Қазақ əдебиеті

Бүгінгі таңда əйелдің қоғамдағы орны, ой-таным шеңбері ұлғайып отырған шақта əйел тақырыбы қуатты арна ретінде осы ғасырдың аяғына таман жан-жақты танылып отыр. Қазақ əдебиеті тарихындағы əйелдер бейнесінің эволюциясы ерекше көрініс берген. Қазақ əдебиетінің қайнар көзі ауыз əдебиеті екенін ескерсек, «мінсіз ару», «ғажайып əйел», «адал жар» үлгісін жасау дəстүрі əсіресе əр алуан ғашықтық қисалардан, эпостық жырлардан жəне аңыз-ертегілерден айқын көрінеді. Мəселен, «Ай астындағы Айбарша», «Күн астындағы Күнекей», «Айдай сұлу Айсұлу» ертегілерінде болмасын, «Жүсіп–Зылиха», «Мұхаббатнаме», «Қозы-Көрпеш — Баян-Сұлу», «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» жырларында болмасын, сүйгеніне деген адалдық, үміт отын өшірмей, жарын ұзақ жылдар бойы күткен арулардың əсіресе сырт келбеті айрықша əсемдігімен ерекшеленеді.
2010

Модернизм əдебиетінің ұстанар басты принциптерінің бірі көркем шығарма тілін сана ағымына орайластыру десек, мұндай сипат 1960–1980-жылдардағы қазақ прозасында анағұрлым басымдыққа ие болды. Мұндай үдеріс əсіресе Ə. Кекілбаев, Т.Əбдіков, О.Бөкей, А. Сүлейменов, Қ. Ысқақов, А. Нұрманов, М. Мағауиндердің стильдік бағдарына тəн еді. Кезінде американ психологы жəне философы У. Джеймстің «Психологияның ғылыми негіздері» (1890) атты еңбегінде тиянақталған «сана ағымы» тұжырымдамасы классикалық реализмдегі кейіпкерлердің белгілі бір рухани- психологиялық күйін бейнелеуге қолданатын ішкі монологынан біршама өзгешелектері бар.
2010

Əлем халқы мифтерінің қай-қайсысын алып қарасақ та, аспан денелеріне қатысты аңыздардың мол кезігетіндігін зерттеушілердің дені мақұлдайды. Оның, əрине, өзіндік себептері де бар. Жаратылыста қыры мен сыры жұмбақ көріністер де, əрекеттер де баршылық. Жалпы кез келген құбылыстың сипатын, астарын айқындауға адамзат сандаған ғасырларды сарп етіп барып қол жеткізген. Əлі ашылмаған тылсым дүниелер қаншама? Соған сəйкес əр дəуірлерде, түрлі жайттерге байланысты мифтік əңгімелер туындап отырған. Олардың белгілі бір бөлігі жаратылыс заңдылығымен белгілі бір үндестікте алынса, келесі бір парасы адамзат қиялының жемісі негізінде өмірге келген. Сондықтан да мифологиялық туындылар өз заманындағы адами ой-түсініктен, қабылдауынан, ұғымынан белгілі бір деңгейде хабар береді. Олай болса аспан əлеміне қатысты аңыздардың да адам баласының жаратылысты тануға талпынған əрекетінен барып туған деп тұжырым жасауға əбден болады.
2010

Қазіргі таңда жұмбақтың табиғаты фольклордың жанры ретінде толық зерттелінсе де, оның паремиялық бірліктер — мақал-мəтелдермен жақындастыратын белгілері, қасиеттері əлі де айқындалмаған. Күні бүгінге дейін жұмбақ тек сөз өнері тұрғысынан ғана зерттеу өзегі болып, оның қазақтың ескі наным-сенімімен, тұрмыс-салтымен, мақал-мəтелдермен тығыз ұштасқан қырлары толық ашылмаған.
2010

Еліміз еркіндікке қол жеткізіп, əлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа белесіне көтерілгелі мəдениетіміз бен əдебиетіміз қайта жаңғырып, театр өнері тарихи дамудың жаңа бір сатысынан көрінуде. Театрдың тірегі — драматургия. «Драма жоқ жерде театр өнерінің ғұмыры ұзаққа бармасы — аксиома. Яғни, театр негізі — əдебиет. Драматургия — əдебиет жанры. Осы ретте драмалық шығарманың екі бағыты айқындалады.
2010

Қазақ əдебиетінің ірі өкілі Мағжан Жұмабаев шығармашылығында тамыр тартып жатқан əдеби үлгілердің бірі символизм екендігі белгілі. Олай болса, «Ақын Мағжанның символизмге айрықша ден қоюының сыры неде? Бұл тарапта оны қызықтырған себептер қандай?» деген сұрақтар төңірегінде ой өрбітіп көрелік.
2010

