Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ əдебиеті пəні бойынша өткізілетін сабақ түрлері

Еліміздің білім беру саласындағы түбірлі өзгерістер мектеп мұғалімдерінің, жалпы оқытушы қауымның шығармашылықпен жұмыс істеуіне үлкен жол ашуда. Олар өздерінің іс-тəжірибелерінде сабақтың көптеген тиімді түрлерін кеңінен пайдалануда. Демек, қазіргі заманғы оқытудың жəне шығармашылық еңбектің басты нышаны — сабақты түрлендіріп өткізу.

Əдіскер-ұстаз Қ.Бітібаева сабақтың дəстүрден тыс 25 түрін атап көрсетеді: дəріс сабағы, семинар сабағы, пəнаралық байланыста оқытуға негізделген (қос) үштік сабақ, конференция сабағы, сот сабағы, жəрмеңке сабағы, пресс-конференция сабағы, концерт сабағы, пікірталас сабағы, айтыс сабақтары, композициялық сабақ, əдеби монтаж сабағы, «Көзқарас» сабағы (урок «Взгляд»), брифинг сабақтары, ерлік сабағы, іздендіру сабағы, кездесу сабақтары, практикалық сабақтар, «Ұлылар мінбесі» сабағы, емтихан, есеп-сынақ сабақтары, реферат қорғау сабақтары, пікір қорғау сабақтары, көкпар сабағы, жарыс сабағы, ойын сабақтары [1; 264].

Осы аталған дəстүрден тыс сабақтың кейбір түрлеріне тоқтала кетейік. Дəріс сабағында сөздік əдіс қолданылады. Сабақ барысында мұғалім мол материал беріп үлгереді. Оқушы əрі тыңдайды, əрі тыңдай отырып, конспект жасайды. Оқулықтан тыс хабарлар, деректер беріледі. Дəріс сабағы жаңа білім беруде материал мол болған кезде, қосымша хабарламалар, көп деректер берілген кезде өткізіледі.

Жоғары оқу орындары оқытушылары мен мектеп мұғалімдері үшін дəріс түрлерін айқындап алудың маңызы да зор. Өткізілу əдіс-тəсілдеріне қарай дəрістер ақпараттық дəріс, проблемалық дəріс, көрнекілік дəріс, диалогты дəріс, конференциялық дəріс, кеңес түріндегі дəріс, екеуара дəріс жəне шатастыру дəрісі болып бөлінеді. Қысқаша сипаттама бере кететін болсақ, ақпараттық дəріс — түсіндірме-көрнекілік əдісімен өткізілетін дəстүрлі оқыту түрі. Проблемалық дəріс — проблемалық ситуацияларды шешуде əр түрлі көзқарастар салыстырылатын оқыту формасы. Көрнекілік дəрісте оқу материалы техникалық оқу құралдарының, бейне- жəне аудиоқұралдарының қолданылуы арқылы түсіндіріледі. Диалогты дəріс материалы екі ғалымның немесе екі мұғалімнің сұхбаты негізінде ұсынылады. Конференциялық дəріс белгілі бір проблема төңірегінде баяндама тыңдау жолымен жүзеге асырылады. Кеңес түріндегі дəрісте оқу материалы «сұрақ-жауап» немесе «сұрақ-жауап-сөз жарысы» түрінде жеткізіледі. Екеуара дəрісінде екі оқытушы бір тақырып бойынша бір уақытта сөйлейді. Шатастыру дəрісінде материал жоспарлы қателіктермен беріледі. Көзделетін мақсат оқушыларды байқампаздыққа үйрету болып табылады.

Семинар сабағы сұрақ-жауап түрінде өтеді, баяндама тыңдалады, хабарлама жасалады. Ғылыми материалдармен өздік жұмысы жүргізіледі. Семинар сабағы өздік жұмыстарға баулиды, баяндама жасауға дағдыландырады, қосымша материалдарды іріктеуге үйретеді. Семинар сабағын тақырыпты қайталаған, қорытындылаған кезде жəне шолу тақырыптарында өту тиімді. Өткізілу əдіс-тəсілдеріне қарай семинар сабақтары да бірнеше түрге бөлінеді. Мəселен, семинар-сұхбатқа оқушылар тақырып бойынша ұсынылған арнаулы сұрақтар бойынша дайындалып келеді. Оқушылардың хабарламалары тыңдалады жəне басқалары оларды толықтырады.

