда, оның сынындағы күй бұдан да күрделілеу. Ол күрделірек əдеби сынның көркемдік, ғылыми, публицистикалық сипаттарынан, қоғамдық-рухани өмірде атқаратын қызметтерінен тікелей туындайды. Əдеби сын жанрларын анықтау оның осындай сан сипатты табиғатына тікелей байланысты».

Сыншы Дандай Ысқақұлы сын жанрларының теориялық тұрғыдан арнайы зерттеу объектісі болмай келе жатқанын атай отырып, оны жіктеуде қалам тартқан зерттеушілер жайлы сөз етеді. Сын жанрларын зерттеп, алғаш жүйелегендердің бірі Л.П.Гроссман оның он жеті типін көрсетеді [6]. Автордың сын жанрларын жіктеуде қандай өлшемдерді басшылыққа алғандығы мəлімсіз. Мұның ішінде сынның негізгі жанрларымен бірге, олай деп санауға келмейтін, оның ішкі мүмкіндіктерінің көрінісі ретінде қабылдауға болатындары бар [6].

Зерттеушілер əдеби сын жанрларын анықтауда түрлі ұсыныстар білдіруде. Б.Егоров жанрға бөлу тəсілінің үш түрлі типін айтады. Олар:

  1. Сынау əдісі бойынша (мысалы, публицистикалық сын, академиялық пікір т.б.).
  2. Əдеби тек бойынша (пародия, памфлет т.б.).
  3. Қамту объектісіне қарай (рецензия, творчестволық портрет т.б.) [7].

Жалпы сын жанрларының ара жігін дəл ажырату мүмкін емес, өйткені ол — тарихи категория, сын дамуының əр түрлі кезеңдерінде оны анықтауда түрлі белгілеріне қарап отыру керек. Əдеби сын қалыптасуының алғашқы дəуірінде көрініс табатын хабар, аннотация, рецензия сияқты жанрлар көбіне қамту объектісінің ауқымына қарай анықталған.

Ал қазақ əдеби сынының жанрлық сипаттары ХІХ ғ. І жартысында шыға бастаған «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде айқын көрініс тапты. Онда əр мезгілде жарияланған мақалаларда жанрлық белгілер саралана түсті дей келе, осы жайлы өз ойын сыншы былай толғайды: «Қазақ топырағында көркем əдебиет жайлы ой-пікірлердің өмір сүретін көрініс табатын орта — баспасөздің дамуымен бірге сын жанрлары да қалыптасып, жетіле түсті. Қазір қазақ əдеби сынының барлық жанрлары дерлік қалыптасқан, жанрлық мол мүмкіндіктерді толық пайдалануға жағдайлары бар деуге болады.

Əдеби сынның жанрлық жүйесін айқындау оның сан сипатты табиғатынан туындайды. Сол себепті де оған бір ғана əдеби, не публицистикалық принциппен, өлшеммен келуге болмайды. Сынның жанрларын анықтағанда, оның көркемдік сипаты əдеби принципті қажет етсе, публицистикалық табиғаты, публицистикалық ғылымилығы ғылыми өлшемдерді қолдануға міндеттейді. Осы тұрғыдан сын жанрларын алдымен əдеби, публицистикалық, философиялық деп жіктеуге болады. Сынның көркем жанрлары əдебиеттің тегі, түрі, жағынан эссе, пародия, эпиграмма, памфлет т.б. болып бөлінеді. Сын жанрын іштей шартты түрде қарасөзбен (рецензия, шолу, эссе, шығармашылық портрет т.б.) жəне өлең сөзбен (эпиграмма, пародия) жазылған деп бөлуге болады. Публицистикалық жанрға əдеби хабар, аннотация, рецензия, мақала, шолу, творчестволық портрет, əдеби фельетон, əдеби очерк, əдеби есеп т.б. жатады. Бұларды тағы да хабар (əдеби хабар, аннотация), талдау (рецензия, мақала, шолу, шығармашылық портрет), əдеби-публицистикалық (əдеби фельетон, əдеби памфлет, əдеби очерк т.б.) жанрлары деп жіктеуге болады. Бүгінгі əдебиет жайлы жазылған көлемді ғылыми еңбекті «монография» деп атайды. Сын жанрларын шартты түрде осылай жіктеген Д.Ысқақұлы енді осылардың басқа жанрларды айқындайтын жалпы белгілері жайлы сөз қозғайды: « Əдеби сынның жанрларын ажыратуда оның қандай стильмен жазылғандығы, қандай көркемдік құралдарды, əдістерді пайдаланғандығы көмектеседі».

