Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ұлттық тарихи драматургиядағы Абылай тақырыбы

Еліміз еркіндікке қол жеткізіп, əлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа белесіне көтерілгелі мəдениетіміз бен əдебиетіміз қайта жаңғырып, театр өнері тарихи дамудың жаңа бір сатысынан көрінуде. Театрдың тірегі — драматургия. «Драма жоқ жерде театр өнерінің ғұмыры ұзаққа бармасы — аксиома. Яғни, театр негізі — əдебиет. Драматургия — əдебиет жанры. Осы ретте драмалық шығарманың екі бағыты айқындалады. Біріншісі — көркем əдебиет туындысы қалпындағы нұсқасы болса, екіншісі — оның сахналық материал тұрғысындағы көрінісі. Бұл екеуін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Өйткені драма сахна үшін де, көркем əдебиет үшін де аса қажетті рухани құндылық» [1].

Қай дəуір, қай заманды алып қарасақ та, өз көздеген мақсаты, айтар ойы мен мұң-мұқтажы, мүддесі болмақ. Еркіндік туымыз желбіреген, шұбарлана бастаған тілімізді, ұмытылып кеткен салт- сана, əдет-ғұрып, дінімізді, ұлттық əдебиетіміз бен мəдениетімізді қайта түлетер сəтте жазушы- драматургтер де қарап қалған жоқ. Олар халқымыздың тарихы туралы, заман ағымы жөнінде, ұрпақ тəрбиесі мен қоршаған қоғамның өзіндік іс-əрекеті жайлы еңбектерін дүниеге əкелді.

«Бүгін ешбір театрға, оның қайраткеріне, режиссер мен актерге, пьеса жазатын драматургке не қоямын, сахнада не айтамын, қалай айтамын деген мəселелерге ешбір тосқауыл, шектеу жоқ. Бəрі де өз еркіңде, бұрынғыдай сескенбей, жоғарыға жалтақтамай өз білгеніңше, өз шамаңның жеткенінше сахналық шығарма жасау құқығына қол жеткізді» [2]. Осы еркіндіктің арқасында біздің бүгінгі ұлттық театр сахнасында өзгерістер, жаңа бағыттар, өзіндік ізденістер көрініп келеді. Мысалы, С. Жүнісовтің «Кемеңгерлер мен көлеңкелер», Ш. Мұртазаның «Бесеудің хаты», Ə. Кекілбаевтың «Абылай хан», М. Байсеркеновтің «Абылай ханның соңғы күндері», Р. Мұқанованың «Мəңгілік бала бейне», тағы басқа пьесалары дəуір мəселелеріне терең мəн бере отырып, адам жанының қуанышы мен қайғысын, адал махаббат пен арам пиғылды жіті таразылайтын туындылар ретінде көрермен көңілінен орын тапты.

Драматургия жанрларының ішінде өмірге айрықша жақын түрі — трагедия. Академик Р. Нұрғали трагедия жанрының табиғатын түсінуде: «Трагедия — драматургияның қаһарлы тартыстар мен адасулар шайқасы — қат-қабат өмірдің объективті кайшылықтарын терең образдар арқылы ашып, зор айқастар, үлкен күрестерді бастан өткеріп, шындыққа жету жолында опат болатын күрделі тұлғаның қайғы-шері, мұң-ызасы эмоциялық-эстетикалық ғаламат əсермен оқырманға (көрерменге) берілетін, болмыстың қаны сорғалаған сұрапыл шындықтарын айқара ашып, қопара бейнелейтін іргелі жанры… Трагедиялық тартыстар мен адасулар табиғатын, эстетикалық-эмоциялық əсер ерекшелігін, сюжеттік материал мен көркемдік-композициялық құралдар жүйесін, тақырыптық идеялық нысананы ескере отырып, қазақ трагедиясын мынадай салаларға бөлуге болады: а) эпикалық трагедия; ə) тарихи трагедия; б) адамгершілік-тұрмыстық трагедия» [3], — дейді.

Тəуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары тарихи драматургияға өз үлестерін қосып келе жатқан жазушы-драматург Ə. Кекілбаевтың «Абылай ханы» мен режиссер-драматург М. Байсеркеновтің «Абылай ханның соңғы күндері» ұлы тұлғаның сахналық кескінін еске ұстай отырып, жалпы əдеби драматургиялық нұсқаның ішкі қақтығысқа толы күрескерлік, қаһармандық рухы табиғи қалпында сақталып жазылған туындылар.