Семинардың тағы бір түрінде сұрақтарды оқушылар өзара бөліп алып, баяндама дайындайды. Сабақта баяндамалар тыңдалып, талқыланады. Семинардың ендігі бір түрі сөзжарыста қандай да бір проблема талқыланады. Сөзжарыс оқушылардың өз көзқарастары мен ұстанымдарын қорғауға үйретеді, өз ойын қисынды баяндауға баулиды.

(Қос) үштік сабақтың негізгі əдіс-тəсілдері — сұрақ-жауапқа негізделген əңгіме, баяндау, пікірлесу, түсіндірмелі əдіс. Сабақтың мұндай түрінде оқушылар бір мезетте бірнеше пəндер бойынша білім алады, білім тереңдетіліп беріледі. Екі немесе бірнеше пəндерге байланысты материалдар тоғысып келгенде, бірнеше пəндер бойынша деректерді біріктіріп беру мүмкін болған тақырыптарда өткізіледі.

Конференция сабағының негізгі əдіс-тəсілдері, белгілері — баяндама, дəріс, сұхбат түріндегі сұрақ-жауап, пікірталас (проблема айналасындағы). Аталмыш сабақ пікір айта білуге, айтыса білуге, қосымша материалдардан іздене білуге, сұрақтар қоя білу, қысқа, нақты, дəлелді пікір айтуға, толықтыра білу дағдыларына жетілдіреді. Конференция сабағы үлкен, маңызды тақырыпты қорытындылағанда немесе саяси мəні бар тақырыптарға өткізіледі.

Сот сабағында сұрақ-жауап, түсіндірмелі əдіс қолданылады. Əсіресе 5–8 сыныптар үшін тиімді. Сабаққа оқушыларды қызықтыру, ынтасын арттыру жəне əділеттілікке баулу, жаманнан жирендіру мақсатында қорытынды сабақ түрінде өткізіледі.

Концерт, əдеби монтаж жəне композициялық сабақтардың негізгі əдіс-тəсілдері, белгілері — мəнерлеп оқу, жатқа оқу, рөлге бөліп оқу, əн айту, көріністер көрсету, инсценировка жасай білу. Аталмыш сабақтың мақсаты — оқушылардың дарынын, қабілеттерін дамыту, мəнерлеп оқу, жатқа оқу, есте ұстау қабілеттеріне əсер ету. Концерт, əдеби монтаж жəне композициялық сабақтардың оқушылардың эмоциясына əсер етуде, эстетикалық сезімдері, сұлулық, əдемілік, өнерді бағалау, түсіне білу сезімдерін дамытуда үлкен маңызы бар. Тақырып мазмұны концерт, əдеби монтаж жəне композициялық сабақ өткізуге сұранып тұруы керек. Қорытынды, қайталау сабақтарында тақырып ерекшелігіне байланысты алынады.

«Көкпар» ойынын əдістемеші-ғалым Қ.Бітібаева төмендегіше түсіндіреді: «Бұл жұмыста «көкпарға» екі баладан шығады. Көкпарға «тартылатын» көркем туындылардан құрастырылған сұрақтар жазылған үлестірме қағаздар болады. Жауап өте тез уақытта айтылуы керек, ойлануға көп уақыт берілмейді, тез жауап берген бала «жеңімпаз» атанады» [1; 41]. Бұдан шығатын қорытынды, белгілі бір сабақтың түрінде көкпар ойынын жүргізуге болады немесе сабақтың өзін көкпар сабағына айналдыруға болады. Көкпар сабағын өткізу немесе сабақта ойын элементтерін қолдану сол сабақтың мақсат-міндеттеріне байланысты болмақ.

Дəстүрден тыс сабақтың білімділік мақсаты тақырып бойынша білім толықтыру, дамытушылық мақсаты оқушының ойлау жəне шығармашылық қабілетін дамыту, танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше жұмыс жүргізу жəне ой қорытуға дағдыландыру, ізденімпаздыққа үйрету болатын болса, тəрбиелік мақсаты адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа, достық көмек беруге ұмтылуға үйрету болып табылады. Міндеті — тақырыпты толық меңгерту, оқушының қызығушылығын туғызу, алған білімдерін өмірде қолдана алуға үйрету жəне сөйлеу мəдениетіне төселдіру.

