Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Т.Кəкішев зерттеулеріндегі əдебиеттің теориялық мəселелері

Ұлттық əдебиеттегі ағымдар мен əдістердің ауысулары сол ұлттың көркемдік дамуының аса айқын белестері жəне əдебиет заңдылықтарының жүзеге асуының нақты көрсеткіштері екені рас. Əдеби ағымдардың əдістермен, жанрмен қарым-қатынасы біршама ғылыми тұжырымдар жасауға жетелейді. Əдістер мен əдеби ағымдардың ішкі байланыстары белгілі бір жанрлардың дамуына жол ашты. Жанрлар үздіксіз даму үстіндегі құбылыс болғандықтан, оған əдебиет даму кезеңдеріндегі əдістер мен əдеби ағым-бағыттар өз ерекшеліктерін əкеліп отырды. Біздегі əдебиет теориясына байланысты кейінгі жылдарда жарық көрген еңбектерде «бағыт», «ағым», «стиль», «əдеби мектеп», «əдеби топ» сияқты ұғымдардың ара-жігін ажыратып, басты сипаттарына қарай жүйелеу ісі алға жылжығандығы байқалады. Бұл орайдағы ізденістерге мұрындық болған, серпін берген ғалымдарымыздың бірі — Т.Кəкішев. Ұлт əдебиетіндегі ақтаңдақтарды қалпына келтіре бастап, көркемдік даму бағдарымызды адамзаттың рухани бағдарымен қойындастыра бастаған 90- жылдардың басында ғалымның «Қазақ əдебиеті» газетінде жарық көрген «ХХ ғасырдағы қазақ əдебиетіндегі ағымдар хақында» деген мақаласы үлкен резонанс тудырғанын айту керек. «ХХ ғасырдағы қазақ əдебиетінің өркендеуіндегі ерекшелікті, қандай ағым-бағыттар болғанын зерттеп, түбегейлі шешімін табуға асығу шарт», — деп жазды ол [1]. Расында да, əдебиетіміз ХХ ғасырдың басында-ақ натурализм, сентиментализм, экзистенциализм т.б. тəжірибелерді басынан өткерді. Əсіресе ұлттық прозадағы романтизм, көркемдік ойлаудың реалистік жəне романтикалық ойлау типтері, əдебиеттің ішінара бір əдістен екінші бір əдіске көшуі, ауысуы үдерісі кеңінен қаузалмаған мəселе. Т.Кəкішев бүгінгі күнге дейін біз басшылыққа алып келген əдеби бағыт пен ағым, көркемдік əдіс теориясына арналған еңбектер негізінен Еуропа елдерінің əдебиеті бойынша жасалғанына баса назар аударды. «Кешегі кеңес, бүгінгі орыс əдебиетінде үстемдік жасаған, жасап келе жатқан эстетикалық таным-білік европоцентристік көзқарасқа негізделеді. Ол қисын бүкіл адамзаттың рухани дүниесін Еуропа үлгісіне салып пішіп, ғылым мен білімді, əдебиет пен мəдениетті соның аясында көрсетуді ұнатады да, ұқсағандарын бауырына тартады, өзіндік ерекшелігі барларын танып- білуге құлықсынбай шетке қаға береді, əрі беріден соң оларға керітартпалық сипат дарытып, қисын əлеміне жақындатпауға тырысады» деген пікірі де бұл саладағы қыруар мəселені мегзеді [1]. Кеңестік дəуірдегі аталған əдеби категориялар төңірегінде өрістеген теориялық ой-пікір Франция, Италия, Германия, Испания, Ұлыбритания, Ресей елдеріндегі көркемдік дамудың мысалдарына əсіре жүгініп отырғанымызды кімнен жасырамыз.