  • ғасырдағы қазақтың атақты ханы Абылай хан көп уақытқа дейін кеңестік кезең тарихында идеологияландырылған қайшылықты тұлға саналып, есімі ел санасынан өшірілді. Дегенмен халқымыздың тəуелсіздігі жолында күрескен қайраткер тұлғаларды кеңестік саясат қанша бұғаулағанымен, уақыт ақыры ақтап шықты. Егеменді еліміздің тарихында Абылай хан ұлттың ұлы қайраткері санатында тарих тұғырына берік орнықты. Ел тəуелсіздік алар тұста Президентіміз Н. Ə. Назарбаевтың: «Ел басына ауыр күн туған он сегізінші ғасырдың орта тұсында ұлы ханымыз керемет қолбасшы ретінде де, ақылы терең дипломат ретінде де таныла білді. Сондықтан Абылай секілді хандарымызды тек өзіміз ғана біліп қоймай, Қазақстанның барлық халқына танытайық» [4],
  • деген сөзі де қаламгерлерімізге, зерттеушілерімізге жаңа тарихи туындылар мен зерттеулер жасауға ой салғаны анық.

Шындығында да бұл тарихи кезең қазақ тарихының алтын беттері болған. Абылай заманы оның саяси, қайраткерлік қызметі көп уақыт бойына тарихи сахнаға шықпай жатса, қазақ əдебиеті тарихында Абылай хан туралы біржақты, қаралайтын дүниелер берілді.

Ə. Кекілбаевтың «Абылай хан» туындысы — ХҮІІІ ғасырдағы қазақ халқының азаттық үшін ерен ерлікпен күрескен тарихи кезеңін бейнелейтін, ақ өлең үлгісінде жазылған төрт көріністі пьеса. Қара сөз шебері Ə. Кекілбаевтың азаттық аңсаған халықтың басына түскен ауыртпалықты өлең тілімен баяндауы драмаға ерекше серпін беріп тұрғандай. Сонымен қатар Абылай ханның ақылшысы Бұқар жырау мұхиттың тереңінен маржан тере сөйлейтін ғұлама болған соң да, бұл шығарма өзінен өзі өлеңге сұранып тұрары сөзсіз.

Автор «Абылай хан» пьесасын драмалық дастан деп атап, кең ауқымды құбылысты суреттеуге бүгінгі күннің биік талап-талғамымен келген. Пьеса тұтас философиялық топшылауларға, астарлы ойға құрылып, келісті поэзиялық тілмен өрілген. Қаншама дастан-поэмаға жақын десек те, мұнда тапқырлықпен жазылған Əбілмансұр мен Қалдан, Абылай мен Күлпаш, Топыш бейнелері, зынданның маңынан өрбитін қым-қиғаш сахналары ішкі тартысқа, ордалы ойға құрылып, идеялық нысананы тереңдете түседі.

Ə. Кекілбаев өткенімізді айта отырып, пьесаның кейбір тұстарында бүгінгілік астар, мəн-мағына беруі сол идея айқындығынан туындаған. Абылайдың жерін жауға, елін дауға бермейтін егемендігіміз, жан-жақтан көз алартқан теріс пиғылдардан сақтануға, халқын ауызбіршілікке, ынтымақ пен өнегелі еңбекке жұмылдыру арманы — бүгінгі қазақ елінің тəуелсіздігі.

Кейуана мен Диуананың ұзақ монологтары мен диалогтарынан дəстүрлі дастандық үлгімен өтіп жатқан немесе өтетін оқиғаның мазмұнын кеңінен баяндап, суреттеуінен басталуы еститін құлаққа поэзиялық сырлы үнімен əсерлі. Мұндай көріністер пьесаның əр тұсынан қылаң беріп қалады. Дегенмен тыңдаушысын еш жалықтырмайды.