Қазақтың шешендік өнерінің бір арнасы діни шешендіктен желі тартады. Ал діни шешендіктің түп бастауы сонау Араб құрлығына барып тіреледі. Өйткені ежелгі Араб елі шешендігінің негізгі арқауын діни шешендік құрайды. Халықтың əл-ауқаты, тұрмыс-тіршілігінің біте қайнасқан айнасы іспетті, наным-сенім негізінде пайда болған арабтың діни шешендігінің өзегінде ақ жүрек адалдық пен бəрін де қанағат тұтар қарапайымдылық сияқты халықтық абзал қасиеттерге толы келетін ықпалы күшті, əсері мол көркем тілмен əспеттелетін діни уағыздамалар жатыр. Діни шешендікті риторика ғылымында діни шіркеулік шешендік тұрғысынан «гомилетика» деп атайды.
2010

Əдіскер-ұстаз Қ.Бітібаева сабақтың дəстүрден тыс 25 түрін атап көрсетеді: дəріс сабағы, семинар сабағы, пəнаралық байланыста оқытуға негізделген (қос) үштік сабақ, конференция сабағы, сот сабағы, жəрмеңке сабағы, пресс-конференция сабағы, концерт сабағы, пікірталас сабағы, айтыс сабақтары, композициялық сабақ, əдеби монтаж сабағы, «Көзқарас» сабағы (урок «Взгляд»), брифинг сабақтары, ерлік сабағы, іздендіру сабағы, кездесу сабақтары, практикалық сабақтар, «Ұлылар мінбесі» сабағы, емтихан, есеп-сынақ сабақтары, реферат қорғау сабақтары, пікір қорғау сабақтары, көкпар сабағы, жарыс сабағы, ойын сабақтары [1; 264].
2010

М.Əуезовтің тағдыр талайы еректеу шығармасының бірі — «Қилы заман». Бұл кітап автордың ойға алған трилогиясының бірінші бөлімі болса керек. Жазушы 1917 жылғы революцияны, 1918 жылғы азамат соғысын зерделеп, тұтас дүние жасауды мақсат тұтыпты. Көңілдегі трилогияның жазылуына кітаптың бірінші бөлімі қалам тартқан автор ойын сансыратқандай.
2010

Қоғам — постиндустриалды, мəдениет — постмодерн. Ал əдебиет қайда бет бұрып бара жатыр? Үшінші жаңа мыңжылдыққа аяқ басу — бір құбылыстың басы, екінші бір құбылыстың соңы болуы бек мүмкін. Ақпарат ағымы тасқындаған заманда, ғасырлар тоғысында таным дағдарысы белең алды. Жаңа мəдениет көкжиегін көксеген жаңаша көзқарас ізденіске бастап, осы тұста тың талғам қалыптасуы уақыт заңдылығы десек те болады. Тың ізденіс əдебиетте жемісін қалай беріп жатыр? Бұл — бүгінде сөз өнеріндегі жауабын күтіп тұрған өзекті мəселе. Біз бұл жобамызда жазушы Мадина Омарова шығармашылығы арқылы өз жауабымызды беруге тырыстық. Бірден көзге шалынатыны, М.Омарованың кейіпкерлерінің күрделілігі, қайшылықты болмысы. Автордың көркем шығармаға арқау еткен идеясының образға айналуы, яғни қаһармандар əлемі жас жазушының қазақ прозасына алып келген өзгеше демі іспеттес.
2011

Бұл күндері қай замандарда халқымыздың маңдайына біткен ұл-қыздардың ел үшін еткен еңбектері айқындалып, есімдері айбынды тақтаға жазылуда. Сондай ерлердің арасында — Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, тағы басқалары. Бұлар бұрыннан танымал жағдаяттарды зерделеумен шектелмей, бізде не бар, не жоқ, ілгеріге табан басуға бола ма, ол үшін ежелден бой бермей келе жатқан енжарлықтан арылып, қанат қомдаудың қолайы қандай деген сауалдарға жауап іздеді. Олар отандастарының жазу-сызудан кенжеліп қалғанын, патша өкіметінің баяғыша езіп-жаншып, қараңғылықтан көз ашпаған бүтіндей бір өлкені газет-журналдардан да қағажы ұстап келе жатқанын баяндайды.
2011

 Қазақ əдебиеттану ғылымында «форманы» «пішін» деп те алып қарастырып жүр. Қай тұрғыдан алып қарасақ та, мазмұн көркем туындының ішкі дүниесі де, пішін, немесе форма, сыртқы əлпеті болып табылады. Ғалым З.Қабдолов: «Сонда əдеби шығарманың мазмұны — өз эстетикалық идеалының тұрғысынан суреткер таныған ақиқат өмір де, пішін — осы шындық тұтастырыла жинақталған көркем образдар жүйесі, яки əдеби қаһармандар өмірі екенін түсіну қиын емес» [1] деп атап көрсетеді. Олай болса, жекелеген халық ақындарының мұраларын қарастыра отырып, мазмұн мен формадағы сабақтастық мəселесін ашу арқылы фольклорлық үрдісте қалыптасқан көркем дүниелердің болмыс-бітімін айқындауға қол жеткізеріміз хақ.
2011

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.