Асылында, жер бетіндегі барша халықтардың даму жолы біркелкі еместігі аян. Алғашқы қауымдық құрылыстан неғұрлым күрделі қоғамдық өмір формаларына əр халық түрлі жолдармен, түрлі уақыттарда өтіп отырды. Біреуінде классикалық антика, келесісінде феодалдық дəуір ұзақ уақытқа созылса, біреулері капиталистік формацияға ертерек енді т.б. Тарихи дамудың осы ерекшелігіне сəйкес, ғалымдар арасында талайдан бері пікірталастар тудырып келе жатқан, ұлттық əдебиеттану көп маңыз бере бермеген мынадай мəселелер бой көтереді: ұлттығы мен мемлекеттігі, жазба əдебиетінің пайда болуы əр түрлі хронологиялық кезеңдерде жүзеге асқан халықтардың барлығы антикалықтан модернизмге дейінгі көркемдік даму сатыларынан өтуі міндет пе жəне мүмкін бе?

Бұл сауалға ғалым былай жауап береді: «Біз көшпелілер мəдениетіндегі көшпелі жұрт, əсіресе сөз өнерін культқа айналдырған ел екенімізді ұмытпай, əлемдік көркемдік танымнан өз арнамызды табуға тиіспіз. Өйткені бізде реалистік, романтикалық, сатиралық, символикалық суреттеу тəсілдерінің қай-қайсысы болмасын қазақы бояумен көрініп жатқанын көреміз. Сондықтан қазақ əдебиеті тек поэзия жанрымен өркендеді дегенді енді қою керек. Қазақ поэзиясы, шындап келгенде, европалық поэзияның алуан саласын қамтыған синкретті, жиынтық құбылыс деп түсінуге тиіспіз. Проза, драма, ғылыми трактат түрінде айтылғандарды өлең-жырға орап жеткізе білетіні қазақы танымның ерекшелігі екенін енді ұғуға тиіспіз», — дейді [1].

Бұл тұста ғалым қазақ əдебиетіндегі жедел даму құбылысының фольклорлық негіздері туралы айтып отыр. Өйткені ұлттық əдебиет адамзаттың тарихи-мəдени керуенімен қай жерде тоғысады, қай кезеңде кенже қалады, дамудың қай сатыларын жедел өткереді? деген сауалдарға жауап іздеу барысында халықтың поэтикалық-фольклорлық ойлау мəдениеті, ұзақ уақытқа созылған фольклорлық дəуірдің берері көп. Қазақ халқының жазба əдебиеті қалыптасқанға дейінгі кезеңінде қоғамның рухани өмірі, болмысты образдап игеру ерекшеліктері фольклорлық-поэтикалық формада көрініс тапты. Мұнда бір-бірінен ажыратылмаған күйінде халықтың философиялық, құқықтық ождандық, діни жəне эстетикалық т.б. көзқарастары тұтасып жүрді. Əдебиеттанушы үшін бұл күрделі үдерістер ішінен, яғни синкреттік шығармашылықтан, нақты бір өнер саласы ретінде немесе қоғамдық сананың өзгеше формасы түрінде қабылданатын көркем əдебиетке өту қалай жүзеге асатынын бағамдау басты мақсат болып табылады. Өйткені əдебиеттің жедел дамуы құбылысында фольклор негізгі міндеттердің бірін атқарады. Көркем шығармашылықтағы жедел даму құбылысын теориялық тұрғыдан негіздеуші Г.Гачевше айтсақ, «əдебиеттің өтуге тиісті даму сатыларының қызметін фольклор атқарып, мəдениеттегі бос кеңістікті фольклор толтырады» [2; 401–402]. Кезінде Ш. Уəлихановтың қазақ эпостарының образдары Еуропаның жазба əдебиетінен ешбір кем соқпайтынын айтуы да фольклордың əлемдік көркем ой дамуының жаңашылдықтарын бойына сіңіргіштік қасиетінің тағы бір куəсі болса керек [3].