«Диуананың бейнесі əбден қорқып қалған халықтың үркек көңілі мен күдігінің бейнесі іспетті. Халықтың жақсы өмірге деген сенімі қазір бар да, қазір жоқ. Мұз үстінде тайғанағандай хал кешкен жұрттың бір парасы осындай ойда болғанда, дала кемеңгері Бұқар жыраудың прототипі Кейуана халықтың келешегіне өзі де сеніп, өзгені де сендіре алар ғұлама... Екеуінде де — бүгіннен бастау алар ертеңнің не болып кетеріне алаңдаған ала көңіл» [5].

Ешбір адам дайын күйінде өзінен-өзі əдеби бейне болып шыға келмейді. Оның ішкі дүниесі барша болмысымен ашылғанда ғана, ол шын көркем бейне дəрежесіне көтеріледі. Ə. Кекілбаев драмасының басты кейiпкерлерi: Сабалақ — Əбiлмансұр — Абылай. Үш есiм бiр адамға қатысты. Əбілмансұрдың Сабалақ аталуы, Абылай атасының əруағын ұрандап шақырып, киелі есімге ие болуы, күрескерлік рухы драмалық тартыста, іс-əрекет белсенділігінде танылады. Осы үш есімді драмада автор тарихи тұлға Абылай тағдырының үш кезеңiн көзге мөлдiрете құйып, көрерменге ұсынуға негiз еткен. Қаламгер шынайы тарихи материалдарға иек арта отырып, нысаналы идеясына байланысты көркем бейне сомдайды.

Дастанның тағы бір ерекшелігі — тарихи кейіпкерлер жүйесінің молдығы. Олардың бəрі де Абылай заманындағы белгілі адамдар: сұлтандар, билер, батырлар, ел жақсылары. Атап айтқанда, тарихи драмадағы Бұқар, Ораз аталық, Дəулетбай, Қабанбай, Олжабай, Тұрсынбай, Малайсары, Əбілмəмбет, ойрат тайшылары Лама Доржы, Сыбан Доржы, Дабашы, Əмірсана, Қалдан Серен қызы Топыш ханым, тағы басқа бейнелер драманың тарихилық аясының кеңдігін көрсетеді. Көріністердің «Сайыс», «Арбасу», «Нартəуекел», «Жорық» аталуы да Абылай өміріндегі елеулі кезеңдерді əрі батырлық, қолбасшылық, елбилеушілік қырларын айқындап тұрғандай. Диуана (Ораз аталық) пен Кейуана (Бұқар жырау) арасындағы диалогпен басталған драма Ақтабан-Шұбырынды қасіретін бірден көз алдыңа əкеледі. «Сардарлары қайта соққы алған, сарбаздары қайта сартылдаған», — деген Диуана сөзінде қасіретті қырғында сансырап кеткен елдің басын қосып, жауға қарсы жұмылдыратын қаһарманды, ел басшысын аңсау, іздеу аңғарылады [6].

Жазушының ойлау парасаты мен суреткерлiк шеберлiгi жоғары деңгейге тоғысқанда ғана дəуiр талабына лайықты келiскен шығарма жасалуы мүмкiн, сонда ғана тарихи шындық пен жазушы қиялы арасында жарасым орнайды, шығарманың тарихи негiзi айқындалып, мəн-маңызы арта түседi. Сондықтан «Абылай хан» атты тарихи драмасымен Əбiш Кекiлбаев тағы бiр соны қырынан елең еткiздi десек, еш артықтығы жоқ. Тарихи деректер мен ауыз əдебиеті мұраларын ұштастырып, бір дəуірдің тарихын қамтыған драма, сол замандағы Абылайдың батырлық болмысын, саясаткерлік, қолбасшылық, қайраткерлік тұлғасын толыққанды сомдауымен құнды.

Ал тəуелсіздік жылдары дүниеге келген Маман Байсеркеновтің «Абылай ханның ақырғы күндері» — бас-аяғы үш кейіпкердің əрекетіне, үлкен тарихи құбылыстың желісіне құрылған сəтті драмалық туынды. Айналасы үш күннің ішінде өтетін оқиғаға автор Абылай заманындағы аласапыран қоғамдық қайшылықтың тарихи болмысын ашып, көркемдік таным биігінен көрінеді. Талай дүбірлі де шытырман, небір сойқан оқиғаларға толы күндерді, жақсы мен жаманды, жеңіс пен жеңілісті басынан кешірген Абылай сырқатының сыр беруі үлкен толғанысқа, іштей күйзеліске əкелген.