Сонымен, жоғарыда көрсетілген сабақтар тақырып ерекшелігі мен оның мазмұнына байланысты өткізіледі. Өйткені кез келген тақырып (қос) үштік сабақ, сот сабағын немесе концерт, əдеби монтаж жəне композициялық сабақтарын өткізуге лайық бола бермейді. Сабақ түрі сынып оқушыларының құрамына да тəуелді. Бұны да ескерген жөн. Оқушылардың білім деңгейі бірінші кезекте ескеріледі. Конференция, пікірталас (пікірсайыс), айтыс сабақтары диагностика жасалғаннан кейін барып өткізіледі. Баланың қабілет қарымы, білім деңгейі, өресі ескерілмей белгілі бір дəстүрден тыс сабақ өткіземін деу — қате қадам. Сабақ түрінің сабақ мақсатына байланыстылығы оның білімділік, дамытушылық, тəрбиелік мақсаттарынан тысқары. Сабақ қандай мақсатта өткізіледі? Жаңа сабақты өту мақсатында немесе өтілген сабақты қорытындылау, қайталау мақсатында өтуі мүмкін. Демек, сабақты типке бөлу қажеттілігі бар.

Мектепте оқытылатын барлық пəндер бойынша ұсынатын сабақ типтері жөнінде төмендегідей мəліметтер барын алға тартамыз:

  1. Оқушылардың жаңа білімді игеру сабақтары.
  2. Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру жəне жетілдіру сабақтары.
  3. Қайталау, бекіту, яғни білімді, іскерлікті жəне дағдыны кешенді қолдану сабақтары.
  4. Білімді, іскерлікті жəне дағдыны бақылау-тексеру сабақтары.
  5. Аралас сабақтар — мұнда бірнеше дидактикалық міндеттер шешіледі [2; 288].

Енді сабақ типін əдебиет пəніне лайықтап, өзімізше жүйелеп көрелік:

  1. Жаңа білім беру сабақтары.
  2. Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабақтары.
  3. Қайталау сабақтары.
  4. Білімді тексеру сабақтары.
  5. Аралас сабақтар.

Осы сабақ типтері бойынша жоғарыда аталған сабақ түрлерін ажырататын болсақ, төмендегідей мағлұмат аламыз:

  1. Жаңа білім беру сабақтары (дəріс сабағы, (қос) үштік сабағы).
  2. Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабақтары (практикалық сабақ, семинар сабақ).
  3. Қайталау сабақтары (конференция, сот сабағы, концерт, əдеби монтаж жəне композициялық сабақтар, дебат сабағы т.б.).
  4. Білімді тексеру сабақтары (емтихан, есеп-сынақ сабақтары).
  5. Аралас сабақтар.

Аталған сабақ типтерінің ішінде аралас сабақ жөнінде қандай түсінігіміз бар? «Аралас сабақ барлық типтер функциясын орындайды. Бұл сабақта танымдық іс-əрекетінің барлық кезеңдері жүзеге асырылады» [2; 290]. Аралас сабақ — жиі қолданылатын сабақ түрі. Оның құрылымы алты элементтен тұрады:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үй тапсырмасын сұрау.
  3. Жаңа сабақ материалын түсіндіру.
  4. Жаңа материалды бекіту.
  5. Үйге тапсырма беру.

«Сабақ құрылымының бірінші кезеңінде оқушылар мұғалімді тыңдайды, екінші элементінде олар бір баланың сұраққа берген жауабын тыңдайды, үшінші элементінде мұғалімнің түсінігін тыңдайды, төртінші элементінде оқушылар жаңа тақырып материалын бекітуге байланысты мұғалімнің сұрағына бір оқушының берген жауабын тыңдайды, ал соңғы элемент бойынша, оқушылар үйге берілетін тапсырманы тыңдайды. Демек, оқушылар бүкіл сабақ бойында тек қана тыңдаушылар ретінде отырады, өз беттерінше ешқандай оқу жұмысын орындамайды. Олай болса, мұндай сабақты «тыңдаушылар сабағы» десек, артық болмайды» [2; 292].

Бұл — кəдімгі дəстүрлі сабақтың жүйесі. Демек, дəстүрлі сабақ аралас сабақ типіне жатады. Ал дəстүрлі сабақ пен дəстүрден тыс сабақтың бір-бірінен айырмашылығы неде? Дəстүрлі сабақтың ерекшелігі бірнеше элементтен тұратын құрылымының болуында. Бірнеше деп айту себебіміз, дəстүрлі сабақ элементтері немесе кезеңдері жөнінде əр түрлі тұжырым бар.