Сын жанрларын айқындаудың басты белгілерінің бірі – оның зерттеу объектісі. Əдеби сын қарастыратын негізгі объектілер – шығарма, жазушы, əдеби процесс. Осы үш түрлі объектіге орай, соларға сəйкес келетін рецензия, шығармашылық портрет, мақала жанрлары қалыптасқан. Сынның басқа жанрлары осы үшеуінің төңірегінде топталып, түрліше жағдайдағы көріністері іспеттес. Зерттеу объектісі аннотацияда, рецензияда, пародияда – біреу, ол жекелеген шығарма, кітап. Творчестволық портрет, эпиграмма, əдеби фельетон, эссе сияқты сын жанрларының негізгі объектісі — жекелеген қаламгер. Ал, мақала, шолу, əдеби памфлет, əдеби есеп, т.б. негізінен əдеби өмірдің өзекті мəселелеріне арналады. Демек, сын мақалаларының қамту аумағы да – олардың жанрлық ерекшеліктерін анықтай түсуге көмектесетін өлшемдердің бірі.

Сөйтіп сыншы ұлттық сынымыздың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ əдеби сынының мынадай негізгі жанрларын атап көрсетеді: əдеби хабар, аннотация, рецензия, мақала, шығармашылық портрет, шолу, эссе, əдеби фельетон, əдеби пародия, əдеби эпиграмма, монография. Бұлардан басқа библиографиялық көрсеткіш, əдеби есеп, əдеби очерк, əдеби шарж, т.б. жанрлар бар екенін ескертіп кетеді.

Профессор Д.Ысқақұлы сын жанрларын жіктеп қана қойған жоқ, оларға сипаттама беріп, ой зердесінен өткізе білді. Енді кезекті осы сын жанрларының ең негізгілері жайлы қысқаша сипаттамаларға берейік. Өз əңгімесін сын жанрлары ішіндегі ең маңыздысы əдеби хабар жайлы бастаған сыншы «əдеби хабар — сын жанрларының ішіндегі» жасы жағынан ең үлкені, көлемі шағын, икемділігі жағынан шапшаң, ең елгезек «тіл алғышы» деп атап көрсетіп, өз сипаттамасын былайша жалғастырады: «Баспасөз бетіндегі əдеби пікірлер ең алдымен, хабар түрінде көрінді десе болғандай. Мəдени өмірдегі елеулі деп табылған əдеби фактілер оқырманға, ең алдымен, хабар түрінде баспасөз арқылы жетеді. Қандай оқиғаны хабардың объектісі етіп алудың өзінде де сыншылық-бағдарлаушылық сипат бар. Көбіне оқырманға пайдасы бар, ұнамды оқиғалар хабардың объектісіне айналады».

Сыншы алғашқы қазақ баспасөзінде көрінген əдеби сынның мұндай түрі профессор Т.Кəкішев «Жарнама сынның «өзіндік ерекшеліктерін сипаттап берген мына пікірін келтірді: «Сын жанрының ішкі түрлері дамып-жетілмеген кезеңде талдаудан гөрі, көңіл білдіру, тілек айту басым болатыны аян», «Жарнама сын пəлендей көркем шығарманың дүниеге келгенін хабарлау міндетін атқарады» [8].

Сын жанрының келесі бір маңызды да негізгі түрі – аннотация жайлы Д.Ысқақов былай деген:

«Аннотация – сын жанрының ішіндегі ең шағын көлемдісі, шын мəніндегі əдеби сынның бастау алар бұлағы. Алғаш көрінген түрі десе де болғандай. Аннотация объектісі – бір ғана шығарма, кітап. Мақсаты – кітаптың не туралы екендігімен таныстыру. Əдеби сынның басқа жанрлары сияқты алдына көп міндеттер қоймайды, жоғарыда айтылған бір мақсатты шағын көлемде орындау аннотацияның негізгі жанрлық ерекшелігін айқындайтын өлшем болып табылады».