Абылай — драмадағы басты тұлға. Тарихи шындық пен көркемдік сипаттаудың ажырамас бірлігінде, дəуір — тарих — халық сабақтастығында айқын сомдалған драмалық бейне. Абылай ойлары мен армандары тəуелсіздік мұраттарымен үндестік тапқан. Оның өткен дəуірдегі күрескерлік рухын драматург ел егемендігінің биігіне көтереді. Өткен тарихты, дəуір болмысын, тарихи тұлға іс- əрекетін, ой-армандарын бүгінгі заман, қоғам көзқарасымен бағалау, тарихилықтың композиция арқауымен сабақтасуы Абылайды өмір шындығымен танытуға мүмкіндік жасаған.

Пьесада үш кейіпкер ғана болғанымен, барлық оқиға мен ішкі тартыс желісі Абылай мен Бұқар жырау арасында кейде монолог, кейде диалог арқылы өрілген.

Заманынан озып туған Абылай хан бейнесінің көркемдік сипаты драмада жан-жақты ашылған. Жиырма жасында тəж киіп, бар ғұмырын билікпен өткізген Абылайдың да төрт жағы құбыла емес екен. Ол да ет пен сүйектен жаралған, тірі пендеге ортақ арман мен мұң, сүйініш пен күйініш, іштей мазалайтын көңіл-күй арпалысы бұған да тəн. Абылайды алаңдататын меңдеген сырқат пен тақап қалған ажал емес, артында қалып бара жатқан жалпақ елінің тағдыры, соның бүгіні мен ертеңі. «Алты алаштың айбыны мен айбары... Алда-жалда туы қисайып, шаңырағы шалқия қалар күн туса, бұл халыққа кім ие?.. Айдынынан, Абылайынан айрылған күні не болмақ?» деген сұрақ-жауаптармен берілетін монологтар қазақтың кешегі мен бүгінгі тірлігінің жанды суретіндей көз алдыңнан елестеп тізбектеліп өте береді. Бұдан біз драматургтің монолог құрудың да шебері екендігін көреміз [7; 86].

Абылайдың кейде қиялға беріліп, болашаққа ой жүгіртуі шығармада шындық аясынан өрбіген. Жерге шапанын жайып жіберіп, ханның бар ықыласымен кең даланың «картасына» үңілуі, үй салып, кент тұрғызуды, қалаларды байланыстыратын керуен жолымен Қытай, Орыс патшалығымен алыс- беріс жасайтын сауда көзіне айналдыруды армандауы — сол кездегі саяси өмірден туындап отырғандай əсер қалдырады.

Қаншама жан күйзелісін бастан кешіп отырса да, Абылай — өр, менмен, тəкаппар. Өзімен өзі қалып оңаша сыр ашқан сəттерде неғұрлым толқулы, тебіренулі болса, Бұқар жыраудың, əсіресе ханға қалтқысыз берілген күзет басшысы Сейістің алдында соғұрлым ұстамды, соғұрлым салқын. Қараға сыр алдырмайтын хандық қасиет басым. Бұқар жыраудың сөзімен айтқанда: «Аузынан шыққан жарты сөзін атанның құнына бұлдамаса, Абылай Абылай болар ма еді!» [7; 84].

Абылай пьесада əр қырынан суреттеліп, күрделі бейне дəрежесіне көтерілген. Оның əрекеті өкініш-күйінішпен шектелмейді. Ханның елбасылық биік парасаты, тектілігі мен өктемдігі драмада салқын салмақтылықпен, жалпақ қазақ жұртының кемеңгері кейпінде шынайы көрініс тапқан.

Ханның биік парасаты, өр мінезі «Қазақ хандығының есігін теуіп кіруге құқығымыз бар» деп екіленген орыс пен қытайдың елшілері əдеттен озып, тым еркінсіп кететін хабарды жеткізгендегі Абылайдың сөзі мен қимылы егеменді елдің басшысына тəн, оқырман қауымның бұл көріністі асқан ілтипатпен қабылдауы содан. «Мұнда орыстың əмірі де, қытайдың жарлығы да жүрмейді! Бұл — қазақтың жері. Ханы — Абылай!» [7; 69]. Бұл — елінің егемендігіне, қазағының бірлігіне, өзінің сара саясатына сүйенген Абылай сияқты кемеңгердің аузынан ғана шығатын қасиетті сөз.