Мəселен, сабақтың қалыптасқан құрылымына оқушы білімін бағалау да жатқызылып жүр [3; 12].

Ал Ə.Қоңыратбаев «4–7-кластарда əдебиетті оқыту методикасы» оқу құралында былай дейді:

«Əдебиет сабағының жоспары көбіне схемаланған 5 элементке құрылып жүр (өткен сабақты сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, оны бекіту, қорыту, тапсырма беру), мұның өзі сабақ сайын материалды лекция сияқты өтуге əкеледі. Сондықтан бұл 5 элемент тіл сабағы болмаса, əдебиетке онша қонымды емес» [4]. Байқап отырғанымыздай, бұнда сабақтың ұйымдастырылу кезеңі көрсетілмеген, əрі «жаңа материалды қорыту» бөлек элемент ретінде берілген. Əйтсе де, Ə.Қоңыратбаев «Əдебиетті оқыту методикасының очерктері» оқу құралында сабақ элементтеріне сай келетін жоспар жөнінде «Мектеп тəжірибесінде мынадай бір «оңай жоспар» кездеседі: 1. Ұйымдастыру жұмысы (1 мин). 2. Өткен сабақты сұрау (10 мин). 3. Өткен сабақты қорыту (3 мин). 4. Жаңа сабақты түсіндіру (15 мин).

5.Бекіту (8 мин). 6. Қорыту (4 мин). 7. Тапсырма (3 мин). Бұл — сабақ элементтеріне сай келеді, бірақ оның мазмұны мен мақсатынан мүлдем аулақ жататын, тек іске емес, уақытқа құрылған «жоспар», — дейді» [5].

Сонымен, дəстүрлі əдебиет сабағының құрылымы төмендегідей болмақ:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үй тапсырмасын сұрау.
  3. Үй тапсырмасын пысықтау немесе қорыту.
  4. Жаңа сабақты түсіндіру.
  5. Жаңа сабақты бекіту.
  6. Жаңа сабақты қорыту.
  7. Үйге тапсырма беру.
  8. Оқушыларды бағалау.

Егер өткізілетін тақырып бірнеше сабаққа бөлінген болса, онда үй тапсырмасынан соң қорытынды жасалмайды, жай пысықталады. Мысалы, 7-сыныпта М.Əуезовтің «Көксерек» əңгімесіне 5 сағ. берілген. 5 сағат кіріктірілген 5 сабаққа бөлінеді. Əр сабақтың тақырыбы болады. Оқушылар үйде оқылған бөлімдер бойынша пысықтау сұрақтарына жауап береді де, əңгімеден туындайтын келесі тақырыпты меңгеруге кіріседі.

Ал дəстүрден тыс сабақ түрінің құрылымы бола ма? Əрине, бар. «Қалыпты сабақтан дəстүрлі емес сабақтың өзгешелігі, жалпы сабақтың дəстүрлі құрылымы сақталғанымен, оны жүргізу, өткізу түрлері өзгереді» [3; 15]. Дегенмен, дəстүрлі сабақ құрылымы дəстүрден тыс сабақ түрлерінде толық сақтала бермейді.

Дəріс, (қос) үштік сабақтарында оқушыларды бағалау кезеңі болмайды. Практикалық, семинар сабақтарында жаңа материал өтілмейді. Ал қайталау мен білімді тексеру сабақтарында үйге тапсырма беру жəне оқушылар білімін бағалау кезеңдері ғана болады. Қайталау сабағы типіне жататын сабақ түрлерінің əрқайсысының арнайы құрылымы, ережесі, тəртібі болады. Мысалға, дебат сабағын алайық. Қазақ əдебиеті сабағын дебат түрінде өткізу үшін төмендегідей талаптарды есте ұстау қажет:

  1. Дебат сабағының айқын мақсаты болуы керек.
  2. Дебат сабағында ойын тəртібін қатал сақтау керек.
  3. Оқушылар дебат сабағы алдында тақырыпты толық меңгеруі тиіс.
  4. Дебат сабағының тақырыбы талас туғызатындай болуы керек.
  5. Оқушылар дебат сабағына толық қатысуы тиіс.
  6. Дебат сабағы өз мəнінде өту үшін уақыт қажет.