Қарап отырсақ, фольклорлық эпикалық туындылар уақыт ілгері жылжыған сайын батырлық жырлардағы қуатты романтизмнен бірте-бірте алшақтай отырып, өмірдің нақты жағдайларына негізделген реализм элементтерін мүмкіндігінше пайдаланып отырды. «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Қыз Жібек» жырларындағы Баян, Жібек тағдыры негізінен романтикалық-трагедиялық тұрғыда жырланса, «Айман-Шолпандағы» Айман бейнесіндегі романтикалық рух едəуір солғын тартып, сол уақыттағы қоғам мен адам тыныс-тіршілігіне мейлінше жақындатылған. «Есім сері — Зылиқа», «Мақпал қыз», «Құл мен қыз», «Күлше қыз — Назымбек» дастандары да барған сайын бойына реалистік белгілерді жинай берді. Фольклордың ішкі жүйесінде болып жатқан бұл үдерістер нəтижесінде имманентті түрде жазба əдебиетінің белгілері пайда бола бастады.

Халық ауыз əдебиеті мен жазба əдебиетінің өздеріне тəн айырым белгілерін іздеушілерге лиро- эпикалық дастандардың берері өте көп. Архаикалық, қаһармандық эпостар дəстүрінде жасалған десек те бұл жыр-дастандарды кейіпкерлердің психологиялық жай-күйі, мінездерге дара ерекшеліктер дарыту тұрғысында «романдық эпос» деп атау қалыптасып кетті. Ірі эпикалық əрекеттерден гөрі айналадағы нақты шындықтардың ортасындағы адамның жеке мұраттарының анағұрлым айқындала түсуі көшпенділердің дəстүрлі танымының үлкен өзгерістерге ұшырағанын байқатады.

Мұның бəрі қазақ фольклорының əлемдік əдебиеттің ортағасырлық даму сатысына тəн жанрлық канондардан тəуелсізденіп, ұжымдық шығармашылықтан авторлық шығармашылыққа қарай, адамзат көркем ойының ең жаңа дəуірдегі үлкен белесі — реализмге қарай бағыт алған ілгерінді үрдісі болып табылды.

Ауыз əдебиетінің жеке авторлығы бар шығармалары турасында, роман жанрын қалыптастырудағы фольклордың ролі мен қазақ əдеби шығармашылығының көлемді прозалық баяндауларға жол ашатын эстетикалық жағдай қалыптастыра алғандығы турасында Т.Кəкішев орнықты ойлар айтқан болатын. Ғалым: «Тағы да қайталайын, Еуропа жəне орыс əдебиеттеріндегі құбылыстардың бəрін қазақ əдебиеті солардың ізімен жүре қайталауы шарт емес, тіпті қажет те емес, бірақ көркемдіктің жалпыға ортақ заңдылықтарын игеріп, шын кəсіби жолға түсуге міндетті. Өрелі əдебиеттерден бой тасаламай, пайдалысынан үйренуге тиісті заңдылықты айтқанда еш уақытта өз ерекшелігімізден көз жазбауымыз керек», — деп нақтылайды [1].

Жадында дамудың бірнеше сатыларынан əлдеқайда бұрынырақ өтіп үлгерген орыс əдебиетінде біздегі ұлттық прозаның эпикалық формалары тумай тұрып, проза жанрында классикалық дүниелер жасалып қойған. Алайда тарих өлшемімен алғанда өте қысқа уақытта қазақ əдебиеті əлемдік прозаның талаптарына жауап бере алатын шығармаларды дүниеге келтіруі арқылы даму сатыларындағы айырмашылықтарды жоя алды. Адамзат көркемдік танымының ұзақ тарихи жолындағы сəтті тəжірибелерді ұлттық фольклордың бойына сіңіруі кейін алуан жанрда дамыған жазба əдебиетінің басқа халықтар мыңжылдықтар бойы өткен сатыларды қайталамауына, жедел дамуына себеп болды. Демек, қазақ халқының көркемдік таным эволюциясында, ұжымдық санадан жеке авторлық санаға дейінгі даму көшінде антикалық, ортағасырлық, реннесанстық, ағартушылық, романтикалық т.б. дəуірлердің эстетикалық белгі-бедерлерін аңғаруға болады. «Бұл барлық əдебиеттер қайталанады, ешқандай жаңалық тумайды дегендік емес, мəселе ол жаңалықтардың нақты неден тұратындығын, қандай əдіспен қарастыруға болатындығында. Егер зерттеуші əлемдік əдебиеттің осы күнге дейін белгілі даму жолын, оның барлық сатылары мен жанрларын үнемі естен шығармаса, ол мүмкін болмақ» [2; 420].