«Рецензия – сын жанрларының ішіндегі ең көп қолданылатын, өрісі кең жанр», — деп бастайды сыншы. Əрі қарайғы оның ойы былай жалғасады: «Рецензия – латын сөзі, қазақша тексеру, бағалау, пікір білдіру дегенді білдіреді. Рецензия дегеніміз — əдеби шығарманы сыни тұрғыдан талдап қарастырып бағалайтын, пікір білдіретін əдеби сынның жанры».

Сыншы ойынша, рецензияның ең маңызды міндеті — сапасыздыққа қарсы күрес. «Əдетте, — дейді ол, — рецензияның көпшілігі сəтті делінген туындыларға арналады да, сапасыздыққа қарсы күрес жағы əлсіздеу соғып отырған. Əсіресе бүгінгі күн сынында əдебиеттегі кемшілік атаулыға қарсы күрес жағы сын көтермейді. Солай бола тұрса да, əдеби сынымыздың əдеби сауатсыздыққа қарсы қажырлы қайрат көрсете білген үлгілерін көптеп көреміз».

Келесі сөзді Д.Ысқақұлының сын жанрлары ішіндегі ең ауқымды түрі — мақала жайлы пікірлеріне берейік: «Мақала терминінің əдетте екі түрлі ұғымы бар. Біріншісі, көбіне баспасөз бетінде жарияланған материалдардың жалпы аты ретінде қолданып жүр. «Газетке мақала шығыпты» дегенде, ол рецензия да, хабар да, шолу да, фельетон да болуы мүмкін. Екінші — нақтылы баспасөз жанрының атауы. Газеттің хабар, аннотация, репортаж, очерк, рецензия сияқты жанрлары бар десек, мақала да сол секілді осы қатардан белді орын алады. «Мақала – баспасөз жанрларының ішіндегі ең көп қолданылатын жəне кеңінен талдайтын мүмкіндігі молырағы. Біз мақаланы осы жанрлық тұрғыдан қарастырамыз.

Əдеби ой-пікірлерді кеңінен насихаттау үшін əдеби сын баспасөздің мақала жанрын барынша пайдаланды. Кей зерттеушілер мақаланың əдеби сында ең көп қолданылатындығын талдаушылық, пікір білдірушілік мүмкіндіктерінің молдығын, көлемі, формасы жағынан ыңғайлығын ескере отырып, оны сын жанрларының ішіндегі ең бастысы, негізгісі деп біледі». Ғалым сондай-ақ мақала жанрының мақсатын, зерттеу объектісін, құрылымдық жағы мен басқа жанрлардан ерекшелігін де саралап берген екен: «Мақаланың мақсаты — əдеби өмірде болып жатқан маңызды құбылыстарды, оқиғаларды талдап – бағалау, оның заңдылықтарын ашу, оқырмандарға түсіндіріп отыру. Сондықтан да мақалада əдеби сынның ғылыми-публицистикалық сипаты айқын көрінеді. Мақала əдетте белгілі бір идеяның «əлеуметтік ой-пікірдің негізінде жазылып», сол мəселені талдауға, түсіндіруге, осыған қатысты өз пікірлерін білдіруге құрылады. Көбіне қазіргі əдебиеттің бір немесе бірнеше зəру мəселесі көтерілген мақаланың проблемалық сипаты анық. Демек, мақаланың зерттеу объектісі — əдеби процестің жекелеген зəру мəселелері. Мысалы, рецензия бір кітап туралы жазылып, соған жан-жақты сипаттама беріп, бағалауға ұмтылса, мақаланы бұл кітап тұтас көркем туынды ретінде қызықтырмайды, онда көркем бейнеленген əлеуметтік, адамгершілік, эстетикалық проблемалардың бірі төңірегінде əңгіме қозғалады, немесе шығарманың идеялық-көркемдік жағының бір ғана қыры сөз болады. Мақала авторы көтеріліп отырған мəселеге қатысты өз ойларын дəлелдеуге дəйектерді бір кітаптан немесе бірнеше кітаптардан, тіпті бүкіл əдебиеттерден алуы мүмкін. Сондықтан да мақала — əдеби өмірдің өзекті өңірлеріне батыл барып, толымды пайымдаулар жасауына шамасы да, мүмкіндіктері де мол жанр. Профессор Д.Ысқақұлы сын жанрының ең бір маңызды түрі əдеби шолуға кеңінен тоқталып, саралап берген. Біз сол пайымдауларға қысқаша ғана тоқталмақпыз.