Ш.Құдайбердиевтің «Қалқаман–Мамыр» жыры бойынша өткізілетін дебат ойынын жақтаушы топтың бірінші спикері бастайды. Оның 6 мин уақыты болады. Сөзін төрешілермен, қарсыластармен, көрермендермен жəне өз тобымен амандасудан бастайды. Бірден кейсіне көшіп, резолюциясын (қарарын) жариялайды. Сонымен, жақтаушы топтың резолюциясы — «Қалқаман–Мамыр махаббаты ақталады». Содан кейін резолюциядағы негізгі ұғымдарды (Қалқаман, Мамыр, махаббат) анықтайды, яғни кілт сөздерді (дефиниция сөздерін) ұсынады.

Негізгі ұғымдарға анықтама берудін мəні зор. Сол арқылы ойыншылар пікірталаста сөз болатын мəселелер шеңберін анықтап алады. Анықтама берген кезде кілт сөздердің (анықтаманың) қайнар көзін (алынған жерін, бетін) көрсетуі керек. Резолюцияның негізгі ұғымы анықталғаннан кейін бірінші спикер жақтау тобының критерийін енгізеді. Критерийді əр топтың өз резолюциясын, өз бағытын қорғаудағы негізгі мəні ретінде қарастыруға болады.

Критерий:     Махаббатсыз дүние бос (Абай).

Аргумент 1:   Махаббат — ұлы сезім.

Дəлелдеу:       Ей, Қалқаман, тегі жоқ, құдай жалғыз,

Мұқтаж емес жолдасқа тіпті армансыз.

Адамзатқа көмексіз, махаббатсыз,

Өмір қызық дегенді естен қалғыз.

 Жоқ болса махаббатты бір сүйгенін,

Ойлашы, керегі не дүниенің.

Сүйсін жолдас болсын деп жаратты алла,

Бұл туралы білгенім осы менің [6; 281].

Қорытынды: Келтірілген үзіндіден махаббаттың ұлы сезім екенін жəне адам өмірінің мəні болғандықтан, қос ғашықтың махаббаты жастарға үлгі болатынын көреміз. «Жалғыздық құдайға ғана жарасады» дегендей, махаббатсыз дүние бос.

Аргумент 2. Қалқаман мен Мамыр махаббаты шариғатқа қайшы емес.

Дəлелдеу:  Мамыр-ау, айтып тұрсың əлденені Шариғат қосады екен немерені.

Қайғы ойлап жаман ырым айта берме, Алаңсыз сүйген болсаң анық мені [6; 284]

Қорытынды: Қалқаманның да, Мамырдың да шариғат ережелерінен мағлұматы бар. Сондықтан олар шариғат жолын басшылыққа алады. Олардың өз жүректерінің əміріне қарсы тұрмау себебі де осында. Қалқаман мен Мамыр махаббаты ақталады.

Даттаушы топтың резолюциясы: — «Қалқаман-Мамыр махаббаты ақталмайды».

Критерий: Ұрпақ қамы — ел қамы.

Аргумент 1. Ұлттың болашағы — дені сау ұрпақта.

Дəлелдеу: «Көкенайдың түсінігінде аталас жастардың қосылуы генетикалық тазалықты көздеген халықтың мораль қағидаларына қайшы келмек. Ол — күні ертеңгі адам ұрпағының азуына жол беру деген сөз. Сонымен бірге рудың сүйегіне түсетін айықпас таңба» [7; 44].

Қорытынды: Бойында ұлттық рухы биік, намысы бар қазақ ұрпағын дүниеге əкелу дені сау отбасынан басталады. Ал қан бұзылған жағдайда ұрпақ та бұзылады, баланың дүниеге аурушаң болып келуі де əбден мүмкін. Сондықтан халқымыз бұл мəселеге аса көңіл бөлген. Бұл жерде Қалқаман мен Мамырдың махаббат бостандығы емес, тұтас бір халықтың ертеңі, болашағы жайлы мəселе көтеріледі. Барлық жастарымыз осылай жеті атаға толмай қосыла берсе, біздің ешқандай ұлттық болмысымыз қалмайды. Өмірге əлжуаз, аурушаң ұрпақ келеді. Олар отанымыз тұрмақ, өздерін де қорғай алмайтын халде болады. Сондықтан да қан тазалығын сақтап, жеті атаға толмай қосылмауды ұстансақ, біздің еліміз болашаққа нық сеніммен қадам басады.