Яғни қазақ прозасы да əуелгі көркем шығармашылықтың бойына тұтасқан поэтикалық синкретизмнен енші алды. ХХ ғасырдың басынан бастап прозаның жетекшілікке ие болуы ұлттық əдебиеттің дамудағы жаңа белеске көтеріліп, озықты қабылдай алатын, əлемдік əдебиетте бар күрделі формаларды өз топырағынан өндіре алатын күйіне жетті. Өйткені өзінің тарихи даму жолында қазақ əдебиеті прозаға дейінгі барлық сатылардан өтіп келді. Прозасы дамып үлгерген халықтардың барлығында дерлік классицизмнің романтизмге, романтизмнің реализмге, натурализмге, модернизмге ұласатын даму заңдылықтары ұлттық əдебиетімізде жүзеге асты.

Қазақ əдебиетінің жанрлық түрленуіне, оның ішінде прозалық жанрлардың өрістеуіндегі фольклордың орасан ролі турасында, ондағы реалистік бағыттың күшеюіне байланысты айтқан «Реалистік арнаға түсу қазақ табиғатында қызық-қызық кезеңді басынан өткергені байқалады. Батырлар жырын алыңызшы, соның көркемдік қуатына көз жіберсек, елді қорғау, халықтың қамқоры болу идеясы мен мұндалап шығады. Бұл поэзиямен атқарылар іс емес, бірақ біздің жырға үйренген табиғатымыз ұйқастыра айтуды, сазбен жеткізуді талап еткен соң, 7–8 буынды жыр үлгісімен баяндап береміз. Жырдың ұйқасқан сыртқы келбетіне қарайды да, оны поэзияға қарай икемдей береді, қазақ прозасы болмады, я кеш дамыды дегенге ойыса береміз. Ал шындығында осы батырлық жырды бунақтап, бұталап, басқа əдебиеттердің үлгісімен салыстырар болсақ, өзінің бас кейіпкері, оқиға дамытар сюжеті, характер жасау, тартыс қақтығысы бар, баяндап суреттеуге құрылған шығарма екенін көреміз. Бұл прозаға тəн қасиетті батыр əрекет етер сəтті көрсетерде жыр өрнегіне салып, оқиғаларды байланыстырар тұста баяндау əдісін қолдану — кейіпкердің жанды бейнесін жасауға қажетті тəсілдер», — деген тұжырымы теориялық тұрғыдан аса құнды [1].

Қазақ прозасының қалыптасуы, оның аз уақыт ішінде əлемдік деңгейге көтеріліп үлгергені жедел дамудың нəтижесі. Іргелі елдердің рухани-мəдени тəжірибелерін сығымдалған түрде ұлттық өнерге сіңіру олардағы ірі-ірі əдеби бағыттардың, ағымдардың, əдістердің, стильдердің келуіне себеп болды. «Басқа əдебиеттер үшін өлеңдік поэзиядан қазіргі романға дейінгі қашықтық аса алшақ болса, Абайдың жолынан «Абай жолына» дейін қазақ əдебиеті бар жоғы жарты-ақ ғасырда жетті», — деп жазады Н.И.Конрад [4]. Сондықтан əдеби құбылыстарды тексергенде оларды дəстүр аясында жетілген ұлттық факт тұрғысынан жəне əлемдік көркемдік дамуға қатысы тұрғысынан да салмақтап отыру маңызды екенін мегзейді ғалым.