«Аннотация, рецензия, шығармашылық портрет, мақала сияқты сын жанрлары негізінен əдеби өмірдің бір ғана құбылысын, не мəселесін қарастырып, сол төңіректе ғана сөз қозғайды. Олар əдеби процестен үзік-үзік мағлұматтар ғана береді, мүмкіндіктері шектеулі. Ал көркемдік дамудың тұтас көрінісін жасап, ондағы басты тенденцияларды анықтау шолудың еншісінде. Атынан-ақ көрініп тұрғандай, көркем əдебиетте жүріп жатқан өмірдің біртұтас көрінісін жасау əдеби шолудың басты мақсаты болып табылады. Əдеби шолудың негізгі зерттеу объектісі — əдеби өмір де, мақсаты соны шолып, пікір білдіру. Əдеби шолудың сынның басқа жанрларынан басты ерекшелігі – шолынып отырған əдеби объектінің шынайы көрінісін жасау. Шолудың негізгі жанрлық белгісі қарастырылып отырған объектінің, яғни əдеби өмірдің, біртұтас панорамасын жасау, сол туралы пікір білдіру болса, осы мақсатқа жету үшін ол сынның басқа жанрларының мүмкіндіктерін еркін пайдаланады. Шолудың ішінде библиографияның, хабардың, аннотацияның, рецензияның, мақаланың, шығармашылық портреттің т.б. элементтері жүре береді. Сыншы айтар ойының бағытына қарай баяндау, толғаныс, суреттеу, талдау, жинақтау секілді тəсілдерді кеңінен қолданады» — деп, сыншы жалпы əдеби шолуға түсінік береді де, олардың құрылымына былай тоқталады: «Əдеби шолудың ішкі анатомиялық құрылымы негізгі үш түрлі құрамдас бөліктерден тұрады. Оның біріншісі — əдеби фактілер, яғни фактілердің жиынтығы. Олар бір-бірімен органикалық байланысты, көркемдік дамуды бейнелей алатын айтылар басты мəселеге тікелей қатысты болуы керек. Екіншіден, шолуда міндетті түрде əдебиеттің фактілеріне негізделген ой айтылу қажет. Үшіншіден, сыншы өз ойын тиімді жеткізудің түрлі жолдарын таңдайды. Бұл ретте əдеби фактілерге берілген түсініктемелер негізгі роль атқарады».

Зерттеуші Д.Ысқақұлы сын жанрының тағы бір түрі — эссе жайлы былай дейді: «Эссе латынның — таразылау, ағылшынның, француздың очерк, мақала деген ұғымын білдіреді. Эссе жанрының негізін салған француздың үлкен гуманист, философ жазушысы М.Монтень. Кейіннен бұл жанрда көптеген жазушылар, философтар, қоғам қайраткерлері қалам тартып, əдебиеттің ерекше эссеистика саласы қалыптасты.

Эссенің өміршеңдік танытуы оның көркем əдебиет пен ғылымның жақсы қасиеттерін бойына сіңіріп, оқырман ойын қозғай білуіне байланысты болса керек. Жүрекке жылы тиетін лиризм — эссенің сипатты қасиеттерінің бірі. Қайсы бір эсселерді автордың əдебиет, өмір туралы философиялық толғаныстары дерлік. Эссенің жанрлық ерекшелігі — оның композициялық құрылымының еркіндік танытуы. Мұнда басқа жанрлар секілді қалыпты стандарт байқалмайды. Автор өз ойларын жүйелі, жүйесіз баяндайды. Пікір білдіру бір кітап, жазушы, тақырып, əдеби өмір жайлы нақтылы болуы да, не жалпы əдебиеттің кейбір мəселелері хақындағы үзік-үзік ойлардан тұруы да мүмкін. Кейде естелік түрінде жазылып, жазушының шығармашылығы жайлы пікірлер оның іс-əрекетін көрсету, айтқан сөздерін келтіру арқылы да білдіреді. Кей эсселер əңгіме-естелік түрінде жазылса, енді біреулері қара сөзді лирика, яғни əдебиет жайлы толғаныс болып келеді. Соңғы жылдарда эссенің əдеби трактат, əдеби тезис, əдеби күнделік түрлері де бой көрсетіп жүр. Эссе көркемдік жанр болса да, оның сыншылық сипаты айқын. Əдетте əдебиеттің тарихында өзіндік орны бар үлкен қайраткерлер жайында естелік, не толғаныс түрінде жазылып, оған деген автордың субъективті пікірлері айтылады. Эсседе ғылыми талдаулардан гөрі автордың өзіндік əсерлері, шығармашылық тəжірибелеріне негізделген ойлары басым, шағын көлемді еркін құрылымды келіп, көркем əдеби стильде жазылады. Сонымен, сын жанрларының ішіндегі эссе жанры — əдебиет жайлы не бір құнарлы ойлардың бір бұлағы, əдебиетіміз, қаламгерлеріміз хақында жүректі жарып шыққан ақжолтай пікірлерді оқырмандарға жан жылуымен, əсем əсерімен, бейнелі бояуымен сол күйінде жеткізудің бірден бір арнасы. Көркем əдебиет пен оның сынының арасында жүріп, екеуіне бірдей қызмет ететін өміршең жанр. Қазақ сыншылдық тұрғыдағы эссеистикасы əлі жас. Қазақ əдебиеті мен сынында эссенің эссеистика аталатын үлкен өркенді алаңға айналатындығына сеніміміз мол. Сонымен, əдеби сының жанрлық түзілісі əдеби фактінің сипатына, соған байланысты сын міндеттеріне де тікелей байланысты екендігі көрінеді. Міне, осындай əдеби сынның басты белгілерін ескере отырып, Д.Ысқақұлы сын жанрларын бірнеше топқа бөлді. Оның классификациясын жасады.