М. Əуезов: «Ел сауығына ақыл, өсиет сияқты ой-санаға желі беретін үлгіні кіргізу керек болса, ертеде, заман шерін айтып зарлаған Асан Қайғы, толғау айтқан Бұқар сияқты жырауларды тірілту керек. Осылардың барлығының жайында толып жатқан сұлу əңгімелер бар. Солар болымсыз ғана мəдениет исін сіңірсе, əрі ел өнері тіріліп, əрі театрдың іргесі құрылады» [8], — деген еді.

М. Байсеркенов осы пікір негізінде шығарманың идеялық-көркемдік мазмұнының толық ашылуы Бұқар жырау бейнесінің сахналық деңгейіне тікелей байланысты екендігін ашып көрсетеді. Жырауды Абылайдың ел басқару жұмысына ақыл-кеңесімен, асқан ой-парасатымен ықпал жасап, саясат таразысын тең ұстауға, ел-жұртын талай алапаттан аман алып қалуға жəне оның болашағын бұлжытпай болжауда ерекше көрегендік танытқан қазақ ұлтының данасы мен дара тұлғаларының бірі етіп көрсетіп, қазіргі тілмен айтқанда, ханның идеологы, яғни оң қолы болған ойшыл қоғам қайраткері, ретінде бейнелейді.

Сонымен, Бұқар бейнесі шығармада халқының мұңын шаққан, Абылайдай ел билеушісінің ойлы да алғыр кеңесшісі, ақылына құлақ асқан кемеңгері дəрежесіне көтерілген.

Əрекеті шағын Сейіс пьесада орда мен сырт əлемді байланыстырып отыратын, өзіне лайық драмалық жүгі бар бейне. Орда сыртында өтіп жатқан оқиғалардың сыр-сипатын осы Сейістің қимыл-қозғалысы мен бет-жүзінен тануға болады. «Мал ұрлап, ел тонамасам, кісі өлтіріп, құн тартпасам, қайда жүріп күнəкар болам, Алдияр? Ең əрісі жалған сөйлеп, өтірік айтқан да кісі емеспін. Ес кіріп, етек жапқалы бірде атыңды баптап, бірде Ордаңды сақтап бар өмірім көз алдыңда өтті. Хан иемнің жарлығынан бөтен қия басқан жерім болса, құдай тапсын!», деп ақталуынан ханның адал көмекшісі болғанын көреміз [7; 56].

Маман Байсеркеновтің «Абылай ханның ақырғы күндері» пьесасының аяқталуы қайғылы көрінгенімен, оның оптимистік рухы төмендемеген. Жəне туындыда бүгінгі қазақтың көкейінде жүрген көп жағдайлары сөз болып, ұлттық намысты қозғайды.

Қорыта айтқанда, жоғарыда қарастырылған тарихи шығармалардан халқымыздың қилы да қиын замандарының тынысын сезінеміз. Қайраткер тұлғалардың сөзі мен іс-əрекетінен егемендік, тəуелсіздік үшін күресінің қымбат құны, қадір-қасиеті айқындалады.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Сығай Ə. Тəуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясы // Жұлдыз. — 2007. — № 6. — 137 б.
  2. Академик З. Ахметов жəне руханият мəселелері. — Алматы, 2003. — 399 б.
  3. Нұрғали Р. Драма өнері. — Алматы, 2001. — 10,11-б.
  4. Назарбаев Н.Ə. Бəрін де ақылмен істеу керек // Социалистік Қазақстан. — 1991. — 9 сəуір. — 2-б.
  5. Көкейкесті əдебиеттану. — Бірінші кітап. — Астана, 2001. — 306 б.
  6. Кекілбайұлы Ə. Дүние ғапыл. — Алматы, 1999. — 182 б.
  7. Байсеркенов М. Абылайдың аманаты // Жұлдыз. — 1996. — №
  8. Əуезов М. Уақыт жəне əдебиет. — Алматы, 1962. — 29-б.

  

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.