Əдебиетіміздің көркемдік-эстетикалық тұрғыда толысуының нақты айғағы болған түрлі жанрлардың өркендей дамуын тек қана реализммен байланыстыру аздық етеді. Əрине, реализм принциптерін қазақ əдебиеті бойына бірте-бірте сіңіру арқылы əдеби шығармашылықтың болмысты танып-білудегі қабілетін күрт арттырып, өресін шығандатты. Сондықтан да реалистік ойлау типіне орай өрістеген суреткерлік белсенділік, адам болмысының рухани-психологиялық күрделі қатпарлары мен өмір құбылыстарының ішкі мағынасына тереңдеушілік ғалымдар мен сыншылар назарына бірден ілікті. Бірақ қазақ прозасының, оның ішінде романының қалыптасуы мен еңсесін тіктеп кетуіндегі басқа да əдістердің орны жете талданбай келеді. Əсіресе біздің прозадағы романтизм мəселесі. Алғашқы романдардағы айрықша дараланып тұратын романтикалық бейнелер, суреткерлердің шектен тыс субъективтілігі мен өз қиялындағы өмірді бейнелеуге деген ұмтылысы сияқты жайларды көп уақыт ескермей келгеніміз рас. Т.Кəкішев болса аталмыш мақаласында ұлттық əдебиеттің өсіп-жетілуіндегі романтизм эстетикасының мəнін ғылыми тұрғыдан саралап шығуды шұғыл міндеттердің қатарына қояды.

«ХХ ғасырдағы қазақ əдебиетінің дамуында бадырайып көрінген, əлі күнге дейін тамсандырып келе жатқан көркемдік амал — романтикалық суреттеу тəсілі. Бұл жөнінде біраз қиястық жасадық. Романтизмді революцияшыл, өршіл жəне реакцияшыл деп екі бөліп, біріншісін жақтадық, екіншісін даттадық, əрі-беріден соң сөзіміз «дəлелді» болу үшін саясат араластырдық. Мұң-шерге батып жылап-сықтау, кешегі күннен, қазақтың феодалдық-патриархалдық тұрмыс-салтынан айырылмау, ескілікті дəріптеу деп оңды-солды соқтық.

Қазақ əдебиетінің əргі-бергі тарихында дүниені романтикалық тұрғыдан танып-білу əдісі реалистік сыңайдан асып түспесе, кем емес. Тіпті, əрі-беріден соң көшпелі өмір салтының өзінде романтиканың толып жатқан сілемдері барын аңғармау, оны сөз өнері арқылы жарқыратып көрсетпеу мүмкін емес. Бірақ, өкініштісі, сол біз асқақты сөз орамынан іргемізді аулақ салып, көркемдік танымымыздың қуатты бір қанатын қырқып тастадық», — деп жазды Т. Кəкішев [1].

Өткен ғасырдың 20-жылдарында романтизм туралы болған айтыс-тартыстар, ұлттық əдебиетіміздегі мұндай эстетикалық құбылыстың мəн-мағынасын ауқымды түрде саралауға жол салар деген үміт ақталмағанын баса көрсетеді зерттеуші.

Тұжыра айтқанда, əдеби мұраны игеру мен ұлттық сөз өнерінің тарихындағы небір келелі мəселелерді күн тəртібіне алып шыққан сертіне адал сергек ғалым 1994 жылы жазған «ХХ ғасырдағы қазақ əдебиетіндегі ағымдар хақында» мақаласымен еркін ойлауға қол жеткізген ұлттық əдебиеттанудың алдына ірі-ірі теориялық мəселелерді де қоя білді.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Кəкішев Т. ХХ ғасырдағы қазақ əдебиетіндегі ағымдар хақында // Қазақ əдебиеті. — 1994. — 26 тамыз.
  2. Гачев Г.Д. Неминуемое. Ускоренное развитие литературы. — М.: Худож. лит, 1989. — 432 с.
  3. Уəлиханов Ш. Таңдамалы шығармалар. — Алматы: Жазушы, 1985. — 162–168-б.
  4. Конрад Н.И. О некоторых вопросах истории мировой литературы // Запад и Восток. — М.: Наука, 1972. — 293 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.