Аргумент 2: Салтын ұмытқан санасыз, дəстүрін ұмытқан дəрменсіз.

Дəлелдеу: «Көкенай Мамырды оққа байлар мезет туғанда ешкімнің ақыл-кеңесін қажет етпейді, өз əміріне жүгінеді. Тіпті жар дегенде жалғыз перзентіне ара түсуге қолында күші де, айбары да бар қыздың ата-анасының да шамасы келмейді. Айналадағы қалың қауымның да үні естілмейді. Барлығы қыз бен жігіттің əрекетін айыптайды. Барлығының бағынатыны — ел ішіндегі салт-дəстүр тəртібі. Көкенай — сол тəртіптің сақшысы» [7; 35].

Қорытынды: Ата салтқа қарсы шығуға болмайды. Дəстүрлі салтты бұзу — қасиетті заңды бұзу деген сөз. Қалқаман мен Мамыр əдет-ғұрып қағидаларын жақсы білді. Біле тұра сол қағидаларды бұзды. Қалқаман мен Мамыр — ата салтқа қарсы шыққандар. Олардың махаббаты ақталмайды.

Пікірталастың əрбір кезеңінен кейін қарама-қарсы сұрақтар қойылады. Сұрақтарға 3 мин уақыт беріледі. Қарама-қарсы сұрақтар төмендегідей мақсат көздейді:

  • қарсыластың кейсінен кемшілік табу;
  • ойынға қатысушының өз пікіріне қайшы келетіндей жағдаят тудыру. Ендеше, ойын барысында қойылатын қарама-қарсы сұрақтарға тоқталайық:

Жақтаушы топ:

  1. Салт-дəстүрде кереғарлық болуы мүмкін бе? Атамыз қазақ «Дəстүрдің озығы бар, тозығы бар» демеуші ме еді?
  2. «Махаббат — мəңгілік тақырып» дегенмен келісесіз бе? Даттаушы топ:
  3. Махаббат үшін салт-дəстүрді аттауға бола ма?
  4. Қалқаман мен Мамыр неге ел бірлігін ойламады?

Дебат технологиясының қорытынды бөлімінде жақтаушы топ пен даттаушы топтың 3- спикерлері ойынды қорытындылайды. Төрешілерге жақтаушы немесе даттаушы жақтың критерийі мен аргументтерінің қарсы жақпен салыстырғанда неліктен жақсы болғандығын түсіндіреді. Жаңа аргументтер мен дəлелдемелер ұсынылмайды. Ескере кететін нəрсе, бұл тұста қарсылас бағытын даттауға рұқсат етілмейді.

Ал дебат сабағының жеңімпаз тобы көрермен оқушылардың пікірі бойынша анықталады. Олар жақсы жұмыс атқарған топқа дауыс береді. Бұған 2 мин уақыт беріледі. Міне, осы тұста дебатқа қатысқан оқушылар білімін бағалау кезеңі туады.

Сонымен «сабақ түрлері өтілетін тақырып ерекшелігі, сынып оқушыларының құрамы, жас ерекшелігі, білім дəрежесі, сондай-ақ сабақ мақсатына байланысты» [1; 263]. Ал сабақтың ойдағыдай өтуі пəн мұғалімінің теориялық білімі мен дайындық деңгейіне, сынып оқушыларының оқу- танымдық іс-əрекетін ұйымдастыра алуына жəне сол іс-əрекеттің нəтижесін болжай білуіне байланысты дегіміз келеді.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Бітібаева Қ. Əдебиетті оқыту əдістемесі мен технологиясы. — Алматы: Мектеп, 2003. — 336 б.
  2. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. — Алматы: Эверо, 2004. — 420 б.
  3. Байтанасова Қ.М., Айтуғанова Ш. Қазақ əдебиетін оқыту əдістемесі. — Алматы: Фолиант, 2008. — 160 б.
  4. Қоңыратбаев Ə. 4–7-кластарда əдебиетті оқыту методикасы. — Алматы: Мектеп, 1987. — 290-б.
  5. Қоңыратбаев Ə. Əдебиетті оқыту методикасының очерктері. — Алматы: Қазақ. Мемл. оқу-пед. баспасы, — 290-б.
  6. Шəкəрім. Шығармалары. — Алматы: Жазушы,
  7. Шəкəрімтану мəселелері. — 4-т. — Новосибирск: Талер-Пресс, 2007.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.