Əдебиет — ардың ісі. Демек, көркем əдебиетке жүктелер жүк айрықша. Əдебиет — əрбір ұлттың болмысын, ар намысын, рухани, мəдени дəрежесін байқатар айнасы. Əдебиеттің осындай биікте көрінуіне бірден бір жағдай жасап, жол нұсқайтын, арын арлап, жоғын жоқтап, қоғамдық сананың сын сарабынан өткізіп, таразылап отыратын — оның сыны. Нақтылай айтсақ, ұлттық əдебиет, оның ғылымы, оқырман қауым əдеби сынға дəуір талабы тұрғысынан белгілі бір дəрежеде өз аттарынан сөйлеуге өкілеттіктерін берген. Сондықтан да əдеби сынға қоғамдық өмірдің рухани əлемінде аса маңызды міндеттер жүктелген.

Сынның дəрежесі белгілі бір шамада көркем əдебиеттің де жай күйін аңғартады. Əдеби сын көркем əдебиетпен бірге пайда болып, дамиды. Сынның тағдыры — қиын да күрделі. Ойымызды түйіндей келе, қазақ əдеби сынының теориялық мəселелерін зерттеп, сын жанрларын жүйелеп, арнайы оқу құралын жасап, жоғары оқу орындарына «Сын теориясы» деген арнайы курстың енуіне себепші болған ғалым — Дандай Ысқақұлы. Ғалым-сыншы Д.Ысқақұлы əдеби сынның табиғатын анықтап, əдеби сынның негізгі құрамдас бөліктерін (əдеби сынның мазмұны, əдіснама мен əдістері, жанрлары, зерттеу объектісі, бағыты, қызметі, түрлері, принциптерін) атап көрсетті. Ғылыми принциптерге сүйене отырып, əдеби сынның жанрларын жіктеді. Əдеби сынның сатиралық жанрларын қарастырып, əдеби сынның басқа да жанрлық түрлерін анықтап, əдеби айналымға енгізді. Сондықтан да əдеби сынның табиғатын теориялық, практикалық тұрғыдан зерттеген Д.Ысқақұлының еңбектері əдебиеттану ғылымындағы өзекті мəселелердің біріне айналмақ.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Ысқақұлы Д. Сын шын болсын. — Алматы: Санат, 1991. — 288 б.
  2. Ысқақұлы Д. Сынсонар. — Алматы: Рауан, 1994. — 86-б.
  3. Томашевский Б. Теория литературы. — М.: Федерация, 1928. — С. 160.
  4. Тынянов Ю. Архаисты иноваторы. — Л., 1929. — С. 7.
  5. Лихачев Д. Поэтика древнерусской литературы. — М.: Наука, 1979. — С.
  6. Гроссман Л.П. Жанры литературной критики. — М.: Искусство, 1925. — С.
  7. Егоров Б. О мастерстве литературной критики. — Л.: Наука, 1980. — С.
  8. Кəкішев Т. Сын сапары. — Алматы: Жазушы, 1971. — 84-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.